Сүйікті француз-жазушым Бернар Вербер өзінің «Соңғы құпия» атты романында жазғандай, адамзат алдымен өз-өзін түсініп алмай, ғарыш пен ғаламды тануға асығады



жүктеу 16.24 Kb.
Дата22.04.2022
өлшемі16.24 Kb.
#19201
Парасатқа құштарлық (АвтоматтыҚалпынаКелтірілген)

Сүйікті француз-жазушым Бернар Вербер өзінің «Соңғы құпия» атты романында жазғандай, адамзат алдымен өз-өзін түсініп алмай, ғарыш пен ғаламды тануға асығады. Төлен Әбдіковтың «Парасат майданы» атты еңбегін оқыған сәтте, адамзат пен оның ішкі жан дүниесі осы әлемдегі ең күрделі құбылыс екеніне көзім жеткендей болды.
Постмодернизм жанрында жазылған «Парасат майданы» повесті оқырманды екі басты кейіпкермен таныстырады – күнделік иесі мен оның бейтаныс құрбысы. Алайда, оқу барысында, осы екі тұлғаның мүлде құрбы емес, керісінше хат алмасу арқылы әрдайым қажымастан дауласуда екенің аңғаруға болады. Дегенмен, аталмыш даулар кез-келген күнделікті тұрмыс даулары емес, екі түрлі рухани ұстанымдардың қақтығысы болса керек. Төлен Әбдіков, осы шығармасында, адамзаттың күллі тіршілігінде әрқашан өзекті болған және де болашақта өз көкейкестілігін жоғалтпайтын мәселелерді қозғайды. Жақсылық пен жамандық, өтірік пен шындық, жан мен тәннің тазалығы, рухани бостандықтың мағынасы, жалғыздықтың адамзатқа келтіретін нұқсаны мен өзімшілдік сынды қилы әрі күрделі тақырыптар талқыға салады.
Өз басым осы шығарманы оқыған кезде өзімді парасат майданының дәл ортасында болғандай сезіндім. Күнделік иесі мен бейтаныс құрбының арпалысы маған консерватизм мен реформаторлық ұстанымдардың және де өткен ғасыр мен заманауи көзқарастардың қақтығыстарына ұқсас болып көрінді. Мысалға, кеше ғана Кеңес дәуірінде бағаланған «бәрімен тең, бірдей болу» секілді сенімдер, бүгінгі таңда жоққа шығарылып, адамдар өздерін ерекше әрі дара болып сезінуге талпынады. Осы арпалыстардың күрделілігі ол – жеңімпаздың жоқтығы. Неліктен? Себебі, шын мәнісінде, пікірталастың қатысушылардың өздері ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін білмейді. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, өмірдегі дұрыс-бұрыс заттарды ата-анасының тәрбиесінен, өзінің жеке өмірлік тәжірибесінен, естіген я оқыған әңгіме-кітаптардан ғана біліп, жадына сақтап, көкейіне түйеді. Повестьті оқи отырып, терең ойға шомып, мен өзімді тек қана күнделік иесімен немесе бейтаныс құрбымен ғана келіспейтінімді шештім. Мен үшін екеуі де шет-жағасынан дұрыс пайымдайды, алайда кейбір келіспейтін тұстар да жоқ емес. Мен секілді басқа да түрлі тұжырымдарға келетін оқырмандар да көп болар - қанша адам болса, сонша пікір. Егер де адам баласы бір-бірімен келісімге келе алмаса, онда осы рухани күрестердің мәнісі неде? Оның мәнісі, өз бетімен ойланып, шешім қабылдай алу. Өз ойларының өз патшасы болу. Рене Декарт айтқандай, «Ойлаймын, демек бармын» (лат. «Cogito ergo sum»).
жүктеу 16.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет