Сыңғырлата қайра қақты. Ала жаздай дем алып, мектептен жырақта болған оқушылардың бүгінгі қуанышы ерекше


Еске алушылар: анасы, жұбайы, балалары-Айгерім, Іңкәр, Назерке, бауырлары



жүктеу 400 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі400 Kb.
1   2   3   4

Еске алушылар: анасы, жұбайы, балалары-Айгерім, Іңкәр, Назерке, бауырлары

12-қыркүйек  күні сағат 13.00-де "Сәт" мейрамханасында ардақты азаматымыздың өмірден

өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

Еске алу


Жарамсыз  деп  танылсын

Әлібекова Жанагүл Амангелдіқызының атына 2007 жылы СПТУ-12 (қазіргі Ғ.Жарылғапов

атындағы аграрлық колледжі) бітіргендігі туралы КББ  №0336605 «Бухгалтер» мамандығы бойынша

берілген дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын

*** *** *** *** ***



Шілтенов Айдос Еділбайұлының атына 2007 жылы СПТУ-12 (қазіргі Ғ.Жарылғапов атындағы

аграрлық колледжі) «Тракторист-машинист широкого профиля» мамандығын бітіргендігі туралы КББ

№  0036587  тіркелген  дипломы,    тракторист  куәлігі  №0027767,  тракторшының  жеке  басын

куәландыратын құжат ТМ №39796 жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын

*** *** *** *** ***

Н.Крупская атындағы орта мектебінің  2007 жылғы  түлегі Матин Ерназардың атына  берілген АС

№ 0267835  білім аттестатының  жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын 

*** *** *** *** ***

Атасу  көшесіндегі №1 үйдің  тұрғыны  Оразбекова Розаның атына   берілген 05.09.2007 жылы

№8009 легализациялық   комиссияның   шешімі,  21.03.2007 жылы  №32-26  жердің   жеке  меншікке

берілгені   жөніндегі мемлекеттік  АКТ,  үйдің  №4490 техникалық   төлқұжаты,  Қабылдау

жөніндегі   архитектуралық  АКТ  жоғалуына   байланысты   жарамсыз  деп  танылсын. 

Кеше ғана  бірге  ойнап,  бірге   жүрген,  арамыздың  сәні   болған,

ауданымыздың  тұрғыны,  жан    жолдасымыз  Бекайдар  Мәжитовтың

өмірден өткеніне міне жыл толды. Қамшының сабындай  келте  ғұмырында

қолындағысын   өзгеге  ұсынып, өзгенің қажетін  ашуға жүгіретін,  аңғалда

аккөңіл досымыздың  жатқан  жерің   жайлы,  топырағы  мамық  болсын.

Жасамаған   жасын  Алла  балаларына  нәсіп  етсін.

Бұл  өмір  қойды  сені  сағым  қылып,

Біздерді өз  заңына  бағындырып.

Күндер жылжып арада  өтіп  жатыр,

Өзіңді  мәңгілікке  сағындырып.

Ғұмыр, тірлік  өлшеулі  қысқа  мына,

Түсірмесін  десек те қыспағына  

Жан  сыздайды  ауырып  жүрегіміз

Басқа  қолдан  келетін  шара  бар ма?



Еске  алушылар: достары-Аманжол-Анар, Бейсен-Алтын,  Жомарт, Темір-Света, Төлеухан-

Ләззат, Ғалым-Айгүл.  

КӨҢІЛ АЙТУ

Жаңаарқа ауданының ардагерлер ұйымы мен "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы еңбек ар-

дагері, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Есенжол Асанбаевқа

қарындасы Рыскүлдің

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтаса   көңіл  айтады.

«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерінің ҚР «Мем-

лекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде

хабарлау үшін 2-80-12 сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды. 

«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

*****    *****   *****   *****

«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ қызметкерлерінің ҚР «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс

Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін 2-76-51 сенім теле-

фоны орнатылғандығын хабарлайды. 

«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ

Жаңаарқа ауданының тумасы, асқар тау әке, ардақты ата, қамқор жар, арқа тұтар ағамыз



Жұмашев Иса Ыбырахымұлы 57 жасында  қайтпас сапарға аттанғанына 16 қыркүйекте 40 күн толып

отыр. Өмірден алғанынан гөрі алары көп азаматтың орындалмаған армандары, алынбаған асулары

қалды. Жомарт жүректі, кеңпейіл, бауырларына-қамқор, отбасына-пана, соңғы демі қалғанша 40 жыл

бойы теміржол саласында "Жаңаарқа" АҚ "Локомотив депосында" машинист, депо көмекшісі болып

еңбек етті. 

Қош әке! Қимас бауыр! Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз мамық бол-

сын. Сіз жасамаған жасыңызды ұрпақтарыңыз жалғасын. 

Ұлағатты ұрпақтың тірегі едің,

Шаңырақтың шаттығы жүрегі едің.

Жеткіземін деп баршасын балалардың,

Амандықты Алладан тілеп едің.

Артында ізің қалды еңбегіңнің,

Жетілді ұрпақтарың жасыл-желек.

Біз сізге дұға оқып бағыштаймыз,

Тұрсын деп әрқашанда желеп-жебеп.

Еске алушылар: жұбайы-Қапура, аға-жеңгесі-Мұса-Роза, балалары-

Медет-Эльмира, Тұрсынбек-Гүлім, бауырлары, немерелері

11-қыркүйек  күні сағат 13.00-де "Сәт" мейрамханасында әкеміздің

өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

Араға 2 жыл салып, тағы да бір ардақты досымыз Ыбырахымұлы Иса бақиға аттанып кетті.

Қош бол, аяулы дос, адал жар, асқар таудай асыл Әке! Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, қабірің

нұрлы болсын. Артыңда қалған жан жарың Қапура мен балаларың аман болып, сен көрмеген қызықты

солар көрсін.

Арамыздан кетті тағы бір арыс,

Барған жерден қайта алмайды, тым алыс.

Арасында өмір менен өлімнің

Мәңгі бақи келе жатыр бұл жарыс.

Зейнеткеде шығуға да жарамай,

Достарыңның жүректерін жаралай.

Жалғызсырап жүр дедің бе Бақытты,

Кете бардың алды-артыңа қарамай,

Қадірлі едің, адал едің сенімді,

Айғай салып отырушы ең көңілді.

Баяғының батырындай алып ең,

Сондадағы жеңе алмадың өлімді.

Жарың қалды басын соғып аңырап,

Ортамызда орның қалды қаңырап.

Аман болсын, артта қалған ұрпағың,

Құламасын өзің тіккен шаңырақ.

Сені сағынып еске алушы достарың: Рая, Ермек-Гүлбану, Жұматай-Бақыт, Қайрат-Нәсіпжан,

Нығметжан-Сәуле, Сапар-Жанат, Ерсайын-Сайрангүл, Нұрлан-Диля

Балаларына сүйікті ана, аяулы да қымбатты әже бола білген анамыз Балқия Тәшкейқызының

өмірден өткеніне 1 жыл, ал сүйікті бауырымыз Нұртөре Серікболұлының дүниеден озып, бақилық

болғанына 40 күн толып отыр. Жайраңдап жүрген анамыз

бен  бауырымыздың  орны  бүгінде  ойсырап,  жүректі

сағынышпен сыздатады. Аяулы анамыз туған-туыстарына

бауырмал, дос-жаранға қадірлі, қолынан келер көмегін ая-

майтын анамыздың жарқын жүзі, айтқан ақыл-кеңесі мәңгі

есімізде.  Сондай-ақ,  аға-апаларының  асыл  інісі,  туған-

туысқа сыйлы, кішіпейіл, жолдастарына қимас дос бола

білген бауырымыздың жарқыраған бейнесі жадымыз-

дан ұмытылмайды. Оның алар асуы, бағындырар белесі

көп еді...Алланың ісіне не шара!?Асыл анамыз бен қимас

бауырымыздың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа,

жандары жәннатта, тәндері рахатта болсын деп Алладан тілейміз.

Жылда өтті кеткеніне арамыздан анашым,

Күннен-күнге шалғай асып, алыстап сен барсың.

Ерте ме кеш бір болармыз бәріміз,

Сағыныштан қақ айрылды кеудедегі жанымыз.

Алла сені рахымына бөлесін,

Алла жазса жұмаққа сен кірерсің.

Еске алушылар: балалары-бауырлары-Кенжегүл, Бопан, Бота, Айдын-Балжан, Абзал-Гүлмира,

немерелері-Мақпал, Жантөре, Ақжол, Ақтөре, Хантөре, Бақтөре 

Еске алу


ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН...

Иә, сұм ажал адам талғамайды. Біреуге ерте, біреуге кеш келетіні болмаса өзекті жанға бір өлім екен-

дігін, пенденің түбінде баратыны қара жер екенін бар сана болмысыңмен түйсініп тұрсаң да, аяулы

жандар өмірден өткенде жүрегің сыздайды екен. Алланың ісіне шара жоқ, әрине. Бұл жалған дүниеде

ешкімнің де мәңгі жасамасы анық.

Тамыз айының 24 жұлдызы күні "өлді деуге болмайтұғын, өлмейтұғын артында із қалдырған" ізгі

жан, ардақты әке, ақылшы ата, ең бастысы алдынан қаншама шәкірт түлеп ұшқан, саналы ғұмырын

Атасу стансасындағы №135 негізгі мектебінде ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған құрметті демалыстағы

ардагер ұстаз Қайрат Құттыбаев өмірден озды. 

"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын",-демей ме аяулы ұстазымның қазасына қайғырып,

туғандарының қайғысына ортақтаса отырып, ақтық сапарға аттанарда бір ауыз лебіз білдіріп, қош ай-

тысып қалуды өзімнің шәкірттік парызым деп білдім. Жаны жайсаң, жүрегі кең Қайрат ұстазымыз

шәкірттерінің бәрін өз баласындай еркелетіп, мейірлене отырып кең құшағына сыйғыза білді. "Айна-

лайын"  деп  басымыздан  сыйпаған  алақанының  ыстық  табын  әлі  күнге  дейін  анық  сеземіз.

Ұстазымыздың бір сәт ашу шақырып, дауыс көтергені есімізде жоқ. Үнемі жаны жаздай жарқырып

жүретін  жайсаң  жан  еді.  Оның  әр  сабағынан  жасыған  көңіліміз  жігерленіп,  өмірге  деген

құштарлығымыз артып, көңілдегі кірбіңіміз шайылып қуанып шығушы едік. 

Бұл дүниеде ұрпақ тәрбиелеп, білгенін үйреткен адамның барар жері жұмақ деуші еді. Мәңгілік

мекенің пейіштің төрінен болсын. Жаның жәннәтта, тәнің рахатта болғай. Топырағың торқа болсын,

аяулы ұстазым!



Шәкірттерің атынан Н. ОРАЛБАЕВА,

Манадыр негізгі мектебінің мұғалімі 

ТАҒЗЫМ

Досқа сағыныш

Балалық бал дәуренімнен жан досым, асыл досым, Бекболат, тек өзің

болдың. Тай-құлындай тебісіп қатар жүріп ер жеттік. Қайталанбас жастық

шақтың қызығын бірге өткіздік. Асқақ арман қуып алға жетелеген студент-

тік  кездің  сағымдай  сәттерін  артта  қалдырдық.  Өмірдегі  мақсатымыз-

ұстаздықтың  ұлы  жолын  бірге  таңдадық.  Еңбегіміз  еленіп  мектеп

басшылығы  қызметіне  де  бір  кезеңде  тағайындалдық.  Қаншама  сырға,

қызыққа, кейде мұңға толған өмір парақтары сырғып артта қала берді.  Бек-

болат екеуміз шынайы жолдас едік. Біздің достығымыз өзгелерге үлгі бо-

лардай еді. Өмір жолында егіз қозыдай арамыз ажырамап еді. Өмірдің өз

заңдылығы болатынын біз ескермеген сияқтымыз...

Амал қанша, сұм ажал жан досымды ортамыздан алып кетті. Зымырап

күндер өтіп жатыр. Жан досымның жер бесікке өткеніне 10 жыл болыпты.

Егер, бар болса, 60-тың асқарына шығар еді-ау! Ол пешенесіне жазылмапты.

Айнымас досым, қимас досым өзіңді сағындым. Сағыныштан сартап болған

із қалды кеудемде. Екеуміздің достығымыздың куәсі болған сәттер мәңгі өшер емес жүректе. Қиын

күндерде, қамыққан кезде демеу болғаның көңілімде.

Бекболат, сен жан досым бола білдің, Сендей достың маған бұйырғанына мен шексіз ризамын. Адал

дос қана емес, ақылшым, қолдаушым болдың.Сенің мәртебең мен үшін әрдайым асқақ еді. Өйткені сен

талантты  тарихшы, шебер ұйымдастырушы, аса қабілетті педагог  болдың. Бекболаттың ұстаздық

қызметі, мәдениет саласына сіңірген еңбегі еш кетпеді. Ол «Қазақстан мәдениетіне сіңірген еңбегі

үшін»,  «Оқу  –  ағарту  ісінің  үздігі»  бірнеше  мәрте  үкімет  тарапынан  марапаттауларға  ие  болды.

Өкініштісі сол, тарих саласында жазып дайындап жатқан ғылыми еңбегі аяқтаусыз қалды.

«Орында бар, оңалар» - деген қазақтың қасиетті сөзі бар. Бекболаттың отын өшірмей отырған аяулы

жары Көкшенің Гауһарына шексіз ризамын. Балалары, немерелері әке атына кір келтірмей, әрдайым

биікте ұстап өсіп келеді. Жан досымның отбасына тек амандық тілееймін. Көптің көңілінде жарқын мі-

незімен сақталған Бекболат досымның жатқан жері жайлы, қабірі нұрлы болсын.



МЕЙІРХАН АМАНБАЕВ

ЖАРАМДЫ

Транспорт  орамы №2 үй 3 пәтердің  иесі  Тупейко  Иван Яковлевичтің атына  берілген  тіркеу  кі-

тапшасы,  пәтердің  жоспары  және  Тупейко  Варвараның  атына  пәтерді  сыйға беру  құжаттары  та-

былуына  байланысты  нотариустың  шешімімен  жарамды  деп  танылсын   





Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”

ЖШС басшысы - бас редактор

КӨШМАҒАНБЕТОВ Бахтияр Нақыпбекұлы

ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,



РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган

Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,



Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі

2-71-01

МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС

Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын

білдірмейді

Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама 

беруші жауап береді

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрлігі  18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік

берілген.

Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі

Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады:

Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі,15

Көлемі бір баспа табақ

Офсеттік басылым

Аптасына бір рет шығады

Индекс 66282

Тапсырыс №40

Таралымы 1600 дана

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті

Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және

оңтайландыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

Интернет ресурсында www.sud.kz  “Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Сот кабинеті ақпараттық

жүйесіне «Электрондық өтініш беру», «Талап арыз беру», «Хаттама көшірмесін беруге арыз», «Сот отырысының

хаттамасына арыз – ескертпе», «Төлем чегін тексеру», «Сот істерін іздестіру», «Сот отырысының жазбаларын

көру» және «Хабарламаларды, хабарлама қағаздарды, сотқа шақыру қағазын алу» электрондық сервистері жүзеге

асырылды. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 тамызға дейінгі мәліметке сәйкес заңды және жеке тұлғалар талап

арыздарды сот кеңсесіне қағаз тасығыштарда ұсынып келуде, ол өз кезегінде сот кеңсесінің қызметкерлеріне талап

арыздарды тіркеу үшін ұзақ уақыт талап етеді. Осыған байланысты, заңды және жеке тұлғалар талап арыздарын

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесіндегі «Талап арыз беру» электрондық сервисі арқылы жолдауларына болады.

Ол үшін «сот кабинеті» ақпараттық жүйесіне тіркеліп, ЖСН, БСН, және парольдарын еңгізіп, сотқа элктрондық

талап арыз жолдағысы келсе, «электронды талап арыз беру» электрондық сервисінде облысын, талап арыз бері-

летін соттың атауын, егер де мемлекеттік баж төлемінен босатылған тұлға болатын болса, «төлем жүргізілмейді»

деп белгі қойылады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» заңының 541 бабына сәйкес,

істің санаты, талапкердің атауы, баж төлемінің сомасы көрсетілуі қажет. Баж төлемдері банктер, электрондық тер-

миналдар, банкоматтар арқылы төленетін болса, баж төлемдері төленген түбіртек көшірмелерін құжаттарды өткізу

ақпараттық жүйесіне еңгізуі қажет. Пайдаланушы талапкер және жауапкер жөніндегі толық ақпарат және элек-

тронды талап арызға электрондық формада құжат көшірмелері тіркелуі қажет. 



К.Д. АЛПЫСОВА, 

Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы

«СОТ КАБИНЕТІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Құттықтаймыз!

Жаңаарқа жерінің  тумасы  ардақты ана, сүйікті әпке,  қамқор әже   Әбілдина

Аманкүл 6-қыркүйек   күні   алпыс  жасқа   толады.   Асқарлы алпыстың

асуына   көтерілген  апайымызды  мерейлі  мерейтойымен

шын   жүректен   құттықтап,   дені сау  болып,   ауырмай

арамызда   ақылшы  болып   жүре  беріңіз  демекпіз. 

Қамқор   көңіл,  пана  болған   бауырға,

Ұзақ  болып   ғұмыр  жасың   ауырма.

Қызықтаңыз  шөберені-шөпшекті,

Қадам  жасап  жүздің  белес  тауына. 

Құтты  болсын  туылған   күн  мерейлі,

Ұрпағыңмен   керегеңіз  кеңейді.

Денсаулықпен  бақыт  қатар  қоныстап,

Жүз  жасаңыз  елің  соны  тілейді.



Тілек білдірушілер:бауырлары-Амангелді- Қарлыға, Үміт-Иманғали,

Абзал-Арайлым, Жеңіс-Гүлжайнат, Динара, Мәриәм, Данияр, немере-

лері: Айдина, Мадина, Айзере

Құттықтаймыз!

Жаңаарқа ауданының тұрғыны, отбасының ұйытқысы, қадірлі құдағиымыз

Сәрсенбаева Анапия Маматайқызын 5 қыркүйек күні 50 жасқа толар туған

күнімен құттықтаймыз. Құдағиымызға дүниедегі бар жақсылықты, мықты

денсаулықты,  ұзақ  та  бақытты  ғұмырды  тілейміз.  Көңіліңіз  ғұмыр  бойы

көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей,

еркін жүзе беріңіз. 

Тілеген  арман,  ойлаған  мақсаттарыңызға  жетіп,

талай мерейтойларды еңсеруге жазсын.

Құтты болсын бүгінгі елуіңіз,

Елудей еңселі жасқа келуіңіз.

Ақ жаулығы желбіреген ана болып,

Жүз жастың биігінен көрініңіз.

Денсаулық, қуат берсін қартаймайтын,

Шаңыраққа шаттық берсін ортаймайтын.

Әрдайым абыройыңыз арта берсін,

Жасыңызға жас қосылсын, біз тойлайтын.

Ізгі тілекпен: құда-құдағиы-Нұриден-Гүлнәр, Жанкелді, Қайыркелді-

Сымбат, Мадияр

НА КИРПИЧНЫЙ ЗАВОД



ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қапшағай  қаласына  ә/б 32363, Сарыөзек  12740, пгт  Гвар-

дейский ә/б 21450, Новоахмирова қаласы  ә/б 27943, Ақтау

қаласы  ә/б 25744, пгт. Гвардейский ә/б 75263, ә/б 82796

әскери  бөліміне  келісім  шарт   бойынша   әскери  қызметке

әскери  міндетті  азаматтарды  қабылдайды. 

Сұрақтармен  Жаңаарқа  ауданының    Қорғаныс      істері

бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызмет бөлімшесіне,

мына  мекен-жайға  хабарласуын  сұраймын.  Транспорт

орамы, №9 үй. Хабарласу телефондары:2-71-66

АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ

Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіріле

түсуде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан абайламаса болмайды. Азаматтық құқық бұзушылықтың жаңа

түрлері және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қылмысты жасаудың жаңа әдістері пайда болуда.

Уақыт өтсе де  өзгермейтіні қылмысты жасаудың себебі ғана, ол адамның пайдакүнемдік теріс пиғылы. Оңай ол-

жаны көздегендер алаяқтықты кәсіпке айналдырады. Бір әдіспен қашанғы алдай алсын? Алаяқтық та күн өткен

сайын өзгеріп, жаңа  әдіс-тәсілмен жетіле түсуде. Несиені үшінші адамдар арқылы заңсыз рәсімдеу, иелікте жоқ

мүліктің сауда-саттығы, туысқандар туралы жалған мәліметтер беру, алдап-арбаудың сан қилы айла-шарғылары

пайда болуда. Өмір шындығы  меншікке қарсы қылмыстың алдын алу және онымен күресуге қатысты жаңа та-

лаптар қоюда. 

Алаяқтық жасаудың негізгі шарты азаматтардың "пайдалы" іске тартпақ болған бөтен адамдарға орынсыз сен-

гіштігі  болып табылады. Алаяқтық  дегеніміз ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау. Сондықтан

қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына

көз жеткізу. 

Алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, мына қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз дұрыс. Егер жаңа

танысыңыздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық

белгілейтін құжаттарын (куәлік, сенімхат, сертификат, т.б.) көрсетуін сұраңыз.  Әр түрлі себеппен ол ұсынған іс-

әрекеттің орындалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін оған ақша бермеңіз, ешқандай

құжатқа қол қоймаңыз. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Е. БАЛХАБЕКҰЛЫ, 

Жаңаарқа аудандық прокурорының көмекшісі

АБАЙЛА, АЛАЯҚ!

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында

тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау

туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республи-

касы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Рес-

публикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі мүлiктi жария ету өткізу кезінде:

2. Мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерде

жүргізіледі.

3.  Мүлiктi  жария  ету  2014  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  өткізіледі  және  2015  жылғы  31

желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды қабылдау 2014 жылғы 1

қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

4. Жария етілетін мүлік бойынша ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін

субъектілер жауаптылықта болады.

2. Жария ету өткізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі 

5. Жария ету субъектілері аумақтық бөлімшелерге мынадай құжаттарды табыс етеді:

1) Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған

өтiнiш (бұдан әрi – өтiнiш); 2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып жеке басын

куәландыратын құжаттың көшiрмесі; 3) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жер-

лердегі жылжымайтын мүлiк және шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық

капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың

нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

4) эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құжаттар, бағалы қағаздар

бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi дербес шоттан үзiндi көшірме не рези-

дентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы

бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

5)  мүліктің  сатып  алу  құнын  немесе  бағалау  құнын  растайтын  құжат.  Шетел  валютасында

көрсетілген мүлік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына – теңгеде өтініш беріл-

ген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есеп-

теледі; 6) мүлікті жария ету үшін алымды (бұдан әрі – алым) төлегенін растайтын құжат.

*******     *******     *******   *******

В целях реализации Закона Республики Казахстан «Об амнистии граждан Республики Казахстан,

оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан, в связи с легализацией

ими имущества с 1 сентября 2014 года  до 31 декабря 2015 года  в территориальных подразделе-

ниях Комитета государственных доходов Министерства финансов РК проводится легализация

имущества, находящегося за пределами территории Республики Казахстан. Субъекты легализации

представляют в территориальное подразделение  следующие документы:

1) заявление на проведение легализации имущества (далее – заявление) в двух экземплярах по

форме согласно приложению 1 к Закону; 2) копию документа, удостоверяющего личность, с

предъявлением оригинала при подаче заявления; 3) по недвижимому имуществу, находящемуся

за пределами территории Республики Казахстан, и доле участия в уставном капитале юридиче-

ских лиц, зарегистрированных в иностранном государстве, нотариально засвидетельствованную

копию правоустанавливающего документа на такое имущество;  4) по ценным бумагам, эмитенты

которых зарегистрированы в иностранном государстве, выписку с лицевого счета в соответствую-

щей системе учета прав по ценным бумагам либо иной документ, подтверждающий право собст-

венности на данные ценные бумаги, установленный законодательством государства, резидентом

которого является эмитент ценных бумаг; 5) документ, подтверждающий стоимость приобретения

или оценочную стоимость имущества. Стоимость имущества, указанная в иностранной валюте,

пересчитывается в национальную валюту Республики Казахстан - тенге по официальному курсу,

установленному Национальным Банком Республики Казахстан, на дату подачи заявления;6) до-

кумент, подтверждающий уплату сбора за легализацию имущества (далее - сбор).

ТҰРҒЫНДАР  НАЗАРЫНА!!!

КЕШІРІМ

Ардақты  да  құрметті  нағашыларым  Есендаулетов  Бақтыбай  және  Әбжанова  Райса

Шанкенқызы  ағымдағы жылдың 14– маусымында Жаңаарқа газетінің № 27  санында

жарияланған  «Кең  болсаң    кем  болмассың»    атты  мақаламда  көрсетілген  деректерде

нағашыларым туралы жиендігімді пайдаланып, асыра сілтеп, ойдан шығарған әңгімедегі

нағашыларымның  намысына  және ар ұжданына тиетін артық сөздерім үшін қателігімді

түсініп, қатты өкініп нағашыларым мен  оның туған - туысқандарынан, балаларынан ба-

сымды иіп кешірім сұраймын.  



Мақала авторы, ӘЛТАЕВ НОЯН ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 400 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет