Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 
Ақыл-ойы  дамымаған    оқушыларды  мектепте  оқытудың  барлық  кезеңі 
арнайы  көрнекілік-дидактикалық  құралдар  мен  оқыту  тәсілдерін  пайдалана 
отырып,  ерекше оқу жоспары, бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүзеге 
асырылады.  Оқуды  бітірген  оқушылар    оқытудың  берілген  түріне  арналып 
бекітілген үлгідегі (2007 жылдың 28 желтоқсанындағы ҚР  Үкіметінің №1310 
Қаулысы) оқу туралы куәлік алады. 
 
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқу үдерісінде қолдау 
бір-бірімен  логикалық  байланыста  тұрған,  бірізділік  кезеңдерге  сәйкес 
ұйымдастырылады. 
Қызмет  мамандарының  баланы    психологиялық-педагогикалық  зерттеуі  
қолдаудың    бірінші  кезеңі  болып  табылады.  ПМПК  тұжырымдамасы  бар 
оқушылар,  мектепке  алғашқы  келген  оқушылар,  сондай-ақ    мектепте 
үлгермеушілік  қауіпіне  байланысты  мұғалімдерді  алаңдататын  оқушылар 
тексеріледі.  Соңғы  жағдайда    мұғалімдер  қолдау  қызметіне    мамандардың 
кеңесінің  қажеттілігі  туралы  сауал  жібереді.  Бұндай  сауал  жазбаша  түрде  (В 
қосымшасы) орындалады. 
Балаларды  педагогикалық  зерттеу    диагостикалық  және  жекеше  түрдегі 
арнайы  тапсырмалар      беріле  отырып,  тікелей  сабақ  барысында  жүргізіледі. 
Мұғалім  оқушылардың  серіктестікке  дайындығына,  құрдастарымен  және 
ересектермен қатынас орната білуіне, сабақ оқуға қызығушылығының болуына 
назар  аударады.    Сабақ  барысында  қоршаған  әлем  туралы  білім  мен 
түсініктерінің  көлемі,    санау  операцияларын  меңгеруі,  дыбыстық-әріптік 
талдауы,  кеңістіктік-мезгілдік    түсініктерінің  көлемі  анықталады.  Мұғалім  
оқушының өзінің әрекеттерін  реттеу және басқару икемділігіне,  тұжырымдай,   
пайымдай  білетініне назар аударады.  
Логопедиялық  зерттеу    логопедтің  сабаққа  қатысуынан  және    сөйлеу 
тілінде  бұзылыстары  бар  оқушыларды  анықтаудан  басталады.  Осыдан  кейін  
зерттеу барысында фонематикалық есту қабілеті, сөйлеу тілін түсіну, дыбысты 
айту  жағдайы,  сөздік  қоры,  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылысының 
қалыптасқандығы  зерттелетін  тереңдетілген  жеке-дара  тексеру  жұмысы 
жүргізіледі.  
Психологиялық  зерттеу  мұғалімде  алаңдатушылық  сезімдерін  шақырған 
оқушыларды тексеруден басталады. Бұл оқушының оқу материалын түсінудегі 
қиындықтарына,  оқу  материалын  тез  ұмытып  қалатынына,  алаңдаушылықтың 
жоғары  болуына,  жұмысқа  қабілетінің  төмен  болуына,  сыныптастарымен 
қатынастағы  қиындықтарға,  тәртіп  бұзушылдыққа  және  т.б.  қатысты  болуы 
мүмкін.  Оқушыны    арнайы  ұйымдастырылған  тексеруден  басқа,  психолог 
баланы сабақ әрекеті жағдайында бақылау үшін сабаққа қатысады.  Бақылауды 
тіркеу үшін             Г қосымшасында үлгі ретінде  берілген дайын хаттаманы 
пайдалануға болады. 
13 
 

Сонымен бірге  әрбір нақты жағдайда  түзету жұмысын құру кезінде тірек 
етіп алуға болатындай бала дамуының жағымды жағын көру өте маңызды.  
Қарастырылған  кезең  баланы  зерттеу  нәтижесі  бойынша  мамандардың  
жеке тұжырымда жасауымен аяқталады. 
Оқушыны  тексеруді  жүргізгеннен  кейін  мамандар  алынған  нәтижелерді 
коллегиалды  талқылайды.  Бұл  талқылауды    қолдау  мамандары  қызметінің 
екінші кезеңі ретінде қарастыруға болады. 
Осындай  тексеру  нәтижесін  бірге  талқылау      оқушыны  басқа 
мамандардың  көзімен  көруге  ғана  емес,  сондай-ақ  баланың  мәселелері,  оның 
даму  ерекшеліктері  туралы  бірыңғай  жан-жақты  түсініктерді  алуға,  оқушыға 
оқуда  табысты  болуына  көмектесетін  педагогикалық  шаралар  кешенін 
анықтауға мүмкіндік береді.  Бұл коллегиалды жұмыстың қорытынды бөлігіне  
оқушының  білім  алудағы  жеке  қажеттілігіне  сәйкес  психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің бағдарламасының мазмұнын анықтау, сондай-ақ 
оның дамуына қажетті  түзету және дамыту бағдарламаларын анықтау жатады. 
Бұл жерде  мамандардың бір-бірімен ары қарайғы өзара әрекеттенуін үйлестіру 
мен  келісу  талаптары    талқыланады.  Қажет  болған  жағдайда    оқушымен 
жұмысқа әр түрлі мамандардың қосылу тәртібі анықталады. 
 
Қолдау  мамандары    қызметінің  пәнаралық  қағидасы  оқушының 
қажеттілігіне  жалпы ұғынуды қалыптастыруды қарастырады. Бұл өз кезегінде  
коллегиалды талқылауды  жүргізудің  қажетті  технолгиясын, яғни  пәнаралық 
өзара  әрекеттену  технолгиясын    талап  етеді.  Бұл  жағдайда  негізгі  «жүктеме» 
оқушының  мәселесін  талқылауды  жүргізу  атқарымын  өзіне  алған  маманға 
түседі.  Жетекші  маманның  маңызды  міндетіне    оқушыға    арнайы 
педагогикалық  көмектің  қажеттілігі  туралы  мамандар  мен  педагогтардың  
өзінің пікірі туралы айтылымдарының  бірізділігін анықтау мен реттеу жатады.  
Коллегиалды талқылаудың қорытынды шешімінде  мамандардың балаға қойған 
қандай да болмасын бірде-бір диагнозының болмауы маңызды.  Талқылаудың 
қорытындысына педагогикалық    қолдаудың  мазмұнына  қатысты  құрылымдық 
ұсынымдар  болуға  тиісті.  Сонымен  бірге,  жеке  түзете  дамыту  сабағының  
болжалды ұзақтығы, сабақтар циклының жалпы ұзақтығы анықталуға міндетті.  
Арнайы  педагогикалық  қолдаудың  мазмұны    психологиялық-педагогикалық  
қолдаудың жеке бағдарламасында бейнеленеді.  
Келесі,  үшінші  кезеңде    қолдау  арнайы  психологиялық-педагогикалық, 
баламен  маманның  түзете  дамыту  жұмысы,  оқу  үдерісіндеоқушыға  мұғалім, 
қосымша  білім  беру  педагогтары  мен  ата-аналарының  көмектесуі    болып 
табылады. 
Бұл  кезеңдегі    психолг  қызметінің  негізгі  бағыттары:    жайлы  яғни  
оқушының  мүмкіндігіне  сәйкес  оқытуды  ұйымдастыруға  көмек;  мұғалімнің 
психологиялық қолдауы; баланың әлеуметтік, эмоциялық және жеке тұлғалық 
дамуына  бағытталған  жеке-дара  жұмыс;  жанұямен  жұмыс  және  оның 
мамандармен  өзара  әрекеттенуін  үйлестіру;  оқушының  сыныптастарымен 
жұмыс.  Психолог  баланың  әлеуметтік  мәртебесін    арттыруға  көмексететін 
топтық психологиялық  түзету  жұмысының  әр  түрлі  технологиясын  пайдалана 
14 
 

отырып,    мүмкіндігі  шектеулі  баланы    құрдастарының    қабылдауына 
бағытталған  жұмысты  ұйымдастырады.      Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  өзі 
қосылатын    бұндай  топтық    жұмыс    оның  құрдастарының  арасындағы   
әлеуметтік  бейімделу  мәселелерін  шешуге  көмектесуге  міндетті.  Психолог 
балаға  балалармен  және  ересектермен  қырым-қатынасты,  өзара  әрекеттенудің 
әдіс-тәсілдерін  қалыптастыруға,  сондай-ақ  өзара  әрекеттену  шегін  түсінуге 
көмектеседі. 
Психолог  баланың  әрекетінің  сипатын:  оның  қарқынын,  жұмысқа 
қабілеттілігін,  өнімділігін,  белсенді  зейін  деңгейін  бағалай  отырып,  педагог 
үшін оқу жүктемесін,  оқу материалының көлемінмөлшерлеу туралы, баланың 
жұмысқа  қабілеттілігін  есепке  ала  отырып,    оқу  материалын  ұсыну  қарқыны 
туралы және  сыныптағы жаппай  жұмыс кезіндегі баланың  өзіндік    қарқынын 
есепке  алу  қажеттілігі  туралы      ұсынымдар  әзірлейді.  Мүмкіндігі  шектеулі 
оқушының    психикалық  қызметін    ұйымдастыру  ерекшелігін  бағалау  оны 
оқытуға арналған  сайма сай  ұйымдастырылған жағдайды тудыруға мүмкіндік 
береді:  сынып  бөлмесіндегі  тиімді  жұмыс  орны,  сыртқы  тіректерді 
ұйымдастыру,    жекеше  тәсілдемені  пайдалана  отырып,  оқу  материалын  беру 
мен бекітудің арнайы тактикасын таңдау. 
Педагог  дефектолгтың    қызметінің  негізгі  мазмұнына  оқу  әрекеттін 
мөлшерлеу; оқу білімін, икемділігі мен дағдыларын меңгерудегі қиындықтарды 
жеңу жатады. Есту қабілеті  бұзылған оқушылармен жұмыста  арнайы педагог  
өзінің  күшін  есту  арқылы    қабылдауға,  сөйлеу  тілін    және  коммуникативтік 
атқарымды  дамытуға  бағыттайды.  Көру    қабілеті  бұзылған      оқушылар    көру 
арқылы  қабылдауды,  кеңістікте  бағдарлауды,  әлеуметтік-тұрмыстық 
бағдарлауды  дамытуға    мұқтаж  болады.    Тірек-қимыл    аппаратында 
бұзылыстары  бар  оқушылармен  жұмыс  мазмұнына    танымдық  әрекетті, 
кеңістікте  бағдарлауды,  көру  қимылдық  тепе-теңдік  пен  қимылды  дамыту, 
коммуникативтік    атқарымдардың    қалыптасуы    жатады.  Аутистік   
бұзылыстары  бар  оқушылар    тәртіпті  ұйымдастыру,  қатынастың 
коммуникативтік атқарымын дамыту, сенсорлық және сенсомоторлық дамыту, 
танымдық қызметті, кеңістікте бағдарлауды дамыту бойынша  арнайы жұмысқа  
мұқтаж болады.  
Логопед мұғалімнің қызметінің негізгі міндеттері   оқушылардың ауызекі 
және  жазба  сөйлеу  тіліндегі  кемшіліктерді  жеңу,  жазу  мен  оқу  үдерісіне 
қатысатын  жоғары  психикалық  атқарымдарды  дамыту,  коммуникативтік  
дағдыларды қалыптастыру  болып табылады. 
Мамандар    педагогикалық  қолдау  алатын  оқушының  жеке  кестесіне 
сәйкес  күннің  екінші  жартысында  оқушылармен      арнайы  жабдықталған 
кабинетте жеке-дара және топтық сабақтарды өткізеді.  
Мұғалім білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыны сүйемелдеу (қолду) 
бағдарламасын  жүзеге  асыратын  орталық    бейне    болып  табылады.  Сонымен 
бірге  педагогтың  балаға,  оқушының  оқу  әрекетінің  нәтижесінедеген 
көзқарасының, педагогтың оқыту үдересін дараландыра білуінің, мамандардың 
(психолгтың,  логопедтің,  дефектологтың)  ұсыныстарын  ұстануының,  балада 
15 
 

өзіне  деген  сенімділікті  қалыптастыра  білуінің    маңызыүлкен  болады.  
Мұғалімнің    білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар  оқушыны  бағаламай 
қабылдауы,  өзгеріске, кәсіптік ізденіске дайындығы, мамандар командасында 
жұмыс істеу дайындығы, педагогикалық оптимизм міндетті түрде  мұғалімнің 
кәсіптік   қасиеттеріне айналуға  тиісті.  
Жұмыстың  түзете дамыту кезеңінің аяқталуы  оқушыны оқу барысында 
динамикалық  бақылау  нәтижелерінталдау    және  қорытынды  тексеру, 
оқушының  жетістігін  зерттеу  болып  табылады.    Қолдау  мамандары  мен 
мұғалімнің  оқушыларды  динамикалық  бақылау  нәтижесін  талдау    тиісті 
құжатқа тіркеледі (Д қосымшасы). 
Сонымен,  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыны 
психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  ұжымдық  келісілген  әрекеттердің 
келесі кезеңдерін қамтиды: 
-
 
педагогикалық сауалды бағалау және оны талдау; 
-
 
оқушының  дамуын  мамандар  командасының  (логопедпен,  педагог 
дефектологпен, дәрігермен, әлеуметтік педагогпен) зерттеуі және бағалауы; 
-
 
оқушыны  сүйемелдеудің  жеке  бағдарламасын  құру  (сүйемелдеу 
мамандарын  анықтау,  олардың  жұмысының  мазмұны,  сондай-ақ  мұғалімдер 
мен ата-аналар жағынан көрсетілетін көмек) және оны жүзеге асыру уақыты; 
-
 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке бағдарламасын жүзеге 
асыру, оқушыны бақылау, қажет болған жағдайда оның мазмұнын түзету; 
-
 
оқушымен  жұмыс  нәтижелерін  коллегиалды  талқылау,  оқушылардың 
оқудағы жетістіктерін зерттеу; 
-
 
оқушыны ары қарай да қолдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
16 
 

Қорытынды  
 
Инклюзивтік  білім  беру  практикасының  қалыптаса  бастауы  мектепті 
дамыту  бағдарламасын,  оның  жарғысын  өзгертуді,  жаңа  стратегиялық 
міндеттерді  шешуге  әкімшіліктің  дайындығын  талап  етеді.  Ондай  болмаған   
жағдайда  жаңадан пайда болған жеке  жағдайлар оқшауланған түрде болады. 
Олардың  одақтастары,  жалғастырушалары  болмайды,  яғни  олардың 
жетістіктері    педагогикалық  кеңестер  мен  әдістемелік  бірлестіктерде  кеңінен 
талқыланатын  тақырып  болып  табылмайды.  Педагогтардың    бала  туралы, 
сынып  туралы  диагностикалық  ақпараттардың  қолданысы  мен  философиясын 
толық  түсінбегеніктерінен  ол  ақпараттар    педагогикалық  ұжым  үшін 
сұранымсыз    болады.  Педагогтардың    білім  беру  үдерісінің    тұлғалық-
бағдарлық  және  түзете  дамыту  технологияларын  меңгеруге  қажетті  уәждері 
болмайды. Сондықтан ұйымдық мәселелерді шешу жалпы білім беру үдерісіне 
қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды сүймелдеу қызметінің маңызды 
құрамды  бөлігі  болып  табылады.  Оған  мектепте  «кедергісіз»  білім  беру 
кеңістігін  ұйымдастыру  бойынша    бірізділік  қадамдарын  анықтайтын  
жергілікті  нормативтік  актілерді  әзірлеу,  бірыңғай  стратегияда  әрекеттенетін  
пәнаралық  мамандар  командасын  қалыптастыру,  әрбір  маманның  атқарымын, 
олардың өзара әрекеттену тәсілдерін анықтау жатады.  
Басқару  шешімдерін  қабылдауға  жауапты  тұлғалар  төменде 
берілгендердің    басқарудың  тиімді  емес  екендігін  білдіретінін  естерінде 
сақтауға тиісті: 
-
 
басқарудың реактивті  түрінің басым болуы; 
-
 
психологтың,  логопедтің,  дефектолгтың  және  т.б.  мамандардың  
атқарымдық бағынушылдығының  анық болмағанына байланысты басқарудың 
бір тұтас үлгісінің  болмауы; 
-
 
жағдайды  талдаудың  жүйелілігі  мен  кешенділігінің  болмауы,  оған  
ақпараттың жетіспеушілігі немесе тым артық болуы себеп болуы мүмкін; 
-
 
мектеп ішілік бақылауда  шоғырлану түрінің басым болуы; 
-
 
құндылығы бірыңғай команданың болмауы. 
Аталған факторлар  жалпы білім беру үдерісіне қосылған  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  тиімділігін 
төмендетеді, ал бұл балалардың сапалы білім алу    құқығын бұзады. 
 
Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  мектептің  білім  беру  үдерісіне  қосу 
үшін  мектепте  құрылған  ұйымдық  негіздер  мен  талаптардың  барабар 
көрсеткіштері: 

білім беру  үдерісіне қатысушылардың  қарым-қатынасындағы жоғары 
педагогикалық  мәдениет  (шиеленістің,  өзара  наразылықтың,  кемсітушіліктің, 
балалар қоғамының жіктелуінің болмауы), 

оқушылар мен ата-аналардың білім беру үдерісіне қанағаттанулары; 

оқушылардың ауруының төменгі деңгейі. 
 
 
17 
 

Глоссарий 
 
Білім алуда ерекше 
қажеттіліктері бар балалар 
арнайы 
психологиялық-педагогикалық 
көмекке  және    тәрбиелеу  және  оқыту  кезінде  
ерекше  жағдайларды  ұйымдастыруға  мұқтаж 
балалар  
Мүмкіндіктері шектеулі 
балалар (МШБ) 
дене  бітімі  және  (немесе)  психикалық  даму 
кемшіліктері бар, туа біткен, тұқым қуалайтын, 
жүре  пайда      болған  аурулардың  немесе 
жарақаттардың  салдарынан  өмір  тіршілігінің 
шектеулілігі    бекітілген  тәртіпте  анықталған 
балалар 
Психологиялық-
педагогикалық  қолдау 
әрбір 
баланы 
оның 
мүмкіндігі 
мен 
қажеттілігіне  сәйкес    табысты  оқыту  мен 
дамыту 
үшін    мамандардың 
жүйелі 
ұйымдасқан,  біртұтас  әрекеттерін  білдіретін  
білім  беру-тәрбиелеу  үдерісінде  құрылатын 
әлеуметтік-психологиялық 
және 
педагогикалық  жағдай    балаға  көмек 
көрсетудің  (немесе  қолдаудың)  ерекше  түрі 
болып табылады 
Білім алуға арналған 
арнайы талаптар 
арнайы  білім  беру    оқу  бағдарламалары  және 
оқытудың  арнайы  әдістері,  техникалық  және 
басқа да құралдар, өмір сүру ортасы, сондай-ақ 
медициналық,  әлеуметтік  және  мүмкіндіктері 
шектеулі  тұлғалардың  оларсыз    жалпы  білім 
беру  және  кәсіптік  білім  беру    оқу 
бағдарламаларын 
меңгерулері 
мүмкін 
болмайтын  басқа  да  қызметтерді  қамтитын 
білім алуға арналған талаптар 
ППСҚ 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
қызметі 
МЖБС 
білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандарты 
ПМПК 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
кеңес 
 
 
 
 
 
18 
 

Пайдаланылған және ұсынылған әдебеиеттер тізімі   
1. 
ҚР «Білім туралы заңы» 2007 жыл 27 шілдедегі  № 319-III. 
2.    Семаго  Н.Я.  Опыт  системного  развития  инклюзивного  образования  в 
Центральном  округе  Инклюзивное  образование.    1  шығарылым.  Мәскеу, 
«Школьная книга» орталығы, 2010. 
3. 
Жалпы  білім  беру  ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта) 
қызметінің үлгілік қағидалары. ҚР  Үкіметінің2013 жылғы 17 мамырдағы 
№ 499 қаулысымен бекітілген.   
4. 
Методические 
рекомендации 
по 
организацииинтегрированного 
(инклюзивного)  образования  детей  с  ограниченными  возможностями  в 
развитии. (ҚР БжҒМ 2009  жылы 16 наурыздағы № 4-02-4/450 хаты.) 
5. 
Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  психологиялық-педагогикалық 
қолдауды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар.  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 бұйрығы. 
6. 
Щербо И.Н. Управление системой коррекционно-развивающего образования 
в школе.   «Директор школы». Журналының  кітапханасы/ М.: 2003. Қыркүйек.-
160-
б. 
7. 
Ямбург  Е.А.,  Забрамная  С.Д.  Управление  службой  сопровождения  детей  в 
условиях образовательной организации. Практикалық-бағдарлық  монография. 
Мәскеу.: Бослен – 2013. 
8. 
Амрина  Б.Б.,  Елисеева  И.Г.,  Жанғазиева  Т.А.,  Чумакова  О.Ф. 
Организационные  основы  и  формы  включения  школьников  с  ограниченными 
возможностями  в  общеобразовательный  процесс.  Әдістемелік  ұсынымдар.  -
Алматы: ТП ҰҒПО, 2014 ж. 
9. 
Инструктивно-методическое  письмо  по  определению  детей  после 
кохлеарной  имплантации  в  общеобразовательные  (инклюзивные)  и 
специальные  (коррекционные)  организации  образования.  ҚР  БжҒМ  2009 
жылы 2 шілдедегі  № 4-02-4/1228 хаты. 
10. 
Методические  рекомендации  по  определению  детей  с  аутизмом  в 
организации  образования.  ҚР  БжҒМ  2010    жылғы  28  мамырдағы      №  4-02-
4/1435 
хаты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19 
 

А қосымшасы 
 
Жергілікті нормативтік актілер 
 
1.
 
Мектепте  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  құрылғаны 
туралы бұйрық. 
2.
 
№  ОБМ-індегі психологиялық-педагогикалық қызмет туралы ережелер. 
3.
 
 
№  ОБМ-індегі  психологиялық-педагогикалық  қолдау  жұмысының   
оқу жылына  арналған жоспар үлгісі. 
4.
 
Білім  беру    ұйымы  мен  МШ  оқушының  ата-анасының    арасындағы 
келісім шарт. 
 
Мектептік психологиялық-педагогикалық  қызметті құру туралы 
Бұйрық 
 
 
Инклюзивтік 
практика 
жағдайындағы 
мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  қамтамасыз  етудің  
жүйелік және кешендік тәсілдемелерін қалыптастыру мақсатында 
БҰЙЫРАМЫН: 
1.
 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметіні төмендегі құрамда құру: 
__________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________
________________________________________________________________ 
  
2. 
... оқу жылына  Мектептік қызметтің құрамын  бекіту. 
3. 
Мектептік  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  басшылығына 
...................... тағайындау.   
4. Мектептік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің басшысына: 

ППҚ қызметінің жұмыс жоспарын әзірлеу; 

жалпы  білім  беру  үдерісіндегі  мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды  қолдау 
үдерісін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. 

осы бұйрықтың орындалуын бақылау. 
 
Мектеп директоры: 
 
 
 
 
 
 
 
 
20 
 

№ ... ОБМ-індегі психологиялық-педагогикалық 
 
қолдау қызметі туралы ережелер 
 
1. 
Жалпы ережелер 
1.1.
Осы ережелер № ... ОБМ-індегі психологиялық-педагогикалық 
 
қолдау қызметінің (ары қарай қолдау қызметі) жұмысын реттейді. 
1.2.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметі  оқу-тәрбиелеу 
үдерісінің барлық қатысушыларына көрсетілетін  көмек пен қолдаудың ерекше 
түрі  болып  табылады.    Ол  әрбір  баланы      мүмкіндіктері  мен  қажеттілігіне  
сәйкес  табысты оқыту мен дамытуға арналған әдеуметтік-психологиялық және 
педагогикалық    жағдайларды  құратын  мамандардың    бір  тұтас,  жүйелі  түрде 
ұйымдастырылған әрекетін білдіреді. 
1.3. 
Қолдау қызмет әрекеті: 
1) мектепке  бейімделмеу және оқуда қиындықтары бар балалардың қатер 
тобын дер кезінде анықтауға; 
2) оқушылардың дамудағы ауытқушылықтарын (анықталған сәттен бастап) 
жеңуге арналған психологиялық-педагогикалық көмекті ерте көрсетуге; 
3) оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды білім беру үдеріс 
жағдайындағы    балалар  мен  жасөспірімдерді  тиімді  дамытумен, 
әлеуметтендіру,  денсаулықтарын  сақтау  және  нығайтумен,  құқықтарын 
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында  жүзеге асыруға; 
4) балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағымды жағдайларды  құруды 
есепке  ала  отырып,    білім  беру  ұйымының  дамыту  бағдарламасын  әзірлеуге 
және жүзеге асыруға көмектесуге; 
5)  педагогтардың,  тәрбиеленушілердің,  ата-аналардың    психологиялық-
педагогикалық құзыреттілігін (психологиялық мәдениеттілікті) артыруға; 
6)  оқушыларды    оқыту  мен  тәрбиелеу,  түзете  дамыту  жұмысының 
нәтижелерін  мониторингілеуді  (психологиялық  мониторинг)  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік береді. 
1.4.  Мектептік  құрылымның  бір  бөлімі  болып  табылатын  психологиялық-
педагогикалық  қолдау  қызметінің  әр  түрлі  білім  беру  деңгейлеріндежүзеге 
асыратын  міндеттері: 
1) мектепке дейінгі білім беру – № ... ОБМ-індегі шағын орталыққа келуші 
балалардың 
мектепке 
дайындығын 
қамтамасыз 
ету, 
дамуындағы 
ауытқушылықтарды ерте диагностикалау және түзету; 
2)  бастауыш  мектеп  –    мектепте  оқуға  дайындығын  анықтау,  мектепке 
бейімделуін  қамтамасыз  ету,  оқушылардың  оқу  әрекетіне  деген 
қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу уәждерін дамыту, дербестік пен 
өзін реттеу қабілетін дамыту, «оқи білу» және қалауын қалыптастыруда қолдау, 
әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін және әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала 
отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
3) 
негізгі  мектеп  –  оқушының  негізгі  мектепке  көшуде  қолдау,  оқытудың 
жаңа  талаптарына  бейімделу,  жеке  тұлғалық  және  құндылықты-мағыналық 
өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту  міндеттерін шешуде қолдау, жеке тұлғалық 
21 
 

мәселелері  мен  әлеуметтендіру  мәселелерін  шешуде,  өмірлік  дағдыларын 
қалыптасыруда  көмектесу,  неврозды  алдын  ала  емдеуде,  ата-анасымен  және 
құрдастарымен құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу; 
4) 
орта мектеп – оқушыға   бейінді бағдарлауда және  кәсіптік  тұрғыда өзін-
өзі   анықтауда, экзистенциалдық  мәселелерді  (өзін-өзі  тану,  өмірдің  мәнін 
іздеу,  жеке    бірдейлікке  жету)  шешуде  қолдау,  уақытша  келешекті,  мақсатты 
тұжырымдау қабілетін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті дамыту. 
1.5. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі қағидалары: 
1)    баланың  қандай  да  бір  даму  мәселесін  шешуде  кешенді,  пәнаралық 
тәсілдеме; 
2)   білім беру үдерісіндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі; 
3)    қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру; 
4) қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау 
(болжау); 
5)        мүмкіндіктергі  шектеулі  балаларды  психологиялық-педагогикалық 
қолдау  бойынша  шараларға  ата-аналарды,  педагогикалық  және  балалар 
ұжымын белсенді қатыстыру. 
 
Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет