Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте)



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/6
Дата17.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Баспасөз — 2016

Мәселе


(Соңы 5-бетте)

(Соңы 3-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

4-бет

2-бет

№78 (2856) 19 шілде 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


МЕДИАЦИЯ ЗАҢЫНЫҢ 

ҚОЛДАНЫЛУЫ КЕМШІН

ҚОРҒАУШЫ МА,  

ҚОРЛАУШЫ МА?

Сәті түскен сұхбат

«ДАМЫҒАН ЕЛДЕР 

ӨРКЕНИЕТКЕ БИЛІГІНІҢ 

КЕРЕМЕТТІГІНЕН 

ЕМЕС, ХАЛҚЫНЫҢ 

БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ 

АРҚАСЫНДА ЖЕТТІ»

– Үштілділікті енгізу мен білім 

саласындағы реформаларға, 

жерді сату мен жалға бе-

руге наразылық танытып 

жүргендердің өз ішінде бірлік, 

пікір ортақтығы бар ма? 

– Меніңше, ішкі бірлік жоқ. 

Бірақ, ішкі бірлік дегеннің өзі са-

лыстырмалы ұғым болғандықтан, 

кез келген мәселеде қоғамның 

бірауызды пікірде болуы шарт 

емес. Қай мемлекетте де мұндай 

дау-дамай, пікірталас орын алып 

тұрады. 

Расул ЖҰМАЛЫ, 

саясаттанушы:

«...Бұған белгісіз біреулердің Алмалы аудандық 

ІІБ  және  ҰҚК  Департаменті  ғимараттарына 

шабуыл жасауы негіз болды. Шешімді Ұлттық 

қауіпсіздік  комитетінің  төрағасы  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  2013  жылғы  9 

тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің 

туындауы туралы ақпарат мониторингінің және 

халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің 

АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС ҚАУІПСІЗДІКТІ 



«ҚЫЗЫЛ» ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТКІЗДІ

Алматы қаласында орын алған атысқа қатысты алыпқашпа әңгіме әп-сәтте-

ақ әлемге тарады. Оқтың үні естілісімен әлеуметтік желілерде белгісіз оқиға 

орнынан  түсірілген  суреттер  мен  негізсіз  болжамдар  айтылған  ақпараттар 

қала  тұрғындарының  үрейін  алды.  Алайда,  оқиғаның  анық-қанығы  шама-

мен бір жарым сағаттан кейін, яғни, Астана уақыты бойынша сағат 12:20-да 

Қазақстан  Республикасы  Антитеррор  орталығы  Алматы  қаласы  аумағында 

шекті («қызыл») террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде ресми 

ақпарат таратқаннан кейін белгілі бола бастады.

Өткен айдың басында ғана Ақтөбе қаласында террористік қауіптің «қызыл» 

деңгейі енгізілсе, ай өтпей жатып бұл жағдай Алматы қаласында қайталанып 

отыр. Сонда ел ішін ала тайдай бүлдіріп жүрген бүлікшілер қайдан шықты? 

Шын  мәнінде  халық  шошынып  қалған.  Дәстүрлі  емес  дін  өкілін  көргеннен 

жиырылып, қандай да бір қауіп күтеді. 

ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын 

бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес 

қабылдады» делінген ресми ақпаратта. 

 Сонымен, алғашқы атылған оқтың үні кеше 

күндізгі сағат 11:00 шамасында Алматы қаласы 

Алмалы аудандық ІІБ-сы жанында естілген. Іле-

шала қару ұстанған белгісіз біреулердің қаланың 

басқа да жерлерінде оқ жаудырғаны туралы суық 

хабар тарады. Алғашында не болып жатқанын 

болжау мүмкін емес-тін. Оқ атылған маңайдағы 

сауда орындары мен қоғамдық орындар жұмысын 

тоқтатып, бірқатар көшелер жабылды.

Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын қауіптің 

деңгейі артып келеді. Алайда, етек-жеңімізді жия-

тын түріміз байқалмайды. Басқа елдермен тұтқын 

алмасу шарасы аясында шетелде істі болған аза-

маттарымызды елге алдыртып жатырмыз. Осы 

орайда экстремистік әрекеттері үшін шетелде істі 

болған азаматтарды елге алдыртудан пайда бар ма?! 

Кейбір елдер мұндай азаматтарынан мүлдем бас 

тартып отырғанын ескерсек, түрмеде отырып-ақ 

айналасын өз ұстанымына ұйытатын, ел ішін ғана 

емес, темір тордың ішін де маңайындағыларды ала 

тайдай бүлдіретін қауіпті жандардан елімізге пайда 

барына күдікпен қараймыз. 

Соңғы жылдары елімізде діни экстремизм мен 

терроризмге қарсы айтарлықтай күрес жүргізіліп 

жатыр.  Күштік  құрылымдар  салдармен  ғана 

күресіп қоймай, профилактикалық шараларды 

да іске асыруда. Осы орайда айта кетер жайт, 

соңғы жылдары қоғамға қауіп төндіріп, мемле-

кет құрылымдарына қарсы ұйымдастырылған 

қылмыс саны айтарлықтай көбейген көрінеді. 

Соған сай террористік және экстремистік баптар 

бойынша істі болғандардың да қатары артқан. 

Кейбір сарапшылардың пікірінше, түрлі радикалды 

экстремистік идеяларды бойына сіңіріп, қоғамға 

қауіп төндіріп отырғандардың дені түрмеден 

шыққандар екен. Демек, біздің қауіп бекер емес. 

Бірлі жарым санасы уланғандар түрмеде де бос 

жатпай, басқаларды өз қатарына тартып жатыр. 

Тіпті, мамандардың «түрмелерде жаппай діни ра-

дикализмге бет бұру тенденциясы жүзеге асып бара 

жатқан жоқ па?» деген күдігі де бар. Осыған орай 

қайбір жылы Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев 

«жазасын өтеушілерді жасаған қылмысына қарай 

бөліп отырғызу керек. Көптеген елдерде діни 

экстремизм бабы бойынша жазасын өтеушілер 

басқалардан оқшауланған. Бізге де бұл тәжірибені 

енгізу артықтық етпейді» деп пікірін білдірген еді. 

Алайда, депутаттың бұл пікірі қоғам тарапынан 

қолдауға ие бола алмады. Қазір елімізде діни экс-

тремизм бабы бойынша сотталған азаматтар саны 

500-дің айналасында. Аз ба, көп пе? Олардың басты 

ниеті үнемі өз ұстанымдарын насихаттау екенін 

ескерсек, соңынан ергендердің сәт сайын есе-

леніп жатуы әбден мүмкін. Әрі олар басқалардан 

оқшауланған камераларда отырған жоқ. 

Жасыратыны жоқ, түрме экстремистік ағымдағы 

адамдар үшін өздерінің үгіт-насихатын жүргізуге 

қолайлы орта болып табылады. Яғни, мамандардың 

айтуынша, «түрмеге экстремизм немесе терроризм 

көзқарасындағы сотталған бір адам отырса, ол 

жерден радикалды ағымдарды мықтап ұстанған 

3-5 адам шығады». Демек, олармен жұмыс жүргізу 

қажет. 

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, 

заңгер:

– Діни көзқарасына байланысты сотталғандарды 

өзгелерден оқшаулау қажет-ақ. Өйткені, діни 

тұрғыдан санасы уланған адамдар қоғамымызда 

күн санап көбейіп бара жатыр. Шыны керек, 

халқымыз рухани тұрғыдан аш болғандықтан, жа-

нына керегін өз бетінше іздеуде. Ал осыны тиімді 

пайдаланған өзге діни ағымдағылар қатарына 

басқаларды да тартуға тырысады.  Әсіресе, түрмеде 

отырғандар әрқашан рухани тұрғыдан қолдау іздеп 

аласұрады. Бір нәрсеге сену арқылы үміт отын 

жағуды көздейді. 



АЗАМАТТАР ҚАУІПСІЗДІКТІҢ 

САҚТАЛАТЫНЫНА  

СЕНІМДІ БОЛУЫ ТИІС

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік 

кеңесінің шұғыл отырысында ақпараттық 

кеңістіктегі арандатушылықтарға бой ал-

дырмау қажеттігін айтты. Отырыс бары-

сында Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 

В.Жұмақановтың, сондай-ақ Қауіпсіздік 

кеңесінің басқа да мүшелерінің Алматы 

қаласындағы оқиғаларға қатысты баян-

дамалары тыңдалды.

Қазақстан Президенті қаза болғандар мен 

зардап шеккендердің отбасыларына көңіл 

айтты және оларға мемлекеттік органдардың 

барлық қажетті көмекті көрсетуін тапсырды.

–  Алматыда,  өкінішке  қарай,  тағы  да 

адам құрбандығына ұшыратқан террорлық 

акт  болды.  Зардап  шеккендер  мен  қаза 

болғандардың  жақындарына  көңіл  айта-

мын,  оларға  тиісті  психологиялық  және 

материалдық қолдау көрсету керек. Сондай-

ақ құқық қорғау органдарына қаладағы құқық 

тәртібін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық 

қажетті шараны қабылдауды тапсырамын, – 

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

– Қазір құқық қорғау органдары жұмыс 

істеп жатыр, қаскүнемдердің кім және қандай 

мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жина-

латын орындарды қорғап, жараланғандарға 

медициналық көмек көрсету жөнінде жедел 

шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді 

анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүргізу 

қажет.  Сондай-ақ  Алматы  тұрғындарына 

тұрақты түрде мәлімет беріп, жалпы қоғамдық 

тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет 

таратушылардың  аяусыз  түрде  жолын 

кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды. 

Алматыдағы және республикадағы барлық 

азаматтар тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң 

шаралар қабылданып жатқанына сенімді 

болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті. 

О т ы р ы с   қ о р ы т ы н д ы с ы   б о й ы н ш а 

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер минист-

ріне  оқиға  орнына  баруды  және  Алматы 

қаласының  әкімімен  бірлесіп,  қаладағы 

жағдайды тұрақтандыру жөнінде шаралар 

қабылдауды тапсырды.

Сонымен  қатар,  Мемлекет  басшысы 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі-

не азаматтардың барлық сауалдарына жедел 

жауап беріп, халыққа уақтылы және толық 

ақпарат беріп отыруды міндеттеді.



Ақорданың баспасөз қызметі

ТЕРРОРИЗМНІҢ ТЫНЫСЫН 

АШЫП ОТЫРҒАН — ТҮРМЕ



2

№78 (2856) 

19 шілде 2016

zangazet@mail.ru

ҚҰҚЫҚ

Қорытынды



Судьяларға қатысты шағымдар 

өз дәлелін таппады

Азаматтық және әкімшілік істер жөнінде-

гі сот алқасының төрағасы Бақыт Мәлік-тегі 

өз баяндамасында 2016 жылдың 6 айында 59 

185 азаматтық іс пен арыз түсіп, соның ішін-

де 30 757 іс бойынша шешім қабылданға-

нын, бұл өткен жылға қарағанда 4 065 іске 

артық екенін мәлім етіп, сондай-ақ, үстіміз-

дегі жылдың алғашқы жартыжылдығында 

медиация тәртібімен  384 азаматтық, пар-

тисипативтік келісімімен 9 азаматтық істің 

қысқартылғанын, есепті кезеңде татуласу 

рәсімімен қаралған азаматтық істердің саны 

– 566 болғанынан хабардар етті.  

Ал, Қылмыстық істер жөніндегі сот алқа-

сының төрағасы Бақытжан Қарамановтың 

айтуынша, есепті кезеңде қала соттарымен 

2 456 тұлғаға қатысты 2 247 қылмыстық іс 

аяқталған. Оның ішінде 1 342  қылмыстық іс 

бойынша 1 581 тұлғаға қатысты үкім шыға-

рылған. Жартыжылдықта қамауды санкция-

лау туралы 3 548 материал келіп түссе, 2015  

жылы бұл көрсеткіш 2 789 материал болған.  

Кеңес барысында Сот әдебі бойынша 

комиссия төрағасы, қалалық соттың судьясы 

Лұқмат Мерекеновтің баяндамасы тыңдал-

ды. Осылайша, 2016 жылдың жартыжыл-

дығында комиссияға 40 шағым мен өтініш 

келіп түскен. Оның ішінде 19-ы судьяның 

процессуалдық әрекетіне, 21-і тікелей судья-

ның әдебіне қатысты болған. Өтініштерде 

көрсетілген уәждер комиссия отырысында 

талқыланып,  өз  дәлелін  таппағандығы 

анықталды.

Кеңес алдында жеке және заңды тұлға-

лардың өтініштерін қарау тобының басшы-

сы, қалалық соттың судьясы Сергей Ло-

бачтың қорытынды баяндамасы да назарға 

ұсынылды. Сонымен қатар, Алматы қаласы 

бойынша Соттар әкімшісі Бақтыбек Асанбе-

ков сот қызметіндегі тиімділік рейтингінің 

қорытындысымен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты-

ның судьясы Нұржан Қайыпжан өз сөзінде, 

басты міндет – сот төрелігінің сапасын 

жақсартуда екендігін көпшілік назарына 

салды. Бұл тұрғыда, жүктемені оңтайлан-

дырумен қатар, қаралатын істердің сапасын 

арттыруға судьяларды татуласу рәсімдерін, 

яғни медиация тәртібі мен партисипативтік 

келісімдерін әр іс бойынша кеңірек қолда-

нуға шақырды.

Жоғары сот кеңесінің мүшесі Лязат Ку-

декова өз кезегінде, сот кадрларын жасақтау 

мақсатында мемлекеттік орган тарапынан 

жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталды.  

Кеңейтілген кеңесті түйіндеген Алматы 

қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай 

судьялар қауымына сот жұмысын жақсарту 

мақсатында бірқатар нақты міндеттер жүк-

теді


К.ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқа-

сының төрағасы Нұрмахамат Абидов 2016 

жылдың бірінші жартыжылдығында облыс 

соттарына қарау үшін 1108 қылмыстық іс 

түскен тілге тиек етті. Оның ішінде 774 

қылмыстық іс бойынша 879 тұлғаға қатысты 

үкім шығарылып, 181 тұлғаға қатысты 140 

қылмыстық іс сот өндірісімен қысқартылған. 

Сотталған тұлғаның саны 845 болса, оның 

ішінде бас бостандығынан айырылғандар – 

247 (29,2%), шартты мерзімге – 147 (17,4%), 

жазалаудың басқа да түрлеріне – 445 тұлға 

тартылған(52,7%). 5 адам қылмыстық жауап-

тылықтан босатылса, 1 тұлға қайтыс болуы-

на байланысты қылмыстық жауаптылықтан 

босатылған. Сондай-ақ, 34 тұлғаға қатысты 

ақтау үкімі шығарылған. Есепті кезеңде 

алқабилердің қатысуымен 2 тұлғаға қатысты 

2 қылмыстық іс қаралды. 95 қылмыстық іс 

медиатордың қатысуымен қаралып, соның 

ішінде 73 іс татуласу рәсімімен аяқталған. 

Азаматтық және әкімшілік істер жө-

ніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рү-

стембеков 6 айда 17 144 талап арыз түскенін 

жеткізді. Соның ішінде 556 (3,2%) талап 

арыз қайтарылып, 16 287 (95%) талап арыз 

бойынша азаматтық іс қозғалған. Осы ара-

лықта медиация тәр тібімен 552 азаматтық іс 

қысқартылды, ол қаралған істердің 3,5%-ын 

құрайды. 

Сот әдебі бойынша комиссия төрағасы 

Азамат Тілеповтің мәліметінше, бі рінші 

жартыжылдық қорытындысы бойынша су-

дьяларға қатысты шағымдар саны (9-дан 6-ға) 

азайғаны байқалады. 2015 жылдың бірінші 

жартыжылдығында  6  шағым  өз  негізін 

тапса, 2016 жылы тек 1 шағым негізді деген 

түйін жасалды. Осылайша, Комиссия тек 

ға на түскен шағымдардың санын ғана емес, 

расталған шағымдардың санын да азайтты.

Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өті-

ніштерін қарау қорытындысы туралы об-

лыстық соттың судьясы Мейірхан Атибеков 

баяндады. 2016 жылдың бірінші жартыжыл-

дығында жеке және заңды тұлғалардан 

8 шағым түскен, ол 2015 жылдың 1 жар-

тыжылдығымен салыс тырғанда 5 шағымға 

азайған. Түскен шағымдардың тек екеуі өз 

дәлелін тапты.

Кеңсе жұмысының қорытындысымен 

Соттар әкімшісінің басшысы Әбдіжәми 

Құлдүйсенов таныстырды. Ол 2016 жылдың 

бірінші жартыжылдығындағы облыс сотта-

рының рейтинг қорытындысын баяндады. 

Жиын  барысында  кейбір  судьялар  мен 

мемлекеттік қызметкерлер құрмет грамота-

ларымен марапатталды.

Жоғарғы Соттың мамандандырыл ған 

сот алқасының төрағасы А.Қыдыр баева Са-

рысу аудандық сотының судья сы Д.Төлен-

бековті «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот 

отырысы» және «Ең үздік бітімгер судья» 

номинациялары бойынша құрмет грамо-

тасымен  марапаттады.  Сонымен  қатар, 

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отыры-

сы» номинация сы бойынша Тараз қалалық 

№2 сотының судьясы Ернар Жаманқұлов, 

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» 

номинациясы бойынша Жамбыл облысы 

бойынша қылмыстық істер жөніндегі ма-

мандандырылған ауданаралық сотының 

судьясы Айгүл Маликова, «Үздік судья» 

атанған Тараз қалалық сотының судьясы 

Жанна Абаева, «Үздік сот актісі» номина-

циясы бойынша Тараз қалалық сотының 

судьясы Д.Бейсенбаев лайық деп танылды. 

Сондай-ақ, Тараз қалалық сотының судья-

сы Г.Асылбек «Үздік тәлімгер», Жамбыл 

облыстық сотының судьясы Ардақ Әкетаев 

«Үздік ментор» болып танылып, құрмет 

грамоталарымен марапатталды. «Ең үздік 

сот» номинациясында Тараз қалалық соты 

жеңімпаз атанды.

А.Қыдырбаева жұмыстың басты бағыт-

тарын анықтап, судьялар мен соттардың 

төрағаларын неғұрлым өнімді жұмыс жа-

саудың шарттарын, яғни істерді қараудың 

мерзімдерін жетілдірумен қатар сапасын 

жақсартуға ша қырды. Ол сот шешімдерінің 

заңдылығы мен негізділігі азаматтар мен 

заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды 

мүдделерін толық қорғау екендігін атап көр-

сетті. Кеңес соңында облыстық сот төрағасы 

Рүстем Алшынбаев алдағы жарты жылдыққа 

бірқатар нақты міндеттер қойды.



Жамбыл облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Н.Қайырбеков өз баяндамасын-

да облыс соттары жұмыстарының 

негізгі  статистикалық  көрсет-

кіштерімен таныстырды. Жиын 

барысында қылмыстық, азамат-

тық,  әкімшілік,  істер  бойынша 

сот төрелігін жүзеге асыру туралы 

алқа төрағалары Ержан Қарабаев 

пен Қайрат Адрановтың есептері 

тыңдалды. Олардың ақпаратына 

сәйкес  2016  жылдың  6  айында 

жергілікті соттарға 912 қылмы-

стық іс түсіп, өт кен жылдан қалған 

істердің саны 86-ны құраған. 2015 

жылдың 6 айы мен (2015 ж. 6 айда 

– 833 іс 930 адам бойынша қа-

ралған), салыстырғанда қаралған 

істердің саны 52 іске артқан. Осы 

аралықта 368 адамға қатысты 309 

іс өндірістен қысқартылды. 2016 

жылы 6 айда теріс қылық жасаған 

195 адамға (2015 жыл 6 ай - 159) 

жаза қолданылған.

2016  жылдың  6  айында  аза-

маттық істер бойынша аудандық 

және оған теңестірілген соттар 

өндірісіне түскен талап арыз саны 

10  987  (арыз,  шағым),  іс  саны 

145-ті  құрады.  Өткен  жылмен 

салыстырғанда  арыздар  405-ке 

азайған. Осы аралықта аудандық 

және оған теңестірілген соттарға 

қалған  іс тер ді  қосқанда  6  405 

әкімшілік  іс  түс кен  (2015  ж.  6 

айы  –  9  780  іс).  Жә не  барлық 

қаралған істер бойынша қабыл-

данған сот актілерінің 94,6 па-

йызына  (2015  ж.  6  айы  –  93,1) 

апелляциялық шағым немесе на-

разылық келтірілмеген. Ал, меди-

ация тәртібімен 156 қылмыстық 

және 174 азаматтық іс қаралған.

Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құрық-

баев Ұлт жоспары аясында сот 

жүйесінде атқарылған іс-шаралар, 

судьялардың біліктілігін арттыру, 

судьялық лауазымға іріктеу мәсе-

лелері, судья лауазымына білік-

тілік емтиханын тапсыру рәсім-

дері,  Әдеп  кодексі  жобасында 

судьяларға қойылатын талаптың 

қатаңдатылғандығы туралы айтып, 

«Медиация  туралы»  заңын  су-

дьялар тиісті деңгейде қолданбай 

жатқандығын айтты.

Кеңес барысында судья әдебі 

жө ніндегі комиссияның атқарған 

жұмысы туралы комиссия төраға-

сы Б.Қалымбет, оқу орталығының 

жұмы сы туралы облыстық сот су-

дьясы К.Қаниева, сот имиджін арт-

тыру, құқықтық насихаттау және 

БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі 

үйлестіруші-судья  А.Наримов 

баяндама жасап, аудандық және 

оған теңестірілген соттардың сот 

жұмысын ұйымдастырудағы жүр-

гізілген рейтингі арнайы слайд 

арқылы ұсынылды.

Қызылорда  облыстық  соты-

ның төрағасы Н.Қайырбеков сот 

төрелігін сапалы және жедел жүзе-

ге асыру, судьялардың кәсіби дең-

гейін арттыру, сыбайлас жемқор-

лықтың алдын-алу іс-шараларын 

жалғастыруды атап көрсетіп, ал-

дағы атқарылатын жұмыстар мен 

тапсырмаларды айқындады.

Отырыс соңында Ә.Құрықбаев 

Қызылорда облысының жергілікті 

соттарына басшылық лауазымына 

үміткерлермен әңгімелесу өткізді. 

«Судьяларға қойылатын талаптар 

қатаңдатылды. Кәсіби біліктілігін 

анықтау емтиханын тапсыру ба-

рысында қосымша ситуациялық 

және  психологиялық  тестілеу 

жүйесі енгізілді, үміткерлер не-

гізгі  жұмыс  орнынан  қол  үзіп, 

сотта ақы төленетін бір жылдық 

тағылымдамадан,  ал  жаңадан 

тағайындалған судьялар жылдық 

бейімделу  кезеңін  өтеді.  Үміт-

керлердің ұсынымдары ашықтық 

негізде соттармен өзара іс-қимыл 

жөніндегі кеңеспен бірігіп облы-

стық соттың жалпы отырысында 

қаралады», – деді ол.

Әділ Құрықбаев үміткерлердің 

әрқайсысымен жеке әңгіме жүр-

гізіп, өмірбаянымен және еңбек 

жолдарымен танысты.

Қызылорда облыстық 

сотының баспасөз қызметі

Кеңесті  аша  отырып  облыстық  сот  төрағасы 

Мейрамбек  Таймерденов Ұлт жоспарында сот жүй-

есіне бекітілген барлық тапсырмалардың сәтті іске 

асырылғанын атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде 

ұлттық сот жүйесі айтарлықтай жаңартылды. Бүгінгі 

күні Алматы облысындағы сот отырыс залдары ды-

быс-бейнежазба жүйесімен 90 пайыз жабдықталған. 

Облыс соттары Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

Сотының рейтингінде медиацияны елде дамыту 

және қолдану бойынша көшбасшылардың бірі болып 

табылады.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот төрелі-

гін жүзеге асыру сапасы туралы сот алқаларының 

төрағалары  Қ.Досымбет және С.Сәкенов баяндады. 

Статис тикалық деректер бойынша, 2016 жылдың 6 

айында облыс соттарына 2 259 қылмыстық іс түскен, 

соның ішінде 2313 іс қаралып біткен. Ал 2015 жыл-

дың осы кезеңінде 1750 іс аяқталған, яғни ағымдағы 

жылы  іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер 

саны ұлғайған.

Ағымдағы жылы үкім шығара отырып 1121 іс 

қаралған, өткен жылы 895 іс. Барлығы 1273 тұлға 

сотталған, оның ішінде 372 адам немесе 29,2% бас 

бостандығынан айырылды, 2015 жылдың бірінші 

жартыжылдығымен салыстырғанда барлығы 1028 

тұлға сотталған, оның ішінде 357 тұлға немесе 34,7% 

бас бостандығынан айырылды.  Осымен  қатар, 2016 

жылдың 6 айында аудандық соттарға 20 490 іс және 

талап арыздар түскен, ал 2015 жылы 21 740 істер. 

Оның ішінде аяқталған 18 639 іс, өткен жылы іс жүр-

гізумен  аяқталған 19 237 іс, осылайша бұл жылы қа-

ралған азаматтық істердің азаюы байқалады. Есептік 

кезең бойынша 1 343 іс қысқартылды (2015 жылдың 



бірінші жартыжылдығында – 806), оның ішінде 

бітімгершілік келісім жасасуына  байланысты 60 іс 

қысқартылды (2015 жылдың бірінші жартыжыл-

дығында  – 157), медиация тәртібімен аяқталған 

істер 795 (2015 жылдың бірінші жартыжылдығын-



да  – 344), партисипативтік рәсім тәртібімен бар-

лығы 3 қылмыстық іс аяқталған. Сырттай іс жүргізу 

тәртібімен аяқталған істердің  саны айтарлықтай 

азайды. Осы жылы 54 іс бойынша сырттай шешім 

шығарылған. Ал 2015 жылы 760 іс сырттай шешім 

шығарылған. Облыс соттары жыл басынан бері 3120 

азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қа-

ралды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 

1635 іс. Сонымен қатар, жиында облыс соттарының 

БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші-судьясының 

баяндамасы тыңдалды. Ол мерзімді басылым бет-

терінде жарияланған мақалалар саны өткен жылмен 

салыстырғанда екі есе өскенін атап өтті.

Ардақ    Балағұмарова  өз  баяндамасында  су-

дьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар төңіре-

гінде айтып берді. Сондай-ақ А.Балағұмарова үміт-

керлермен әңгімелесіп, сұхбат жұргізді.

Кеңейтілген кеңес отырысын аяқтай келе, облы-

стық сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асыру бой-

ынша белгіленген міндеттер мен судьялардың және 

кеңсе қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, 

сондай-ақ, алдағы екінші жартыжылдықта соттардың 

ашықтығы қамтамасыз ету керектігін атап өтті.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал