Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/14
Дата25.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ  ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК, 
ОРТАША МЕРЗІМДІК ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕЗІМДІК НЕГІЗДЕ 
ОҚУШЫЛАРҒА  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚОЛДАУ 
КӨРСЕТУ 
 
Әдістемелік ұсынымдар 
 
 
 
 
ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ И ОКАЗАНИЕ 
ПОДДЕРЖКИ УЧАЩИМСЯ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 
ПОТРЕБНОСТЯМИ В ШКОЛАХ НА КРАТКОСРОЧНОЙ, 
СРЕДНЕСРОЧНОЙ И ДОЛГОСРОЧНОЙ ОСНОВЕ 
 
Методические рекомендации 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  
 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылған (2015 жылғы ___________ №___  хаттамасы) 
 
 
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол №  ___  от ____ 2015 года)  
 
 
 
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай  қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік 
және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы, 2015. – 80 б. 
 
Психолого-педагогическое  сопровождение  и  оказание  поддержки 
учащимся  с  особыми  образовательными  потребностями  в  школах  на 
краткосрочной,  среднесрочной  и  долгосрочной  основе.  Методические 
рекомендации.- Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015.- 82 с. 
 
 
 
Әдістемелік  ұсынымда  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар 
оқушыларды    психологиялық-педагогикалық    қолдаудың    негізгі  қағидалары, 
ұйымдық  негізі  және  мазмұны  берілген.  Қосымшада      қолдау  қызметінің 
мамандарының құжаттарының  үлгісінің жобалары ұсынылған. Ұсыным жалпы 
білім  беру    мектептерінің  басшыларына,  мамандарға  (логопедтерге,  арнайы 
педагогтерге,  психологтарға,  әлеуметтік  педагогтарға  және  т.б.)  және 
педагогтарға арналған. 
 
 
В  методических  рекомендациях  изложены  основные  принципы, 
организационные 
основы 
и 
содержание 
психолого-педагогического 
сопровождения  школьников  с  особыми  образовательными  потребностями.  В 
приложениях  приведены  примерные  образцы    документации  специалистов 
службы  сопровождения.  Рекомендации  предназначены  руководителям, 
специалистам  (логопедам,  специальным  педагогам,  психологам,  социальным 
педагогам и др.) и педагогам общеобразовательных школ. 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015  
© 
Национальная академия образования 
им. И. Алтынсарина, 2015  

 

Мазмұны 
 
 
 
Кіріспе   
 


Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды 
психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың 
міндеттері, 
қағидалары   
 
 
 


Жалпы  білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі 
оқушыларды психологиялық-педагогикалық    қолдау    қызметін 
ұйымдастыру  
 
 
 


Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды 
педагогикалық қолдаудың түрлері мен кезеңдері, мамандардың 
қызметінің мазмұны  
 
  
 
10 
 
Қорытынды  
 
17 
 
Глоссарий 
 
18 
 
Пайдаланылған және ұсынылған әдебеиеттер тізімі   
 
19 
 
А Қосымшасы. Жергілікті нормативтік актілер  
 
20 
 
Б Қосымшасы. Психологиялық-педагогикалық қолдау 
қызметінің мамандарының лауазымдық  нұсқаулықтары   
 
 
34 
 
В Қосымшасы. Педагогтың психологиялық-педагогикалық 
 
қолдау қызметіне сұрау салу бланкісі   
 
 
 
68 
 
Г Қосымшасы. Оқушыны оқу  үдерісінде және оқудан тыс 
 
әрекеттерде   бақылау хаттамасы  
 
 
69 
 
Д Қосымшасы. Оқушының психологиялық-педагогикалық 
картасы   
 
 
77 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе 
 
 
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне 
әрбір  балаға  сапалы    білімге  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. Балалардың сапалы білім  алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР 
«Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдармен бекітілген. 
 
Әрбір  баланы    сапалы  біліммен  қамтамасыз  ету  ісінде    мектептік  
популяцияда  әлеуметтік  мәдени    факторлар  немесе\және  балалардың 
психофизикалық  даму  ерекшеліктерінің  себебінен      оқуда  қандай  да  бір 
қиындықтарды  сезінетін  оқушылар  кездесетінін  де  есепке  алу  қажет. 
Әсіресеоқудағы  қиындықтар  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларда  жиі  кездеседі.  
Осыған  байланысты    мектептік  ортада  аталған  санаттағы  оқушылардың  білім 
алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы білім беру 
жағдайларын  құру    өзекті  мәселе  болып  отыр.  ҚР  «Білім  туралы»  заңында  
арнайы  білім  беру    шарттарына    кіретіндер:  «мүмкіндіктері  шектеулі 
тұлғалардың жалпы білім беру және  кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын 
меңгерулері  арнайы  тәсілдерсіз,  техникалық  және  басқа  да  құралдарсыз, 
тіршілік  әрекет  ортасынсыз,  сондай-ақ  медициналық,  әлеуметтік    және  т.б. 
қызметтерсіз мүмкін емес» [1].  
 
Арнайы жағдайларды құруда оқушыларды психологиялық-педагогикалық  
қолдау  маңызды  рөл  атқарады.  Психологиялық-педагогикалық    қолдау 
мамандардың  жүйелі  ұйымдасқан,  бір  тұтас  әрекеттерінің  барасында    әрбір 
баланың   білім  беру-тәрбиелеу  үдерісінде  өзінің  мүмкіндігі  мен 
қажеттіліктеріне сәйкес   табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті   әлеуметтік-
психологиялық  және  педагогикалық  жағдайқұрылатын  балаға  көмек  (немесе 
қолдау)  көрсетудің  ерекше  түрі  ретінде  қарастырылады.  Оқудағы    қиындық  
байқалымының  анықтық  деңгейіне    қарай  оқушыны  қолдаудың  түрі  қысқа 
мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді   болуы мүмкін. 
 
Психологиялық-педагогикалық    қолдаудың  нысаны  білім  беру  (оқу-
тәрбиелеу) үдерісі. Психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  мәні – баланың 
әлеммен,  қоршағандармен  (ересектер,  құрдастары),  өзімен-өзілік  қатынастың 
жүйесі  ретіндегі  оның  даму  жағдайы.  Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды 
қолдау  әр  түрлі  мамандардың  (психологтың,  логопедтің,  арнайы  педагогтың, 
әлеуметтік  педагогтың)  өзара  тығыз  әрекетін,  жұмыстың  командалық  түрін 
білдіреді.  
Осы  әдістемелік  ұсынымда  жалпы  білім  беру  үдерісіне  қосылған 
мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушыларды 
психологиялық-педагогикалық  
қолдаудың    міндеттері,  негізгі  қағидалары,  ұйымдық  негіздері  мен  мазмұны 
ашып көрсетілген. 
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында 2012-2015 ж.ж. Қарағанды 
қаласындағы  №27  АБМ-інде  апробациядан  өткен,  білім  алуда  ерекше 
қажеттіліктері  бар  оқушыларды    психологиялық-педагогикалық    қолдаудың  
негізгі қағидалары, ұйымдық негізі және мазмұны пайдаланылды. 
 
 

 

1  
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық   
   
қолдаудың  міндеттері, қағидалары   
 
Психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушылардың  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 
бағытталған  және  арнайы  білім  беру  жүйесінде  әзірленген  және  жүзеге 
асырылған  технология  болып  табылады.  Жалпы  білім  беру  жағдайындағы 
оқушыларды  психологиялық-педагогикалық    қолдау    арнайы  білім  беру 
ұйымдарының тәжірибелерін пайдалану негізінде құрылуға міндетті.  
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері: 
-
 
психологиялық-педагогикалық    қолдауға    қажеттілік  анықтала 
салысымен бірден онымен қамтамасыз ету; 
-
 
қалыпты  дамыған  балаларды  оқытуға  қатысты    қолданылмайтын 
оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану; 
-
 
оқытудың  таңдалған  бағдарламасының  баланың  даму  деңгейіне, 
шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау; 
-
 
балалардың  психосоматикалық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  
кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру; 
-
 
баланықоршаған  барлық  ересектердің  оның  білім  алудағы  ерекше 
қажеттіліктерін шешуге   қатысуы. 
Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып, психологиялық-педагогикалық 
қолдау (педагогикалық қолдау)   бағытталуға тиістілер: 
-
 
баланың  денсаулығын  және  дене  күшін  қолдау:  бала  өмірінің 
денсаулық-сақтау  түзімін  ұйымдастыру,  оларды  жеке    таңдалған  қимылдық 
белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру; 
-
 
балалардың  зерде  дамуын  қолдау:  әрбір  баланың  танымдық 
ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай 
тудыру; 
-
 
баланы  қарым-қатынас  саласында  қолдау:  балаларға  гуманистік  өзара 
әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке 
қабілеттерін  байқатуларын  қолдау,  тәртіп  түрін  саналы  түрде  таңдауына 
көмектесу; 
-
 
баланың  жанұясын  қолдау:  жанұялық  қатынасты  зерттеу,  олардың 
үйлесімді болуына көмек көрсету. 
Педагогикадық  қолдау    ерекше  шығармашылық  ахуалды  құру  мен 
балаларға  жағдайды  таңдауды  ұсынуды  білдіреді.      Бұндай  жағдайлар 
оқушылардан  білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ рефлексия тәжірибесін, 
шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді.  
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың  негізгі қағидалары: 
1)
 
бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық 
тәсілдемелері. 
Кәсіпаралық  серіктестік  баланың  мектепте  және    жанұяда  дамуының, 
мамандар  (психолог,  логопед,  дефектолог,  әлеуметтік  педагог)  мен 

 

мұғалімдердің  іргелес  ғылымның  білімін,  әдістемелерін  меңгерудің    бірыңғай 
стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған. 
2)
 
Білім беру үдеріндегі баланың дамуын  қолдаудың үзіліссіздігі.  
 
Балада  тұлғалық,  танымдық  және  әлеуметтік  мүмкіндікті    арттыру 
міндетін табысты шешу үшін  мектепте оқытудың барлық сатыларында  жүзеге 
асырылатын  мамандар  мен  педагогтардың  командасының  ұзақ  та  күрделі 
жұмысы қажет болады.  
3)
 
Қолдау  үдерісін  ақпараттық-әдістемелік  қамсыздандыру.    Білім  беру 
ұйымнындағы  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  бойынша 
мамандардың  командасының  жұмысын    реттемелеу  үшін    жергілікті  
нормативтік  актілерді  әзірлеу.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  үдерісін 
оқу-әдістемелік қамсыздандыру. 
4)
 
 
Қолдау  әрекетін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық 
жобалау. 
 
Мамандардың  келісілген  әрекеттерін  бекітуге  арналған  мамандардың 
құжаттарының пакетін әзірлеу үшін олардың   бағыты мен мазмұнын алдын ала 
анықтау. 
5)
 
Мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушыларды 
психологиялық-
педагогикалық қолдау бойынша шараларға ата-аналарды, педагогикалық және 
балалар ұжымын белсенді тарту. 
Педагогикалық қолдаудың қажетті жағдайы ретінде тәртіптің толерантты 
мәдениеттілігін қоса отырып, жайлы және кедергісіз ортаны құру.  
Құрамына ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі балалар кіретін білім алуда 
ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  
білім берудің әрбір сатыларында төмендегі міндеттерді шеше отырып, жүзеге 
асырылады: 
бастауыш  мектеп  –  мектепте  оқуға  дайындығын  анықтау,  мектепке 
бейімделуін  қамтамасыз  ету,  оқушылардың  оқу  әрекетіне  деген 
қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу уәждерін дамыту, дербестік пен 
өзін реттеу қабілетін дамыту, «оқи білу» және қалауын қалыптастыруда қолдау, 
әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін және әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала 
отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
негізгі  мектеп  –  оқушының  негізгі  мектепке  көшуде  қолдау,  оқытудың 
жаңа  талаптарына  бейімделу,  жеке  тұлғалық  және  құндылықты-мағыналық 
өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту  міндеттерін шешуде қолдау, жеке тұлғалық 
мәселелері  мен  әлеуметтендіру  мәселелерін  шешуде,  өмірдік  дағдыларын 
қалыптасыруда  көмектесу,  неврозды  алдын  ала  емдеуде,  ата-анасымен  және 
құрдастарымен құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу; 
орта  мектеп  –  оқушыға      бейінді  бағдарлауда  және    кәсіптік    тұрғыда 
өзін-өзі   анықтауда, экзистенциалдық  мәселелерді   (өзін-өзі  тану,  өмірдің 
мәнін  іздеу,  жеке    бірдейлікке  жету)  шешуде  қолдау,  уақытша  келешекті, 
мақсатты  тұжырымдау  қабілетін  дамыту,  психоәлеуметтік  құзыреттілікті 
дамыту. 

 

Қолдаудың   бірізділігін  құру  барынша икемділікті және вариативтілікті, 
баланың  дамуындағы  әрбір  кезеңдегі  оның  психофизиологиялық  жас 
ерекшеліктерін есепке алуды білдіреді. 
Оқытудың әр түрлі сатыларында қолдау қызметінің кейде бір, кейде басқа 
мүшелері басқаларын шетке ығыстырмай,   білім алуда ерекше қажеттіліктері 
бар оқушының  жеке тұлғалық  қалыптасуының осы сатысында өзінің ерекше 
жауапкершілігін  түсіне  отырып,  бірінші  қатарға  шығады.  Сонымен  оқушыны 
оқытудың  бастапқы  сатысында  олардың  оқудағы  қиындықтарының  туындау 
себептерін  анықтауда,    оқушылармен  жеке  және  топтық  сабақтарда      жұмыс 
істей  отырып,  оларды  жою  мәселелері  бойынша  педагогтарға  кеңес  беруде 
дефектолог пен логопедтің рөлі өте үлкен.  
Негізгі мектепке көшкенде негізгі жүктеме күрделі жасөспірімдік кезеңді 
бастан  өткізетін  жасөспірімдердің  жеке  тұлғалық  мәселелерін  шешетін 
психологқа  артылады, әлеуметтік педагогтың да шаруасы көбейе түседі.    Бұл 
сенситивтік  кезеңдегі  жаста        түзете  дамыту  жұмысының  тиімділігімен 
қамтамасыз ететін логопед пен дефектологтың жұмыстары аяқталады. 
Жеке  тұлғалық  мәселелер  басым  болатын  жоғары  мектепте  психолог 
рөлінің маңыздылығы сақталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

2  
Жалпы  білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі     
    
оқушыларды психологиялық-педагогикалық  қолдау қызметі әрекетін  
    
ұйымдастыру 
 
Басым    бөлігін  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  құрайтын  білім  алуда 
ерекше    қажеттіліктері  бар  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  
қолдауды  мамандардың  командасы  мектептің  педагогтық  ұжымымен 
серіктестікте жүзеге асырады.  Мамандар  командасының жұмысын  үйлестіру 
мақсатында   мектепте жалпы білім беру  мектебінің толыққанды құрылымдық 
бөлімі болуға міндетті  психологиялық-педагогикалық  қызметі қолдау (ППҚҚ) 
құрылады.  Бұл  үшін    мектеп  басшысы  қызметтің  құрылғаны  және  оның 
қызметінің  ережелері  туралы  бұйрық  шығарады  (А  қосымшасы). 
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  құрамына      мектеп 
директоры,  оқу-тәрбие  жұмысы  бойынша  директордың  орынбасары,  логопед 
мұғалім,  педагог-психолог,  дефектолог  мұғалім,  әлеуметтік  педагог,  ЕДШ 
нұсқаушысы және т.б. кіреді. 
Жалпы  білім  беру  мектебінің    жұмыс    құрылымына  өзінің  кәсіптік 
әрекетінің  белгілі  бір  алгоритмі  бар  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
қызметін ендіру қажеттілігі мектепті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді талап 
етеді.  Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың    қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  қатысты   мектеп үшін жаңа ақпараттар мен қызметтер пайда 
болады.  Басқару  кадрларына  қолдау  мамандары  мен  педагогтардың  өзара 
әрекеттенуін  реттеу;  олардың    қатар  бағыну  иерархиясын  және  өзара 
әрекеттену  қағидаларын  құру  қажеттілігі;  басқарудың  әрбір  деңгейінде 
ақпараттарды  жинау  және  өңдеу  формасын  анықтау;  балалар  ұжымының 
жіктелуіне  жол  бермейтін  жағдай  тудыру;  пәнаралық  негізде  мұғалімдер  мен 
мамандардың  кәсіптік өсуіне  жағдай  тудыру    мәселелері жүктеледі.  Директор 
мен  директордың  орынбасарының  атқарымдық  міндеттемелеріне  өзгерістер 
енгізіледі.  Директор    оқу-тәрбиелеу  үдерісін  ғана  емес,  сондай-ақ        ол 
психологиялық-педагогикалыққолдау  қызметін  де  біліп,  басқаруға  және    өтіп 
жатқан  үдеріс  туралы  ақпаратты  жинау  және  өңдеу  тәсілдерін  де  меңгеруге 
міндетті. 
Директордың  оқу  жұмысы  бойынша  орынбасары  балаларды  қолдау 
үдерісін  басқаруға,  психологпен,  дефектологпен,  логопедпен  және  т.б. 
мамандармен  өзара  әрекеттенуге,  оқушыны    қолдаудың    жеке  бағдарламасын 
құруға  қатысуға,  балаларды  сүйемелдеу  жүйесін  дамыту  және  жетілдіруге 
бағытталған  әр  түрлі    шараларды,  формаларды,  тәсілдерді  әзірлеу  үшін 
мұғалімдер мен мамандардың уақытша ұжымын ұйымдаструға міндетті. 
Директордың    тәрбие    жұмысы  бойынша  орынбасары  күннің  екінші 
жартысында  сыныптан тыс және демалыс шараларын ұйымдастырған кезде  әр 
түрлі  сыныптардың  (арнайы  және  әдеттегі)  оқушыларын  біріктіруге  қатысты 
жауапкершілікті  өзіне  алуға  міндетті.    Сонымен  бірге  оқушылардың 
мүмкіндіктерінің  бірдей  еместігін  есепке  алып,    балалар  арасындағы 
бәсекелестік жағдайын жайластыруға міндетті. Оқудан тыс  әрекеттерде  оқуда 

 

жоғары нәтижелерді көрсете алмайтын оқушылар үшін   өздерінің қабілеттерін 
барынша  жүзеге  асыра  алуға  мүмкін  болатындай      қажетті  жағдай  тудырылу 
керек. 
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметін  мектеп  қызметінің 
құрылымына  қосу  жағдайында  мектептің  әдеттегі  басқару  органдарының 
(педагогикалық  кеңес,  пән  мұғалімдердің  әдістемелік  бірлестігі)  жұмысын 
өзгерту  қажеттілігі  туады.  Педагогикалық  кеңес  құрамына    мұғалімдерден 
басқа  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің мамандары да кіруге 
міндетті.  Олардың  педагогикалық  кеңес  жұмысына  қатысуы  оқушылардың 
үлгермеушіліктері  мен  тәртіп  бұзуларының  себептерін  талқылауға  мүмкіндік 
тудырады.  Қолдау   мамандары  оқушылардың оқу нәтижелерін педагогикалық 
кеңес  отырысында  талқылай  отырып,  педагогтардың  жұмысына  қатысты 
ұсынымдарды  тұжырымдауға,  ал  әдістемелік  бірлестіктердің  отырысында  
мұғалімдерді  оқытудың  арнайы  әдіс-тәсілдерімен,    оқушыға  сараланған  және 
дараланған тәсілдемені қолдануды жүзеге асыру технологиясымен таныстыруға 
мүмкіндіктері болады. 
Психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
қызметін 
ұйымдастыру  
материалдық, кадрлық және ғылыми-практикалық жағдайлардың болуын талап 
етеді.  Білім  беру  ұйымдарында  мүмкіндіктері  әр  түрлі  балалардың  торлық 
құнды  жеке    бастық  өзін-өзі  танытуына  және  олардың  жалпы  білім  беру  
ұйымдарындағы  бағдарламаларды  толық  құнды  меңгерулеріне  мүмкіндік 
беретін бейімдеуіш ортаны құру қажет. 
Мектепте  мүмкіндіктері  шектеулі    балалардың  оқуына  және  дене 
тұрғысынан    қолжетімділікке  арналған  қажетті  техникалық  жағдай  құрылуға 
міндетті:      қимыл-қозғалыс  бұзылыстары  бар  оқушыларға  арналған  арнайы 
құралдар,  құрылғылар,  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту  үдерісін  
материалдық-техникалық  және  оқу-әдістемелік  жарақтандырудың  ең  төменгі 
нормативтік  талаптарына  сәйкес  заманауи  көмекші  құралдар,    көрнекі 
дидактикалық материалдар. 
Балаларды  психологиялық-педагогикалық    қолдауды    қамтамасыз  ететін 
дефектолог  мұғалімнің,  педагог-психологтың,  логопед  мұғалімнің  және  басқа 
да  мамандардың  кабинеттері  түзете  дамыту  құралдарымен,  оқыту 
құралдарымен  (оның  ішінде  техникалық),  арнайы  оқу-әдістемелік  және 
дидактикалық әдебиеттермен жабдықталуға міндетті. 
Мүмкіндігі шектеулі білім алуда ерекше қажеттілктері бар баланы оқыту 
мазмұнын  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру  ұйымының  кітапханасы    арнайы 
білім  беру  және  түзете  дамыту  бағдарламаларымен,  арнайы  әдістемелік  және 
оқу әдебиетімен жабдықталады. 
Қолдау қызметінің жұмыс істеуі және дамуы үшін  балаларды сүйемелдеу  
тұжырымдамасын  және  кәсіптік  реттелген  өзара  әрекеттенуді  қамтамасыз 
ететін ұймдасқан құрылымды құру қажет болады. Бұндай құрылымға мектептік 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жатады. 
 
 

 

3  
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық  
    
қолдаудың түрлері мен кезеңдері, мамандар  қызметінің мазмұны  
 
Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  оқудағы  жетістігі    қолдаудың  әрбір 
маманының онымен жүргізген  жұмысының тиімділігімен ғана анықталмайды. 
Баланы  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісіне  қатысқан  барлық  ересектердің 
қызметінің  үйлесімділігі;  баланың  мәселесін  түсінудегі  және  оларды 
шешудегіынтымақтастық;  практикадағы  өзара  түсіністік  пен  өзара  әрекеттену 
де өте маңызды болады. 
Жалпы  білім  беру  жағдайындағы  әр  түрлі  бейінді  мамандардың  өзара 
әрекеттену  тәсілдері  қазіргі  кезде    әдістемелік  тұрғыда  толық  қамтамасыз 
етілмеген,  соған  орай  практикада  да  әлсіз  жүзеге  асырылады.  Мамандар    кей 
кезде  бірін-бірі  қайталайды,  кейбір  жағдайда  олардың  әрекеттері    түзете 
дамыту  міндеттеріне  сәйкес  келмейді,  ал  кейбір  жағдайда  қайшы  келеді.Сол 
себепті  жалпы  білім  беру  жағдайындағы  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  идеясын  жүзеге  асыру  мамандардың 
жұмыс  командасын  ұйымдастырмай,  мамандардың  атқарымдары  нормативтік 
тұрғыда    бөлінбей  және  бекітілмей  мүмкін  болмайды  (Б  қосымшасы). 
Командалық тәсілдемені қалыптастырудың  негізгі бір мәселесіне  жалпы білім 
беру  үдерісіндегі  әр  түрлі  бейінді  мамандардың  өзара  әрекеттенуінің 
алгоритмін  әзірлеу  жатады.  Мамандардың  осындай  өзара  әрекеттенуі  
мүмкіндігі шектеулі баланың бірыңғай даму стратегиясын әзірлеу және  жүзеге 
асыруға,  оның  жанұясына,  сондай-ақ    жалпы  білім  беру  ұйымдарының 
педагогтарына  көмек  көрсету  қызметін  ұйымдастыруға  бағытталуы  қажет.  
Команда мүшелерінің өзара әрекеттену ержелері: 
-
 
команданың  барлық  мүшелері  жағынан  өзара  сыйласымдылық,  өзара 
түсіністік, адалдық, өзара көмек көрсетуге дайындықтары; 
-
 
команданың барлық мүшелерінің атқарымдарының айқын бөлінуі және 
олардың  нақты  педагогикалық  міндетті  шешуге  қатысуының  басымдылығын 
сақтау; 
-
 
команданың  барлық  мүшелерінің    түзету  және  оқу-тәрбие    үдерісіне 
қатысуға  тең    құқықтығы,  өзінің  және  ортақ  жұмыс  нәтижелері  үшін 
жауапкершілігі [2]. 
Қолдау қызметінің  негізгі бағыттары: 
-
 
мектепке келген балалардың оқуға дайындығын, қолдауға қажеттілігін  
анықтау мақсатында, оларды кешенді тексеру; 
-
 
дене  бітімінде,  зерде  және  эмоциялық  дамуында  ауытқушылықтары, 
оқуда    және  мектепке  бейімделу    қиындықтары  бар  оқушыларды  дер  кезінде 
анықтау, қажет болған жағдайда оларды кеңес алу үшін ПМПК-ке жіберу; 
-
 
ПМПК-тің тұжырымдамасы (сөйлеу тілі, зейіні, жұмысқа қабілеттілігі 
және  басқа  да  психикалық  атқарымдарда)  бар  оқушылардың  танымдық 
әрекетінің  даму  деңгейі  мен  ерекшелігін  анықтау,  оқудағы      табыстылықпен 
қамтамасыз  ететін    профилактикалық,  түзету  психологиялық-педагогикалық 
10 
 

және әлеуметтік шараларды анықтау үшін олардың эмоциялық ерік  саласы мен 
жеке тұлғалық дамуын зерттеу; 
-
 
мүмкіндігі  шектеулі  баланың  мүмкіндігі  мен  қажеттілігіне  сайма  сай 
жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; жекеше, шағын 
топтық, топтық түзете дамыту жұмысын жүргізу; 
-
 
психологиялық-педагогикалық мониторингіні жүзеге асыру; 
-
 
жалпы  және  арнайы  сынып  жағдайындағы  оқушыларға  жекеше  және 
сараланған тәсілімді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдарды әзірлеу; 
-
 
дене  тұрғысынан,  зерде  және  эмоциялық  күш  түсу  мен  күйзелістің 
алдын алу,  емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастыру; 
-
 
кеңес беруші және ағартушы әрекеттер.  
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес  
ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  қолдаудың  бағыттылығы,  қарқыны 
және  ұзақтығы  анықталады.  Жалпы  білім  беру  мектебі    оқушыға  оның 
қажеттілігіне  сәйкес  қолдау  түрін  ұсынуға  міндетті.    Бұл  қолдау  қысқа 
мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. 
Қысқа мерзімді қолдау  оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, 
логопедпен, психологпен  түзету сабақтарының қысқа мерзімді   кезеңін қажет 
ететін оқушыларға көрсетіледі (жарты жылға дейін). Бұл кезде оқушы әдеттегі 
сыныпта жалпы білім беру бағдарламасы бойынша құрдастарымен бірге оқиды 
және    аптасына  бірнеше  рет  оқушының  дамуының  жеке  ерекшелігін    (сөйлеу 
тілінің  дамуындағы  кемшіліктер,  эмоциялық-тұлғалық  жетілмеуі)  дамыту 
немесе  өтемі  бойынша  мамандармен  өткізетін        жекеше  немесе  топтық 
сабақтарға барады. 
Орташа  мерзімді  қолдау    арнайы  дайындалған  педагогтар  мен 
мамандардың  қарқынды  қолдауын  қажет  ететін  және    дамуындағы 
ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты  қиындықтарға кездесетін оқушылар 
үшін  ұйымдастырылады.  Жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі 
орта және жалпы орта) [3] қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес жалпы білім 
беру  мектептеріндегі  бұндай  оқушылар  үшін    білім  берудің  бастапқы 
деңгейінде арнайы сынып жағдайындағы сараланған оқыту ұйымдастырылады. 
Бұл жағдайда ҚР БҒМ бекіткен арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары,  
оқытудың  арнайы  әдіс-тәсілдері,  техникалық  құралдар  мен  жабдықтар 
пайдаланылады.  Денсаулықты сақтаудың педагогикалық түзімімен қамтамасыз 
етіледі:  ұзартылған  күнді  ұйымдастырумен  бірінші  аусымда  оқиды. 
Оқушылармен    психологиялық-педагогикалық    қолдау  қызметінің  мамандары 
мен  дайындалған  мұғалім  жұмыс  жүргізеді.    Мамандармен  жүргізелетін 
жекеше  түзете  дамыту  сабақтары  күннің  екінші  жартысында  өтеді.  Түзете 
дамыту  сабақтарының  түрлері,  оларды  өткізудің  жиілігі  арнайы  оқу 
жоспарымен анықталады. Оқыту үдерісінде оқушыларға қатыстыжекеше және 
сараланған  тәсілдеме  жүзеге  асырылады.  Оқушыларды  қолдаудың  негізгі 
міндетіне МББС оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгерудегі және   оқудағы   
қиындықтардың  себебін  жою  жатады.        Оқыту  үдерісінде  оқушыларға 
ұсынылатын  талаптардың  олардың  даму  деңгейіне,  әлеуетті  мүмкіндіктеріне 
11 
 

және  оқытудың  өткен  кезеңдеріндегі  оқуда  қол  жеткен  жетістіктеріне  
сәйкестігін  бақылауға  бағытталған  педагогикалық  диагностика  жүзеге 
асырылады.   
Арнайы  сыныптың      даму        динамикасы  жағымды  және  оқу  
бағдарламасын табысты меңгерген,   дамуындағы артта қалушылықты жеңген 
және  оқытудың  кез-келген  кезеңінде  оқу  әрекетінің  қажетті  дағдыларын 
меңгерген  оқушыларын  ПМПК  шешімімен,  оқушылардың  өздерінің  және 
олардың ата-анасының келісімімен әдеттегі сыныпқа көшіруге болады.    
Оқушылардың  даму  мәселелерін    бастапқы  сатыда  жеңу  мүмкін  болса, 
онда  олардың  оқуын  оқытудың  келесі  сатыларында  да  арнайы  сынып 
жағдайында  жалғастыруға  болады.  Бұл  жағдайда  оқушыларды  ұзақ  мерзімді 
қолдау жүзеге асырылады. 
Оқушылардың  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  алу  кезеңінде  пән 
бойынша стандартты оқу бағдарламалары ҚР МББС-ына сәйкес келетін  негізгі  
мазмұнды  сақтай  отырып,  оқушылардың  білімді  меңгеру  ерекшеліктеріне 
сәйкес бейімделеді. Арнайы сынып жағдайындағы балалардың негізгі білім алу 
мерзімі  1  жылға  ұзартылады.  Оқыту    мамандармен  (психологпен, 
дефектологпен, логопедпен) түзете дамыту сабақтары қарастырылатын арнайы 
оқу  жоспарына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Оқушыларды  бағалау    оқу 
үдерісіндегі жүзеге асырылатын бағдарламалар аясында жүреді. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  барлық  сыныптан  тыс  және 
оқудан  тыс  әрекеттері  (үйірмелік,  факультативтік,    тәрбиелік)  әдеттегі  сынып 
оқушыларымен бірге өтеді. 
Мүмкіндігі    шектеулі  баланы  психологиялық-педагогикалық   қолдаумен  
қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары  ата-аналармен жұмысын 
ұйымдастырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты –  мүмкіндігі шектеулі баланы 
оқытудағы  және  тәрбиелеудегі  жанұяның  әлеуетті  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асыру. Баланың жанұясымен  жұмыстың  негізгі  міндеттері: 
-
 
ата-аналарда  өзінің баласына деген  сәйкес  қатынасты,  оны жанұяда 
тәрбиелеудің белсенді позициясын қалыптастыру; 
-
 
ата-аналарға  баламен  өзара  әрекеттену  тәсілдерін,  жанұя  жағдайында 
оны тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін  меңгеруге көмектесу; 
-
 
ата-аналарды    балалармен  жүргізілетін  түзете  дамыту  жұмысына 
белсенді тарту; 
-
 
ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру. 
 
Ата-аналармен жұмыс   жеке әңгімелесу және кеңес беру; ата-аналық 
лекторий; ашық есік күндері, семинарлар және т.б. түрінде жүргізіледі. 
 
Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  ата-аналары  (заңды  өкілдері) 
психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке бағдарламасын  әзірлеу және 
жүзеге  асыру  үдерісіне  тартылады,  сабаққа  және  түзету  сабақтарына 
шақырылады,  түзете  дамыту  және  білім  беру  үдерісінің  нәтижелері  туралы 
шынайы  және толық ақпарат  алады. 
12 
 

 
Арнайы  сыныптарда  оқыған  (ақыл-ойы  дамымаған  балалардан  басқа) 
негізгі  орта  және  жалпы  орта  мектепті  бітірушілер  білім  алу  деңгейіне 
сәйкестілігі туралы куәлік алады. 

Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет