Сұрақтар 5 бет Ардагерлерін ардақтаған



жүктеу 341.7 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата01.05.2017
өлшемі341.7 Kb.
1   2   3


24 мың шаршы метр қар 

қала сыртына шығарылған. 

Мамандардың сөзіне сен-

сек  қаланың қауіпті де-

ген тұстары толықтай 

бақылауға алынған.

– Көктемгі су тасқынының 

алдын алуға байланысты ке-

шенді жұмыстар жүзеге асып 

жатыр. Ағынды су өтетін 

құбырларды, өткелдерді, 

жыраларды қардан, көң-

қоқыстан тазарту, төтенше 

жағдайларды жою үшін 

инженерлік және жол-

құрылысы техникаларын 

әзірлеу, материалдардың 

қажетті қорын жасау, су 

тасқыны жайында жер-

гілікті тұрғындарды хабар-

дар ету жөнінде нақты тап-

сырмалар беріліп төтенше 

жағдайлар басқармасымен 

бірігіп жұмыс жасап жатыр-

мыз, – деді отырыс бары-

сында Өскемен қаласының 

ТҮКШ, жолаушылар көлігі 

және автомобиль жолдары 

бөлімі ММ басшысы Жан-

дос Баирханов.

Бір ескере кететін жай 

кез-келген тұрғын өзінің 

ауласын қардан тазартып, 

апаттың алдын-алу қамын 

жасауға міндетті. Сонымен 

қатар судың көтерілу қаупін 

байқаған жағдайда бір-

ден 138 нөміріне қоңырау 

шалып алғашқы көмек 

көрсетуін сұрай аласыз. 

Апат айтып келмейді

Су тасқынына дайындық қарқынды жүргізілуде

Су тасқыны - бұл су асты 

мұздарының жиналып 

сең бұзылуы, бөгеттердің 

аяқастынан бұзылуы, 

өзендердің тасқыны, 

қардың қарқынды 

еруі, өзен-көлдерде су 

деңгейінің көтерілуінің 

нәтижиесінде жердің 

маңызды салаларын 

уақытша су басып кетуі.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

– суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

– жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

– егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар 

мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген 

тағамдарды тасып шығарыңыз;

– ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;

– өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;

– бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт 

көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп 

тастаңыз;

– өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, 

медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен 

дәретханаға қажетті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты 

чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;

– қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне 

барыңыз.


Ұрлық

14 наурыз күні сағат 12:48 шамасында 

Өскемен қаласы ішкі істер басқармасы 

жедел басқару орталығының «102» 

желісіне 1975 жылғы У. есімді азамат 

хабарласады. 9 наурыз күні сағат 13:00 

шамасында Кирова көшесінің бойында 

азиат нәсілді бір топ бала оның 1998 

жылы туылған баласына ашық түрде 

күш көрсеткенін айтқан. Жәбірленуші 

сонымен қатар, бұзақылар бағасы 

10  000 теңге құрайтын күміс алқасын 

ашық түрде тартып алғанын жеткіз-

ген. Белгісіз азаматтардың үстінен 

арыз жазылған. Бүгінгі күні күдіктілер 

құрықталып, тергеу жұмыстары 

жүргізілуде. 


10

Өскемен


№12 (275)

19.03.2015

ҚОҒАМ

КИНО ӘЛЕМІ



«Құнанбай» фильмі осы көктемде 

көрерменге жол тартады

"Қазақфильм" киностудиясының қоржыны тағы бір 

жаңа туындымен толықты. Бұл күндері ұлтымыздың 

ұлы кемеңгері Абайдың әкесі Құнанбай туралы толық 

метражды фильм түсіріліп болып, дыбысталып жатыр.

«Құнанбай» фильмінің режиссері әрі бас-

ты кейіпкер Құнанбайды ойнаған Қазақстан 

республикасының халық артисі, мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов. Бұл 

оның екінші режиссерлық жұмысы. Бұған дейін 

«Біржан сал» фильмін түсіріп, онда да басты 

рөлді ойнаған болатын. Фильм сценариін Досхан 

Жолжақсынов Таласбек Әсемқұловпен бірлесе 

отырып жазған. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай өз 

заманының нар тұлғасы. Мінезі қатал, кейде тіпті 

қатыгез болып танылған ол ұлтының қамын жеп, 

Қарқаралыға медресе, Меккеге үй салдырған.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық әртісі -Жал-

пы Құнекеңнің тағдыры қарама-қайшы, сол 

заманның өзінде соқырішектей бұртиып шығып 

тұратын тұлға турасында. Дүниеге әкелген бір 

перзенті Абай арқылы Құнекеңнің өзінің де 

ойлау үрдісі, іскерлігі, жалпы білімі, сол за-

маннан озық тұлға екендігін қадап көрсететін 

қасиеттерінің бірі. Фильм Құнанбайдың туған 

жерінде, Шығыс Қазақстан облысында түсірілді. 

Сол заманның тыныс-тіршілігін көрсету үшін 

қаншама деректі материалдар жинақталып, та-

рихи құндылықтар қайта жаңғырды. Табиғат 

аясына 150 киіз үй тігіліп, фильмде үш жүздің 

жүйрігі жарысқан бәйге, балуандар күресі, әнші-

жыршы, күйшілердің сайысы да көрініс тапқан. 

Қазір фильмнің дыбысталу жұмысы қызу жүріп 

жатыр.

Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық әртісі 



-Бүгінде біз осы киноға тіл бітіру мерзімінің 

жартысына таяп қалғандаймыз. Көріп отырсыз-

дар, техникалық үлкен жаңалық, біздің студияда 

бұрындары тұрып алып, таза қылып жазу үшін 

оның әр нүктесіне, үтіріне дейін қайталау ке-

рек еді. Бүгін ырғағын дұрыстасаң, мына жерде 

кәдімгі барлығын сәйкес қылып, бір-біріне жақсы 

жалғап береді. Бұл да біздің киностудиямыздағы 

үлкен жетістік. Жаңа туынды осы көктемде 

үлкен экранға шығады деп жоспарланып отыр. 

Ал алғашқы көрсетілім Құнанбай мен Абайдың 

туған топырағы Шығыс Қазақстанның Абай ау-

данында өтпек.

Өскеменде «Оралу» көркем 

фильмінің тұсаукесері өтті

Ө

скемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы 



ШҚМТУ-нің бас корпусында «Оралу» филімінің 

тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық 

орталығы.

«Оралу» фильмі Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында 

жастардың қол созған мақсат-мұратына жетуі-

не жақсы мүмкіндіктер жасалғаны туралы ба-

яндайды. Картинаның бас кейіпкері - Мақсат 

туған жерін тек іссапарлар кезінде, маңызды 

кездесулер барысында ғана ұшақ терезесінен 

көргенге үйреніп кеткен. Оған Еуропада тұрған, 

оқыған, еңбек еткен ұнайды. Шалғай ауылдағы 

атасының кенеттен дүние салуы - оның өмірін 

өзгертеді. Ол мұра боп қалған ат фермасын

жүйрік сәйгүліктерді сату мақсатында елі-

не оралғанымен, ауылда жүріп, аз уақыт ішін-

де туған жерге деген ізгі махаббаты оянады. 

Қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылық-

қасиеттерін бойына сіңіріп өскен Аружан 

атты мұғалім қызбен танысады. Мақсат елдегі 

жағдайдың өзгергенін байқайды. Қазақстанда да 

қарапайым адамдарға табысқа жету үшін, адал 

еңбегі арқасында жағдайын жақсарту үшін көп 

мүмкіндіктер жасалғанын көреді.

Өскемен қаласының студенттері көп 

шоғырланған «Студқалашық» аумағында 

орналасқан университеттің бас корпусында 

өткен көркем фильмнің тұсаукесеріне жастар 

көптеп келді. Фильмді басынан аяғына дейін 

бір деммен көрген олар сүйікті әртістерінің 

өнерлеріне тәнті болды.

– «Оралу» фильмін көре отырып, Қазақстанда 

дүниеге келгеніңе, осынау байтақ елдің азаматы 

болғаныңа шын көңіліңмен мақтанасың. Көркем 

фильм бізді өмірлік құндылықтың, қадір-

қасиеттің елдік пен өрліктің түп қазығы - туған 

жерде екенін паш етеді. Шынында, ғажайып 

әсермен тамашаладым, - деді С.Аманжолов 

атындағы ШҚМУ 4 курс студенті Парасат Мол-

данов.


Кенесарының рөлін сомдаған 

тұңғыш актер

Б

ұл жөнінде бүгін «Оралу» филімінің тұсаукесеріне арналған ҚР Пре-



зиденті жанындағы ОКҚ брифингінде Шәкен Айманов атындағы 

«Қазақфильм» АҚ вице-президенті Дидар Амантай айтты.

– Биыл режиссер, қазақ киносының классигі Сатыбалды На-

рымбетов Ермахан Бекмаханов туралы тамаша фильмді аяқтап 

қалды. Сол фильмде үзік-үзік Кенесарының шайқасы туралы, 

Кенесарының образы елес беріп отырады. Сол Кенесарының 

рөлін сомдаған осы Санжар Мәдиев. Бұл қазақ кино тарихындағы 

Кеңесарының тұңғыш рөлін сомдаушы адам деп айтуымызға бо-

лады, - деді ол.

Айта кетейік, режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» 

фильмі тарихшы Ермұхан Бекмаханов пен қазақ халқының 1837 

– 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ 

хандығының соңғы ханы Кенесары жайында.

Фильмде басты рөлдерді Берік Айтжанов, Санжар Мәдиев және 

Құралай Анарбекова сомдайды.

«Күлбике» ертегісінің қазақ 

тіліндегі бірінші көрсетілімі өтті 

А

стана мен Алматы қалаларында «Күлбике» ертегісінің қазақ тіліндегі 



бірінші көрсетілімі өтті.

«Күлбике» - 5 жылдың ішінде көрерменге қазақ тілінде жол 

тартқан 10-шы голливудтық блокбастер. Қазақ тілі Шарль 

Перроның әйгілі ертегісінің кейіпкерлері сөйлеген ағылшын, 

француз, испан және тағыда басқа тілдер қатарындағы 31-ші тіл. 

Ал Қазақстан «Күлбике» АҚШ-тағы көрсетілімнен бір апта бұрын, 



яғни, 6 наурызда жарық көретін 3 елдің бірі болып отыр.

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 341.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет