Сыңғырлата қайра қақты. Ала жаздай дем алып, мектептен жырақта болған оқушылардың бүгінгі қуанышы ерекше



жүктеу 400 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі400 Kb.
1   2   3   4

З.ДОСЕТОВА

*****   *****   *****  *****  *****



Бидайық  орта  мектебінде

«Мектепке  жол» акциясы   биылғы  жылы  «Балаларға  мейірім

сыйла!»  ұранымен  ұйымдастырылуда. Соған  орай,  Бидайық

орта    мектебінің  бастамасымен    қайырымдылық    іс-шарасы

өткізілді. Ізгі  ниетпен бастау  алған  шара барысында  әлеуметтік

көмекке  мұқтаж  29    балаға    киім-кешектер  мен  оқу-жазу

құралдары  табыс  етілді. Балдырғандарды    қуанышқа  кенелт-

кен   демеушілер  санатында  ауыл   кәсіпкерлері  Б.Кейкова,

Б.Тілеуғабылова, Ш.Баязитова, Қ.Қасымов, Қ.Ибраев   сондай-

ақ, ата-аналар  қауымдастығының  өкілдері,  ұстаздар  ұжымы

болғанын  атап   өткен  жөн.    

Н. РАҚЫМЖАНОВ  

*****   *****   *****  *****  *****



Көктал  орта  мектебінде

Мейірімділікке  толы бұл шараға  мектеп  ұжымы С.Болатовқа

спорт  киімін, В.Федотенкоға   мен Н.Сидоровичқа  мектеп  фор-

масын  сыйға  тартты.  Ауыл  әкімшілігі  Н.Маяузова  мен

Г.Сапарбаеваға ақ  жейде, А.Баянтаеваға  мектеп  формасын,

Ұ.Қапбасқа мектепке  қажетті  оқу  құралдары  салынған  сөмке

табыстады.  Ауылымыздағы    «Айтқожа»    ШҚ  (Ж.Даулетов)-

Ф.Болатовқа  мектеп  формасын,  «Нұрболат»  ШҚ    (М.Дасаев)-

Ә.Досаевқа  спорт  киімін,  «Нүркен»  ШҚ  (Б.Ахметов)-

А.Аманжановқа  спорт  киімін  берді.     



С.КҮЛМАҒАНБЕТОВА 

*****   *****   *****  *****  *****



Айнабұлақ орта мектебінде 

«Мектепке  жол»  қамқорлық  акциясына  мектеп  ұжымы,

әкімшілік аппараты және шаруа қожалықтары демеуші болды.

Атап  айтқанда,  «Еңбек»  ШҚ  (А.Өскембаев),  «Асқар»  ШҚ

(С.Саққұлақов), «Нияз» ШҚ (С. Закиров), «Азамат» ШҚ (Х.Иль-

меев), « Ербол»  ШҚ (Е.Оспанов). Ата-аналар осы қожалық  ие-

леріне  алғысын  білдірді. Бұл акция әлі де жалғасын табады. 

З.ӘБДІКӘРІМОВА  

*****   *****   *****  *****  *****



Ақтау орта мектебінде

Ақтау орта мектебінің алдына "Мектепке жол" республикалық

акциясына байланысты ақпараттық стенд ілінді. Сонымен қатар

"Іңкәр" дүкені (А.Арунова)," Рауан" дүкені (К.Қоғабаева) иелері

мен жеке кәсіпкер Ә.Әлібекова   оқу-құралдарын  табыс етті.

Биылғы жылы Ақтау орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі бала

жоқ.  Акцияға  мектеп  мұғалімдерінен  37500  теңге  қаражат

шамасындағы оқу-құралдары аз қамтылған және көп балалы от-

басы балаларына көмек ретінде таратылды.

А.ТҮСІПБЕКОВА      

*****   *****   *****  *****  *****



Жаңаарқа негізгі мектебінде   

«Мектепке жол» атты акцияға орай ұйымдастырылған жиынды

ауыл  әкімі  М.Жандаулетов  ашып,  осы  акцияға  демеушілік

жасаған жеке кәсіпкерлерді ауыл жұртшылығына таныстырып,

оларға өзінің алғысын білдірді. Келесі кезекте сөз алған мектеп

директоры К.Бимендина осы шараға демеушілерді ұйымдастырған

ауыл әкімшілігіне алғысын білдірді. Акция аясында   11 оқушыға

демеушілердің қолдауымен алынған қысқы киім-кешек пен мек-

теп формалары және спорттық киімдер, сонымен қоса мектеп

құрал-жабдықтары  салынған  оқушы  сөмкелері  табысталды.

Жиын  соңында  ауыл  ақсақалдары  Қ.Есжанов,  К.Бейсенбаев,

Е.Шегіров  және  ата-аналар  атынан  сөз  алған  Ү.Төлеуова

акцияның жақсы ұйымшылдықпен өткеніне ауыл әкімшілігі мен

мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қоса

осы  игі  шараға  демеушілік  жасаған  жеке  кәсіпкерлер  ауыл

тұрғындары  С.Шожин,  Б.Рахымжанов,  А.Төлеукеновке,

аудандық  кәсіпкерлер  ұйымының  төрайымы  Б.Бекежановаға,

ауыл тұрғыны К.Шалабаевқа алғыстарын айтып, ақ баталарын

берді.

А.АЛПЫСОВ 

*****   *****   *****  *****  *****



О. Жұмабеков   атындағы  орта  мектебінде 

Аз қамтылған, көп  балалы  отбасылардың,  жетім  және  ата-

анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларды  материалдық

жағынан  қолдау,  оларды  жаңа  оқу  жылына  дайындау бары-

сында акция  өтті.  Жаңаарқа  ауданының  коммуналдық  мемле-

кеттік    мұрағатының  бастығы  А.Бозмағанбетов,    кәсіпкер

М.Бекеева мен   дүкендер «Баракат», «Бөбек» (Ж.Дәулетова),  «Ке-

ремет» (И.Адамов), «Гүлмира»,  «Аңсаған»   А.Иманова,  «Базар»

сауда  орнындағы  Қ.Игенова,  С.Әдікамова, А.Жалпақова,  М.Ахме-

това,  Ж. Искакова,  Қ.Рақышева,  Қ.Иманбаева,  «Адина» (С.Дау-

ренбекова),  «Дәулет»  (А.Қаракесекова),  «Жанзат»

(Б.Садықов),«Аяжан» (Б.Бекежанова), «Сәлем»  (А.Күлмағанбетова),

«Жандос»  (Ж.Қасымбеков),  «Шынар» (Т.Сұлтанова),  «Березка»

(Л.Илларинова),    «Жібек    жолы»  (А.Сұлтанова)    ата-аналар

комитетінің  төрайымы  С.Жақаева  ақшалай   және  материалдық

түрде  демеушілік  көрсетті. Сонымен  қоса  директордың тәрбие

жөніндегі  орынбасары  Д.Борамбаеваның  ұйымдастыруымен  мек-

теп  мұғалімдері  З.Қуанышбаева, Б.Ибраева, Д.Бимендина, Т.Исина,

А.Қожахметова,    А.Мұқанова,    Қ.Әлмағанбетова,    Г.Омарова,

Ш.Қасымова,  Ж.Мырзабекова,  Н.Ізтөлеуова,  Д.Мағзұмова,  Ж.Жол-

дасбаевалар акцияға  ат  салысып,    үлкен    қолдау    көрсетті.

Аталған  демеушілерімізге  мектеп  әкімшілігі  және   ұстаздар

атынан    үлкен  алғыс айтып  ризашылығымызды  білдіреміз.

Т.МҰСАБЕКОВА

Бақытты балалық шақ 



АЙБЫНЫ КҮШТІ-АТА ЗАҢ

Егемендігімізбен  бірге  келген  Ата  Заңымызға  биыл  19  жыл.  Аумағы  ұшқан  құстың

қанатымен, жер апшысын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де  келісті

өлкені мекендеген қазақ халқы, ел болып егемендік алып, еңсесін тік ұстап, туын көтеріп

осыдан 19 жыл бұрын, яғни 1995 жылы тамыз айының 30 күні тәуелсіз ел – Қазақстан

Республикасының  Ата  Заңын  (Конституциясын)  қабылдап,  үш  жүз  жылдан  аса  уақыт

еркіндігінің  темір  құрсауы  қамытына  айналған  бодандықтан  құтылып,  тарихтың  жаңа

үрдісіне бет бұрып, бостандық, тәуелсіздік жолына түстік.    

Айта кетейік,  Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып са-

налады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып

табылатын құжат енді ғана 19 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл

азғантай  ғана  мерзім.  Десе  де,  осындай  алмағайып  заманда  Қазақстанның  Ата  Заңы

уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді.

Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы

адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады

екен. Бұның өзі Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Заман ағымына қарай негізгі

заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, өмір

бойғы басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң

ұстану.    Яғни,  басты  талап-Конституцияны  құрметтеп  қорғау,  ал  оның  маңыздылығын

жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті   болуы тиіс. Ең бастысы,

еліміздің  бүгінгі жетістіктерінің баршасы Ата Заңымыздың тиімділігін анық айқындап отыр.

Конституция тек қана еліміздің дамуына себеп болып қана қоймай сонымен қатар құжаттың

нормативтік  әлеуеттері  де  халыққа  талай  қызмет  етіп,  демократиялық,  құқықтық

мемлекеттіліктің одан әрі беки түсуіндегі жаңару жолында мығым заңдық негіз болып қала

бермек. 

Осы тұрғыдағы ойымызды Елбасының сөзімен аяқтасақ: «Конституцияны қатаң ұстану  -

бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол

бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз

өтуге тиіспіз.  Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді,

өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аяла-

уымыз  керек.  Конституцияны  сыйлай  білмесек,  оның  талаптарын  мүлтіксіз  орындай

алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін

болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да

қажеті жоқ. 



Қ.ИСАК,

Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының бас маманы 

30 ТАМЫЗ-ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

ИМАНДЫ ҰРПАҚ-ЕЛ  БОЛАШАҒЫ

Адам  өз  ұрпағына  имандылықты   жастайынан үйретіп, адамгершілік    қасиеттерге баулуы

керек.  Біреуге  жақсылық,  жан-жануарға,  табиғатқа  қамқорлық  жасау-имандылықтың

көрінісі. Жастарымыз,  ұрпағымыз  имандылықты  саналарына   сіңірсе,  олардың  келеше-

гінен  зор үміт  күтуге  болады.Жастарды имандылықтқа  үйрету  мақсатында  аудандық

орталық  «Халық» мешіті жиырма  үшінші

маусым  мен  жиырма  бесінші  тамыз

аралығында  мектеп  жасындағы  және

жоғарғы  оқу  орындарындағы    балаларға

екі  ай  бойы  күнбе-күн  имандылық

сабағын  жүргізді.Тәлім  алған  он екі  ер

балаға    бас    имам    Б.Нұрғалиев    сабақ

жүргізсе,  бес  қыз  балаға  арнайы  медре-

седе  оқып келген  Айдана  сабақ  жүргізді.

Екі ай  ішінде  бес  бала  құранды  жүзіңе

қарап  оқу  мүмкіндігіне  қол  жеткізді. Он

екі  бала  Пайғамбар  с.ғ.с  он   хадисін

жатқа  айтты.

Жиырма    бесінші    тамыз    күні    үздік

оқыған  үш  бала  сыйлықтар мен  мешіт

атынан  арнайы сертификаттармен мара-

патталды.

Қалған  он  төрт  бала  да  ынталандыру

сыйлықтарымен   және  сертификаттары-

мен марапатталды. Оқу  жылының   баста-

луына    байланысты  бұдан    әр    балалар

жексенбі  күні сағат үште  тәлім  алатын

болады. Негізінде  мешіттер  адам  баласы

рухани  тәлім  алатын,  имандылықты  бо-

йына  сіңіретін орталық. Балаларыңыздың

бойына    жастайынан    имандылықты

ексеңіздер,  жастар  әртүрлі  діни  ағымдардың   жетегінде  кетпес  еді. Еліміздің  ынтымағы

жарасып,  бірлігі  ту  етіліп,  көк  байрағы  мәңгі  желбірей   берсін  десек,  асыл  дініміздің

аясындағы  имандылығымыз,  ауыз біршілігіміз   мықты  болуы  тиіс.



Б.НҰРҒАЛИЕВ,

аудандық  Орталық  «Халық»  мешітінің  бас  имамы           

ДІН-ДІҢГЕГІМ

6 қыркүйек 2014 жыл

4

Осының бәрін ата-бабамыз бекер атамаған ғой. Жаздың күні осы жерді



жайлаған  қазақ  малын  Ұлытаудың  етегіне  айдап  келеді.  Батыстан  да,

Оңтүстіктен де, Солтүстіктен де, Шығыстан да ағылады. Мына таудан

бұлақ ағады, төңірегі жайылымға қолайлы. Мыңдаған, миллиондаған мал

жатса да көрінбейтін шүйгін дала болған. Бар қазақ жан-жақтан келген соң

киіз үй тігеді, ат шаптырып, той жасайды. Осы жерде қыз ұзатады, баласын

үйлендіреді. Бір-бірімен құда болып тарасады. Мына елдің қызы былай

кетеді, ана елдің жігіті мына жақтан қыз алады. Еліміз осылай араласады.

Қазақтың кең даласында диалект сөздің жоқтығы содан деп ойлаймын.

Батыс Қазақстанды, Атырау облысы мен Шығыс Қазақстанды, Оңтүстікті

алып қарасақ, барлық әдет-ғұрпымыз, баланың тууы, қыз ұзату, үйлену

тойы, сүндет тойы, өлгендерді жерлеу салты бір-бірімен үндес. Мысалы,

Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінің, батысы мен шығысының арасы біз-

дегі сияқты 3 мың шақырым болса да, Пекиннің адамы оңтүстіктің тілін

түсінбейді. Бізде олай емес.

Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, теміржол,

автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін

өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген

үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің

шаңырағын  ойлайды.  Әкеңді,  шешеңді,  бауырларыңды,  балаларыңды,

немерелеріңді  ойлайсың.  Сол  жүрекпен,  сол  тілекпен  Отаныңды

қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың

болашағы бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең бол-

маса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту

үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау.

Оны білуіміз керек.

Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі

келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман тала-

бымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ.

Бұл  жерге  қыруар  қаражат  керек  болар  еді.  Бәрібір  елдің  ордасына

лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен  ретінде бағалана береді. Мі не,

те мір жол, басқа да жолдар салынып жатыр.

Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі

жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады.

Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл

мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.

-Қасиетті Ұлытау жеріндегі ерек ше аура, ерекше жағдай, шынын

айтқанда, маған да сезіліп тұр. Тәуел сіздік жылдарында біз ру хани

құндылықтарымызбен  қайта  қауыштық.  Өзіңіздің  руханият,

мәдениетке  деген  ерекше  қамқорлығыңыздың  арқасында  халқымыз

туған тілімен, дінімен дәстүрімен қайта табысты. Алайда, жастар

арасында ата дінді дұрыс түсінбей, бұрмалап, оны әртүрлі мағынада

ұғатындар жеткілікті. Осы ретте еліміздің болашақ дамуында діннің

алар маңызы қандай болуы керек деп ойлайсыз?

Біз, жалпы, діннен де, тілден де айырыла жаздаған елміз. Кеңес Одағы

кезінде тікелей орыстандыру саясаты жүргізілді. Қазақтың тілі бір шоғыр

қазақтардың тілі болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге керек болады?

Қазақтың шекарасынан асып шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? Бір

жағынан алып қарағанда оның жөні бар. Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін

тарихымызды, мәдениетімізді, санамызды, ғұрпымызды өзіміздің тіліміз

арқылы ғана жеткізе аламыз. Қазақтың кейбір сөз оралымдарын, Абайдың

сөз өрнегін басқа тілге, мәселен, орысшаға, ағылшыншаға аударып көрші.

Ол мүмкін емес. Себебі, тілдің өз қасиеті бар. Сондықтан тіл жоғалатын

болса, сол қасиет те жоғалады. Сол сияқты біз тәуелсіздік жылдарында ді-

німізге қайта оралып жатырмыз. Қарап отырсаң, қазақ ешқашан дінінен

айырылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, дінімен

қайта  қауышты  да,  әрі  қарай  жалғастырып  жүре  берді.  Бұрынғыдай

қорықпай, жасқанбай, дінге бас иіп, Құдайға құлшылық етіп, мешіттер

салып жатырмыз. Қаншама азаматтарды – білімді, дінді насихаттайтын

молдаларды дайындап келеміз.

Осының барлығы дұрыс қой, дініміз де, дәстүріміз де қазаққа керек, әрине.

Дегенмен, тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің

жағ дайы мүшкіл болды. Мысалы, бір мұ сылманның ішінен сүннит пен

шиит  болып  бөлініп,  қан  төгіп  жатқан  халықтар  қаншама?  Бір  діннің

ішінде өзара ұғыс пай, ағымдармен келіспей, соғысып жат қан католиктер

қаншама? Сондықтан біз абайлауымыз керек. Біздің дініміз керемет, басқа

діндердің керегі жоқ демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ

басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда

мұсылманның діні де құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз

оның  теріс  жағына  түсіп  кетпеуіміз  керек.  Бізге  зиян  келтіретін  дін

ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік

дін жасаймыз деп жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың сахаба-

лары тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты

қайтадан орнатамыз деген ұмтылыс «жаулап алу» ниетінен туған болатын.

Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы

жағын  алуымыз  керек.  Құранның  қасиетті  үкімдерін  орындау  үшін

кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді

сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру

арқылы дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы,

үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай ис-

ламды құрметтеуіміз керек. Екінші жағынан, елдің барлығы мешітке ба-

рады  екен  деп,  оларға  топырлап  көп  адам  ілеседі.  Менің  мәліметім

бойынша, Қазақстан халқының 60 пайызға жуығы ислам дінін қолдайды.

Соның ішінде нағыз дін ұстанып жүрген халықтың мөлшері 20-25 пайыз-

дан аспайды. Тобырмен жүргендер де бар ішінде. Бұл да жақсы, барып

үйрене берсін. Дегенмен, мешітке барған, қажылық жасаған дұрыс екен

деп құр әншейін сән көріп жүрмесе болды. Осы күні қалтасында ақшасы

болса, ұшаққа отырып, қажылық жасап қайтатындар көбейді. Заманның

ағымына  байланысты  ол  да  дұрыс  шығар.  Бірақ  қажылықтың  қасиеті

басқада. Оған жолдың азабын көріп, бірнеше ай жүріп баратын болған.

«Абай  жолы»  романынан  Құнанбайдың  жасаған  қажылығы  жөнінде

оқыдыңдар ғой. Ойлап қараңдар, ол кезде ат арбамен қаншама ай жүріп,

жол қиындығын тартып, әзер жететін. Сондықтан дінге бас иетіндер шын

жүрекпен,  әділеттілік  үшін,  имандылық  үшін  барса  деп  ойлаймын.

Құдайға шүкір, дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді. Қазір бізге ешкім одан

алшақта деп айтпайды. Әркімнің өз еркі бар. Бірақ осыны дұрыс жолмен

жүргізуіміз керек.



–  Біздің  халқымыздың  руханиятында  діннің  орны  қандай  маңызды

болса, тіл де сондай маңызға ие. Сіздің қазақ тілінің қолданыс аясын

кеңейтуге байланысты ойларыңызды біле отырсақ.

– Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі үшін барлық жағдай

жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба

басқандай етіп жазылды. Солай ғой? Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп,

кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек.

Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айт-

пайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ

тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге

анау сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ.

Мен бәрін білемін, біздің жазушыларымыз, мәдениет өкілдері «Біздің ті-

ліміз жетімдік көріп келеді, тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде байғұс ті-

ліміз жетімдіктен шықпай жүр» деп айта береді. «Бақытсызбын» деген

адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Ті-

ліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады, «тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз

жоқ болады. Қай-қайдағыны, ақырзаманды басқа орнатпай, Тіл туралы

заңды  қолданып,  өзімізбен  өзіміз  қазақша  сөйлесуіміз  керек.  Тілді

қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамызып сөйлеп, басқа

жұртқа үлгі көрсетуіміз керек. Әйтпесе, жыл сайын 100 мыңнан астам бала

мектеп бітіреді, соның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде оқыған. Қазір оры-

стыкі болсын, басқаныкі болсын, барлық мектептерде қазақ тілін оқыту

міндетті болып саналады. Қай мектепке барсаңыз да, 6-7 сыныптағы қай

баланы кездестірсеңіз де, ол қазақша, орысша, ағылшынша сөйлеп тұрады.

Міне, біздің тілге деген қамқорлығымыз осы. Мүмкін, жұрт «біздің Пре-

зидентіміз неге қазақша сайрамайды, ылғи да біраз сөйлеп келіп, орысшаға

ауысып кетеді» деп ойлайтын шығар. Мен мұның бәрін білемін.

Біз Тәуелсіздік жариялағанда Қазақ стандағы қазақтың саны 40 пайыз бо-

латын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы

тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді? Дегенмен, елге соның бәрін

түсіндіріп, күресе жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, міне, қазақтың

саны 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып,

біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер көшті,

анау көшті, мынау көшті… Осы тұста халық 13-14 миллионға жуық болған

еді. Қазір 4 миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық. Тіпті,

Кеңес Одағы кезіндегіден де көбейіп барамыз. Құдайға шүкір, жыл сайын

халқымыздың саны артуда. Оның ішінде қазақтың саны көбеюде.

Ал жарайды, бәрін тыйып, қазақ тілінен басқа тілді заңмен жауып тастап,

ауыздарыңды ашпаңдар, сөйлемеңдер десек, онда Украина сияқты бола-

мыз. Қазір қазақтың бәрі мұны түсінген шығар. Солай етіп, жұрттың ба-

сынан соғып отырып, қазақ тіліне әкеліп, қан төгіс қылып, тәуелсіздіктен

айырылу керек пе, әлде ептеп-ептеп амал қолданып, мәселемізді шешу

керек пе? Әңгіме сонда. Ал таңдайық, қайсысын аламыз?

Сондықтан мен бұл жерде де сабыр лылық керек деп ойлаймын. Болашақ

біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін бұрып тұр. Қазақтың саны көбейіп,

тіл дің ауқымы кеңейіп келеді. Көп облыс тарда барлық іс қағаздары қазақ

тілінде жүргізіледі. Оған ешкім кедергі жасамайды. Қазағы көп аудандар

қазақша жүргізеді. Оның ішінде қазір қазақша сөйлейтін басқа ұлттың аза-

маттары қаншама? Көріп отырсыздар, барлық жерде бар. Оларды теледи-

дардан көріп жүрсіздер. Журналистер арасында да, қарапайым адамдар

арасында  да  бар.  Қазір  өз  тағдырын  Қазақстанмен  байланыстыратын

адамның  бәрі  баласына  қазақ  тілін  үйретіп  жатыр.  Ал  енді  тарихын,

болашағын қазақпен бірге деп санамайтындар бәрібір кетеді. Оған біз

тыйым  сала  алмаймыз,  салып  та  отырған  жоқпыз.  Сондықтан  өз

халқымыздың сана-сезімін үйретіп, өз тілімізді өзіміз бағалауымыз керек.

Мен қазақтың тілін ғана білемін, басқасы құрысын деп жүргендердің кім

екенін алып қарайықшы. Ол – не орыс тілін жөнді білмейтін адам, не

ағылшын тілін мүлде білмейтін адам. Оқуға мойынсынбайды, сөйлегісі

келмейді. Солар: «Қазақтың тілі ғана жақсы, қазақтың тілінен басқа сөз

жоқ» дейді. Сонда біз мына өркениетпен қалай жалғасамыз, айтыңдаршы?

Орыс тілін алайық. Ол да белгілі. Бізге орыс елінің тізесін батырып жібер-

ген кезі болды. Сол орыстың тілін үйренеміз деп қазақ тілінің қолданысы

азайды деген мәселеге тіреледі ғой. Кейбір ұғым дарды орыс тілінен енген

деген желеу мен біржақты аударуда. Дүние жүзіне ортақ сөздердің қазақша

баламасын тауып  жатыр. Мен талай жазушылармен, композиторлармен

сөйлесіп жүрмін. «Пианино», «пиа но» деген халықара лық термин. Оны

біз «күйсандық» де дік.  Еш қандай жанаспайды. Сандық пен күйдің арасы -

на  пиа ниноны қосуға бола ма? Мысалы, композиторды дүниежүзінде ком-

позитор  дейді.  Біз  «сазгер»  деп  жүрміз.  «Саз»  деген  басқа  мағынаны

береді. Мұның бәрі неден шығып жатыр? Өйткені орыс тың тілінен арылу

керек деп ойлаймыз. Біресе түріктен, біресе арабтан, біресе парсыдан ала-

мыз. Сөйтіп, бұзып жүрміз.

Тілді байыту керек! Оған халық аралық ұғымдарды енгізсек, тіліміз да-

миды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан қорқып, шошудың қажеті жоқ. Ті-

ліміз өркендеп, өсіп келе жатыр дей аламын. Қазір ешқандай қауіп жоқ.

Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор. Дүниеде 6 мың тіл бар. Жыл

сайын  оның  10  пайызы  жойылып  отырады.  Қажет  еместері…  Оны

қолданатын  адамдар  аз,  ауқымы  тар.  Солай  болып  жатыр.  Ал  мына

ағылшын  тілін  дүние жүзі  халқының  70  пайызы  қолданады.  Неге  оны

қолданады? Ол – ғылым мен білімнің, ақпарат құ ралдарының, интернеттің,

медицина мен мәдениеттің тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүреміз

деуге бо лады. Әрине, болады! Бірақ онда ағыл шын тілі арқылы тарап

жатқан ілімді білмейсің. Оны білмесең, өркендеп өсуіңе жол ашпайсың,

болашағыңа балта шабасың. Сондықтан біз мемлекетімізді алға сүйреп,

экономикасын  көтеріп,  өркендеп-өсіп,  озық  отыз  елдің  қатарына

қосыламыз деп отырғанда, халқымыз, жастарымыз ағылшын тілін білмесе,

қалай болады? Мысалы, 1 жарым миллиард халқы бар Қытай елі қытай

тілін құрметтеп отыр ғой. Бірақ барлық элитасы, бизнесі ағылшын тілінде

де сөйлейді. Жапондардың бизнес элитасы, ғылым-білімі ағылшын тілінде.

Бір миллиард халқы бар Үндістан тәуелсіздігін алған кезде ағылшын тілін

доғарып тастады да, 5-6 жылдан кейін қайта оралды. Сингапурда да, Ма-

лайзияда да солай болды. Мына бізді отарлаған елдің тілі құрысын деп

қолданыстан алып тастап, керек болған соң қайтып келді. Сондықтан үш

тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін игергеніміз өте

дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз соны

неге ойламаймыз? Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің

жолымыз ашық болады. Осыны түсіну керек. Бұл жерде асығыстық жаса-

мау керек. Сабырлы болған жөн. Біздің көпұлтты болып отырғанымызға

ешкім кінәлі емес. Тағдыр солай болды. Өзге халықтардың да ешқандай

жазығы жоқ. Орыстардың, украиндардың, белорустардың, ұйғыр, чешен

секілді халықтардың не кінәсі бар? Осылай болды, тарих бізді көпұлтты

етті. Бәрінің басын қосып, Қазақстанның бірлігін сақтап, төзімділік таны-

тып, экономикамызды өркендетіп, өсе беретін болсақ, келешек қазақтың

қолында болады.



–  Құрметті  Президент  мырза,  Сіздің  бастамаңызбен  құрылған

Еуразиялық экономикалық одақ келесі жылдың басынан толыққанды

жұмысына кіріседі. Бірақ әлі де болса, оған үрке қарайтындардың бар

екенін байқап жүрміз. Осы ретте не айтасыз?

– Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын. Түсінгісі келмейтін адам бәрібір

ұқпайды.  Картаға  қарайық,  Қазақстан  құрлықтың  дәл  ортасында

орналасқан. Теңізге шығатын жолымыз жоқ. Қазақстанда екі қабатты бір

үй салу бағасы Малайзияда сондай 10 үй салу құнымен бірдей. Неге?

Біздің елдегі суық 40 градусқа дейін жетеді. Ыстығымыз да солай. Ал Ма-

лайзияда да, Сингапурда да ауа райы біркелкі. Бізде зауыт, фабрика салу

Малайзиядан 5-6 есе қымбат. Ал енді олар теңіздің, мұхиттың жағасында

отырған соң тауарын кемеге тиейді де, арзан жолмен жібере салады. Біз

мына  Қарағандыдан,  Жезқазғаннан  мысты  пойызға  тиеп,  анау  Қара

теңіздің жағасына жеткізгенше әр шақырымына ақша төлейміз. Қытайға,

Ресейге жеткенше ақы береміз. Анау Еуропаға барғанша қыруар ақша

жұмсаймыз. Сонда біздің «теңізіміз» не болды? Біздің «теңізіміз» – Ресей

территориясы. Біздің «теңізіміз» – Қытай территориясы. Осы екі мемле-

кетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз. Енді біз осылар-

мен сауда-саттық жасамасақ, онда экономикамыз қалай өседі? 17 миллион

ғана халқымыз бар. 250 миллиардқа жақын өндіріс өніміміз бар. 17 мил-

лион халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін әрі қарай қалай өсеміз?

Егер біздің шығарған тауарларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада

тұрып қалады. Ол сатылмағаннан кейін зауыт тоқтайды. Зауытта істейтін

жұмысшының бәрі жұмыстан босайды. Жалақысынан айы рылады. Бала-

шағасын асырай алмай, босып кетеді. Сондықтан жақын көршілермен

экономикалық  қарым-қатынас  жасау  маңдайымызға  жазылған  нәрсе.

Мұны ешкім шекесі қызғаннан жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа

амалымыз  жоқ.  Сондықтан,  экономикалық  одақ  құрдық.  Саяси  емес,

экономикалық одақ. Бұл – дұрыс. Мен бұған зерттеп-біліп, шын көңілмен

барып отырмын. Бізде басқа жол жоқ. Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық

жасамасақ болмайды. Беларусьпен, Украинамен қатынас жасағанымыз

жөн.  Мына  оңтүстіктегі  ағайындармен  де  сауда-саттығымыз  болғаны

дұрыс. Бірақ олардың кейбірінің бізбен сауда-саттық жасауға еш жағдайы

жоқ екенін де біліп отырсыздар. Тауарды сатып алуға шамасы келмейді.

Кейбірі жабық экономиканы қолданып отыр. Олармен де сауда-саттық

жасай алмаймыз. Сондықтан біз осыған баруымыз керек. Біреулер «Ресей

бізді  қайтадан  басып  алатын  болды»  деп  қорқақтайды.  Олай  емес.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жиналып, үш Президент мәселе

қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. Кон-

сенсус деген сол. Егер екеуінің шешімі жақпайтын болса, мен қарсы болам,

мәселе шешілмейді. Сондықтан бәрінің құқығы бірдей. Әдейі сөйттік.

Оның бер жағында экономикалық комиссия бар. Комиссияның ішінде әр

елден үш-үштен тоғыз адамнан тұратын алқа құрылған. Ол жерде де кон-

сенсус бар. Оның үстіне Премьер-Министрлердің үш орынбасары жұмыс

істейді.  Оларда  да  солай  шешеді.  Үкімет  басшылары  кездескенде  де

сөйтеді. Ал айтыңдаршы, қай жерде бізді кемсіте алады? Егер де бұл

жағдаймен келіспейтін болса, Қазақстанның ол экономикалық одақтан

шығып  кетуге  құқы  бар.  Мен  бір  рет  айттым,  тағы  қай талап  айтам,

тәуелсіздікке  нұқсан  келті ретін  болса,  ондай  ұйымдарда  Қазақ стан

ешуақытта болмайды. Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуел -

сіздік! Ата-бабамыздың қанымен, тері мен келген тәуелсіздікті біз ешкімге

бере  алмаймыз.  Оны  қасық  қанымыз  қалған ша  қор ғауымыз  керек.

Сондықтан бұл жөні нен ешқандай күдік болмасын. Үйде отырып алып,

дастарқан үстінде «ойбай, сөйтіп кетті, бүйтіп кетті, анау сөйтті» дейтін

түк білмейтін дилетант адам дардың сөздеріне құлақ қоюдың жөні жоқ.

Қандай аргумент бар, мысалға кел тіріңдерші маған? Қай жерде не бо лып

жатыр екен? Қазақ болсын, орыс бол  сын, барлық іскер адамдармен сөй -

лес сең,  бәрі мұның пайдалы екенін айтады.

Кеден одағына кірдік. Ресей шекарасында біздің пойыз келе жатыр делік.

Бұрын бір тоннаға жүз теңге төлейтін болсақ, Ресей шекарасына кіргеннен

кейін үш жүз теңге төлейтінбіз. Қазір ондай жоқ. Мен жай ғана мысалмен

айтып отырмын. Шындығында мыңдаған, миллиондаған теңге төлейтін

едік. Сонда біздің тауардың бағасы жаңағы ақшадан бірден өсіп кететін.

Ондай бағамен шетелге барған кезде бәсекеге түсе аламыз ба? Түсе алмай-

мыз. Біз мұнайды, темірді, көмірді тасымалдап жатқан елміз. Біздің мем-

лекетіміз  бұдан  қаншама  пайда  тауып  жатыр.  Бұл  бір.  Екіншіден,

қоян-қолтық сауда жасайтын екі ел бір-бірінің тыныштығын қолдайды.

Бір-бірінің бейбітшілігіне мүдделі болады. Бір-біріне қол сұқпайды, сая-

сатына араласпайды. Бір-бірімен жанжалдаспайды. Ол жағы да белгілі.

Сондықтан бұл жерде ешқандай қорқатын, жасқанатын нәрсе жоқ. Оның

бәрін  мен  қадағалап  отырмын.  Егер  Қазақстанның  тәуелсіздігін  өз

қолымен жасап, қызғыштай қорғап келе жатқан қазақ болса, соның бірі

менмін. Мен істеп отырған ісіме, алды-артыма, елдің болашағына қарап

отырған адаммын. Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешіл-

мейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды.

Сондықтан, бұған түсіністікпен қарау керек. Құр сөзді қою керек. Егер

күмән  болса,  мемлекеттен  «неге  бұлай?»  деп  жауап  алған  жөн.  Соны

түсінгеннен кейін, біліп сөйлеген адам жақсы ғой. Беталды сөйлеп, қойдың

құмалағымен бал ашып отырған адамның сөзін айтпау керек.



– Соңғы уақытта Украина төңіре гін де қалыптасып отырған ахуал,

көр шіміз Ресейге салынып жатқан санк циялар біздің экономикамызға

қаншалықты кері әсерін тигізуі мүм кін? Жалпы, біздің елдің экономи-

касы ықтимал қауіп-қатерлерге дайын ба?

– Шынын айтқанда, бұл енді ойла маған жерден шыққан қиыншылық

болды. Ресей мен Украинаның арасын да осындай ахуал орнығады деп кім

ойлаған? Ойлап қарасаң, екеуі бір дінді, бір тілді, бір жерде бірге өсіп-

өнген ел. Мұның экономикалық одаққа қолайсыз салдары тиеді, әрине.

Оны айтпауға болмайды. Неге? Себебі Батыстың бәрі Ресейге санкция

салып  жатыр.  Санк циясын  жеке  адамдарға  жасаса  бір  жөн,  қаржы

жүйесіне  де,  экономиканың  кейбір  секторларына  да  салынуда.  Бұл

Ресейдің экономикасын төмендетеді. Зауыттары нашар жұмыс істей ба-

стайды. Сосын біздің тауарларды алатын жағдайы болмайды. Біздің ши-

кізатты қабылдау мүмкіндігі азаяды. Міне, осы тұрғыдан қиыншылық

көруіміз  мүмкін.  Екіншіден,  Ресейдің  де  қарсы  санкциялары  бар.

Тұтынатын тағам өнімдерін алмаймыз деп жатыр. Біз осыны пайдаланып,

Ресейге азық-түлік өнімдерін көбірек шығаруымыз керек. Фермерлеріміз

көкөністі, ет-сүтті, басқа да тамақ түрлерін көбірек әзірлеп, көптеп сатып,

пайда таба алады. Мұның да қауіпті жағдайлары бар. Бірақ пайдалы жағын

қолдануға болады. Ал олардың жасап жатқан кедер гілерінің Қазақстанға

тікелей қатысы жоқ. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына биыл кіреміз деп от-

ырмыз. Бұл мәселені шешеміз. Еуроодақпен бұрынғы келіс сөздерімізді

жалғастырып, жаңа келісімге қол қоймақпыз. Оны да шеше міз. Демек, о

жақтан  да,  бұ  жақтан  да  тосқауыл  жоқ.  Қазір  Ресейдің  өзін  түріктер

қолдаймыз деп жатыр. Иран да қолдаймыз дейді. Тауарларын жібергісі ке-

леді. Біз де сөйтеміз. Бұл бір жағынан пайдалы. Бірақ мұндай санкциялар

өмір-бақи болады екен деп алданып та қалмау керек. Қазір егіннің бәрін

егіп,  Ресейге  апарамыз  делік.  Ертең  Ресей  санкцияны  алып  тастап,

бұрынғы үрдіске қайта келетін болса ше… Сондықтан қиын жағдайға

қалмау үшін алды-артымызды ойлап қадам жасау керек. Мұның ақырын

күтуіміз керек. Дүниеде қандай соғыс болса да, ылғи келіссөзбен бітеді.

Ылғи бейбітшілікпен бітеді. Мынау да бітеді. Уақыт деген керемет күш.

Уақыт өзі бәрін орнына келтіреді. Сондықтан, Қазақстанның болашағы

жарқын деп санаймын. Себебі, біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз.

Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес. Бізге

сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен, қандай жағдайда

да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы Күштерімізді сайлап, іші-сырты-

мызды, етек-жеңімізді жиып, сақ отыруымыз керек. Осылай төңірегіміз

бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз.

Қазақтың  бірлігі  –  мына  көпұлтты  халықтың  бірлігі.  Біз  бірте-бірте

жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын.

Менің арманым, ойым – Қазақстан ның мәңгілік болуы. Сондықтан «Мәң -

гілік Ел» деген идеяны ұсындым. «Мәң гілік Ел» болу үшін бәрін жасап

жатырмыз. Әнеукүні Үкіметте біраз өзге  рістер жасаған себебіміз мынау:

Үкі мет  билігінде  отырған  шенеуніктер  саны  шағын  болуы  керек.  Ал

олардың істеген жұмысы ауқымды болуы қажет. Жаңа министрліктердің

басына келген басшылардың жасы 40 пен 50-дің аралығында. Көпшілігі

ағылшын тілін меңгерген, өз саласының маманы. Олар Ресеймен де, басқа

шетелдермен де еркін сөйлесіп, келіссөз жүргізе алады. «Болашақ» арқылы

оқыған, өз елімізде тәрбиеленген сондай жастарымыз қаулап өсіп келе

жатыр. Бәрі де мемлекет жұмысымен айналысуда. Қазақстанның ең үлкен

патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін. Менің ар-

маным, ойым осы. Лайым солай болсын! Қазақстанның болашағы өте

жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір

сүреді деп ойлаймын.



Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің осындай киелі де ең сұлу

жерлерінің бірі-қасиетті Ұлытау баурайында ерекше сұхбат бергеніңіз

үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Жаңа өзің айтып кеткендей, мына жердің аурасы жақсы. Қазір далада

күннің ыстығы қырық градусқа жуық болып тұрса да, осы Әулиебұлақтың

жағасы қандай көркем. Мына тұрған қайыңдар, мынау жер сонау Жошы

ханның  да,  Алаша  ханның  да,  Тоқтамыстың  да,  Едіге  батырдың  да  –

бәрінің көзін көрген шығар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра бе-

реді.  Заман  өтеді,  уақыт  алға  жылжиды.  Ұрпақтар  бірінің  жолын  бірі

жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді.

Осындай  әулиелі  жерден  қуат  алған  халқымыз  ата-бабалар  жолымен

жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы!




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал