Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қызылорда облысы Мемлекеттік 

қызмет істері департаментінің 

баспасөз қызметі

Семинар­тренингті  Маң­

ғыстау  облыстық  сотының 

судьясы Гүлжахан Иманғалиева  

ашып, «Жоғарғы Сот тың бас­

тамасымен  медиацияға  қа­

тысты түрлі шаралар өткі зілу­

де. Медиация туралы судья­

лардың теориялық білімі жет­

кілікті. Қазіргі жағдайда сот 

медиация институты Азаматтық 

процестік кодекске енгізілген 

соң судьяларға медиация тех­

ни калары, құралдары туралы 

құралдары, ол арқылы дау­

ларды шешудің жаңа әдіс тері, 

дауларды  шешудегі  медиа­

торлардың рөлі туралы айтты. 

Сондай­ақ,  ол  «Медиация  

туралы»  заң  қабылданған 

кезде халық медиа цияны жет­

кілікті түсінбей, бұл ұғым­

ға  үрке  қарағанын,  бірақ, 

табиғатымызға етене жақын 

бұл заң енді қолдауға ие бола 

бастағанын жеткізді. Қазіргі 

таңда елімізде күн сайын ме­

диацияға  жүгінетіндердің 

саны артып, бітімгершілікпен 

татуласатындардың  қарасы 

көбейіп, аталған заңның қол­

данылуы  жоғары  деңгейде 

екендігіне тоқталып өтті. 

Семинар­тренинг  қоры­

тындысы  бойынша  барлық 

қатысушыларға  серти фи­

кат тар  тапсырылды.  Шара  

соңында қатысушылар еркін 

пікір алмасу арқылы қызық­

ты  әрі  пайдалы  өткізілген 

тренинг үшін өз алғыстарын 

білдірді. 



Маңғыстау облыстық 

сотының баспасөз қызметі

және медиацияны практикалық 

тұрғыда қолдануды үйретудің 

маңызы зор», – дей келе қаты­

сушыларға сәттілік тіледі.   

Семинарды медиатор, Қа­

зақ стан медиаторлары қауым­

дастығының бас дирек торы, 

Халықаралық  құқық  қорғау 

орталығы  ҚҰ­ның  бас шы­

сы Жанділда Жақыпов жүр­

гізді.  Ж.Жақыпов  медиа ция 

ұғымы  және  оның  негізгі 

қағидалары,  техни калары, 

Мемлекеттік қызметке көңіл толады

Бастама


№84 (2862)

2 тамыз 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

Алдыңғы үш кезеңде мамыражай 

заманды бастан кешіп жатқан ел, сосын 

қара халықтың патшаның «солдат алу» 

туралы бұйрығынан кейінгі мазасыз 

күйі мен патша жендеттерінің бейбіт, 

момын  елге  салған  ойраны  көрініс 

тапса, кейінгі екі тақтайшаның бірінде 

желтоқсан оқиғасы бейнеленсе, соң­

ғы сында ғылымы қарыштап дамып, 

өнері өрлеп, бірлігі жарасқан тәуелсіз 

Қазақстанның қазіргі жай­күйін кө ру ­

ге болады. Еңселі ескерткіштің ав то­

ры Қазақстан Республикасы Сәулет­

шілер одағының мүшесі, архитектура 

ғылымдарының кандидаты, сәулетші 

Жамбыл Кекілов, ал мүсіншісі «Сым­

бат» академиясының оқытушысы Бекен 

Қасетов екен. Қос шебердің қолынан 

шыққан ескерткішті жергілікті халық 

та, ел ағалары да жоғары бағалады. 

Облыс әкімінің орынбасары Бах­

тияр Өнербаев: «...Бабаларымыздың 

есімін ардақтап, лайықты құрмет көр­

сету мақ сатында Нарынқол, Қарқара 

жолайрығында  бұл  нысанның  бой 

көте руі тегін емес. Ол ел тарихынан 

ерекше орын алған елеулі уақиғаның 

бел гі сі іспетті. Авторлар ескерткіште гі 

тақырыптық барельефтерге қазақ тари­

хының бүгін гі тәуелсіз елге дейінгі сан 

(Соңы. Басы 1-бетте)

«ӨЛМЕЙТІН» ТАҚЫРЫП

Мәселе


Оқушылардың бірыңғай мектеп 

формасы жыл сайын айтылатын

алайда түбегейлі шешілмейтін, күрмеуі 

көп мәселеге айналғанына бірнеше 

жылдың жүзі болды. Жаппай бірыңғай 

мектеп формасы енгізілетіні туралы 

қанша айтылғанымен, оқушыларымыз 

биылғы оқу жылында да біркелкі киініп 

жүре алмайды екен. Неге? Жыл сайын 

айтылғанымен, бұл мәселенің кейін 

шегіне беретініне не себеп?

Жалпы, министрліктің бірнеше жыл қатарынан 

жүргізген сауалнамасы ата­аналардың 80 пайызы 

мектеп формасының бірыңғай стандартына қарсы 

емес екендігін көрсеткен. Ал ата­аналардың 10 

пайызы бірыңғай формаға наразылық таныт­

са, тағы 10 пайызы қалыс қалған. Ата­аналар 

оқушылардың жаппай бір түсті, бір үлгідегі киім­

де болуын қалайды. Ұстаздар мен министрлік 

өкілдерінің де жыл сайын мәселені көтеретініне 

қарап, мәселеге қырын қарамайтынын түсінеміз. 

Бірыңғай мектеп формасын енгізу мәселесі 

тәуелсіздік алғалы бері көтеріліп келе жатыр. Осы­

ның арқасында кейбір мектептер бірыңғай формаға 

көшіп, жұртшылықтың ықыласына бөленуде. 

Алайда, еліміздегі мектептердің барлығы бірдей 

ортақ форма киюге көшкен жоқ. Дегенмен, мектеп 

формасын киетін оқушылардың саны жыл сайын 

артып келеді. Мәселен, 2012­2013 оқу жылында 

4,5 мың мектептің 1,6 млн оқушысы (республика 

оқушыларының 72 пайызы), ал 2013­2014 оқу 

жылында 5,4 мың мектептің 1,8 млн оқушысы 

бірыңғай форма киген. 

Мектеп формасы үлгісіне және жиынтығына 

қарай 4,5­13,5 мың теңге аралығында деп хабар­

ланған. Алайда шын мәнінде дүкендегі баға бұдан 

жоғарырақ. Бар мәселе де осы жерден басталатын 

секілді. Мәселен, оқушылар формасын тігетін 

отандық Glasman киім компаниясының арнайы 

сай тындағы ұсынылған бағаға көз салсақ, ұл 

бала лар дың оқу формасы (ішіне кастюм, шалбар 

кіреді, жейдесі бөлек есептелінеді) 15 мың теңге. 

Ал қыз балалардың оқу формасы 24 мың теңге 

(ішіне кастюм, шалбары мен юбкасы және жейдесі 

кіреді). Бұл формаларға тағы ақ кофтасын қоссақ 

3500­5000 теңге керек. Сонда мектепке қажетті 

сумка, оқу құралдарынан бөлек, тек қана оқу 

формасы үшін балаларымызға 20­30 мың теңге 

керек екен. Ал бір үйде екі немесе үш оқушы бол­

са, оларды мектепке киіндіріп жіберудің өзі оңай 

еместігін ұғасың. 

Дүкендегі отандық тауардан гөрі, базардағы 

шекара асып келген көрші қырғыз елінің өнімі 

бұған қарағанда әлдеқайда арзан. Мәселен ақ көй­

легін қосқанда ер баланың формасы 10 000 теңге 

болса, қыз балалардың формасы 10 000­12 000 

теңгенің айналасында. Осыдан кейін ата­аналар 

еріксіз өз бетінше баласын базардан киіндіруге 

тырысады. Осылайша шетелдік өндірушілердің 

тауарын сатып алып, еріксіз өзге елдің экономика­

сын байытуға үлес қосып отырмыз. Ал, бірыңғай 

мектеп формасы мәселе күйінде шешілмей қала 

бермек. 

Жанұзақ ӘКІМ, экономист:

– Әлі күнге оқушыларды сапалы әрі денсаулық­

қа қауіпсіз мектеп формасымен қамтамасыз етуге 

қол жеткізе алмай отырмыз. Күз сайын қазақ­

стандық ата­аналарда мектеп формасын із деу, 

тапсырыс беру деген мәселе басталады. Се бебі, 

бізге мектеп формалары Қытайдан, Түр кия мен 

Қырғызстаннан әкелінеді. Мынадай сұ рақ туады: 

Біз балаларымызға не сатып алып жүр міз? Аз емес 

ақшаға бізге сапасы төмен тау ар ұсынылады. Ең 

сорақысы, мектеп формасы үшін синтетикалық 

мата қолданылады, ол бала денсаулығы үшін аса 

қауіпті. Алайда ата­аналардың қалтасына сай 

болғандықтан, базардан сапасы төмен оқушылар 

формасын алуға мәжбүрміз. 

Қазіргі таңда еліміздегі мектеп оқушыларының 

саны 2 миллионға жуықтайды екен. Егер бірыңғай 

мектеп формасы 10 мың теңге көлемінде болса 

кәсіпкерлер шамамен 20 миллиард теңге табыс 

табады деген сөз. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті, 

отындық өнімді дамытуға таптырмас мүмкіндік. 

ӨТКЕНДІ ҰЛЫҚТАУ — ТАҒЫЛЫМДЫ ІС

Бүгінгінің бас тақырыбы

саласын сиғыза білген. Ескерткіш ті 

орнатуға демеушілік жасаған «Қарқара 

– Ереуіл» қоғамдық қорына және соған 

өз үлесін қосқан барша азаматтарға 

ризашы лығымызды білдіреміз. «Қолы 

ашықтың – жолы ашық», – дейді дана 

халқымыз.  Жанболат  Әкебайұлы 

бастаған азамат тар Жетісудың ғана 

емес, бүкіл қазақ тың қамқоршылары. 

Сіздердің бұл бас та маларыңыз жастарға 

үлгі­өнеге!  Арғы  ата­бабаларымыз 

жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, 

ұлттық салт­дәстүрмен сусындатуды 

мақсат еткен. Сол рухани үндеу бүгінгі 

күнге жеткізді. Елбасы: «Отанымыздың 

бақытты болашағы тек бірлікте», – де­

ген. Ендеше, осы бірлігімізден айырма­

сын!», – деп, жылы лебізін білдірді. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 

бой көтерген ескерткіштің ресми ашы­

лу салтанатынан кейін ауыл халқы мен 

алыстан ат арытып келген қонақтар 

Қарқара жайлауының баурайындағы 

Ереуілтөбеге қарай ағылды. Өйткені, 

онда тарихта «Қарқара көтерілісі», «Ал­

бан көтерілісі» деген атаумен қалған 

«Ереуілтөбеге» осыдан он жыл бұрын 

ескерткіш койылған болатын. Сол ес­

керткішке биыл тағы күрделі жөндеу 

жүр гізіліп, айналасы да атына лайық 

абат танып қоршалған екен. Осы төбеге 

жиналған ел арнайы барып, батыр ба­

ба лардың рухына құран бағыштап, жүз 

жыл бұрынғы дәл осы төбе үстіндегі 

қан төгісті еске түсірді. «Ереуілтөбеде» 

орын алған 1916 жылғы «Қарқара көтер­

лісінде» ақ патшаның мұздай қару ланған 

8750 әскері бас қөтерген қазақты басып, 

жаншып, 24 16 зеңбірек пен 47 пулемет­

тен оқ жаудырған. Салдарынан екі мыңға 

жуық адам оққа ұшып, 600­ден аса адам 

жараланса, мыңдағаны тұт қынға айнал­

ған. 300 мыңнан аса адам туған елін 

Алайда,  сол  мүмкіндікті  пайдалану  орнына, 

кәсіп керлеріміз  ата­аналарға  отандық  өнім, 

кәсіпкерлікті қолдата алмай, не талапқа сай бола 

алмай келе жатыр. Нәтижесінде мәселе шешілмей 

келеді.

Аятжан АХМЕТЖАН, ұстаз:

– Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай 

мектеп формасын енгізуі өте құптарлық дүние. Бұл 

ең біріншіден мектептегі әлеуметтік теңсіздікті, 

яғни, әртүрлі сән қуудың алдын алады. Екінші­

ден, салт­дастүрімізге жат, ашық­шашық немесе 

діни ағымдар бойынша киінуге шектеу болады. 

Өйткені, соңғы жылдары мектепке хиджап киіп 

келгісі келе тін оқушылар пайда бола бастады. 

Менің ойымша, министрлік бірыңғай мектеп фор­

масын бекітуде үш нәрсеге баса назар аударғаны 

жөн. Ең біріншіден, форманың сапасы мен бағасы 

халыққа тиімді болуы керек. Екіншіден, оқушылар 

киімінде қазақтың ұлттық нақышы міндетті түрде 

орын алуы керек. Бұл оқушы санасына ұлттық 

рухты сіңіруге мүмкіндік береді. 

Айта кетер жайт, базардағы киімнің бағасы 

қуантқанымен, көп жағдайда сапасы талапқа сай 

бола бермейді. Өйткені, шекара асып келетін 

киімдердің құрамынан сәбилерді түрлі дертке 

ұшырататын химиялық қоспалар жиі табыла­

ды. Талап бойынша, балалар киетін киімдерге 

синтетикалық талшықтар мүлдем қосылмауы ке­

рек. Алайда, балалар киімдерін тексеретін Метро­

логия комитетінің мамандары базардағы киімдер 

құрамының жартысынан көбі синтетика екенін 

анықтаған.

Ең сорақысы, бұл киімдердің балалар ден­

саулығына тигізер зардабының үлкендігі соншалық, 

тіпті, келешекте баланың белсіз болып қалу қаупі 

де бар көрінеді. Қытай мен Қырғызстаннан жет­

кізілетін балалар киімдері ұрпақ тамырына балта 

шауып қана қоймай, жеткіншектердің аяғын май­

табан қылып, буын ауруларының пайда болуына 

да әсер ететіні дәлелденген. Алайда, ұрпағымызды 

улап, денсаулығына зиянын тигізіп жатқан бұл 

киімдерге тосқауыл қоюға әзірге қауқарсыздық та­

нытып отырмыз. Денсаулыққа қатер төндірер киім­

дер қара базарларымызда самсап тұр. Қытайдан 

әкелінетін киімдердің ешқайсысының сертифика­

ты да жоқ. Яғни, кімдердің шығарып жатқаны бел­

гісіз. Әйтсе де үстерінде жара, аяқтарында бөртпе 

пайда болып, тері ауруларына ұшыраған балаларға 

араша түсер отандық өндірісіміз болмай отыр. 

Яғни, балаларымызды жалаңаш қойғымыз келме­

се, амал жоқ, қайтадан Қытайдың не Қырғыздың 

киіміне қол созуға мәжбүрміз.

Жыл сайын қыркүйек айының басында Қытай 

мен Қырғызстаннан жеткізілетін оқу шы ларға 

арналған мектеп формаларының шәкірт тер дің 

денсаулығына кері әсер етіп, білім алуға деген 

қабілетін төмендететіні жайлы мамандар шу лайды. 

Алайда, баласын білімсіз қалдыра алмай тынын 

және киімсіз мектепке жібере алмайтынын ұққан 

ата­аналар балаларын қара базардағы бағасы удай 

мектеп формасымен киіндіріп, мектепке шығарып 

салуға мәжбүр. Өйтпеске амалдары қайсы?! Сапа­

сына бағасы сай отандық киім дүкендерде толып 

тұрмағаннан кейін, ата­аналар адал ақшасына 

қытай мен қырғыздың денсаулыққа кері әсер етер 

киімдерін алуға мәжбүр.

Негізгі талап бойынша, оқушының мектеп 

киімі 60 пайыз табиғи матадан тігілуі тиіс. Ал қара 

базардағы мектеп формаларында көбінесе өнім ту­

ралы ақпарат тұрмақ, құжаты да жоқ болып келеді. 

Амалсыз, сапасыз болса да, бағасы қалтаны көтере 

алатын киіммен балаларымызды «киіндіргені» 

үшін қытай мен қырғызға рақмет айтамыз. Әзірге 

ата­аналардың бағасы бүгін арзан болғанымен, 

ертеңгі күні балаларының денсаулығын құрту 

арқылы қымбатқа түсетін киімдердің сапасын 

ойлауға шамалары жетер емес.

Осы орайда айта кетер жайт, өнеркәсіп сала­

сындағы көрсеткіш бойынша, Қырғыз Респуб ли­

касы ТМД елдері арасында бірінші орында тұр. 

Оның ішінде, көрші елдің киім өндірісіндегі үлесін 

де атап айтуға тұрарлықтай. Ал, ел аман, жұрт ты­

нышта өз балаларымызды өзіміз киіндіре алмай 

отыруымызға не себеп? Көрші елдер өнімімен 

жарылқамаса, киімсіз жүруге бел шешкен елдей 

киім өндірісіне мүлдем мән бермей отырмыз.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

тас тап кетуге мәжбүр болған. Міне, 

осындай қанды оқиғаны қойнауына 

тығып, бүк түсіп жатқан ба тыр төбеге 

ақындар өлеңдерін арнап, жыршалар 

жырдан тарту жасады. «Ереуілтөбеге» 

жиналған ел «Кейінгі тарих шылардың 

ақтарған ақиқаттары әлі түгел айтылып 

болған жоқ. Әлі терең зерттеу, ақиқатын 

анықтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу ел­

дігімізге сын» деген тілекпен ақшаңқай 

киіз үйлер тігілген алқаптағы тойды 

бастап та жіберді. 

Кең дастархан жайылып, елге белгі­

лі  өнер  жұлдыздары  халықтың  кө­

ңі лін көтерсе, ауыл кәсіпкерлері өз 

өнім дерін саудаға шығарды. Әрине, 

қазақ тың тойы ұлттық ойындарсыз 

өтпей тіні белгілі. Осы орайда, бұрын­

соңды болып көрмеген үлкен Алма­

ман  бәйге  ұйымдастырылып,  оған 

республикамыздың түкпір­түкпірінен 

нағыз тұлпарлар қатысты. Аламанға 

іргелес жатқан қырғыз ағайын мен со­

нау Ресейдің де жүйріктері бақ сынауға 

келіпті. Бес түрлі бәйгеге жүйріктерін 

қосып, тақымын қысқан атқұмарлар бес 

темір тұлпарды тақымдап қайтты. 



Камила ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

4

№84 (2862)

2 тамыз 2016

zangazet@mail.ru

ТАРАЗЫ

Көзқарас


Сарап

Кейбір облыстар мен түпкірдегі ауылдарда 

тұрмыстық қалдықтарды залал сыздандыру әлі 

күнге қолға алынбаған. Табиғатты ластап жат­

қан сол қоқыстардан қоршаған ор та ға қандай 

залалдың  келетіндігі  ғалым дар  қауымына 

белгілі болса да, әзірге мемлекет тарапынан 

оны жол ға қоюға қатысты пәрменді шаралар 

қабылданған емес. Көптеген құзырлы орын­

дар табиғатты сауықтыруға бөлін ген қисапсыз 

қаржыны ебін тауып, басқа мақсатқа жұмсауға 

бейім тұрады. Әйтпесе заңдарымызда қоршаған 

ортаны  ластайтындарға  белгіленген  жаза 

түрлері жетерлік. Былтырдан бастап қолданысқа 

енгізілген Қылмыстық кодекстің «Экологиялық 

қылмыстық құқықбұзушылықтар» деп ата­

латын 13­тарауындағы 20 бап тікелей осы 

саладағы қылмысқа барғандарды жауапқа тар­

туды көздейді.

Мәселен «Атмосфераны ластау» деп ата­

латын 329­баптың санкциясында экологиялық 

талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық 

ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін 

өзге де өзгерту іс әрекеттері қоршаған орта ға 

ірі залал келтіруге әкеліп соқса немесе адам­

ның денсаулығына зиянын келтірсе, заңбұзу­

шылыққа  жол  берген  адамдардың  белгілі 

бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір 

қызметпен айналысу құқығынан екі жылға 

дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз 

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі 

мөлшерде айып пұл салуға не сол мөлшерде 

түзеу жұ мыс тарына не үш жылға дейінгі мер­

зімге бас бостандығын шектеу ге не сол мерзімге 

бас бостандығынан айыруға жазаланатындығы 

көрсетілген. Өкінішке қарай, пара алғаны үшін 

болмаса, қоршаған ортаны ластағанына бай­

ланысты қалтасынан қомақты айып пұл төлеп, 

темір тордың ар жағында пұ шайман жеп отырған 

шенеунікті көр меп піз. Ал еліміздің Әкімшілік 

құқықбұзушылық туралы кодексінде орман­су­

ларымызды, басқа да та би ғи байлықтарымызды 

қорғауға арнал ған 70­тен астам бап бар. Алай­

да  күн де лікті  өмірімізде  солардың  басым 

көп ші лігіндегі талаптар орындала бермей ді. 

Қазір ең арғысы көше бойына жасырын қоқыс 

төгіп кететіндерді жауапқа тартып, тәубесіне 

түсіретін ешкім жоқ. Тәртіп бойынша кодекс­

терде көрсетілген заң бұзушылықты полиция 

қызметкерлері анықтап, қадағалауы тиіс, ал, 

олар көздеріне ілік кен дерек болмаса көбінесе 

жол бойын торауылдап, ереже бұзған көлік­

терді  аңдумен  жүреді.  Былайша  айт қанда 

заңнамаларымызда көзделген тәртіптің тетік­

Азаматтық процестік кодекстің 179­ба­

бына сәйкес, бірінші сатыдағы сотта, яғни, 

аудандық сотта медиацияны өткізу үшін 

іс басқа судьяға беріледі. Қос тараптың 

өтінішхаты негізінде медиацияны іс жүр­

гізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Істі 

қарап жатқан судья тараптардың өтінішхаты 

негізінде медиация ны өткізу құқығына ие. 

Азаматтық процестік кодекстегі тағы 

бір  ерекшелік,  дауды  партисипативтік 

рәсім мен реттеу енгізілген. Аталған рәсім 

екі  тараптың  да  адвокаттарының  дау­

ды реттеуге жәрдемдесуімен судьяның 

қатысуынсыз өткізіледі. Осы жерде айта 

кететін бір жайт, тараптардың ұсынған 

кез келген адамы заңды өкіл ретінде сотта 

өкілдік ете алмайды. Кодекс талабына сай, 

бұдан былай өкіл ретінде білікті заңгердің 

қатыстырылуы міндеттеліп отыр. Шын 

мәнінде, заңнан хабарсыз адам талапкерге 

немесе жауап керге қандай көмек көрсете 

алады?! Заңдық білімі жоқ адам сотқа 

нақты ненің қажет екендігін түсінбей, про­

цеске қажетсіз өмірбаяны туралы айтып 

кететін жағдайларды аз кездестірмейміз. 

Мұның процесті «сиырқұйымшақтанып, 

сағызша» созылуға әкелетіндігі тағы бар. 

Сондықтан, мұндай талаптың болғаны 

қуантады.Сондай­ақ, тараптар ды процестің 

алғашқы кезеңдерінде бітімгершілікке ке­

луге ынталандыру үшін төленген мемлекет­

тік баж кері қайтарылады. Сот процесінде 

тараптар татуласып немесе бітімгершілік­

ке қол жеткізген жағдайда, іс бойынша 

төленген мемлекеттік баж кері қайта ры ла­

ды. Мұндай мүмкіндік ескі кодексте қарас­

тырылмаған еді. 

Жаңа Азаматтық процестік кодекспен 

жұмыс жасағалы судьялардың да жүк те­

Пайым


Пікір

«АЙТЫСЫП СӨЗГЕ  КЕЛГЕНШЕ,  



АҚЫЛМЕН ЖӨНГЕ КЕЛ»

ДАУДЫ ШЕШУДЕГІ ИГІ БАСТАМА

АЛМАТЫНЫҢ АЖАРЫ КЕТІП БАРАДЫ

ӨЗГЕНІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАУ КЕРЕК



(Соңы. Басы 1-бетте)

нан арықтардың арналары бекітіліп, көктемгі 

жауын­шашын апатты жағдай туғызып келеді. 

Біздіңше, қала тазалығын тек заң шығарумен 

шеше алмайтын тәріздіміз. Ондай тәр тіпті 

қолданысқа енгізбес бұрын оны қай органның 

бақылайтындығы мен жергілікті атқару орган­

дарының ол жөніндегі міндеті қандай болмақ 

деген негізгі сауалдың кем­кетігін таразы басы­

на салып, өлшеп алуымыз керек тәрізді. Күніне 

мыңдаған адамдар келіп­кететін Алматының 

көше бойларында әлі күнге қоқыс салатын 

жәшіктер жетіспейді. Сондықтан да көптеген 

қала  тұрғындары  мен  шаһар  меймандары 

тұтынған заттарының қалдықтарын көзден таса­

лау жерлерге тастай салуға бейім тұрады. 



 Елеусіз МҰРАТ,

 «Заң газеті» 

тері оны іске асыратын органдардың өз міндет­

теріне жүрдім­бардым жауапсыз қарауынан тат 

басып, қозғалысқа түсер емес.

Мемлекет  басшысы  Алматыға  келген 

сайын  тау  шатқалдарына  өрлей  салынған 

бай­манаптардың зәулім үйлерін бұзып, ауа 

қозға лысын шектейтін биік ғимараттардың 

құрылысына тыйым жасау керектігін ескерт­

кенімен, оған құлақ асып жатқан басшыны 

бай қай қоймадық. Соның салдарынан бір кез­

дер  дегі апорт алмасымен аты шыққан әсем 

қала Алматының ажары жылдан­жылға азып 

бара ды.  Шаһардың  ластануына  жекелеген 

азамат тарымыздың бойларындағы мәдениеттің 

төмендігі де түрткі болуда. Олардың жыл бойы­

на көше бойларындағы төккен күл­қоқыста ры­

Көшеде келе жатқан жүргіншілер де осын­

дай әдепсіздікке жиі бой алдырады. Осыларды 

тәртіпке шақырмасақ, қаламызда тазалық бола ма? 

Осындайда айтпасқа амалыңыз қалмайды екен. 

Кейбір тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды 

көрінген  жерге  тастауының  салдарынан 

тазалықшылардың еткен еңбегі зая кетіп жатқан 

жайы бар. Қала көшелерінде әр жерде қоқыс 

салынған қаптың, қораптардың үйіліп жатқанын 

жиі көреміз. Иттер ашып­шашып кеткен, иістеніп, 

шыбын­шіркей үймелеген қоқыстардан көз аша 

алмайтын аулалар да баршылық. Содан келіп, 

«қоқыстар дер кезінде тасылмайды, тиісті ме­

кеме  басшыларының  бейқамдығына  қарның 

ашады» деп жатамыз. Десек те, үй ауласының 

тазалығы бәріне ортақ екендігін ұқпайтындар не­

месе қолына сыпырғыш, тырма алып, тазалықты 

барынша  сақтауға  тырысатын  көршілердің 

еңбегін аяқасты қылатындар да бар көрінеді. 

«Жаман көршіден – сүйенер таяғым артық» де­

ген осыдан шыққан болар. Осыдан­ақ халықтың 

тұрмыс деңгейінің қандай екендігін, мәдени 

әлеуеті қай межеде екенін бағамдауға болады. 



Қоршаған орта тазалығы, соның ішінде, қоқысты жинау және оны шығару 

біздің  өткір,  әрі  көкейтесті  мәселеміз  болып  отырғаны  өкінішті.  Көше 

тазалығы  кеңселер  мен  пәтерлерді  жинау  сияқты  ұдайы  назар  аударуды 

талап етеді. Көшеде жастардың, арагідік үлкендердің де шемішке шағып, 

темекі шегіп, сағыз шайнап, түкірініп, қоғамдық орынды ластап отырғанын 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет