Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5   6

Б.ЖҰМАНОВ

Алматы гарнизоны 

әскери сотының 

бас маманы                                      

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДЕ ҚҰҚЫҚ 

ТӘРТІБІН НЫҒАЙТУ МАҢЫЗДЫ

– Қос қаладағы қабылдауға елуден астам тұрғын келді. Азаматтар 

тарапынан қойылған сұрақтардың дені жеке мәселелеріне қатысты 

болды. Айталық, қандай да бір келеңсіздікке тап болған балаларының 

тағдырлары, сол секілді құқық қорғау органдарының әрекетіне, оның 

ішінде тергеушілердің шешімдеріне, қылмыстық істердің дұрыс 

жүргізілмеуіне наразылық білдіру немесе сот шешімімен келіспеу 

сияқты түйткілдер. Ол сұрақтардың барлығын ден қойып тыңдадық, 

мүмкіндігінше нақты әрі толықтай жауап беруге тырыстық. 

Жазылған өтініштер мен арыз­шағымдар түгелдей қабылданды. 

Соған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының прокурорына тиісті 

тапсырмалар берілді. Бірқатар өтініштерді өзіміздің өндіріске 

алдық. Бас прокуратураның құзыретінде қарастырып, тиісті шара 

қолданатын боламыз, – деді Әсет Шындалиев Өскеменде өткен екі 

күндік сапарын қорытындылаған жиында.

Облыстық әкімдікте өткен жиынға Шығыс Қазақстан облысы 

әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыс 

прокуроры Бағбан Тайымбетов те қатысты. Нұрымбет Сақтағанов 

Президенттің тапсырмасына сәйкес еліміздің өңірлерінде өткізіле 

бастаған мұндай жиындар мен қабылдаулардың маңызы зор 

екендігін атап өтті.

– Бәрінен бұрын заңдылық сақталуы керек. Заң талаптары 

бұлжытпай орындалып, тәртіп сақталғанда ғана тәуелсіздігіміз 

баянды болмақ. Қоғамымыз тыныш, экономикамыз өркендеп 

өсе бермек. Астанадан арнайы келген Бас прокуратура өкілдері 

мен  жауапты  орындар  басшыларының  осындай  кездесулер 

ұйымдастырып, аймақтарда қордаланған проблемаларды жергілікті 

жерде қарастырып жатқандағы мақсаты да – сол, – деді облыс 

әкімінің бірінші орынбасары.

Облыстық әкімдіктегі жиында Бас прокуратура өкілі мен облыс 

прокурорына сұрақ қоюшылар аз болған жоқ. Сауалдардың дені 

мемлекеттік органдардың жұмысы мен сот шешімдеріне қатысты 

өрбіді. 


– Қандай жағдай болмасын біз барлығын заң аясында және 

мемлекет мүддесі тұрғысынан қараймыз. Жеке адамдардың мүддесі 

мемлекеттен биік тұрмауы керек. Мұны әрбір азамат сезінгені жөн. 

Тұрғындардың өтініштерін еліміздің заңдары мен қадағалаушы 

орган құзыреті шеңберінде қарастырып, шешуге тырысып келеміз. 

Барлығын прокуратураға арта беруге болмайды. Прокурор бүкіл 

мемлекеттік органдардың қызметін алмастыра алмайды ғой. Егер 

прокурор барлық мемлекеттік органды алмастырса, онда уақыт 

өте келе олардың қабілеттілігі шектеліп қалмай ма?! – деді облыс 

прокуроры Бағбан Тайымбетов.



Азамат ҚАСЫМ, 

«Заң газеті»

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

6. «KNG Finance» ЖШС кредиторларының назарына

«KNG  Finance»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  (БСН  060540000385,  СТН 

600700574304, мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік №1470-1910-02-ЖШС 21.05.2013 

ж., заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Наурызбай 

батыр көш., 89., Сіздерге жарғылық капиталының азайғандығы туралы ескертеді. «KNG 

Finance» ЖШС-не қатысты  кредиторлардың барлық талаптары, өтініштері, шағымдары 

жазбаша түрде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша, осы хабарлама жарияланған 

күннен бастап, бір ай мерзім ішінде қабылданады.



8

№84 (2862) 

 2 тамыз 2016

zangazet@maiI.ru

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

Т

өрегелді осы бір көздері бо-



талап қарайтын келіншекті 

жанына қалай жақын тартып кет-

кенін әлі күнге дейін түсіне алмай 

дал  болып  жүр.  Былай  қарасаң, 

басына орамал таққан демесең, өзге 

әйелдерден алып бара жатқан айыр­

машылығы да жоқ. Тек ойда жоқ 

жерден көктемнің найзағайындай 

шатырлап қоя беретін дүрс етпе мі-

незі ғана Төрегелдіні еркін жаулап 

алған ұнамды қасиеттерінің бәрін 

әп­сәтте  жуып­шайып  жібереді. 

Кейде сырт көздің сынына ілігіп 

қалатын сол мінді Төрегелдінің өзі 

де келіншектің алғашқы күйеуінен 

көрген қорлығын есіне түсіре оты-

рып, «қайтсін­ай, азапты тірлік бай-

ғұстың жүйкесін жұқартып жіберген 

ғой» деп іштей аяйды да.

–Мынау отбасым екен­ау деп 

қабырғасы қайыспай, күндіз­түні 

аузы құрғамай, атау кересін ішіп, та-

балдырықтың тұсында шайқатылып 

тұратын байдан не қызық, не рахат. 

Іздеп тапқаным бақыт емес, сор бо-

лып шықты. Үйді айналдыра қуып 

жүріп, көгала қойдай етіп сабайтын 

ұрда­жық байдың таяғынан денемде 

сау тамтық қалмады. Ал, сен ондай 

емессің, Төреш. Солай емес пе? – 

деп жанарын бір төңкеріп наздана 

қарағанда Төрегелдінің көкірегіне 

жинала бастаған әлгі бір сәттегі 

өкпе  мен  реніш  өрмекшінің  то-

рындай ыдырап, келіншектің сөзін 

қалай құптағанын өзі де аңдамай 

қалады. Алайда, тесік өкпе тұрмыс­

тың ауыртпалығы қажытты ма, әлде 

қанға сіңген мінез солай ма, Элгиза 

болмайтын жерден тұтанып қоя бе-

ретін әдетін жалғастыра берді. 

– Көшеде кетіп бара жатып, өз-

геге көз салатының не? – деп тиіседі 

түк таппаса.

– Айналайын­ау, ол жөн сұрады 

емес пе, қалай сұрағына жауап бер-

мейсің? – деп ақталады Төрегелді. 

Аталы сөзді ұғатын Элгиза жоқ.

– Жоқ, сен оған біртүрлі көзқа-

распен  қарадың.  Жөнді  өзгеден 

емес, тап неге сенен сұрайды? Төре-

гелдінің жанын езіп, жүрегін ша-

бақтайтын сауалдар көпке дейін ба-

сылмайды. Бір рет екеуінің емханаға 

барып, үйге ұрысып қайтқандары 

бар. Сол баяғы бір «әуен»: «Қарап 

қойдың», «Ол саған көз қиығын 

неге салады?». Үйге жеткенше Төре-

гелдінің миын кеміріп «жеп» келді. 

Тамақ  желініп,  шай  ішілгеннен 

кейін де Элгизаның әңгімесі сол 

маңайды төңіректеп, ұйқыға кет-

кенінше құлағының түбінен маса-

ның ызыңындай естіліп тұрды. 

Төрегелді қалғып кеткен екен, 

таң сыз бере оянды. Ол ұйқысынан 

тұрғанда шығыстан себездеп атып 

келе жатқан таң шапағымен бірге 

көліктердің гүрілі күшейіп, тір-

шіліктің тұз­дәмі таусылмаған пен-

делеріне не сыйлайтыны белгісіз 

тағы бір жұмбақ тәулігі табалды-

рықтан аттап келе жатыр еді. Шай 

қоя ма деп Элгизаны оятып еді, ол 

келесі қырына аунап түсіп, тәтті 

ұйқысын одан әрі жалғастыра бер-

ген.  Келіншектің  мына  қылығы 

Төрегелдінің төзімін тауысып, шы-

дамын ортасынан шорт кесті. «Ау, 

тым құрыса, таңертеңгі тамағымды 

дайындап бере алмаса, мұның қай 

жері әйел».

–Тәтті ұйқыңды жалғастыра бер, 

мен енді қайтып бұл үйге келмей-

мін, –деп киім­кешегін жинасты-

рып, сөмкеге сала бастап еді, әлгінде 

ғана  қанша  түрткілесе  де  мыңқ 

етпеген келіншек көздері шатынап 

орнынан атып тұрды:

–Жоқ, сен ешқайда кетпейсің. 

Мен сені тірідей жібермеймін. Төре-

гелдінің қарсы алдында күнде көріп 

жүрген Элгиза емес, жалаңдаған ас-

хана селебесін алақанында қақпақыл 

ойнатқан мүлде басқа әйел тұр еді. 

–Жолымды бөгеме, былай тұр, 

– деді жақсы көрген адамына де-

ген көңілі әбден қалған Төрегелді. 

Бірақ, оны тыңдайтын Элгизаның 

түрі көрінбеді. Ажал іздеп аласұрған 

пышақты әрі­бері сілтеп, маңай-

латар емес. Төрегелді оның қолын 

қағамын деген кезде сол жағы шым 

ете қалып, ақ көйлектің қолтық тұ-

сынан жылымшылап қан ағып қоя 

берген. Мұндай нәрсені күтпесе ке-

рек, Элгиза пышақты лақтырып жі-

беріп, жылап отыра кеткен. Іле­шала 

көшенің бойымен дабылын бозда-

тып, жедел жәрдем өтті. Төрегел-

дінің көретін жарық сәулесі бар 

екен,  әйтеуір  аман  қалды.  Жаза 

тағайындалар кезде өзіне жәутең-

дей қараған Элгизаның сиқырлы 

жанары көкірегіндегі қатып қалған 

тоңды қайтадан жібітіп жіберді. 

«Құдайым­ау, бұл не деген құдірет» 

«Осы әлгіндегі тұла бойын кернеген 

ыза мен бұрқ­сарқ еткен ашудың 

табы қайда?» «Сіз не дейсіз?» деген 

судьяның сауалына «кешірдім» деп 

жауап қайтарғанын өзі де аңдамай 

қалды. 

Алайда, Элгизаның пышақ сілте-



ген әрекетін Төрегелді кешіргенімен, 

қатал заң кешірмеді. Қылмыстық 

істі қараған Алматы қаласындағы 

Алатау аудандық сотының судьясы 

Т.Мақұлов Элгиза Мансурованы 3 

жылға бас еркінен шектеу жазасына 

кесті.

 Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті»

(Оқиға кейіпкерлерінің 

аты-жөндері өзгертіліп алынды) 

С

онау Шығыс Қазақстан облысының Үржар ау-



данынан  күнкөріс  қамымен  Алматы  қаласы-

на  қоныс  аударған  Асқардың  «ойбай,  несін  айтасың, 

шәрлі  жерлерге  көшіп  барғандардың  бәрі  де  шылқып 

байып  кетіпті.  Қайбір  күні  қалаға  жеке  шаруасымен 

барған пәленшекең түгеншені көріп қалған екен, байып 

алыпты дейді, екі қабат зәулім үй салып, жеңіл көлік 

мініп жүр екен» деген тәрізді түпкірдегі ауылдағыларға 

ғажайып ертегідей естілетін, ал, шын мәнінде, пәлен-

шекеңнің жағдайы жақсармағанын, сол баяғысынша үй 

алдында  қоңылтақсыған  тіршіліктің  жыртық  астауын 

жамап отырғанын, құлаққа құлпырып жеткен әңгіменің 

жай ғана алыпқашпа өсек екендігін көзімен көргендер 

ғана білетін. 

Бірақ, Құдайға шүкір, Алматыдағы тіршілік Үржар-

дағыдай  емес,  есебін  тапқан  адамға  дөңгелентіп  әке-

тетін жұмыс көп. Көлігіңмен көшені бір айналып шық-

саң ара қашықтыққа қарай төленетін ақының көлемі де 

еселеніп өсе береді. Әсіресе жауын­шашынды күндері 

көлік жалдайтындардың қара­құрасы тіптен көбейіп ке-

теді.


Асқардың бүгін де көлігін оталдырып, ауладан шыға 

бергені  сол  еді,  қарсы  алдынан  темекісін  будақтатып 

көршісі Бекен шыға келген. Кезекті ассалаумағалайкүм, 

әліксаламнан соң қол алысып, төс қағыстырғаннан ке­

йін:

–Уақыт өткізе алмай зерігіп тұр едім, – деді ол. Ізде-



генге сұраған, серік болады. Асқар онда «отыр» деген-

дей көліктің сол жақ есігін ашқан. Олар мінген көлік 

әлден соң кешкі тіршілігі қайнап жатқан қалың нөпірге 

араласып  кеткен.  Тастақ  базарының  маңайынан  өтіп 

бара жатып, бағдаршамның қызылына бөгелген сәтін-

де оң жағына қарап еді, көзі көшенің оң жақ қапталын-

да  тұрған  сатушыға  әмиянын  ашып,  буда­буда  қызыл 

қағаздарды  мырзалықпен  санап  беріп  жатқан  егделеу 

кісіге  түсті.  Бейтаныстың  қолтығындағы  қоңыр  түсті 

әмиян  шыққан  қара  портфелдің  бүйірі  тоқ.  «Дәу  де 

болса, ірі қызмет жасап, бейнет көрмеген шалсың­ау» 

деп топшылады бұл. Ол қолына ұстаған бір бума гүлді 

есік пен төрдей келетін көліктің артқы жағына тастай 

салып, төбедей «джипті» оталдырған. Сырбаз шалдың 

мына  тірлігін  қасында  отырған  Бекен  де  бағып  отыр 

екен.


–  Ақшалы  көлік  кетті,  –  деді  ол  орнынан  сырғи 

қозғалып, күн батысты бетке алған көлікті көзімен ұза-

тып салып. Үнінде өкініш бар еді. Неге екені белгісіз 

Асқар  да  әлдебір  асыл  заты  сол  көлікпен  бірге  кет-

кендей соңынан ілескен. Ауқатты кісі басқарған көлік 

Тілендиев көшесімен төмен түсіп, Райымбек даңғылы-

на бұрылып, «Иверье» кафесінің қасына келіп аялдап, 

ақ  бас  шал  сырлы  таяғын  сілтей  басып,  көліктің  жүк 

салғышын ашып әуреленіп жатқан кезде Бекен қаптал-

даса  берген  көліктен  жылдам  түсіп,  «джиптің»  артқы 

жағында жатқан портьфелді іліп әкеткен. Былай шыға 

бере санап еді, қобыраған көп ақшаны көріп, екеуінің де 

естері шығып кетті. Былғары сөмкеден 2 363 500 теңге 

мен құны 947.500 теңге тұратын швейцария сағаты мен 

қыры сынбаған бір бума АҚШ доллары шыққан. Алай-

да өзгенің ақшасы екеуіне құт болмады. Қазір көшенің, 

ғимараттардың  барлығы  бейне  бақылау  құрылғыла-

рымен  жабдықталған  емес  пе?  Көшедегі  көлік  қозға-

лысын  бақылаған  сақшыларға  ұрылар  мінген  көлікті 

те,  онда  отырғандарды  да  табу  қиындық  тудырмады. 

Іле­шала екеуі қолға түсті.

Таяуда Алматы қаласындағы Алатау аудандық соты 

Асқар мен Бекеннің үстінен қозғалған қылмыстық істі 

қарап, екеуіне де жаза кесті.



Е.КАМАЛ

(Оқиға кейіпкерлерінің аты-жөндері 

өзгертіліп алынды)

О

лар әйелді ұзақ аңдыды. Сенімді 



ақпарат көзі кербез келіншектің 

пәтер жалдаудан түскен ақшаны үйінде 

сақтайтынын жеткізген. Осы дерек бойын-

ша, қанды жорықты түс кезіне жоспарлаған 

қорқаулар келіншекті көп аңдыды. Інісі 

келіп қалар деп кешкі тамақтың қамына 

алаңсыз кірісіп кеткен әйел қоңырауды 

естігенде есікті ешбір сұрақсыз ашқан. 

Жартылай ашылған есіктен екпіндей енген 

бетперделі жігіттерді көргенде ғана Нәзи-

ра ышқына қарсыласып, айғайлап, көмек 

шақырмақ болған. Бірақ, бәрі кеш еді...

Ал, түнімен думандатқан Нұрлан үйге 

таңға жуық оралды. Әпкесін оятып ал-

майын деген жігіт есікті дыбыссыз ашпақ 

болған. Есіктің кілтпен бірге қозғалғанын 

көргенде де көңіліне күдік алмаған. «Мені 

ертерек келеді деп есікті жаппай жатқан 

екен ғой»,– деген ол іште де шусыз жүруге 

тырысқан. Жарықты жақпай алға беттеген 

жігіт әлденеге шалынып жығылғанда ғана 

ұялы телефонын көлбеулеп, кедергісіне 

үңілген. Көрді, көрді де селк ете түсті. 

Қараң ғыда өз­өзінен қорыққан Нұрланның 

тек шамалыдан кейін ғана жарықты жағуға 

батылы жетті. Күдігі алдамаған екен. Ал-

дында қызыл қанға көміліп әпкесі жатыр. 

Қорқыныштың бәрін ұмытып, жақынына 

жанұшыра ұмтылған жігіт Нәзираны бас 

салды. Қанша жұлқыласа да былқ­сылқ 

еткен денеден тіршілік белгісі байқалмады. 

Көзі көрген жамандыққа көңілі сенбеген 

Нұрлан сонда да болса алдымен жедел жәр-

демге қоңырау шалған. 

Дабыл түскен үйге жеткен жедел топ 

бірден оқиға орнын тексеруге кіріскен. Пә-

тердің есігі бұзылмапты. Соған қарап қыл-

мыскерлер үй иесімен таныс деген болжам 

жасауға да болар еді. Бірақ, қорқаулардың 

қатыгездігі жедел топты ерекше таңғалдыр­

ды. Екі бөлмелі үйдің қан шашырамаған 

бұрышы жоқ. Отыз бес жастағы  келіншекті 

аяусыз соққыға алған қорқаулар қорғансыз 

жанның тоғыз жерінен пышақ салған екен. 

Онымен қоймай қансырағанша бөлмеден 

бөлмеге сүйрелеген. Осыншама азаптай-

тындай әйелдің не кінәсі болуы мүмкін?

Сот­медициналық, сот­криминалисти-

калық сараптамалары дайын болғанша 

көршілермен, марқұмның жақындарымен 

тілдеспек болған сақшылар Арбаттағы 

пәтерге жол тартқан. Бір­бірін танымай-

тын, бір­бірімен араласпайтын көршілер 

бұл жолы да ештеңені көрмеген, ешқандай 

шуды естімеген болып шықты. Тек, заң 

колледжінде оқитын студент жігіт қана: 

«Мен сол күні сабақтан кеш қайттым. Үйге 

келе жатқанымда екінші қабатта күбірлесіп 

тұрған екі жігітті байқадым. Екеуі де 25­26 

жас шамасындағы жастар. Екеуі де қара 

күрте, қара шалбар киген»,– дегенді айтты. 

Көз  жұмған  Нәзира  Оспанованың 

тұрақты жұмысы жоқ болып шықты. Ар-

тында тоғыз жастағы қызы қалған келіншек 

тұрмысқа шыққаннан кейінгі екінші жылы­

ақ ажырасып кеткен екен. Осыған орай әйел 

заңды некеде тұрған Ибрагим Құрбанов 

іздестірілген. Жоғары оқу орындарының 

бірінде табысты жұмыс жасап жатқан жігіт 

ағасының бұрынғы отбасымен байланысы 

жоқ болып шықты. «Нәзираның отбасы 

– ауқатты адамдар. Студенттік шақта бас 

қосқанымызбен ол кісілер мені қабылдағы-

сы келмеді. Үйді солар әперді, көлікті солар 

мінгізді. Соған қарамастан, мен олардың 

жетегімен жүрмедім. Ақыры ажырастық. 

Алғашқы жылдары қызымды көріп тұратын 

едім. Кейіннен оны да ата­анасы Қызыл­

ордағы алып кетіп, жолатпады. Сағынамын 

қызымды, қазір екі балам бар. Солардың 

амандығын тілеп жүрмін», – деп ақтарыла 

сөйлеген жігіт ағасының қылмыс болған 

күні немен шұғылданғанын тексерген із 

кесушілер университетаралық жарысқа 

қатысқанын анықтаған еді. 

Тергеушінің алдында жауап берген Нұр-

лан Оспанов әпкесін өлтіргендердің 65 мың 

АҚШ долларын ұрлап кеткенін жеткізген. 

Алматыда бес бірдей пәтерді жалға беріп, 

ақша табатын Нәзираның табысын кім білуі 

мүмкін?

Нәзираның «жұмыс орны саналатын» 



Абылай хан даңғылын бетке алған тергеуші  

пәтерін өткізіп, соның есебінен күнін көріп 

жүргендердің аз еместігін байқады. Кілт-

терін жоғары көтеріп, қалталы «клиент-

терді» құрықтарына ілмек болғандардың 

барлығы дерлік қыз­келіншектер. Қатарласа 

жайғасқан оларды сөзге тартқан тергеуші 

өзіне көмектесетін куәгерді дәл осы жерден 

табарын ол кезде білмеген. Жағдайды біл-

ген соң Шынар есімді келіншек көрген­біл-

генін бүкпесіз баяндай жөнелді.

– Бәсе, күні­түні тынбай жұмыс істейтін 

Нәзира неге көшеге шықпай қалды десем,–

деп ойланған келіншек құрбысының аязды 

күні де ерінбейтінін, көпшілікпен тез тіл 

табысатынын ерекше ықыласпен айтқан.

– Жұмысқа келмеген соң ұялы теле-

фонына хабарласқан едім, жауап бермеді. 

Бірдеңеге ұшырамады ма екен деген күді-

гім болғанымен, кімге айтарымды білмей 

жүрген едім,– деген келіншектің күмәнін 

тарқатпақ болған тергеуші сұрақ қоюға 

оқталған.

– Оны сол күндері бір жігіттер аңдып 

жүргендей көрінген еді маған, – деп Шынар 

қойып қалғанда тергеуші таң­тамаша бол-

ды.

– Нәзира қалай жанымызға қосыла-



ды, солай жолдың арғы бетінен бір қара 

мерседес табыла кететін. Сол күні де қара 

мерседес орнынан табылды. Күн суық 

болған соң, көлігімде жылынып алайын деп 

отырғанмын. Қарсы бетте тұрған көліктегі 

жігіттің бірі сыртқа шығып, темекі шеге 

бастады. Осы кезде жаңа клиент тапқан 

Нәзира пәтерін көрсету үшін көлігіне отыр­

ғызып, жанымнан өте шықты. Ал оны көзі 

шалған жаңағы жігіт енді ғана тұтатқан 

шылымын тастай салып, көлігіне мінді де 

Нәзираның соңынан кетті. Мүмкін, олай 

да емес шығар. Бірақ, маған солай көрінді. 

Және бір қызығы, сол көлік Нәзира жұ-

мысқа шықпаған күннен бастап көрінбей 

кетті. Мұны сәйкестік дей аласыз ба? – 

деген келіншек тергеушіге қарсы сұрақ 

қойған. 


Шынардан алынған деректер бойынша 

бірден бөлімге келіп, жол полициясына 

хабарласқан тергеушіге күдікті көліктің 

тұрағын білу қиынға түскен жоқ. Мекен-

жайы анықталған соң жолға шыққан жедел 

топ «Шаңырақ» ықшамауданындағы керек 

үйді тез тапты. Оң болғанда сүліктей қара 

мерседес те аулада қаңтарылып тұр екен. 

Қандай қауіптің болса да алдын алып үй-

ренген сақшылар қаруларын сайлап үйге 

жақындаған. Бұларды көре салып үйге 

жасырынған жігіт есікті ашуды өтінген 

полиция қызметкерлеріне егер ауладан 

шықпаса қару қолданатындарын айтып, 

қоқан­лоқы көрсете бастаған. Осыдан­ақ 

қылмыскерлер ізіне дұрыс түскендерін сез-

ген тергеуші көмекке арнайы жасақтың жі-

гіттерін шақыр ған болатын. Алайда, үйдің 

жан­жақтан қоршалғанын білген қорқаулар 

ұзақ күттірген жоқ. Қашып құтыла алмай-

тындарын білген олар тез берілді.

Қолға түскен екі жігіт сол күні өздерінің 

тағы бір серігі мен ақпарат берушіні ұстап 

берді. Қылмысты жоспарлаған Нәзираның 

туған бөлесі болып шықты. Өзі де пәтерін 

саудалап күнін көріп отырған Мұрат Нә-

зираның 65 мың доллар жинап тағы бір 

пәтер алғалы жүргенін нақты білетін. Әрі 

қызғаныш жан таптырмаған, әрі сол 65 

мыңнан өзіне де пайда көрсем деген жігіт 

ақыры адам бопсалап ақша тауып жүрген 

танысы Талғатқа жол сілтейді. Оңай олжаға 

жаны жақын Талғат мына ақпараттан кейін 

жақында ғана темір тордан шыққанына қа-

рамастан жанына серіктерін жинап, алдағы 

іске дайындала бастады. Алдымен әйелді 

үш күн жүріп аңдыған олар Мұраттың ай-

туы бойынша үйге кешке келеді. Абайсызда 

есік ашқан әйел әуелде сонша уақыт табан-

дап жинаған ақшасын бергісі келмей қаса-

рысқан. Онысы өзіне сор болып жабысты. 

Кісі қанын жүктегендер енді сот үкімімен 

ұзақ жылын темір торда өткізбек.

М.МӘЛІКҚЫЗЫ 

АШЫЛҒАН ҚҰПИЯ



АШУ

ӨЗГЕНІҢ ДҮНИЕСІ 



ҚҰТ БОЛМАДЫ

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет