Соңы 4-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа



жүктеу 402.68 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата23.02.2017
өлшемі402.68 Kb.
1   2   3   4

ҚР Жоғарғы Сотының 

баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы жариялаған «100 

нақты қадам – баршаға арналған қазіргі 

заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 23- 

қадамына сәйкес, инвестициялық даулар 

бойынша  жеке  сот  істерін  жүргізуді 

құру,  Жоғарғы  Сотта  ірі  инвесторлар 

қатысатын дауларды қарау үшін инвес-

тициялық алқаны ұйымдастыру көздел-

ген болатын. 

Осыған орай, Жоғарғы Сотта маман-

дан дырылған алқа құрылды. Бұл ал қа 

ірі инвесторлардың қатысуымен бола-

тын  инвестициялық  дауларды,  Бас 

прокурордың наразылығы бойынша әкім-

шілік істерді, сондай-ақ, сайлау заң нама-

сының  бұзылуына  байланысты  істерді 

қарайтын болады. 



ҚР Жоғарғы Соты мамандандырылған 

алқасының төрағасы тағайындалды

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы №119 Жарлы-

ғымен мамандандырылған алқаның төрағасы болып Жоғарғы Соттың 

судьясы Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы тағайындалды. 

Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы 1967 жылы Алматы облысында 

туылған. 1989 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 

құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Әділет министрлігі Заңнаманы жүйелеу және насихаттау басқар-

масының консультанты, Алматы облыстық Арбитраждық соты ның 

тағылымдамашысы, судьясы, Бостандық аудандық сотының, Алматы 

қаласы мамандандырылған қаржы сотының, Алматы қалалық сотының 

судьясы, Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер 

жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарған.

Парламент Сенатының 2013 жылғы 16 мамырдағы қаулысымен 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына 

сайланған. Судьялық жұмыс өтілі 20 жылдан астам мерзімді құрай-

ды. 


№185 (2771) 

11 желтоқсан 2015

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сауалнаманы дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Ойталқы


ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА 

ТӨТЕП БЕРЕ  АЛАМЫЗ  БА?



Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, 

эколог:

Мысалы, көктем кезінде «барлық су 

арналары бақылауда» деп хабарлайды, 

артынша күн жыли сала ондаған ауыл суға 

кетеді. 

Тіпті, жыл сайын тұтас қалаларымыз-

ды қар суының басуы қалыпты жағдайға 

айналды. Әйтсе де құзырлы орындар «аяқ­

асты күн күрт ысыды» деген секілді сылтау 

айтудан танбайды. Шын мәнінде, аты айтып 

тұрғандай, төтенше жағдайларға жауапты 

құзырлы орындар оқыс оқиғаға әрқашан 

дайын болуы керек емес пе? Сол секілді 

жер сілкінісіне де еліміз дайын отыр деп 

айта алмаймын. Біздің еліміздегі маман-

дардың «бәрі жақсы, алаңдауға негіз жоқ» 

дейтіні қалыпты жағдай. Тек қырғызстандық 

мамандар ғана «жер сілкінісі қаупі жел-

тоқсан айының соңына дейін және қаңтар 

айының басына дейін сақталады» деген 

болжам айтуда. Сондықтан, апат айтпай 

келетінін ескеріп, барлық жағдайға дайын 

болуымыз керек. Төтеншеліктер өздері ғана 

дайын болмай, халықты да әрқашан дайын­

дап отыруы керек. Мәселен, Сыр бойы –  

халқы жер сілкінісі қаупі болмағанымен, 

өзен суының тасу қаупі бар аймақ. Ендеше, 

өзенге жақын орналасқан елді мекендердің 

сол жағдайға орай ұдайы дайындық жұ-

мыстарын пысықтап отыруы керек. Қалың 

қар түсетін аумақтарда қар суын бағыттау 

жұмыстары жүргізілгені жөн. Мемлекеттен 

қол жайып көмек сұрай бермей, жергілікті 

халықтың өздерін төтенше жағдайға дайын 

болуға, алдын алуға үйрету қажет.

Жалпы, біздің елімізде төтеншеліктер 

төтенше жағдайдың алдын алудан гөрі бәрі 

орын алып болған соң, төтенше жағдайдан 

келген шығын көлемін есептеуге машықта-

нып алған секілді. Сондықтан, әлі де болса 

төтенше жағдайға жауапты органдардың 

жауапкершілігін көтеру керек деп ойлай-

мын.  

Болатхан МАХАТОВ, 

ауыл шаруашылығы ғылымының докторы

профессор:

Сол  секілді  Қызылорда,  Се-

мей өңірінде де осындай жағдай. 

Сондықтан, біздің еліміздегі төтен-

шеліктердің аймақтың ерекшелік-

теріне қарай әрқашан дайындықта-

рын алдын ала пысықтап отыруына 

мүмкіндіктері бар деп ойлаймын. 

Себебі, жер сілкінісін алдын ала 

біліп отыру мүмкін болмаса да, сол 

өңірдің дайындығын алдын ала пы-

сықтап отыруға болады ғой. 

Жер сілкінісінен де басқа тө­

тенше жағдайға деген дайындығы­

мыз мәз болмай тұр. Мысалы, жыл  

сайын әйтеуір бір өңіріміз қар суы­

нан зардап шегеді. Бұл енді күлкі лі 

жағдай.  Цунами  секілді  алапат 

апаттар болмайды. Ең болмаса 

көк тем келе күн жылитынын алдын 

ала ескеріп, қар суынан сақтанып 

отыруға  болады  емес  пе.  Қазір 

салынып жатқан соңғы құрылыс­

тардың сапасына да көңілім тол-

майды. Ертеңгі күні жер сілкінісі 

бола  қалған  жағдайда  мұндай 

жағдайлар шығын көлемін артты-

руға әсер етеді. Сондықтан, біз жер 

сілкінісіне кез келген сәтте дайын 

болып, құрылыс жұмыстарын да 

соған лайықтап салуымыз керек. 

Қайбір жылы Қызылағашты су 

алғанда тұрғындар бірнеше күн 

ауызсусыз, аш­жалаңаш қалды. 

Қызылағаш дегеніміз – шағын ғана 

бір ауыл. Ал, егер оның орнына ірі 

қалалар суға кетсе немесе күшті 

жер сілкінісі орын алса не болады?  

Демек, тұрғындар табиғи апаттан 

бір таяқ жесе, аш тықтан екі қыры-

лады деген сөз ғой. Сонда мұндай 

жағдайда  қажет  деп  алдын  ала 

дайындалған мемлекеттік азық­

түлік қоры қайда, киім­кешек деген 

болмаушы ма еді?! Бір өңірге қа-

лың қар түссе де, кәдімгідей сасқа-

лақтап қаламыз. Алты метр қар 

ерісе, екі метр су пайда болатыны 

қарапайым адамға да түсінікті. Ен-

деше, неге қыс кезінде­ақ көктемде 

орын алатын төтенше жағдайға 

қамданып, алдын ала азық­түлік 

жеткізіп  дайындала  бермеске?! 

Біздің елімізде осындай ұйымдас­

тыру жұмыстары кемшін түсіп жа-

татыны жасырын емес. 

Айта кетер жайт, жыл сайын 

кейбір аймақтарға су таситыны ту-

ралы алдын ала дабыл қағылса да, 

зардаптың көлемі аз болмай отыр. 

Демек, біле тұра алдын алу жұмыс­

тары жүргізілмейді. Сондықтан, 

өзіміздің төтеншеліктердің дайын-

дығына көңілім тола бермейді.

Семинар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ 

ӨЗІНДІК ДӘСТҮРІ БАР ҮЛКЕН МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫ

Түйткіл

ЗАҢСЫЗ МИГРАНТТАР 

ТУЫНДАТАТЫН 

МӘСЕЛЕЛЕР

Елімізге келетін заңсыз мигранттармен бірге 

бірқатар өзекті мәселелер ере келеді. Мамандар 

басты үш мәселеге ерекше тоқталады. Олар мына-

лар:

1. Заңсыз мигранттар өздерімен бірге әртүр-



лі жұқпалы аурулар әкеледі. Ешқайда тіркеуде 

болмағандықтан, олар медициналық тексеруден 

өтпейді. Тіпті, өтемін десе де өте алмайды. Өйт-

кені, біздің емханалар тіркеуде жоқ адамды тегін 

тексеруден өткізбейді. Ал, тиын санап жүрген ми-

гранттар ақылы емханаға бармайды. Келісімшарт-

сыз, яғни, заңсыз жұмыс істегендіктен, жұмыс бе-

рушілер де олардан денсаулығы туралы анықтама 

талап етпейді. Жұмыс берушілер үшін олар арзан 

жұмыс күші. 

Таяуда Астанада өткен баспасөз мәслихатында  

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр-

лігіне қарасты Туберкулез мәселелері жөніндегі 

ұлттық орталықтың директоры Тілеухан Әбілдаев 

Қазақстандағы еңбек мигранттарының енді тубер-

кулез жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін 

тексеруден тегін өте алатынынан хабардар етті. 

Бұл жайдан-жай емес. Себебі, Қазақстанда 2014 

жылы туберкулез жұқтырған 11 458 адам анықтал-

са, соның 123-і еңбек мигранттары болған. Бұл 

тексеруге іліккендері ғана, ал, тексеруден өтпеген 

миллиондаған мигранттың тағы қаншасының қан-

дай түрлі жұқпалы дерт арқалап жүргені беймәлім. 

Қазіргі күні Қазақстан еңбек мигранттарын 

қабылдау бойынша әлемде 7-ші орында. Жыл 

сайын еліміз 300 мыңнан 1 миллионға дейін еңбек 

мигранттарын қабылдайды екен. Сарапшы ма-

мандардың пайымдауынша, олардың 15 пайызы 

жұқпалы індеттерге, оның ішінде туберкулезге 

шалдыққан. Демек, елімізде миллион мигрант 

жүрген болса, олардың (15 пайызы) 150 мыңының 

жұқпалы дертті тарату қаупі бар.

Сондай-ақ, заңсыз мигранттардың қатысуымен 

орын алатын қылмыс саны жыл сайын артып 

отыр. Ірі қалалардағы қылмыстың тең жартысын 

ауыл-аймақтардан және көрші елдерден нәпақа 

табу үшін келіп, екі қолға бір күрек таппағандар 

жасайтын көрінеді. Заңсыз мигранттар арасында 

өз елінде заңға қайшы әрекет жасап, қашып жүрген 

қылмыскерлер де бар. Олар еліміздің құқық қорғау 

қызметкерлерінің құрығына ілініп те жатыр. Ара-

сынан аса ауыр қылмыс жасағандары да табылады.

2013 жылы Алматы қаласында Өзбекстан аза-

маты бастаған топ бір үйлі жанды қырып салғаны 

әлі есте. Ақшаға құныққан қанішерлер жеті және 

үш жасар баланы да аямаған болатын.  Ал, 2014 

жылы Ақтауда Өзбекстан азаматы кәмелет жасына 

толмаған 15 жастағы қызды зорлаған. Үй иелері 

«барар жерім, басар тауым жоқ» деген өзбек аза-

матын үйіне паналатқан. Ал, қаскөй түн ортасында 

үй иесінің қызын зорлаған. Павлодарда да Өзбек-

стан азаматының 12 жастағы қызды зорлап, қолға 

түскені ұмытыла қойған жоқ.  

Бұл бірер мысал ғана. Әрине, қылмыскерлер 

жазадан құтылмайды. Әйтсе де олардың алған жа-

засы жәбірленушілерге жасалған өкініштің орнын 

толтыра ала ма? Мәселе сонда.

Ең сорақысы, заңсыз мигранттар талай ақша-

мызды өз елдеріне әкетіп жатыр. Мекемелерде 

жұмыс істейтін мигранттар ҚР «Еңбек туралы» 

заңының талаптарын орындауы тиіс. Ал, жеке 

тұлғалардың тапсырысын орындайтын еңбек 

мигранттары ай сайын 2 АЕК мөлшерінде салық 

төлеуі керек. Алайда, олар тапқан табысынан са-

лық төлеуден жалтарады.

Қорыта айтқанда, еңбек мигранттары туын-

датып отырған мәселе аз емес. Егер мигранттар 

туындатып отырған мәселелерді азайтамыз десек, 

оларды шекарадан бастап бақылауға алуымыз 

керек. Еліміздің көші-қон және еңбек заңдарын 

бұзғандардың қара тізімі әрбір кедендік шекара 

бекетінде болуы тиіс. Бір рет заңбұзушылық жа-

сағандарды Қазақстан аумағына кіргізбеген абзал. 

Яғни, бақылау мықты, тәртіп қатаң болса, келім-

сектер де басымызға шықпас еді.

Қалдар БЕРДІБЕКҰЛЫ

ЗАҢСЫЗ МИГРАНТТАРДАН КЕЛЕР ЗАЛАЛ  КӨП

(Соңы. Басы 1-бетте)

Басқосу Дүниежүзілік банктің «Қа-

зақстан  Республикасы  сот  төрелігі 

секторын институционалды нығайту»  

жобасының мұрындық болуымен ұйым-

дастырылды. Оған еліміздің барлық 

аймақтарынан сот өндірісімен нақты 

шұғылданып  жүрген  қызметкерлер 

қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ой-

пікір бөлісуге мүмкіндік алды.

Жиынды Жоғарғы Соттың Қылмыс-

тық істер жөніндегі қадағалаушы сот 

алқасының төрағасы Абай Рахметулин 

ашып, жүргізіп отырды. Абай Жам-

былұлы өз кезегінде мұндай жиын-

дардың құқық қолдану тәжірибесін 

жетілдіруге, заңдылықтарды дамытуға 

тигізетін тиімді ықпалын атап өтіп, 

аталмыш ұйыммен әріптестіктің ұзақ 

мерзімді әрі сындарлы сипатқа ие бола-

тынына сенімін жеткізді. 

Жалпы, соңғы 10 жылдың ішінде 

еліміздің сот жүйесі бірнеше мәрте 

күрделі өзгерісті бастан кешіп, нәтиже-

сінде соттар мен сот өндірісінің ұйым-

дық құрылымы жаңа сапаға көтерілгені 

белгілі. Бүгінгі таңда сот қыз меті ел-

дегі азаматтардың құқығы мен бостан-

дығын қоғамдық әлеуметтік тартыс-

тан қорғауға қабілетті шын мәніндегі 

тұрақтылықтың кепілі ретінде танылып 

отыр. Мұны халықаралық деңгейдегі 

бағалар дәйектейді. Мәселен, ағымдағы 

жылы Бәсекеге қабілеттілік жаһандық 

индексіне сәйкес, Қазақстан  соттары-

ның тәуелсіздік индексі бірден 14 пози-

цияға жақсарыпты. Ұлттық сот төрелігі 

тиімділігінің артуына Мемлекет басшы-

сының бес институционалдық рефор-

масы да тың серпін берді. Бүгінде онда 

айқындалған заң үстемдігін қамтамасыз 

етуге қатысты құжаттар қабылданып та 

үлгерді. 

Қазіргі кезде сот саласының лауа-

зымды қызметтеріне кадрларды ірік-

теу ге, судьялыққа үміткерлерді дайын-

дау ға, қызмет етіп жатқан судьялардың 

біліктілігін арттыруға айрықша мән 

беріліп  отыр.  Азаматтардың  сотқа 

қолжетімділігін арттыру мақсатында 

сот инстанциялары оңтайландырылды. 

Тергеу қызметіндегі судьялар құзы-

ретінің арттырылуы қылмыстық сот 

өндірісіне қатысушылардың құқықтары 

мен мүдделерінің процессуалдық кепіл-

дігі жүйесін дамыта түсті. Қылмыстық 

процессуалдық кодекстің  жаңа редак-

циясында алқабилердің қатысуымен 

өтетін сот өндірісіне қатысты өлшемдер 

өзгеріп, олардың да құзыреті кеңейе 

түсті. 

Заңнамалық  низамдар  негізінде 



соттардың ашықтығын арттырудың 

тәжірибелік құралдары күшейтілуде. 

Электронды  сот  өндірісі  және  ды-

быс-бейнежазу  құралдарының кеңінен 

пайдаланылуы сот процестерін баршаға 

түсінікті әрі жария етуде. Бір сөзбен 

айтқанда, бүгінде Қазақстанның сот 

жүйесі өзгелер үшін өзіндік дәстүрі бар 

тәжірибесі зор үлкен мектепке айналып 

отыр. 


Семинарда осы жаңалықтар мен 

қылмыстық процессуалдық заңнама-

дағы  құқықтық  тетіктер  мазмұнды 

әңгіме өзегіне айналып, келелі пікір-

таласқа арқау болды.  Оған жиналған-

дар жаңа заңнамаларды қолданудың 

тәжірибесі, оларды жетілдірудің өзекті 

мәселелері, сот актілерін кассация лық 

сатыда қайта қараудың ерекшеліктері, 

алқабилер қатысатын істерге бай ла-

нысты енгізілген өзгерістер, олар ға 

үміткерлерді іріктеуде жергілікті ат-

қарушы  органдармен  байланысты 

нығайту, жазаны өтеуден шартты түрде 

мезгілінен бұрын босату немесе оны 

жұмсақ түріне ауыстыру, қысқарту, 

сотқа дейінгі өндірісте сот бақы лауын 

арттырудың заманауи ағымдарын ке-

ңейту секілді бүгінгі таңда сот жүйе сі 

үшін маңызды тақырыптар жөнінде 

баяндамалар тыңдалып, ой-пікір ал-

масылды. 



А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА

«Заң газеті»

К

еше Жоғарғы Сотта «Сот өндірісінің жаңа үш буын-

ды үлгісі аясында қылмыстық істер бойынша сот 

төрелігін жүзеге асырудың мәселелері» тақырыбында се-

минар болып өтті. 

4

№185 (2771) 

11 желтоқсан 2015

zangazet@mail.ru

ТАРАЗЫ

Орайы келген әңгіме



(Соңы. Басы 1-бетте)

– Жалпы, құқық қорғау саласында 

адвокаттардың, яғни, процессуалдық 

қорғаушылардың атқарар рөлі зор. Се-

бебі, адам құқығын қорғаудың маңызы 

алабөтен екендігі баяғыдан белгілі. 

Қазақстанда адвокатураның жасаған 

жұмысы бар екенін жоққа шығаруға 

болмайды. Адвокаттар туралы заң да 

бар. Процессуалдық кодекстерде де 

оларға тиісті құзырлар берілген. Сотқа, 

сотқа дейін жүретін тергеуге қатысуға 

адвокаттар толығымен құқылы. 

Айта кетерлігі, Қазақстан адвокату-

ра қызметін заңмен қамтамасыз етуде 

ТМД мемлекеттері арасында ең жоғары 

деңгейде. ТМД елдерінің Парламенттік 

ассамблеясына мүше ретінде Санкт-Пе-

тербургте өткен көптеген кездесулерге 

қатыстым. Сонда біздің қазақстандық 

заңдар, әсіресе, адвокатура туралы жә-

не процессуалдық заңдар басқа ТМД 

елдері үшін «модельдік заңдар» деп 

танылды. Соған қарамастан, әлі де сот 

процесі кезіндегі айыптаушы мен қор-

ғаушының құқығы тең деп айта алмай-

мыз. Тепе-теңдік жоқ. Әлі сол бұрынғы 

Кеңес өкіметінен қалыптасып қалған 

менталитет  бар,  яғни,  мемлекеттің 

аты нан айыптау жағы басым. Заңдық 

тұр ғыдан қорғаушы мен айыптаушы 

жақ тардың тепе-теңдігін тиісті деңгей-

де қамтамасыз етпесек, адам құқығын 

қорғауда қателіктер кетуі мүмкін. 

Әрине, кінәсі бар адам сотталуы 

керек. Бірақ, кінәсіз болса немесе кінәсі 

дәлелденбесе, оны адвокат қорғауы 

қажет. Сондықтан, заңды жетілдіру жұ-

мыстары мұнымен тоқтап қалмақ емес. 

– Бұл жерде тек қана заңдық 

тұрғыдан құқықтарын жетілдіру 

мәселесі ме, әлде адвокаттардың 

жеке басының қасиеттері де рөл 

ойнай ма?

– Иә, ол да бар. Ресейден алатын 

бір үлгі – онда адвокаттардың этика-

лық кодексі жасалған. Сондай-ақ, ол 

кодексті өздері, яғни, адвокаттық қоғам 

қабылдаған. Мысалы, Ресейде 75 мың 

адвокат болса, жаңағы өздерінің ішкі 

этикалық заңын қабылдағалы бері 5 

мың адам қорғаушы құқығынан айы-

рылған.  Бұл  –  олар  өздерін-өздері 

тазарта біледі деген сөз. Адвокаттық 

этика сақтауды біледі. Араларында қа-

рама-қайшылық туындамай, бір-біріне 

деген дұрыс қарым-қатынас қалыптас-

тыру үшін этика қажет. 

Сәйкесінше, сотқа құрметпен қа-

раулары да міндет. Өйткені, біреулері 

процесс кезінде соттың атына басы 

артық сөз айтып жатады. Ондай адвокат 

болуы мүмкін емес. Әрине, қызметіне 

жүгінген адамның құқығын қорғасын. 

Бірақ, мұны ешқашан біреудің арына, 

намысына тию арқылы жасауға бол-

майды. Яғни, заңды білуден бөлек, 

адвокаттың өзі өте жоғары мәдениетті 

болуы керек. Біздің қорғаушыларға осы 



Серік  АҚЫЛБАЙ,  ҚР  Парламенті  Сенатының  депутаты,  Конституциялық 

заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы:

«СОТ,  ТЕРГЕУШІ,  АДВОКАТ  

ҚЫЗМЕТІН ДӘРІПТЕЙТІН КӨРКЕМ 

ФИЛЬМДЕР ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ»



тағы басқа жағдайлармен қызметі-

нен босағанда адвокаттыққа келіп 

жатады. Бұл қаншалықты оңды?

– Бір жағынан, ол дұрыс. Себебі, 

тер геу істеріне, сот процестеріне қатыс-

қан тәжірибелі адамдардың адвокат 

болғаны құптарлық. Иә, соған сай бі-

лімі де жоғары болуы тиіс-ақ. Зейнет 

де малысына шыққандардың ішінде де 

әртүрлі адамдар бар. Әлбетте, қызмет-

тік өмірінде тергеу ісіне қатысып көр-

меген, тек көшеде тәртіп бұзғанды ұс-

тап, бөлімшеге әкелуден аспағандардың 

адвокат болуы қиын. Ол дұрыс та емес.

Сондықтан,  адвокаттар  алқасы 

кімнің қорғаушы болатынын өзі таңдай-

ды. Сол үшін арнайы емтихан алады. 

Қорғаушылары таза әрі сауатты болуы 

үшін таңдауда қателеспеулері шарт. Бір 

сөзбен айтқанда, мұның бәрі адвокаттар 

алқасының өз құқығы. Мемлекет оған 

араласпайды және кедергі жасамайды. 



– Қазақстандық қорғаушылар 

қандай жағдайда қызмет құқы­

ғынан айырылады?

– Біріншіден, қылмыс жасаған жағ-

дайда. Ішкі тәртіпті бұзғандары да ад-

вокаттық қызмет лицензиясымен қош 

айтысады. 

–  Сот  істерінде  мемлекет 

есебінен тегін адвокаттық қыз-

мет ұсынылатын кездер болады. 

«Олар ақша төленбеген соң сотта 

каттың жеке басының этикасына, оның 

ішкі дүниесіне және алқаның соны 

дұрыс жолға бағыттауына байланысты. 

Егер де ол сот процесіне белсенді қа-

тысып дұрыс қорғамаса, ондай адвокат 

жауапкершілікке тартылады және бұл 

солай болуға тиісті. 

Кеңес өкіметі кезінде мен заңгерлік 

жолымды адвокат болудан бастадым. 

Сол дәуірде жауапкершілік өте қатаң 

сұралатын. Адвокаттыққа тағайын-

далған адам ақысыз қорғауға міндетті 

түрде қатысатын және де дұрыс қорға-

маса, онысы үшін жауап беретін. Сон-

дай темірдей тәртіп қазір де қажет. 

Бүгінгі күні бәрі нарыққа байла-

нысты болып кетті. Қорғаушылардың 

ішінде ақшаға қызмет етіп, нарық тала-

бымен ғана жүретін, ақысы төленбесе 

қорғауына алған іске, оның ар жағында 

тұрған адам тағдырына селқос қарай-

тындар жоқ емес. Кездеседі. Ал, негізі, 

өзінің атын, қызметін жоғары қоятын 

қорғаушы ондайға ешқашан бармай-

ды. Ақыға болса да, ақысыз болса да, 

қорғауына алған адамның құқығын ба-

рын, жанын салып өте жоғары деңгей-

де қорғауға тырысады. Өйткені, ол –  

оның атағы, бүгінгі тілмен айтқанда, 

имиджі. 

–  Адвокаттардың  жалпақ 

жұрттың  алдындағы  имиджі 

қан дай? Басы дауға киліккен адам 

Облыс жұртшылығына, тіп-

ті, республикадағы қазақ тіліне 

бүйрегі  бұрып  тұратын  қан-

дастар үшін тіл жанашыры Қа-

был Дүйсенбидің есімі кеңінен 

танымал екендігіне ешқандай 

күмәніміз жоқ. Кешегі аптада 

Шымкент қаласы Абай атын-

дағы кітапханада ақын-жазушы-

лардың, сот, ішкі істер, қаржы 

саласы майталмандарының және 

көпшілік оқырмандардың қаты-

суымен Қабыл Тұрарұлының 

«Тілім – тірегім» атты кітабы-

ның тұсауы кесіліп, танысты-

рылымы өтті. Кітапта автордың 

1990 жылдардан бастап бүгін гі 

күнге дейін мемлекеттік тілді 

қолдану мен дамыту, қазақ тілін 

оқытып-үйрету,  мемлекеттік 

тіл де ісқағаздарын жүргізу және 

ономастика, терминология са-

лаларындағы ділгір мәселелер 

бойынша жазған еңбектері мен 

облыстық, республикалық бас-

пасөз беттерінде жарық көрген 

мақалалары, түрлі жиындарда 

сөйлеген сөздері, жасаған баян-

дамалары енгізілген. 

–  Көркем  әдебиет  немесе 

тарихи шығарма емес, тіл ту-

адам жаны қысылған кезде барып тірек 

іздейтіні қашанғы әдет.



– Сондай сәттерде адвокаттар 

жаны қысылғандарға тірек бола 

алып жүр ме?

– Азаматтар қорғаушы таңдарда 

көбіне бейресми мәліметтерге сүйенеді. 

Яғни, бұрын сотқа қатысып адвокат 

жалдағандардың  айтуымен,  солар-

дың жөн сілтеуімен іздейді. Себебі, 

құқықтық дауға жолыққандардың, жал-

пы халықтың арасында имиджі, беделі 

бар адвокаттар болады. Соларды алуға 

тырысады. 



 Көпшілік қай кезден бастап 

адвокат жалдауға құқылы екенін 

біле ме? Іс сотқа жеткенде ғана 

көбінің есіне адвокат керек екені 

түсіп жатады...            

– Рас, істі болғандар тура сотталар 

алдында адвокат іздеп шарқ ұрады. 

Қылмыстық процессуалдық кодексте 

көрсетілген, адам қандай да бір іске 

күдікті ретінде ұсталған сәтте-ақ оған 

құқықтары түсіндіріледі. Соның ішінде 

адвокат жалдауға құқылы екені де айты-

лады. Бұл міндетті. Қазіргі Қылмыстық 

процессуалдық кодекс соны талап етеді. 



 Адвокаттардың имиджі де-

геннен шығады, шетелде, Ресейде 

кинотуындылар  еліндегі  адво-

катураның бет­бейнесін жақсы 

жағынан көрсетіп жатады. Бізде 

мұндай насихат жоқ. Бірақ, керек-

ті дүние ғой?!

– Жалпы, бізде сотты, тергеушіні, 

адвокатты дәріптейтін көркем фильм-

дер жоқтың қасы. Ал, енді кейінгі кезде 

өтіп жатқан сот процестері көрсетілуде. 

Ол жақсы үрдіс. Өйткені, онда адво-

каттың рөлі, айыптаушының қызметі, 

соттың істі қалай жүргізгені – бәрі-бәрі 

беріледі. Бұл халықтың сот туралы ішкі 

сауатын арттыру үшін өте керекті дү-

ние. Мен оны құптаймын. 

Дұрысында, мемлекеттік деңгейде 

кинематография арқылы заңгерлердің 

жұмысы көрсетілсе дұрыс болар еді. 

Мысалы, Ресейде телеарналар ар қы лы 

«Адвокат» деген сериал үнемі жү ріп 

жатады. Көркемдік тұрғыдан да, қор-

ғау шының қызметін көрсету тұрғы-



 Енді тергеушілерге ойыссақ. 

Істің жан­жақты тергелуі – сот-

та әділ шешім шығуына бірден­бір 

ықпал ететін фактор. Бірақ, су-

дьялар көп істің шала тергеліп 

келетінін айтады. Сіз не дейсіз?

– Бұл арада да тергеушінің сауат-

тылығы рөл ойнайды. Мәселен, Кеңес 

өкіметі кезінде мықты тергеу коми-

теттері болды. Тіпті, прокуратураның 

құрамында білікті тергеушілер жұмыс 

істеді. Қайта құру кезінде прокурату-

радан тергеуді бөліп алды. Ішкі істер 

министрлігінен бөлек, Тергеу комитетін 

құрамыз деген талпыныс болды. Ол 

кейін келе Ішкі істер министрімен та-

ласатын тепе-тең мекеме секілді болып 

қалды. Жалпы идеясы бұзылып кетті. 

Онда жалғыз тергеуші емес, басқалар-

ды да ала бастады. Содан соң бізде біраз 

тергеушілер кетіп қалды. Сол арада 

көптеген білікті, сауатты тергеушілерді 

жоғалтып алдық. Қазіргі уақытта тер-

геудің де ішкі мәселелері жоқ дей ал-

маймыз. Дегенмен, өмірдің сатылары-

мен келе жатырмыз, алға жылжу бар. 

 «Ішкі істер орындары қыл­

мыстық істердің ашылу деңгейі­

нің көрсеткішін қуалап кетеді» 

деген сын бар. Орынды ма?

– Қазір ол тетік алынып тасталған. 

Жалпы қанша арыз берілгенін қарайды. 

Оның ішінде қаншасы сотқа кетті деген 

талап бүгінгі күні жоқ. 

Иә, кезінде ондай талап болды. Со-

дан келіп күдіктіні ұрып-соқса да, әй-

теуір, істі ашуға мүдделілік туындаған 

тұстар кездесті. Қазіргі Қылмыстық 

процессуалдық кодекс тергеуді жыл-

дам және әділ жүргізуге бағытталған. 

Оның ішінде тергеу судьясы деген жаңа 

тұлға бар. Тергеу сатысынан бастап, 

істі сотқа дейін апару жүктелген тергеу 

прокуроры енгізілді. Бір прокурор бір 

істің басынан аяғына дейін жауапты. 

Яғни, қадағалау мәселесі өте жоғары. 

Бұл өзгерістер құқықтық тұрғыда алға 

басуымызға септігін тигізері сөзсіз.

– Әңгімеңізге рақмет. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 402.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет