Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ӨТКЕНДІ ҰЛЫҚТАУ — ТАҒЫЛЫМДЫ ІС

Баспасөз — 2016

Көзқарас


(Соңы 8-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

4-бет

2-бет

№84 (2862) 2 тамыз 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


ДАУДЫ ШЕШУДЕГІ 

ИГІ БАСТАМА

Пәрмен

БОРЫШКЕРЛЕР



ЕЛ АУМАҒЫНАН 

ШЫҒА АЛМАЙДЫ



Елімізде сот актісін немесе 

басқа да уәкілетті органдардың 

қаулыларын орындамағаны 

үшін борышкерлерге әртүрлі 

мәжбүрлеп орындату шаралары 

қолданылады.

Сот актісін мәжбүрлі 

түрде орындатудың бір шара-

сы – Қазақстан Республикасы 

«Атқарушылық іс-жүргізу және 

сот орындаушыларының мәртебесі 

туралы» заңының 33-бабымен бо-

рышкер болып табылатын жеке 

тұлға, заңды тұлғаның лауазымды 

адамын Қазақстан Республикасынан 

шығуына шектеу қоюға негізделген. 

Яғни, мемлекеттік және жеке сот 

орындаушылары атқарушылық 

құжат бойынша сот шешімінің 

орындалмағанын тексеріп, Қазақстан 

аумағынан шығуына тыйым салу 

туралы қаулы шығарып, сотқа 

санкциялауға жолдайды. Қаулыны 

қарау кезінде судья құжаттың 

дәлелділігін, сондай-ақ, бұл шараны 

қолданудың қажеттілігін назарға 

алады. Соттың санкцияланған 

қаулысы «Бүркіт» базасына енгізіліп, 

борышкердің ел аумағынан шығуына 

автоматты түрде шектеу қойылады. 

 Тәуелсіздігіміздің құрметіне ұйымдастырылған 

тойда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бах-

тияр Өнербаев бастаған қонақтар ауыл халқына 

игі тілектерін жаудырса, ал, аты аңызға айналған 

КСРО  Халық  әртісі  Асанәлі  Әшімов  ақсақал 

бастаған Есмұқан Обаев, Алтынбек Қоразбаев, 

 Тәуелсіздіктің 25 жылдығын Алматы облысы Райымбек ауданы дүркіретіп 

атап өтті. Қарапайым мерекелік шараға ұқсамайтын бұл тойға Алматы 

облысына қарасты барлық аудан түгелдей атсалысып, атақты Қарқара 

жайлауының баурайында қаз-қатар жүз ақшаңқай киіз үй тігіп, тойға келген 

халыққа ерекше қонақжайлық танытты. Алыс-жақын елдерден келген 

қонақтар да қазақтың салт-дәстүрімен танысып, терең тарихы жайлы естіп, ақ 

дастарханынан дәм татып, мәз болысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 

ұйымдастырылған мерекелік шаралар үстіміздегі жылдың ақпан айынан бері 

жалғасып келеді. Ал, Райымбек ауданында өткен бұл той осы шаралардың 

ішіндегі ең ауқымдысы.

Қадым ғасырлардан төсіндегі ризығын беріп, адамзатты асырап келе жатқан Жер 

Ана ендігі жерде өзін ластап, тұншықтырған сол тіршілік иесі — адамның көмегіне зәру. 

Соңғы жылдары қалыпты ырғағын жоғалтқан табиғат тосын мінездер таныта бастады. 

Саналы  ғұмырын  экология  мәселесін  зерттеуге  арнап,  самай  шашын  осы  саладағы 

азапты жұмыспен ағартқан әлем ғалымдарының өзі ауа райының күрт жылынуынан 

Антарктидадағы мұз қабаттарының жыл санап еріп, шөгіп бара жатқанын жақсылыққа 

жорып отырған жоқ. 

Жақсылық Үшкемпіров сынды ел ерлері Кеген 

ауылында бой көтерген «Тарихқа тағзым» атты 

мемориалды кешеннің ашылу салтанатында сөз 

алып, аталған тойдың астары мен салмағы жайлы 

ой бөлісті.

Райымбек ауданының орталығы Кеген аулында 

бой көтерген ескерткіштің биіктігі – 17 метр, баре-

льеф тақтаның ұзындығы – 32 метр, биіктігі – 4,5 

метр. Гранит материалынан жасалған кешен аудан 

орталығына көрік беріп қана қоймай, еліміздің та-

рихынан сыр шертеді. Жарты ай тәріздес керегесін-

де ел тарихының бес кезеңі бейнеленген. 

Статистикалық мәліметтерге сенсек, төрткүл 

дүниеде ластанбаған қоршаған орта қалмаған. 

Жұмыр жерді айтпағанда, алып мұхиттардың өзі 

табиғи қалпын жоғалтқан. Экологтардың есебі 

бойынша, сол мұхиттардың беті мен жағалауында 

5-тен 12,7 млн тоннаға дейін пластиктен жасалған 

бұйымдар қалқып жүретін көрінеді. Бұл дегеніңіз 

әлемдегі қоқыстың шамамен 1,6 дан 5 пайызын 

құрайтын цифр. Ғалымдар мұхиттарды ластау осы 

бағытымен жалғаса берсе, ендігі он жылда ондағы 

қоқыстың екі есеге көбейетіндігін айтып, шошы-

нып отыр. Маңайындағы теңіздер мен мұхиттарды 

ластаудан әзірге көш басын Қытай, Индонезия, 

Таиланд, Вьетнам, Филлипин сияқты мемлекет-

тер бастап келеді екен. Мұхитты былай қойғанда, 

жылына жуынды төгілетін арнайы орындарға 

шамамен  1,3  млрд  тоннаға  жуық  азық-түлік 

қалдығының төгілетіндігі де ел-жұртты алаңдатуда. 

Тек тамырын тереңге тартып бара жатқан қауіпті 



ДЕПАРТАМЕНТТЕ  

ЖАҢА БАСШЫ

 Кеше ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы 

Қайрат Мәми Соттардың қызметін қамтамасыз 

ету департаментінің жаңа басшысы Абай 

Тоқсабаны таныстырды.

А.Тоқсаба 1960 жылы дүниеге келген. 

Алматы Халық шаруашылығы институтын, 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік универси-

тетін тәмамдаған. Экономист, заңгер, экономи-

ка ғылымының кандидаты.

Жоғарғы  Кеңес  аппаратының  Қаржы-

шаруашылық істері басқармасының сектор 

меңгерушісі, Сенат аппаратының Өңірлік даму 

және жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен 

өзара байланыс жасау бөлімінің, Әкімшілік 

бөлімінің меңгерушісі, Аппарат басшысының 

орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау және 

кадр,  Редакциялық-баспа  бөлімдерінің 

меңгерушісі болып қызмет атқарған.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ

СПОРТШЫЛАР 

СЫНАҚТАН ӨТУДЕ

Допингпен  күрес  және  қазақстандық 

спорт  имиджін  қорғау  мақсатында  Рио-

де-Жанейродағы XXXI жазғы ойындарын-

да спорттың 26 түрі нен сынға түсетін 104 

қазақстандық спорт шы Олимпиада алдын-

да допинг-сынақтан өтіп жатыр.«Қосымша 

допинг-сынақтар  20  шілде  күні  бастал-

ды және 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл 

сынақ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет 

президенті Тимур Құлыбаевтың және ҚР 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек 

Мұхамедиұлының тапсыр масымен өткізіліп 

жатыр», – деп түсіндірді комитеттегілер. 

Әділ нәтиже алу үшін алынған сынамалар 

Дрезден (Германия) қаласында орналасқан 

тәуелсіз  Әлемдік  антидопинг  агенттігіне 

(WADA) жіберілді. «Спортшыларды қосымша 

сынақтан өткізуді ҚР Мәдениет және спорт 

министрлігі жанындағы «спортты қолдау 

қоры» корпоративтік қоры қаржыландырды. 

Егер  қолайсыз  нәтижесі  бар  сынамалар 

анықталса,  спортшыға  ұлттық  деңгейде 

қатаң шаралар қолданылады. Қазақстанның 

Ұлттық олимпиадалық комитеті Халықаралық 

Олимпиада комитетінен (ХОК) хат алды. 

Құжатта қазақстандық тараптың спорт тағы 

допингпен күреске бағытталған бұл ша ра сын 

ХОК қолдайтыны жазылған», – деп хабар-

лады ҰОК баспасөз қызметі. ҚР ҰОК және 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг 

қол дануға қарсылық білдіріп, таза спортшы-

ларды қорғайтын ХОК және WADA саясатын 

қолдайды. 



С. ОРЫНБАСАР

АЛМАТЫНЫҢ АЖАРЫ КЕТІП БАРАДЫ



(Соңы 4-бетте)

дерттің қалай алдын алуға болатындығына ғана 

адамзаттың ақыл-ойы жетпей, абдырап отырған 

жағдайы бар. Табиғат аясына төгілетін қалдықтардың 

есеп-қисабын шығарып жүрген сарапшылар өндіріс 

орындары дамыған алдыңғы қатарлы елдерде 630 

миллионға жуық қоқыстың тасталатындығын растап 

отыр. Қазақстандағы экология мәселесі де жылдар 

бойына қордаланып қалған қомақты проблемаларын 

күн тәртібіне қойып, оны жедел шешуді талап етуде. 

Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге көз 

жүгіртсек, елімізде 22 млрд тоннаға жуық қоқыс 

жиналып қалған. Мамандар оның салмақты бөлігінің 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар 

облыстарындағы өндіріс орындарына тиесілі екен-

дігін айтып, дабыл қағуда.

Ғалымдарымыздың пікірінше бұл жердегі басты 

проблема Қазақстандағы қатты қоқыстардың 97 

пайызының түрлеріне қарай сортталып, ажыратыл-

мастан санитарлық заңның талабына сай келмейтін 

алаңдарға төгілетіндігінде көрінеді. Шамамен сон-

шама қоқыстың 5 пайызы ғана өңделіп, өртелетіндігі 

де ойландырады. Бұл дегеніңіз қоқыстардан бөлініп 

ауа арқылы тарап, адам ағзасын улайтын залалды 

нәрселерге тосқауыл қойылмаған деген сөз. Егер осы 

қоқысты еліміздің әрбір тұрғынының басына шақсақ, 

ол 1381 тоннадан келеді екен. Ал Алмания елінде 

бұл көрсеткіш небәрі 0,4 тоннадан аспайды. Осы 

деректің өзі ғана экология мәселесіне қаншалықты 

қарайтындығымызды аңғартса керек.

Мойындауымыз керек, еліміздегі тұрмыстық 

қалдықтарды өңдейтін зауыттар санының аздығы 

мен олардағы қуаттың төмендігі соншама қоқысты 

шет мемлекеттердегідей заматында өңдеп, залал сыз-

дандыруға мүмкіндік берер емес. 

СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН 

ТОПТАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ


2

№84 (2862) 

 2 тамыз 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Семинар-тренинг 



Кеңес

Оң қадам 

Қорытынды

Акция


Маңғыстау  облыстық 

сотында «Медиация рәсімі. 

Келіспеушілік пен дау-да-

майды реттеуде медиа тор-

дың  қолданатын  құрал-

дары»  атты  тақырыпта 

с е м и н а р - т р е н и н г   ө т т і . 

Аталған шараға аудандық 

және  оған  теңестірілген 

со т т а р дың   су дья л а р ы, 

кәсіби  медиатор  Әдемі 

Кемаладинова және нота-

риус өкілдері  қатысты.

Билік айтудың озық үлгісі

Сапаға баға беретін – халық

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен Ақпарат және комму­

никациялар министрлігінің біріккен шаралар өткізу жоспарына сәйкес 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері 

департаменті басшысының орын басары Ж.Жұмабаев Халыққа қызмет 

көрсету ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік 

корпорациясы» АҚ, «Жылжымалы мүлік бойынша орталығы» депар­

таментінің, Көлік бақылау инспекциясының, Әділет департаментінің 

өкілдерімен бірігіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері 

бойынша азаматтарды қабылдады.

Қабылдау кезінде жер учаскелерінің мемлекеттік актілерін қайта тіркеу, 

апаттық тұрғын үйді жөндеу туралы  азаматтар қойған сұрақтарға жауап 

берілді.  

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мәселелер туындаса кез келген 

тұтынушы құзырлы орындарға хабарласып, нақты жауап ала алады. 

Анықтамалар үшін телефон: 50­24­19



Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы

ҚР  Бас  прокурорының 

орын басары Е.Кененбаевтың 

қатысуымен Атырау облыс­

тық прокуратурасының алқа 

мәжілісі болып өтті. Онда 2016 

жылдың  1­жартыжылдығы 

бойынша  жұмыс  қорытын­

дылары талқыланып, қызметтің 

алдағы кезеңге арналған негізгі 

бағыттары айқындалды.

Есепті мерзімде прокурор­

лық  ықпал  ету  актілерінің 

қаралу нәтижесімен 33 мың­

нан астам азаматтың құқық­

тары қорғалып, оның ішінде 

11 мыңнан астам азамат тың 

конституциялық  құқығы 

қалпына келтіріліп, 1,7 млрд 

теңге залал мемлекеттік бюд­

жет  пайдасына  өндірілді. 

539 адам тәртіптік, 343 тұлға 

әкімшілік  жауапкершілікке 

тартылды. Азаматтардың еңбек 

құқықтарының  бұзылуын 

болдырмау мақсатында тиісті 

шаралар қабылданып, 56 млн 

теңгеден  астам  жалақының 

төленуі қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік  сатып  алу 

заңдылығын қадағалау сала­

сын да сомасы 1,3 млрд теңге 

залалдың  алды  алынды. 

Облыстық  прокуратура  ор­

ган дарымен  1,1  млрд  теңге 

салықтан жалтару фактілері 

(ҚР  ҚК  222  б.)  анықталып, 

бюджет  қаржысын  қолма­

қолға айналдыру фактісі (ҚР 

ҚК 215 б.1б.) бойынша 6 меке­

менің  басшысына  қатысты 

сотқа дейінгі тергеп­тексеру 

жүргізілуде.

«ВКонтакте»  әлеуметтік 

желісіне  мониторинг    жүр­

гізу кезінде суицидке итер­

ме лейтін құрамында облыс­

тың  1  мың  800­ге  жуық 

жасөспірімі бар 22 топ анық­

талып, прокуратураның бас­

та масы негізінде Қазақстан 

Республикасы Ақпарат және 

коммуникациялар  минис­

трлігімен  аталған  топтар­

ға тосқауыл қойылды. 1500 

бизнес субъектісінің қызме­

тіне  заңсыз  тағайын далған 

тексерулер жойылды.

Мемлекеттік  айыптау­

шы лармен  соттарға  сапалы 

қатысу қамтамасыз етілуде. 

1­жартыжылдықта 464 қыл­

мыстық  іс  бойынша  про­

курорлар мемлекеттік айып 

қолданды. Соттарда мемлекет 

мүддесіне өкілдік ету сала­

сын да  прокурорлармен  ме­

м лекеттік  бюджеттің  149 

мил лионнан астам теңгенің 

жоғалуының  алды  алынды. 

Уәкі летті органдармен бірлесіп, 

«Айыппұл төлеуді ұмытпа!», 

«Алимент төле. Балалар оған 

мұқтаж!» акциялары өткізіліп, 

нәтижесінде бюджетке 19,8 

млн теңге, 41 баланың пай­

дасына  2,5  млн  теңгеден 

астам алимент берешегі өн­

дірілді.  Ұсталған,  қамау­

ға алынған және қылмыстық 

жазаны өтеуші тұлғалар құ­

қықтарының сақталуын қада­

ғалау  саласында  166  (178) 

заңбұзушылық  анықталып, 

20 (47) ұсыныс қаралып, олар 

бойынша 65 (64) лауазымды 

тұлға жазаға тартылды және 

екеуі жұмыстан шығарылды.

Түрмедегілер санын одан 

әрі  азайту  бойынша  шара­

лар  қабылдануда.  Аталған 

кезең де  129  тұлға  шартты 

түрде  мерзімінен  бұрын 

боса тылып,  31  сотталғанға 

қатыс ты жазалар айыппұл ға 

ауыстырылып, мемлекет пай­

да сына  14,6  миллион  теңге 

өндірілді.

Алқа қорытындысы жеке 

құрам  азаматтық  қоғам мен 

өзара  іс­әрекетке,  азамат­

тардың  конституциялық 

құқықтары  мен  бостан дық­

тарын,  қоршаған  ортаны, 

кәсіпкерлікті, кәмелетке тол­

мағандарды және мемле кет тің 

мүддесін қорғауға бағыттал­

ған жұмысты жалғас тыруға 

бағытталды.

Атырау облысы 

прокуратурасының 

баспасөз қызметі

Қызылорда  облысының  әкімі 

аппаратының  мәжіліс  залында 

Мемлекеттік қызмет істері департаменті 

әдеп жөніндегі уәкілінің, облыстық, 

қалалық және аудандық деңгейдегі 

жергілікті  атқарушы  органдардың 

заң, кадр қызметі қызметшілерінің 

қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы мәдениет ті қалыптастырудағы 

әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі» тақыры-

бында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар­кеңестің  мақсаты  –  әдеп 

жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметте 

қызметтік  этика  ережелерін  сақтау 

мен  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын 

алу  бойынша  негізгі  функцияларын 

түсіндіру. Семинар барысында мемле­

кеттік қызметшілерге этика ережелерін 

қолдану, мемле кеттік қызметшілердің 

құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау 

мәселелері және ұжымда адамгершілік­

психологиялық ахуалды қалыптастыру 

бойынша кеңестер беру бойынша өзекті 

мәселелер талқыланды.

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі 

кеңес төрағасы Жазира Жылқышиеваның 

айтуынша,  Ұлт  жоспарындағы  басты 

міндеттердің бірі мемлекеттік қызметте 

жаңа әдеп ережелерін енгізуге негізделген. 

Жаңа заңнамалардың азамат­

тардың құқығы мен бостандығын 

мінсіз қорғап, көрсетілетін мемле­

кеттік қызмет сапасын жақ сарту, 

жеделдету,  сапаландыру  мақса­

тында  қолданысқа  енгізілетіні 

белгілі.  Заңдағы  өзгерістер  мен 

толықтыруларға  да  қоғамдағы 

бастамалар, тың ізденістер негіз 

болып  жатады. «Жылжымайтын 

мүлікке  құқықтарды  мемлекет­

тік тіркеу туралы» заңның алып 

келген жаңалығы да аз емес. Ең 

бастысы,  бұл  құқықтық  құжат 

қағазбастылықты,  сыбай лас­

тықты жоюға ықпал ететін тетік­

тер  ұсы нуы мен  құнды  болып 

отыр.

Мәселен, жылжымайтын мүлік­



ке құқықтарды тіркеу тәртібі жаңа 

заңда  барынша  жеңілдетілген. 

Бірақ,  бұл  құжаттарды  тексеру, 

қарау, заңдастыру жағынан салғырт­

тық  танытылатынын  білдірмей­

ді. Уақытты жеделдету құзырлы 

орындардың  жауапкершілігін 

арттыру есебінен жүзеге асып отыр. 

Әрі  қазіргі  қолданыстағы  жаңа 

технология да әділет саласындағы 

жаңашыл дықтарды  көбейтуге 

ықпалды болып отыр. Жасалатын 

мәміле нің  және  жылжымайтын 

мүлік ке құқықтардың туындауына, 

өзгеруіне,  тоқтатылуына  негіз 

болып табылатын өзге де заңдық 

фактілердің заңдылығын немесе 

мемлекеттік  тіркеудің  өзге  де 

объектілерін тексеру бұрынғыдан 

бір мысқал да төмен жүргізілмей­

ді. Қазіргі кезде де мемлекеттік 

тіркеуге ұсынылатын құжаттардың 

қолданыстағы заңнамаға сәйкесті­

гін тексеру жақсы жолға қойылған. 

Тіркеуші  орган  жылжымайтын 

мүлікке құқықтарды мемлекеттік 

тіркеу үшін қажетті жылжымайтын 

мүлік объектісінің техникалық және 

сәйкестендіру сипаттамалары тура­

лы мәліметтерді тиісті мемлекет­

тік  ақпараттық  жүйеден  алады; 

Элек трондық  тiркеудің  халық 

үшін пайдасы ұшан теңіз. Шара 

барысында  алдымен  нотариус 

мәмілені куәландырады. Одан кейін  

электрондық  цифрлық  қолтаңба 

арқылы  куәландырылған  құқық 

белгiлейтiн құжаттың электрондық 

көшiрмесiн  бiрыңғай  нотариат­

тық  ақпараттық  жүйе  арқылы 

құқық тық кадастрдың ақпараттық 

жүйесiне жiбередi. Жылжымайтын 

мүлікті  сатып  алушыны:  құқық 

белгілейтін  құжатқа  бірыңғай 

нотариаттық ақпараттық жүйеде 

берілген  бірегей  нөмір  туралы; 

жылжымайтын мүлікке құқықтар­

ды  мемлекеттік  тіркегені  үшін 

Қазақстан Республикасының салық 

заңнамасына сәйкес төленуге тиіс 

алым сомасы туралы немесе алымды 

төлеуден босату туралы хабардар 

етеді.

Ж.БАЙРАМУКОВА

Алматы қаласы Әділет 

департаменті жылжымайтын 

мүлікке құқықтарды тіркеу 

бөлімінің инспекторы

БІТІМГЕРШІЛІКПЕН 

ТАТУЛАСАТЫНДАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ



ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ 

МІНДЕТІ АЙҚЫНДАЛҒАН

Қазақ  халқы  үшін  бітімгершілік  – 

билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан 

рулы  елдің  дауын  тоғыз  ауыз  сөзбен 

түйіндеп,  татуластырып  отырған  дана 

бабаларымыз ел арасындығы кез келген 

дау­дамайды  бітімгершілік  жолымен 

шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің 

тұтастығын сақтап отырған. Яғни, 2011 

жылдың  28  қаңтарында  қабылданған 

«Медиация  туралы»  заң  сот  жүйесіне 

жаңашыл өзгеріс енгізіп, дауды шешудің 

тағы бір тиімді жолын айқындады.

Медиацияның  тиімділігі  сол,  шешімнің  орындалу  деңгейін 

жоғарылатады. Медиация азаматтар арасындағы қарым­қатынаста талас­ 

тартыс деңгейін төмендетуге, тараптардың қарым­қатынас мәдениетінің, 

этикасының жоғарылауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің 

көбеюіне әкеледі. Бітімгершіліктің басты мақсаты – қылмыс жасаушылар 

қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жазаларымен жазалау емес, 

адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру.

 

Заң  жобасы  ең әуелі жазасын өтеушілердің санын азайтуға ықпал 



етеді. Медиация шындығында, жаза басқандардың қателігін түзеу 

мекемелерінде емес, жақындарының ортасында жүріп түсінуіне, түзеуіне  

ықпал етеді. Заңды бастай сала іліп әкететін медиатор мамандар қазіргі 

таңда тапшы. Медиация заңын  кеңінен насихаттап, дауласушы тараптарды 

бітімгершілікке  шақыру  мақсатында 

Қармақшы  ауданы  әкімінің 

ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» заңының қабылдану күні 

қарсаңында «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу жоспарланып 

отыр. 


Қызылорда облысы

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН ТОПТАРҒА 

ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі 

мемлекеттік  басқару  органдарының 

имиджін анықтай тын мінсіз әдеп мінез­

құлықтармен қатар жүруі керек.

Облыс әкімі аппараты басшысының 

орынбасары  –  әдеп  жөніндегі  уәкіл 

Руслан Ысқақов әдеп жөніндегі уәкілдің 

негізгі міндеттеріне, оның мемлекеттік 

қызметшілер,  жалпы  қоғам  арасында 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет­

ті  қалыптастырудағы  рөлі  жөнінде 

әңгімеледі. Бұдан басқа, департамент 

өкілдері мемлекеттік қызметшілердің 

мінез­құлық әдеп ережелерін реттеудегі 

жаңа институттар, Әдеп жөніндегі кеңестің 

жұмысына  және  мемлекеттік  қызмет 

туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен 

толықтырулар,  ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу 

туралы»  жаңа  Заңының  нормаларын 

түсіндіруге кеңірек тоқталды.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет