Соңы 4-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа


А.БАЛКЕЕВ, Алматы қаласы Әділет департаменті



жүктеу 402.68 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата23.02.2017
өлшемі402.68 Kb.
1   2   3   4

А.БАЛКЕЕВ,

Алматы қаласы Әділет департаменті

ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы 

Тәуелсіздік — 

тәңірдің сыйы

актілердің, халықаралық шарт-

тардың орындалуын қамтама-

сыз етеді» делінген. Яғни, бұл –  

Конституция адам құқықтары-

ның кепілі екендігіне дәлел. Ата 

Заңымызда адамның азаматтық, 

саяси, экономикалық құқықтары 

мен бостандықтарының негізі 

айқындалған. Конституцияның 

бірінші кезекте жеке адам, азамат 

мүддесін қорғауға бейімделуі –  

Қазақстан егемендігінің және 

оның тек құқықтық мемлекет 

болуға ұмтылысының айғағы. 

Жалпы, Ата Заңымыз еліміздің 

демократиялық қоғам құруына 

негіз қалап берді. Еліміз ішінде 

болып жатқан оң өзгерістердің 

барлығы да Конституциямыз-

дан бастау алады және заңдар 

арқылы жүзеге асырылады. Қа-

зақстан Республикасы Конститу-

циясы 13­бабының 2­тармағын-

да «Әркім өз құқықтары мен 

бостандықтарын  сот  арқылы 

қорғауына құқығы бар» деп көр-

сетілген. Мұның өзі адамдардың 

құқықтары мен бостандықтарын 

кеңес заманындағыдай партия 

емес, басқа емес, осы іспен тіке-

лей айналысатын арнайы орган – 

соттың ғана қорғауға құдіреті бар 

екендігін заң жүзінде белгілеген. 

Шын мәнінде құқықтық­демо-

кратиялық қоғамда дәл осылай 

болуы керек. Яғни, адам құқығы 

мен бостандығы тек заң арқылы 

қорғалуы тиіс. Ұлы ойшыл Арис­

тотель: «Әлемді заң билеуі ке-

рек», – деген екен. Ендеше, заң 

болған жерде әділдік, адалдық, 

тәртіп болады деген сөз.



Ғылым КЕЛДІБАЕВ,

Алматы қаласы мамандан-

дырылған ауданаралық 

әкімшілік сотының судьясы

Әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың жағдайы 

бойынша  халықаралық  Трансперенси  Интернешнл 

(Transparency International) ұйымының жариялаған соңғы 

есебінде Қазақстан 105-орында. Бұл 2014 жылғы көрсет-

кішпен салыстырғанда еліміздің жемқорлыққа қатысты 

көрсеткішін жақсартып, 21 орынға алға жылжығанын 

көрсетеді. 

Пікір


құжаттар дайындаудағы тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі 

шыңдалды десек, артық айтқандық емес. Жақында Мем-

лекет басшысы қол қойған Азаматтық процессуалдық 

кодекс те осы қордағы сапалы құжаттың бірі. Азаматтық 

істер жөніндегі қолданыстағы кодекс осыдан 16 жыл 

бұрын, яғни, 1999 жылдың 13 шілдесі күні қабылданған 

болатын. Әрине, өмір болған соң құжаттың толықты-

рылуы, өзгертілуі, жетілдірілуі қалыпты жағдай. Бұл 

құжат та осы он алты жылдың ішінде талай өзгерісті 

басынан кешірді. Алайда, құжаттың жаңа заман тала-

бына сай еместігі соңғы жылдары жиі көтерілген еді. 

Көпшіліктің пікірін назарға алған Елбасы Н.Назарбаев 

кейіннен Жоғарғы Сотқа жаңа кодекс әзірлеуді тапсыр­

ған болатын. Құжаттың ескі кодекстегі кемшіліктерді 

қайталамай, заманауи талаптарға сай әзірленуі үшін көп 

жұмыс жасалды. Республика судьяларының барлығы 

кодекстегі жаңалықтарға үн қосып, өз ұсыныс­пікірлерін 

ортаға салды. Жақында ғана Мемлекет басшысы жария­

лы түрде қол қойған Азаматтық процессуалдық кодексте 

азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық 

құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот-

та тиімді қорғаудың, дауларды қарау мен шешудің жедел-

дігін арттырудың, сот актілерінің сапасын қамтамасыз 

етудің тетіктері барынша кең қарастырылған.  Қазіргі 

қолданыстағы кодекс 46 тараудан және 450 баптан 

құралған болса, жаңа кодекс 55 тараудан және 505 баптан 

тұрады. Осының өзі жаңа заңнаманың жаңашылдықта-

ры көп екенін, ізденістен туғанын дәлелдейді.  Және 

кодекстің дайындалуына бір кісідей атсалысқандықтан 

болар, құжат қазылардың көңілінен шықты.



Эльмира АХМЕТОВА,

Қызылорда қалалық сотының судьясы

Қазылар көңілінен шыққан құжат

Құқықтық мемлекеттің тірегі мықты, қауіпсіздігі 

күмәнсіз болуы үшін заңнамасы да соған сай жасалуы 

шарт. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің заң-

дық базасын жасақтауға көп еңбек, күш жұмсалды. 

Осы уақытқа дейін қазақстандық заңгерлердің заңдық 


8

№185 (2771)

11 желтоқсан 2015

zangazet@mail.ru



Бетті дайындаған Түймегүл ИБАШЕВА, «Заң газеті»

ЗАҢ-ТӘПСІР

Сұхбат

Сарап


Сауал – сізден, жауап – бізден

Байланыс


телефондары:

+7 713 251-04-13

+7 701 586 11 10

+7 707 892 55 14

+7 771 187 47 31

+7 700 961 31 20

sultan.ns@mail.ru

*

Оқырман 



сауалдарына заңгер

Серік ЖОЛДЫБАЙ

жауап береді.



ҚОРҒАНШЫЛЫҚ 

ЕСКЕРІЛЕ МЕ?

Он бес жылдай бұрын тұрмыстағы қызым 

ке нет тен жабысқан сырқаттан қайтыс болған. 

Жетім қалған жалғыз ұлын кемпірім екеуміз ба­

ғып­ қағып, қатарынан кем қылмауға тырысып 

ке ле міз. Күйеубаламыз басқа отбасын құрып, өз 

алдына үбірлі­шүбірлі болып кетті. Мына бала­

сымен шаруасы жоқ. Сондықтан, әу бастан бала 

тәрбиесімен біржола айналысу үшін тиісті орын­

дарды жағалап жүріп қорғаншылығымызды 

бекіт тіріп алғанбыз. Зейнеткерлік жасқа да жа­

қын дап келемін. Көпжылғы қорғаншылығым 

зей нетақы тағайындалғанда ескеріле ме?

Төке ТЕМІРЛАН

(сауал электронды поштамен келген)

Сізге зейнетақы жалпы негізде тағайындалады. 

Тағайындау кезінде заңнама нормаларында көр­

сетіл меуі себепті өз ықтиярыңызбен бекітілген қам­

қор шылық қызметіңіз ескерілмейді.

ДЕРБЕС МӘРТЕБЕГЕ 

ИЕ МЕ?

Бұрын тұрмыста болмаған, баласын әкесіз 

тәр биелеп отырған әйелге жалғызілікті ана мәр­

те бесі беріле ме? Берілсе, мемлекеттік тұрғын 

үй қоры нан пәтер алу кезегіне тіркелуге құқылы 

ма?

Жұлдызай БЕКЕЙҚЫЗЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ 

Бір  кездердегі  кеңестік  кезеңнің  құқықтық 

кесім дерінде  ондай  атаудың  берік  орныққаны 

рас. Орыс тілінде «мать­одиночка» деп аталған 

олардың мәрте бесі сол уақытта Ұлы Отан соғысына 

қатысушылардың артында қалған жесірлерінен 

де  жоғары  болды.  Игіліктер,  артықшылықтар 

көбірек берілді. Әрине, оның астарында белгілі бір 

себептер тұрды. Қазіргі Қазақстанның тұрғын үй 

заңнамасында осы ұғымға дербес және ерекше мән 

берілмеген. Алайда, жалғызілікті ана толық емес 

отбасы ретінде ха лық тың әлеуметтік қорғалмаған 

тобына жатады. «Тұр ғын үй қатынастары туралы» 

заңда әлеуметтік қор ғал мағандар санатына кіре­

тіндерді мемлекеттік қордан берілетін тұрғын үй 

кезегіне тұрғызу көзделген.

МЕРЗІМІ ШЕКТЕУЛІ МЕ?

Жұмыс істейтін әйел босанған жағдайда 

бері летін ақылы және бала үш жасқа толғанға 

де йінгі ақысыз демалыстар (қызмет орны сақ­

тала отырып) еңбек өтіліне жатқызылады. Осы 

мер зім де жаңадан босанған жағдайда дема лыс­

тары ның созылу, ал, тіпті, алтын және күміс 

алқа иегер лерінің еңбек өтілін 15­20 жылға дейін 

жет кіз діру мүмкіншілігі бар. Әлде бала күті мі не 

бай ланысты демалыстарды еңбек өтіліне жат­

қызу дың мерзімі шектеулі ме? 

Ерік ЕРМАҒАНБЕТ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 

Бала үш жасқа толғанға дейін бағым­күтіміне 

берілетін жалғаспалы демалыстардың жалпы ұзақ­

тығы 12 жылдан аспауға тиісті.   

ҚАЙТСЕК ҚАЙТА 

ҚАРАЛАДЫ?

 

Мемлекеттен түсетін мардымсыз қаражат 



күн көрісімізге жетпеген соң жан­жаққа арыздана 

қал сақ, «бір рет тағайындалған зейнетақы қайта 

қа рал майды» деген жауап аламыз. Алайда, 

арыз дан ған дардың кейбірінің жазғаны өтіп, 

зей нет ақысы көбейіп жататынын көріп жүрміз. 

Сонда бізге неге «қайта қаралмайды» деген жа­

уап қайта рылады?

Ержан ҚАЗТҰРҒАНҰЛЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

Зейнетақы мөлшері оны тағайындауға негіз 

бол ған құжаттарыңызды толықтыратын (еңбек өтілі­

нің ұзақтығы, бұрынғыдан бөлек, яғни, қосымша 

та быстар туралы) мәліметтер ұсынылғанда ғана 

өз геруі мүмкін. Басқа жағдайда бір рет таға йын­

далған зейнетақы зейнеткер арызымен қайта қа­

ралмайды.

–  Халықтың  жылжымай-



тын мү лікке деген сұранысы 

қай уақытта да жоғары болған. 

Мүмкін болса көпшілігі жер, үй 

алуға тырысады. Бірақ, оны 

заң дастыру жағы қалай?

– Халықтың жылжымайтын 

мүлікке  деген  көзқарасының 

өз ге руі заңды құбылыс. Себе-

бі, нарықтық экономикада жыл­

жы майтын мүлік маңызды рөл 

атқарады. Ал, заңдастыру мәсе­

ле сіне келсек, кейінгі уақытта ха­

лық тың белсенділігі де, құқықтық  

сауаты да арта бастаған. Алайда, 

ел іші болған соң құжат мәселесіне 

салғырт қарайтындар да жиі ұшы­

расып жатады. Олардың көпшілігі 

жерінің  мемлекеттік  АКТ­cін 

тір ке теді де, ол жерге баспана 

тұр ғы зып алып жылдап тұра бе­

реді. Нәтижесінде мемлекет са­

лық тан  қағылуда.  Алаяқтарға 

ал данып қалғандар да кездеседі. 

Біз ауыл­ауылды аралап ашық 

есік күндерін өткізіп, халықты 

ба рынша ақпараттандыруға тыры­

самыз. Кейде өзінің қолында бар 

құжатын  бейтаныс  адамға  ұс­

татып  жіберген  жағдайларды 

естігенде халықтың аңғалдығына 

қайран  қаламын.  Кейбіреулер 

өздерінше заңды айналып өтемін 



деп қиындыққа тап болып жата-

Мәнсия САДЫРОВА, 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

социология және әлеуметтік 

жұмыс кафедрасының профессоры, 

социология ғылымының докторы:

«ӘЙЕЛ ТАБЫСЫНЫҢ 

ЖОҒАРЫЛЫҒЫ ДА 

ҚАЙШЫЛЫҚ ТУҒЫЗАДЫ»

– Тұрмыстық қылмыс, отбасындағы зорлық-зомбылық көбінесе сыртқа 

жария етілмейді. Бұл отбасының ішіндегі жағдай. Сол себепті көп адам ерлі-

зайыптылар жағдайын білмей, дер кезінде көмектесе алмай қалады. Мыса-

лы, жұбайлардың дені сүйіспеншілікпен қосылады. Бірақ, отбасы болған соң 

өзгерістер болуы мүмкін. Қыз бен жігіт кезінде бір-бірінің тек жақсы жақтарын 

көреді. Шаңырақ көтергеннен кейін сол жақсы қарым-қатынас өрбімей, олар 

өздерінің шын кейпін көрсетеді. Осы кезеңде екі жақта да түңілу, көңіл қалу 

болады. Бұл жағдай әртүрлі психикалық өзгерістерге алып келуі мүмкін. Соның 

салдарынан жігіттің дөрекілік танытуы, әйеліне әртүрлі зорлық-зомбылық 

жасауы ғажап емес. Әйел де күйеуінен өзінің идеалын көрмей күрт өзгеріске 

түседі. Бірінші мәселе – қарым-қатынас, соның ішінде мінез-құлық жағынан 

бір-бірін қанағаттандырмау. Екіншісі – тұрмыстық, әл-ауқат мәселесі. Осы 

проблема көбінесе ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығысқа алып келеді. Егер 

ері жұмыссыз жүріп, жары оны қайта-қайта бетіне басса, әлсіз жігіттің өз-өзіне 

қол салуы немесе әйеліне деген жеккөрініш, қатыгездік сезімі оянуы мүмкін. 

Тағы бір мәселе – сезіктену. Әйелдер бүгінде табыс табу, статус жағынан 

жоғары. Бұл да ерлі-зайыптылар арасында қайшылық туғызады. Үшіншісі – 

жұбайлардың бір-біріне көңіл бөлмеуі, суып кетуі. Бұл да көп жағдайда айтыл-

майды. Жастардың отбасын құруға дайын болмауы, мінездегі эгоизм, бірін-бірі 

түсінуге тырыспау – осы жағдайлардың соңы өкінішке алып келеді. 

Мейрамгүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ, 

Алматы қалалық психикалық 

сауықтыру орталығының психологы:

«ҚИЫНДЫҚТЫ ӨЛІМГЕ ТІРЕУ 

АҚЫЛ­ЕСТЕГІ АУЫТҚУДЫ

БІЛДІРЕДІ»

– «Неге мұндай әрекет жасайды?» деген сұрақтың себебі де, жауабы да 

әртүрлі. Айтып отырған мәселені үлкен үш себеппен қарастыратын болсақ, бірін-

шісі – әлеуметтік жағдай. Бұл қатарға адамның материалдық және әлеуметтік 

ортасы, айналасындағылармен қарым-қатынасы кіреді. Екіншісі – отбасындағы 

тәрбие. Тәрбиені бала негізінен отбасынан, ата-анасынан алады. Сол арқылы 

оның болмыс-бітімі, мінез-құлқы қалыптасады. Әркімнің мінезінің әртүрлі болуы 

осыдан. Мысалы, кей адамдар өте тұйық болса, енді бірі шектен тыс ашық мінезді 

келеді. Тез ренжитіндер де бар. Кекшіл, кешіре білуі қиын т.б. осы секілді мінездің 

бір қыры қалыптасады Үшіншісі – өмірдегі түрлі жағдайлардан алған стресс, 

депрессияға ұшырау. Бұдан шығар қорытынды – шыдамсыз, ашуланшақ жандар 

жеке өмірінде, өзгелермен қарым-қатынасында қандай да бір қиындықтар кездессе 

одан шығудың жалғыз жолы – тек өлім деп санайды.

Тәжірибемде кездескен бір жағдайды айтар болсам, күйеуі мен балаларын 

өлтіріп, соңынан өзі де өлгісі келген әйел бұл әрекетін «жақсы көретін адамдарымды 

күнәсі көп тірліктен құтқарғым келді» деп түсіндірді. Әйелдің бұл ойы және әрекеті 

психикалық ауытқу түріне жатады. Ол жантүршіктірер қылмысты өмірден 

кету арқылы жақындарымды Алламен қауыштырамын деген өз сандырағының 

жетегінде жасаған. Сонымен қатар, әлеуметтік қарым-қатынаста әйелі мен ері 

арасындағы қызғаныш мәселесіне де баса көңіл аударғаны жөн. Еш себепсіз, шек-

тен тыс қызғану да патология (ауытқу) түріне жатады. Ерлі-зайыптылардың 

қайғылы әрекетке баруының бір себебін қызғанышпен байланыстыруға болады. 

Психологиялық жағынан алсақ, дені сау адамдар өмірдің кез келген қиыншылығына 

тап келсе, оны шешудің, тығырықтан шығудың жолын іздейді. Және өздерінің іс-

әрекетіне бақылау жасап, өзін билей алады. Егер шеше алмаған мәселелері мен 

жеңе алмаған қиындықтарының барлығының соңын өліммен аяқтауды ойласа және 

солай етсе, онда бұл ретте адамның психологиялық тұрғыда дені сау еместігі 

жайлы тұжырым жасауға болады. 

Түймегүл ИБАШЕВА,

«Заң газеті»

«ҚҰЖАТ ТІРКЕУДІҢ 

ҚИЫНДЫҚТАРЫ 

АЗАЙДЫ» 


Асанбай БӨБЕКБАЕВ,

Алматы облысы Жамбыл аудандық 

әділет басқармасының басшысы:

ды. Сондықтан, біз 

басқа да мемлекеттік 

мекемелермен бірігіп 

жүйелі түрде халыққа 

түсіндіру жұ мысын 

жүргізіп  тұрамыз. 

Жас тармен де жұмыс 

оң жолға қойылған.

Өздеріңіз біле сіз дер, қазір қа­

ғаз бастылық азайды. Халыққа 

қыз мет көрсету сапасын арттыру 

мақсатында  мемлекеттік  дең­

гейде  қыруар  жұмыстар  атқа­

рылуда. 2015 жылдың 10 айын-

да  Жамбыл  аудандық  әділет 

бас қармасына  жылжымайтын 

мүлікке құқықтарды тіркеу бо­

йынша барлығы 10 896 өтініш 

түссе, оның ішінде 2604  өтініш 

электронды тіркеуден өтті. Бұдан 

мемлекеттік бюджетке 16 млн 583 

мың теңгенің баж салығы түсті.

– Халыққа қызмет көрсету 

де заман талабына сай өзгерді. 

Бірақ, көпшіліктің мемлекеттік 

қызмет сапасына көңілі тол-

майтынын жиі естиміз...

– Әрине, бес саусақ бірдей 

емес. Кейде түсініспеушілік орын 

алуы мүмкін. Азаматтар да, олар­

ға қызмет көрсететін мемлекет­

тік қызметкерлер де өз міндеті 

мен құқығын жақсы білуі керек. 

Мемлекеттік қызметкер құ жат­

тарды уақтылы қабылдап, заң­

дылығын мұқият қарап, «жеті рет 

өлшеп, бір рет кес» деген қағи­

даны қалтқысыз сақтап, алдына 

келген адамға орнымен жөн сілтеп 

отыруы тиіс. Халықтың да кейде 

сабырлылық танытқаны абзал.

 Жер дауы бар ма?

– Айтарлықтай көп емес. Ал­

матының айналасындағы ау дан­

дарға қарағанда аз деуге болады. 

Жалпы, жер дауы сот тәртібімен 

шешіледі.

–  Шағын және орта кәсіп­

керлік бойынша тіркеу органы-

на жүгінушілер көп пе?

–  Кәсіпкерлікті тіркеудің де 

қиындықтары артта қалды. Шағын 

және орта кәсіпкерлікті дамыту, 

қолдау  көрсету,  кәсіпкерлерді 

басы артық қағазбастылықпен 

сабылтпай,  уақытын  да  алмау 

үшін оңтайлы жағдай жасалуда. 

Мысалы,  шағын  кәсіпкерлікті 

үйден шықпай­ақ «Электронды 

үкімет» порталы арқылы ашуға 

болады.  Ол  үшін  электронды 

сандық кілт болcа жеткілікті. Сол 

сияқты жылжымайтын мүлікті 

электронды тіркеудің тиімділігін 

де кәсіпкерлер түсіне бастады. 

Жылжымайтын мүлік сатып алған 

азаматтар  нотариуспен  сатып 

алу­сату келісімшартын жасай-

ды. Оны электронды түрде бізге 

өтінішімен қоса жібереді. Сол 

күні біз оның заңдылығын қарап, 

бәрі дұрыс болса тіркейміз де, 

нотариусқа кері қайтарамыз. Қа­

зіргі таңда некеге отыруды да 

электронды түрде жүзеге асыруға 

болады. Бұрын құжаттар бір апта, 

10 күнде тіркелетін. Жедел тір-

кеу үшін төленетін баж салы­

ғы 40 айлық есептік көрсеткіш 

еді. Ал, қазір жеделдете тіркеу 

бір  күнге қысқарып, төленетін 

баж салығы бес айлық есептік 

көрсеткіш болды. Әрі жеделде-

ту бойынша баж салығы алын-

байды. Сондай­ақ, шағын және 

орта кәсіпкерлік субъекті лері үшін 

«Электронды үкімет» веб­порта-

лында тіркеу мерзімін өтінішті 

берген кезден бастап бір күннен 

бір сағатқа қысқарып, шағын және 

орта кәсіпкерлік бойынша заңды 

тұлғалар мемлекеттік тіркеу және 

қызметін тоқтату кезіндегі алымдар, 

жарналық капитал алын байды. Әрі 

жеке кәсіпкерлік су бъекті леріне 

жататын заңды тұл ға лар үшін мөр 

де жойылды. Бір сөзбен айтқанда, 

кәсіпкерлердің аяғына тұсау болған 

кедергілер алынып, мүмкіндігінше 

жағдай жасалуда.

– Әңгімеңізге рақмет. 

Камила ЫСҚАҚОВА,

«Заң газеті»

ҚҰДАЙ ҚОСҚАН ҚОСАҚТАР 

БІР-БІРІН НЕГЕ  ӨЛТІРЕДІ?



Қазақта «құдай қосқан қосағым» деген құлаққа жа­

ғымды, әдемі теңеу бар. Алайда, санаға сіңген қағи да 

қоғамымызда мүлде мәнін жоғалтты. Олай деуіміз ге 

елімізде құдай қосқан қосағына қас жауындай ажал 

құштыратындар қарасының көбеюі себеп болып отыр. 

Бірақ, жараның орнын тырнағанмен, жазылмасы бел­

гілі. Әлі жеткені өртеп, пышақтап, қылғындырып, биік тен 

лақтырып, одан қалса, қосағының соңынан өздері де 

о дүниеге аттануда. Мұндай қаскөйлік пен қасі ретті сау 

сана қабылдай алмаса да, бүгінгінің қаны сорғалаған 

шын дығы осы. Анасының не әкесінің әре кеті нен бір­ақ 

күн де тас жетімге айналғандар кімге ама нат болмақ? Жас­

тарды жас дейік, қырықтан асып, елу ді еңсергендердің 

қаныпезерлігі ақылға сыймайды. Баяғы да озбырлықпен 

өлтіру тек тұрғыны көп қалада, онда да сирек болушы 

еді. Бүгінде «өлтіру» вирусы жер де, жас та таңдамайтын 

жағдайға жетті. 

Әбдікәрім ЕЛІБАЕВ, 

доғарыстағы құрметті судья:

«ЖАН КҮЙЗЕЛІСІНЕ 

ТҮСКЕНДЕР ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫ»

– Ерлі-зайыптының бір-бірін өлтіруі – отба-

сы ның ғана емес, қоғамның, ұлттың, арадағы 

бала ның, екі жақтағы ата-ананың қасіреті. Қазір 

адамдар күйзеліске жиі ұшырайды. Оның себебі көп. 

Жоқшы лық, баланы қиындыққа шыдауға тәрбиелемеу т.б. Мен бір ауданға 

қыз мет бабымен барғанда гректің үйін сатып алдым. Ол Грецияға көшіп бара-

ды екен. Сонда грек баласының басынан нұқып: «Біз аштықтан бұралып жат-

қанда қазақтар баласының аузындағы нанды бөліп беріп асырады, ұмытпа», – 

деді. Мен де риза болып: «Ол жақта жағдайыңыз болмаса, қайтып келіңіз, 

сол күні үйіңізді босатып беремін», – дедім. Мұны неге айтып отырмын, ол 

заманда экономика дамымаған. Соғыстан соң бәрі қирап жатса да, бір адам 

дағдарыс туралы әңгіме айтпайтын. Неге десеңіз, олардың психологиясында 

дағдарыс болған жоқ. Қазіргі заманғы дағдарыс адамның психологиясында. 

Ол қоғамнан адамның жеке өміріне ауысып, шаңыраққа кірді. Соның салда-

рынан ері мен әйелі бір-бірін кешіре алмай қол жұмсайды. Соңғы бес жылда 

Қазақстанда 683 мың шаңырақ көтерілсе, соның 180 мыңы ажырасыпты. 

Кеңес кезінде психологиялық күйзеліске ұшырамауға көп фактор болды. Ме-

кемеде қисық басқанды ұжым ортаға салып түзейтін. Қазір не қызға, не ұлға 

сөйлемейсің. Егер ешкім тәрбие жұмысын жүргізбесе, жолдастық сотқа сал-

маса, әркім ойына келгенін істейді. Бұрын учаскелік инспекторлар өз учаскесін-

дегі ыбыр-жыбыр, сыбыр – бәрін біліп отыратын. Қай үйде қандай келеңсіз 

жағдай болуда, кім күйзеліске түсейін деп жүр, солардың бәрімен сөйлесетін. 

Қазір жан күйзелісіне түскендер тағдырымен бетпе-бет жалғыз қалды. Әйелі 

еркегіне қол көтереді. Қорықпайды, ақыр соңында бір-бірін өлтіреді. Бірінші – 

материалдық фактор, екінші – психологиялық, барлықтан не жоқтықтан 

депрессияға түсу, ұлы сөзде ұяттық жоқ, үшінші – төсектік қарым-қатынас, 

бір-бірін қанағаттандырмайды. Сондықтан, осындай сұрақтарға жауап бе-

ретін психолог, сексопатолог, психиатр, дәрігер т.б. бар орталықтар керек. 

Бұрын журналдарда «Жамал апайды тыңдасақ...» деген бұрыш болды. Бүгінде 

олар жоқ. Өмірінде тісі ауырып көрмеген адам тісі ауырғанды аямайды. Се-

бебі, ол ауруды сезбейді. Қазіргі адамдар да сол сияқты. Біреудің жоғын біреу 

өлең айтып жүріп іздеген заман. БАҚ-тар шулағанда барып қоғам көтеріледі. 

Рухани азық беру, көмектесу секілді қасиеттерді ақсақалдар өздерімен бірге 

алып кеткен сияқты. Біз қазір балаларды көз шығар, бас жар, мал тап психо-

логиясына тәрбиелеп жатырмыз. Малдың жолында кімді аясын? Содан барып 

бір-бірін жейді, қанайды, тонайды, күйзеліске ұшыратады. Жауапкершілігі 

жоқтар оқиғаға тиісті баға бере алмайды. Әйел-еркекке бірдей психологиялық 

дағдарыс орталықтарын көптеп ашып, солар арқылы неге тығырықтан 

шығу жолдарын іздемеске?!

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 402.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет