Сын тұрғысынан ойлау технологиясы



жүктеу 0.67 Mb.
Дата14.01.2022
өлшемі0.67 Mb.
#16720
Сыни ойлау

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Орындаған: Тұрғанбаева А. А.

Тексерген: Атыманова Қ. Ж.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 

Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

Күрделі мәселелерді шешуге, асамаңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. 



Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі:

Кез келген ақпараттың жан -жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. 

«Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім – білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі. 

Сапалы білім беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалана отырып, балалардың танымдылық белсенділігін, қызығушылығын арттыру,  шығармашылық іс - әрекетінде қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Сын тұрғысынан оқыту технологиясы көптеген стратегиялардан тұрады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі: •    Ой шақыру •    Бес жол өлең •    Топтастыру •    Венн диаграммасы 



Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Білім алуға ұмтылатын балаға жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, оқу қызметте баланы ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Балаларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, оқу қызметті өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы,тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Баланың қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, баланы ізденіске жетелейді.



Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1.Қызығушылықты ояту.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушыны жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, оқу қызмет қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – білім алушының белсенділігін арттыру.

2.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, балалар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

3. Ой-толғаныс – бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде баланың толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Тәрбиеші бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемң білім алушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз оқу қызметтерін соған сай өзгертіп отыруы тиіс.



Қорыта айтқанда, осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді балалар тәрбиелеуге болады. Ол үшін тәрбиеші көп ізденіп, көп оқып, үнемі ізденіс үстінде болу керек.

Назарларыңызға рахмет!
жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет