Џстаздарыныѓ газетi облыстық семинар ақТӨбеде өткен алғАШҚы ата-аналар съезі жаѓалыћтар. Хабарлар



жүктеу 303.45 Kb.

бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі303.45 Kb.
  1   2   3

БIЛIМ —  МIР ШЫРАЅЫ, ТЌРБИЕ — К ЃIЛ ШУАЅЫ

№13  (404)  1 шілде  2015  жыл                                                                      Газет 1998 жылдан  шығады.

ОБЛЫС

ЏСТАЗДАРЫНЫЃ

ГАЗЕТI

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

АҚТӨБЕДЕ ӨТКЕН АЛҒАШҚЫ

АТА-АНАЛАР СЪЕЗІ

ЖАЃАЛЫЋТАР. ХАБАРЛАР

Ақтөбе қаласында "Өскелең

ұрпақтың бойында азаматтылық пен

әлеуметтік жауапкершілікті қалып-

тастырудағы  ата-аналар рөлінің

өзектілігі" тақырыбында респуб-

ликалық ата-аналар съезі болып өтті.

Съезге  Республика бойынша  350

делегат қатысты. Соның ішінде

Қызылорда облысы бойынша съезге

облыстық  білім басқармасының

басшысы, педагогика ғылымдарының

докторы  Сайлыбаев Бақытжан,

Қазалы көлік-техникалық колледжі-

нің ата-аналар комитетінің төра-

йымы Әдиева Лида, облыстық оқу

орталығының кәсіптік білім бөлі-

мінің басшысы Дүрманов  Бақдәулет

делегат болып сайланды. Съезді

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым вице-министрі Иманғалиев

Есенғазы құттықтау сөзімен ашты.

Съезге негізінен облыстардың,

Астана және Алматы қалаларының

ата-аналар комитеттері мен қамқор-

шылық кеңестерінің төрағалары, ҚР

білім беру органдарының басшы-

лары, білім беру саласындағы

кәсіподақ ұйымдарының өкілдері,

Қазақстан халқы  Ассамблеясының

өкілдері, білім беру мекемелерінің

үздік сынып жетекшілері, мектеп

психологтары, әлеуметтік педа-

гогтары, мектеп инсекторлары,

үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,

БАҚ өкілдері қатысты. Осы съезде

мына төмендегідей мәселелер қаралып,

талқыланды:

-мұғалімнің оқушылардың ата-

аналарымен қарым қатынасының

формалдануы;

- ата-аналар мен мұғалімдердің

қазіргі жағдайларда өзара әрекет-

тестікке дайындығының жеткілік-

сіздігі;

-педагогтардың кәсіби жұмыс-

бастылығы;

- ата-аналарда бала тәрбиесіне

уақытының жетіспеушілігі;

- жастар арасында суицидтік

көрінулердің артуы;

- кәмелетке толмағандар арасында

құқық бұзушылық деңгейнің жоғары

көрсеткішінің сақталуы;

-тәуекел тобындағы жасөспірім-

дердің ПБЗ пайдалануы;

- жағдайсыз ата-аналарға ықпал ету

механизмдері болмауы және   осы проб-

лемаларды шешуде педагогикалық

және ата-аналар қауымдастығының

күштерін жұмылдыру қажет екені

және оның жасалу жолдары айтылды

және төмендегідей шешімдер қа-

былданды;

- білім беру процесінде педагогтер

мен ата-аналардың білім беру

қажеттіліктері мен ұстанымдарын

дайындау;

- отбасы мен мектептің тиімді

ынтымақтастығын одан әрі дамыту

бағыттарын анықтау;

- отбасы мен мектептің өзара

әрекеттесудің әзірленген бағдарла-

маларының жүзеге асырылуын тал-

дау;

- ата-аналардың пікірін ескере



отырып тәрбие бағдарламаларын

түзету;


- отбасымен өзара әрекеттесудің

нәтижелі және иновациялық форма-

ларын үнемі іздестіру үстіндегі

педагогтердің мәртебесін көтеру;

- педагогикалық тәжірибені

жинақтау үшін жағдай жасау;

- мектеп өміріне белсене ара-

ласатын,қатысатын баланың ата-

анасын ынталандыру.

Съезд өз жұмысын Ақтөбедегі ҚР

алғашқы Президентінің саябағында

"Ата-аналар  аллеясында" съезге қа-

тысушы қонақтардың  көшеттер

отырғызумен аяқтады.

Қызылорда облысының делегат-

тарының отырғызған ағашын "Бө-

бек" балабақшасы  өз қамқорлығына

салтанатты түрде алды.

Осы съезде қаралған мәселелер,

қабылданған шешімдер оң нәтиже

береді деген сеніміміз мол.

Б.ДҮРМАНОВ,

облыстықоқу

орталығы кәсіптік

білім бөлімінің меңгерушісі.

  2015 жылдың 22 сәуірі күні

Қызылорда облыстық білім бас-

қармасы және облыстық оқу орталы-

ғының ұйымдастыруымен "Өзін-өзі

тану пәні бойынша білім беру

үдерісін ұйымдастырудың ерекше-

ліктері" тақырыбындағы облыстық

семинар-практикум қалалық білім

бөліміне қарасты №211 орта мек-

тепте өткізілді. Облыстық семи-

нардың мақсаты: өзін-өзі тану пәні

мұғалімдерінің арасында кәсіби бі-

ліктілікті өзара тәжірибе алмасу

арқылы дамыту, өзін-өзі тану пәні

мұғалімінің іс-тәжірибесін жалпыға

насихаттау.

Семинарда облыс көлеміндегі

мектептердің  өзін-өзі тану пәнінің мұ-

ғалімдері сабақ өткізді. №211 орта

мектептің өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі Ж.Жанаева 10 сыныпқа

"Уақыт-мезгіл пернесі", Жаңақорған

ауданының №194 орта мектебінің өзін-

өзі тану мұғалімі М.Аманбаева 9

сыныпқа "Адам мен Отан",Қызыл-

орда қаласының №264 орта мекте-

бінің мұғалімі Н.Қасымова 8 сынып-

қа "Ана тілі - жүрек үні", Қызылорда

қаласының №189 орта мектебінің

мұғалімі Б.Мадирова 7 сыныпқа

"Жақсылық - жан азығы", №264 мек-

тептің өзін-өзі тану мұғалімі

Г.Мұстаяқова 4 сыныпқа "Су-өмір

көзі" тақырыбында ашық сабақтар

өткізді. Семинардағы ұстаздардың

басты ұстанымы - қазіргі ақпа-

раттану заманында өзін-өзі тану

пәнінің ізгілік пәні ретінде және

адамдар арасындағы қарым-қаты-

насты, өскелең ұрпақты бір-біріне

мейірімді, инабатты, кешірімшіл

тұлға етіп тәрбиелеудегі өздерінің іс-

тәжірибесін тарату, бір-бірімен

тәжірибе алмасу.

   Семинар соңында облыстық

білім басқармасы және оқу орталығы

семинарда сабақ берген ұстаздарға

"Жоғары дәрежеде сабақ көрсет-

кені" үшін сертификат тапсырды.



 Күнсұлу СЕЙТЖАПБАРОВА,

                   №189 орта мектеп

директорының

бағдарлы жұмыстар жөніндегі

орынбасары.

 

Қызылорда қаласы.



ЖАН КҮЙЗЕЛІСІН ҚАЛАЙ

ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

№189 орта мектепте мектеп

психологтары Г.Нұргалиева мен

А.Құдайбергенованың ұйымдас-

тыруымен №3 қалалық емхана, темір

жол емханасы және облыстық

салауатты өмір салтын қалыптас-

тыру орталығы психологтарымен

бірлескен  "Стрестік жағдайдан шығу

жолдары" тақырыбындағы семинар-

кеңес өткізілді.

 Семинарда №189 орта мектеп

психологы Г.Нұргалиева "Стрестік

жағдайдан шығу жолдарын үйрену"

тақырыбында баяндама жасады. №3

қалалық емханадағы "Шапағат"

жастар денсаулық орталығының

психологы Бексұлтанова Мақпал

Серікқызы емхана туралы, ондағы

психологтық қызмет туралы, ондағы

берілетін көмек туралы айтып өтті.

Облыстық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының психолог

маманы Советов Нұртас "Күйзелісті

болдырмау жолдары" тақырыбында

кеңес беріп, оқушыларға әркім өз-өзін

қалай жеңуге болады, күйзелгенде,

ашуланғанда қалай өзін тыныштандыру

керек екендігін айтып өтті. Қалалық

теміржол емханасының психолог

маманы Бөлекбаева Гүлайна бүгінгі

семинарда көтеріліп отырған

тақырыптың ауқымдылығын, өзек-

тілігін айта келіп, "Ауруханадан келген

хат" астарлы әңгімесін оқып берді.

Әңгімеде бір отбасының жалғыз

ұлының бастан кешкен оқиғалары

жайлы айтылған. "Шапағат" жастар

орталығынан келген гинеколог маман

Қалымбетова Венера қыздар тобымен

және уролог маман  Шамшатов Еркін

ұлдар тобымен жеке сөйлесіп, олар-

дың көкейіндегі денсаулықтарына

байланысты мазалап жүрген сұрақ-

тарына жауап берді.

Күнсұлу СЕЙТЖАПБАРОВА,

                       №189 орта мектеп

директорының

     бағдарлы жұмыстар

жөніндегі орынбасары.

Қызылорда қаласы.



ҰБТ 

 қорытындысы

Сыр өңірі өткен жылғы Ұлттық

бірыңғай тест қорытындысында

соңғы бестіктің қатарында болып,

біраз сын садағына ілінген болатын.

Орташа балл 74,2 еді. Ал, ол биыл 7,6

пайызға жоғарылап, 81,7 балды құрап

отыр. Бұл биыл облыстың алдыңғы

бестіктен ойып тұрып орын алғанын

көрсетеді.

Биыл аудандар арасында 83,5

балмен жалағаштықтар ең жоғары

нәтиже көрсетсе, қармақшылықтар-

дың балы 83,1-ге, қазалылықтардың

орташа балы 82,2-ге тең болды. Облыс

бойынша №10 қазақ-түрік қыздар

лицейі биыл төртінші жыл қатарынан

көш бастап келеді, олардың орташа

көрсеткіші - 109,9. №9 қазақ-түрік

ұлдар лицейі 109,9 балмен екінші

орында келеді. Аймақ бойынша ең

жоғары 123 балды Қызылорда қаласын-

дағы №136 және Жалағаш ауданындағы

№202 мектептің екі түлегі жинады.

"Алтын белгіге" үміткер 231-дің 136-сы,

яғни, 58,8 пайызы, "Үздік аттестатқа"

үміткер 65-тің 29-ы өз білімдерін дәлел-

деп шықты. Өткен жылы екілік баға ал-

ғандар саны 280 болса, ол 171-ге азайды.

Екі жылдағы ҰБТ нәтижесіне

салыстырмалы түрде қарайтын болсақ,

биыл барлық көрсеткіш жақсарған.

ҰБТ қорытындысында орташа балл

республика бойынша 79,4 болды, бұл

өткен жылмен салыстырғанда 2,5

пайызға жоғары.

Иә, биылғы түлектер аймақтың

соңғы бестіктен алғашқы бестіктің

қатарына енуіне мүмкіндік жасады.

Олар Сыр өңірі білім саласының

уақыт өткен сайын ілгері өрлеп келе

жатқанын дәлелдеді. Бұл табысқа

облыста барлық жағдай жасалды,

Жаңақорған және Арал аудандарын-

дағы демалыс орталықтарында түлек-

тердің белсенді дайындығы жүргізілді.

Осындай жан-жақты дайындық

нәтижесінде биылғы жетістікке қол

жетіп отыр. Ол - мектеп пен

шәкірттердің ортақ табысы.



Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

Аймақ басшысы өз сөзінде мектеп

бітірушілерге қызығы мен қиыншы-

лығы мол, әр жылы қайталанбас

тарихқа толы балалықтың бал дәу-

ренін артқа тастап, үлкен өмірге

жолдама алатын кезеңнің жақын-

дағанын атап өтті.

Биылғы жылы облыс бойынша

6452 оқушы мектеп бітірді. Оның 4165-

і ҰБТ-ға қатысып, 81,7 орташа балдық

нәтиже көрсетті. ҰБТ қорытынды-

сында республика бойынша Сыр

өңірі 5-орынға көтерілді. Аймағы-

мызда 100 және 100-ден жоғары балл

жинаған 653 оқушы болса, оның

ішінде екі түлек ең жоғары 123 балға

қол жеткізді. Сондай-ақ, басқа да 58

мектеп бітіруші халықаралық

ғылыми жоба жарыстарының жеңім-

паздары атанып, министрлік тарапы-

нан ҰБТ-дан босатылған. Олар еліміз-

дегі кез келген ЖОО-да білім алу мүм-

кіндігіне ие болды. Сонымен қатар,

18 оқушы мектеп қабырғасында

жүріп, мемлекеттік білім грантына

қол жеткізді.

Сыр өңіріндегі басқа да 500 түлек

Ресей үкіметі гранты есебінен оқуға

барады. Олар Ресейдегі Санкт-

Петербург мемлекеттік өсімдік

полимерлі технологиялық университе-

тінде, Тимирязов атындағы Ресей

мемлекеттік аграрлық университетінде,

Мәскеудегі ұлттық технологиялық

зерттеу университетінде және Ресей

Федерациясы Президенті жанындағы

шаруашылық және мемлекеттік

басқару академиясында білім алу

мүмкіндігіне ие болды. Биылғы жылы

жоғары және арнайы оқу орындарына

бөлінетін "Серпін" бағдарламасы

республика бойынша 5000 грант бөлсе,

2500-ден астамы қызылордалық

түлектерге тиесілі болды. Ал, үлгерімі

жақсы, әлеуметтік жағдайы төмен үздік

оқушыларға облыс әкімінің 365 гранты

бөлінді. Осындай көмектің барлығы

биыл мектеп бітірген жас түлектердің

көбісі мемлекет есебінен оқуға түсу

мүмкіндігіне ие болуына ықпал

жасайды.


Биылғы жылы ҰБТ-дан ең жоғары

балл жинаған 139 түлек "Алтын белгі"

иегерлері атанды.

Оларға бүгінгі шара барысында

аймақ басшысы алтын белгілерін

табыстап, ноутбук сыйға тартты.

-

Сыр елінің 139 түлегі білім



саласының алтынына лайық екенін

растап, ата-аналары мен ұстазда-

рының ақжолтай үмітін ақтады.

Өткен жылмен салыстырғанда алтын

белгі иегерлері 45-ке артты. Сыр

жұртшылығын осы қуанышымен

шын жүректен құттықтаймын, - деді

облыс әкімі.

Шара соңы алтын белгі иегер-

леріне арналған мерекелік концертке

ұласып, түлектер аймақ басшысымен

естелік суретке түсіп тарқасты.

Сыр өңірінің білімді де дарынды

жастары ел дамуына өз үлестерін

қосатын азамат боларына сенім

білдіреміз.



Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

"Бейбітшілік Әлемі" Халықаралық

Творчестволық Бірлестігі ұйым-

дастырған жарыста №127

Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-

лицейдің технология пәнінің мұғалімі

Гүлнар Жеңсікбаева еліміздің

өркендеуі жолында жас ұрпаққа

сапалы білім, саналы тәрбие берудегі

ұстаздық еңбегі үшін "Лидер обра-

зования" медалімен марапатталды.

Гүлнар апайдың тәрбиелеген

оқушыларының шығармашылық

жұмыстары, ғылыми жобалары,

жалпы өнер саласындағы жұмыстары

жоғары бағаланып, лайықты

марапатқа ие болды. "Бала - өмірдің

гүлі" атты балалар мен оқушылар

фестивалінде көрсеткен дарынды

өнері, шығармашылық жұмыстары

үшін 11-сынып оқушылары Ұлдана

Өтеуова, Ардақ Сардарова 1-орын

"Алтын дипломымен" марапатталды.

Құттықтаймыз, жеңістерің жана

берсін.

Білім саласының үздігін аудандық



білім бөлімінің бпсшысы Халықбек

Әлтай құттықтады.



Айнұр НАЗАРОВА.

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында "Балалық шақтан болашаққа" атты

биылғы "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі

Қырымбек Көшербаев білім шыңын бағындырған оқушыларды арнайы құттықтап, "Алтын

белгілерін" табыстады.

СЫР ТҮЛЕКТЕРІ АЛҒАШҚЫ БЕСТІКТЕ

“БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА”

ТАҒАЙЫНДАУ

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Асқарбек Темірбекұлы

Есжанов қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне

тағайындалды.

Ол алғашқы еңбек жолын Қызылорда экология және құқық

колледжінде оқытушылықтан бастады. Бұдан кейін колледж

директорының орынбасары, облыстық мәдениет , білім

басқармаларының бас маманы, қалалық білім бөлімі  басшысының

орынбасары, облыс әкімі аппараты ұйымлдастыру  инспекторлық

жұмыс және аймақтық даму бөлімінің  басшысы, қала әкімі

аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2

   1 шілде 2015 жыл

Тәжірибе. Әдістеме

Жылдағы дәстүр бойынша Алматы

қаласындағы О.Жәутіков атындағы

республикалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған физика-

математика орта мектеп-интер-

натының ұйымдастыруымен еліміз-

дегі мектептер арасында үздік

математик оқушыларын анықтау

мақсатында "Бастау" республикалық

Талдыарал елді мекеніндегі мектеп

1983 жылға дейін орыс-қазақ аралас

бастауыш мектебі болған. 1983 жылы

Сырдария аудандық комитетінің

шешімімен мектеп №215

сегізжылдық мектеп болып іріленді.

Ол кезде 20 жасар жас маман ретінде

Сырдария аудандық білім бөлімінің

жолдамасымен осы мектепте

бастауыш сынып мұғалімі болып

алғаш еңбек жолымды бастадым. Сол

жылы мектеп директоры болып

тағайындалған Қоңырбаев Темірхан

ағай да жанұясымен елді мекенге

көшіп келген.Содан бері 31 жыл

өтіпті.  Алғаш еңбек жолымды

бастаған осы мектепте бүгінгі таңда

еңбек етіп келемін.

Менің айтайын дегенім, 1983-2006

жылдар арасында 24 жыл мектеп

директоры қызметін атқарған

ұлағатты ұстаз-Қоңырбаев Темірхан

ағай жайлы еді.

Ағайдың еңбек жолына тоқталсам:

Қоңырбаев Темірхан 1944 жылы

15 мамырда Сырдария ауданы,

Амангелді кеңшарында дүниеге

келген. 1969 жылы Н.В.Гоголь

атындағы  педагогикалық инсти-

тутында жаратылыстану факультетін

бітірген.

1973 жылы Сырдария ауда-

нындағы №11 мектепте директордың

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

қызметін атқарды.

1978-1983 жылдары Сырдария

аудандық кешкі жастар мектебінің

директоры қызметін атқарған.

1983 жылдан зейнеткерлікке

шыққанға дейін, 24 жыл №215 орта

мектебінің директоры қызметін

атқарды.

Алғаш мектеп ашылған жылдары

қаншама қиыншылықтар болатыны

белгілі. Сол кезде мамандардың

тапшылығы, материалдық-

аудан, қала көлемінде көріне білді. Осы

жылдары ішінде мектептің оқу-тәрбие

жұмысындағы жетістіктері ескеріліп,

1997 жылы  Қоңырбаев Темірхан "ҚР

Білім беру ісінің үздігі" белгісімен

марапатталды. Зейнеткер ұстаздың

ұйымдастырушылық қабілеті,

басшылық жолы өзінен кейінгі

жастарға үлгі бола білді. Өмірінің

соңына дейін өзі еңбек еткен

мектеппен тығыз байланыста болып,

ағалық, әкелік ақылын айтып отырды.

Бүгінгі таңда өткенге көз жіберіп,

ағаймен бірге қызмет атқарған кезде

ағайдың талапшылдығы, еңбекке

жауапкершілікпен қарау керектігін

үйреніп, ағайдың тәжірибе мектебінен

өтіп, оның шәкірті болғанымды

мақтан тұтамын.

 Осындай ұлағатты ұстаз Алланың

бұйрығымен 2012 жылы 2 қаңтарда

дүниеден озды. Егер тірі болғанда биыл

15 мамырда 71 жасқа толар еді.

Ағайды бір сәтте есімізден

шығарған емеспіз, оның  айтқан

сөздерін  үнемі керекті жерінде "ағай

солай дейтін еді... " деп еске алып

отырамыз.

Жұбайы-Зиякүл екеуі төрт баланы

тәрбиелеп өсіріп, аяқтандырды.

Олардан 12 немере сүйді. Қазіргі кезде

екі қызы- Раушан мен Алма әке жолын

қуып, осы мектепте ұстаздық еңбек

етіп келеді.

Отбасының берекесі болған

Темірхан ағай - ұлағатты ұстаз,

қамқоршы аға, аяулы әке, мейірімді ата

бола білді.

Бүгінде туған күнінде  еске алып,

жатқан жерің жаннаттан болсын деп

құран бағыштаймыз.



Манат БЕКЕТОВА,

№215 орта мектеп директорының

 оқу  ісі жөніндегі  орынбасары.

математикалық турнир өткізіледі.

Байқау аудандық, аймақтық,

республикалық кезеңдерден тұрады.

Жуырда өткізілген аудандық, аймақ-

тық кезеңдерден сүрінбей өткен

оқушыларымыз бар.

Аймақтық кезеңге облыс бойын-

ша барлық аудандардан 230 оқушы

қатысып, №266 мектеп-лицейдің "2 А"

сынып оқушысы Медетбаева Акниет

- І орын (пән мұғалімі Жасаралова

Индира), "3 А" сынып оқушысы

Талғатбек Данияр - І орын (пән

мұғалімі Ермаханова Сауле), "4 А"

сынып оқушысы Тиыштыков Тамир-

лан - І орын (пән мұғалімі Курман-

сейтова Калбике) иеленді.

Алдағы Алматы қаласында өтетін

республикалық кезеңнен сүрінбей

өтіп, жүлдемен оралуларына шын

жүректен тілектеспіз. Біздің оқу-

шыларымыз - біздің мақтанышымыз.

Оларға тек қана жетістік тілеймін.

    Гүлбану КАБУЛОВА,

№266 мектеп-лицей

директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары.

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа

есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Жылдамдық,

уақыт, қашықтыққа берілген есептер

жайлы білімдерін тиянақтап пысықтау.

Бір бағыттағы қозғалысқа арналған

есептерді шығару дағдыларын қалып-

тастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді

меңгерту.

Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, талдау,

салыстыру, ажырату, жинақтау, жат-

тықтыру, көрнекі, ізденіс әдісі, жазба

жұмысы, өзіндік жұмыс,

Көрнекіліктер: Слайд, сызба,

деңгейліік карточка, шаңғышылар

суреті


Сабақтың барысы: Оқушылардың

сабаққа әзірліктерін қадағалау. Зейін-

дерін сабаққа аудару. Қонақтармен

амандасу.

Ой қозғау.

- Балалар, қазір әлемнің назарын

аударған қандай оқиға болып жатыр?

- Олимпиада.

- Бұл олимпиада қандай ойындарға

арналаған?

- Қысқы ойындар.

- Ол қай елде болып жатыр?

- Ресейдің Сочи қаласында.

- Дұрыс айтасыңдар, биыл 2014

жылы Сочи қаласында 7 ақпанда

қысқы ойындарға арналған олимпиада-

ның ашылу рәсімі өтті. Оған біздің

елден де спортшылар қатысып жатыр.

- Қандай қысқы спорт түрлерін атап

бере аласыңдар?

- Хоккей, шаңғымен сырғанау,

мәнерлеп сырғанау, шорт трек,

фристайл, сноуборд т. б.

С - салмақты

П - парасатты

О - озат


Р - рухты

Т - төзімді

Ш - шыныққан

Ы - ынтымақшыл болайық! Бүгінгі

сабағымызда осы қасиеттер бойлары-

нан табылады деген ойдамын. Сәттілік

тілеймін!

Үй жұмысын тексеру.

№ 7, 9 тапсырманы тексеріп шығу.

Жаңа тақырып.

1. - Балалар, қазір әрқайсың

шаңғышы болып жарысасыңдар. Әр

есепті дұрыс шығарсаң шаңғышы бір

бөгеттен өтіп тұрады. Сөйтіп сабақ

аяғында кім озып келетінін анықтап

бағалаймыз. Ойымызды жаңғыртып

мынаны еске түсіріп алайық.

- Мына жазу нені білдіреді? Кім

айтып береді?

S = V x t --------- V = S: t ----- t = S: V

Оқушылар жылдамдық, уақыт,

қашықтықты табу ережесін еске

түсіреді.

№1 тапсырма.

Бір оқушы тақтада сызбаны пайда-

ланып, есепті талдап береді. Шартын

құрады. Шығарған есебінің дұрыс-

тығын слайдтағы жазумен тексереді

Жүк машина V - 55км/сағ --- Ш:

(55+65) х3+89=449км

Жеңіл машина V - 65км/сағ ----------

------- (55+65) х7+89=929км

S - 89км

t - 3 сағ S -? км

t - 7сағ S -? км

2 бөгет


4. - Енді балалар, сәл спорттан

ауытқып елімізге оралайық. Биыл

президент халыққа жолдауын арнады.

Ол биылғы Жолдауында да баспана

мәселесіне басымдық берді. Жалға

берілетін тұрғын үй алаңын жыл

сайын 1 миллион шаршы метрге

жеткізу қажеттігін атап өтті. Баспана

мәселесін шешу үшін 2011 - 2014

жылдарға арналған мемлекеттік

тұрғын үй бағдарламасы түзілген

болатын, қазір игілігін беріп, бір жыл

ішінде 55 мың қазақстандық қоныс

тойын тойлады. Ендеше келесі есебі-

міз осы үй құрылысына арналған.

Тақтаға келесі оқушы шығады.

№3 тапсырма. Оқушылар деңгей-

лік тапсырманы таңдап, өз бетінше

орындайды.

1. деңгей

Тік төртбұрышты кітаптың мұқа-

басының ені 10 см, Бұл оның ұзын-

дығынан 2 есе кем. Кітап мұқабасы-

ның ұзындығы неше сантиметр?

2. деңгей

Сәйкес келетін санды тап:

? х 11=957 ---------------- 92 х ? =1012

? х 101=8787 ------------ 92 х ? =9292

? х 1001=87087 -------- 92 х ? =92092

Сызба бойынша есеп құра және

шығар:

52км/сағ? км/сағ



Келесі 5 бөгеттен өту.

230км


Үйге тапсырма.

Бағалау: Мәреге бұрын жеткен

шаңғышы бойынша мадақтау, өздерін

бағалау



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал