Сұрақтар 5 бет Ардагерлерін ардақтаған



жүктеу 341.7 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата01.05.2017
өлшемі341.7 Kb.
1   2   3

19 наурыз

10.00  –  № 21 орта мектептің денешынықтыру за-

лында, Гоголь көшесі, 28 Волейболдан жасөспірімдер 

арасындағы қалалық біріншілігі

11.00 –№15 орта мектеп, Севастопольская көшесі, 6 

«Наурыз келсе, құт келгені ағайын» атты наурызға 

арналған мерекелік концерт

16.00 ч. – ДМШ № 1  «Наурыз - достық мерекесі» ме-

рекелік іс-шара

20 наурыз

12.00  –  № 11 кітапхана бөлімшесі, Косарева көшесі, 

34.  «Наурыз – жаңа өмірдің мерекесі» наурыз мере-

кесін тойлау тарихы мен қазақ халқының салт-дәстүрін 

білу бойынша сайстық бағдарлама

12.00 - Кожедуба көшесі, 52 ( №4 бөлімше) алаңы

 «Наурыз- ізгілік мейрамы» мерекелік іс-шара

12.00  –Б. Александров атындағы спорт сарайы 

Облыстық «Жұлдызша» турнирінің ашылуы (№2 

бөлімше) «Наурыз мейрамы-2015» мерекелік іс-шара

13.00  –  «Теміржолшылар» саябағы (№ 9 бөлімше)

«Армысың, әз - Наурыз!» шағын аудан тұрғындарына 

арналған мерекелік бағдарлама. 

15.00  – Орталық сауықтыру кешені, Стаханов 

көшесі, 3А

Ардагерлер арасындағы спартакиада (дартс, 

шеңберге лақтыру, шахмат, дойбы, бильярд)

21 наурыз

10.00 –  «Загородный» шағын ауданы, «Гавань» на 

площадке у ТД «Бастау» ( № 5 бөлімше). «Наурыз – 

көктемнің шуақты мерекесі» мерекелік шарасы

11.00  – Жаңа Согра ш.а,  «Титан» алаңы (№ 5 

бөлімше). «Мерекелі, берекелі-Ұлыстың ұлы күні» жал-

пы халықтық көңіл-көтеру

12.00  – Күленов атындағы ш.а, Жоғарғы магистраль 

көшесі, 1 (№ 12 бөлімше)

«Қош келдің, Наурыз-думан!» мерекелік шара

12.00  –  «Үлбі» сауықтыру орталығы, Добролюбов 

көшесі, 44. «Наурыз мейрамы – 2015» ҰОС ардагер-

лері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік кон-

церт 


12.00  – Жекпе-жек сарайы

1999-2000 ж.ж. бозбалалар арасында бокстан 

қалалық ашық біріншілік

18.00  - ММҮ. ҰОС 70 жылдығына орай ардагерлер-

ге арналған Астана қаласының өнер ұжымдарының 

қайырымдылық концерті 



22 наурыз

11.00  – Республика алаңы. «Наурыз-2015» мере-

келік шарасы

11.00  –Б. Александров атындағы спорт сарайының 

алдындағы алаң (№ 7 бөлімше) . «Наурыз – көктемнің 

шуақты мерекесі» мерекелік шарасы

18.00  –  Республика алаңы. Кешкілік бағдарлама 

және жастарға арналған би кеші

21.00  – Республика алаңы. Мерекелік отшашу

23 наурыз

9.00  – «Freshmarket» гастрономы,  «Дос - Нар» база-

ры. Мерекелік шаралар. әлеуметтік маңызы бар азық-

түліктердің жәрмеңке-саудасы

11.00 – ММҮ алдындағы алаң (№ 6,7 бөлімшелер). 

«Наурыз мейрамы» мерекелік шаралар

11.00 -  № 27 орта мектеп алаңы,  Бажов көшесі, 

339/1 (№10 бөлімше). «Наурыз мейрамы!» мерекелік 

шарасы

11.00 - «Достық» СҮ алаңы (№ 1 бөлімше).  «Наурыз  



- жыл басы» шағын аудан тұрғындарына арналған жал-

пы халықтық көңіл көтеру

24 наурыз

9.00  – «Freshmarket» гастрономы,  «Дос - Нар» база-

ры. Мерекелік шарасы. әлеуметтік маңызы бар азық-

түліктердің жәрмеңке-саудасы

11.00  – Новаторов көшесі, 11. Шашка ойнаудан сай-

ыс  


11.00 – Меновное кенті әкімдігінің алаңы.  «Наурыз- 

ізгілік мейрамы» мерекелік шарасы



25 наурыз

11.00  –  Шығыс кенті (№ 11 бөлімше).  «Қош келдің, 

Наурыз!» мерекелік шарасы 

17.00 –  «Дос - Нар»  базары (№ 8 бөлімше). «Наурыз 

мейрамы-2015» шарасы

«Наурыз Мейрамы – 2015»  мерекелік іс-шаралар бағдарламасы

Айдана Аумадиева 

1

3 наурыз күні қаламыздағы 



Шығыс Қазақстан мем-

лекеттік университетінде 

жыл сайын дәстүрлі түрде 

ұйымдастырылатын «ШҚМУ 

Аруы - 2015» атты сұлулық 

байқауының финалы өтті.

Оған аталмыш оқу 

ошағының барлық фа-

культеттерінен 14 

бойжеткен қатысып, 

бақтарын сына-

ды. Қатысушылардың 

бұл сайысқа айлап 

дайындалғандары көрініп 

тұрды. Сахнада сенімді, 

әрі нық жүрулері, өз-

өздерін сенімді ұстаулары, 

визажистпен, психолог-

пен жұмыс жасалғандығы 

байқалады. 

Нағыз сұлулардың 

ақылы мен өнері сынға 

түскен тартысты дода-

да, қыздар бар өнерлерін 

ортаға салды. Бірі саль-

са, тағы бірі араб биін 

билеп, көрермендерді 

тамсандырса, енді біреу-

лері Елордамыз Аста-

на туралы ән шырқап 

жиналғандардың құлақ 

құрышын қандырды. 

Ал, қаншама 

ұйқысыз түндер мен 

дайындықтарды ба-

старынан өткерген хас 

сұлулардың еңбегінің 

нәтижесін қаламыздың 

бетке ұстар жандары 

баға беріп, сайыстың 

қорытындысын шығарды. 

Байқау нәтижесі 

бойынша барлық 

қатысушылардан басым 

түскен, ақылына көркі 

сай экономика және биз-

нес факультетінің 4 курс 

студенті Алина Дауто-

ва «ШҚМУ Аруы - 2015» 

атағына ие болды. Біз де 

өз кезегімізде Алинаны 

жеңісімен құттықтаймыз. 

Әлі талай биік асулар-

ды бағындыратынына 

сеніміміз мол.  

ШҚМУ Аруы - 2015



8

Өскемен


№12 (275)

19.03.2015

ӘЛЕУМЕТ

КӨКЕЙТЕСТІ



Елжан Қайырханов

1

7 наурыз күні «Нұр Отан» 



партиясының Өскемен қаласы 

бойынша филиалында қалалық 

және облыстық маслихат депу-

таттары тұрғындарды қабылдап

әлеуметтік мәселелерін шешуге 

түрткі болды.

Қалалық филиалда өтіп 

отырған қабылдауда бірін-

ші болып партия филиалы 

төрағасының бірінші орын-

басары Майраш Екібасова 

тұрғындармен кездесті. Күн 

тәртібіндегі алғашқы кездесуге 

келген азаматшаның мәселесі 

де назар аударарлық. 

Согра кентінің тұрғыны Свет-

лана Анофриеваның айтуы 

бойынша, ауданда орналасқан 

№18 мектепте дәрігер жоқ. 

Осымен бір жарым жыл бойы 

оқушылар сырқаттанған сай-

ын, мектеп ұстаздары жедел 

жәрдем шақырып, әуре бола-

ды. Ал аталған мектепшілік 

медбике қызметінің жалақысы 

төмен болғандықтан, ешкім де 

жұмысқа тұрғысы келмейді. 

Азаматшаның мәселесін 

тыңғылықты тыңдап отырып, 

жазып алған Майраш Екібасова 

өзінің ойын білдірді. 

– Қозғалып отырған мәселе 

көңілден тыс қалатын жағдай 

емес. Себебі бұл жерде білім 

ордасының мәселесі көтеріліп 

отыр. Мен жедел арада 

қалалық білім бөлімінің бас-

шысы Мәдениет Ахметоваға 

және денсаулық сақтау 

бөліміне хат жазып, істі қолға 

аламын. Себебі денсаулық 

сақтау бөлімі білім ошақтарын 

толықтай дерлік дәрігерлермен 

қамтамасыз ету қажет. Соны-

мен қатар, өзге мектептерді 

және балабақшаларды да тек-

сергеніміз дұрыс. Бәлкім, өзге 

жерлерде де осындай мәселе 

шығуы мүмкін, – деді «Нұр 

Отан» партиясының Өскемен 

қаласы бойынша филиалы 

төрағасының бірінші орынбаса-

ры Майраш Екібасова. 

Партия филиалы төрағасының 

бірінші орынбасарының жауа-

бы мұнымен тоқтап қалмады. 

Бүгіннен бастап, қажетті ме-

кемелерге ресми хат жа-

зып, артынан толықтай өзінің 

қадағалауына алатынан жет-

кізді. 

Жұмыссыз ананың жан айқайы



Халық қалаулысымен 

кездесуге келген ендігі қала 

тұрғынының мәселесі тіптен 

бөлек. «Жығылғанға жұдырық» 

дегендей, жұмыссыз қалған 

көп балалы ананың әлеуметтік 

жағдайы күн санап төмендеп 

барады. 


Жеке мәселесімен 

келіп отырған Күлмаш 

Қайырбаеваның бастан кеш-

кендері және бүгінгі күні көріп 

жүрген қиыншылығы ешбір 

жанды елең еткізбей қоймас. 

2010 жылы қалада орналасқан 

фирмалардың бірінде есеп-

ші қызметін атқарып жүріп, 

қиыншылыққа тап болады. 

Қарапайым есепшінің алды-

на бірнеше қызметті жүктеп 

қойып, артынан құжаттарда 

қателіктер кеткені үшін 

«Қызметке салғырт қарады» 

деген желеумен жазаға тарты-

лады. Өзінің кінәсіз екендігін 

сот алдында дәлелдей алмаған 

азаматша бес жылға бас 

бостандығынан шектетілген. 

Санаулы күндерден кейін, 

жаза уақыты тоқтатылады. Де-

генмен, істі қарастырған сот 

қызметкерлері қосымша екі 

жыл бойы «Қызметке салғырт 

қарады» деген анықтама жа-

зып берген. Оның салдары-

нан жұмысқа тұра алмай ке-

леді. Тіпті бірқатар мекемелер 

еден жуушы етіп алуға да бас 

тартқан. 

Соңғы екі жылда тағы бір 

түйктілді мәселе келіп үйіріледі. 

Сотта істі болғасын, жеке 

пәтерлерін тәркілеп алады. Бес 

баланың бірі шетінеп, үйдің 

отағасы ауыр сырқаттанып, 

күрделі отада жасалады. Ал ең 

кіші қызы бүгінгі күні ақылы 

түрде жоғарғы оқу орнында 

білім алуда. 

– Бүгінгі күні сіз өзіңізге 

ұсынылған жұмыстарды таңдап, 

ішінен қалаулысына орнала-

сып, қызмет ететін жағдайда 

емессіз. Сондықтан, кез-келген 

жалақы төлеуші қызметке тұру 

үшін, жұмыспен қамту және 

әлеуметтік жобалар бөліміне 

хабарласып, кеңесу қажет. Мен 

қазірден бастап, осы іспен ай-

налысатын боламын. Әрбір 

жұмыс беруші мекемелер жай-

лы біліп, жұмысқа тұрғызу үшін 

қолымыздан келгенді аямай-

мыз, – деді Майраш Екібасова.

Әлеуметтік мәселесін ай-

тып, көзіне жас алған Күлмаш 

Қайырбекованың мойны-

на тағы бір жағдай жүктеліп 

қалған. Сот шешімі бойын-

ша тәркіленіп алынған үйге 

қатысты қарыздың барлығы 

қайтадан азаматшаның мойны-

на ілінуде. Яғни, бірнеше жыл 

бұрын пәтер тәркіленіп алынса 

да, бүгінгі күнге дейін берешек 

сомма азаматшаның мойнына 

жазылуда. 

– Бұл өте ауқымды іс екендігі 

көрініп тұр. Сондықтан, әрбір 

құжаттарды түбегейлі зерттеп, 

істі қолға алып, қарастыруымыз 

қажет. Сіз маған толықтай 

құжаттарды табыстап, болған 

жайдың барлығын жазбаша 

түрде өткізген сәтте, өзімнің 

қадағалауыма аламын, – деді 

партия филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары.

Ауласын сақтай  

алмаған тұрғын

Бажов және Паровозная 

көшелерінің қиылысында 

тұратын Николай Горба-

товты партияға әкеліп отырған 

мәселесі тікелей жол мәселесі. 

Екі көше қиылысында жол 

апаты көптеп орын алатындығы 

көлік иелерінінің көпшілігіне 

мәлім. 

– Екі көшенің қиылысында 



менің жеке меншік жер үйім 

орналасқандықтан, ол жер-

де тұрудың өзі қиындап кетті. 

Себебі әр мезгіл сайын, бірде 

жеңіл көлік не жүк көлігі дәл 

менің қашама келіп соғылады. 

Алдын ала қашаға жарық 

қайтарғыш магнитті жолақ 

та орнатқаным бар. Алайда, 

ешқандай пайда болмайды. 

Сондықтан, мен жергілікті өзін-

өзі басқару комитетіне хат жа-

зып, кақпамның түбіне бордюр 

орнатуды немесе соған қаражат 

беруді сұраған едім. Бордюр 

болған жағдайда, көліктердің 

менің қақпама соғылу жағдайы 

да азаяды емес пе?! Өз басым, 

«Нұр Отан» партиясына үлкен 

сеніммен қарап, мәселемнің 

шешілуіне түрткі болады деген 

сенімдемін, – деді мән-жайды 

түсіндірген Николай Горбатов. 

Естеріңізге сала кетсек, аза-

маттарды қабылдап отырған 

Майраш Екібасова бүгінгі 

күнгі қызметіне дейін, аталған 

аумақта жергілікті өзін-өзі 

басқару комитетінде ди-

ректор қызметін атқарған 

еді. Сондықтан, Николай 

Горбатовтың жағдайымен та-

ныс екендігін жеткізді. 

– Есімде, жуырда дәл сол ара-

да бір көлік аударылып қалған 

еді. Бұл мәселемен мен де таны-

спын. Үйдің маңында бордюр 

салынбаған. Себебі осыдан бір-

неше жыл бұрын, сол көшелерді 

жөндеу барысында, мерді-

гер компания жаяулар өткелін 

орнатпаған. Менің ойымша, 

үйдің маңындағы бұрылысқа 

жергілікті әкімдіктен 10-15 

мың теңге көлемінде қаражат 

бөліп, бордюр салған жағдайда 

ештеңе етпес. Сондықтан, сіздің 

мәселеңіздің шешімін табуға 

болады, – деді Майраш Екіба-

сова. 


Өмірінің қиыншылығы үшін 

әкімшілікті кінәлайды

Жаңа Ахмер кентінің тұрғыны 

Жұмабек Құйқалақов халық 

қалаулыларының қабылдауына 

келмес бұрын, бірінші хат жа-

зып жіберіпті. 

Жұмабек мырза өзінің ха-

тында көкейін тескен басты 

мәселелерді көрсетіпті. Атап 

айтар болсақ, біріншіден, бес 

жыл бұрын Марқакөл ауда-

нынан көшіп келіп, саяжай-

да үй саған азамат оны тір-

кеуге отырғызбағанына және 

ондағы кезектің ұзақ екендігін 

айтып қынжылады. Екіншіден, 

мүдегек болып, эпилепсия дер-

тіне шалдыққаннан, жұмысқа 

ешкім алмаған. Жұмыс бары-

сында, қатты ауырып, талып 

қалғанын көрген жұмыс бе-

рушілер бірнеше рет шаруа бе-

руден бас тартқан. Үшіншіден, 

төрт бала тәрбиелеп жет-

кізген отағасы партиядан 

материалдық жағынан көмек 

беруді сұрайды. 

– Сіздің мәселеңізді толықтай 

оқып шықтым. Енді жауап бе-

рер болсам, қазіргі таңда ауыл-

ды мекеннен қалаға келмес-

тен бұрын, азаматтар өзінің 

әлеуметтік жағдайын қарап 

алуы қажет. Сіздер кезекте 

тұрсыздар және мүгедек не-

месе әлеуметтік жағдайыңыз 

төмен болса да, кезектен 

асып, ешқайда бара алмай-

сыз. Сіздің кезегіңізді жылжы-

тып, тіркеу процесін жеделде-

ту менің де, өзгенің де қолынан 

келмейді. Екіншіден, біз сіз-

ге жұмыс тауып беріп, оған 

ешқандай бұйрық бере алмай-

мыз. Олардың өз шарты және 

құқығы болғандықтан, барлық 

шешім солардың қолында. Ал 

материалдық жағдайыңызға 

келер болсақ, «Нұр Отан» пар-

тиясы кез-келген азаматқа 

қаражат беріп, ақша шаша-

тын партия емес. Ондай құзыр 

біздің қолымызда жоқ. Деген-

мен, қолдан келгенше көмегімді 

беріп, сізге әлеуметтік, 

материалдық көмек беретін 

азаматтарды қарастырамын, – 

деді Майраш Екібасова. 

Халық қалаулысының жауа-

бына ризашылығын білдірген 

Жұмабек Құйқалақов партия 

тарапынан жазбаша жауапты 

асыға күтетінін жеткізді. 

Мектеп формасы  

қалтадан қағуда

«Нұр Отан» партиясының 

Өскемен қаласы бойынша фи-

лиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Майраш Екібасо-

вадан кейін, қала тұрғындарын 

қабылдауға Өскемен қалалық 

маслихатының депутаты Олег 

Фролов қабылдауға кірісті. 

Қала тұрғыны, көп бала-

лы ана Фаузия Топатаеваның 

айтуы бойынша, отбасының 

әлеуметтік жағдайы мәз емес. 

Отбасында тек отағасы қызмет 

атқарып, қаражат тапса, Фау-

зия ханым үй шаруасымен ай-

налысуда. Есепші мамандығына 

білімі болғанымен, жұмыс өтілі 

болмағандықтан, ешбір жерге 

жұмысқа алмаған. 

– Жолдасымның тапқан 

қаражаты азық-түлікке және 

несиемізді төлеуге кетеді. Ал 

төрт баламның үшеуі қалалық 

№16-шы мектепте білім алу-

да. Енді мектеп басшылығы 

келесі жылы жаңа мек-

теп формасын енгізіп, соған 

бүгіннен бастап қаражат жинай 

бастағандықтарын айтты. Айту-

ларынша, мектеп формасының 

бағасы бір балаға 15 000 теңгені 

құрайды. Ал менің үш балама 

толықтай форма алып беруге 

қалтам көтермейді, – деді То-

патаева Фаузия. 

Істің мән-жайын толықтай 

тыңдаған Олег Фроловтың ай-

туы бойынша, ол демеушілер-

ді іздестіріп, істің шешілуі-

не өз әсерін тигізеді. Соны-

мен қатар, маслихат депутаты 

жұмыспен қамту орталығымен 

байланысып, жұмыска тұрғызу 

жағдайын да қарастыратынын 

айтты.  

Назардан тыс қалмаған сұрақтар



Өскемен

9

№12 (275)



19.03.2015

ДАБЫЛ


ЖАЗА

ҚЫСҚАША


ЗАҢ МЕН ЗАМАН

Өскемен қалалық Әділет 

басқармасында ағымдығы 

жылдың 20 ақпан-20 нау-

рызы аралығында Әділет 

департаментінің 2015 

жылдың І тоқсанына 

арналған жоспары-

на сәйкес «Әділет ор-

гандарында  мемлекет-

тік тілді жандандырайық!» 

байқауы өткізілуде. Байқау 

Ережесінің 

мақсаты:  

басқарма қызметкерлерінің 

назарын мемлекеттік 

тілдің қолданылуына, оның 

маңыздылығына аудару, 

жас мамандарды қазақ тілін 

үйренуге ынталандыру. 

Байқау аясында бас-

қармадағы қазақ тілін  толық 

меңгерген қызметкерлер 

қазақ тілін жетік білмей-

тін әріптестеріне мемле-

кеттік тілде толтырыла-

тын құжаттарды толтыру-

да оның орфографиялық, 

грамматикалық ереже-

лердің талаптарын сақтай 

отырып, сапалы толтыры-

луына көмек көрсетуде.

Жұмыс барысын-

да қызметкерлердің бір-

бірімен қазақша сөйлесуіне, 

қабылдауға келген азамат-

тармен қазақша аманда-

су, кеңес беруіне басқарма 

басшысы қадағалау жа-

сауда. Бұл іс-шараның 

облыстық қорытындысы 

23 наурызда байқау 

қомиссиясы мүшелерімен 

қорытындыланбақ.

Осындай шаралар әр 

мемлекеттік мекемелер-

де жиі өткізіліп, мемлекет-

тік тіліміздің мәртебесін 

көтеруге әр мекеме ат са-

лысса құба-құп болар еді. 

Мемлекеттік тілдің қолдану 

аясын кеңейтіп, оны 

қоғамдық қарым-қатынас 

тілі ету-бүгінгі күн талабы.

Елбасымыздың «Енді 

ешкім өзгерте алмай-

тын бір ақиқат бар. Ана 

тіліміз Мәңгілік Еліміз-

бен бірге Мәңгілік тіл бол-

ды! Оны даудың тақырыбы 

емес, ұлттың ұйытқысы ете 

білгеніміз жөн» деген сөзі 

мемлекеттік тіл мәселесінің 

өте маңызды, мемлекеттік 

мәні бар мәселе екендігін 

 

аңғартады.                                           



Қазақстанның болашағы–

мемлекеттік тілінде. 

Сондықтанда әр азамат, 

әр мемлекеттік қызметкер 

өз мекемесінде қызмет 

істейтін орнында мелекет-

тік тілді енгізуге әрдайым 

ат салысуы керек. Мем-

лекеттік тілді күнделікті 

өмірде қолдануды әрбір 

адам өзінен бастауы қажет,  

сонда ғана, меvлекеттік тіл 

– күнделікті өмір тынысына 

айналады және ұлтымыздың 

ұйтқысы  болып  табылады.                           

Бүгінгі күнде біздің Әділет 

басқармасына түскен 

барлық іс-қағаздар жұмысы 

өтініштер, сұраныстар 

(басқа тілде түскен 

өтініштен басқалары), мем-

лекеттік тілде жүргізіледі. Әр 

халықтың басты байлығы

баға жетпес қазынасы 

– ана тілі. Қазақстан 

Республикасының негізгі 

тілі – мелекеттік тілді, яғни 

қазақ тілін құрметтеу, оны 

білу біздің әрқайсымыздың 

асыл парызымыз.

Өскемен қалалық

Әділет басқармасының  

басшысы А.Амирханов

Мемлекеттік тіл-мемлекеттік 

мекемеде

Илмаз Шайхисламов

Б

үгінгі күні жол-көлік оқиғасының салда-



рынан орын алатын қайғылы жайттар си-

ремей тұр. Бірақ, біреуді өмірінен, енді біреу-

ді бас бостандығынан айырған оқиғаларда 

салғырттықтың да салдары бар екендігін 

ұмытпаған абзал. 

2013 жылы Өскемен қаласы 

көшелерінің бірінде жол апаты орын 

алып, 3 жастағы нәресте көз жұмған бо-

латын. Кейін анықталғандай, аталған 

істе көлікті жөндеуші механиктің кінәлі 

болғандығы анықталды. Қалалық 

мекемелердің бірінде слесарь-механик 

қызметін атқарушы азамат Прохоров, 

көліктің тежегіш бөлігінде ақау бар екен-

дігін біле отырып, «Forland» шағын жүк 

көлігін жүргізуші Клименкоға тапсырған. 

Жүргізуші «ақауы бар» көлікке сыра 

өнімдерін тиеп, артынша дүкендерге тасу 

үшін қалаға шығады. Питерских Комму-

наров көшесінен Новаторов көшесіне 

бұрылған сәтте, көлігін басқара алмай 

қалып, жолда өтіп бара жатқан 2010 

жылғы 3 жасар баланы қағып кеткен. 

Алған жарақаттардан, нәресте оқиға ор-

нында көз жұмады. 

– Сот шешімі бойынша, Қазақстан 

 

Республикасы Қылмыстық Кодексінің 



293 бабы 3 бөлігіне сәйкес азамат Про-

хоров кінәлі деп танылып, Қазақстан 

Республикасы Қылмыстық Кодексінің 

63 бабында көрсетілгендей, 2 жылға 

шартты жазаға кесіледі. Сонымен қатар, 

көлікті басқарған жүргізуші 3 жылға бас 

бостандығынан айырылады. Аталған 

істе әділдік тек тергеушілердің тыным-

сыз еңбегінің арқасында орнатылды, – 

деді Өскемен қаласы прокуратурасының 

бөлім басшысы Еркін Абиханов. 

Келесі аталған істе де, адамның 

салғырттығы анықталды. 2014 жылы 

қазан айының 1-ші жұлдызында таңғы 

сағат сегіз шамасында азамат Стреб-

ков ЖШС маңында «Volvo Fhl2» марка-

лы жүк көлігін автотұраққа қояды. Де-

генмен, жұмысшы көліктің артындағы 

қосымша бөлікті тежегішке қойып, 

дөңгелектерінің астына тежеуші 

құралдарды қоюды ұмытып кетеді. Ар-

тынан көлік сырғанап кетіп, мекеменің 

басқа қызметкерін басып кетеді. Ауыр 

жарақаттардан, азамат оқиға орнында 

қаза болады.

– Жоғарыда келтірілген іс бойынша, 24 

желтоқсан күні азамат Стребков 8 жылға 

бас бостандығынан айырылып, оған 3 

жылға көлік басқаруға шектеу қойылған. 

Осы істің барлығын мысалға келтіре 

отырып, көлік иелерін және механик 

қызметкерлерді қажетті ережелерді 

сақтауға шақырғым келеді. Егер, аталған 

істерде салғырттық болмаған жағдайда, 

қайғылы жайттар да орын алмас еді, – 

деді Өскемен қаласы прокуратурасының 

бөлім басшысы Еркін Абиханов. 

Қызметтегі 

салғырттықтың 

салдары


АЛДЫН АЛУ

Әсел Алтынбекқызы

 

Ж

ақында Өскемен 



қаласының ТҮКШ, жолау-

шылар көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімі ММ басшысы 

Жандос Баирханов пен Өскемен 

қаласының төтенше жағдайлар 

бойынша басқарма бастығының 

орынбасары Валерий Задорож-

ный журналистермен баспасөз 

конференция ұйымдастырып, 

көктем мезгіліндегі су 

тасқынының алдын алу және 

сақтық шаралары  бойынша 

сұрақтарға жауап берді.

Қаламызда көктемгі су 

тасқынының алдын алу 

жұмыстары басталып кет-

ті.  Былтырғы жылмен 

салыстырғанда биыл қар аз, 

бірақ бұл алаңдамауға себеп 

бола алмайды дейді маман-

дар.

Бүгінгі күнге дейін қаладан 


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 341.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет