Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. 
Қызметтері 
 
Дефектолог мұғалімге   төмендегі қызметтер жүктеледі: 
2.1. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  зерделік  және  сенсорлық 
дамуындағы  ауытқушылықтардың  алдын  алуға,  өтеуге  және  түзетуге 
бағытталған түзете дамыту үдерісіне қатысу. 
40 
 

2.2. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  зерделік  және  сенсорлық 
дамуының  деңгейін,  әр  түрлі  генезді  ерекше  бұзылыстар  мен  кемшіліктердің 
құрылымын анықтау  үшін оларды тереңдете тексеру. 
2.3. 
Органикалық  мүмкіндіктері  бар  оқушылармен  жұмыста  сенсорлық, 
зерделік,  сөйлеу  тілдің  дамуындағы  ауытқушылықтарды  жеңу  мен  бұзылған 
атқарымды  өтеу  бойынша  апробацияланған  түзете  дамыту  әдістемелерін 
практикалық пайдалану. 
2.4. 
Балалардың дамуындағы ауытқушылықтар, оқушылардағы  зерделік, 
сенсорлық бұзылыстарды саралай диагностикалау және мүмкіндіктері шектеулі 
оқушыларға  көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері  мәселелері бойынша ата-аналарға 
(олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және 
кеңес беру. 
 
3. 
Лауазымдық міндеттері 
 
 
Дефектолог мұғалімнің   міндеттері: 
 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу 
 
3.2. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларға  психологиялық  жайлы  және 
қауіпсіз  жағдай  тудыруға  көмектесу.  Түзете  білім  беру  үдерісінде 
оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету. 
 
3.3. 
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы 
ауытқушылықтарының  құрылымы  мен  байқалу  айқындығын  анықтау,  тексеру 
нәтижелері  бойынша  тұжырымдама  жасау  және  оларды  рұқсат  етілетін 
көлемде  ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде 
және оларды жеңуде  бағдарлау мақсатында) жеткізу. 
 
3.4. 
Түзету  жұмысының  міндеттерін,  формасын,  тәсілдерін  анықтау, 
бастапқы  зерделік  немесе  сенсорлық  бұзылыстардың  салдарынан  туындауы 
мүмкін  туынды  бұзылыстардың  алдын  алу,  оқушылардың  дамуындағы 
жүйкелік-психикалық  ауытқушылықтарды  жеңу,  зерделік  және  сенсорлық 
бұзылыстарды  барынша  түзетуге  бағытталған  жеке  даму  бағдарламасы 
аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу. 
 
3.5. 
Балаларды  ПМПК-ке,  психологиялық,  медициналық  орталықтарға 
(қажет болған жағдайда) жіберу. 
 
3.6. 
Сабақ  өткізу  үшін  мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды 
психофизикалық,  сенсорлық  және  зерделік  жағдайын,  олардың  жас  шамасын 
есепке ала отырып,  топтарды жинақтау. 
 
3.7. 
№  ...  ОБМ-інде  жүргізілетін  қолдау  үдерісі  мен  түзете  білім  беру 
үдерісінің  барлық  субъектілерінің  (әкімшілік,  педагогтар  ұжымы,  ата-аналар) 
және оқушылардың арасында делдал болу. 
 
3.8. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардыңзамануи  білім  беру 
кеңістігінде бейімделу жобаларын  жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің 
болжалдық мүмкіндіктерін талдау. 
3.9. 
Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 
41 
 


мүмкіндіктері  шектеулі  балалармен  түзете  дамыту  жұмысының  жеке 
бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру; 

педагогтардың  арнайы  педагогика  және  психология  саласындағы 
кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 

мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ата-аналарын  түзету жұмысының 
үдерісі, мазмұны мен табыстылығы туралы хабардар ету; 

оқуда  қиындықтары  бар  балалар  туралы  ақпаратты  жинау  және  
қорландыру; 

оқушылармен  түзете  дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламасын  жүзеге 
асыруды мониторигілеу жүйесі; 

мектеп  практикасындағы  инклюзивтік  білім  беру  саласындағы 
қабылданған шешімдерді орындау. 
3.10. 
Әзірлеу және пайдалану: 

оқушылардың  даму  бұзылыстарын  жеңуге  бағытталған  түзете  дамыту 
жұмысының апробацияланған және авторлық бағдарламасын, сабақтар циклын; 

мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды  кешенді  түрде  тексеру  мен 
қолдаудың жеке бағдарламаларын; 

мектеп  және  жанұя  жағдайындағы  мүмкіндіктері  шектеулі 
оқушылармен  жұмыс  бойынша  педагогтарға,  мамандарға  және  ата-аналарға 
арналған ұсынымдар. 
3.11. 
№  ...  ОБМ-інің  және  жанұялық  тәрбиелеу  жағдайындағы 
мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  бұзылыстарын  жеңу  бойынша  түзету 
жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы  хабарлау мақсатында білім 
беру  үдерісіне  қатысушылармен  (педагогтар  мен  ата-аналар)  кеңес  беру 
жұмсын жүргізу. 
3.12. 
Қатысу: 

әдістемелік  бірлестіктер  мен  әдістемелік  жұмыстың  басқа  түрінің 
әрекеттеріне; 

тәжірибелік-эксперименталдық әрекеттерге; 

Педагогтар  кеңесіне,  ППҚ  қызметінің,  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; 

ата  аналар  үшін  өткізілетін  шараларға  (жиналыстар,  семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 
3.13. 
Балаларды  тексеруге  және  түзете  дамыту  жұмыстарын  жүргізуге 
арналған көрнекі құралдар мен материалдар. 
3.14.   
Қажетті  құжаттамаларды,  аналитикалық-статистикалық  есепті 
(тексеру  мен  жүргізілген  түзету  сабақтарының  нәтижелерін  бейнелейтін, 
берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада  ресімдеу және 
жүргізу,  ПМПк  үшін  балаларды  тексеру  және  түзету  жұмысы  нәтижелері 
бойынша тұжырымдама жасау.   
3.15. 
Өзінің  кәсіптік  жұмысын  орындағанда  №  ...  ОБМ-інің  жарғысын, 
еңбекті  қорғау  ережелері  мен  нормасын  сақтау,  қауіпсіздік  техникасын, 
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі 
ережелерін орындау. 
42 
 

3.16. 
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 
4. 
Құқықтары 
 
Дефектолог мұғалімнің  құқығы: 
4.1. 
№  ...  ОБМ-інің  әкімшілігінен  өзінің  лауазымдық  міндеттері  мен 
құқықтарын  орындауға,  кәсіпптік  міндеттерін  табысты  орындауға  қажетті 
жағдай туғызуды;    
№  ...  ОБМ-інің  директорынан  өзінің  құзыреттілігіне 
кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету. 
4.2. 
Оқушылардың    зерделік және сенсорлық дамуларының деңгейін,  
аталған  бұзылыстардың  ерекшеліктерін  анықтауға  байланысты  оқушыларды 
тексеру. 
4.3.   
Оқытудың  тиімді  құралдарын,  формалары  мен  әдістерін  таңдау, 
бағдарламаға  өзгерістер  ендіру,  балалармен  жүргізілетін  түзете  дамыту 
жұмысы  бойынша  апробацияланған  және  авторлық  авторлық  әдістемелерді   
әзірлеу және қолдану. 
4.5. 
Қатысу құқығы: 

№  ...  ОБМ-інің  даму  стратегиясын,  білім  беру  бағдарламасын, 
концепциясын  әзірлеуге,  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің 
бағдарламасын және жоспарлауға; 

сәйкес  келетін  нормативтік  құжаттарды  (ППҚ  қызметінің 
атқарымы,  құзыреттілігі,  міндеттері,  жауапкершілігі  туралы  ережелер) 
әзірлеуге; 

дефектолог педагогтардың қалалық және облыстық семинарларына, 
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға. 
4.6. 
Өзінің  жұмысын  жинақтай,  тексерілген  ақпараттарды  пайдалана 
отырып, ғылыми және белгіліғылыми басылымдарда жариялану. 
4.7. 
Кәсіптік  біліктілігін  арттыру,  өз  еркімен  сәйкес  келетін  біліктілік 
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда  оны 
алу. 
 
5. 
Жауапкершілігі 
 
5.1. 
Дефектолог мұғалім мына жұмыстарға жауапты болады:  

тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және 
өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық 
ережелерді сақтауға; 

баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін; 

түзете  білім  беру  үдерісін  жүргізу  кезінде  баланың  өмірі  мен 
денсаулығы үшін; 

құжаматтама жүргізу және оны сақтау; 

тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын 
сақтау; 

баланы  тексеру  кезінде  (өзінің  құзыретінің  аясында)  негізделмеген 
тұжырымдама  жасау,  оның  салдарынан  баланың  дене  және  психикалық 
43 
 

денсаулығының  нашарлауы  және  әрбір  баламен  жүргізілетін  түзету  жұмысы   
нәтижесінің төмендеуі үшін; 

оқу  жоспарына  және оқу  үдерісінің кестесіне  сәйкес  түзете  білім беру 
бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін. 
 
Құжаттама 
1. 
Оқу жылының  болжалды жұмыс жоспары 
2.     
Жұмыс уақытының циклограммасы. 
3.   
Дефектолог  мұғалімнің  әрбір  баланы  тексеру  хаттамасы  мен 
тұжырымдамасы. 
4.  
МШ  оқушыларды  Психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке 
бағдарламаларының көшірмелері. 
5. 
Балалардың түзету сабақтарына қатысуын есепке алу журналы. 
6. 
Оқушылармен  жеке-дара  және  топтық  сабақтардың  күнделікті  
жоспары.  
7.    
Жеке-дара және топтық сабақтардың болжалды жоспары. 
8.  
Түзете дамыту жұмысының бағдарламалары мен әдістері, оның ішінде 
жұмыстың диагностикалық, ағарту, кеңес беру және басқа да түрлері; 
9.     
Балалардың жеке дәптерлері. 
10.   
Ата-аналармен жұмыс жоспары. 
11.   
Жыл бойғы істелген жұмыс туралы есеп. 
12.   
Логопедиялық кабинеттің паспорты. 
 
Нұсқаулықпен таныстырылды _______________________  қолы, дата 
 
 
№ ... жалпы білім беру мектебінің логопед мұғаліміне лауазымдық 
нұсқаулық 
 
1.
 
Жалпы ережелер 
 
1.1. 
Осы  лауазымдық нұсқаулық  ҚР «Білім туралы» заңына,  ҚР Еңбек 
кодексіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  жалпы  орта  және 
қосымша  білім  беру  жүйесінің  педагог  қызметкерлерінің  лауазымдарының 
үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына  (ҚР  БҒМ  2009  жылғы  шілдедегі 
қосымшалармен  және  өзгерістермен  №338  бұйрығы),  Даму  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ  2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 
бұйрығы) сәйкес әзірленген. 
1.2. 
Логопед  мұғалім    қызметке  №  ...  ОБМ-інің  басшысының 
бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.   
1.3. 
Логопед  мұғалім  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  
аясында  (ары  қарай  ППҚ)  тікелей  инклюзивтік  білім  беруді  үйлестірушіге 
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 
44 
 

1.4. 
Логопед  мұғалім  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің 
қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді.  
1.5. 
Логопед  мұғалім  қызметіне  «Дефектология»   мамандығының 
«Логопедия»  бөлімі    бойынша  жоғары  педагогикалық  білімі  бар  маман 
тағайындалады.   
1.6. 
Логопед  мұғалім    өз  қызметінде  мына  құжаттарды  басшылыққа 
алады:    
-  
Баланың құқығы  туралы концепция; 

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 

ҚР  «Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;   
-  
ҚР  «Білім туралы заңы»; ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру 
мәселелері бойынша заңнамасы; 

№ ... ОБМ-інің  жарғысы;  

№ ... ОБМ-інің  жергілікті нормативтік актілері; 

№  ...  ОБМ-інің  ішкі  еңбек  тәртібінің  ережелері;  №  ...  ОБМ-інің   
басшылығының бұйрықтары мен үкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулық; 

еңбек шарты. 
1.7.     
Логопед  мұғалім  төмендегі мәселелерді білуі керек:  

ҚР Конституциясын; 

БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын; 

«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы»  заңын; 

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау туралы»заңын; 
-  
Қазақстан  Республикасының    арнайы  және  инклюзивтік  білім  беру 
мәселелері бойынша заңнаманы; 

№  ...  ОБМ-інің  білім  беру  үдерісін  ұйымдастрыуды  реттейтін  жарғы 
мен жергілікті актілерді; 

кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік 
және әдістемелік құжаттар; 

арнайы педагогика мен арнайы психологияны; 

дефектология  мен  логопедияның    анатомиялық-физиологиялық 
клиникалық негіздерін; 

дамуында   мәселелері бар балаларға  әр түрлі түзету көмегін көрсету 
бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді; 

баланың    сөйлеу  тілдік  және  жүйкелік-психикалық  дамуындағы 
ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін; 
-   
сөйлеу  тілі     дамуында  ауытқушылықтары  бар  балалармен  жұмыс 
бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті; 

логопедиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді. 
45 
 

1.8. 
Логопед мұғалімнің   жалақысы   оның білімі мен біліктілік деңгейіне 
сәйкес есептеледі. 
1.9. 
Логопед  мұғалім    №  ...  ОБМ-інің   басшысының  бекіткен  18 
сағаттық  жұмыс  аптасынан  құрылатын  қалыпты  жұмыс  күні  түзімінде  кесте 
бойынша жұмыс істейді.
 
 
2. 
Қызметтері 
 
Логопед мұғалімге   төмендегі қызметтер жүктеледі: 
2.1. 
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың   сөйлеу тілі және  психикалық  
дамуындағы  ауытқушылықтардың  алдын  алуға,  өтеуге  және  түзетуге 
бағытталған түзете дамыту үдерісіне қатысу. 
2.2. 
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің  даму деңгейін, әр 
түрлі  генезді  сөйлеу  тілдік    бұзылыстар  мен  кемшіліктердің  құрылымын 
анықтау  үшін оларды тереңдете тексеру. 
2.3.    
Оқушылармен    сөйлеу  тілдік    дамуындағы  ауытқушылықтарды 
жеңу  мен бұзылған атқарымды өтеу  бойынша апробацияланған түзете дамыту 
әдістемелерін практикалық пайдалану. 
2.4. 
Балалардың    сөйлеу  тіліндегі  бұзылыстардың  алдын  алу  және  жеңу 
мақсатында   ата-аналарға (олардың орындағы тұлғаларға), педагогтарға және 
мамандарға  әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру. 
 
3. 
Лауазымдық міндеттері 
 
 
Логопед мұғалімнің   міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу. 
3.2. 
Оқушыларға  психологиялық  жайлы  және  қауіпсіз  жағдай  тудыруға 
көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын 
сақтаумен қамтамасыз ету. 
3.3.   
Оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының 
құрылымы  мен  байқалу  айқындығын  анықтау,  логопедиялық  тексеру 
нәтижелері  бойынша  тұжырымдама  жасау  және  оларды  рұқсат  етілетін 
көлемде  ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде 
және оларды жеңуде  бағдарлау мақсатында)  жеткізу. 
3.4. 
Түзету  жұмысының  міндеттерін,  формасын,  тәсілдерін  анықтау, 
бастапқы сөйлеу тілдік бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды 
бұзылыстардың  алдын  алу,  оқушылардың  дамуындағы  жүйкелік-психикалық 
ауытқушылықтарды  жеңу,  сөйлеу  тілдік  бұзылыстарды  барынша  түзетуге 
бағытталған  жеке  даму  бағдарламасы  аясындағы  түзете  дамыту  жұмысын 
жүргізу; оқушылардың  ары қарай  қоғамда бейімделуін қамтамасыз ету. 
3.5. 
Балаларды  ПМПК-ке,  психологиялық,  медициналық  орталықтарға 
(қажет болған жағдайда) жіберу. 
3.6. 
Сабақ  өткізу  үшін   оқушыларды  психофизикалық,  және    сөйлеу 
тілдік  жағдайын есепке ала отырып,  топтастыру.   
46 
 

3.7. 
№  ...  ОБМ-інде  жүргізілетін  қолдау  үдерісі  мен  түзете  білім  беру 
үдерісінің  барлық  субъектілерінің  (әкімшілік,  педагогтар  ұжымы,  ата-аналар) 
және оқушылардың арасында делдал болу. 
3.8. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  замануи  білім  беру 
кеңістігінде бейімделу жобаларын  жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің 
болжалдық мүмкіндіктерін талдау. 
3.9. 
Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

түзете  дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламаларын  ресурстық 
қамсыздандыру; 

түзету  жұмысын  ұйымдастыру  барасында  педагогтардың  және  ата-
аналардың   кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 

сөйлеу тілдік бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты  жинау және  
қорландыру; 

№ ... ОБМ-інің түзету жұмысы бойынша жобалар мен бағдарламаларды 
табысты жүзеге асыру үшін қажетті ішкі байланыс жүйесін;  

оқушылармен  түзете  дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламасын  жүзеге 
асыруды мониторигілеу жүйесі; 
-  
түзете дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау; 

оқушыларды ары қарай мектептік және әлеуметтік бейімдеу жұмысын. 
3.10. 
Әзірлеу және пайдалану: 

оқушылардың түзетуге болатын сөйлеу тілінің айтылу, фонематикалық 
үдерістерінің  және  лексикалық-грамматикалық  бұзылыстарын  жоюға 
бағытталған  түзете  дамыту  жұмысының  (апробацияланған  және  авторлық) 
бағдарламасын, сабақтар циклын; 

мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды  кешенді  түрде  тексеру  мен 
қолдаудың жеке бағдарламаларын; 

мектеп  және  жанұя  жағдайындағы  сөйлеу  тілдік  бұзылыстары  бар  
оқушылармен  жұмыс  бойынша  педагогтарға,  мамандарға  және  ата-аналарға 
арналған ұсынымдар. 
3.11. 
№  ...  ОБМ-інің  және  жанұялық  тәрбиелеу  жағдайындағы  
оқушылардың  сөйлеу  тіліндегі  бұзылыстарды    жеңу  бойынша  түзету 
жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы  хабарлау мақсатында білім 
беру  үдерісіне  қатысушылармен  (педагогтар  мен  ата-аналар)  кеңес  беру 
жұмсын жүргізу. 
3.12. 
Қатысу: 

Қолдау 
қызметін, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консилиум  жұмысын жоспарлауға; 

әдістемелік  бірлестіктер  мен  әдістемелік  жұмыстың  басқа  түрінің 
әрекеттеріне; 

Педагогтар  кеңесіне,  ППҚ  қызметінің,  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; 

ата  аналар  үшін  өткізілетін  шараларға  (жиналыстар,  семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 
47 
 

3.13. 
Оқушылардың   сөйлеу  тілінің  құрылымдық  компоненттерін  
тексеруге  және  логопедиялық  түзете  дамыту  жұмыстарын  жүргізуге  арналған 
көрнекі құралдар мен материалдар. 
3.14.   
Қажетті  құжаттамаларды,  аналитикалық-статистикалық  есепті 
(тексеру  мен  жүргізілген  түзету  сабақтарының  нәтижелерін  бейнелейтін, 
берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада  ресімдеу және 
жүргізу,  ПМПк  үшін  балаларды  логопедиялық  тексеру  және  түзету  жұмысы 
нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау.   
3.15. 
Өзінің  кәсіптік  жұмысын  орындағанда  №  ...  ОБМ-інің  жарғысын, 
еңбекті  қорғау  ережелері  мен  нормасын  сақтау,  қауіпсіздік  техникасын, 
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі 
ережелерін орындау. 
3.16. 
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 
4. 
Құқықтары 
 
Логопед мұғалімнің  құқығы: 
4.1. 
№  ...  ОБМ-інің  әкімшілігінен  өзінің  лауазымдық  міндеттері  мен 
құқықтарын  орындауға,  кәсіпптік  міндеттерін  табысты  орындауға  қажетті 
жағдай туғызуды;    
№  ...  ОБМ-інің  директорынан  өзінің  құзыреттілігіне 
кіретін мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды талап ету. 
4.2. 
Мектеп  атынан  диагностикалық  және  түзете  дамыту  бағытында 
жұмыс істейтін тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік қатынасқа түсу. 
 
4.3. 
Балалардың  сөйлеу  тілдік  дамуларының  деңгейін,  сөйлеу  тіліндегі 
бұзылыстарды  анықтауға байланысты оқушыларды тексеру. 
4.4.   
Оқытудың  тиімді  құралдарын,  формалары  мен  әдістерін  таңдау, 
бағдарламаға өзгерістер ендіру, балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысы  
бойынша  апробацияланған  және  авторлық      әдістемелерді   әзірлеу  және 
қолдану.   
4.5. 
Қатысу құқығы: 

№  ...  ОБМ-інің  даму  стратегиясын,  білім  беру  бағдарламасын, 
концепциясын  әзірлеуге,  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің 
бағдарламасын әзірлеуге  және жоспарлауға; 

сәйкес  келетін  нормативтік  құжаттарды  (ППҚ  қызметінің  атқарымы, 
құзыреттілігі, міндеттері, жауапкершілігі туралы ережелер) әзірлеуге; 

Жарғымен белгіленген тәртіпте № ... ОБМ-інің басқаруына;  

логопед   мұғалімдердің    қалалық  және  облыстық  семинарларына, 
жиналыстарға, ғылыми-әдістемелік конференциялардың жұмысына қатысуға. 
4.6. 
Өзінің  жұмысын  жинақтай,  тексерілген  ақпараттарды  пайдалана 
отырып, ғылыми және  белгілі ғылыми басылымдарда жариялану. 
4.7. 
Кәсіптік  біліктілігін  арттыру,  өз  еркімен  сәйкес  келетін  біліктілік 
санатқа аттестациядан өтуге және аттестациядан табысты өткен жағдайда  оны 
алу.
 
 
 
 
48 
 

5. 
Жауапкершілігі 
 
5.1. 
Логопед мұғалім мына жұмыстарға жауапты болады:  

тәрбиелеу-оқыту үдерісінде еңбек тәртібін, өнеркәсіптік санитария және 
өрттен сақтану ережелерін, еңбекті қорғау ережелерін, санитарлық-гигиеналық 
ережелерді сақтауға; 

баланың құқығы мен еркіндігінің бұзылғандығы үшін; 

түзете  білім  беру  үдерісін  жүргізу  кезінде  баланың  өмірі  мен 
денсаулығы үшін; 

өзінің  лауазымдық  міндеттерін  дұрыс  орындамағаны  немесе 
орындамағанына  байланысты  мектепке  зиян  келтіруіне;  логопедиялық 
кабинетте  болған,  материалдық  жауапты  тұлғаның  қолхатымен  берілген, 
материалдық құндылық пен мүліктің сақталуына; 

құжаттаманы  жүргізу және оны сақтау; 

тексеру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің құпиялылығын 
сақтау; 

баланы  тексеру  кезінде  (өзінің  құзыретінің  аясында)  негізделмеген 
тұжырымдама  жасау,  оның  салдарынан  баланың  дене  және  психикалық 
денсаулығының  нашарлауы  және  әрбір  баламен  жүргізілетін  түзету  жұмысы   
нәтижесінің төмендеуі үшін; 

оқу  жоспарына  және оқу  үдерісінің кестесіне  сәйкес  түзете  білім беру 
бағдарламасын толық көлемде жүзеге асырылмағаны үшін. 
 
Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет