Соғыстан кейінгі жылдардағы әлуметтік-экономикалық даму



жүктеу 0.57 Mb.
Дата12.09.2022
өлшемі0.57 Mb.
#21131
Презентация (2)
Физика таби ат туралы ылым ретінде ал аш рет кімні шы армалары, ОШ БЖБ Қазақстан тарихы 8 сынып

Соғыстан кейінгі жылдардағы әлуметтік-экономикалық даму

Өнеркәсіптің соғыстан кейінгі даму ерекшеліктері. КСРО үшін соғыс орасан зор материалдық және адам шығынын алып келді. Қалалар, ауылдар мен селолар, өндіріс орындары, теміржолдар қиратылды. Ел ұлттық байлығының шамаман үштен бірінен айырылды. Бейбіт өмірге қайта оралу әскери өнім шығаруға бағытталған бүкіл экономиканы қайта құруды талап етті. Соғыстан кейінгі өнеркәсіп дамуының басты міндеті кәсіпорынды қайта құрылымдау (реконверсиялау), яғни республика халқы үшін өнім өндіру бағытына қарай қайта құру болды. Экономиканы бейбіт өмірге көшіруге бағытталған шаралар атқарылды:

1) Мемлекеттік Қорғаныс комитеті (МҚК) жойылып, оның орнына Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) құрылды; 2) өндірісте, көлікте, мемлекеттік мекемелерде соғыс кезіндегі кейбір шектеулер алынып тасталды: 8 сағаттық жұмыс күні қайта орнатылды, міндетті үстеме жұмыс тоқтатылды, жыл сайынғы демалыс қалпына келтірілді т.б. КСРО экономикасын (Қазақстандағы сияқты) басқарудың әміршіләкімшіл әдісі соғыстан кейінгі кезеңде де жалғасын тапты. Қазақ КСР-ның экономикалық даму ерекшелігі -өнеркәсіптің дамуы соғыс кезінде де тоқтап қалған жоқ. Керісінше, үзіліссіз арта берді. Қалпына келтіруді қажет еткен Одақтың кейбір республикаларының өнеркәсібіне қарағанда, Қазақстан индустриясы оған мұқтаж болған жоқ.

Аймақтың пайдалы қазбаларын игеру және өнеркәсіпті дамыту. Жалпы төртінші бесжылдықта (1946-1950 жж.) Кеңес Одағындағы сияқты республиканың индустриалдық саласының негізі болған ауыр өнеркәсіптің дамуына баса назар аударылды. 40-50-жылдары республикада кәсіпорындар, зауыт, фабрика мен шахталар іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді, Екібастұздағы көмір қабатын аршу істері аяқталды, Қарағанды көмір бассейніндегі көмір шығару жұмысы жалғасын тапты. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Балқаш мыс қорыту комбинатының қуаты арттырылды.

Мұнай шығаруды арттыруға мүмкіншілік жасаған Ембі алабының жаңа кәсіпорындары мұнай шығаруды бастады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамығанымен, республика қажеттілігін өтей алмады. Семейдегі тері илейтін комбинат, Петропавлдағы «Комсомолка» тігін фабрикасы, Жамбыл (Тараз), Қызылорда және Павлодар тері өңдеу зауыттары өнім бере бастады. Қазақстанда 1950 жылы 65 жеңіл өнеркәсіп орындары ғана болды, оның көпшілігі революцияға дейін салынған болатын. Өнеркәсіптің басқа салалары (химия, ағаш өндеу, құрылыс материалдарын шығару және т.б.)

республиканың өнеркәсіп өндірісінде елеусіз орын алды, Қазақстан сияқты зор аумақ үшін мақта өңдеу кәсіпорны республикалық өнеркәсіп өндірісінің 0,1% -ын, жүн өңдеу 1,6%-ын, ал былғары аяқкиім шығару 1,7%-ды ғана құрады. Мұндай жағдай тұтыну тауарларын шығаратын өнеркәсіптің барлық саласына тән сипат алды.

1949 жылы көктемде Алматыда автоматты телефон желісі жұмыс істеуін бастап, аудан орталықтарының бәрі телефон желісіне қосылды. Көлік желісі дамыды, 1950 жылы Мойынты-Шу теміржол құрылысы аяқталды. Қазақ КСР-нің соғыстан кейінгі онжылдықта өнім қарқынының өсуі жалпы одақтық көрсеткіш бойынша ғана емес, сондай-ақ көптеген одақтас республикалардың өсу қарқынынан алда болды. Қазақ КСР-і төртінші бесжылдық жылдарында (1946-1950 жж.) өнеркәсіптің жалпы өнім қарқыны бойынша Эстония, Латвия, Армения КСР-інен кейін төртінші орынды алды. 1951-1953 жылдары Молдавия және Литва одақтас республикалары алға шықты.

Өнеркәсіп орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету. Жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыру және жұмыс күшінің жетіспеушілігін жою мақсатында республикада еңбек мектептері мен училицшцелері құрыла бастады. Соғыстан кейінгі жылдары еңбек етудің озық әдістерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең етек алды.


жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет