Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Құжаттама 
1.
 
Жылдық жұмыс жоспары. 
2.
 
Жұмыс уақытының циклограммасы. 
3.
 
Логопат балаларды есепке алу журналы. 
4.
 
Жеке сөйлеу тілдік карта. 
5.
 
Әрбір топқа арналған болжалды жұмыс жоспары. 
6.
 
Әрбір топқа арналған  күнделікті  жұмыс жоспары. 
7.
 
Балалардың логопедиялық сабақтарға келуін есепке алатын журнал. 
8.
 
Балалардың жеке дәптерлері. 
9.
 
Ата-аналармен жұмыс жоспары. 
10.
 
Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп. 
11.
 
Логопедиялық кабинет паспорты. 
Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________  қолы, дата 
 
 
 
 
 
 
49 
 

Жалпы білім беру мектебінің  педагог-психологына  лауазымдық 
нұсқаулық 
 
1. 
Жалпы ережелер 
 
1.1. 
Осы  лауазымдық нұсқаулық  ҚР «Білім туралы» заңына,  ҚР Еңбек 
кодексіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  жалпы  орта  және 
қосымша  білім  беру  жүйесінің  педагог  қызметкерлерінің  лауазымдарының 
үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына  (ҚР  БҒМ  2009  жылғы  шілдедегі 
қосымшалармен  және  өзгерістермен  №338  бұйрығы),  Даму  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға  (ҚР БҒМ  2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 
бұйрығы),  Орта  білім  беру  ұйымдарындағы  психологиялық  қызмет 
ережелеріне   (ҚР БҒМ  2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығы)сәйкес 
әзірленген. 
 1.2. 
Педагог-психолог       қызметке  білім беру ұйымның   басшысының 
бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.   
1.3. 
Педагог-психолог Психологиялық-педагогикалық қолдау  қызметінің  
аясында  (ары  қарай  ППҚ)  тікелей  инклюзивтік  білім  беруді  үйлестірушіге 
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 
1.4.  
Педагог-психолог  Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің  
басқа  қызметкерлерімен    пәнаралық  негізде  өзара  әрекеттестікте    жұмыс 
істейді.  
1.5. 
Педагог-психолог   өз  қызметінде  мына  құжаттарды  басшылыққа 
алады:    
-  
Баланың құқығы  туралы концепция; 

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 

ҚР  «Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;   
-  
ҚР «Білім туралы заңы»;  

ҚР «Неке және отбасы», ҚР  білім беру мәселелері бойынша заңнамасы; 

БҰ-ның жарғысы;  

БҰ-ның жергілікті нормативтік актілері; 

БҰ-ныңі  шкі  еңбек  тәртібінің  ережелері;  БҰ-ның   басшылығының 
бұйрықтары мен үкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулық; 

еңбек шарты. 
1.6.     
Педагог-психолог   төмендегі мәселелерді білуі керек:  

ҚР Конституциясын; 

БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын; 

«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы»  заңын; 

ҚР «Білім туралы» заңы; ҚР білім беру мәселері бойынша заңнамасы; 
50 
 

-   
БҰ    білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды  реттейтін  жарғы  мен 
жергілікті актілерді; 

кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік 
және әдістемелік құжаттар; 

жас ерекшелігі  педагогикасы  мен   психологиясын; 

білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларына   (оқушылар  және 
олардың жанұясы, педагогтар)көрсетілетін психологиялық қолдаудың әр түрлі  
түрлері бойынша  заманауи әдіс-тәсілдерді; 
-  
білім берудің практикалық психологиясының    жаңа жетістіктері. 
1.7.   
Педагог-психологтың  36  сағаттық  жұмыс  аптасындағы  жұмыс 
уақытының  түзімі  төменде  берілгендерді  есепке  ала  отырып,  білім  беру 
ұйымның  ішкі  еңбек  тәртібінің  ережелерімен  реттеледі:білім  беру  үдерісінің 
қатысушыларымен  оның  жұмыс  уақытының  апталық  ұзақтығының 
жартысынан аз болмайтын көлемде жеке және топтық  сабағаттық  жұмысын 
орындайды.  Қалған  жүктеме  жеке  және  топтық  сабағаттық   жұмысқа 
дайындық,  алынған  нәтижелерді  өңдеу,  талдау  және  жинақтау,  есептік 
құжаттарды толтыру, сондай-ақ өзінің біліктілігін тікелей білім беру ұйымында 
да, сондай-ақ одан тыс жерлерде де арттыру түрінде болады. 
 
2. 
Қызметтері 
 
2.1. 
Педагог-психологқа төмендегі қызметтер жүктеледі: 

мектеп оқушыларын психодиагностикалау жұмысын жүргізу; 

психопрофилактикалық шараларды жүргізу; 

оқушылармен түзете дамыту жұмысын жүргізу; 

мектеп педагогтарымен, оқушылардың ата-аналарымен  психологиялық 
сабағаттандыру және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді; 

ұйымдық-әдістемелік 
жұмыстарды 
(мектептің 
ӘБ, 
ПМП 
консилиумының  жұмысына  қатысу,  диагностикалау,  түзету  және  дамыту 
бағдарламаларын әзірлеу, біліктілігін арттыру) жүзеге асыру; 

психологиялық-педагогикалық мониторингілеуді жүзеге асыру.
 
 
3.Лауазымдық міндеттері 
 
Педагог-психологтың міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу. 
3.2. 
Кәсіптік  мәселелербалалардың  мүддесін  қорғай,  олардың  толық 
құнды психикалық даму  міндеттеріне сәйкес шешу. 
3.3.  
Кәсіптік  құпияны сақтау,   құпиялылық талаптарын сақтау. 
3.4. 
Оқушылардың  өмірі  мен  денсаулығын  қорғаумен  қамтамасыз  ету. 
Тұлға үшін психологиялық жайлы және қауіпсіз орта құруға, мектептегі  оқу-
білім  беру  үдерісі  кезіндегі  гуманистік,  өнегелі  қарым-қатынастың  орнауына 
көмектесу.  
3.5. 
Диагностикалаудың,  дамыту,  психопрофилактикалық  және 
психотүзету  жұмыстарының сенімді, ғылыми негізділген тәсілдерін қолдану. 
51 
 

3.6. 
Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  және  мектептік  бейімделмеу  «қатер 
тобының» баларын  анықтау бойынша жұмыс жүргізу. 
3.7. 
Диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша оқушылармен жүретін 
түзете  дамыту  жұмысының  мазмұнын  анықтау  және  оқудың  барлық  кезеңі 
бойы  жеке  тәсілдемемен  қамтамасыз  етуүшін  психологиялық  тұжырымдама 
жасау. 
3.8. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларға  білім  берудің  жеке 
бағдарламалары мен дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. 
3.9. 
Баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне (эмоциялық тұлғалық аясының 
дамуы  және  оның  кемшіліктерін  түзету,  танымдық  әрекетін  дамыту  және 
жоғары психикалық атқарымдарын қалыптастыру, әрекеттенуін және тәртібін, 
коммуникативтік  дағдыларын  ерікті  реттеуді  қалыптастыру)  сәйкес  
психологиялық  тұжырымдаманың  негізінде  жекеше  және  топтық  түзімдегі 
түзете дамыту жұмысын жүзеге асыру.  
3.10. 
Педагогтар  мен  ата-аналардың  психологиялық  мәдениеттілігін 
қалыптастыру. 
3.11. 
Психологиялық  жайлылықпен  қамтамасыз  ету,  педагогтардың 
оқытудың  инновациялық  технологиялары  мен  әдістемелерін  ендіру  кезінде 
балалардың  жеке және жас шамасының ерекшеліктерін есепке алу. 
3.12. 
Мектеп  және  жанұя  жағдайындағы  оқушының  тұлғасының 
психологиялық  даму  ерекшеліктері  мен  міндеттері  бойынша  педагогтармен
мамандармен,  ата-аналармен  және  білім  беру  ұйымдарымен  серіктестікке 
тартылған тұлғалармен сабағаттылық жұмысын жүргізу. 
3.13. 
Қатысу: 

қаладағы  педагогтар-психологтардың  әдістемелік  бірлестіктерінің 
жұмыстарына  және басқа түрдегі әдістемелік жұмыстарға; 

Педагогикалық 
кеңестердің, 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум  отырысына. 
3.14.  
Психологиялық  диагностикалау,     түзете  дамыту  жұмыстарын 
жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдардың болуы. 
3.15.  
Жұмыстардың  барлық  түрін  тіркеу  және  қажетті  құжаттамаларды 
қабылданған  формада    ресімдеу  және  жүргізу,  оқушыларды  психологиялық-
педагогикалық  қолдау  қызметін  тексеру  нәтижелерін    бейнелейтін, 
қабылданған нобай бойынша жылдық аналитикалық-статистикалық есеп беру. 
3.16.   
Өзінің кәсіптік біліктілігін үнемі  арттыру. 
 
4. 
Құқықтары 
 
Педагог-психолгтың    құқығы: 
4.1. 
Білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  жұмысының  бағытын 
анықтау,  жұмыстың  түрі  мен  тәсілін  таңдау,  жұмыстың  әр  түрлі  түрлерін   
өткізудің  кезегі  туралы  мәселені  шешу,  белгілі  бір  кезең  үшін  жұмыстың 
басымдылығы жоғары    бағытын ерекшелеу.   
52 
 

4.2. 
Ведомстводан  тыс  мекемелерге  бекітілген  форма  бойынша  
сауалдар жіберу, қажетті құжаттамалармен танысу. 
Мектеп  атынан  диагностикалық  және түзете  дамыту  бағытында  жұмыс 
істейтін тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік қатынасқа түсу. 
 
4.3. 
Балалардың  сөйлеу  тілдік  дамуларының  деңгейін,  сөйлеу  тіліндегі 
бұзылыстарды  анықтауға байланысты оқушыларды тексеру. 
4.4.   
Оқытудың  тиімді  құралдарын,  формалары  мен  әдістерін  таңдау, 
бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысы  
бойынша  апробацияланған  және  авторлық  авторлық  әдістемелерді   әзірлеу 
және қолдану.   
4.5. 
Қатысу құқығы: 

№  ...  ОБМ-інің  даму  стратегиясын,  білім  беру  бағдарламасын, 
концепциясын  әзірлеуге,  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің 
бағдарламасын әзірлеуге  және жоспарлауға; 

сәйкес  келетін  нормативтік  құжаттарды  (ППҚ  қызметінің  атқарымы, 
құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге; 

Жарғымен белгіленген тәртіпте № ... ОБМ-інің басқаруына;  

логопед   мұғалімдердің    қалалық  және  облыстық  семинарларына, 
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға. 
4.6. 
Өзінің  жұмысын  жинақтай,  тексерілген  ақпараттарды  пайдалана 
отырып, ғылыми және  белгілі ғылыми басылымдарда жариялану. 
4.7. 
Кәсіптік  біліктілігін  арттыру,  өз  еркімен  сәйкес  келетін  біліктілік 
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда  оны 
алу.
 
4.8. 
Қатысу құқығы: 
-  
мектептің    даму  стратегиясын,  білім  беру  бағдарламасын, 
концепциясын  әзірлеу,  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің 
бағдарламасын әзірлеу  және жоспарлау; 
-  
жергілікті  нормативтік құжаттарды) әзірлеу; 
-  
педагог-психологтардың    қалалық  және  облыстық  семинарларына, 
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысу. 
4.9. 
Өзінің  жұмысын  жинақтай,  тексерілген  ақпараттарды  пайдалана 
отырып, ғылыми және  белгілі ғылыми басылымдарда жариялану. 
4.10. 
Кәсіптік  біліктілігін  арттыру,  өз  еркімен  сәйкес  келетін  біліктілік 
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда  оны 
алу.
 
 
5. 
Жауапкершілігі 
 
Педагог-психолог мына жұмыстарға жауапты болады:  
5.1. 
Педагог-психолог  ҚР  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  
мекетептің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп директоры 
мен  ППҚ  жетекшісінің  заңды  өкімдерін  және  басқа  да  лауазымдылық 
нұсқаулықта бекітілген  нормативтік актілерді, лауазымдылық міндеттемелерді  
53 
 

дәлелді  себепсіз  орындамағаны  немесе  дұрыс  орындамағаны  үшін  тәртіптік, 
материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 
5.2. 
Педагог-психолог  заңнамада  бекітілген  тәртіпте  балалардың  өмірі, 
денсаулығы  және  психологиялық  жұмыс  түрін  жүргізген  кезде  олардың 
құқықтары мен еріктерің  бұзылғандықтары үшін жауапты болады, сондай-ақ: 

құпия  ақпараттарды таратпауға; 

психологиялық  диагноздың  дұрыстығына,  пайдаланылатын 
диагностикалық  және  түзету  тәсілдерінің  сәйкестілігіне,  психологиялық 
ұсынымдардың негізділігіне; 

баланы  тексеру  кезінде  (өзінің  құзыретінің  аясында)  негізделмеген 
тұжырымдама  жасау,  оның  салдарынан  баланың  дене  және  психикалық 
денсаулығының  нашарлауы  және  әрбір  баламен  жүргізілетін  түзету  жұмысы   
нәтижесінің төмендеуі үшін; 

тексеру хаттамаларын және құпия ақпаратты құжаттарды сақтау, оларды 
белгіленген тәртіпте ресімдеу.   
 
Педагог-психолгтың құжаттамасы 
1.
 
Жылдық жұмыс жоспары. 
2.
 
Әрекеттің циклограммасы. 
3.
 
Оқушыны психологиялық тексеру хаттамасы, тұжырымдама, ұсыным.  
4.
 
Оқушылардың психикалық дамуының жеке картасы.   
5.
 
Оқушыны  консилиумға жіберу ұсынымы.     
6.
 
Балалармен  шағын  топтық  және  жекеше  сабақтардың  болжалдық  және 
сабақ жоспары.   
7.
 
Психодиагностикалық әдістемелердің тізімі мен қоры.   
8.
 
Психологиялық  тренингілер,  дамыту  және  түзету  жұмыстарының 
бағдарламалары.   
9.
 
 
Оқушылардың сабаққа келуін есепке алу журналы.  
10.
 
 
Жүргізілген жұмысты есепке алу журналы. 
11.
 
 
Аналитикалық жылдық есеп. 
12.
 
 
Психолог кабинеттің паспорты. 
Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________  қолы, дата 
 
 
Жалпы білім беру мектебінің  әлеуметтік педагогына лауазымдық 
нұсқаулық 
 
2.
 
Жалпы ережелер 
 
1.1. 
Осы  лауазымдық нұсқаулық  ҚР «Білім туралы» заңына,  ҚР Еңбек 
кодексіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  жалпы  орта  және 
қосымша  білім  беру  жүйесінің  педагог  қызметкерлерінің  лауазымдарының 
54 
 

үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына  (ҚР  БҒМ  2009  жылғы  шілдедегі 
қосымшалармен  және  өзгерістермен  №338  бұйрығы),  Даму  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ  2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 
бұйрығы) сәйкес әзірленген. 
1.2. 
Әлеуметтік  педагог  қызметке    мектеп  директорының  бұйрығымен 
тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.   
1.3.   
Әлеуметтік  педагог    Психологиялық-педагогикалық  қолдау  
қызметінің  аясында  (ары  қарай  ППҚ)  тікелей  инклюзивтік  білім  беруді 
үйлестірушіге немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 
1.4. 
Әлеуметтік  педагог    Психологиялық-педагогикалық  қолдау 
қызметінің  қызметкері  болып  табылады  және  онда  пәнаралық  негізде  жұмыс 
істейді.  
1.5. 
Әлеуметтік  педагог  қызметіне  «Әлеуметтік  педагогика»   
мамандығыбойынша  жоғары  педагогикалық  білімі  бар  немесе  мамандығы 
бойынша қайта даярлықтан өткен маман тағайындалады.   
1.6.  
Әлеуметтік педагог    өз қызметінде  мына құжаттарды басшылыққа 
алады:    
-  
Баланың құқығы  туралы концепция; 

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 

ҚР  «Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;   
-  
ҚР  «Білім туралы заңы»; ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру 
мәселелері бойынша заңнамасы; 

мектептің жарғысы;  
-  
мектептің   жергілікті нормативтік актілері; 
-   
мектептің    ішкі  еңбек  тәртібінің  ережелері;    мектеп  директорының 
бұйрықтары мен өкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулық; 

еңбек шарты. 
1.7.    
Әлеуметтік педагог   төмендегі мәселелерді білуі керек:  

ҚР Конституциясын; 

ҚР  «Білім  туралы»,  «Неке  және  отбасы  туралы»  заңдарын,«Кемтар 
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
туралы» заңын;«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы»  заңын 
және  білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін; 

жеке тұлғаның дамуының негізгі заңдылықтарын; 

педагогика,  психология,  жас  ерекшелігі  физиологиясы,  мектептік 
гигиена негіздерін; 

педагогикалық  этиканы,  жеке  тұлғаны  және  оның  микро  ортасын  
диагностикалау әдістемесі мен технологиясын; 
55 
 


жанұямен,  тұрғындардың  әр  түрлі  топтарымен  және  санаттарымен, 
жүргізілетін  әлеуметтік  жұмыстың  түрлері  мен  әдістерін;  білім  беру  және 
педагогикалық  ғылымның негізгі бағыттары мен  даму  болашақтарын; еңбек 
туралы заңнама негіздерін; 

әлеуметтік-педагогикалық  жұмыстарды  талдау  және  бағдарламалау 
дағдыларын; 

балаларға әлеуметтік қолдаудың әр түрлі түрлерін көрсетудің заманауи 
әдіс-тәсілдерін; 

әлеуметтік педагогика мен практикадағы жаңа жетістіктерді. 
1.8. 
Әлеуметтік  педагогтың  жалақысы   оның  білімі  мен  біліктілік 
деңгейіне сәйкес есептеледі. 
1.9. 
Әлеуметтік  педагог  мектеп  директорының   бекіткен  36,    сағаттық 
жұмыс  аптасынан  құрылатын  қалыпты  жұмыс  күні  түзімінде  кесте  бойынша 
жұмыс істейді. 
2. 
Қызметтері 
 
Әлеуметтік педагогқа төмендегі қызметтер жүктеледі: 
2.1.
 
 
Оқушыларды табысты әлеуметтендіруге (бейімделмеу құбылысының 
алдын алу) көмектесетін, әлеуметтік білімді, икемділікті, дағдыларды, тұлғаның 
әлеуметтік  маңызды  қасиеттерін  қалыптастыруға  бағытталған  шаралар 
кешенін жүзеге асыру. 
2.2.
 
Тәрбиеленушілерге  әлеуметтік  көмек  шараларын  жүзеге  асыру, 
олардың  БҰҰ  баланың  құқығы  туралы  конвенциясына  сәйкес  толық  құнды 
даму мен білім алуға деген құқықтарын  қорғау. 
2.3.
 
 
Оқушылардың әлеуметтік  дамуындағы бұзылыстарды анықтау және 
оларға  нақты  өмірлік  жағдайда  дер  кезінде  әлеуметтік  көмек  көрсету 
мақсатында апробацияланған әдістемелерді практикада пайдалану. 
2.4.
 
Мемлекеттік  басқару  органдарымен,қоғамдық  ұйымдармен,  оқу 
орындарымен,  әлеуметтік  қорғау  органдарымен,  сонымен  бірге  оқушылардың 
мүдделерін білдіру, қорғау  қажет болатын басқа да құрылымдармен серіктестік 
орнату. 
2.5.
 
 
Оқушылардың  әлеуметтік  қорғау  мәселелері  бойынша  ата-аналарға 
(олардың орнындағы тұлғаларға), педагогтар мен мамандарға сабағаттық көмек 
көрсету. 
 
3. 
Лауазымдық міндеттері 
 
Әлеуметтік педагогтың міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік  әрекетін  өзінің  құзыреттілігінің  аясында  жүргізу,  ППҚ 
қызметінің 
жұмысын 
жоспарлауға, 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық коонсилиум, білім беру  ұйымдарының  профилактика кеңесінің 
жұмыстарына қатысу. 
56 
 

3.2. 
Оқушыларға  психологиялық  жайлы  және  қауіпсіз  жағдай  тудыруға 
көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын 
сақтаумен қамтамасыз ету. 
3.3.   
Оқушылардың әлеуметтік даму  және  олардың  жақын әлеуметтік 
ортасының  мәселелерін зерттеу; оларды  жеңу үшін дер кезінде көмек көрсету.  
3.4. 
Оқушыларды  тексеру,  тексеру  нәтижелері  бойынша  тұжырымдама 
жасау,  олардың  негізінде  –  оқушының  әлеуметтік-тұлғалық  дамуындағы 
анықталған  мәселелерді  жеңу  бойынша  мамандарға,  педагогтарға  және  ата-
аналарға арналған ұсынымдар әзірлеу. 
3.5. 
Әлеуметтік-пеадгогикалық  жұмыстың  міндеттері,  түрі,  тәсілдері, 
жеке тұлғалық және әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілдері, әлеуметтік қорғау 
және  әлеуметтік  көмек  көрсету  шараларын  қабылдау,  оқушылардың  құқығы 
мен  еркіндігін  жүзеге  асыру,  оқушыларды  қоғамда  ары  қарай  да  әлеуметтік 
бейімдеумен қамтамасыз ету. 
3.6.  
Заманауи білім беру және оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу  
жобаларын жүзеге асыруда мектептің болашақтағы мүмкіндіктерін талдау.   
3.7. 
Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеу  жобалары  мен     бағдарламаларын 
ресурстық қамсыздандыру; 

оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеу  бойынша  педагогтардың  және  ата-
аналардың   кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 

әлеуметтік бейімдеу бойынша мәселелері бар  балалар туралы ақпаратты  
жинау және  қорландыру; 

оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бағдарламасын жүзеге 
асыруды бақылау жүйесін;   
-  
оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеу    саласынлда    қабылданған 
шешімдерді орындау. 
3.10. 
Әзірлеу және пайдалану: 

оқушыларды  әлеуметтік  бейімдеудің  жобалары  мен  бағдарламаларына 
қатысатын құрылымдарға арналған нормативтік құжаттарды;  

оқушыларды әлеуметтік дамыту проблемалары жоюға және алдын алуға 
бағытталған  бағдарламаларды  (апробацияланған  және  авторлық),  сабақтар 
циклын; 

әлеуметтік  даму  мәселелері  бар  балалармен  жұмыс  бойынша   
педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар. 
3.11. 
Мектеп  және  жанұя  жағдайындағы  оқушылардың  әлеуметтік 
тұлғалық  даму  ерекшеліктері  және  міндеттері    бойынша  педагогтармен, 
мамандармен, ата-аналармен сабағаттық  жұмыс жүргізу. 
3.12. 
Қатысу: 

әдістемелік  бірлестіктер  мен  әдістемелік  жұмыстың  басқа  түрінің 
әрекеттеріне; 

Педагогтар  кеңесіне,  ППҚ  қызметінің,  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; 
57 
 


ата  аналар  үшін  өткізілетін  шараларға  (жиналыстар,  семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 
3.13. 
Оқушылардың  әлеуметтік дамуы бойынша дамуын   тексеруге және  
дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 
3.14.   
Қажетті  құжаттамаларды,  аналитикалық-статистикалық  есепті 
қабылданған  формада  ресімдеу  және  жүргізу,  оқушыларды,  педагогтар  мен 
ата-аналарды  тексеру  мен  психологиялық  қолдау  нәтижелерін  білдіретін 
белгіленген схемедағы жылдық есепті құрастыру.   
3.15. 
Өзінің  кәсіптік  жұмысын  жүзеге  асырғанда  Жарғыны    орындау,   
еңбекті  қорғау  ережелері  мен  нормасын  сақтау,  қауіпсіздік  техникасын, 
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі 
ережелерін орындау. 
3.16. 
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 
 
Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет