Сұрақтар: Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы



жүктеу 114.31 Kb.
бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі114.31 Kb.
#17080
1   2   3   4   5   6   7
Абайтану 1
Кәкітай Ысқақұлы 

Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылады да, бірақ М. Әуезовтың монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған. Сондықтан да Абайдың дүниеге қөзқарасының қалыптасуына Е.П. Михаэлистің әсері басым болды деген Кәкітай пікірі абайтанау саласында көпке дейін орын алып келді.


Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады.
Кәкітай – Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп жіктеуде еңбек сіңірді. Кәкітай мәдениет пен білімнен кенже қалған қазақ қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптық принципке сүйенуді жөн көрген. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен творчествосына жалпы тоқталғанымен, сол дәуірдің өзінде – ақ Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді. Кәкітай Абайдың шын мәніндегі ақындық өнреге сексенінші жылдары батыл бет бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі, Абай творчествосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінін дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірінше, өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі – Абай ақындығының тербеліп өскен алтын бесігі деді.
Кәкітай мақаласы революцияға дейінгі дәуірде ұлы ақын творчествосының нәр алған арналарына байланысты Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтуымен де ерекшеленеді.

    Сұлтанмахмұт Торайғыров 

Абай мұрасын тереңірек зерттеп, танып бағалауда қазақтың талантты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың пікірлері абайтану тарихында ерекше орын алмақ. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін творчестволықпен дамыта түсушілердің көрнектісі әрі ақын мұрасының әлеуметтік тамырын тереңірек танығандардың бірі. Ол Абайдың жаңа бағыттағы қазақ әдебиетінің негізін салып, классикалық дәрежеге көтерген еңбегін жете түсінді. Мұндай биік танымға Сұлтанмахмұт творчестволық іздену, азабы мол ақындық жолды бастан кешіру, әдеби тілдің тазалығы туралы заман талабын күн тәртібіне қойып отырған мәселеге жауап беру тұрғысынан келді.


20 ғасырдың басында революциялық қозғалыстардың өріс алуына байланысты бұратана атанған халықтардың ұлттық санасының ояна бастауына қарсы патша өкіметінің саясаты шегіне жете күшейе түсті.
С. Торайғыров Абайдың әдеби тіл үшін күресін терең барлап бағалаушы ғана емес, ол көркем өнердің мәніне материалистік тұрғыдан қарап, Абайдың эстетикалық танымдарын да терең біліп, бағалай алды. Абайдағы эстетикалық ойды өз шығармасына батыл ендірумен бірге оны замандастарынан да талап еткен.
С. Торайғыров өз өмірінің идеялық бұлыңғыр дәуірі кезінде де өткен дәуір мұрасына көз салып, сөз еткенде, өз қатынасын Абайдың эстетикалық танымы тұрғысынан білдіріп отырады. Ол Абай поэзиясы мен өткен дәуір әдебиеті өкілдерінің туындысын салыстырғанда , ақындық шеберлікті ғана өлшем етпей, шығарманың идеялық мәніне баса көңіл бөледі.
С. Торайғыров – Абайдың ақындық дәстүрін дамытушы өнерпаз сөз зергерлерінің алдыңғы сапындағы өнер қайраткерлерінің бірінен саналатын дарынды ақын.
Оның туындыларындағы Абай өлең құрылысының іздері мен ақындық тіліндегі көркемдігін сөз бедерлеріндегі абайлық дәстүрлерді анық көреміз Саяси-әлеуметтік тақырыптардағы халықтық тұрғыдан толғанатын мұң-шері де Абай поэзиясындағы сарынмен өзектесіп жатуындағы рухани туыстықтың өзінде де айтарлықтай сырлар жатыр.

      Жиырмасыншы жылдар басында қоғамдық ойда Абай шығармаларын жариялау жөнінде пікірлер туындай бастады. Бұл іспеттес пікірді тілші ғалым Т.Шонановтың мақаласында айтылған деректер арқылы дәлелденіп жатты. Уақыт талабы тудырған бұл рухани сұранысқа назар аударған Қазақстан Оқу комиссариаты Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып басып шығаруды ресми түрде ақын Бернияз Кулеевке тапсырды. Бернияз Кулеев осы мақсатты жүзеге асыру үшін, Абай өмірбаяны мен шығармаларын толық түрде жинастырмақ болып, «Еңбекші қазақ», «Ақжол», «Степная правда» газеттеріне жазған мақала үндеулерінде алға қойылған мақсатын анықтап та берді. Олар:Абайдың қара сөздерін бар болмысымен толық жариялау, Абай өмірбаянына байланысты фотоқұжаттарды толық қамту, Абай өмірбаянынын жаңа дерек мағлұматтарымен толықтыра түсу, ақын өлеңдерін бастапқы табиғи қалпына түсіру, яғни өлең өрнектерін қалыптастыру мәселелерін алға қойды. Қаншалықты күш салып әрекеттенсе де, заман ауыртпалығы қол байлау бола берді. Қазан қаласында 1922 жылы Абайдың тұнғыш өлеңдер жинағын (1909) қайталап басумен тоқталды. Дәл осы жылы Ташкент қаласында Абайдың өлеңдер жинағы да осы қалыпта басылым көрді.
Кеңестік заманда Абайдың өлең жинақтары қатарынан екі рет басылым көрісімен-ақ ағымдағы баспасөздерде сын мақалалар жарыса жарияланып жатты. Алғаш жарияланған тырнақ алды сын мақала Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмендер, шешендер» («Еңбекші Қазақ», 01.03.1923) деп аталатын мақаладан басталды. Осы мақаланың артынша – ақ Ташкент қаласынан шығатын «Ақжол» газетінің алты санында үзбей жарияланған Ф.Сағдидің «Абай» деп аталатын мақалалар циклі, І. Жансүгіровтің Жетісу губерниясындағы «Тілші» газетінде (08.05.1923) жарық көрген «Абай кітабы» мақаласы, Ташкент қаласында шығатын «Шолпан» журналында «Қоңыр» деген бүркеншек атпен жарияланған Мұхтар Әуезовтың ғылыми теориялық жағынан қарағанда деңгейі биік мақаласы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1923, 345, 45) деген атпен басылым көрді.
Абайтану тарихында С.Мұқановтың Абай жөнінде жазылған тұңғыш «Қара тақтаға жазылып жүрмендер, шешендер» деген мақаласынан бастап ұлы ақын мұрасын танып бағалау, таныту жолындағы ой-пікірлер бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта дами бастады. Сол тұстағы қоғамдық ой танымдағы мәселенің төркіні Абай қай таптың ақыны, оның шығармаларын мұра ретінде қабылдау керек пе, әлде терістеу керек пе деген тақырып маңында болып жатты. Қазақстанда Абай мұрасы туралы мәселенің бұлайша өткір қойылуының себебі Мәскеудегі саяси орталықтың ұстанған бағыт бағдарына байланысты болатын-ды. Өйткені билік басына большевиктер партиясы келісімен-ақ өздері ұстанған ілімін яғни тап күресі, пролетариат диктатурасы туралы көзқарасы мен танымын қоғамдық санаға сіңдіре бастаған кезең еді. Қоғам өмірін тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін жасауға ұмтылу тұрпайы социологиялық танымға алып келді.
С.Мұқанов мақаласының басты сарыны осы тұрпайы социологиялық қөзқарасты ұстанудан туып жатқан саяси – әлеуметтік құбылыстың өзі болатынды. Көптеген қазақ қалам қайраткерлері осы танымның шеңберінен шыға алмай қалды.


жүктеу 114.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет