Кез келген түйіндесуге міндетті түрде қажет болатын элементтерді атаңдар.
Түйіндесу сызығы неше нүкте арқылы өтеді?
Түйіндесу центрі қандай сызықтарда орналасады?
Жаттығу:
Деталь сызбасы -2 сағат
тақырыбы: Біржақты, екі жақты түйіндесулер
Жұмыс барысы: Карточкадағы кескідері бойынша кескін-келбетінде түйіндесулер бар детальдардың көрінісін талдап қанша түйіндесулердің кездесетінін анықтаңдар.
Түйіндесулердің түрлерін тауып шешу алгоритмдерін дәптерге жазыңдар.
Қателерін мұғалімнің көмегімен анықтаңдар.
Көмекші сызықтарды қолдана отырып М1:1 етіп сызбаны А4 форматына жобасын орындаңдар.
Детальдың көрінетін сызықтарын тұтас жуан сызықпен орындап сызба құжатын толтырыңдар. Атауына түйіндесулер деп толтырыңдар