Сұрақтар 5 бет Ардагерлерін ардақтаған



жүктеу 341.7 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата01.05.2017
өлшемі341.7 Kb.
  1   2   3

  2 бет

 «Даңқ» мемориалы  жөндеуден өтеді

  8 бет

 6 бет


Назардан тыс қалмаған 

сұрақтар

 5 бет


Ардагерлерін ардақтаған 

қала тұрғындары

Көрме өткізу – еліміздің мерейі

Жеңістің 

70 

жылдығы  қарсаңында 



Славский 

атындағы 

жағалауда  орналасқан 

«Даңқ» 


мемориа-

лы  толық  жөндеуден 

өтеді. 

Қалалық 


әкімдіктің  бюджетінен 

қарастырылған  жөндеу 

жұмыстарының  жалпы 

құны 8 миллион теңгені 

құрайды.

 14-15 бет

ҚАЗАҚСТАН 

ХАЛҚЫ


АССАМБЛЕЯСЫНА

ПРЕЗИДЕНТ 

САЙЛАУЫНА 

КҮН ҚАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯСЫНА

20 жыл


38

20 жыл


70 

    жыл


550 

жыл


170

жыл


ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ

ҚАЗАҚ


ХАНДЫҒЫНА

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 

ТУҒАНЫНА

№12 (275) 

19 наурыз, 2015 жыл

85 теңге


2

Өскемен


№12 (275)

19.03.2015

ЖАҢАЛЫҚТАР

ДЕНСАУЛЫҚ

Құрметті Өскемендіктер! 

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз береке-бірліктің, із-

гілік пен татулық, қайырымдылық пен бауырмалдық мерекесі. 

Тәуелсіздікпен қатар оралған бұл мейрам біздің еліміздегі барша оңды өзгерістермен тікелей байланысты. 

Наурыз – жыл басы ғана емес, өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасайтын шақ. Атқарылған  

істер аз емес. Халықтың әл-ауқаты жыл санап артып, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес дамып, 

қаламыздың келбеті жылдан-жылға көркейіп келеді. Бірақ қолға алар іс одан да көп. Биылғы жылдың өзі ай-

тулы оқиғаларға толы.  Бұл Конституцияның және  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы 

Жеңістің 70-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы, ұлы Абайдың 170-жылдық мерейтойы. Сөйтсе де, 

биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы.  Осы 

оқиғалардың баршасы  елдегі бірлік пен келісімді нығайта түсетініне кәміл сенімдіміз. 

Наурыз құт-береке әкелсін! Баршаңызға бейбіт өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға молшылық 

пен табыс тілейміз!

Өскемен қаласының әкімі                Т. Қасымжанов

Қалалық мәслихат хатшысы                А. Абакумов

     


Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңару мен бейбітшіліктің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Тамырын тереңнен тартқан бұл мей-

рам береке мен татулықты нығайтып, риясыз куанышқа кенелте берсін.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз жасампаздықтың жарқын жо-

лымен жүріп келе жатқан елімізге жаңа жетістіктер, әр шаңыраққа ынтымақ пен шаттық, бақыт пен молшылық 

әкелсін!

 

  



Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Даниал АХМЕТОВ, 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі     

МЕЙРАМ


ҚЫСҚАША

Наурыз мерекесі 

балабақшада тойланды

Әсел Алтынбекқызы

Қ

аламыздағы № 4 «Сәулетай» 



балабақшасының ұжымы Әз-Наурызды ақ ни-

етпен, жақсы тілекпен қарсы алды.  Мерекелік 

шарада балабақшаның 1,5 жастан 5 жасқа дейінгі 

ең кішкентай балақайлары өз өнерлерін көрсетіп, 

ата-аналарын тамсандырып, қошеметке бөледі.

– Жылдағы дәстүр бойынша мекеме-

де Наурыз мейрамы ерекше тойлана-

ды. Бүлдіршіндер былдырлаған бал тіл-

дерімен тілек айтып мерекенің  сәнін кел-

тіруге бар күштерін салып дайындалды. 

Бүгінгі кеште  әрқайсысы келген қонақтарға 

өнерлерін көрсетіп бірі ән салса, енді бірі 

би билейтін болады, - дейді «Сәулетай» 

 

балабақшасының тәрбиесшісі. 



Қазақы тәрбиені бойына сіңіріп өсіп келе 

жатқан жеткіншектер ұлттық ойындарды 

ерекше қызығушылықпен ойнады. Қазақтың 

ұлттық құндылықтарының бірі домбыраның 

тарихы жайлы да сөз қозғалып, арнайы 

келген қонақтар бүлдіршіндерге күйден 

шашу шашты.

Ал, үлкендер жағы балаларға ұрпақтан 

ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр, 

әдет-ғұрыптарды көрсетті. Балақайлар 

қазақтың жаңа жылын ерекше көңіл күйде 

қарсы алды. 

Назерке Ахметова

1

7 наурыз күні Ұлттық 



баспасөз клубында «Облыс-

та туберкулезбен аурушаңдық 

жағдайын талдау. 2011-2014 

жылдарда Денсаулық сақтау 

саласын дамытудың «Сала-

матты Қазақстан» мемлекет-

тік бағдарламасын іске асы-

ру нәтижесі» тақырыбында 

денсаулық сақтау 

мамандарының қатысумен 

баспасөз мәжілісі өтті. 

Оған ШҚО СӨСҚО 

директорының орынбасары 

Альмира Тұрғұмбаева, ШҚО 

ДБ басшысының орынбаса-

ры Сергей Попов, ШҚО ТҚД 

бас дәрігерінің орынбасары 

Юлия Рымжанова және Се-

мейдегі туберкулезге қарсы 

балалар ауруханасының 

бас дәрігерінің орынбасары 

Нұрбек Нұрғалиев қатысты.

Мамандар туберкулезге 

кез келген адам шалдығуы 

мүмкін, ол әлеуметтік 

дәрежеге байланысты емес 

дейді. Туберкулездің ми-

кробактериялары қоршаған 

ортаға өте төзімді болып 

келеді. Мәселен, 23 С тем-

пературада ылғалды және 

қараңғы жерде 7 жылға дейін, 

қараңғы және құрғақ жер-

де 10-12 ай, көше шаңында 

2, суда 5, топырақта 6 айға 

дейін сақталатын көрінеді. 

Әрбір үшінші адам да тубер-

кулез таяқшалары кездеседі. 

Бұл ауру түрімен бір адам 

ауырса, ол кем дегенде 10-15 

адамға жұқтыруы мүмкін. 

ШҚО СӨСҚО 

директорының орынбаса-

ры Альмира Тұрғұмбаева ту-

беркулез ауруының пайда 

болуының негізгі факторла-

рына тоқталды.

Темекі мен анаша ше-

гіп, ішімдік ішіп, дұрыс 

тамақтанбаудың салда-

рынан адамдар туберку-

лезге шалдығады. Әсіресе, 

балаларға фастфуд өнімдерін 

(кириешки, чипсы, гамбургер, 

хотдог) жеуге, компьютердің 

алдында шектен тыс көп 

отыруға тыйым салу керек, - 

дейді Альмира Лұқбекқызы.

2011-2014  жылдар 

аралығында туберкулезбен 

ауратындар саны 2011 жыл-

мен салыстырғанда 1,2 есе 

төмендеген. 

Туберкулезден көз 

жұмғандар саны былтыр 

 

36,8 %-ға азайған. Ал бүгінгі 



таңда туберкулезбен ауы-

ратын 15 623 науқас тір-

кеуге алынған. Туберкулез 

таяқшаларын анықтайтын 

аппарат бір күннің ішінде 

адам бойында инфекция бар, 

жоқ екендігін көрсете алады, 

- дейді облыстық денсаулық 

сақтау басқармасы 

басшысының орынбасары 

Сергей Попов. 

Туберкулезге шалдық-

қандар санының көбі Глу-

бокое ауданында тіркелген. 

Одан кейінгі орындарды 

Өскемен қаласы мен Жарма 

ауданы бөліскен. 

Туберкулез ауруына шал-

дыққандарға қаржыландыру 

жылдан-жылға өсуде. 

Мәселен, облыс бойынша әр 

науқасты емдеуге 1 млн 900 

мың теңге бөлінеді.

Облыста туберкулез ау-

руымен ауыратындарға 

медициналық көмек 

көрсететін 9 туберкулез-

ге қарсы ұйым мен 14 

амбулаториялық кабинет бар. 

Ал Тарбағатай ауданы мен 

Семей қаласында аталмыш 

ауруға шалдыққандарды ем-

дейтін арнайы типтік ауруха-

на жұмыс істейді.

2 наурыз күні Семей 

қаласында ресми түрде ту-

беркулезге қарсы балалар ау-

руханасы ашылды. Сауд Ара-

биясы Корольдігі мен Шығыс 

Қазақстан облысы әкімдігі 

арасында қол қойылған ме-

морандум аясында бой 

көтерген аурухана толықтай 

дербес. 


– Онда туберкулез-

бен ауыратын балаларға 

профилактикалық, 

диагностикалық және 

стационарлық көмек 

көрсетіледі. Емхананың өзі 

аурухана ғимаратының бірін-

ші қабатында орналасқан. 

Бір дәрігер өз кабинетін-

де күніне 60 емделушіні 

қабылдайды, - деді  атал-

мыш балалар ауруханасының 

бас дәрігерінің орынбасары 

Нұрбек Нұрғалиев.

Стационар 3,4,5 

қабаттарда орналасқан және 

онда 80-нен аса науқастарды 

орналастыруға болады. 

Қазіргі таңда ауруханада 48 

бала ем қабылдауда. Ауруха-

нада науқас балалар емделіп 

жатқан уақытта 5-ші қабатта 

қазақ және орыс тілдерін-

де 1-11 сынып аралығында 

сабақ оқитын арнайы мек-

теп орналасқан. Ол интерак-

тивті сыныппен қамтамасыз 

етілген.  

Сондай-ақ, соңғы 

медициналық құрал-

жаб-дықтармен толық 

жабдықталған стомотология, 

отоларингология, УДТ ка-

бинеттері бар. Онда құрал-

жабдықтардың тілін білетін 

арнайы мамандар жұмыс 

істейді. 

Әрбір үшінші адамда туберкулез 

таяқшасы бар

Рух жаршысы - 

Рәміздер жаңармақ!

Айдана Аумадиева 

Қ

аламыздағы сайттардың бірінде Мемлекеттік 



Рәміздер тауындағы мемлекеттік ту жырты-

лып, «Қазақстан» деген жазудағы әріптердің 

бүлінгендігі туралы ақпарат жарияланған бола-

тын. 


Осы мәселеге қатысты аймақтағы 

климаттық жағдайлар мен қатты желдердің 

салдарынан Рәміздер тауындағы нысан-

дарды қайта жөндеуден өткізуге тура 

келіп тұрғандығын мәлімдейміз. Атал-

мыш таудағы барлық нысандар қалалық 

әкімдіктің назарынан тыс қалған емес. 

Жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 

ту мен тутұғыр ауыстырылып отыра-

ды. Жаңа ту 2015 жылдың қаңтар айында 

ғана орнатылған болатын. Алайда, наурыз 

айының бас кезіндегі қатты желдердің сал-

дарынан, жақын уақытта қайта ауыстыры-

латын болады. 

Сондай-ақ, биылғы жылы да жөндеу 

жұмыстары жалғаспақ. «Қазақстан» жазуы 

да жөнделіп, қайта боялады. Ал, әнұранның 

сөздері жазылған тақтайшаларға тапсырыс 

беріліп қойған. Сол себепті, алаңдауға еш 

себеп жоқ. 



Өскемен

3

№12 (275)



19.03.2015

ҚАЛА ТЫНЫСЫ

КЕЗДЕСУ 

СЕРПІН


МЕРЕКЕ

Назерке Ахметова

1

3 наурыз күні Өскемен қаласында 



«Нұр Отан» партиясының 

XVI съезіне өңір атынан барған 

делегаттардың қатысуымен бри-

финг өтті. Оған Майраш Екібасова, 

Гүлмира Байркенова, Лео Шик, 

сондай-ақ партия белсенділері Габ-

дулхай Ишмуратов пен Қайрат Му-

син қатысты. 

11 наурыз күні Астана 

қаласында екі мыңнан аса пар-

тия мүшелері қатысқан «Нұр 

Отан» партиясының кезекті XVI 

съезі өтті. Делегаттардың бір-

ауыздан қолдауымен партия 

атынан Нұрсұлтан Назарбаев ҚР 

Президенті сайлауына үміткер 

ретінде ұсынылды. Ол сайлауға 

қатысуға келісімін бере отырып, 

қазақстандық мемлекеттілікті 

нығайтудың 5 институционалдық 

реформасын ұсынды, – деді бри-

финг барысында «Нұр Отан» пар-

тиясы Өскемен қалалық филиа-

лы төрағасының бірінші орынба-

сары Майраш Екібасова. 

Мемлекетті нығайтып, 

Қазақстанды әлемдегі дамыған 

30 елдің қатарына жетелейтін 

аталмыш реформаның біріншісі 

– қазіргі заманғы, кәсіби және 

автономиялы мемлекеттік аппа-

ратты қалыптастыру. Екіншісі – 

заңның үстемдігін қамтамасыз 

ету. Үшіншісі – индустриялан-

дыру және әртараптандыруға 

негізделген экономикалық өсім. 

Төртіншісі – болашағы біртұтас 

ұлт. Бесіншісі – транспарентті 

және есеп беруші мемлекет. 

Аталған реформа жайында 

партиялық съезге қатысушысы 

Лео Шик өз ойымен бөлісті.

– Демократиялық ре-

форма біздің елімізді таны-

мал етті. Бүгінде бірде-бір 

маңызды халықаралық мәселе 

Қазақстанның қатысуынсыз 

шешілмейді. Осы бес негіз-

гі институционалдық рефор-

ма мемлекетіміздің әрі қарай 

тұрақты дамуының негізі болмақ, 

– деді.


Айта кету керек, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының кезек-

тен тыс ҚР Президенті сайлауын 

өткізу туралы бастамасы еліміз-

де үлкен қолдауға ие болып, 

бұл бастаманы алғашқылардың 

бірі болып «Нұр Отан» партиясы 

қолдаған. Өскемен қаласында 35 

бастауыш партия ұйымдарында 

Қазақстан халқы Ассамблея-

сы көтерген бастаманы қолдау 

мақсатында жиналыстар 

өткізілген.

– Қазіргі таңда қалалық сайлау 

штабын құру бойынша жұмыс 

жүзеге асырылуда. Сондай-

ақ, облыс, қала көлемінде 

қоғамдық қабылдау ұйымдарын 

ашу, штаб мүшелерін, еріктілер 

мен үгітшілерді оқыту бойын-

ша ұйымдастыру жұмыстары 

жүргізілуде, – деді өз сөзінде 

Майраш Екібасова.

Оның айтуынша, үгіт науқаны 

маусымы ауқымы ірі шаралар-

дан тұрмақ. Облыс көлемінде 

300-ден аса, қала бойынша 

12 мобильдік үгіт тобын құру 

жоспарлануда. Оған 4 мыңнан 

аса партияның белсенді мүшелер 

енеді. Олар түрлі форумдар, 

флешмобтар, митингілер, шара-

лар өткізеді. 

– Біздің барлық жұмысымыз 

заңға сәйкес жүргізіліп, 

үміткеріміздің таза жеңіспен 

жеңуін және тұрғындардың 

сайлауға белсенді қатысуын 

қамтамасыз етеміз, – деді бри-

финг соңында «Нұр Отан» пар-

тиясы Өскемен қалалық фи-

лиалы төрағасының бірін-

ші орынбасары Майраш 

 

Екібасова. 



XVI съезд делегаттары брифинг өткізді

Әсел Алтынбекқызы

О

сы аптада Өскемен қаласының 



ТҮКШ, жолаушылар  көлігі және 

автомобиль жолдары бөлімінің 

басшысының орынбасары Асқар 

Жақсылықов бұқаралық ақпарат 

құралдары өкілдерімен баспасөз 

брифинг өткізді.

Жеңістің 70 жылдығы 

қарсаңында Славский атындағы 

жағалауда орналасқан «Даңқ» 

мемориалы толық жөндеуден 

өтеді. Қалалық әкімдіктің бюд-

жетінен қарастырылған жөндеу 

жұмыстарының жалпы құны 8 

миллион теңгені құрайды. 

– Ескерткіштің алдындағы 

2100 шаршы метрді жаңа 

қырлы таспен төсеу идеясы, Ұлы 

Отан соғысының 70 жылдығын 

тойлау мерекесі шеңберінде 

жүзеге асатын болады. Бұдан 

басқа айтулы күнге орай қалада 

жоспар бойынша іс-шара-

лар, дайындық жұмыстары 

жүргізілуде. Барлық жөндеу 

жұмыстары 9-шы мамырға 

дейін аяқталатын болады, – 

дейді Өскемен қаласының 

ТҮКШ, жолаушылар  көлігі 

және автомобиль жолдары 

бөлімінің басшысының орын-

басары Асқар Жақсылықов.

Сонымен қатар, мерей-

той қарсаңында ардагер-

лер мен тыл еңбеккерлерінің 

әрқайсысына 260 мың теңге 

көлемінде ақшалай көмек 

көрсетілетін болады. Оның 100 

мыңы қалалық бюджеттен, ал 

60 мыңы облыстық бюджет-

тен бөліне, қалған 100 мыңы 

республикалық бюджеттен 

бөлінетін болады. 

Қорыта айтқанда игі шараға 

қалалық бюджеттен барлығы 

44 млн. теңге қаржы бөлінген.

Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды!

Жеңіс тойы қарсаңында ардагерлерді қандай сый күтіп тұр?

Айдана Ағламбекқызы 

Ұ

лыстың ұлы күні наурыз 



мерекесінің аяқ басуына да 

санаулы күндер қалды. Жылына 

бір рет келетін ұлы тойдан, қала 

тұрғындары ерекше жаңалық 

күтеді.  Осынау ауқымды шараны 

өз деңгейінде өткізу мақсатында, 

шаһарымызда қызу дайындық 

жұмыстары әлдеқашан басталып 

та кеткен болатын. 

Осы орайда18 наурыз күні 

қала әкімінің орынбаса-

ры Бұлбұл Бакинова Ұлттық 

баспасөз орталығында жур-

налистермен кездесіп, 

қаламыздың Наурыз мере-

кесіне дайындығы жөнінде 

баспасөз маслихатын өткізді. 

–2009 жылдан бастап әз-

Наурызды наурыз айының 

21,22,23 күндері, яғни 

бұрынғыдай бір күн емес, үш 

күн қатарынан мерекелейтін 

болдық. Ұлыстың ұлы күнін 

мерекелеу сандық жағынан 

ғана емес, сапалық тұрғыдан 

да жаңа тұрпатқа ие болды. 

Түркіхалықтарының ортақ ме-

рекесі Қазақстанда тұратын 140 

этностың ортақ көктем, еңбек 

пен бірлік мейрамына айналды, 

- деді қала әкімінің орынбасары 

Бұлбұл Рамазанқызы. 

Мерекеге арналған түрлі 

мәдени, спорттық шаралар 

қаламызда 18 наурыз күні 

«Сәулетай» балабақшасындағы 

«Қош келдің, әз-Наурыз!» кон-

цертінен бастау алады. Сондай-

ақ, бұл күні кешкі сағат 18.30-

да Байжігіт атындағы қазақ 

ұлттық оркестрінің облыстық 

филармониясының концерті 

өтеді. Ал, ұлыстың ұлы күніне 

арналған спорттық шаралар 

19 наурызда №21 орта мектеп-

тен бастау алмақ. Мерекелік 

шаралардың соңғы легі нау-

рыз айының 25-і күні Шығыс 

ауылы мен Дос-Нар базарында 

өткізіледі деп жоспарлануда. 

Сондай-ақ, қала әкімінің 

орынбасарының айтуын-

ша бюджетті үнемдеу 

мақсатында Орталық алаңда 

ұйымдастырылатын ірі кон-

церттік шараға биылғы 

жылы эстрада жұлдыздары 

шақырылмайды. Олардың 

орнына өзіміздің жергілік-

ті өнерлі жастарымызды 

сахнаға шығару арқылы, 

шығармашылықтарына қолдау 

көрсетеміз. 

Киіз үйлер тігу мәселесіне ке-

лер болсақ, жыл сайын Респуб-

лика алаңында қаламыздың ірі 

кәсіпорындары, басқармалары 

мен оқу ошақтары белсенді 

түрде өз киіз үйлерін тігіп, қала 

тұрғындарына дәмді бауырсақ 

және наурыз көжеден дәм 

татқызуды дәстүрге айнал-

дырды. Бұл игі дәстүр биылғы 

жылы да жалғасын табатын бо-

лады. 

Сонымен қатар, 22 нау-



рыз күні мерекелік кон-

церт пен жәрмеңкеден 

соң, жастар орталығының 

ұйымдастыруымен жастарға 

арналған би кеші және от шашу 

өткізіліп, артынша аталмыш 

мейрам қаламыздағы түнгі 

клубтардың бірінде жалғасын 

табатын болады. Бұл тура-

лы баспасөз маслихатына ар-

найы келген қалалық Жастар 

орталығының директоры Ринат 

Ахметжанов мәлімдеді. 

– Жалпы, Ұлық мере-

кені өз деңгейінде атап 

өтуге арналған дайындық 

жұмыстары ойдағыдай 

жүзеге асырылуда. Сол се-

бепті, барша өскемендіктер 

мен қала қонақтарын 22 нау-

рыз күні орталық алаңда 

күтетін боламыз. Сіздер ар-

найы тігілген киіз үйлерден 

мерекенің нышаны болған 

ыстық бауырсақ пен наурыз 

көжеден дәм татып, концерттік 

бағдарламаны тамашалай ала-

сыздар. Осынау киелі мейрам 

қарсаңында баршаларыңыздың 

отбасыларыңызға береке, 

байлық, ырыс тілеймін. Еліміз-

де тек молшылық, татулық 

және береке бірлік болғай, - 

деп отырысты қорытындылады 

қала әкімінің орынбасары 

Бұлбұл Бакинова. 

Әз-Наурызға дайындық ойдағыдай


4

Өскемен


№12 (275)

19.03.2015

ӘЛЕУМЕТ

САЙЫС


МЕРЕКЕ

КӨРМЕ 


«Қуан сәби» 

Әсел Алтынбекқызы

1

6 наурыз күні жетім балалар мен ата-анасының 



қамқорлығынан айырылған балалардың 

қамқоршысын қолдау, әлеуметтік жетімдіктің ал-

дын алу мақсатында Өскемен қаласында «Қуан 

сәби» қайырымдылық іс-шарасы болып өтті. 

Мерекелік іс-шараға «Үміт» балалар 

үйінің», №24, 26, 42, 44, 45 мектептерінің 

қамқорлыққа алынған оқушылары 

қамқоршыларымен бірге шақырыл5fy. 

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты 

жетім балаларды отбасына орналастыру 

амалдарын насихаттау қамқорлық, патро-

нат, бала асырап алу, әлеуметтік жетімдіктің 

алдын алу және жетім балалар мен ата-

анасының қамқорлығынан айырылған 

балалардың құқығын қорғау, отбасында 

өсіп тәрбие алу мәселесіне қоғамның наза-

рын аудару.  

Іс-шара барысында  мереке-

ге жиналғандар «№ 24 балалар өнер 

мектебінің» шығармашылық ұжымның 

дайындаған концертін тамашалады.  

ИГІЛІК


КЕЗДЕСУ

Халықтар достастығының 

дөңгелек үстелі

Елжан Қайырханов

Н

аурыз айының 



16 жұлдызында 

Ө с к е м е н 

қаласы Шығыс 

Қ а з а қ с т а н 

о б л ы с т ы қ 

Х а л ы қ т а р 

д о с т а с т ы ғ ы 

ү й і н д е 

Қазақстан Халқы 

Ассамблеясының 20 

ж ы л д ы ғ ы н а 

арналған дөңгелек үстел болып 

 өтті. 

Аталған шараға Қазақстан Халқы 



Ассамблеясының облыстық филиалының 

басшылығы, сараптамалық тобының 

мүшелері қатысты. Сонымен қатар, әрбір 

ұлттың жергілікті жердегі этносының 

мүшелері бас қосып, өз пікірлерін білдірді. 

– Бүгінгі күні Қазақстан Халқы 

Ассамблеясының төрағасы Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаев халықтар достастығына 

көптеп көңіл бөлуде. Әсіресе, аймақтарда, 

бөлімшелер ашылып, бірнеше этнос 

өкілдері ынтымақта өмір сүруде. Жиырма 

жыл уақыт аралығында, еліміздің тірегі осы 

халықтар достастығының арқасында бере-

ке-бірлігіміз жарасып келеді, – деді аталған 

шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясының 

облыстық филиалы ғылыми тобының мүшесі 

Оксана Морозова. 

Топ мүшесінің сөздерін Өскемен қаласы 

маслихатының хатшысы Александр Абаку-

мов та сөзге тиек етті. Айтуынша, Өскемен 

қаласында ұлтаралық келісім бірқалыпты 

және бүгінгі күні айтарлықтай өзекті мәселе 

жоқ. 

Сонымен қатар, аталған кездесу бары-



сында, бірнеше сауалдар да жолданып 

жатты. Дегенмен, этнос басшылығының 

сұрақтарына жауап берген баяндамада 

оқушылар ізгі тілектерін білдіріп, кездесуді 

аяқтады.

Әсел Бұлғымбаева

Н

аурыз айының 12 күні  №1 



Балалар музыкалық мекте-

бінде «Жас музыкант» қалалық 

байқауы «фортепиано» номи-

нациясы бойынша болып өтті.  

Байқауға қатысушылардың 

жас ерекшілігі бойынша олар 

4 топқа бөлінді. Кіші топ бөлігі 

– 6-8 жас, кіші топ – 9-10 жас, 

орта топ – 11-12 жас, ересек топ 

– 13-15 жас аралығында. 

Байқау қатысушылары 

мәре барысын-

да күйсандықта жақсы 

ойнайтындықтарын көр-

сетіп қана қоймай, классик-

композиторлардың 

шығармашылығын ойнап 

көрсетулері де  назарға алын-

ды. Мысалы: Бах,  Клементи, 

Моцарт, Бетховен, Григ, Чи-

мароз, Чайковский, соны-

мен қатар қазіргі заманның 

композиторларының – 

Штейбельт, Беркович, Щу-

ровский, Чулаки, Шумилов 

және де қазақстандық ком-

позиторлар – Брусиловский, 

Жұбанов, Дүйсекеев сын-

ды танымал тұлғалардың 

 

шығармаларын орындады.



Сайысқа №1 БММ 

фортепианалық бөлімінің 

меңгерушісі Кокшарова 

О.Н, ағайынды Абдуллиндер 

атындағы ШҚӨУ фортепиано 

сыныбының оқытушысы Мол-

чанова Т.А және ағайынды Аб-

дуллиндер атындағы ШҚӨУ 

фортепиано сыныбының 

оқытушысы Землянская Л.Н 

сынды оқытушылар қауымы 

төрелік етті.

Байқаудың нәтижелерін 

талқылай келе әділ-қазылар 

алқасының шешімі бойын-

ша Джуасова Дамели, Бар-

суков Владимир, Мурат 

 

Шынар,  Кумарова  Рамина,   



Рахымбекова Милара сын-

ды қатысушылар алдыңғы 

орыннан көрініп, бірінші 

және бас жүлделердің иегері 

атанды.   

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы... 

Кәрімова Назерке 

А

ғымдағы жылдың 17-науры-



зында Өскемен қаласының 

орталық балалар кітапханасын-

да қалалық №3 мектептің 4-сы-

нып оқушылары үшін «Нау- 

рызым – ару, келдің бе?» атты 

мерекелік іс шара болып өтті.

Наурыз – ежелгі заманнан 

қалыптасқан жыл бастау 

мейрамы. Наурыз мерекесін 

тойлау дәстүрі дүние жүзі 

халықтарының көпшілігінің 

тұрмыс-салтында бағзы за-

мандардан орын алғаны 

белгілі. 

Ұлыстың ұлы күні 

қарсаңында өңірімізде 

атқарылып жатқан ша-

ралар қатары Өскемен 

қаласының орталық балалар 

кітапханасындағы мерекелік 

жиынмен толықты. Мере-

келік бағдарлама бойын-

ша, оқушылар сиқырлы 

сағат тауып алып, оның тілін 

бұрау арқылы осыдан 300 

жыл брынғы ғасырға вир-

туалды түрде саяхат жа-

сайды. Олар жолдарын-

да түрлі қызықтар мен 

қиыншылықтарға кезігеді. 

Сиқыршы атай оқушыларға 

әз-наурызды қарсы алу жай-

лы мағлұматтар жазылған 

тапсырмалар беріп, түрлі 

ойындар ойналды.  Дәстүр 

бойынша,  бұрын Наурыз 

мейрамын бүкіл ауыл бо-

лып, ел болып тойлай-

тын.  Әсіресе, жастар жағы 

түгелдей таң шапағатын 

қарсы алудан, тазаланған 

арықтарға су жіберуден, 

ағаш отырғызып, гүл егу 

рәсімін өткізуден бастайтын. 

Қызықшылық онан әрмен 

халық ойындарымен, ән са-

лып, би билеумен, ақындар 

айтысымен, «Қызғалдақ» 

мерекесімен, қазақша 

күреспен, ат жарысымен 

жалғасып кете беретін де, 

түнге қарай «Алтыбақан» 

айналасындағы тамаша-

мен аяқталатын. Тәлім мен 

тәрбиеге бай мерекенің 

жылдар бойы ұмыт қалмай, 

жалғасуы үшін өскелең 

ұрпақтың ата салтын жатқа 

білгені абзал. Аталмыш 

шараның басты мақсаты 

да  оқушыларға Наурыз 

мерекесінің мағынасын, 

ол кезде атқарылар салт-

дәстүрлер жайлы кеңінен 

мағлұмат беру болып табы-

лады. 


Наурызым – ару, келдің бе?

Назерке Ахметова

А

пта басында орталық 



қалалық кітапханада 

«Наурыз-жаңару мерекесі» 

атты Ұлыстың Ұлы күніне 

арналған кітап көрмесінің ашы-

луы өтті.

Кітапхана қызметкер-

лерінің айтуынша, көрмені 

ұйымдастырудағы мақсат 

тіршілікке тыныс беріп, 

табиғатты ұйқысынан 

оятқан Әз-Наурыздың  түп-

тарихымен таныстыру. Жаңа 

жыл мейрамының салт-

дәстүр, әдет-ғұрыптарының 

тәрбиелік сипаттарын 

түсіндіріп, мән-мазмұнын 

ашу  арқылы жас буын-

ды жақсылыққа жетелеу, 

 

жұртшылықтың санасына 



көктем сәулесін түсіру. 

Көрменің ашылуына №3 

мектеп гимназиясының 

жоғарғы сынып оқушылары 

мен каладағы колледж сту-

денттерін қоса есептегенде 

80-ге жуық адам қатысты.

Кең ауқымды 4 бөлімнен 

тұратын көрмеде «Қош 

келдің, Наурыз!», «Қазақ 

халқының салт-дәстүрлері», 

«Наурызнама», «Қазақтың 

киіз үйі», «Қазақтың ұлттық 

тағамдары» және басқа 

да тағылымды кітап-

тар жұртшылық назары-

на ұсынылды. Сонымен 

қатар әдебиеттерге шолу 

барысында көрмені тама-

шалаушылар Наурыз ме-

рекесіне қатысты ұлттық 

нанымдар, мереке кезін-

де қолданылатын салт-

дәстүр, ұлттық нақыштарға 

тоқтала келе, «Әз Наурыз», 

«Наурыз көк», «Саумал», 

«Самарқанның көк тасы» 

тағы да басқа ұғымдар ту-

ралы  түсінік беріп, Наурыз 

дастарқанынан дәм татты.

Аталмыш кітап көрмесі 

наурыз айының соңына 

дейін оқырмандарға қызмет 

көрсетеді деп жоспарлану-

да.

Наурыз – жаңару мерекесі



Өскемен

5

№12 (275)



19.03.2015

ҚОҒАМ


АҚЦИЯ

КӨРМЕ


Елжан Қайырханов

Ө

скемен қаласының ардагер-



лері назардан тыс қалған емес. 

Қалалық «Нұр Отан» партиясын 

филиалы жастар орталығымен бір-

лесе отырып, республика бойынша 

кеңінен ауқым алған «Ардагерлер-

ді ардақтайық» атты акция аясын-

да тыл ардагерлеріне көңіл бөлуде. 

Бұл жолы белсенді жастардың 

назарына Жаңа Согра кентінің 

ардагерлері ілікті. Атап айтар 

болсақ, Ұлы Отан соғысының 

ардагері Василий Пименовтың 

үйіне жол тартқан жастар 

және «Нұр Отан» партиясының 

мүшелері білек сыбана іске 

кірісті. 

Василий Пименов 1922 

жылы 28 желтоқсанда Өскемен 

қаласында дүниеге келген. 

Соғыс жылдарына дейін 

ұстаздыққа арналған мек-

тепті және курсты тәмамдап 

үлгерген. Бірақ, 1941 жылы 

әскер қатарына шақырылып, 

радист қызметіне үйренеді. 

Бірер жылдан кейін, 1942 жылы 

Солтүстік-Батыс майданға 

шақырылып, Сталинград 

түбіндегі Калач елді мекенін-

де шайқасады. Кейін майдан 

алаңында ауыр жарақат алып, 

бір жылдан кейін Өскемен 

қаласына қайтарылады. 1943 

жылдан бастап, қала мекте-

бінде ұстаздық қызметпен ай-

налысады. Ал, 1948 жылы Се-

мей педагогикалық универ-

ситетін тәмамдап, зейнетке 

шыққанға дейін қалалық №18 

мектепте білім берумен айна-

лысады. Василий Пименов Ұлы 

Отан соғысының ІІ дәрежелі 

және өзге де мерейтойлы 

төсбелгілермен марапатталған. 

 – Мен білім беру саласында 

бірнеше жыл қызмет атқарып, 

Согра кентінің екі ұрпағын 

өсіріп-жеткізіп, білім бердім 

десем де болады. Бүгінгі күні 

шәкірттерімнің кейбіреуін та-

нымасам, көпшілігі мені та-

нып, алғыстарын айтып жата-

ды. Жастарға, тимуршылға ай-

тар алғысым шексіз. Әрдайым, 

мереке сайын келіп, құттықтап, 

үй шаруасында көмектерін 

көрсетіп тұрады, – деді ардагер 

Василий Пименов. 

Қылышын сүйретіп өткен 

қақаған қыстың қалың қары 

соғыс ардагерінің ауласына 

жиналып қалыпты. Көктемнің 

алғаш келіп жатқан жылуына 

еріп үлгермеген қарды жастар 

әп-сәтте көшеге шығарып, ау-

ланы толықтай тазартып берді. 

– «Ардагерлерді ардақтайық» 

акциясы осымен бірнеше жыл 

қатарынан өтіп отыр. Қала 

бойынша әрбір ардагер мектеп-

терге, жоғарғы оқу орындары-

на бекітіліп қойған. Жастардың 

бойында идеологиялық тәрбие 

беру мақсатында Ұлы Отан 

соғысы ардагерлерімен кезде-

су ұйымдастырылады. Кездесу 

барысында ардагерлерге жас-

тар үй шаруасына көмектерін 

көрсетеді. Қазіргі таңда бұл 

әрбір қалада, ауданда және 

ауылдарда жүргізіліп жатқан 

жұмыстар,  – деді қалалық Жас-

тар орталығының директоры 

Ринат Ахметжанов. 

«Нұр Отан» партиясының 

Өскемен қаласы бойын-

ша филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары Май-

раш Екібасованың айтуы 

бойынша, аталған көмек 

көрсету жұмыстары мұнымен 

тоқтап қалмайды. Ардагердің 

бақшасының үлкендігін көрген 

Майраш Екібасова көктем 

шығысымен, жастармен бірігіп 

бақша топырағын қашап бе-

ретіндіктерін жеткізді. Белсен-

ді көмекшілерге алғысын біл-

дірген соғыс ардагері, әрі зей-

неттегі ұстаз алғысын білдіріп, 

шығарып салды. 

Айтар алғысы шексіз ардагер

Әзірше, қала жастары бірін-

ші ардагердің ауласын қардан 

тазалап жатқанда, Жаңа Сог-

ра кентінде екінші ардагерге 

де жәрдем көрсетілді. Атап ай-

тар болсақ, «Үлбі» әлеуметтік 

көмек көрсету орталығының 

қызметкерлері еңбек ардагері 

Татьяна Полтавецтің үйін таза-

лап берді. 

Жасы 86-ға келген арда-

гер де өзінің өмірін ұстаздық 

қызметке арнаған. Әсіресе, 

қалалық №19 мектепте өмірінің 

отыздан астам жылын сыйлаған 

ұстаз бастауыш сыныптың 

оқушыларын тәрбиелеп, білім 

саласының дамуына өз үлесін 

қосқан. 

– Бүгінгі күні «Нұр Отан» 

партиясы «Жас Отан» жас-

тар қанатымен және жас-

тар орталығымен бірлесіп, 

«Ардагерлерді ардақтайық» 

партиялық жобаны іске асы-

руда. 2015 жылы атал-

мыш акцияны абыроймен 

атқару мақсатын алдымызға 

қойғанбыз. Дегенмен, біз, соғыс 

ардагерлерін, тыл ардагер-

лерін және еңбек ардагерлерін 

тек 9 мамыр немесе қарттар 

күні мерекесі қарсаңында еске 

алып қоймай, әр сағат сайын 

құрмет көрсетіп, жәрдемдесе 

білу қажетпіз. Жастарға тәрбие 

беру мақсатында әр жыл сай-

ын ұйымдастырылатын осын-

дай жұмыстардың арқасында 

әрбір ардагерге үлкен көмек 

көрсетіледі. Оның үстіне, 

ағымдағы жылы алдымыз-

да кең ауқымды мереке, 

жеңістің 70 жылдығы келе жа-

тыр. Сондықтан, мерейтой 

қарсаңында жұмыстарымызды 

ауқымды етіп, қалалық мәс-

лихат және әкімдікпен бірле-

се отырып, әр ардагерді туған 

күнімен құттықтаудамыз, – 

деді  «Нұр Отан» партиясының 

Өскемен қаласы бойынша фи-

лиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Майраш Екібасова. 

Білім саласының ардагері үйіне 

келген қонақтарға, жастарға 

әрдайым соғыс жылдарында 

көрген қиыншылығын айтып, 

өмірінен сыр шертеді. Бұл сөзді 

әлеуметтік көмек көрсетуші 

қызметкерлер де растауда. 

– Біз соғыс, тыл ардагер-

лерімен және мүгедек жан-

дармен жұмыс жасаймыз. 

Мысалы, Татьяна Полтавец 

соғыс жылдарында колхоз-

да жұмыс жасап, көпті көрген 

жандардың бірі. Бізге әрдайым 

соғыс жылдарында бастан кеш-

кен оқиғаларын айтып, ішкі 

дүниесімен бөліседі. Менің 

ойымша, бұл жастарға де-

ген тәрбиенің көзі. Бұл кісілер 

кезінде елі үшін аянбай еңбек 

етсе, бүгінгі күні біз олардың 

өмірі үшін қызмет етуіміз қажет. 

Сондықтан, «Үлбі» әлеуметтік 

көмек көрсету орталығының 

қызметкерлері аптасына екі 

рет келіп, азық-түлік, дәрі-

дәрмек әкеліп, тіпті үй шару-

асында көмектесіп тұрады, – 

деді «Үлбі» әлеуметтік көмек 

көрсету орталығының бөлім 

меңгерушісі Гүлмира Джимба-

ева. 


Өмірі жастарға өнеге

Бұл күні білім дамуына өз 

үлесін қосқан тағы бір арда-

гер ұстаз, тыл ардагері Оль-

га Карпова да көңілден шет 

қалмады. Глубокое ауданында 

бастауыш сынып оқушыларын 

тәрбиелеген, 88 жасты еңсерген 

ұстаз бүгінгі күні жалғыз басты 

қарттардың бірі. 

Ардагердің үйінде қаз-

қатар тізілген әсем гүлдердің 

барлығы, көздің жауын ала-

ды. «Үлбі» әлеуметтік көмек 

көрсету орталығының 

қызметкерлерінің айтуын-

ша, қарттың өзі гүлдерді 

ұрықтандырып, қолдан 

өсіреді. Аталған орталық 

қызметкерлері қарттың үйінде 

тазалық жұмыстарын жүргізіп, 

іске кірісіп те кетіпті. 

Біздің ауданымызда 9 Ұлы 

Отан соғысы ардагері және 200-

ге жуық тыл ардагері тұрып 

жатыр. Қазіргі таңда еліміз 

бойынша өтіп жатқан «Арда-

герлерді ардақтайық» сынды 

әртүрлі акцияларды ауданда-

рымызда белсенді өткіземіз. 

Жоғарыда айтылғандай, біз 

қарттарымызды, ардагерлерді 

тек мереке күндері ғана емес, әр 

сәт сайын еске алуымыз қажет. 

Себебі олардың көргені мен 

білгені кез-келген жасөспірімге 

тәрбие бере алады, – деді №5 

әкімшілік аумақтық басқару 

орталығының директоры Мак-

сим Тесленко. 

«Нұр Отан» партиясының 

Өскемен қаласы бойын-

ша филиалының бірін-

ші орынбасары Майраш 

Екібасованың айтуынша, 

Өскемен қаласында әр аумақ 

белсенді жұмыстар жүргізуде. 

Соның ішінде, аталған №5 

әкімшілік басқару аумағында 

оқушылар, әлеуметтік орталық 

қызметкерлері қарқынды 

жұмыстар жүргізіп келеді. 

Ардагерлерін ардақтаған қала тұрғындары

Айдана Аумадиева 

1

2 наурыз күні  шаһарымыздағы 



Пушкин атындағы облыстық 

кітапханада «Біздің ержүрек 

жерлестеріміз» атты әдебиеттер 

көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш көрме Ұлы Отан 

соғысында  отаны үшін отқа 

түсіп, Кеңес Одағының Баты-

ры атағына ие болған жер- 

лестерімізге арналды. Кезде-

суге арнайы келген қонақтар 

бүкіл Қазақстан бойын-

ша ең көп жоғарғы атаққа ие 

болған шығыс қазақстандық 

жауынгерлердің ерен ерлік-

тері туралы ақпарат алып, 

әдебиеттер көрмесімен 

 

танысты.


Сонау сұрапыл соғыстың 

барлық майдандары мен әскери 

бөлімшелерінде біздің жерле-

стеріміз ерлікпен шайқасты. 

Брест қорғаны, Минск, Ленин-

град, Смоленск, Одесса, Севас-

тополь, Тула, Киев... Бұл тек 

жаудың жолын бөгеген бекініс-

қалалар ғана емес, жүздеген 

батырдың жанкештілік пен 

даңқты ерлігінің межесі. 

 

Москва үшін шайқаста Пан-



филов дивизиясының 

даңқы шықты, оның 

құрамында болған жер-

лесіміз Төлеген Тоқтаровтың 

аты аңызға айналғанын естен 

шығармағанымыз абзал. Ста-

линград түбіндегі ұрыста 

38-атқыштар дивизиясы (кейін 

– 73-гвардиялық Сталинград 

дивизиясы) қаһармандығымен 

көзге түсті. Оны басқарған 

жерлесіміз Ғ.  Б.  Сафиуллин 

қараусыз қалған көше баласы-

нан Кеңес Армиясының коман-

диріне дейінгі қилы тағдырды 

басынан өткерген ерекше адам. 

Кеңес Одағының Батырлары 

қатарында теңіз жаяу әскерінің 

384-жеке батальонының 

атқыштар ротасы пулеметчигі 

матрос Н.  И.  Казаченконың, 

аға сержант Т.  Т.  Рыжовтың 

есімдері бар. Венгрияны азат 

етуде М. Абеулов, А. П. Ку-

кин, В. В. Бунтовских, Поль-

ша жерін азат етуде А. Ибраев, 

И.  М.  Ландышев, М. М. Рубу-

син, Е. С. Стрельников, Чехо-

славакия үшін ұрыста 504-ми-

номет полкінің штаб бастығы 

майор В. М. Урзля сынды жер-

лестеріміз ерлікпен көз жұмды. 

Варшава үшін ұрыстағы ерлігі 

үшін майор Д.  М.  Синицинге 

Батыр атағы берілді. 

Глубокое ауданы, Багра-

тионовка селосында дүниеге 

келген кіші лейтенант В. А. Ко-

лесников КСРО мен Герма-

ния арасындағы мемлекеттік 

шекараға алғашқылардың бірі 

болып жетіп, қызыл ту тікті. 

Германияның Зелов қаласына 

алғаш болып басып кірген 

кеңестік күштердің бірі – ка-

питан Г.  С.  Болтаев басқарған 

гвардия ротасы. Берлинді ша-

буылдауда 322-атқыштар 

дивизиясының саперлер 

батальонының бөлім команди-

рі кіші сержант И.  Г.  Сапалев, 

сонымен қатар Н.  С.  Шелехов, 

П.  Ф.  Кольцов сияқты жер- 

лестеріміз ерекше көзге түсті.

Соғыстың отты жолын кешу-

мен шығыс қазақстандықтар 

мәңгілік даңққа жетті. «Кеңес 

Одағының Батыры» атағы жа-

уынгерлерге тек қана ерен ерлігі 

мен ержүректілігі үшін берілді. 

500-ге тарта қазақстандық сар-

баз бен офицерлер осы жоғары 

мараптқа ие болды және оның 

әрбір бесіншісі – шығыс жерінің 

тумалары екенін мақтанышпен 

айтуымыз қажет.

Отаны үшін от кешіп, 

жеңіс жолында өмірдің бар 

ауыртпашылықтарына төтеп 

берген батырларымыздың есімі 

Отан үшін жанын қиған ерлік 

пен қайсарлықтың үлгісі ретін-

де ұрпақтан ұрпаққа беріліп, 

барша қазақстандықтардың 

жадында мәңгіге сақталады. 

Ер есімі – ел есінде



6

Өскемен


№12 (275)

19.03.2015

ӘЛЕУМЕТ

EXPO 2017 – БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ



Көрме өткізу – еліміздің мерейі

Айдана Аумадиева 

Ең алғаш 1851 жылы Лондон-

да бастау алған Халықаралық 

EXPO көрмесі, талай 

мемлекеттің беделін арттырып, 

бюджетіне миллиондаған кіріс 

кіргізген бірегей жобалардың 

бірі. Үздіктер қатарында болу 

біздің дәстүрге айналғандықтан, 

аталмыш көрмені өткізу 

бақыты біздің елге де бұйырып, 

2017 жылы Еуразияның 

жүрегінде орналасқан Аста-

на қаласында жалғасын та-

батын болады. Қазақстан 

Республикасының тарихында 

ойып тұрып орын алатын, ай-

тулы шараны өз дәрежесінде 

өткізу үшін дайындық 

жұмыстары әлдеқашан баста-

лып та кетті. Ауқымды шараны 

өткізуге жауапты ұлттық ком-

пания құрылып, бас қаламыз 

Астананың Сол жағалауынан 

жалпы аумағы 174 га жер 

бөлінсе, Американдық 

сәулетшілер Елордамыздың 

табиғи жағдайына сәйкес ке-

летін етіп EXPO қалашығының 

бас жоспарын әзірледі. Сондай-

ақ, еліміздің мерейін үстем 

ететін маңызды жобаның 

құрылыс жұмыстарын 

жүргізуде отандық өнімдерді 

қолдану мақсатында 

аймақтардан кәсіпкерлерді 

тартып, мемлекеттегі шағын 

және орта бизнестің дамуына 

да серпін беру жоспарда бар. 

Осы орайда бұған дейін 

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды,  

Солтүстік Қазақстан, Павло-

дар облыстары мен Астана 

қаласының өндірушілерімен 

меморандумға қол қойған 

«Астана ЭКСПО-2017» 

компаниясының бас мердігер-

лері 17 наурыз күні қаламыздағы 

«Алтай» технопаркінде Шығыс 

Қазақстан облысының бірқатар 

кәсіпорындарымен келісім-

ге келіп, меморандумға қол 

қойды. 


Отандық өнімдерге 

басымдылық берілмек

Көрме кешенінің 

құрылысына қажетті өнімдерді 

атап айтқанда, сым, це-

мент, тас мақталар, полиэти-

лен құбырларын жеткізетін 

аймақтардағы кәсіпорындарды 

«Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық 

компаниясының бас мерді-

герлері – «АБК Құрылыс-1» 

ЖШС, «Сембол Иншаат» АҚ, 

«СК Базис» ЖШС, «АДС ком-

паниясы» ЖШС және «Mabco 

constructions s.a» құрылыс ком-

паниялары таңдап алды. 

Астананың төрінде өтетін 

көрменің нысандарын салу 

кезінде өнімдері қолданылатын 

өндірушілердің тізімі-

не «Қазақсым» ЖШС, «Кэ-

монт» ЖШС, «Восток-Универ-

сал» ЖШС, «Семейпластком» 

ЖШС, «Өскемен полиэтилен 

құбырлары зауыты» ЖШС, 

«Қазақцемент» ЖШС, «Поли-

ус» ЖШС, «Корунд LTD» ЖШС, 

«Үлбі-фтор кешені» ЖШС, «Тас 

мақтасы зауыты» ЖШС, «Ме-

таллист» ЖШС, «Эгрей» ЖШС 

және «Семей цемент зауыты» 

ЖШС енді. 

– Осындай әріптестік елдегі 

ірі де маңызды жобаны жүзеге 

асыруда шағын және орта биз-

несті тартуға мүмкіндік беріп, 

ЭКСПО қалашығын салу бары-

сында қазақстандық өнімдерді 

қолдану үрдісін қамтып, 

аймақтардың дамуына үлес 

қосады, – деді пленарлық оты-

рыс барысында «Астана ЭКС-

ПО» ҰК Басқарма төрағасының 

орынбасары Алмас Жаманбе-

ков. 

Өзіңе және әлемге  



Шығысты таныт

Елдегі шағын және орта биз-

нес субьектілерін жұмыспен 

қамту туралы Елбасымыздың 

тапсырмасын орындау 

мақсатында Астанадан ат 

арылтып келген делега-

ция, тек аймақтағы құрылыс 

жұмыстарына қажетті заттарды 

өндірушілермен кездесіп қана 

қоймай, сондай-ақ шырайлы 

шығыстың туризм саласындағы 

жетістіктерімен танысып, 

«Өзіңе және әлемге Шығысты 

таныт» атты көрмесінің ашылу 

салтанатына қатысып, екіжақты 

келісімдерге қол қойды. 

 Қазақстанның мақтанышына 

айналған Астана қаласында 

өтетін Халықаралық дәрежедегі 

көрмеге қатысуға ниет біл-

дірген қатысушылардың бірі 

Катон-Қарағай өңірінен келген 

«Бүркіт шыңы» ЖШС өкілдері. 

Олар аталмыш көрмеге өз 

өнімдерін алып келіп, кеңінен 

таныстырып өтті. 

– Біз «Мұзтау» тауынан 

энергетикалық қуат алатын, шы-

райлы Катонқарағайдың ерек-

ше климаттық, экологиялық 

таза жағдайында өсірілген ма-

рал пантысын қолданамыз. 

Панты – ең көп пайдалы 

заттарға бай, биологиялық 

белсенді және өсу сәтіндегі 

маралдың қатпаған мүйізінен 

алынатын өнім. Пантокрин адам 

ағзасын емдеуде және ауруын 

алдын алуда таптырмайтын 

биологиялық белсенді қоспа. 

Панты өнімі қайталанбайтын 

емдік қасиеттерге ие, адам 

ағзасының әлсіз мүшелерін 

белсенділендіруде, ынталанды-

руда және қалпына келтіруде 

жоғары терапевтикалық әсер 

ететін препарат, – деді атал-

мыш кәсіпорынның менеджері 

Жұлдыз Садвакасова.  

ЖШС менеджерінің айтуы 

бойынша, Катонқарағайда 

орналасқан шипажайда 

пантыға шомылып, емделу 

ақысы 5 күнге 90 мың теңгені 

құрайтын көрінеді. Оның іші-

не жатын орын, 3 уақыт ас 

және емдік препараттар кіреді. 

Бұл бағаны қымбатсынып 

көптеген қандастарымыз де-

малыс уақыттарында шетел-

ге демалуға кеткендерімен, 

керісінше көршілес елдің аза-

маттары біздің туристік ши-

пажайларда демалуды жөн 

көретін сыңайлы. 

Сонымен қатар, 

Катонқарағай өңірінен 

келген қатысушылардың 

тағы бірі көрмеге киелі Катон 

ағаштарынан табиғи бұйымдар 

жасайтын шебердің қолынан 

шыққан туындыларды алып 

келіпті. Катонқарағай қорық 

мұражайының туризм мама-

ны Самат Қайратұлының ай-

туы бойынша олардың өніміне 

деген сұраныс әсіресе жаз ай-

ларында артады екен. Шетел-

ден келген қонақтар, Аста-

на, Алматы қалаларынан 

және облысымыздың түкпір-

түкпірінен келген дема-

лушылар естелік ретінде са-

тып алатын көрінеді. Ағаштан 

жасалған бұйымдардың бағасы 

да қымбат емес небәрі 1500 

теңгеден басталады. 

Еліміздің экономикалық ахуа-

лын жақсартып, туристік жағын 

дамытқымыз келсе, әрбіріміз өз 

жерімізде демалуға тырысып, 

басқа шетелден қонақтарды 

тартуға атсалысуымыз қажет. 

Сонда ғана отандық туристік 

компаниялардың жұмысы жан-

данып, олардың қызметіне де-

ген сұраныс артады. Ал, бұл өз 

кезегінде шипажайларда дема-

лу бағасының төмендеуіне сеп 

болмақ. 

Тақырыптық павильондар

«ЭКСПО 2017» көрмесінде 

төрт тақырыптық павильон 

ашылады. «Энергия әлемі» па-

вильонында қазіргі энерге-

тика саласының көкейкесті 

мәселелері көрсетіледі. Соның 

ішінде қоршаған ортаны лас-

тайтын қалдықтарды азайту, 

дәстүрлі энергия көздерінің 

улы заттарын барынша 

қысқарту, климаттың өзгеруі, 

экологиялық таза және ба-

ламалы энергетиканы дамы-

ту мәселелері бар. Ал, «Өмірге 

қажетті энергия» павильоны 

өмір мен энергия арасындағы 

тікелей байланысты, энер-

гия мен биологиялық тір-

шілік бір-біріне қаншалықты 

тәуелді екенін көрсетеді. Со-

нымен қатар, «Барлығына 

арналған энергия» павильо-

нында адамзат үшін энергияға 

қол жеткізудің жолдары таныс- 

тырылады. Ол жерде энер-

гия көздерін қолжетімді ету 

мәселесі көтеріледі. Соңғы 

«Менің болашақ энергиям» па-

вильоны «Болашақ энергиясы» 

деп аталған энергияның негіз-

гі мәселелерін шешуге, ондағы 

адамның рөліне ерекше көңіл 

бөлінбек. 

Бұдан бөлек, көрмеде 

Үздік тәжірибелердің аймағы 

ұйымдастырылады. Онда энер-

гетика саласындағы үздік тех-

нологиялар мен жобалармен 

танысу мүмкіндігі болады. 

Айта кетейік, 

EXPO Халықаралық 

мамандандырылған көрмесі 

2017 жылдың 10 маусымынан 

бастап 10 қыркүйегіне дейін-

гі аралықта Астана қаласында 

өтеді. Оған 100 ел, 10-нан 

астам халықаралық ұйым, 

инновациялық технологиялар 

саласындағы 10 көшбасшы ком-

пания қатысады деп жоспарла-

нуда. Жалппы алғанда, айтулы 

көрмеге 2 миллионнан астам 

қонақ, 5 миллионға жуық рет 

келеді деп күтілуде. 



Өскемен

7

№19 (275)



19.03.2015

ҚОҒАМ


ҰЛЫ АБАЙҒА – 170 ЖЫЛ

САЙЫС


Әсел Алтынбекқызы

Ұ

лы Абайдың 170 жылдығы 



қарсаңында облысымыз-да 

көптеген мерейтойлық шара-

лардың аталып өтілетіні жайлы 

бұған дейін де хабарлаған бола-

тынбыз. Сондай бірегей шараның 

бірі туралы облыстық мәдениет, 

мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының басшысы міндетін 

атқарушы Руслан Қайырсынов 

журналистермен өткен баспасөз 

отырысында Семей мен Жиде-

бай арасында жаяулар марафоны 

ұйымдастырылатынын жария етті.

– Мерейтойды той-

лау шеңберінде 3-9 тамыз 

аралығында Семей - Жиде-

бай бағыты бойынша "Абай 

Құнанбайұлына 170 жыл - 170 

шақырым" атты жаяулар ма-

рафонын өткізу жоспарланып 

отыр. Семейден Жидебайға 

дейінгі жолдың тура 170 

шақырымға тең болуының 

символдық мәні бар. Мара-

фон кезінде елді мекендерде, 

жол бойындағы кемпингтер-

де ойын-сауық бағдарламасы 

ұйымдастырылатын болады, – 

деді Руслан Қайырсынов.

Ұлы ақын әрі ойшыл 

Абай Құнанбайұлының 170 

жылдығы 2015 жылдың 3-9 

тамызы аралығында Шығыс 

Қазақстанның Абай ауданын-

да кеңінен тойланатын бола-

ды. "Абай тойы - халық тойы" 

атты негізгі іс-шара аясында 

"Қазақта Абай дара, Абай дана" 

облыстық ақындар мүшайрасы, 

"Адамзаттың бәрін сүй, бауырым 

деп..." республикалық ақындар 

айтысы, сахналандырылған 

қойылымдар, ұлттық спорт 

түрлері бойынша жарыс-

тар өткізілетін болады. Ме-

рейтой шеңберінде қазірдің 

өзінде 20-дан астам шара 

ұйымдастырылатыны белгілі 

болып отыр.

Мерейтойда жерлестеріміз 170 шақырымды 

жаяу жүріп өтпек


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 341.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет