Социология 4 сабак



жүктеу 398.38 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.02.2022
өлшемі398.38 Kb.
#17420
Социология 4 сабак-1


Миграция. Жаһандық урбанизация


Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) 
— адамдардың (мигранттардың) қандай да бір 
аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа 
немесе біржолата қоныс тебу процесі.
Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі 
белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік 
шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала 
және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық 
(мемлекетаралық) және ішкі миграцияны 
анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы 
санын өзгертпейді, халық
аралық көші-қон әлем елдеріндегі халық 
санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты 
өзгерту орын алады. 


Түрлеріне қарай ерікті, 
мәжбүрлі, заңсыз көші-қон 
болып бөлінеді. 
Халықтың көші-қоны 
себептеріне қарай жік-
теу экономикалық,
әлеуметтік,әскери,демо-
графиялық (отбасы бірлесуі, 
некелік миграция),мәдени,
саяси,діни жәнеэтникалық.
Халықаралық миграцияның қазіргі үрдістері:
Заңсыз миграцияның өсуі;Мәжбүрлі 
миграцияның өсуі ,Халықаралық миграцияның 
демографиялық маңыздылығының аруты ,
әлемдік миграциялық ағындардың жаһандық 
сипат алуы.


Халықаралық көші-қонның негізгі 
экономикалық себебі - еңбекақы деңгейіндегі 
айырмашылық, дүниенің әр түкпірінде бірдей 
жұмысқа төлемақының әртүрлі болуы. Қандай 
да бір аймақтағы белгілі бір сала бойынша 
мамандардың жетіспеуі осы мамандық үшін 
төленетін жалақының жоғарылауына, 
сәйкесінші мигранттардың ағылуына мүмкіндік 
береді.
Экономикалық мигранттар құлдыраудан қарқында дамып жатқан аудандарға қарай 
ағылады. Жұмыс күшінің сыртқы миграциясы үшін жоғары білікті мамандардың 
салыстырмалы түрде артуы тән. Көші қонның бұл формасы 1930 жылдарда Нацистік 
Германиядан кеткен ғалымдар ішінен таңдау мүмкіндігі туған кезден басталды. Қазіргі 
кезеңде жоғары білікті мамандар миграциясы Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа, Канадаға, 
Батыс Еуропаның кей елдеріне бағытталған. Экономикалық босқындар арасында өз 
елінде жұмысы бағаланбайтын ой еңбегі адамдарының үлесі жоғары. Олардың жаппай 
көшіп-қонуы, "ақылдың ағылуы" атауына ие болды.


БҰҰ экономикалық және әлеуметтік 
мәселелері департаментінің 2013 
жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған 
баяндамасы бойынша, дүниежүзі 
мигранттары 232 млн адамды немесе 
әлем халқының 3,2%-ын құрады. 
Әлемдегі ең ірі миграциялық дәліз 
көшіп-қонушылар Мексика - АҚШ 13 млн 
адамға жеткен (2013 ж., қаңтар - тамыз), 
Ресей-Украина 3,5 млн адамға, Украина-
Ресей 2,9 млн адамға, Қазақстан-Ресей 
2,5 млн-ға жетті. Егер бұл көрсеткіш осы 
қарқынмен жалғаса берсе, онда 2050 
жылы мигранттар саны 405 млн-ға 
жетеді.


Урбандалу – еңбек 
бөлінісінің қоғамдық және аумақтық 
тұрғыдан тарихи қалыптасуынан 
пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері 
мен өңірлерінің өзіндік ерек 
шеліктеріне сәйкес 
дамитын әлеуметтік-
экономикалық, демографиялық, 
географиялық секілді көп жақты 
қырлары бар күрделі құбылыс. 
Көне латын 
тіліндегі мағынасы "қалалық" деген 
ұғымды білдіреді. 

Субурбандалу - қалалық 
агломерациялардың 
қалыптасуының 
нәтижесінде ірі қалалардың 
қала маңындағы аймағының 
өсу және даму процессі.

Контрурбандалу - 
урбанизацияға кері процесс.
Жалған урбандалу - қала 
халқының санының өсуі. 
Бірақ жұмыс орындары 
емес, үйсіз-күйсіздердің 
артуы.


Кіші қалалардағы өнеркәсіп бір-екі кәсіпорынмен немесе оның мүлдем болмауымен 
шектеледі. Бұл халықты жұмыс орындарымен, көлік қатынасымен, ауызсумен қамтамасыз 
етуде күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың туындауына себепші болды. Мұндай 
жағдайда Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар қалаларына тән. Елде осы қалалардың маңызды 
мәселелерін шешу мақсатында жасалатын шараларды басқарып, реттеу үшін 2012-2020 
жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама 
аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіптік аймақтарды және индустриялық 
зоналарды қалыптастыру іске асырылмақ.


Қазақстанда атмосфераны ластайтын 
заттардың максималды концентрациясы 
басым бірнеше қала бар. Бұлар: Ақтөбе, 
Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, 
Талдықорған, Балқаш және т.б. қалалар. 
Алматыда ластанудың 15,5%-ы зауыттарға, 
23,3%-ы қалааралық көлікке, 58,6%-ы 
автокөлікке тиесілі. Алматы қаласының 
ауасында жоғары температурада отынның 
жануы кезінде пайда болатын азот 
диоксиді басым. Оның негізгі көздері 
автокөлік қалдық газдары, ЖЭС-тің ауаға 
зиянды шығарылымдары, қатты 
қалдықтарды жағу мен газдың жануы 
болып табылады. Қаланың лас ауасы 
тұрғындардың денсаулығына зиян, ал 
күкірт қосылыстары тарихи сәулеттік 
ескерткіштерге кері әсер тигізеді. 


Халық саны бойынша қалалар жіктелуі

кіші (20 мың адамға дейін)

Орта (50 мың адамға дейін)

үлкен (100 мың адамға дейін)

Аса ірі (500 мың адамға дейін)Миллионер қалалар
Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар.
Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Нұр-Сұлтан (1 078 362 адам) 
және Шымкент (1 011 551 адам).
Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір 
оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға 
жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда 
басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен 
тікелей байланысты.


Назарларыңызға
 рахмет!

жүктеу 398.38 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет