Спортшылардың жеке психологиялықтұлға ерекшелігі



жүктеу 42.37 Kb.
Дата13.03.2022
өлшемі42.37 Kb.
#18036
түріСабақ
Спортшының жеке психологиялық тұлға ерекшелігі(баяндама)
Футболдағы төзімділікті дамыту, Спорттық жаттықтыру амалдары.


Спортшылардың жеке психологиялықтұлға ерекшелігі
Психология – психиканы және оның пайда болу, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Спорт және дене тәрбиесі психологиясы – бұл оқу-жаттығу, жарыс кездерінде және дене тәрбиесі және спорт сабақтарына қатысты ерекше шарттарда адамның психикасының дамуы және қалыптасуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның бір саласы.
Жоғарыдағы заңдылықтар бұл ғылымның зерттеу объектісі болып табылады.
Бұл ғылымның зерртеу нысаны - өз денесінің қозғалысын игере алатын, оны өз күшінің көмегімен қозғалыс уақытында мақсаты түрде оны басқара алатын адам болып табылады.
Айту: Бұл мақсатпен адам, жеке тұлғаның сапалары мен жай-күйін, псикалық процестерін жетілдіріпғ дене сапаларын (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік) дамытады. Ол өзінің өмір қызметі жағдайындағы физикалық және психикалық белсенділікті арттыруға қажетті әрекеттің жалпы және арнайы алгоритмдерін (іскерлік пен дағдыны) қалыптастырады, спорттық қызметтің әр түрлі әлеуметтік жағдайларында өзін-өзі басқара алуға үйренеді.
2. Дене тәрбиесі психологиясының педагогикалық бағыттылығы.

Дене тәрбиесінде маман-педагогтың (дене тәрбиесі мұғалімі), тәрбиеленішілердің (оқушы) орны мен қызметтері және білім мен тәрбие беру бағытындағы олардың бірлескен әрекеті ерекше орын алады.


Дене тәрбиесі сабақтарының өзіндік ерекшеліктері бар:
- 1-ден, бұл ұздіксіз, көпжылдық үрдіс. Ол адам дүниеге келгеннен бастап, оның өмірінің әр кезеңін қамтиды.
- 2-ден, бұл процесс мазмұны мен формасы жағынан әрқашан да адам дамуындағы жас кезеңдері заңдылықтарының ерекшеліктерімен байланысты.
Қай жаста, қандай спорт түрінде дене жүктемесін орындауға болады. Мысалы, штанга көтерумен жас кезден бастап айналусыға болмайды, себебі, ол кезде ағзаның өсуі жүріп жатады, ал гимнастикамен 5 жастан, тіпті одан да ерте бастауға болады, өйткені, бұлшықеттер жұмсақ әрі эластикалы сондықтан да созылуы мен иілгіштігі жеңіл дамиды.
Адамның морфофункциональдық қасиеті жағынан табиғи өзгеру процесі ретінде жаратылыс заңдарына байлансты жүріп жатады және ағзаның қалпы мен бітімі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды (дене салмағы мен көлемі ұлғаяды).
Физикалық дамудың негіздері – онтогенездік заңдылақтардың ерекшеліктерімен анықталады. Бірақ, бұл процесс жаратылыс заңдарына сүйене отырып, сонымен қатар адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі жағдайларға да байланысты болады. Берілгендердің ішінде негізінен дене тәрбиесі ерекше орын алады. Жеке тұлғанын қоғамда толық қалыптасуына жәрдемдесіп, белсенді өмірге қажетті дене сапаларын, қозғалыстағы іскерлік пен дағдыны дамытуды қамтамасыз етуде жас кезеңдерінің объективті заңдылықтарын дұрыс қолдана білудің де маңызы зор.
Қозғалыс қызметінің қарқындылығы – дене тәрбиесінің практикалық жақтан негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол қозғалыс қызмметінің және басқа да педагогикалық тапсырмалардың орындалу әдістерін бірізділікпен топтастыруды қамтиды.
Біз білетініміздей, психология – психиканы және оның пайда болу, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Осының негізінде, дене тәрбиесі психологиясының негізгі алға қойған мақсаты – бұл адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, адам дамуындағы психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарға сүйене отырып, оқу-тәрбие үрдісінің алға жылжуы, дене тәрбиесі типі түрінде жүзеге асады деп қорытынды жасауға болады.
Бұған қарағанда дене тәрбиесі психологиясы педагогикалық жағдайларға бағытталған, ал оның мазмұны педагогикалық процестің ұжымының, оқушылардың, дене тәрбиесі мұғалімінің психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған сұрақтардан құралады.

3. Спорт психологиясы психология ғылымының қолданбалы тармағы ретінде.


Спорт психологиясы жаттығу және жарыс жағдайларындағы жеке адамдар мен ұжымның психикалық қызметтерінің заңдылықтарын зерттейді.
Спорттық қызмет өте ерекше: ол басқа қызмет түрлерінен, 1-ден, алға қойған мақсатымен, 2-ден, мақсатқа жетудің тәсілдерімен ерекшеленеді.
Спортттық қызметтің аймағы – бұл жарыстарға дайындақ (жаттығулар) және оған қатысу. Бұның бәрі спортшыдан арнайы сапаларды, дағдыларды, білім мен іскерлікті, рухани және дене күшінің жеткілікті шидамдылығын талап етеді.
Спортшылар командалары мен топтарының ішіндегі қарым-қатынас та өте ерекше, сол себепті оларды басқару арнайы білім мен іскерлікті талап етеді. Сондықтан да, спорт психологиясы өзіндік зерттеу нәтижелерін негізінде ала отырып, жалпы психологияның қағидаларына сүйенеді.
Спорт психологиясының ішінде психология мынадай бөлімдерге бөлінеді:
1. Спортқа тәрбиелеу және оқыту.
2. Спортшылардың физикалық, техникалық күнделікті дайындығы.
3. Спорттық психогигиена, психодиагностика, спорттық ұжымның психологиясы, жеке спортшының, жаттықтырушының, спорттық командалардың жетекшілерінің психикалық ерекшедіктері.
Спорт практикасында жеке спорт түрлерінің ерекшеліктері мен оқылатын бөлімдерінің маңызы өте зор. (жүзу психологиясы, оқпен ату психологиясы, футбол, шахмат т.б.) спорт психологиясына жеке спорт түрлері бойынша жарыс уақытында болатын проблемаларды шешу ерекше орын алады.
Спорт психологиясы ерекше жағдайларда жаттығулар мен жарыстарда жаттықтырушы мен спортшылардың психикалық ерекшеліктерінің заңдылықтарын ашуға бағытталған. Мұнда әртүрлі арнайы психилогиялық әдістер мент тәсілдердің көмегімен жарысқа дайындық кездерінде және сайысқа қатысуда спортшының белсенділігі мен өнімді нәтиже беруіне жәрдемдесіп, психикасына әсер етеді.
Спорт психологиясы ғылымның ең жас тармағы болса да, өзіндік даму тарихи бар ғылым.
1) Дамудың бірінші кезеңі – дүниеге келу кезеңі. Спорт психологиясы бұл кезеңде негізінен спорттық қызметтің психологиялық көрінісін суреттейтін танымдық-бейнелік пән ретінде көрінді. Бұл кезең танымдық бағытта болды. Алғашында, физикалық жаттығулармен шұғылданудың адам психикасына тигізетін әсері жайлы қарастырылды. Кейін келе бұл ғылымның зерттеу аясы кеңи түсті.
Бұл кезеңде спорт қызметіндегі танымның рөліне, спорттық қозғалыс дағдының, танымдық, эмоциональдық және күш-қуаттық қасиеттердің ерекшеліктеріне, осы аталғандардың спорттағы алатын орнына және де жарыс алдындағы және жарыстағы психикалық қалыпты зерттеуге ерекше көңіл бөлінді.
Спорт психологиясының дүниеге келуі негізінен екі мектеппен байланысты:
1) Москва қаласындағы В.И.Ленин орденінің иегері Мемлекеттік орталық дене мәдениеті Институтымен (жетекшісі профессор П.А.Рудин)№
2) Ленинград қаласындағы екі мәрте орденмен марапатталған П.Ф.Лесгафта атындағы Мемлекеттік дене мәдениеті институтымен (жетекшісі профессор А.Ц.Пуни).

2. Екінші кезең – құрылу кезеңі. Бұл кезеңде спорт психологиясы ғылымның қосымша тармағы ретінде, профессиональды бағытта дами бастады. Осылайша, практикалық мәселелерді шешуге қажетті теориылық аспектілер мен спорттық әдістемелік жағына қатысты еңбектердің рөлі арта түсті.


Осы кезеңде спорт психологиясы, негізінен, біртіндеп спорттың әдістемесі мен оның теориялық жағына сүйене бастады.
Ең алдымен, күш-қуаттық қасиеттердің дамуы мен қалыптасуына аса көп көңіл бөлінді. Содан кейін барып спортшының психологиялық дайындығы жайлы ой қалыптасты.
Спорттық ұжымның қалыптасуы мен спортшылардың жеке қасиеттерінің тәрбиелеу жайлы сұрақтарға және де техникалық, физикалық ерекшеліктерді қамтитын жалпы психологиялық дайындықтың мәселелерін шешу үшін жұмыстар атқарылды.
Психилогиялық ерекшеліктер аймағын зерттеуде «спорттық қалып» ерекше орын алады.

3. Қазіргі кезең. Бұл кезеңде спорт психологиясының танымдық-психологиялық пән ретінде қалытасуы. Бұл спорт туралы психология ғылымның даму кезеңі, бұрынғы жұмыс бағытың сақтай келе және спорт психологиясының қазіргі кездегі проблемаларын есепке ала отырып, зерттеу ісіне спортта жетістікке жетуде кездесетін қиыншылықтарды қатыстыра отырып зерттеумен ерекшеленеді.


Қазіргі спорт тәжірибесі, оның қарқынды дамуы – спорттық қызметті ұйымдастыру мен оны басқарудың жан-жақты формаларын, әдістері мен құралдарын ойластыруды мақсат етеді. Дайын жетілген физикалық, психикалық жүктемелер спортшының психологиялық дайындығын арттыру үшін, спортта жаңа әрі тиімді әдістер мен құралдарды енгізуді талап етеді.
Сонымен, спорт психологиясы – бұл спортпен шұғылданатын адамның психологиясы туралы ғылым.
Адам туралы ғылымдар жүйесінде спорт психологиясының алатын орны қандай?
Психология философиялық негіздері – спорт психологиясының жалпы теориялық негіздемесі болып табылады. әлеуметтік негіздер оған әлеуметтік көзқарастарды береді, ал жаратылыс ғылымдары – спорт психологиясының материалдық негізін құрай отырып, спорттағы субъектінің табиғи ұйымдасқанын көрсетеді.
өз кезегігде, барлық спорттық ғылымның негіздері спорт психологиясымен байланысты.
Философия негіздері философиялық тұжырымдарға қажетті материалды спорт психологиясынан алады.
- әлеуметтік ғылымдарда спорттың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, психологиялық зерттеудің нәтижелерін пайдпаланады.
- Ал жаратылыс ғылымдарында, спорт аумағындағы адам ағзасының маңызды жақтарын бөліп көрсету үшін, адамның спорт қызметіндегі психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады.
- Еске алатын бір нәрсе, ол спорт психологиясы ғылымының атауы психология және спорт деген екі ғылыми терминнің бірігуінен жасалған. Осы екеуі сопрт психологиямының негізін қалайды және оның «теориялық негізі» болып табылады.
Өзімізге белгілі болғандай спорттық ғылымдар адамның спорт аймағындағы теориялық білімдер сферасын қалыптастыруға бағытталған. Олар спортшының жарыстарға жеке және ұжымдық дайындығы мен жарысқа белсенді қатысуына жағдайлар туғызу үшін физикалық, техникалық бірізді дайындықтар негізін жасауға бағытталған. Егер спортшының жарысқа дайындығын психологиялық негізі туралы айтсақ, психология ғылым ретінде толығымен адамның тәртібі, жағдайы мен қызметінің заңдылықтарын зерттейді. Көптеген ғылыми зерттеулер адамның спорттық қызметі, қалпы көбінесе психологиялық факторлар мен процестегі қатысты болатынын дәлелдеді. Ондай психологиялық факторлар мен процестерге: адамның мотивациялық және эмоциялық аймағы, жеке қасиеттері мінез бітістері мен темпераменті, күш-қуат сапалары және зейін, ес, ойлаудың ерекше қызметтері жатады.
Қорыта келгенде, спорт психологиясының жеке ғылым ретінде бөлінуі тек емес. Ол спорт адамның психикасын терең, ерекше түрде зерттейді.

4. Спорт психологиясы мен дене тәрбиесі психологиясының өзара байланысы.


Бұл сұрақты қарастырмас бұрын, ең алдымен дене тәрбиесі психологиясына, екінші спорт психологиясына анықтама берген жөн.
1. Дене тәрбиесі психологиясының негізгі мәселесі – жалпы сауықтыру, білім беру және тәрбие салаларының психологиясы негізіндегі тәжірибелік сұрақтарға рационалды жауап беруге көмектесу.
Дене тәрбиесіне қатысу барысында бала өзінің сыртқы ортаға деген көзқарасын, ой-өрісін, дене қимылын, айналадан олған әсерін қалыптастырып үйренеді. Оның еске сақтау, ойлау қабілеті, психологиялық қасиеттерді өз бетінше қалыптастыру қабілеттері дамиды.
2. Сопрт психологиясы – жаттығулар мен жарыс кездеріндегі жеке адамдар мен топтардың психикалық ерекшеліктерінің заңдылықтарын зерттейді. Адам спортпен айналасқан уақытында арнайы сапаларды, дағдыларды, іскерліктерді, қасиеттерді қалыптастырады. Онда қозғалыс есі көрініс тауып, ойлауы, еркі өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі анализ жасау, өзін-өзі басқару қабілеттері дамиды.
Спорт – бұл ерекше, адам қызметінің ерекше түрі.
А. Өзіндік ерекшеліктері:
1. Дене тәрбиесінің мақсаты - әр адамның денсаулығын нығайту, адам ағзасының, психофизиологиялық деңгейін арттыру, дамыту. Ал спортпен айналысудың басты мақсаты – спортта жоғарғы нәтижелерге жету.
2. Дене тәрбиесі негізінен ерте балалық шақтан адам психикасының дамуына бағытталған. Шешіліп жатқан мәселелер ортақ сипатта болады.
Спорт қызметінің арнайы түрі ретінде негізінен адамдарды барынша үлкен психологиялық ауыртпалыққа арнайы дайындау мәселесін шешеді. Мұнда мәселенің тар бағыты негізі болады.
3. Дене тәрбиесімен айналысу барлық адамдарға міндетті және мүмкін жағдайда. Дене тәрбиесі үрдісін сезінбей қызу және өнімді өмір қызметінде физикалық білім, қабілет, дағдымен қаруланған, гармониялық дамыған адам ретінде сезінуі қиын.
Спорттық қызмет барлық адамға міндетті емес. Спортпен спортшы деп аталатын, спортқа деген қызығушылығы мол «таңдаулы» адамдар ғана айналысады.
Спорттық қызмет айтарлықтай еңбекті және адамнан едәуір дене және психологиялық қажырлықты талап етеді. Сондықтан спортпен айналысу – бұл көбінің еншісінде емес.
4. Дене тәрбиесі – жалпы білім беретін орынның міндетті оқу тәртібі (балабақшаның, мектептің, арнайы мамандандырылған оқу орындардың, жоғары оқу орындарының).
Спорттық ұйымдар – бұл ортақ мақсат пен идея ұсталған белгілі бір топ адамдарын өз еріктерімен біріктіретін қоғамдық топтар.
Б. Байланыстыратын белгілер.
1. Дене жатығуларымен айналысуға бағытталған қызмет жүйесі дене тәрбиесі секілді спортты да біріктіреді.
2. Дене тәрбиесінде де спорттық қызметте де психологиялық сапалардың, білім мен дағдының(өзін-өзі игеру, бақылау) сонымен қатар психологиялық процестердің (қозғалыс естің, ойлаудың, елестеудің, зейіннің) және жеке қасиеттер (мінез, ерік, қабілет, эмоция, мотивациялық сфера) дамуы мен жүзеге асыру процестері мақсатты түрде орындалады.
3. Тұлғаның моральдық, адамгершілік, этика-эстетикалық қасиеттері және адам тәртібі нәтижесінде бір бүтін құралады.
4. Спорттық топтар құрамы мен қарым-қатынас, топ бастау және ақпарат алмастыру құралы жоспарында дене тәрбиесі бағдарламасымен жұмыс істейтін топтар құрамының тұлғааралық қарым-қатынастары айтарлықтай ұқсас.
5. Дене тәрбиесіндегі секілді спорттық қызметте де сабақтың құрылу сызбасы мен көп жылғы мерзімге еспетелген қызметтің ары қарайғы жоспары байланыстырушы белгі болып табылады.

5. Дене тәрбиесі және спорт психологиясының тапсырмалары.


Бүгінгі таңда «дене тәрбиесі» ұғымының мәніне ортақ көзқарас жоқ.. бір авторлар оны психофизиологиялық даму заңдылықтарының биологизаторлық ұғымы негізіне сүйеніп, адамның функционалдық қабілеттернің мақсатқа бағытталған даму үрдісі деп көрсетеді.
Басқалар дене тәрбиесін адамның дене сапаларын дамыту және оны қимыл-қозғалысқа үйрету деп қарастырады.
Кең ұғымда «дене тәрбиесі» ұғымы «дене шынықтыру білімі» ұғымына сай келуі мүмкін.
Сонымен, дене тәрбиесі – бұл адамның қоғамда әлеуметтік міндеттерін орындауға арнайы дацындауға, дене бітімінің жан-жақты дамуына бағытталған педагогикалық үрдіс.
Мұндай ұғым өзіне адамның физикалық дамуын қамтамасыз ететін білім мен тәрбиені, сонымен бірге басты физикалық және арнайы сапалардың дамуына ықпал ету әрекетін, нақты индивидтің биологиялық ерекшелігімен шартталған гинетикалық бағдарламаның айтарлықтай толық игерілуіне ықпал ететін ағзаның функционалдық қабілеттерінің жоғарылауын қосып алады.
Дене тәрбиесінің сақсатын белгілі бір концепцияға сәйкес тұлғаның физикалық, психикалық саулығын және гармониялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталығн білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру деп қарастыруға болады (еңбекке және тұрмысқа дайындық құру, дене шынықтыру сабағында қажеттілікті жасау).
Бұл мақсатқа жету келесі мәселелерді шешуді ұйғарады.
Жүзеге асырылуын, сондай-ақ денсаулығының сақталуы мен нығаюын есепке ала отырып, оның тәрбиелену процесін ынталандыру.
в) Қозғалыс қабілеттері, дағдылары мен осымен байланысты білімдердің жеке фонд өміріне қажет жүйелі құрылымды қарастыратың білім беру тапсырмаларын қою.
2. Жалпыпедагогикадық тапсырмалар:
а) Адамгершілік, идея-саясаттық және еңбек тәрбиесін қамтамассыз ету.
в) Тұлғаның ерігін, мінезінің позитивтік сапаларын, жағымды эмоция мен эстетикалық қажеттіліктерін тәрбиелеу.
Спорт психологияның негізгі мақсаты – бұл жарыстарға қатысуға қажетті спорттық шеберлік пен сапалардың жеке спортшылар мен командалардың психологиялық заңдылықтарының құрылымын зерттеу, және жарысқа дайындалу мен жаттығудың психологиялық негіздегі тәсілдер жобасын зерттеу.
Осы мақсатқа жету келісі мәселелерді шешуді ұйғарады.
1. Спортшының психикасына спорттық қызметтің әсер етуін зерттеу. Келесі нақты тапсырмаларды белгілеу керек.
а) жарыстық психологиялық нәтижесі.
в) жарыстық спортшыларға әсер еткендегі мінез көрінісі.
с) жарыстардың спортшы психологиясына берген талаптарды анықтау.
d) спортшының жарыстарға сәтті шығуға қажетті моральды, ерікті және тағы басқа психикалық қасиеттердің сабақтастығын анықтау.
e) жаттығу қызметі мен спорттық тұрмыс шарттарының психологиялық нәтижесі.
1. Спорттық жаттығудың ұжымдылығын көтерудегі психологиялық шарттардың жобасы. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің ішкі құрылымын, дамудың механизмі мен заңдылықтарын және оның барлық компоненттерінің жүзеге асырылуын, арнайы білім, қабілет пен дағды құралу жолын, сонымен қатар спортшылардың ұжымдық әрекеттерінің сәттілігін қамтамасыз ететін шарттарды ашуға арналған.
а) спорттық жаттығу әдістері мен тәсілдерін психологиялық игеру және жаңасын іздеу.
в) жаттығудың арнайы әдістерін жасай отырып, психикалық функциялардың дамыту жолы арқылы спортшы ағзасының қабілеттерін барынша пайдалану жолдарын анықтау.
с) спорттық жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдістерін, сондай-ақ команданың психологиялық кеңістігін, әлеуметтік жүйесін, спорттық қабілеттердің психодиагностикасын жобалау.
d) жаттығу шарттары мен жарыс шарттарын жақындататың психологиялық факторларды шығара отырып, жаттығу жағдайында жарыстық көңіл-күйді млделдеудің ғылыми негізделген, әдістерін дайындау.
3. Спортшыларды жарысқа дайындауға психологиялық негіздің жобасы.
Жарысқа сәтті шығу үшін физикалық, техникалық, тактикалық дайындықтың жоғары дәрежесі жеткіліксіз.
Спорт дамуының бүгінгі деңгейінде психологиялық дайындыққа көп көңіл бөлінуде. Жарыс алдыңдағы дайындықта психикалық процестер мен жағдайлар маңызды орын алып келеді, психологиялық фактордың мәні жоғарылап келеді.
Спортшының жарыс алдыңдағы дайындық әдісінің жобасы – спорт психологиясының басты функцияларының бірі. Оны игеру, демек:
а) жарыс жағдайында психиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттеу және жарыстық қызметтің мықтылығы мен сенімділігін котеру үшін әдістер жасау.
в) жағымсыз психикалық қайталау әдістерін жасау үшін жарыс алдындағы және жарыс жағдайындағы дамитын психологиялық жағдайларды зерттеу.
с) спортшылардың психожарақатты әсерлерде мықтылығын көтеру үшін психологалық дайындақ әдістерін, қимылдарын қалыптастыра отырып психопрофилактиканы дамыту.
4. Спорттық қызметті гуманизациялаудың психологиялық жағдайының жобасы
Гуманизацияда спорттық қызметтің мазмұның кеңеюі, жарақат пен шаршау профилактикасы, кәсіби ауруларды және спортшы тұлғасының кемшілігін ескерту түсініледі.
Бұл мәселерді шешу үшін санитарлық-гигиеналық, ұжымдастырушылық және басқа шаралар ұжымдастырылуы керек. Бұл төмендегілерді талап етеді.
а) «Спорттық қызметтің субъектісі – спорттық орта» жүйесінде динамикалық бірқалыптылықты қалыптастыру мен сақтау үшін қажжетті психологиялық заңдылықтарды сипаттау.
в) спорттық хабардар болу мен іріктеудің психологиялық меселелерін дәл кезінде табу.
с) тұлғаның психологиялық жағдайын және жеке қасиетін зерттеу (Спорттық қызметтің сәттілігі мен қауіпсіздігінің шарты есебінде)
d) спорттық қызметтің әр түрлі жағдайында спортшының психикалық жағдайының динамика заңдылықтарын анықтау.
е) спорттық шыңдалу үрдісінде қайта құру мен қалыптастыру заңдылықтарының, спорттық қызмет дәлелдерінің жүйесін анықтау.
5. Спорттық ұжымда әлеуметтік – психологиялық құбылыстарды зерттеу
Спорт психологиясы спорттық ұжымдардың өмірін және қызметінің негізін зерттейді. Бұл мәселені шешу үшін төендегілер ұйғарылады:
а) топішілік феноминдердің қалыптасуының механизмі мен бастауын зерттеу (сезім, қалыптасулар, дәстүрлер т.б.), спорттықкомандада жағымды психологиялық кеңістік орнату мақсатымен оларды басқару тәсілдерін жасау.
в) спорттық командада тұлғааралық қарым-қатынас заңдылықтарын бақылау және спортшылардың психологиялық сәйкестік критериін жолау.
с) спортшылар қызметінің және тәртібінің әлеуметтік – психологиялық себептерін шығару.
d) жаттықтырушы тұлғаның ролін және команда мен психологиялық кеңістіктің сәттілігіне басқару стилінің әсерін аңықтау жаттықтырушы немесе команда копитанының абыройын нығайту әдістерін жасау.
6. Дене тәрбиесінде және спортта қызметтердің ерекшеліктері
Дене тәрбиесінде де, спортта да қызметтің арнайы ерекшеліктері жағдайдың, мақсаттың, себептердің, құралдар мен жетілген нәтижелердің әр түрлігіне байланысты.
Дегенмен 2 жақта да дене жаттығулармен айналысатын адам негізгі нысан болады.
Физкалық және психикалық ауыртпалықтың күшеюі мен ұзақтылығында өзгешілік – бұл тағы бір ортақ ерекшелік. Дене жаттығулармен айналыса отырып адам күнделікті қарапайым қалыпты көтеретін ауыртпалық сезінеді. Көбінесе, әсіресе, спортта бұл ауыртпалықтар шектен шығып кетеді. Мұңдай физикалық және психикалық ауыртпалықты ақылмен жүйелі түрде пайдалану спортта және дене тәрбиесінде үйреншікті болып кететінің ескеру маңызды. Бұл, күмәнсіз, жағымды әсер, бұл денсаулықтың мықты болуына, жұмысқа қабілетті болуына, физикалық және психикалық қасиеттің дамуынаол спортта спорттық нәтижелердің көтерілуіне әсер етеді.
Тек спорттың өріне тәң ерекшелік: бұл спорттық қызметтің мәні – жарыс екендігінде.
Жарыссыз спорт болмайды. Адамның жарысқа қатысуы басқа адаммен күрес жолында жоғары спорттық нәтижеге талпынуды көрсетеді.
Дене тәрбиесінде және спортта қызметтің мақсаты дене жаттығуларымен айналысуға қажеттілерді қалыптастыру, денсаулықты нығайту, жұмысқа қабілеттілікті көтеру, интеллектуалдық, адамгершілік, этика-эстетикалық дамыту болып табылады.
Бағыттылық: дене тәрбиесінде – физикалық және руханы дамыту секілді еңбекке кәсіби – қолдаңбалы дайындықты қамтамасыз ету, нақты өмірдің әр түрлі жағдайында қозғалу белсенділігінің заңдылығын, нормаларын, ережелерін игеру; ол спортта – барынша жоғары спорттық нәтижеге жету, спорттың белгілі бір түрімен айналысуға қажетті арнайы қабілеттерді дамыту.
Басқа қызмет түрлеріндегідей дене тәрбиесі және спорттық қызмет мотивтері спортпен және дене тәрбиесімен айналысқанда жинақталған білім, қабілет, дағдыларға байланысты адам тұлғасын жасайтын даму үрдісінде қалыптасады.
Адамның мотивациялық орта дамуы үрдісінде алғашқы мотивтер маңызды орын алады.
Қозғалыста қажеттіліктен жаттығуларды орындау үрдісінен қанағаттылықты сезіну механизмі негіз болатын физикалық жаттығулардың эмоциялық жағымдылық мотиві туады.
Өмірді, денсаулықты сақтау қажеттілігінен денсаулықты, өз денесінің физикалық дамуын нығайту, күшті нығайту икемділік пен төзімділік мотивтері туады.
Бұдан кейін адам тұлғасының дамуымен байланысты екінші қажеттіліктер туады.
Спортта мотивтер қызмет мақсатымен байланысты болады. Олар толығымен соған сәйкес болуы мүмеін. Ондай жағдайда спорттың қызметтің нәтижелігі ерекше жоғары болады. Егер мотивтермен мақсаттар алшақтығы байқалса, қызметтің нәтижелігі айтарлықтай төмендейді.
Әрекет – спортта және дене тәрбиесінде негізгі тәсіл. «Қызмет» ұғымы жүйесінде әрекет үнемі нақты мәселелерді шешу бағыты реінде анықталады. Әрекет – бұл қызмет нәтижесіне жету құралы. Дене тәрбиесінде және спортта әрекет мақсатына жетудің негізгі құралы ретінде дене жаттығулары деп аталады.
Дене тәрбиесінде қызметтің нәтижесі дене жаттығуларынан алған сауықтыру және білім беру жері болып табылады.
Спортта – спорттық жетістік, спортшының жарыстарда және жаттығу кезінде көрсеткен спорттық нәтижелер.
Спортшылар әрекетінің функциональдік ұйымы бір мезгілде төмендегілерді құрайды:
1) ағзаны физикалық және психологиялық ауыртпалыққа дайындауға бағытталған әрекеттер, техникалық білім мен дағдылардың дамуы мен жүзеге асырылуы, тұлғалық сапалардың, қабілет пен қасиеттердің (қызметтің жаттығулық типі) дамуы мен қалыптасуы.
2) Спорттық қызметтің мақсатына жетуге бағытталған әрекеттер (қызметтің жарыстық типі).
Бұның бәрі қызметтің арнайы түрі ретінде спорттың психологиялық ерекшелігінің қатарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Жаттықтыру қызметінің психологиялық ерекшелігі.
• Спортшы тұлғасының дамуына бағытталған оқыту мен тәрбие.
• Тұлғаның психологиялық процестері мен қасиеттерінің жүзеге асырылуы.
• өсіп жатқан физикалық және психологиялық ауыртпалыққа бейімделу.
• Алдынғы жеңістіктерге және физикалық және психологиялық дамудың үйреншікті дәрежесіне жүйелі көтерілу (өзін өзі игеру)
• Шешілетін мәселелерде өмір тәртібіне, қатаң тәртіпке өзін бағындыру.
• Жаттықтырушыллық қызметке спортшының қарым – қатынасы және оның мативация жүйесінің жүзеге асырылуы.
Арнайы қарым-қатынас көрінісі.
1. спортшыны үлкен және сапалы жұмысқа тартұға тырысқан жаттықтырушымен (көбінесе мүмкін жағдайда)
2. қарсылас немесе бәсекелес рөлінде жиі шығатын серігімен.
Белгілі бір жағдайда психикалық күшті ауыртпалыққа әкелуі мүмкін психикалық ауыртпалық көрінісі.
Жарыстық қызметтің психологиялық ерекшелігі.
Жарыс ынталандыру әсерумен иеленеді.
Жарыстарға қатысу кезінде спортшыда жеңіске немесе ойнау нәтижесінің жақсаруына талпыныс болады.
Жарыс спортшылардың қоғамда дәрежесіне әсер етеді, өмір жетістігінің бағасына кіреді. Олар үнемі әлеуметті маңызды, олардың нәтижелері кең қоғамдық әйгілікті және бағаны алады.
Жарыс нәтижесіне спортшыларға ерекше маңызды таңдалған жолдың дұрыс-бұрыстығын және уақыты және күшті мақсатқа кетіргендігін тексеру үшін керек.
Жарыс – бұл спортшылар қызметтінің просесіне және нәтижесіне әсер (жағымды, жағымсыз) ететің экстроординарлық эмоциялық жағдай туғызатын арнайы фактор.циялық жағдай туғызатын арнайы фактор.
Дәріс.
Дене шынықтыру мұғалімінің және
жаттықтырушының тұлғалық психологиясы.

1. Дене шынықтыру мұғалімінің қызметі.


Дене тәрбиесінің мақсаты: Оқушылардың дене және психикалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Бұл мақсат оқу үрдісінде келесі
ұғымдарды жетілдіруде ғана іске асады.
Бұлар:
• Білім беру.
• Тәрбиелеу.
• Сауықтыру.
Осы мақсаттарды шешу барысында дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі қызметтерін анықтауға болады.
Олар:
Тәрбиелік қызметі – Оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке деген патриоттық рухани қасиеттерін жетілдіру.
Білім беру, ағартушылық қызметі – Оқушыларға арнайы білім беру.
Басқару, ұйымдастырушылық қабілеті – Дене шынықтыру және арнайы спорт мектептеріндегі сабақтарды ұйымдастыру және жалпы спорттық
іс - әрекеттерді басқару.
Жоспарлау қабілеті – Жылдық жоспар, тоқсандық жоспар жасау және оқушылардың жетістіктерін анықтау және қадағалау.
Жоспарлау кезінде әсіресе жылдық жоспарға сәйкес сабақ жоспарын жоспарлау өте маңызды. Өйткені мұғалім сабақ барысындағы барлық қимыл қозғалыстарды оқушылардың жынысына, дене дайындығына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келтіруі өте абзал.
Әкімшілік, шаруашылық қабілеті – Ол құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп жанындағы спорт алаңдарын оқу үрдісіне даярлау.
Басқа пән мұғалімдеріне қарағанда дене тәрбиесі мұғалімі арнайы спецификалық жағдайда іс - әрекет жасайды.
Дене тәрбиесі психологиясында оларды үш топқа бөледі:
I. Психологиялық шарт қауіптілігі.
II. Физикалық шарт ауырлығы.
III. Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.
• Психологиялық шарт қауіптілігі.
1.Оқушылардың өте қатты шулауы. (Әсіресе бастауыш сыныптарда). Мұғалімнің дауысын қатты көтеріп сөйлеуге мәжбүрлейді. Сол себепті мұғалім психикалық шаршайды.
2. Бір жас ерекшеліктерден басқа жас ерекшеліктерге ауысуы.
3. Сөз және дауысы анық, нақты болуды талап етеді. Сол себепті көптеген ауыртпалық сөйлеу жүйелеріне түседі.
4. Баланың өміріне жауаптылығы.

• Физикалық жағдайдағы ауырлығы.


1. Дене жаттығуларын мұғалімнің өзі орындап көрсетуі.
2. Әсіресе гимнастикалық жаттығуларды орындау кездерінде қауіп – қатерден сақтандыру. Сол себепті мұғалім сақтандыру әдістерін толық меңгеріп, сабақ кезінде дұрыс пайдалануы қажет.
• Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.
1. Таза ауада сабақ өткізу, ауа – райының қолайсыздығы.
2. Залдардың тазалық – гигиеналық жағдайы.
ОҚУ ЖҰМЫСЫНЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ

1. ОҚУШЫ – ОҚУ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ҚЫЗМЕТІНІҢ) СУБЪЕКТІСІ



Кез келген оқу жүйесінде, білім алатын адам, білім алушы болып саналады. Қазіргі заман түсінігі «білім алушы» деп аталуының себебі,өйткені жеке тұлға өзі басқалардың көмегімен (мұғалімнің, оқушылардың) білім алады да, оқушы оқу үрдісінің субъектісі ретінде анықталады, соған байланысты оған жеке даралық және қызметтік ерекшеліктер тән.
Психологияда осындай ерекшеліктерге мыналар жатады:
1. даралық-типологиялық алғышарттар (нышандар)
2. интеллектуалдық жұмысының ерекшеліктері, қабілеттері
3. өзін-өзі бағалау және тырысу деңгейі
4. істі орындау стилінің ерекшеліктері (жоспарлау, ұйымдастыру, нақтылық, және басқалар), аталған жағдайда оқу, және оған қатысы, яғни оқыту.
Оқушылардың типологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оларды кіші оқушыларға, жасөспірімдерге (орта оқушылар жасы) және жоғары сынып оқушыларына бөледі.
Кіші оқушы жасы (7-ден 11-ге дейін) – адамның қоғамдық болмысының бастауы. Ол оқу қызметіне түсетін субъект. Басты түрде, ол осы қасиетте, даярлығымен және оған кірісуімен ерекшеленеді. Дайындық баланың анатомилық-морфологиялық және психикалық даму, мектепке деген көзқарасының қалыптасу, оқу, қоршаған адамдармен, заттармен жаңа қарым-қатынастар әлеміне кіру деңгейімен анықталады. Кіші оқұшылармен жұмыс істегенде мұғалім әсіресе , негізгі жаңадан пайда болатын психикалық ерекшеліктерін, қасиеттерін, сол жасқа тән теориялық рефлексивті ойлауды ескеру қажет. Кіші оқушыларда өмір жағдайларының ауысуына байланысты басым болатын беделдері өзгереді. Ата-аналары балаларына айтқан пікірлер мен бағалар жанында жаңа бедел - мұғалім пайда болады.
Орта оқушы жасында (10-11 жастан 14-15 жасқа дейін) құрбылармен араласу, тілдесу жетекші рөл атқарады. Бұл өте күрделі өтпелі жас, балалықтан есеюге.
Оқушыда жаңадан пайда болған психикалық қасиеттерінде «есею сезімі» туындайды. Жасөспірімге тән спецификалық әлеуметтік белсенділік үлкендер әлемінде болатын тәртіп құндылықтарын, ережелерін сіңіруде жоғары қабылдаушылықты тудырады.
Осы жастағы негізгі құндылық – үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасу жүйесі, ойланбастан немесе ойланып «идеал адамына» еліктеу, болашаққа ұмтылу (қазіргі кезді бағаламау).
Даралаудың белсенділік үрдісі жасөспірімді ерекшелейді. Егер кіші оқушы үшін жетекші оқу қызметі болса, орта жастағы оқушылар үшін ол қоғамдық қызметпен бір уақытта ғана жүзеге асатын болады, осы арнада оның жеке тұлғасында адаптациялау, даралану, интеграциялану процестері өтіп жатады. Оқу қызметінің субъектісі ретінде жасөспірім ерекшеленуге ұмтылуымен, өзінің субъективтік ерекшелік позициясын орнықтыру тенденциясымен анықталады.
Жоғары сынып оқушысы (14-15 жастан 17 жасқа дейін) жаңа әлеуметтік даму жағдайына енгенде, негізінен келешекке өмір түрін, мамандық, топ адамдарын таңдап алуға көзделген . Жоғары сынып оқушысы үшін бағдарлық-бейімділік белсенділік, тәуелсіз болуға ұмтылу, өзімен өзі болу құқығы ерекше мән-мағынаға ие.
Автономия мына түсініктермен сәйкестенеді:
1. мінез-құлықтық автономия (жеке мәселелерді өзі шешу қажеттілігі және құқығы )
2. эмоциялық автономия (өз құштарлығы болу құқығы мен қажеттілігі)
3. моральдық және құндылық автономия (өз көзқарастары болуға құқығы және қажеттілігі)
Осы жаста достық пен сенімді қатынастар үлкен орын алады. Жоғары сынып оқушысында ерекше оқу түрі қалыптасады: ол талдау элементтерін, зерттеуді кірістіреді, ал оқуды жекелей өзін өзі анықтаудың, кәсіптік бағыттылықтың қажетті сатысы деп түсінеді. Жеке және кәсіптік өзін өзі билеу маңызды психикалық жаңадан пайда болу, сондықтан оқу қызметі осы жас оқушысы үшін өзінің өмірлік жоспарын жүзеге асыру құралы болып табылады. Жоғары сынып оқушысы жетекші қызметтің жаңа түріне енеді – оқу-кәсіптік, дұрыс ұйымдастырылса келешекте оның еңбек қызметінің субъектісі болуын анықтайды.

2. ОҚУШЫНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ АЯСЫ (САЛАСЫ)

Дене мәдениеті сабақтарының себептері (мотивтері) шартты түрде жалпы және нақтылы болып бөлінеді. Оқушының дене жаттығуларымен айналысқысы келетін ықыласы жалпыға жатады, аталмыш жағдайда оқушыға бәрібір, немен нақтылы айналысу керектігі. Нақтылы себептерге оқушының спорттың белгілі бір түрімен айналысуын, белгілі бір жаттығуларды орындағысы келтін ықылас-ниеттері жатады. Сонымен, барлық кіші оқушылар ойында артық көреді. Жасөспірімдердің қызығушылықтары дифференцияланған: біреулерге гимнастика, кейбіреуіне – жеңіл атлетика және т.б. ұнайды.
Дене мәдениеті сабақтарына қатысу себептері (мотивтері) әр түрлі негізде болады. Сабаққа риза оқушылар, өзінің денсаулығын физикалық дамыту мен шынықтыру үшін қатысады. Сабаққа қанағаттанбаған оқушылар, сабақты босатқаннан туындайтын қолайсыз жағдайларды болдырмас үшін тек баға алу үшін барады.
Жұмыс үдерісіне байланысты себептер – бұл қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті қанағаттандыру және бәсекелес, жарысу арқылы алған өткір әсерлерін тудырған ләззат (азарт, жеңістен алған қуаныш эмоциясы және т.б.).
Қызметтің нәтижесіне байланысты себептер (мотивтер) - жеке тұлғаның өзін жетілдіру, өзін көрсету, өзін таныту және әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру қажеттілігінен туындайды.
Мотивтердің қалыптасуы белгілі сыртқы және ішкі факторлармен байланысты.
Сыртқы факторлар – қызмет субъектісі болатын жағдайлар.
Ішкі факторлар – жеке тұлғаның қызмет субъектісіне байланысты қажеттілікті айқындайтын ықыластар, қызығушылықтар, сенім-нанымдар.
Нанымдар ерекше рөл атқарады. Оқушының дүние танымын сипаттайды, оның әрекеттеріне мағына мен бағыттылық береді. Жеке сенім-нанымдар адам белсенділігінің әлеуметтік түрткілеріне байланысты.
Қорытынды: оқушының мотивациялық саласы оқу қызметін ұйымдастыру үдерісінде негізгі компонент болып табылады. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын, жүзеге асырылатын қызметке деген белсенді және ұғынған қарым-қатынасын көрсетеді, яғни оқуға, сондықтан оқытудың басынан оқушыда оның оқу қызметін тиімді қылу және педагогикалық әсерлерді жоғарлату тиімділігі үшін, дене мәдениеті жаттығуларына қызығушылықтың жоғары деңгейімен және осы жаттығулардың орынды деген сенімділімен ерекшеленетін қажетті мотивтерді қалыптастыру керек.

3.ОҚУШЫНЫҢ САНА-СЕЗІМІ


Сана-сезім--бұл адамның өзін жеке сезіну.Сана-сезім – бұл жеке мүддесін сезіну,талпыну,жеке тұлғаны уайымдау, өзіне деген білім,басқа сөзбен айтқанда,бұл жеке «МЕН» болып табылады.
Қалыптасу кезеңінде өзінің сана-сезімі адамда өзіне деген белгілі бір қарым-қатынас (эмоционалдық компонент) пайда болады. Өзіңнің біліміңмен байланыса отырып (маңызды компонент), өзіңе деген қатынас өзіңнің сана-сезіміңнің ажыратылмайтын бөлігі - өзіңіді бағалауды қалыптастырады. Осы негіздің қорытындысы өзіңе деген қатынас қалыптастырады: өзіңді сыйлау, намыс, атаққұмар, жеккөрініш және т.б.
Өзіңді бағалау өзіңе деген пікірді анықтайды, ол пікір өзін-өзі танудың басында орналасқан. Өзіңді бағалау- бұл өзіңнің сана сезіміңнің негіз қалаушы компоненті.
Өзіңді бағалаудың функциялары:
1.өзіңді тану (мен қаншалықтымын)
2. болжамдылық (мен не істей аламын)
3. реттелушілі (мен не істеуім керек, өзімді қалай ұстауым керек)
Өзіңді бағалаудың қалыптасу кезеңдері:
Бірінші кезең: өзіңді бағалаудың қалыптасуы ( өзіңді басқа адамдармен салыстыру немесе үлгі, ұқсастық бағасы немесе өзіңе қатынас қалыптастыру)
Екінші кезең: тұрақтылық немесе әдептілік өзіңді бағалау(өзін бағалаудың қанағаттануы немесе қанағаттанбаудың қалыптасуы)
Өзін бағалау дәл болуы мүмкін (адамның жақтары мен мүмкіндіктері болуы) және дәл емес (жоғары немесе төмен бағалау) болуы мүмкін. Жоғары бағалау мектептегі оқушының айналасындағы адамдармен ұрыс-керіскеәкеледі. Ондай оқушы көптеген белгілермен ерекшеленеді (жоғары баға алады және т.б.) Төмен бағалау оқушының белсенділігі мен талабын байлайды. Сол кезде ол өзінің жеткен жетістіктерін жай кездейсоқ деп ойлайды.
Дәл бағалау адамға өзінің қолда бар мүмкіндіктерін жоғары деңгейде райдалануға мүмкіндік береді, толықтай бар қабілеттерін көрсетуге сонымен қатар адал және өзіне пайда әкеле алатын болады.
Дәл бағалаудың қалыптасуы – күрделі, мұқият және объективті оқыту оқушының қабілеттері мен мүмкіндіктерін және алған ақпаратты жеткізе алатын процесс.
4.ОҚУШЫНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ОРТАСЫ
Әрқандай оқушынық жас әр түрлі мүмкіндіктер мен сезім мен эмоция арқылы сипатталады.
Кіші мектеп жасындағы оқушының эмойионалдық ортасы:
1. қабылдаудың, қиялдық бояумен, интеллектуалдық және физикалық қайраттың эмоциясымен
2. өзінділікпен және ашықтылықпен алаңдау мағынасында
3. үлкен эмоционалдық тұрақсыздықпен, көңілдің жиі өзгеруімен
4. азуақытты және қарқынды аффектке бейімділікпен
Эмоциялық фактор оқушының осы жастағы ойындыр мен сөйлесу ғана емес, сонымен қатар оқудағы жетістік пен бақытсыздық , мектептегі бағалар да болып табылады. Жеке эмоциялар және сезімдер адамдармен төмен түсініледі. Басқа адамдардың ымы олармен басқалай қабылданады және олар адыкваттық емес реакцияларға әкеледі.
Жасөспірімдердің эмоциялық ортасына жатады:
1. үлкен эмоциялық оянушылық
2. үлкен эмоциялық алаңдаудың тұрақтылығы (жасөспірім өкпе ренішті көпке дейін ұмытпайды)
3. сезімнің қарама-қайшылығы: жасөспірімдер жиі өзінің жолдасын оның дұрыс емес екенін біле тұра қорғайды.
Жасөспірімде алаңдаушылық бағаға ғана емес және өзін бағалаудың себептері үшін пайда болады. Орта жастағы мектеп баласын қатты жетілген группаға деген қажеттілік ерекшелетеді, сондықтан ол балада өзінің сыныптастарына деген сезім пайда болады.
Жасөспірімге деген тағы бір белгі, оның үлкендік сезімі оны өз бетімен және тәуелсіздікке жетелетеді. Бұл сезім үлкендерге деген қарым-қатынасты шақырады. Жасөспірімнің сынауы оның бәрін үмітке артпай, логикалық түсіндіруді талап етумен түсіндіріледі.
Үлкен сыныптағы оқушының эмоциялық ортасы ажыратылады:
1. көптеген алаңдаушылықпен, әсіресе тәртіптің теңсіздігімен
2. эмоцияның жоғарылауымен
3. бәсекелестік қабілетпен
4. махаббат сезімінің пайда болуы,ол нәзіктікті, арманшылдықты, шынайылықты болдырады.
5. эстетикалық сезімнің жетілуімен
5.ОҚУШЫНЫҢ ЖІГЕРЛІ ОРТАСЫ
Жігер, ерік – бұл адамның өзінің іс-әрекетінің және амалдық есті түрде басқаруы. Жігерлі белсенділікті озбырлау болып табылады. Бұндай белсенділік күшті қолданумен ерекшеленеді. Бұндай күш қандай да бір іске итермелейді. Сол кезде адам қиыншылықты бастан өткереді.
Күштік ынта созылушылықпен, бағыттылықпен түсіндіріледі.
Күштік ынтаның бағыттылығы – бұл бөгелудің қызметі.
Әр түрлі жағдайда адам әр түрлі күштік ынтаны пайдаланады:бір жағдайда белсенділікті сақтау үшін ынта қою керек, кей жағдайда- ынта тоқтатуға көмектеседі, мысалы, қаламайтын қызметті.
Күштік ынтаның созылуы іс-әрекетке деген күштік дәлелге байланысты және белсенді қайратқа байланысты.
Жігерлі тырысудың интенсивтілігі әрекетке деген себептің күшімен, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерімен және белсенділік энергетикасымен анықталады.
Ұзақтығы мен жиілігі бойынша жігерлі тырысу сипаттамасы ерік-жігер түсінігінің негізін құрайды.
Ерік-жігер – адамның моральдық сезімінің және ақылдың жігерлі жағы. Қажеттіліксіз ерік-жігер көрінбегендіктен, оны сана басқарады, ал жігерлік белсенділікті моральдық сезім, адамгершілік нанымдар бағыттайды. Бір адам әр түрлі жағдайларда өзін жігерлі немесе жігерсіз ұстайтындығы маңызды.
Аталмыш жағдайда, қозғалтқыш күш мақсатқа жету ықыласының бары немесе жоқтығы емес (күшті немесе әлсіз мотивация) , ол адамның сол немесе басқа жағдайға қатысы болып табылады. Мысалы, бір оқушы судан қорқады, біреуі қорықпайды. Біріншісінде жүзүге үйреткенде ішкі қиындықтары болады (қорқынышты жеңу керек), екіншісінде – жоқ.
Сонымен:
- Тиімді қызмет негізінде ғана оқушының ерік-жігері туралы айтуға болмайды (ең жылдам немесе күшті оқушы – ол ең жігерлі деуге );
- Ерік-жігер әр түрлі жағдайларда біркелкі болып көрінбейді ( бір адамдар бір қиындықтарды жеңгенде неғұрлым жігерлі болады, кейбіреулері – басқа қиндықтарды жеңуде.)
Әр түрлі жағдайларда ерік-жігердің көріну спецификасын ескере, психологияда белгілі жігерлі қасиеттерді ерекшелейді. Дене тәрбиесі мәселелерінде жігерлі қасиеттердің екі түрін анықтауға болады: біреуі қажырлылықты сипаттайды, келесісі -өзін ұстай білуді.
Қажырлылық шыдамдылық арқылы көрінеді ( бір реттік, бірақ ұзақ уақыт жігерлі күштерді пайдалану), табандылық (қиындықтар мен бөгеттерге қарамай мақсатқа жетуге ұмтылу).
Өзін ұстай білу батылдық (қорқыныш сезіміне қарамай тапсырманы сапалы орындау қабілеті), ұстамдылық (импульсивті, ойланбаған реакцияларды басу қабілеті), жинақтылық (кедергілерге қарамастан орындалатын тапсырмаға зейінің аудару қабілеті)
Ерік – жігердің байқалуының оқушы жасына байланысты өз ерекшеліктері бар.
Кіші оқушы жас: негізінен үлкендердің нұсқаулары бойынша ерікті әрекеттер жасайды. Үшінші сыныпта олар өз мотивтеріне сәйкес жігерлі іс-қимылдар жасайды. Кіші оқушылар оқу қызметінде табандылық көрсете алады. Уақыт өте оларда шыдамдылық қалыптасады, албырттық әлсірейді. Төменгі сынып оқушылары үлкендердің ықыласына бөлену, лайықты болу үшін, өзгелердің еріктерін жақсы орындаушы болу үшін жігерлі қасиеттерді көрсетеді.
Жасөспірім жасы: бұл жасқа тән жыныстық жетілу, жүйке процестерінің құбылмалығын елеулі өзгертеді (жоғарлатады). Бұл ерік-жігерге белгілі өзгерістер әкеледі. Жасөспірімдерде батылдық көбейеді, шыдамдылық азаяды. Оларға қызықты жұмыстар кезінде ғана табандылық көрінеді, байқалады. Тәртіптілік төмендейді, қасарушылық күшейеді. Жігерлі тырысуларда қозу процестері тежеу процестерінен басым болады. Жігерлі белсенділікті ұйымдастыру сыртқы белсендіруден ішкі белсендіруге ауысу қалыптаса бастайды (өзін белсендіру).
Жоғары сынып оқушы жасы: жігерлі әрекеттердің көрінуін анықтайтын өзін-өзі белсендіру механизмі болып табылады. Жоғары сынып оқушылары өздері қойған мақсатқа жету үшін жоғары табандылықты көрсете алады.
Олар үлкен шыдамдылық қабілеттерін көрсетеді ( қажу фонындағы жұмыс). Жоғары сыныптағы қыздарда батылдық күрт төмендейді, дене жаттығулары сабақтарында қиындықтар туғызады. Жоғары сыныптарда ерік-жігердің моральдық компоненті қалыптасады. Көбінесе жігерлі тырысу әлеуметтік мағыналы идеялар әсерінен байқалады. Жоғары сынып оқушысының жігерлік белсенділігінде әрқашан мақсаткерлік сипаты болады.
1. Дене шынықтыру мұғалімінің қызметі.
Дене тәрбиесінің мақсаты: Оқушылардың дене және психикалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Бұл мақсат оқу үрдісінде келесі
ұғымдарды жетілдіруде ғана іске асады.
Бұлар:
• Білім беру.
• Тәрбиелеу.
• Сауықтыру.
Осы мақсаттарды шешу барысында дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі қызметтерін анықтауға болады.
Олар:
Тәрбиелік қызметі – Оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке деген патриоттық рухани қасиеттерін жетілдіру.
Білім беру, ағартушылық қызметі – Оқушыларға арнайы білім беру.
Басқару, ұйымдастырушылық қабілеті – Дене шынықтыру және арнайы спорт мектептеріндегі сабақтарды ұйымдастыру және жалпы спорттық
іс - әрекеттерді басқару.
Жоспарлау қабілеті – Жылдық жоспар, тоқсандық жоспар жасау және оқушылардың жетістіктерін анықтау және қадағалау.
Жоспарлау кезінде әсіресе жылдық жоспарға сәйкес сабақ жоспарын жоспарлау өте маңызды. Өйткені мұғалім сабақ барысындағы барлық қимыл қозғалыстарды оқушылардың жынысына, дене дайындығына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келтіруі өте абзал.
Әкімшілік, шаруашылық қабілеті – Ол құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп жанындағы спорт алаңдарын оқу үрдісіне даярлау.
Басқа пән мұғалімдеріне қарағанда дене тәрбиесі мұғалімі арнайы спецификалық жағдайда іс - әрекет жасайды.
Дене тәрбиесі психологиясында оларды үш топқа бөледі:
I. Психологиялық шарт қауіптілігі.
II. Физикалық шарт ауырлығы.
III. Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.
• Психологиялық шарт қауіптілігі.
1.Оқушылардың өте қатты шулауы. (Әсіресе бастауыш сыныптарда). Мұғалімнің дауысын қатты көтеріп сөйлеуге мәжбүрлейді. Сол себепті мұғалім психикалық шаршайды.
2. Бір жас ерекшеліктерден басқа жас ерекшеліктерге ауысуы.
3. Сөз және дауысы анық, нақты болуды талап етеді. Сол себепті көптеген ауыртпалық сөйлеу жүйелеріне түседі.
4. Баланың өміріне жауаптылығы.

• Физикалық жағдайдағы ауырлығы.


1. Дене жаттығуларын мұғалімнің өзі орындап көрсетуі.
2. Әсіресе гимнастикалық жаттығуларды орындау кездерінде қауіп – қатерден сақтандыру. Сол себепті мұғалім сақтандыру әдістерін толық меңгеріп, сабақ кезінде дұрыс пайдалануы қажет.
• Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.

  1. Таза ауада сабақ өткізу, ауа – райының қолайсыздығы.

  2. Залдардың тазалық – гигиеналық жағдайы.

Дене шынықтыру сабағындағы психологиялық оқыту негіздері.

1. Зейін және зейінділік.


Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір объектіге шүйліктіріп, оның айрықша айқын бейнеленуін қамтамасыз ету.
Психологияда зейінді 3 түрге бөледі: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
Ырықсыз зейін дегеніміз – сананы объектіге, сол объектінің тітіркендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасында шоғырландыру.
Тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Ырықсыз зейіннің бір нәрсеге ұзақ уақыт тоқталуы, сол нәрсеге қажеттілікке, оның эмоциялық мәніне және мүддеге байланысты.
Ырықты зейінді белсенді немесе ерікті деп те атайды. Ырықты зейін дегеніміз - әрекет әсерінен туған объектіге саналы түрде көңіл аудару. Ырықты зейін жеке бастың қасиеті болғандықтан, сол кісіге тәуелсіз қалыптаса алмайды.
Зейіннің үшінші түрі – үйреншікті зейін. Зейіннің бұл түрі ырықты зейіннен кейін пайда болады.
Үйреншікті зейін дегеніміз – сананы жеке адам үшін маңызды және қымбатты объектіге шоғырландыру.
Зейін объектілерінің сыртқы дүниеде немесе олардың жеке адамдардың түйсігі, ойы, көңіл – күйі болуына қарай оны сыртқа бағытталған немесе перспективті зейін және ішкі зейін деп бөледі.
Сыртқы және ішкі зейіндер бір – бірін тоқтатады. Адамға ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге бір уақытта шоғырлану (дайын болу) қиын, сондықтан да бір мезетте (уақытта) қандай да бір дене шынықтыру жаттығуларын орындап оның дұрыстығын бақылау ылғи (әрқашан) қиын.
Дене шынықтыру сабақтарында оқушы зейінінің барлық түрлерін қолданылуын қадағалау керек. Егерде сабақта ырықты зейін болса, онда қатысушыларға психологиялық қысым түседі және ол оқушылардың сабақ оқуға деген қызығушылықтарының жоғалуына әкеп соғады. Сондықтан, тек ырықты және ырықсыз, ішкі және сыртқы зейіндердің белсенді алмасуы ғана дене шынықтыру сабағының өнімділігінің қажетінше жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді.
Іс - әрекеттің бағдарлау негізін қалыптастыру үшін, оқушылар дене шынықтыру жаттығуларын меңгергенде ырықты, ішкі зейінін белсендіру маңызды (қажет).
Оқушылар жаттығуларды орындауды өздері жоспарлау немесе ойша қайталау немесе оның орындалуының іске асуы үшін ырықты, ішкі зейін басым болуы қажет. Әртүрлі әрекеттер орындау кезінде осы және зейіннің басқа да түрлері басым болуы керек.

Жас ерекшеліктеріне қарай ырықты, ырықсыз, ішкі және сыртқы


зейіндерді меңгеру мүмкіндіктері әртүрлі.

Кіші оқушы жасында зейінінің аумалығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе алады.


7-8 жастағы балалар тек өнімділігі 10-15 минутта ғана ырыкты зейінді ұстай алады.
Кіші оқушылардың 8-10 минутта 7-8 жаттығуды қатар орындай алмайтындары ғылыми тәжірибеде дәлелденген.
5- жаттығудан кейін дерексізденуі байқалады. Кіші оқушы өзін-өзі іштей меңгере алуы әлі дамымағанынаң, өзін-өзі күштеп объектігі ерікті зейін қоюы онша дамымаған.
Кіші оқушылар өздерін оларға берген бағамен бағалайды. Соның өзі олардың сабаққа деген қызығушылықтарына әсерін тигізеді.
Кіші сынып оқушыларымен жұмыс істейтін дене шынықтыру мұғалімі бірінші кезекте келесы жағдайды ескеру керек:
• Кез – келген жаттығудың орындалуын созбау керек;
• Оқушыларға тапсырманы дене куаты дайындығына карай беру;
• Қателерін түсіндіріп дер кезінде жөндеп отыру керек;
• Жаттығу көрсету барысында сөз әдісімен бірге көрнекілік әдісті колданған жөн.

Орта жас оқушылары орындаған іс-әрекетке кызығушылығы күшті болғанда ырыкты зейінді 40-45 минут ұстау қабілетін меңгереді.


Бұл жастағы оқушылар іс-әрекетің соңғы қорытындысын тез бағдарлайды, бірақ оның үрдісіне, іс-әрекетті орындау сапасына байыпсыз. Оларда «Мен» өзім деушілік пайда болады.
Бұл жастағы оқушыларымен жұмыс істейтін дене шынықтыру мұғалімі бірінші кезекте келесы жағдайды ескеру керек:
• Оқытудың әр түрлі проблемалық әдістерін қолдану;
• Олардын белсенділігін арттыру;
• Оқушылармен жақсы қарым қатынас жасау;
• Жеке өмірге қажетті мәселелерді қамти отырып оқу жүргізу;
• Қоғамның қазіргі дамуына сәкес әлеуметтік, экономикалық мәліметтермен хабардар етуі.

Жоғары сынып оқушылары саналы түрде зейін қойып әрекет етеді. Олар


кез келген ақпаратқа зейінді қаратады (әңгіме, жаттығу көру).
Егерді кіші оқушылар мен жеткіншектерге оқу материалдарын беру факторы арқылы зейыіндерін ұйымдастырсақ, онда жоғары сынып оқушылары үшін оның мазмұны маңызды орын алады.
Дене шынықтыру сабағында үйреншікті зейінді ұстап тұру әдістері:
• Сабақ уақытында тәртіп сақтау
• Сабаққа міндет қоярда
• Сабақтың мақсаты мен міндетін нақты анықтау
• Сабақ сайын тапсырмаларды сатыға бөлу керек
• Тапсырма бере отырып оқушыларға түсінікті болуын қадағалау
• Жаттығуды түсіндіргенде
• Бөлек тапсырмалардың арасындағы қисындылық байланысын көрсету.
• Өткен сабақ арқылы жаңа сабақ түсіндіру.( әсіресе бұл еережені теориалық сабақта сақтау қажет)
• Сабақта тек қана түсіндіріп қоймай оқушылардың қызығушылығын өзіне қарата білу керек.
• Сабақты анық дауыспен ұзақ әңгімеге айналдырмай түсіндіру керек.
• Оқушылармен оқу тапсырмаларын орындағанда.
• Әр топ оқушыларына үйлесімді қарқын таңдау қажет. Төменгі қарқын зейіннің орнығуына қолайлы, ал жоғарғы қарқын зейіннің орнығуына мүмкіндік болмай қажуды тудырады.

Сабаққа үйлесімді жүмыс көлемін жоспарлау.


Спорттық әрекеттің психологиялық ерекшеліктері.
1. Дене сапасының психологиялық мінездемесі.
Машықтанудың мақсаты спортшыларға жоғарғы дәрежедегі жетістіктерге
жету. Осы жетістіктерге жету үшін келесі ұғымдарды толық меңгеру қажет:
Олар:
а) Дене қуаты дайындығы.
б) Техникалық дайындығы.
в) Тактикалық дайындығы.
г) Психологиялық дайындығы.
д) және де арнайы білім мен спортшының тәжірибесі.
Спортшыларды спорттық жетістіктерге жету барысы өте күрделі педагогикалық үрдіс, тәрбиелеу мен білім беруден тұратын. Машықтану үрдісінде білім беру мен тәрбиелеу бір – бірімен тығыз байланысты. Машықтану үрдісі кезінде негізгі бөлік болып дене сапасының жетілуі болып табылады.
Қазіргі кезеңнің дене тәрбиесінде дене сапасының бес негізгі түрі көрсетілген.
Олар:
а) Жылдамдық.
б) Күш.
в) Төзімділік.
г) Ептілік.
д) Икемділік.
Бұл дене сапаларында өздеріне тән психологиялық мінездемесі болады. Жылдамдық – дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Психологиялық көзқараспен қарасақ, жылдамдық дегеніміз уақыт кеңістігіндегі қимылмен басқару, спортшының санасындағы кері атқару жауабы. Жылдамдық көбінесе жеңіл атлетика пәнінің, жақын қашықтыққа жүгіруде, секіруде, басқада спорт түрлерінде маңызды роль атқарады. Жылдамдықтың жақсы дамуы негізгі үш психологиялық компоненттен тұрады:
а) Жүйке үрдісінің белсенділігінен.
б) Еріктің тежеуінен.
в) Орталық жүйке жүйелерінен.

Күш – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күшті дамыту үшін жоғары қарсылық жаттығулары қолданылады.


Олар екі топқа бөлінеді:
1. Сыртқы қарсылық жаттығулары. (Әр түрлі спорттық құрал – жабдықтармен, тренажерлармен жұмыс істеуі.)
2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары. (Серіппеде тартылу, отырып – тұру, секіру т.б.)
Ауырлық шамасын білу үшін спортшы қанша рет көтере алатыны белгілі салмақ қолданылады. Ол салмақ қайталау максимумы (КМ) деп аталады.
Жаттығуларды аса ауыр заттармен орындау сипаты (ауыр салмақты штанганы көтеру, салмақ қосып тартылу. т.б.) жүйкені бұлшық ет апаратының жұмысын шегіне жете қолдануға, сол арқылы күштің көп өсуіне мүмкіндік береді.
Алайда бұл әдіс психикалық ауруға соқтырады, сондықтан да балалармен жұмыс істегенде бұл әдісті байқап қолдану керек.

Төзімділік. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз.


Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы.
Жалпы төзімділіктің сипаты – спортшының ұзақ уақытқа, жай қарқынды, бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу,т.б.).
Белгілі әрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз.

Ептілік. Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілеттілігін –ептілік дейміз.


Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс, өйткені организм болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді.
Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторлары екпінді өсуі кезінде дамытқан тиімді.

Икемділік. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін – икемділік дейміз. Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына: бұлшық еттің сіңірдің созылымдылығына; көңіл – күйге (жоғары көңіл – күйде икемділік артады).


Икемділік белсенді және енжар (бәсең) болады.
Өз бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін – белсенді икемділік дейміз.
Cыртқы орта әрекеті күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін – енжар (бәсең) икемділік дейміз. (штанга, бірге жаттыққан спортшы, бапкер т.б.).
Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Икемділікті дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен роль атқарады.
жүктеу 42.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет