Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері


§ 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбие-



жүктеу 3.9 Kb.
Pdf просмотр
бет4/14
Дата02.05.2017
өлшемі3.9 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§ 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбие-
леуде отбасының рөлі 
 
– «Қандай  қоғам  болса,  отбасы  да  сондай»  деп  айтады.  Қоғамда 
жүретін  барлық  коллизиялар  отбасы  қатынастарында  қалай  болғанда 
да  көрініс  табады.    Моральдық-адамгершілік  ілгерілеу,  құндылықты 
ұстанымдар,  қоғамның  артықшылықтары  отбасы  қатынастарының 
негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. 
Сондықтан  отбасы  қоғамдық  дамудың  маңызды  индикаторы    болып 
табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа 
жағынан,  отбасы  қоғамның  бөлшегі  ретінде  қоғам  дамуына  белгілі 
бір  ықпал  етеді,  қоғамдағы  моральдық-адамгершілік  ахуалға  әсер 
етеді.  Отбасы  құндылықтарды,  дәстүрді,  мәдениетті,  өмір  салты  мен 
дүниетанымдық  ұстанымдарды  көрсетеді.  Бұл  диалектикалық  өзара 
байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде 
біздің түсінігіміздің негізін құрады.  
 
– Отбасы  әлеуметтік  институт  ретінде  көптеген  функцияларды  
орындайды:  халықтың  өсіп-өнуі,  жаңа  жағдайда  алдыңғы  ұрпақтан 
жинақталған  шаруашылық-экономикалық,  тәрбиелеу,  әлеуметтік,  оның 
ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде 
сол  немесе  өзге  әлеуметтік  тәжірибені  нығайту  немесе  жоққа  шығару 
адамдардың  құндылықты    бағдарын  қозғайды.  Осының  нәтижесінде  
қандай  да  бір  құндылықтар  кетеді,  қайсыбірі  келеді,  тұлғаның  рухани 
кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға 
айналады. 
 
– Отбасы  –  қоғамның  әлеуметтік  институт  ретінде  нақты  адамның 
қоғам  өміріне  енуіне  мүмкіндік  беретін  құндылықтардың  трансляторы 
болып  табылады.  Егер  қазіргі  қазақстандық  отбасыға  осы  биіктіктен 
қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті  және жағымсыз фактілерді 
табуға болады. 
 
– Осындай  шындық  аясында    отбасының  тұлғаның  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның 
сыбайлас  жемқорлыққа  және  оның  көріністеріне  қарсы  төзбеушілік 
қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. 
Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? 
Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  мінез-құлқын  қалыптастыруға  бағытталған  ба?  Отбасы  адам-
дардың  қатынасына  тереңдеп  еніп  кеткен  сыбайлас  жемқорлықты 
қалай  бағалайды    және  қабылдайды?  Отбасы  сыбайлас  жемқорлықты 
моральдық-этикалық  нормаларды  бұзушылық,  ұлт  мәдениетіне  жат, 
асылық,  Отанға  деген  сатқындық  деп  айыптай  ма?  Осы  сұрақтардың 
барлығы  отбасының  қазіргі  қоғамдағы  рөлін  күрделі  талдауды  қажет 
етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін  күрделі және маңызды проблеманы 
шешуге  ынтасы  жоқ,  тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мінез-
құлқын  қалыптастырудың  пәрменді  субъектісіне  айнала  алмайтыны 

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
анық. Ең алдымен,  әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті 
жағдайларға қарай  мүмкін емес. Бір нәрсе анық,  қоғамда моральдық-
адамгершілік деңгей төмендеген кезде,  отбасыға осындай құбылыстарға 
қарсы  күресу  қиынға  түседі.  Ол  тұлғаның  санасы  мен  рухани    әлемі 
деңгейінде бұл мәселені реттеуге,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-
құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. 
Себебі  қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаппай,  жалпыға 
ортақ  төзбеушілік  ахуалы  жасалмайынша,  моральдық  айыптау,  отбасы 
деңгейінде  барлық  азаматтардың  қоғамдық  айыптауы  да  дамымаған. 
Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет. 
Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің 
қызметтік жағдайын асыра пайдаланған,  мемлекет пен халық алдында 
өз  міндеттемесін  бұзған  адамдардың  атын  біліп  жатыр.  Әркім  сіңірген 
еңбегіне қарай алатыны белгілі,  сонымен  бірге  тек заңды қолданып,  
бұл  проблеманы  шешу  алмайтынымыз  да  айқын.  Басқаша    деңгейдегі 
шаралар қажет. 
 
– Тәрбие  аясында  адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік 
сияқты  құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі 
көбі  адал,  парасатты  болу    пайдалы  емес,  кейде  бұл  қасиеттер  жеке 
өмірінде    проблемаларды  шешуге  және  өмір  сүруге    кедергі  келтіреді  
деп санайды. Бұдан өзге,  ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында 
бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен  мінез-
құлық  қалыптасады,  соңында  сыбайлас  жемқорлыққа  әлеуметке  
қарсы  құбылыс  ретінде  қарауды  қояды.  Ең  бастысы,  қоғамда  осы 
құндылықтарға  деген  сенімге  селкеу  түсіп,  оның  жақтастарының 
саны  барған  сайын  азаяды.  Оның  есесіне  көбінің  санасында  сыбайлас 
жемқорлық  пен  парақорлық  феноменінің  халық  дәстүрлері  мен  
салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады.   
 
– Осындай  тұжырымдармен  келісу  қиын,  себебі  ешбір  ұлттық 
мәдениет,  салт-дәстүрлер  адамның  сыбайлас  жемқорлық  теріс  қылық 
жасауға  итермелемейді.  Пара  беру  мен  алу  әрқашан  моральдық- 
этикалық  нормалар  мен  халықтың  түсінігіне  қарама-қайшы  келетін  
әлеуметтік  зұлымдық  ретінде  талқыланып,  қабылданатын.  Сондықтан  
жеке  тұлғаның  жеке,  психологиялық  ерекшеліктерін  жалпыға  ортақ 
деңгейге  экстраполяциялау  дұрыс  емес  және  тіпті  зиян.  Демек, 
тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-тамыры, себептерін 
индивидтің  ұлттық  ділінен  емес,  керісінше  рухани-адамгершілік  
әлемінен  іздестіру  қажет.  Сол  кезде  бәрі  орнына  түседі.  Бұның  бәрі 
балалық  шақта  іргесі  қаланып,  содан  кейін  жас  кезінде  дамиды  және 
біртіндеп  тұлғаның  жеке  мінез-құлқының  орнықты  стереотипіне 
айналатыны  сөзсіз  екеніне  көз  жеткізе  аласыз.  Сондықтан  отбасы 
бұл  мәселемен  мақсатты  бағытталған  түрде  айналысуы,  өмір  ерте 
сатысында  индивидтің мінез-құлқындағы және санасындағы жағымсыз 
әлеуметтік ауытқуларды түзетуге тиіс. Әрине, тәрбиелеу оның міндеттері, 
сонымен қатар әдістері мен құралдары тұрғысынан біршама қиындайды  
немесе  бұл  жерде  кезекті  ұрпақтың  санасына  «қандай  да  бір 
«нормалардың»  минимумын  сіңірумен  қатар,  қоғам  алдында  тұрған 
міндеттерді  шешуге  рухани  алғышарттарды  құра  отырып,  сыбайлас 
жемқорлыққа  мықты  иммунитет  қалыптастыру  туралы  сөз  болады.         
35

ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
 
– Гедонизм  құндылықтарын  тарату  да  ерекше  алаңдаушылық  
туындатады.  Әдемі,  алаңсыз  өмір,  рахат  пен  ләззат,  жасампаздық  
еңбекке  белсенді  түрде  қатыспай-ақ  ырду-дырду  өмірді  көрсету 
қоғамның  псевдоидеалдарын  жасайды.  БАҚ  «гламур»  құндылықтарын 
тарата  отырып,  тұтынушылық    психологиясын  қалыптастыру  көзіне 
айналуда. Бұл туралы Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  жиырма  қадам»  
атты  мақаласында    былай  деп  жазды:  «Тұтынудың  бұл  идеологиясы 
бүлдіруші  болғанына  бүгін  бүкіл  әлем  ерекше  көз  жеткізіп  отыр.  Ол 
әлемнің  дамыған  елдерінде  жаппай  әлеуметтік  масылдық  туындатты 
және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» 
[1].
 
– Егер  ұлттық  мәдениеттің  мысалын  алсақ,  отбасында  балаларды  
еңбекке,  еңбекқорлыққа  тәрбиелеу  дәстүрі  әрқашан  да  болған.  
Сондықтан  отбасында  ұлттық  тәрбиенің  негізі,  адамгершілік  пен  іс-
әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы 
деңгейінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тосқауыл  қоя  аламыз.  Бұл 
тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек. 
 
– Жоғарыда  айтылғандарға  орай  мынадай  қорытынды  шығаруға 
болады:
 
– өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылы-
ғын арттыру қажет;
 
– отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес 
келетін  тұлғаның  мінез-құлқының  адамгершілік  реттеуіштерін  күшейту 
қажет;
 
– адамды  адамгершілік,  әділдік  пен  ар-ождан  рухында  тәрбиелеу 
тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетінің  негізі  ретінде 
қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс. 
Тірек  сөздер: 
отбасы,  тәрбие,  сыбайлас  жемқорлық,  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениет, жауаптылық, әділдік, ар-ождан.
ВОПРОСЫ ДЛЯ ДИСКУССИИ
1.  Отбасылық  салт-дәстүрлер,    мәдениет    тұлғаның  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы тәртібін  қалыптастыруға  бағытталған ба?  
2.  Отбасылық  тәрбие,    дәстүрлер  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
мәдениетті қалыптастыруда қандай орын алады? 
3.  Қазіргі  отбасы    не  себепті    қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
мәдениетті  қалыптастыруға қатыспайды?
4.  Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы 
үшін не істеуі қажет?
Пікірталас үшін сұрақтар
1.  Отбасылық  салт-дәстүрлер,    мәдениет    тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  
қарсы тәртібін  қалыптастыруға  бағытталған ба?  
2.  Отбасылық  тәрбие,    дәстүрлер  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 
қалыптастыруда қандай орын алады? 
36

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
3.  Қазіргі отбасы  не себепті  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  
қалыптастыруға қатыспайды?
4.  Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы үшін 
не істеуі қажет?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1.  Адамгершілік  құндылықтары  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 
қалыптастыру негізі ретінде. 
2.  Отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін тәрбиелеудегі 
рөлі 
3.  Отбасының  қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеудегі  әлеуметтік  жауап-
кершілігі.
Әдебиет
1.  Назарбаев  Н.  Ә.  Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға  ортақ 
еңбек қоғамына қарай жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 

 2012. 
– 
10 шілде.
37

ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
§ 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті 
қалыптастырудағы ерекшеліктері
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясаттың  табысын  ғалымдар  да,  
практиктер  де  әлеуметтік  мәдениет  пен  азаматтардың  ділінен  көреді.  
З.  Туфан  әлем  картинасын  жасайтын  және  мәдени  дәстүрдің  бірлігін 
бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын 
береді [1, 19-20-бб.].
Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптас-
тырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін осы параграфта белгілі 
бір  этностық  топтарды  айқын  ажыратпай-ақ,  азаматтылық  тұрғысынан 
елдің  біртұтас  халқының  мәдениеті  мен  ділдігі  қарастырылды.  Бұл  
тәсіл  біртұтас  ұлт  –  Қазақстанның  біртұтас  халқын  қалыптастыруға 
бағытталған  елдің  стратегиялық  міндеттеріне  жауап  береді.  Алайда, 
Қазақстан  сияқты  көп  этносты  және  көп  конфессиялы  қоғамда 
этносаралық  ықпалдасу  және  саралау  ретінде  құндылықтар  мен 
нормалар  жүйесі  қалыптаса  алады.  Осы  айырмашылықтар  бейбітшілік 
пен  этносаралық  келісімнің  қазақстандық  үлгісінде  сақталатын  әр 
алуандықты  айқындайды.                     
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы 
ұлттық  идеясының  құндылықтары  қазақстандық  қоғамды  біріктіруші 
ретінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  құруда  негізін  
қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым 
мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылық-
тар [2].
Азаматтық  теңдік  әркімнің  еңбекке,  білімге,  денсаулықты  қорғау, 
әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз 
етіледі.  Бұл  қағидаттар  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық,  
әлеуметтік және білім беру  саясатын іске асыруға негізделген.           
Еңбекқорлық,  ғылым  мен  білім,  толеранттылық  құндылықтар 
ретінде  нормативтік  құжаттарда  ғана  емес,  халықтың  салт-дәстүрінде,  
мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде  қаланған.       
Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық 
пен  толеранттылық,  өзара  түсіністік  пен  өзара  көмек,    дәстүрлерді  
құрметтеу,  әділдік,  білімге  талпыну  мен  еңбексүйгіштік  сияқты  
қасиеттерден  қалыптасқан.  Аталған  қасиеттер  сол  немесе  өзге  де 
дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі  дәстүрлер,  
сенімдер,  өмір  салты,    шаруашылық  және    материалдық  мәдениетіне 
негізделген  нормалар  мен  ережелердің  қиылысуы  болып  табылатын  
оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады.          
Ұлттық  негіздер  адамдардың  рационалды,  иррационалды,  құн-
дылықты,  әлеуметтік  тәртібінің  санаттары  туралы  негізгі  ұғымдарды 
қалыптастырады.      
Ұлттық  негіздер    әртүрлі  халықтардың    осы  белгілері    қалай  сезілуі 
мен  іске  асырылуынан  көрінеді.  Бұл  айырмашылықтар  әр  халықтың 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетіндегі  айырмашылықтарды 
38

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
болжайды, себебі  қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап 
көрсеткендей,  «осында  [әртүрлі  этностық  топтар]  өзге  нысандары  ғана 
емес,  сонымен  қатар  өзге  түсінік  пен  сыбайлас  жемқорлықты  өзгеше 
қабылдау бар [3].
Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті 
қайталануына  байланысты  иррационалдық  деңгейде  жаңғыратын, 
ұтымды  тәртіп  нысандары  орныққан.  Олардағы  рационалды  өзекті 
анықтауға  тырысу  қоғамның  материалдық  және  рухани  мәдениеті 
негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине,  еңбек, білім,  теңдік 
пен толеранттылық  құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз 
оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын,  нысандарына қарсы тұрады.                   
Бұрын  көмегін  көрсеткен  адамға  көмек  көрсету  бірқатар  дәстүрлі 
мінез-құлық нормаларына жатқызылады 

 «асар» және басқалар, олар 
достық  немесе  туысқандық  қатынастар  негізінде  өзара  қолдау  мен 
көмекті  көрсетеді.    Бұл  –  жеке  бас  пайдасы  үшін  емес,  қиын  жағдайда 
көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.       
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  ұлттық  негіздері 
қоғамның  жалқаулық,    парақорлық,  ұрлық,  әділетсіздік  және  басқалар 
сияқты  кеселдерін  айыптау  нормаларында  көрінеді.  Мысалы,  әртүрлі 
этностардың  мақал-мәтелдерінде  халықтың  алақол  адамдарға  деген 
теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да,  ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен дос болсаң,  ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры  ұрлық  жасауын  қойса  да,  «ұры»  атауы  оның  қыр  соңынан 
қалмайды»,
«Арамдықпен еңбек ету,  тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген  табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);
«Арам жолмен келген игілік,  пайдалы болмас» (күрд мақалы);
«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады» 
(орыс мақалы).
Бұл  ретте  «ұрлық»  тура  және  жанама    мағынасында  да  түсініледі. 
«Ұрлық  жасау»  осы  байлықтың  шынайы  иесіне  айтпастан  еңбек  етпей 
баю дегенді білдірмей ме?   
Әлеуметтік  нормалар,  ар-ождан  мен  абырой  ұғымдары.  Әлеуметтік 
тіршілік иесі мен саналы  адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды 
деп  ойланады.  Оның  тәртібі  қоғам  белгілейтін  және  оның  тәртібін  
бақылау  функциясын  атқаратын  әлеуметтік  нормалармен  реттеледі. 
Қоғам  мен  адамның  мұндай  рухани  байланысы  ар-намыс  пен  абырой 
ұғымдарында білінеді. 
Ар-намыс  пен  абыройды  сақтау  мәселелері  қоғамдық  және  жеке 
сананың  әрдайым  ерекше  бақылауында  болды.  Ар-намыс  пен  адами 
абыройын  сақтау  –  көптеген  халықтың  шынайы  өмір  сүру  мәні.  Бұл 
қағидаттар  сақталып  және  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп,  осы  күнге  дейін 
өзінің  әлеуметтік  мәнін  жоғалтпаған  халық  нақылдарынан  көрінеді. 
39

ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Мысалы, 
«Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол»,
«Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы);
«Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы);
«Кедей болсаң да, арың таза болсын»,
«Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары);
«Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы);
«Өмірде  бір күн өмір сүрсең де  нағыз адам бол»,
«Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой  толық болса болғаны» 
(күрд мақалы);
«Көйлекті  жаңадан,  арыңды  жас  кезіңнен  сақта»,  «Абыройсыздық 
өлімнен  де  бетер»,  рақымды  сый-құрмет  байлықтан  қымбат»  (орыс 
мақалдары).
Ар,  намыс,  ұят 

  честь,  достоинство,  совесть  –  қазақ  жігіттері  мен 
қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық 
нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан 
етемін» [3, 151-б.].  Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты  және халықтың 
санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді.     
«Орталық  Азия  мен  Қазақстан  жағдайындағы  еңбек    ең  алдымен, 
мал  шаруашылығымен,  мақта  өсірумен,  жер  өңдеу,  бақша  өсіру,  
жібек  шаруашылығы,  халық  қолөнеріне  байланысты.  Атақты  егінші, 
ВАСХНИЛ  құрметті  академигі  Т.  С.  Мальцев  «тұрмыстық  мәдениет, 
халықтың  рухани  өмір  салты  мыңдаған  жылдардың  жер  өңдеу 
өркениетінен  туындаған.  Барлық  адамгершілік  канондары,  моральдық 
ұғымдар,  тіпті  тұтас  дәуірдің  көркем  талғамы  адамның  жер  анаға  – 
қара жерге деген қатынасына негізделген. Егінші мен  малшының қиын  
еңбегі,  нанға  құдайындай  қарау,  мақта  мен  малға  ұлттық  мақтаныш 
нысаны ретіндегі қатынас – осының бәрі балалардың бойында еңбекке 
және еңбек адамдарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі» деп әділ атап 
өткен  [4].
Ұлы  ойшыл  Абай  еңбекті  өз  игілігі  үшін  барлық  әлеуметтік  мәнінен  
айырылған  еңбек  ретінде  қарастырады.  Басқаның  игілігі  үшін  еңбек  
ету  –  адамның  борышы:  «өз  пайдасы  үшін  еңбек  ететін  адам  өзі  үшін 
жайылып  жүрген  малмен  тең;  адамдық  борышын  орындай  отырып, 
еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді» [5].
Халық  адал  еңбек  идеясын  адамға  табиғаттың  берген  бағалы  сыйы 
ретінде дәріптейді. Бұл ой  халық даналығында көрініс табады:
«Іскерге 

 нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы», 
«тер төгіп еңбек етсең, дәмді тағам ішесің» (башқұрт мақалы);
«Адалдық  пен  еңбек  сый-құрметке  жетелейді,  айла  мен  өтірік   
масқараға  жеткізеді»,  «Жақсы  еңбек  етсең  жаның  да  тыныш  болады», 
«Жұмыста  туғаның  болмайды»,  «Адал  еңбек  игілікке  әкеледі»  (қазақ 
мақалдары);
«Жас кезіңде – еңбек,  қартайғанда – зейнеті» (қырғыз мақалы);
«Еңбек етпесең қоянды да ұстай алмайсың» (татар мақалы);
«Өзенге  суды  көктем  құяды,  адамның  бағасын  еңбек  арттырады» 
(өзбек мақалы);
40

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
«Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд мақалы); «Ақ саусақ адам 
бөтеннің  еңбегін  жақсы  көреді»,  «Шеберлік  пен  еңбек  бәріне  қол 
жеткізеді», «Пеш емес, кең дала тойдырады» (орыс мақалдары). 
Білім  мен  ілім  көп  этносты  қазақстандық  қоғамның  әлеуметтік 
құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең 
ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік 
тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі.   
Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін  көрсете отырып,  
маңызды ақпарат береді,  ақырында  оның дамуына белсенді ықпал етіп,  
қайтадан практикаға қайтып келеді.   
Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде  ерекше 
орын  алады.  Білім  мен  еңбек  ажырамайды:  еңбекпен  білімге  қол 
жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан 
Қазақстан  этностарының  дүниетанымында  білім  байлық,  әлеуметтік 
капитал ретінде қабылданады: 
«Білім байлықтан  жақсы», «Алтынды іздеме,  білім алуға тырыс» (қазақ 
мақалдары);
«Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс қанатымен, адам 
білімімен  күшті»,  «ілім  тамыры  ащы,  ал  жемісі  тәтті  (орыс  мақалдары);
«Байлық  таусылады,  білім  азаймайды»,  «Ақыл-ойдан  артық  байлық 
жоқ» (өзбек мақалдары);
«Ілім  –  алтын:  шірімейді,  ал  байлық  –  қоқыс:  шіріп  кетеді»  (күрд  
мақалы).
Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың 
кеңдігі  мен  тереңдігі  және  оны  әлеуметтік  кесел  ретінде  қабылдау  
туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы  
онымен  күресуге  тырысады.  «Балық  басынан  шiридi» 

  «Рыба  гниет 
с  головы»,  «Адамды  билік/тақ  өзгертеді» 

  «Человека  кресло/власть 
портит», «Құдайын ұмытқан»  

 «Бога забыл», «Иманы жоқ» – «Креста на 
них нет».
Парақорлықты,  сатып  алу,  ұрлық  жасау  мен  сатқындықты  айыптау 
жазушылар  мен  ақындардың  шығармаларынан  табуға  болады.  Оның 
жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады.
Үшінші  қара  сөзінде    Абай  былай  дейді:  «...  әрі-беріден  соң  сырты-
мызға  шықты,  жауластық,  дауластық,  партияластық.  Осындай  қастарға 
сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, 
қызметке болыстық,  билікке  таластық» [5, 144-б.].
Одан  әрі  бесінші  сөзінде  халықтың  әрекетсіздігіне  қынжылады: 
«Әйтеуір  ұрлық,  қулық-сұмдық,  тіленшілік,  соған  ұқсаған  қылықтың 
қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен... 
Бұлардың  жас  баланың  ақылынан  несі  артық?  <...>  Жас  бала  ұялса, 
жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. [5, 149- 
150-бб.].  Осындай  кәдімгі  сыбайлас  жемқорлықтың  себептерінің  
бірі  ретінде  ұлы  ақын  кедейшілік  және  пайдакүнемдік  пен  атақ 
құмарлықтан көреді.
Бұл  жерде  бір  ғана  жол  бар 

  білім  мен  еңбек:  «Ғылымсыз  ахирет 
те  жоқ,  дүние  де  жоқ.  Ғылымсыз  оқыған  намаз,  тұтқан  ораза,  қылған 
41

ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
хаж,  ешбір  ғибадат  орнына  бармайды.  Ешбір  қазақ  көрмедім,  малды 
иттікпен  тапса  да,  адамшылықпен  жұмсаған.  Бәрі  де  иттікпен  табады, 
иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы 

 сол үшеуінен басқа ешнәрсе 
бойында  қалмайды»  (оныншы  сөз)  [5,  143,  144,  161-бб.].  Отыз  жетінші 
сөзінде ол  осы екі  қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары 
бағалатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен 
асқан  қара  артық;Сақалын  сатқан  кәріден,  Еңбегін  сатқан  бала  артық.  
[5,  212-б.].  Ашкөздік  пен  еңбексіз  баюды  айыптау,  еңбек  пен  оқу- 
білімге  шақыру  алыс  және  көрші  халықтардың  батырлары  туралы 
тарихты  кеңінен  тарату  арқылы  даладан  далаға  берілетін.  Ұлы  Абай 
Шығыстың  көптеген  халқына  танылған  және  халық  ауыз  әдебиетінде 
ойып  тұрып  орын  алған  грек  қаһарманы  Александр  Македонскийге 
арнаған «Ескендір» поэмасында былай деп жазады [5, 257-б.]:
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен? 
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер. 
Өзінің  басқа  «Масғұт»  поэмасында  Абай  былай  дейді:  «Еңбексіз  
мал  дәметпек  –  қайыршылық,  Ақылды  ерге  ар  болар  ондай  қылық.»  
[5, 261 -б.].  
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  элементтерін  халықтың 
өзі  шығарған  шығармаларда  –  халық  ертегілерінен  табуға  болады. 
Ертегі  –  халықтың  арманы,  оның  керемет  қоғам  туралы  елесі.  Ертегі-
лердің  көпшілігінде  халыққа  тән  адамгершілік  белгілері:  отанына 
деген  сүйіспеншілік  және  оның  қорғау,  батырлық,  зұлымдықпен 
күресу,  еңбексүйгіштік  және  әділдік,  адалдық  пен  достық,  білім  мен 
шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психо-
логиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді. 
«Сондай-ақ  халық  ертегілерінде  басты  персонаж  ретінде  жануар- 
лар  –  жылқылар,  түйелер,  ешкілер,  қойлар,  бүркіттер  алынады,  қоғам-
ның  материалдық  өмір  жағдайларына  байланысты.  Үй  жануарлары  
образында  әдеттегідей,  адам  сияқты  сөйлейді,  халық  аллегориялық 
нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды» [4].
Қасқыр  персонажы  көптеген  ертегілерде  дөрекі,  қатал  адаммен, 
қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен 
ұқсастырады.  Мысалы,  «Қаңбақ  шал  мен  түлкі»  қазақ  ертегісіндегі 
шалдан  күн  сайын  балығын  тартып  алатын  және  біреудің  еңбегімен 
күн  көретін  түлкі  айлакерлік  пен  сараңдықты  сипаттайды.  Аралар  мен 
құмырсқалар  (кейбір  ертегілерде  есектер  мен  түйелер)  еңбекқор 
адамның  прототипі  және  оқырман  немесе  тыңдаушының  нақты  
өмірде  еңбекке  және  еңбекшілерге  құрметін  тәрбиелеп,  жалқаулық, 
ақымақтық пен көргенсіздікті  мазақтайды.  
Көріп  отырғанымыздай,  ұлттық  мәдениет  адамдарды  адамгер-
шілік  тазалығы  мен  арына,  әділдікке,  адалдыққа,  парасаттылыққа, 
сатылмаушылыққа шақырады. Ол  әрқашан да  парақорлықты,  ашкөздікті 
әдепсіз  құбылыс,  әділдікті,  моральдық  адамгершілік  нормаларын  бұзу 
ретінде  айыптайды.  Бұған  дәлелді  Абайдың  «қара  сөздерінен»  табуға 
42

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
болады,  ол  өз  халқына  қызмет  етудің  маңыздылығын  атап  өтеді.  Бұл  
ретте  қызмет  адал,  риясыз  болуы  тиіс.  Адал,  әділ,  алдамайтын 
еңбек,  жоғары  идеалға  қызмет  ету  –  діншіл  іс.  Ар-ождан,  адалдық, 
сатылмаушылық  –  адамшылықтың,  ізгіліктің  негізі,  ол  қазіргі  заманғы 
адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады. 
Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның 
рухани  кемелденуі  мен  жетілуінің  негізі  ретінде  қазіргі  қоғамда 
сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, 
әрбір  азамат    тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәртібінің  негізі  
ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс. 
Қазір  мемлекеттік  қызметте  қарапайым  орындаушылық,  кәсіби 
құзыреттілік  жеткіліксіз.  Барған  сайын  ар-ұяттылық,  әдептілік,  адалдық 
сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.
Тірек  сөздер: 
ділдік,  құндылық,  еңбек,  білім,  дәстүр,  ар-намыс, 
абырой. 
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай? 
Ол неден көрінеді?
2.  Ұлттың салт-дәстүрлері сыбайлас жемқорлықтың таралуына  қарсы 
тұра алады ма, бұл үшін не істеу қажет?
3.  Сыбайлас  жемқорлықтың  этностық  тамыры,  мәдени  алғышарттары 
бар ма?
4.  Біздің қоғамда ар-ұяттылық пен әдептілік қалай бағаланады?
5.  Халықтың  дәстүрлеріне  құрметтеу  сыбайлас  жемқорлық  көрінісі 
болып табыла ма?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1.  Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет аясында тәрбиелеу.
2.  Мемлекеттік  қызметте  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәртіпті  ынталан- 
дыру тетіктері.
3.  Қазақстан  қоғамының  ұлттық  мәдениетінде  сыбайлас  жемқорлыққа 
төзбеушілік.
4.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыруда  ұлттық  мента-
литеттің рөлі.
Әдебиет
1.  Туфан З. Религия в системе духовной культуры: учебное пособие. – Алматы: 
ВШП «Әділет», 1999. – 106 с.
2.  Назарбаев  Н.Ә.  Баршаға  бірдей  осы  заманғы  мемлекет:  Бес  институттық 
реформа:  «Нұр  Отан»  партиясының  XVI  съезіндегі  баяндама  //  Егемен 
Қазақстан. 2015. 12 наурыз.
3.  Савинов  Л.  В.  Коррупция  как  ментальность  нации  и  этноса.  http://www. 
justicemaker.ru/view-artide.php?id=15&art=2247, 10.04.2015.
4.  Калыбекова  А.  Народная  мудрость  казахов  по  воспитанию.  Изд.  3-е.  – 
Алматы: БАУР, 2011. – 512 с.
5.  Измайлов  А.  Э.  Народная  педагогика:  педагогические  воззрения  народов 
Средней  Азии  и  Казахстана.  http://bibliotekar.kz/narodnaja-pedagogika- 
pedagogicheskie-voz/2-trudovoe-vospitanie-serdcevina-narodno.html, 
10.04.2015.
6.  Абай. Книга слов. Поэмы. – Алматы: Ел, 1993.
43
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет