Сын түРҒысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ойлау шалқ рова а ж



жүктеу 35.2 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі35.2 Kb.

СЫН  ТҮРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ -  

СЫНАУ ЕМЕС,  ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ

Шалқ рова  А Ж .

Орал ц.

«Тегінде,  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  білім,  ар,  мінез 

деген  қасиеттермен  озады»  деген  ұлы  ақын  Абай  сөзі  барлық 

уақытта  өз  мэнін  жойған  емес.  Қоғам  дамып,  жақсарып,  өзгеруі 

үшін  оның  адамының  да  озық  ойлы,  білімдар  болуы  шарт.  Ғылым 

мен  техника  дамыған  мына,  XXI  гасырда,  егемен  елімізді  ертеңгі 

күнге дамыған алдыңғы қатарлы елдермен керегесі кең, терезесі тең 

қылып  жеткізетін  -   бүгінгі  ұрпак.  Ал,  сол  ұрпакты  ел  ертеңін 

қамдау  сапарына сақадай  сай  қып  аттандыру -  ұстазға міндет.  Осы 

мақсатта үстаз  балаға  берер  білімнің заман  талабына  сай,  оқушыға 

қызықты да, түсінікті  болуын қамдап, жаңаша білім  беру жолдарын 

қарастыруы  тиіс.  Жаңаша  білім  -   іскерліктің  жаңа  түрі.  Ол  білім 

мазмүнын  тереңдетуге,  ұстаздың  кэсіптік  шеберлігін  арттыруға,  өз 

ісін дамытуға септігін тигізеді. 

«Оқу  жэне  сызу

арқылы  сыни  ойлауды  дамыту»  бағдарла-масына  негізделген 

сабақтар  оқушыларды  жан-жақты  жэне  тереңірек  ашуға,  оларға 

бағыт-бағдар  беріп,  эсер  етуге,  оқушы  көзқарасын  өзгертпеуге 

септігін  тигізеді.  Мұндай  сабақтарды  өту  барысында  сабақтың 

мақсатын 

нақтылап, 

оған  шығармашылық  тұрғыдан 

келіп, 

оқушының 



білімділік, 

тәрбиелік 

жағынан 

қызығушылығын 

арттырып,  ой-өрісін  дамытуға  баса  назар  аударамын.  Сын 

тұрғысынан ойлау сабақтарында  оқушы  өзін-өзі еркін ұстап,  өзгеге 

сенімін,  жылуын  күшейтеді.  Кейде  өзгеге  көмектессе,  кейде  өзіне 

көптің көмегі қажет болады.

Сын түрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы -  әлемнің түкпір- 

түкпірінен  жнылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Жобаның 

негізі  Ж .П н те,  Л.С.Высотский  теорняларын  басшылыққа  алады. 

Жобаны  үсынған  американдық  педагог-ғалымдар  Чарльз  Темпл, 

Крутис Мередит,  Джинни Стилл болатын. Мақсаты -  барлық жастағы 

оқушыларға  кез  келген  мазмүнға  сыни  түрғыдан  қарап,  екі  үйғарым 

бір  пікірдің  біреуін  тандауға  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда 

үйрету.  Біздің  елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты, 

«Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы  келген  бүл  технология  орыс  жэне 

қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.



Белгілі  ғалым  Дайана  Халперн  «Сыни  ойлау  -   ойлаған 

нәтижеге  жету  үшін  танымдық  техникаларды  пайдалану  арқылы 

шығармашылықпен  эрі  қарай  бағыттай  ойлану.  Сыни  ойлау  -  

белгілі  бір  мәселе  туралы  бар  идеяларды  жинақтап,  оларды  қайта 

ой  елегінен  өткізу  жэне  шешім  қабылдаумен  аяқталатын  күрделі 

психологиялық  үрдіс»  екенін  атап  көрсеткен.  Сыни  ойлауды 

дамыту  технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты  айырма- 

шылығы -  білімнің дайын күйінде берілмеуі.  Бүл жобаның мақсаты 

-   демократиялық  қоғамда  өз  көзқарасы,  пайымдауы  бар,  өз-өзін 

жетілдіріп  отыратын,  айналадағы  үдерістерге  сыни  көзбен  қарап 

жауап бере алатын түлғаны қалыптастыру.

Сын  түрғысынан  ойлау  -   сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Бүл 

деңгейдегі  ойлау  оқушылардың  дербес  ізденісі  жаңа  білімді  өз 

белсенділіктерімен алуға үмтылуымен үштасады.

«Сын  түрғысынан  ойлау»  жобасының  100-ден  аса  стратегиясы 

бар.  Мен  өз  сабақтарымда  «Ой  шақыру»,  «Түртіп  алу»,  «Кубизм», 

«Болжау»,  «Эссе»,  «Үкім»,  «Жигсо»,  «Түсініктеме  күнделік», 

«Сэккуэй»,  «Еркін  жауап»  жэне  т.б.  стратегияларды  пайдаланамын. 

Сабақты үш бөлімге:  қызығушылықгы ояту,  мағынаны тану, толғаныс 

деп бөліп,  эр  сабақты  бастағанда оқушының ойын жинақтап,  назарын 

сабаққа  аударуға  аса  көңіл  бөлемін.  Мәселен,  Ілияс  Жансүгіровтың 

«Домбыра»  өлеңін  оқытуда  сыныпта  домыра  тарта  білетін  оқушыға 

сабақты әдемі күй орындатумен бастаймын. Ақынның өмір деректерін 

түртіп алу стратегиясымен оқытып, кубизм әдісі арқылы домбыраның 

сыртқы  түрін  суретге,  домбыраны  гитарамен  салыстыр,  домбыраның 

шығу тарихын зертге, домбыраны қолдан, домбыра туралы ойлағанда 

көз  алдыңа  не  елестейді  (Нағыз  қазақ  қазақ  емес,  нағыз  қазақ  -  

домбыра),  І.Жансүгіровтың  «Домбыра»  өлеңін  талдаңыз  сиякты 

сүрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.  Оқушылар  сабақта 

қазақтың  киелі  қара  домбырасының  қадір-қасиетін  түсініп,  ақын 

туралы  толық  мәлімет  алып,  өз  бетгерімен  білімдерін  толықтырады. 

«Болжау»  әдісі  бойынша  7  сыныпта  әңгімешіл,  қиялшыл,  ертегішіл 

Аян  тағдырын  оқушы  өз  пайымдауымен  аяқтайды.  Оқушы  пікірін 

тындағанда,  барлығы  да  шын,  бала  жүректерімен  Аянның  аяғының 

жазылып,  жоғары  оқу  орнына  түсіп,  әдебиетші  болғандығын  тіледі. 

Ал, жусанды төбеге келмеуінің себебін жүмыстан босамай, туған жері 

туралы  зертгеу  еңбектерін  жазудан  қолы  тимей  жатқанға  болжады. 

«Үкім»  әдісі  арқылы  «Көксерек»  эңгімесіндегі  Қүрмаштың  өліміне 

жазықтыны іздеп, ойларын дәлелдеді. Кейбіреуі Қүрмаштың өзі кінэлі


десе,  біреулері  Көксеректі  кіналады,  ал  біреулері  эжесінің  Құрмашты 

тым  еркелетуінен,  біреулері  қасқырдың  ұясын  бұзған  адамдардың 

қаталдығынан  көрді.  Мұнда  оқушылар  өздері  тұжырым  жасап,  сол 

тұжырымын  дэлелдеуге  үйренді.  «Эссе»  эдісі  арқылы  6  сынып 

оқушылары  Дулат  Исабековтың  «Ата  үміті»  шығармасындағы 

Омаштың  дөрекі,  эділетсіз  әрекетгерін  сынап,  Омашқа  хат  жазу 

арқылы  ойларын  қорытгы.  Хатгарында  Омаштың  үлкенге  кұрмет, 

кішіге  ізет  көрсетуді  білмейтін,  адалдық  пен  арамдықтың  парқына 

бармайтын,  пасық  адам  екендігін  айтып,  Омашқа  ұксағысы 

келмейтіндерін баса көрсетгі. Ал, Қожаға жазған хатгарында өздерінің 

де  бойынан  Қожа тэрізді  жақсы-жаман  қасиетгерді  байқайтындарын, 

оларды  түзету  жолында  Қожадан  үлгі  алып,  түбі  адам  болып  қалу 

керектігін  жазды.  Көлемі  жағынан  ауқымды,  көлемді  болып  берілген 

шығармаларды  «Жигсо»  эдісі  арқылы  талдауға  тырыстым.  Мәселен, 

Төлен  Әбдіковтың  «Қуанған  мен  қорыққан  бірдей»  шығармасын 

үсынылатын  жаңа  ақпарат  логикалық  бөліктерге  бөлініп,  олар  топта 

оқылып,  білгірлер  тобында  бірлесе  талқыланды.  I  эксперт  -   бала 

ананың  бауыр  еті.  «Биғайша  қайтқаннан  бері  төбем  шаншиды», 

«Биғайша жүректі  алып  кетгі».  II  эксперт -баласы  атқа шапса,  анасы 

тақымын  қысар.  «Қалқамның  мандайы  ашық,  жүлдызы  жарқырап 

түр».  III  эксперт  - 

ананың  көңілі  балада.  «Ойбай,  Жорабек,  мен 

кетейін»,  «Жорабек,  бү қай бала?».  ІҮ эксперт -  жылы-жылы сөйлесе, 

жылан да ініне кірер.  «Шейіт болып кетгі деп келді хабар, Енді Ермек 

жоқ  оралып  елді  табар».Ү  эксперт  -   сөз  сүйектен  өтеді.  «Шешең 

қуаныштан  өлді,  бірақ қүсадан  өлгеннен  сақтасын». 

ҮІ

эксперт -  жақсының  жақсылығын  айт жан  сүйсінер.  «Біздің түқымға 



тіл  мен  көз  үйір  еді.  Жүртгың  көзінше  жақсы  демей-ақ  орташа  дей 

салсаң  болды  ғой».  Осылай  оқушылар  көлемді  мәтіндерді  де  өз 

түжырымдарымен игерді.

Қорыта  келгенде,  оқушылар  СТО  жобасы  бойынша  жүргізілген 

сабақтар  арқылы  сенімділікпен  жүмысқа,  пікірлерін  тыңдауға, 

қүрметгеуге,  түжырым  жасауға,  ойларын  еркін  айтуға,  бір  сөзбен 

айтқанда,  бар  ынтасымен  сабаққа  беріледі.  Бүл  жобаның  нәтижесін 

күнделікті  сабақтарымызда  көріп  отырмыз:  оқушылар  ой-пікірлерін 

ашық  айтады;  сабақ  барысында  бір-бірінің  жақсы  қасиетгерін 

үйренеді;  білім  естерінде  сақталады;  сабақ  барысында  оқушы  өзі 

талдайды,  мүғалім  тек  бағытгаушы  қызметінде  көрінеді.  СТО-ның 

әдіс-тәсілдері  оқушыларды  тынымсыз  ізденімпаздыққа  баулиды.



Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс  жасауына  жол 

ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес.

Бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беруге,  оқушыны  мүғалім- 

мен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір- 

бірінің  ойын  тыңдауға,  қүрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу 

жолдарын іздей отырып,  қиындықты жеңуге  сын түрғысынан ойлау 



жобасының берері мол.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  Қ.Бітібаева.  Әдебиетті  оцытудыц  инновациялъщ  техноло- 

гиясы.  Өскемен,  2002

2.  Б.Түргынбаева.  Үстаздъщ иіыгармашылъщ.  А.,  2007

3.  «Қазац тілі мен әдебиеті» жүрналы, №8,  2010 ж.

4.  «Қазац тілі мен әдебиеті» жүрналы, №7,  2003 ж.

5.  «Қазац тілі мен әдебиеті» жүрналы, №5,  2007 ж.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал