Ұстаздарым білім берген тереңнен, Сол біліммен бастау алып келеммен



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/7
Дата10.09.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

№№ 19-20 (227-228)

1 Қазан

2015 жыл

Ұстаздарым!

Ұстаздарым білім берген тереңнен,

Сол біліммен бастау алып келеммен.

Бағын жайып биіктерге өрлей бер,

Айтам тілек,жүрек жарды өлеңмен.

Сіздер, сіздер қуанышым әнімде

Жақсы көрем ұстаздарым бәріңде.

Сіздер болып нұр шуағын төксін күн

Шәкірті бар, сәбиі бар әр үйге.

Биікте жүр менің бала қиялым

Жақсы сөзбен өзіңе арман жиямын.

Тірегі де, жүрегі де өздерің

Мектеп атты білім берген ұямның.



АЙКҮМІС МӘЖІК

М.Қаналиев  атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша 

кешенінің 10-сынып оқушысы, Сырым ауданы

  

 

Қаламыздағы  М.Ықсанов  атындағы  жалпы 

орта  білім  беретін  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Базарбаева  Ботакөз  Қазиқызы  жаста  болса,  ұжымдағы 

тәжірибелі  ұстаздардың  бірі.  Ұстаздың  еңбек  өтілінде 

төртінші  жыл  қатарынан  шәкірттерін  бастауыштан  орта 

буынға шығарып салған Ботакөз биылғы жаңа оқу жылын 

жаңа  бүлдіршіндермен  бастаса,  әріптесі  Байменова 

Данагүл  Бектұрсынқызы  4  «б»  сыныбының  жетекшісі: 

«Самал»  газетін  бұл  сынып  қызыға  оқып,  асыға  күтеді 

дейді, - бізбен жылы жүздескен Данагүл Бектұрсынқызы.

Газетіміздің  жанашыр  ұстаздар  ұжымын  редакция 

атынан жас ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 

білім шыңының биігінен көріне беріңіздер демекпіз!



Сіздерге деген құрметпен: «САМАЛ»

Менің 

мектебім

М

е



н 

Госплемстанция 

жалпы  орта  білім 

беретін мектебінде  

бірінші сыныбында 

оқимын. 


Биыл 

жаңа оқу жылында 

мектепке  барғанда 

өте 


қуанышты 

болдым. 


Себебі 

біздің ауылда жаңа 

мектеп  ашылды. 

Мектеп 


үлкен,  

ішінде  асхана,  кітапхана,  спорт  зал 

тағы  басқа  бөлмелер    бар.    Біздерге 

Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың  

1-сынып  оқушыларына    арналған 

сыйлық  кітабын    берді.  Мектебмізде 

би  үйірмесі  бар.    Мен  билегенді, 

кітап  оқығанды  жақсы  көремін. 

Осындай 


мектепте 

оқитыныма 

мақтанамын. Ұстазымды мейрамымен 

құттықтаймын.



Айжан ТҰРҒАНБЕК

Госплемстанция ЖОББМ-нің 

1-сынып оқушысы

Юбилейный ауылы, 

Теректі ауданы,

   СпаСибо! ВаМ, дорогие Мои!

В средней общеобразовательной школе № 21 г.Уральска учатся наши дети - дочь и сын. 

Здесь работают компетентные Педагоги, очень душевные и ласковые люди, душой болеющие 

за свою работу, за своих учеников.

В начальном звене приоритетна работа учителей с родителями, традиционными стали 

очень  тёплые  школьные  мероприятия  и  праздники,  позволяющие  родителям  узнать  друг 

друга поближе, поделиться опытом воспитания, взглянуть на своих детей другими глазами. 

Хотим  сказать  огромное  спасибо  администрации  школы  в  лице  директора  Шаркубеновой 

Лауры  Сабитовны  и  всему  педагогическому  коллективу  СОШ  №  21  за  добросовестную  и 

кропотливую  работу  с  нашими  детьми.  В  преддверии  профессионального  праздника  Дня 

Учителя хотим поздравить классного руководителя Жакупову Алтынай Хамидулловну, весь 

коллектив школы и пожелать здоровья, творческих успехов!  

Родители: СОШ №21, ЗУЕВЫ, г. Уральск                                                                                                                                          

Білім беріп шәкіртке, күтіп баптап

Судан қорғап, ардақтап, оттан сақтап.

Тәуліктің тең жартысы мектепте өтер

Бәйек болып барынша айналақтап.

Өз міндетін, намысын қысып, қайрап

Білімге бес қарудың бәрін сайлап.

Қиындықтың өзіне мойымайтын

Шәкіртінің алдында тұрар жайнап.

Тылсым дүние, өмірдің сырын ашқан

  Тәрбиелеу ісіне мықты ұста.

Жақсылықтың жолында бір тынбайтын

Жақсылар көп білім алған бұл «ұстаздан».

«СыныбыМ Менің 

таМаша»

  Менің 

сыныбым 


өзіме  қатты  ұнайды. 

Ұстазым 


Ақгүл 

Жәрдемқызы әр сабақты 

мәнді  де  қызықты  етіп 

өткізеді.  Сыныбым  тату, 

ұйымшыл.  Біздер  оқып 

қана  қоймай,  сынып 

болып 

үйірмелерге 



қатысамыз. 

 

Хор, 



қобыз,  домбыра  үйірмелері  бізді  қатты 

қызықтырады. 

 

Ұстазымыздың  берген  білімі  мен 



тәрбиесі болашақта ашық жол болсын деген 

үмітпен біз де кітапты жақсы оқимыз.



ЖАСҰЛАН МЕРЛАН

 №46 ЖОББМ-нің 3 «д» сынып оқушысы



аяулы 

ұстазым

   Мен  үшін  жақсы 

мұғалім 

бәрінен 


де 

артық,  өйткені  «мұғалім 

– мектептің жүрегі», - деп 

Ыбырай Алтынсарин ағамыз айтқан. Осындай мұғалімдердің 

бірі менің ұстазым Шолпан Мақсотқызы деп айта аламын. Ол 

өте зерек, жан-жақты, мейірімді, әрқайсымызға жылы жүзбен 

қарайды.  Оның  әр  сабақтары  өте  қызықты  өтеді.  Шолпан 

Мақсотқызын ұстаздар күнімен құттықтап, білімді шәкірттері 

көп болсын деп тілеймін.

АНЕЛЯ ҚАДЫРАЛИЕВА

Қ.И.Сәтбаев атындағы, ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы

Тасқала ауданы

Ұстазым – 

бақытым

Мен  1-сыныпқа  келгендегі  қабылдаған 



алғашқы 

ұстазым 


Измулдина 

Ақтоты 


Нұрболатқызы.  Ол  өте  мейірімді  әрі  өнегелі 

ұстаз. Мен апайымның сабақ беру шеберлігіне 

қарап қызығамын және өскенде апайым сияқты ұстаз болғым келеді. 

Қазір мен 2-ші сыныпта оқып жатырмын. Ұстазым біздің сыныпты  

Сіздің газеттеріңіз «Самал» газетімен достастырды. Біздің сыныптағы 

Ажар, Ақбота, Нұртас, Фатима, Диляралардың мақалалары жарық 

көрді. Біз сынып болып сыныпта оқыдық. Ұстазымның білімділігінің 

арқасында  жаттауларды, әңгімелерді еркін оқып, есептерді жақсы 

шығарамын. Ұстазыма бар жақсылықтарды тілеймін.

 

 Айназ САМИҒОЛЛА

№3 жалпы орта білім беретін қазақ орта мектебінің

2 «ә» сынып оқушысы,  Жаңақала ауданы

 Жаны ізгі жас ұстаздар                                                                   

шәкірттерімен бақытты....



Ә.ҚАЖЫҒАЛИЕВА

В.И.Шубин ЖББОМ-нің мұғалімі

Тоғанас ауылы, Сырым ауданы

Ұстаздарға



№№19-20 (227-228)    01.10.2015 ж.

2

М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханаға қарасты №5 кітапханасында Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 

жылдығына орай  «Шоқан Уәлиханов – өшпес жарық жұлдыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Оған Зашаған кенті 

әкімшілік қызметкерлері, мүгедектер және ардагерлер қоғамдары қатысты.

Шоқан  Уәлихановтың  өмірі,  қызметі,  аз  ғұмырында  ұшан  теңіз  қалдырған  еңбектеріне,    сол  кездегі  танымалы 

тұлғалармен  достық  қарым-қатынасы,  ой-пікірлері  жайында  ақпараттармен  бөлісіп,  тақырыпқа  байланысты 

талқыланды. Ардагерлер, тарихшылар, мұғалімдер ғалым туралы қызықты да, танымды мағлұматтар айтты. Шоқан 

тұлғасын ашып көрсетуде сурет өнерлеріндегі туындыларымен,  орыс ғалымдарының, зиялыларының ғылым туралы 

сөздері қолданып, талқыланды. Н.И.Веселовскийдің: «Шоқан Уәлиханов 

шығыстану  әлемінде  құйрықты  жұлдыздай  жарқ  етіп  шыға  келгенде, 

орыстың  шығысты  зерттеуші  ғалымдары  оны  таңғажайып  құбылыс  деп 

түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы 

жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл 

үмітімізді  үзіп  кетті»,  -  деп  жазды.  Осы  сөздер  Шоқанның  зиялы  қауым 

арасында алған орны мен дәрежесін анық көрсетті.

Шоқан  қазақтың  ұлы  ғалымы,  географ-этнографы,  фольклорист, 

тарихшы, ағартушысы, суретші. Ол 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының 

Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Қазақ баласы, хан әулетінің ұрпағы, 

орыс  офицері  өзінің  қысқа  ғана  ғұмырында  әдебиет,  жағырапия, 

мәдениет  саласына  аса  зор  үлес  қосып,  өшпес    ізін  қалдырды.  Шоқан 

18 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусын тамамдап, «армиялық атты 

әскердің» корнеті болып шықты. Оның қоғамдық  және әдебиет қызметі 

оқуды  бітіріп  шығысымен-ақ  бірден  басталды.  Ол  Батыс  Сібір  генерал-губернаторының  жанында  қалдырылады 

да, арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс  аудандарын басқарып отырған 

генерал    Г.Гасфорттың  адъютанты  болып  тағайындалады.  Батыс  Сібір  өлкесінің  Бас  басқармасы  оны  төтенше 

тапсырмаларды орындайтын офицер қызметінде атқарды. Қызметте Шоқан  бюрократтық мансапқор чиновниктері 

мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым көреді.  Бұл туралы 

достарына М.Достаевский, А.Майков, В.Курочкин, К.Гутковскийге жазған хаттарында Омбыдан кетуді, туған халқына 

пайдасы тиетін қызметті істеуді армандайтыны айтылған.

Шоқан Уалиханов есімі тек қазақ халқы арасында ғана емес, басқа, ұлттар арасында да шоқтығы биік тұрады. 

Оның еңбек жолы, мансабы, білімін өз басы үшін, бар күшін, денсаулығын, жастық шағын  халық үшін, ғылым үшін 

арнады.Классик жазушы Ғабит Мүсірепов «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел» -  деп жазғандай, Шоқан әлемге бүкіл 

қазақтың мәртебесін асырды.

Б.ДОШИМОВА

М.Горький атындағы

 Орал қалалық №5 кітапханасының кітапханашысы

Ақынмен кездесу

Тайпақ  ауылында  Мәдениет  үйінде  салтанатты    түрде 

жергілікті  ақын-айтыскер    Бауыржан  Халиолланың  

жұртшылықпен кездесу  кеші өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  

Ұлт жоспары Стратегиясы  қабылданған  Ата  Заңымыздың  

20  жылдық    айтулы    мерей    тойымен,  Қазақстандықтардың  

отаншылдық  сезімін  арттыратын  торқалы  Қазақ хандығының  

550 жылдығына орай жастар шығармашылық  орталығының 

өнерпаздары  бірлесе отырып «Туған жерге сағыныш» атты 

концерттік  бағдарлама өтті.

Бауыржан  Халиолла  тек  айтыста  ғана  емес    жалпы 

поэзияда    жемісті  еңбектер  жаратып,  Оралдың  орақ    тілді  

ақыны  «Жұмбақ  қыздың  жоспары»,    «Нәзік  бұлт  көшіп 

барады»,«Жұлдыз  жауған  жарық  түн»,  атты  жинақтарының  

авторы.  Бірнеше  халықаралық    республикалық    айтыстың  

жеңімпазы,  жүлдегері,    Қазақстан  жазушылар  одағының  

мүшесі.

Осы концерттік бағдарламаға Сарытоғай ОЖББ мектебінің 



жас ұстаздары  ұйымшылдықпен барып, жақсы көңіл  күйде 

әсер алып  қайттық. Ақынға шығармашылық табыс, бақытты 

да баянды ұзақ ғұмыр тілейміз.                   

                  С.ЖАҢАҒАЛИЕВА

Сарытоғай ЖОББМ-нің тәлімгері 

Ақжайық ауданы

Тіл мәртебесі – ел мерейі

«Туған  тілім  –  тірлігімнің  айғағы,  Тілім  барда  айтылар  сыр 

ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге 

өшемін» - деп, тіршіліктің тірегі болған қазақ тілі жайлы Әбділда 

Тәжібаев  атамыз  жырлағандай,  әркімнің өз тіліне деген құрметі, 

өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен бірдей. Әр 

адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіреді.Тілін білген адамның  

ғана  бойында  патриоттық  сезім  қалыптасып    еліне,  ұлтына  деген  жауапкершілікті  сезінеді. 

Мемлекеттік  тіл  еліміздегі    аса  маңызды  да,    өзекті  мәселе,  Тәуелсіз  елдің    басты    байлығы.  

Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған.  

Н.Ә.Назарбаевтың  1989  жылғы  20 

қаңтардағы жарлығына сай жыл сайын  

22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының 

тілдері күні» деп белгіленген болатын. 

Осы  күні  тіл  құрметіне  орай  Орал 

қалалық  кітапханаларында  сан  түрлі   

көпшілік    шаралар    оздырылып,  

«Тіл    қадірің  –  дін    қасиетің»,  «Тілім 

менің  –  ғасырлардың  мұрасы», 

«Мемлекеттік  тіл  –  елдіктің  айнасы», 

«Ұлттың  рухы  тілінде»  атты    кітап 

көрмелері  мен  тақырыптық  сөрелер 

ұйымдастырылды. Айталық, Ана тілдің 

құрметін,  қадір-қасиетін  ұғындыру, 

адамгершілікке  баулу,  тілге  деген 

сүйіспеншілікке  баулу мақсатында  №5 кітапхана филиалында № 20 мектептің бастауыш, орта 

буын  оқушыларының  қатысуымен  «Тіл  достықтың  дәнекері»  тақырыптық  кеш  өтті.  Шараның 

1-бөлімінде  оқушылар  Ұлылардан қалған ана тілі туралы ұлы сөздерді  жарыса айтып берсе,  

екінші бөлімінде  оқырмандар  8 «а» сынып оқушылары  дайындаған «Үш би» көрінісін тамашалады. 

3-бөлімде 

«Кім  тапқыр?»  ойыны  өткізілді.    4-бөлімде  «Сөз  қадірі»  көрінісін  ең  кішкентай 

оқырмандар,  өз  шеберліктерімен  көріністі  нақышына 

келтіре  орындады.  Шара    соңында      «Тіл  тағдыры  – 

ел тағдыры»  кітап көрмесіне  библиографиялық шолу 

жасалып,  Ескендір  Хасангалиевтің  «Атамекен»  әні 

орындалды. Орталық кітапхана оқу залы «Ана тілім – 

абыройым, ардағым» әдеби кеші, №10 кітапхана «Тіл 

мәртебесін  ұлықтайық»  мәнерлеп  оқу  сайысы,  №13 

кітапхана  «Өзге  тілдің  бәрін  біл...»    интеллектуалды 

марафон, №2 кітапхана «Тіл достықтың алтын көпірі» 

зияткерлік сайысын өтті.

Тіл – халықтардың қазынасы, сан ғасырлық жүріп 

өткен  жолымыздың  шежіресі.  Егемендігімізді  баянды  болсын  десек,  ұлттық  рухымызға  өріс 

тілесек,  туған  тілімізді  көздің  қарашығындай  сақтап,  әлем  таныған  ел  болу  үшін  оқырмандар 

арасында осындай шараларды көбірек ұйымдастырып, тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

М.ТОҒАЙБАЕВА

Орал қалалық  кітапханасының әдіскері

Тіл – түп қазығым, 

айбыным


Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі.  Қазақ  тілі 

қазақ  халқының  тілі.  Оның  негізгі  мекені  –  Қазақстан.  Қазақ  тілі  –  рухани 

байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтпаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде 

қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды 

мекендеп жатқан барлық ұлт үлес қосуы тиіс. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз 

Жолдауында  «Ұлттық  тіл  қазақ  ұлтының  рухани  мәдени  байлығын  ұрпақтан 

ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын. Бұл қазынаны 

жоғалтуға  болмайды.  «Тіл  –  құрал»  деп,  Ахмет  Байтұрсынов  айтпақшы,  тіл 

арқылы біз бір-бірімізмен сөйлесеміз, ара-қатынасқа түсеміз, араласамыз. Ең 

ащы да, ең тәтті де тіл.

«Сүйемін туған тілді – анам тілін, бесікте жатқанымда-ақ берген білім»- деп, 

С.Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, 

бесік 

жырымен 


құлаққа  сіңіп,  бойға 

дариды. Адам үшін ең 

қажетті  қасиеттің  бірі 

– өз ана тілін қадірлеу. 

Қазақ тілі дүниежүзілік  

тілдердің  ішіндегі  ең 

бай  тіл.  Ақын  Мұхтар 

Шаханов ағамыз:

 

Туған  жерің 



– 

түп 


қазығың, 

айбының,


 

Туған 


тілің 

– 

сатылмайтын 



байлығың.

 

Туған дәстүр, салт-санасы тірегің



 

Қадамыңа  шуақ  шашар  үнемі,  -  деп  жырлағандай,  Аралтөбе  орта 

мектебінде  Қазақстан  Республикасының    тілдер  күні  қарсаңында  «Тілімізді 

құрметтейік» атты ашық сабақ өтті. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру 

мақсатындағы тәрбиелік шара барысында оқушылар шығармашылық сайысы 

оздырылды

Анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған  тілімізді  ұмыту  бүкіл  ата-

бабамыздың  тарихын  ұмыту  деген  Бауыржан  Момышұлы.  Ана  тілімізді 

құрметтеп,  сүйе  білейік.  Сондықтан  әр  азамат  өз  ұлтының  қамқоршысы, 

жаршысы болары сөзсіз.



З.НҰРҒАЛИЕВА

 

Аралтөбе ЖОББМ-нің кітапханашы



Аралтөбе ауылы, Сырым ауданы

 «Шоқан Уәлиханов   

өшпес жарық жұлдыз»

Ағымдағы ақпарат


№№19-20 (227-228)    01.10.2015 ж.

3

Қазақ хандығы  

тәуелсіздік бастамасы

М.Горький атындағы қалалық кітапхананың № 13 филиалы биылғы жылы Елбасының бастамасы 

бойынша қазақ мемлекетінің түптамыры саналатын қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын 

атап өту  бойынша бірқатар шаралар өткізді.

№13  кітапхананың оқу залында  халық жазушысы І.Есенберлиннің  биылғы жылы «Бір ел – бір 

кітап»  акциясы  бойынша  таңдалып  алынған  «Көшпенділер»  трилогиясы  бойынша  «Тарихи  сана 

тамыршысы» хронологиялық шолуы №2 Орал тех «Сервис»колледжінің 1-курсінің 55 студенттерінің 

қатысуымен өтті. Хронологиялық шолу электронды түрде өткізілді. Шараға қатысқан «Бәйтерек» 

және  «Алау»  клубының  қызметкерлері  мен  тәрбиеленушілері  ұсынған,  осы  кезеңге  арналған 

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атты көрініс өте әсерлі шықты.Шара соңында клуб мүшесі 

Габдрахим Талапов патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, кеш «Атамекен» әнімен аяқталды.

Аталмыш  шара  «Қазақ  хандығы  –  тәуелсіздік  бастамасы»  тақырыбымен  №13  кітапхана  да 

жалғасын  тапты.  Оған  «Атамекен»,  «Ақ  Желкен»,  «Ардагер»  аула  клубтарының  балалары  мен  

№5  ЖОББМ-тің  6-сыныптың  оқушылары  қатысты.  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы  туралы 

кітапханашы    Ж.Хайруллина  қатысушыларға  әңгімелеп  берді.Аталмыш  аула  клубтарының  

балалары тарихта елеулі орын алған Керей және Жәнібек сұлтандарының Ұлы жүзге қосылып, қазақ 

хандығының ірге тасын қалаған кезеңі сахналанды. Ұлттық нақыштағы  киімдерін киген балалармен 

бірге клуб қызметкерлері де қатысып,  көріністің  көркін келтірді.



К.ҚАНАТКАЛИЕВА

№13 кітапхана меңгерушісі

      

Мектебімізде  



Қ а з а қ 

Хандығының    құрылуына  –  550  жыл 

толуына орай  оқушыларды қоғамымыздың 

алдында тұрған басты міндет – жас ұрпақты 

төл  тарихымыздың  ұлы  құндылықтарын 

қастерлеуге, жастарымызды Қазақстандық 

патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында 

Елбасының  “Өз тарихын білмеген халық, 

өзін де сыйламайды”  нақыл сөзін ұран ете 

отырып, «Қазақ хандығы – елдіктің мерейі»  

атты тарих апталығы  өткізілді.   

      Апталықты  тарих  пәні  мұғалімі 

Байсақалова 

«Tүркі  жұртының  мұраты  – 

Мәңгілік  Ел»  атты  баяндамасымен  ашты. 

Одан  кейін,7-сыныпта  Қазақ  Хандығының 

құрылу  тарихы  тақырыбында  тарих  пәні 

мұғалімі  жас  маман  Сатыбалдиевтің 

ашық  сабағы  өтті.Аптаның  үшінші  күні 

ауылдық  мәдениет  ошағында  тарих 

пәні  мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен 



«Қазақ  елі»  (Қазақ  хандығының  құрылуы 

мен  нығаюы,  көрнекті  қазақ  хандарының 

жүргізген  саясаттары  туралы  )  фильмі 

көрсетілді.Сонымен бірге, керемет 

жаңалық    мемлекеттілігіміз  жайлы 

отандық  кино  тарихында  нақты 

қолға  алынған  шаруа  –«Қазақфильм» 

киностудиясы 

тарапынан 

жазушы 


С.Елубаевтың  сценариі  негізінде  он 

сериялы      фильм  түсіріліп  бастағандығы 

айтылды.  Мектебіміздегі  Б.Есқайырова 

жетекшілік ететін драма үйірмесі «Тарихты 

тұлғалар  жасайды»  атты  сахналық 

көріністерін 

қойды. 

7,8-сыныптар  



аралығында    Байсақалованың  «Тірегі 

сен  Тәуелсіздік  төрінің-  Қазақ  хандығына 

550  жыл»    интеллектуалды  шоу  ойыны, 

5-7-сыныптар  арасында  Сатыбалдиевтің 

«Қазақ хандары мен билері» атты сайысы 

өткізіліп,  ойын  аяғында  топтар  ішінен 

жеңімпаз  оқушылар  анықталды.  9-11-

сыныптар  арасында      ХVІІІ  ғ.  басындағы 

Қазақ хандығының саяси жағдайы   дөңгелек 

үстел 


өткізілді.

Дөңгелек  үстелге 

қ а т ы с у ш ы л а р 

Қазақ Хандығының 

құрылуы, 

Тәуке 


хан 

өлгеннен 

кейінгі 

саяси 


бытыраңқылығы, 

сонымен 


бірге 

қазіргі 


тәуелсіз 

м е м л е к е т і м і з 

Қазақстан Республикасы  жайлы өз ойларын 

ортаға 


салды.Сондай-ақ 

оқушылар 

мектеп 

мұражайында 



кітапханашы 

Б.Құсайынованың 

ұйымдастыруымен  

«Мәңгілік  ел»    тақырыбында    кітап 

көрмесімен танысты.

 

Аптаның соңғы күні  «Мәңгілік ел 



тірегі – Қазақ хандығы» тарихи-танымдық 

қорытындылау  кеші  өткізілді.Ұстаздар, 

оқушылар,  ата-аналар  арасында  саяси 

сабақ 


ұйымдастырылып, 

апталыққа 

белсене қатысып өз білімімен көзге түскен 

оқушылар марапатталды.



Ж.БИСЕНОВА

Харкин ЖОББМ-нің тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары

Ақжайық ауданы

      Қазақ  хандығы  –  бүгінгі  Қазақстан 

Республикасы  мен  көрші  аймақтардың 

территориясында  1465-1847  жылдар 

аралығында  өмір  сүрген  мемлекет. 

Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі 

атамекенді,  Сырдария  мен  Амудария 

өзендерінің  аралығын,  Хорасан  жерін 

қамтыған. 

Қазақ 

хандығының 



мемлекеттік 

құрылымы 

дала 

демократиясына 



негізделген 

монархияға 

негізделген. 

Мемлекет басшысы – хандар, саяси билік 

жүргізетін. Олар Төре тұқымынан шыққан 

Сұлтандар  арасындағы  таңдау  негізінде 

сайланатын. 

Қазақ  хандығының  тұңғыш  ханы  - 

Керей, соңғы ханы – Кеңесары Қасымұлы.

№3  М.Горький  атындағы  кітапхана 

ұжымының  ұйымдастырылуымен  Қазақ 

хандығының  550  жыл  толуына  орай №12 

ЖОББ мектебінде М.Жұмабаевтің «Батыр 

Баян»  поэмасынан  театрландырылған 

көрініс  қойылды.  Шараның  мақсаты 

қазақ  хандығының  құрылу  тарихымен 

таныстырып 

отаншылдық, 

бірлікке, 

ынтымаққа тәрбиелеу болып табылады. 

«Халық  –  қазына,  хан  –  қақпа,  батыр 

– қорған» кітап көрмесіне шолу жасалды. 

Оқушылар  өздерінің  тарихтан  білетін 

деректермен бөлісіп отырды.



Д.НИҒМЕТУЛИНОВА

М.Горький атындағы кітапхана 

№ 3 филиалының кітапханашысы

  Қазақ хандығына  

550 жыл

Қазақ  хандығының  құрылуына 



550  жылдығына  орай  мектебімізде 

1-11-сыныптар  арасында  сынып 

сағаттары  мен  тарих  сабағында 

ашық  сабақтар  өткізілді.  Тарихи-

танымдық 

ойын 


арқылы 

оқушыларға  қазақ  хандығының 

тарихын  таныстыру,қазіргі  заман 

талабына 

сай 

оқушыларды 



терең  білім  алуға  ынталандыру, 

логикалық  ойлау  қабілеттерін 

дамыту,  оқушыларды  Отанын 

сүюге,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу 

мақсатында 

ұйымдастырылды. 

Оқушылар 

қызығушылықпен 

қатысып,  тарихымыздан 

хабардар  екенін  көрсетті. 

5-11-сынып 

оқушылары 

өз білімдерін толықтырып, 

өзара ой бөлісті.  




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал