Сыңғырлата қайра қақты. Ала жаздай дем алып, мектептен жырақта болған оқушылардың бүгінгі қуанышы ерекше



жүктеу 400 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі400 Kb.
1   2   3   4

“Егемен Қазақстан” газетінен

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС



6 қыркүйек 2014 жыл

5

АТА ЗАҢ – БЕЙБІТ, ЕРКІН ӨМІР БАСТАУЫ

Жылдағы дәстүр бойынша ауданымызда  Қазақстан Республи-

касы Конституция күні салтанатты түрде кең ауқымда аталып өтті.

Айтулы  мерекенің  құрметіне  аудан  көшелері  безендіріліп,

қайырылымдық акциялары мен түрлі шаралар өткізілді.  29-күні

аудандық  мәдени-сауық орталығында абыройлы да айбынды, бе-

делді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел тәуелсіздігін,

демократиялық  құндылықтарды  айғақтайтын  Ата  Заң  күніне

арналған «Конституция – кемел келешектің кепілі» атты салта-

натты  шара  өтті.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік

әнұранымен басталған мерекелік шараны аудан әкімі Ғ.И.Омаров

құттықтау сөзімен жалғастырды. 

Ол өз сөзінде: «Қазіргі еліміздің Конституциясы үлкен әлеуетке

ие, ол мемлекетіміздің саяси әлеуметтік, экономикалық дамуының

тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған мықты әрі бүкіл

құқық жүйесінің икемді тірегі. Конституцияны құрметтеу- елімізді

құрметтеу  деген  сөз.  Конституция  арайлы  азаттығымыздың

айғағы.  Бүгінгі  біздің  мақсатымыз  Конституция  бекіткен

құндылықтарды сақтап, құқықтық кеңістікте өмір сүруге бейімде-

ліп,  оның  мүмкіншіліктерін  еселеу.  Еліміздің  ең  басты  саяси-

құқықтық құжатын қабылдау еліміздің тарихында айрықша мәнге

ие болды. Ендеше Отан игілігі жолында атқарып жатқан оңтайлы

істеріңізге, жаңаша бастамаларыңызға зор табыс, егеменді мемле-

кетімізге  тыныштық,  әр  отбасына  құт-береке,  мол  бақыт

тілеймін»,-  деді.  Аудан  әкімінің  құттықтау  сөзінен  кейін

ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін

қосып жүрген азаматтарымыз аудан әкімінің «Құрмет  грамотасы-

мен»  және  «Алғыс хатымен» марапатталды. 

Мереке барысында мемлекеттік қызметке тұрған  С.Сейфуллин

ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  бас  маманы  –  Н.Әбдіков,

Бидайық  ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы -

Ж.Жакиянова және Атасу кенті әкімі аппаратының жетекші ма-

маны -  А.Батталов  сияқты жас мамандар салтанатты түрде ант

қабылдады. Мерейлі мерекені  жергілікті өнерпаздарымыздың кон-

церттік бағдарламасы жалғастарды. 



М. ҚАСЫМ 

******   ******   ******  ******



Орталық  стадионда

Аудандық  білім  беру,  денешынықтыру  және  спорт  бөлімінің

ұйымдастыруымен,  ҚР  Конституция  күніне  жеңіл  атлетикалық

жүгіруден 18-20, 21-28, 29-дан жоғары жас аралықтарында жарыс

өтті. Жарысқа аудан орталығындағы мектептер, Ғ.Жарылғапов

атындағы аграрлық колледжі және «Ақерке» бөбекжайы қатысты.

Ауданымызда  өтікізілген  әрбір  спорттық  жарыстардан  қалыс

қалмай  жүрген    «Ақерке»  бөбекжайы  тағы  да    жеңіске  жетті.

Толығырақ  айта  кететін  болсам  қыздар  арасынан  I-орынды

«Ақерке»  бөбекжайының  дене  шынықтыру  маманы,  спорттық

гимнастикадан СССР спорт шебері Ш.Несібелдинова мен Л.Бе-

кеева, А.Катпина, II-орынды Д.Құсайынова ал, ерлер арасынан I-

орынды А.Нығыманов иеленді. Жарыс жүлдегерлеріне  «Мақтау

қағаздарымен» бағалы сыйлықтар табыс етілді.  



Г.СЫЗДЫҚОВА,  

«Ақерке» бөбекжайының әдіскері

******   ******   ******  ******



С.Сейфуллин   ауылдық  округінде  

«Айбынымыз  -  Ата  Заң»  атты  ауыл  жастарының

ұйымдастыруымен  концерттік  бағдарлама  өткізілді.  Ауыл  әкімі

К.Кокин көрермендерді Конституция күнімен  құттықтады.  Ата

Заңымызға байланысты патриоттық  әндер  шырқалып,  «Балауса»

бишілер    тобы    нақышына      келтіре    би  биледі.  Әндерді

Н.Шалғынбай, Е.Ерікұлы, К.Төлеуқызының,  М.Зарлық,  О.Рама-

зан,  Ө.Байжікіндер  тамаша  орындап,  көрермендер  ілтипатына

бөленді.  «Ата Заңым - еркіндігім  теңдігім»,-атты  кітап  көрмесі

ұйымдастырылды.  Оқырмандармен  кітапханада    «Арайланған,

шаттандырған- Ата  Заң»  атты   танымдық  сағат  өткізілді.   

Қ.ҚҰМАРХАНОВА  

*******   *******  *******   *******

Целинный    ауылдық   округінде 

29-тамыз  күні   Мәдениет  үйінде  Қазақстан  Республикасының

Конституциясының 19  жылдығына  орай  салтанатты  жиналыс

өтті.  Онда  жиналғандарды  ауыл  әкімі М. Садвакасов   мерекемен

құттықтады.  Өз  сөзінде ауыл  басшысы қазіргі  кезде  елімізде

саяси  және  экономикалық  тұрақтылық  қалыптасып,  жылдан

жылға  нығая  түсуде.  Конституция  біз  үшін  нақты  жұмыс  жа-

сайтын  заң  екендігін,  оның   базалық  принциптерін   мұқият

орындайтындығымыз  туралы  хабардар  етті.  Осы  күні  16  жасқа

толған  Г.Хасенова мен Н. Грибацовскиға  жеке  бас  төлқұжатын

салтанатты  түрде  тапсырды.    Конституцияның 19 жылдығына

орай  ауылдың      көремөнерпаздар    үйірмесінің        мүшелерінің

күшімен    концерттік  бағдарлама   өткізілді. Онда  М.Молдабеков,

Ж.Марат,  С.Күлмағанбетова  патриоттық   әндер  шырқады. Ауыл

кітапханасында   «Ата Заң – елдіктің  алтын  діңгегі» атты  кітап

көрмесі  ұйымдастырылды.



С  ҚАЗЫБЕКОВА

*******   *******  *******   *******

Ақтау   ауылдық  округінде

Мәдениет   үйінде  «Ата Заңым-айбыным» атты  салтанатты  кеш

ұйымдастырылып, жиналған көпшілікті   ауыл   әкімі   А.Отарбаев

құттықтап,   еліміздегі   жаңа  бастамалар    туралы  айтып  өтті.

Әнмен   әрленген    кеште   ауыл  өнерпаздары    патриоттық   әндер

шырқап,  өлеңдер  оқыды.    Заң бағыттары  мен  баптары  туралы

кеш  жүргізушілері  баяндап  берді.  Ауыл  жастары, студенттер

оқуға   атанатындықтан   іс-шараның  басы   қасында  болып,

ұлттық  ойындарымыздан   жарыстар  ұйымдастырды.   Кешкілік

жастар  биіне  ұласты. 



Е.ИБРАЕВ

*******   *******  *******   *******    

Ералиев ауылдық округінде 

Мерекеге мектеп ұжымы, зейнеткерлер, мекеме қызметкерлері,

көп балалы аналар, жастар, мектеп оқушылары қатысты. Жоспарға

сәйкес кітапханашылар «Заң – ортақ қазына» атты фото және кітап

көрмесін 

жасады. 


Мерекелік 

бағдарлама 

еліміздің

Әнұраныменмен  ашылып, ауыл әкімі Е.Мамбетов  құттықтау  сөз

сөйлеп, Тәуелсіздік алған жылдарда қол жеткізген жетістіктеріміз

туралы баяндама жасады. 

Жиналғандар назарына «Ата Заң - еліміздің тірегі» атты мереке-

лік  бағдарлама  ұсынылды.  Мектеп  және  ауыл  өнерпаздары

халқымыздың достығын,  тәуелсіздігін, егемендігімізді паш ететін

патриоттық әндер мен күйлер орындады.



Ә.ТІЛЕГЕНОВА

*******   *******  *******   *******

Мұқажан Жұмажанов ауылдық  округінде 

Салтанатты күнге орай «Конституция-Қазақстанның тұрақтылығы

мен өркендеуінің негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы

болды.  Ауыл әкімі М.Жәндаулетов отырысқа қатысушыларды ай-

тулы  мерекелерімен  құттықтады.  Отырысқа  қатысқан  ауыл

ақсақалдары, мекеме қызметкерлері және жастар өкілдері мемлекет

пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституциямыздың

еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуына,  бейбітшілік  пен

келісімнің салтанат құруына тигізген оң әсері жөнінде ой өрбітіп,

пікір алмасты.  Сонымен қатар, айтулы мерекеге орай ауыл кітапха-

насында «Ата Заң – еліміздің ең қымбат қазынасы» атты тақырыпта

кітап  көрмесі  өткізіліп,  ауылдың  орталық  алаңына  жеке

кәсіпкер  Н.Әбдірахмановтың демеушілігімен 10 метр биіктікке

еліміздің көк байрағы ілінді. Осы алаң келешекте абаттандырылып,

жастардың демалатын орнына айналатын болады.

А. АЛПЫСОВ

*******   *******  *******   *******

Айнабұлақ  ауылдық   округінде

«Менің  Aта Заңым »   атты   мерекелік  шара  ұйымдастырылып,

жиналған қауымды ауыл  әкімі  С.Шумбулов құттықтады.  Мәдениет

үйінің    меңгерушісі    Ж.Әдіқамовтың    ұйымдастыруымен  ауыл

өнерпаздарының  мерекелік  концерті,    кітапхана        меңгерушісі

А.Саққұлақова  «Ата  Заңым- арайлаған  ақ  таңым»  атты  кітап

көрмесін ұйымдастырып,  Конституция  тарихы  жайлы  баяндама

оқып, викторина   өткізіліп  жеңімпаздарға  сыйлық  табысталды.

Жиналған   қауым  өткізілген  іс-шараға   ризашылықтарын   білдірді.

З. ҚОҢЫРОВА

*******   *******  *******   *******

Байдалы  би  ауылдық  округінде

Мәдениет үйінің меңгерушісі А.Колобаеваның  ұйымдастыруымен

Конституция  күніне  арналған  мерекелік  концерт  өтті.  Жиналған

көпшілікке    ауыл өнерпаздары  түрлі  сахналық  қойылымдар  мен

патриоттық  әндерді  тарту  етті. Кешті  ауыл  әкімі  Ж.Тажитов

құттықтау  сөзімен  ашып,  ауыл  тұрғындарына  жылы  лебізін  біл-

дірді. Сондай-ақ,  ауылымызда  биыл  ашылған  спорт  аланыңда

шағын  футболдан  жарыс   өтіп,  оған  ауыл  спортшыларынан  екі

команда    және    аудан    орталығынан    «Ардагерлер»,    «АІІБ»

қызметкерлерінен  құрылған  командалар    қатысты.  Жарыста  «Бай-

далы  би-1»  командасы  бас  жүлде  алса,екінші  орынды  «Ардагер-

лер»,    үшінші    орынды    «АІІБ»    командалары    иеленді.

Спортшыларға  ауыл  әкімінің  дайындаған  сыйлықтары  мен  мара-

паттау  қағаздары  тапсырылды.



Т.СӘТБЕРГЕНОВ

*******   *******  *******   *******

Бидайық  ауылдық  округінде

Кітапханада  «Ата  Заң  ақиқаттың  ақ  жолы!»   деген  тақырыпта

көрме,  кездесулер  өткізілді. Бидайық  мәдениет  үйінде  «Азат  елдің

Ар  намысы-Ата  Заң»  атты  тақырыпта   салтанатты  жиналыста

ауылдық  округ  әкімі  С.Баязитов  құттықтау  сөз  сөйлеп,  баяндама

жасады. Жиналыс  соңында  ауыл  көркемөнерпаздары  өз  өнерлерін

көрсетіп,  жиналғандар  мәз-мейрам  болып  тарқасты.

Г.МҰҚАШЕВА

30 ТАМЫЗ-ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

2014  жылдың  27  тамызында  аудандық  мәдениет  үйінде

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мем-

лекеттік  мекемесі  және  «Жұмыспен  қамту  орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесі отырып кезекті бос

жұмыс  орындар  жәрмеңкесін  ұйымдастырды.  Жәрмеңкеге

ауданның 31 жұмыс берушісі қатысты. 

Атап айтсақ: Жаңаарқа ауданының жол дистанциясы -1, «Кайрат

2» шаруа қожалығы, -12, «Ескене» шаруа қожалығы -4, «Искакова

Г.» жеке кәсіпкер -3, «Арман-100» ЖШС-4, Жаңаарқа ауданының

сигнализация және байланыс дистанциясы -2, «Жалғас» асханасы

– 4, «Ақерке» дүкені-1, «Құрмет» дүкені-1, «Ақсұнқар» асханасы

-1, «Ер Төстік» бала бақшасы – 1, «Аудандық ветеринариялық

станциясы»  КМК-2,  «Жаңаарқа  ауданы  психологиялық-

педагогикалық түзету кабинеті» КММ-1, «Braun» мейрамханасы

– 1, «Достар» дүкені-2, «Инеш» кафесі-2, «Жаңаарқа ауданының

орталық ауруханасы» КМК-4, «Айбат» дүкені- 6, «Ж.Мадиев»

жеке кәсіпкер- 5, «Әлия» супермаркеті-8, «А-студио» сән салоны-

3,  «Ауданның білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі»

ММ-12, «Айдана» дүкені-4, «Әлем»  дүкені-1, «Бах Мади» сән са-

лоны- 5, «Бекнұр» сән салоны-2, «Асхат» дүкені- 2, «Жандос»

дүкені-2,  «Тазасу»  КМК-1,  «Ақжол»  кафесі-2,  Жезқазғанның

индустриалдық гуманитарлық колледжі -2, жеке кәсіпкер

«Толеуов К.» - 4 жұмыскер қажет екендігін, яғни 104 бос

жұмыс орының ұсынды. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген

жұрт көп жиналды. Аталған мекемелер өкілдері жұмыс

сұрап келген аудан тұрғындарын қабылдап, мәселелерін

шешуге  кеңес  берді.  Жәрмеңке  нәтижесінде  5  адам

тұрақты  жұмысқа  орналасты.  «Жұмыспен  қамту-

2020:жол  картасы»  бағдарламасының  ІІІ    бағыты  –

«Жұмыс берушінің қажеттілігі  шеңберінде оқыту және

қоныс  аудару  арқылы  жұмысқа  орналасуға

жәрдемдесудің» І құрамдас бөлігі Оқыту және жұмысқа

орналасуға  жәрдемдесу  үшін  «Жұмыспен  қамту

орталығы»  жұмыс  берушінің  сұранысы  бойынша

«Аспазшы» мамандығына   қайта даярлау курстарына

қатысуға жұмыссыз азаматтарға  кеңес берілді. Оқуға

жолдама алған азаматтарға шәкіртақы, жатақхана және

барып  келу  шығындары    төленетіні  туралы  айтылды.

Жәрмеңке нәтижесінде оқуға 3 қатысушы қайта даярлау

курсына  баруға  Сатпаев  қаласындағы  «Сәтпаев

индустриалдық колледжіне» жолдама алды.



Өз тілшімізден

6 қыркүйек 2014 жыл

6

ОҚУ-БІЛІМ АЗЫҒЫ, БІЛІМ – ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ



Көктал  орта  мектебінде

«Білім  күніне» арналған  салтанатты   жиынға  аудандық білім

беру,  ден  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  бас  маманы

Б.Аманбайқызы  қатысты.  Мектеп  басшысы  Г.Сәрсенбайқызы  ба-

стап, ауыл  әкімі  М.Алпанұлы жалғап оқушыларды құттықтады.

Жиында  2014-2015  оқу  жылында  1-7  қыркүйек  аралығында

республиканың жалпы  білім  беретін  мектептерінде  «Денсаулық

апталығы»  акциясын   өткізу   туралы  бұйрықтың  келуіне   бай-

ланысты, мектептің дене шынықтыру  пәнінің мұғалімдері  апталық

жоспарымен  таныстырды. Жиыннан  кейін  әр  сынып  өз  сынып-

тарына  кіріп,  «Қазақстан  жолы: Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір

болашақ»  тақырыбында  сынып  сағаттарын  өткізді.



Ж. КҮЛМАҒАНБЕТОВА

*******  *******  *******   *******



Жаңаарқа негізгі мектебінде 

«Алғашқы қоңырау үні» атты салтанатты жиын өтті  Жиынды ауыл

әкімі М.Жәндаулетов ұстаздар қауымын және мектеп оқушыларын

Білім күнімен құттықтау сөзімен ашып, жаңа оқу жылына толағай

табыстар тіледі. Келесі кезекте сөз алған мектеп директоры К.Би-

мендина   өзінің құттықтау сөзінде мектеп жетістіктерін атап өтіп,

жазғы сауықтыру лагерінде және еңбек практикасында белсенділік

танытқан ұстаздар мен оқушыларды мадақтай отырып, марапаттау

рәсімін өткізді. Шақырылған қонақтар, ауыл ақсақалдары, ата-ана-

лар комитетінің төрайымы А.Ақбергенова мектепке деген жылы ле-

біздерін білдірді. Салтанатты жиында 1 сынып оқушылары өте

тартымды да, әсерлі концерттік бағдарлама қойып берді.  



Ж. ЕЛЕУСІЗОВА

*******  *******  *******   *******



Бидайық орта мектебінде,  Ақтайлақ негізгі мектебінде, №69

разъезд бастауыш мектебінде 

Мерекелік шара Әнұранның ойналуымен басталды. Ауылдық

округ әкім аппаратының жетекші маманы Ж.Жақиянова мектеп

табалдырығын    аттауға  асыққан  бірінші  сынып  оқушыларыды

құттықтап, сәттілік тіледі. Осындай жақсы тілектерді мектеп ди-

ректорлары,  аудандық  білім  беру    денешынықтыру  және  спорт

бөлімінің әдіскерлері және ауыл ақсақалдары тіледі. Білім беру

мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек

күні  білім  қабырғаларын  аттағалы  тұрған  оқушылар  мен

тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана

емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған,

жауапты  кезең  бастамасы.  Дәл  осы  күннен  бастап,  алғашқы

қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ре-

тінде қалыптасу кезеңі басталады.



Н.ЖАМАУОВ

*******  *******  *******   *******



Айнабұлақ   орта  мектебінде 

«Сәлем  саған, мектебім!»  атты  Білім  күні  мерекесі  өткізілді.

Жиналған  қауым  бірінші  сыныпқа  баратын  бүлдіршіндердің,

мектеп  оқушыларының  концертін  тамашалады. Ауыл   әкімі

жиналған   көпшілікті  білім   күнімен  құттықтап,     ұстаздарға

«Нұр Отан»  партиясының  мүше сінің  куәлігін  тапсырды.



Ж.ӘДІҚАМОВ

*******  *******  *******   *******



Талдыбұлақ орта мектебінде 

1  қыркүйек  білім  күні  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың

"Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты

тақырыппен өткізілді. Мектеп директоры С. Жанғұтов Елбасы Жол-

дауы  "Қазақстан жолы-2050"-Мәңгілік Елге бастайтын ең абы-

ройлы, ең мәртебелі жол екенін атап өтіп, өткен оқу жылындағы

жетістіктерге тоқталып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. 

"Сәлем  саған  сүйікті,  алтын  ұя  мектебім"  атты  ертеңгілікте  1

сынып жетекшісі С.Сақабаева мектеп табалдырығын алғаш аттаған

бүлдіршіндерді  ортаға  шығарып,  олардың  өлең-жырларын

айтқызып, алғаш қоңырауларын соққызды. "Алтынай" би тобы өз

өнерін көрсетті.

Қарт  ұстаз  Е.  Әбдікәрімов  бастауыш  сынып  мұғалімі  С.

Құрманбаеваны облыстық "Алғыс хатпен" марапаттады. Тәрбие

шараларын  ұйымдастырушы  А.  Жақаева  1-11  сыныптар

аралығында  "Қазақстан  жолы-2050:Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір

болашақ"  атты  тақырыпта  ашық  тәрбие  сағаттарының  өтетінін

айтып, ата-аналарға сөз берді. Ақ жаулықты апаларымыз шашу

шашып, немерелеріне ақ баталарын берді.

А. ТӨЛЕШ

Ынтымақ  орта  мектебінде 

Салтанатты  жиынға  аудандық  білім  беру,  дене  шынықтыру

және  спорт  бөлімінің   өкілі Б.Ижанұлы  және  мектебіміздің  ар-

дагер    ұстаздары    Д.Омарова,  К.Шалғынбаева,  А.Тезекбаевтар

қатысты.

Мемлекеттік Әнұран орындалған  соң  құттықтау  сөзді  мектеп

директоры   К.Әбенова алды. Өткен оқу  жылының  жетістіктеріне

тоқтала  келе,  жаңа  оқу  жылына   мектептің  даярлығы туралы

баяндады.    Келесі    құттықтау    сөз  қонақтарға  берілді.  Мектеп

табалдырығын енді аттағалы тұрған бүлдіршіндер  тақпақ айтып,

қонақтарды риза етті. Ата-аналар атынан құттықтау сөз алған Нәсін

ата мен Алтын апа барлық ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды

білім күнімен құттықтады. 1-11 сынып жетекшілері «Қазақстан

жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ашық тәрбие

сағаттарын өткізді.

А.ТЕЗЕКБАЕВА

*******  *******  *******   *******



Түгіскен  орта мектебінде 

Мектеп      директорының    міндетін    атқарушы    Н.М  Дәрібаев

ұстаздар  мен  шәкірттерді  алғашқы  білім  күнімен  құттықтап,

жаңа  оқу  жылында  білім   ордасының    тек  биіктен  көрінуіне

атсалысуға  шақырды.

Аудандық  білім  беру,  денешынықтыру  және  спорт  бөлімінің

маманы  Қ.Мекебаев  және де  ауылымыздың  сүйікті  ардагер

ұстаздары  мен  құрметті  ата-аналар    өздерінің    білім  күніне

деген  жылы  лебіздерін  білдірді. Алғашқы  қоңырау  салтанатты

жиыны 11 сынып оқушыларының ұйымдастырумен    дайындаған

концертпен   жалғасты. Олар  үшін  бұл  күн   соңғы  «Алғашқы

қоңырау».  Мектеп    табалдырығын    аттағалы    отырған    жас

бүлдіршіндерді    11 сынып  оқушысы,  оқу  озаты  А.Сәтбай    өз

құттықтап,     мұғалімдердің  үмітін  ақтауға  бар  күш-жігерлерін

салатынын  айтты.

Бірінші  сыныпқа  шәкірттер  қабылдап  отырған ұстаздар  атынан

Г.Қ Әлібекова  шәкірттеріне    білімнің  ақ  жолын  тілеп,  ата-ана-

ларды   қуаныштарымен  құттықтады. Алғашқы  қоңырау   соғу

салтанаты    мектебіміздің    оқу    озаты,      үлгілі    оқушылар

А.Дәулетовпен Ф.Қожақметова  және  бірінші  сыныпқа   қадам

бастағалы  тұрған  бүлдіршіндер  Т.Қоныс  пен  А.Қожантайға  тап-

сырылды.  



Д.ХАСЕНОВА

*******  *******  *******   *******



Ақтүбек  орта  мектебінде

Жиынды  Ақтүбек  орта  мектеп  директоры  Г.Әбдіқасымова,

аудандық  білім  бөлімі  әдістемелік    кабинеттің  бас маманы

Ш.Үрпекова  ауыл  тұрғындарын  білім  күнімен  құттықтады.

Ақтүбек  ауылдық округі  әкімінің  міндетін  атқарушы  Ж.Зайыров,

ауыл    тұрғыны    ардақты    ана    А.Көшеметова,      Ақтүбек    орта

мектебінің  білікті  ұстазы  Г.Төлекеева  мереке  күнімен  барша

жұртты құттықтап,  оқушыларға  білім  мұхитында  сәт-сапар  ті-

леді.  11 сынып  және  1  сынып  оқушыларымен шағын  концерт

өтті. 11 сынып  оқушылары  1  сынып  бүлдіршіндеріне  сый-сияпат

көрсетті.  Жиын  соңы әр сыныпта  «Қазақстан  жолы-2050: Бір

мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»    тақырыбы  аясында  және  «1

қыркүйек  Білім  күні»  құрметіне  тәрбие  сабақтар  өткізілді.

Е.ОРМАНОВ

*******  *******  *******   *******



№135 негізгі  мектебінде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы еңгізіліп, Әнұраны

салтанатты түрде орындалған соң,  негізгі мектептер арасындағы

аудандық байқауда көш бастаған №135 негізгі мектебінің дирек-

торы Б.Шакетайұлы көпшілікті  құттықтады.  Ардагер ұстаздардың

ақ тілектері мен баталарынан кейін өнерлі оқушылардың әдемі

әндері мен күмбірлі күйлеріне кезек берілді. Мектеп табалдырығын

алғаш аттап, әліппелерін аялай ұстаған бүлдіршін балалардың да

балғын өнері, мерекелік шараның сәнін келтірді. Көрермендерін

риза қылған оқушылар хоры «Аяулы мектебім» әнімен концерттік

қойылымды аяқтай берген. Қортынды сөзді  оқу ісінің меңгерушісі

С.Бәйменов алып, биылғы оқу жылының негізгі, жаңа талаптарға

сай мағынасына тоқтала кетті  Алғашқы  қоңырау   салтанатты  ша-

расын  Ж.Достаева   ұйымдастырды.  



П.ЖҮКЕНОВ

1 ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІ

ТӘРЕЛКЕЛЕР ӘР ТҮРЛІ БОЛАДЫ

Бүгін біз оқырмандарымызды жерсеріктік антеналар нарығы, сон-

дай  ақ  қазақстандық  телевизияның  дамуына  кедергі  келтіріп

отырған мәселелер мен біздің Қарағанды облысындағы ахуалмен

қысқаша  таныстырып  өтуді  жөн  көрдік.  Басылым  беттері  мен

ғаламторда «Триколор», «НТВ+», «Радуга», «Телекарта» секілді

операторлардың  жерсеріктік    қондырғыларын  сату  мен  желіге

қосылу қызметтерін жарнамалаған хабарландырулар тұнып тұр. 

Бір жағынан онда тұрған не бар деп ойларсыз? Алайда, «Лицензия

беру»  туралы  ҚР  Заңының  24  бабына  сәйкес,  Қазақстан

Республикасының аумағында  телевизиялық және радиохабар та-

ратуды ұйымдастыру – лицензияланатын қызмет түрі болып табы-

лады. 

Сондықтан қазақстандық телерадиохабар тарату операторлары,



мемлекеттік  немесе  коммерциялық  болсын,  ел  аумағында

қызметтерін  ретке  келтіретін  рұқсат  құжаттарын  алулары  тиіс.

Осылайша отандық операторлар жаңа жұмыс орындарын ашып,

мемлекеттік қазынаны салық-алымдарымен толықтыра отырып, ел

экономикасы мен отандық телехабар тарату саласының дамуына өз

үлестерін қосады. Бүгінде Қазақстанда лицензия негізінде үлкенді-

кішілі жүзден астам операторлар жұмыс жасайды, оладың ара-

сында  жалпы  республикалық  көлемде  –  «Алма  TV»,  «Icon»,

Қазтелерадио  («OTAU  TV»),  Қазақтелеком  («ID  TV»)  және

аймақтық операторлар бар. Мысалы, біздің Қарағады облысында

«Алма  ТВ»  секілді  кабелдік  операторлар  жұмыс  жасайды.

Лицензияланған  операторлардың  толық  тізімі  мына  сайтта

көрсетілген http://www.mki.gov.kz/rus/gos_uslugi/licenzirovanie_tel-

eradio/. 

Ел аумағында қызмет атқарып жатқан шетелдік, әсіресе жерсерік-

тік желіде жұмыс істейтін операторларға қатысты жағдай мүлде

басқаша. Техникалық тұрғыдан шетелдік операторлардың жерсе-

ріктік антенналарын қолдануға тиым салу мүмкін емес, өйткені

ғарыштан тарайтын жерсеріктік сигналдың қамту аумағы, мемле-

кеттік  шекаралардан  анағұрлым  кең.  Бұл  жақсы  да,  өйткені

тұтынушылардың  да,  хабар  тарату  операторларының  да

мүмкіндіктері  артады.    Алайда,  кәсіпкерлік  қызметті  сол  елдің

заңнамаларына сәйкес жүргізу керек екені белгілі. Нәтижесінде, бір

операторлар жарнама, тіл, телерадиохабар тарату туралы заңдар,

техникалық регламенттер, абоненттерге қызмет көрсету ереже та-

лаптарын орындап, есепке тұрып жатса, келесілері ешқандай тер

төкпестен, сол көрерменнен табыс тауып отырғанын көреміз. Яғни,

қандай да бір шығын көрмей, оның ішінде Қазақстан бюджетіне

алым-салым  төлеместен  шетелдік  жерсеріктік  операторлар

еліміздің телерадиохабар тарату нарығының «бал қаймағын» сы-

пырып жеп отыр десек те болады. Анығына келсек, бұл лицензия-

дан  өткен  операторлар  үшін  теңсіз  бәсекелестік.  Тәуелсіз

сарапшылардың дерегіне жүгінсек, Қазақстан бюджетінен айналып

өтіп,  шетелдік  операторларға  кетіп  жатқан  табыс  жыл  сайын

миллиардтаған теңге көлеміне жеткен.  Рәсімделуден өтпеген «сұр

антенналарды» қолданатын азаматтар Қазақстанның ақпараттық

кеңістігінен тыс қалып отыр. Ал отандық жерсеріктік және кабелдік

хабар тарату операторлары ҚР Үкіметінің 28.12.2012ж. № 1713

қаулысына сәйкес, міндетті түрде трансляциялануы тиіс 14 отандық

телеарнаны көрсетуге міндетті. Ал шет елдің операторларының

қазақстан телеарналарын өз телетоптамасына қосуға техникалық

мүмкіндіктері бола тұра, оларды трансляцияламай отыр. 

Біздің  нарықты  «сұр  антенналар»  қалай  толтырды?  Шын

мәнісінде, Кеңес Одағы ыдыраған соң, ақпараттық шекаралар жо-

йылды. Жұрт жаппай ақпаратқа ұмтылды. Дүңгіршектеріміз ше-

телдік газет пен журналдарға толды. Телевизия саласында да дәл

сол  жағдай  орын  алды.  Айта  кетерлік  бір  жәйт,  ол  кезде

қазақстандық  операторлар  шетелдік  хабар  таратушылармен

бәсекеге шыдас бермейтін. Кеңестік дәуірден қолданылып келген

телехабар таратудың аналогтық стандарты, заманауи көрерменнің

көңілінен шықпады. 

Әрі ескі форматтың сапасы да сын көтермейтін, көрсетілетін те-

леарна саны 3-5 тен аспайтын, әсіресе ауылдық жерлерде. Осының

әсерінен «сұраныс ұсыныс туғызды» принципі бойынша, қазақстан

нарығына, әсіресе ауылдық жерде «сұр антенналар» легі лап қойды.

Егер  қалаларда  кабелдік  операторлар  кеңінен  таралса,  шағын

қалашықтар мен елді мекендерде қызмет көрсетуден кабель тара-

тушылар  тартыншақтана  беретін.  Өйткені  оларға  ауылдар  –

коммерциялық тұрғыдан тиімсіз орта. 

Қарағанды  облысында  шамамен  20000  сұр  антенна  бар  –бұл

қазақстандық хабар тарату операторлары үшін көңіл көншітерлік

жәйт емес. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары біздің операторлар

қарқынды дамып жатқанын байқауға болады. Бүгінде Алма ТВ –

600 000 абоненті, ID TV – 200 000, OTAU TV – 750 000,  Icon – 300

000 абоненті бар. 

Оған жергілікті кабельшілердің нарығын қосыңыз. Қазақстандық

операторлар жұмысының арқасында, елімізде 10 отбасының 8-і кем

дегенде 14 қазақстандық телеарнаны көріп отыр деген сөз. Оның

үстіне базарларда «сұр антенналардың» сатылуы тұтынушылардың

мүддесін қорғамайды. Мысалы Сіз «Триколоар», «НТВ Плюс»,

«Радуга», «Телекарта», «Платформа HD, «Рикор» және т.б. антен-

насын сатып алдыңыз, біраздан соң қондырғыда техникалық ақау

пайда болды делік. Сіз ешкімнен көмек сұрай алмайсыз, өйткені

аталған операторлардың Қазақстанда өкілдігі жоқ. 

Оның үстіне шетелдік операторлардың көбі, ескіріп қалған DVB-

S  стандартында  хабар  таратады.  Ал  Қазақстанда  27.12.2010ж.

ведомствоаралық  комиссия  хаттамасымен  DVB-S-2  стандарты

қабылданған. 

Сонымен қатар шетел операторлары тыйым салынған тауар мен

қызметті жарманалау арқылы жарнамалық заңнаманы бұзып отыр.

Шетелдік операторлардың қондырғы мәзірі мен қолдану нұсқаулығында

қазақ тілі қарастырылмағандықтан, ҚР «Тілдер туралы» Заңы да

бұзылған. Бұған қоса, «Телерадиохабар туралы» Заңға сәйкес, мем-

лекеттік  есепке  тұрмаған  телеарналарды  ҚР  аумағында

трансляциялауға тыйым салынған. 

Бүгінде 200-ден астам шетелдік телерадиоарна ҚР аумағында тір-

кеуден (http://www.aci.gov.kz сайтының мәліметтері бойынша) өтті.

Алайда шетелдік операторлар бюіздің көрермендерге ҚР аумағында

тіркеуге  тұрмаған  100  ден  астам  арнаны  көрсетіп  отыр.  Бұл

операторлардың жұмыс жасау тәсілі де оңай, ауыл-ауылды өздері

араламайды,  агент немесе дилер ретінде желіге қостыру қызметін

көрсететін қазақстандық кәсіпкерлер арқылы жұмысын жүргізуде. 

«Сұр антенналарды» көпқабатты үйлерге орнату – қала көрінісін

де бұзып тұр. Біздің үйлер қазір неге ұқсаған? Бұл қала құрылысы

мен сәулеткерлік заңнамаларын сақтамау деген сөз. Бұл қаланың

жалпы  көрінісін  қорғау  үшан  қолға  алынған  шара.  Антенна

қойғысы келген адам, оны тысқы қабырғаға іле бермей, шатырға

орнатуы тиіс. 

Сондықтан бұл жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігіндегі

мәселе.  Осы  ахуалды  сипаттай  келе,  есімізге  Наполеон

Бонапарттың: «Өз әскерін асырағысы келмеген халық, өзге елдің

әскерін асырайтын болады» деген сөзі еске түседі. Шетелдік хабар

тарату  операторларын  асыраймыз  ба,  әлде  қазақстан

телевизиясының дамуына үлес қосып, бюджетімізді толықтырамыз

ба, отандық телекөрермен мен жергілікті әкімдіктер қандай таңдау

жасайды екен?



6 қыркүйек 2014 жыл

7

Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы жар, асқар таудай әкеміз Бекайдар Мәжитұлының өмірден



өткеніне 1 жыл толып отыр. Жүрген ортасына сыйлы, ағайын-туысқандарына  қамқор, мейірбан жанды

сағына  еске  аламыз.  Амал  нешік  бүгінде  сағым  бейнесі  көңілді  құлазытып,  жүректі  сыздататын

сағынышқа айналды. Есімі уақыт өткен сайын жадымызда жаңғырып,

санамызға  сәуле  себеді.  Оның  атқарған  істерін,  айтқан  сөздері  мен

қылықтарын еске алып, көңілге медеу тұтамыз. Марқұмды сағына еске

алып, аруағына құран бағыштағаннан басқа қолдан келер шара жоқ... Ал-

ладан иман тілеп, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын дейміз.

1 жыл өтті асқар тауым құлағалы,

1 жыл өтті анам іздеп жылағалы.

Әр күніміз сағынышпен өткенімен,

Жүрегіміз әке деп соғады әлі.

Алла салды басымызға сынақты,

Жиі еске алсын деп жылатты.

Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай,

Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал