Сұрақтар: Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы



жүктеу 114.31 Kb.
бет5/7
Дата08.02.2022
өлшемі114.31 Kb.
#17080
1   2   3   4   5   6   7
Абайтану 1
Ыдырыс Мұстамбайұлы

С. Мұқанов пен Ілияс Қабыловтың Абай мұрасы туралы пікіріне қарсы пікір талас тудырып айтысқа араласқандардың бірі – Мұстамбайұлы Ыдырыс. Оның Абай мұрасы туралы жазған мақалаларының сол кезеңнің әдеби атмосферасына тән елеулі кемшілгі бола тұрса да, Абай шығармаларын мұра ретінде қабылдау оны зерттеу қажеттігі туралы бірден-бір дұрыс бағыттағы пікір еді.


Ы. Мұстамбайұлы мұра мәселесіне байыпты қарай отырып, ол мұраны тереңірек зерттеу арқылы меңгеруді алға қойды. Осы кезде Абай мұрасын орынсыз ұлтшылдықпен байланыстыратын үстірт пікірлерге қарсы шықты. Ол : «Абайдың өлеңдерінің ішінде жалғыз процент ұлтшылдық не орысқа қарсы пікір жоқ, көп жолдастары Абайдың атын бүркей береді. Бұл – тарихи қиянат. Абайды апарып осы күнгі ұлтшылдарға апарып жанастырады» – деп, Абай мұрасына жасалынып отырған қисынсыз қиянатты, яғни Абай шығармаларының бұрмалануын арнайы атап өтті.
Ы.Мұстамбайұлының айтыс ретінде «Жаңа әдебиет» журналының екі санына қатар жарияланған «Абай» деген көлемді мақаласы – сол дәуірдегі әдеби сындардың ішінен өзінің көлемі мен мәні, көтерген мәселесі жағынан әрі зерттеушілік бағытымен ерекшеленетін еңбек. Мұнда автор бірнеше елеулі пікірлер көтере отырып, көп жағдайда дұрыс шешімге келген.
Абайдың әдеби мұрасы қазіргі дәуірде қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі орын алатын мұра ретінде қабылдануға тиісті деп қарап, бұл мұраның орыс классиктерімен арақатынасына алғаш рет кең тұрғыда нақтылы талдау жасаған. Абайдың аудармашылық өнерін жоғары бағалап, орыс әдебиетінің Абайға өткен орасан зор әсерін зерттей отырып, Абай шығармаларының басты қасиеті – оның реализмінде деп көрсетті. Абай реализмі, зерттеушінің пікірінше, орыс әдебиетінен творчестволық үйренудің жемісі. Осымен қатар зерттеуші Абайдың әлеуметтік, философиялық, эстетикалық, этикалық, діни көзқарасы мен әйел туралы пікіріне де тұңғыш рет барлау жасап, пікір көтеріп, көптеген ойларын ортаға салды. Осы мәселелерді талдай отырып, Абай жаңашыл ақын, оның шығармаларының қазіргі күресіміз үшін де пайдасы бар деген бірден-бір дұрыс қорытындыға келді.
Бірақ Ы. Мұстамбайұлы өзінің ойлы мақалалары арқылы Абайдың әдеби мұрасын белгілі дәрежеде дұрыс таныта білсе де, Абай мұрасын сол кезде етек алған тұрпайы социологиялық сынның шабуылынан үзілді-кесілді қорғап қалуы екіталай еді. Қазақстандағы қоғамдық ойда жалпы мұра мәселесіне 20–ші жылдар ішінде тура және жанама түрде жауап беруге алғаш рет ұмтылғандар С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, Б.Кенжебаев, С.Смағұлов т.б. араласты. Абай мұрасын таза тұрпайы социологиялық таным тұрғысынан танып бағалағандардың басында С.Мұқанов, С.Сейфуллин тұрса, Абай мұрасын таза халықтық таным тұрғысынан танып бағалауға әрі уақыт талабына орай жанама түрде болса да тұрпайы социологиялық танымға ұрынып қалып жүргендер Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, Б.Кенжебаев т.б. болды.
Абай мұрасын танып бағалауда 20-ші жылдардың басы мен 30-шы жылдардың аяғында саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты туындаған, әрі айқын көрініс берген үш түрлі бағытты байқаймыз.


жүктеу 114.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет