Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері


§ 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор-



жүктеу 3.9 Kb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата02.05.2017
өлшемі3.9 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§ 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. 
Қоғамдық  сананың  әртүрлі  нысандары  бар,  олардың  көмегімен 
адамдар  оларды  қоршаған  табиғатты,  қоғам  мен  өздерін  сезінеді. 
Моральдық  (адамгершілік)  саяси,  құқықтық,  эстетикалық,  діни  сана 
болып бөлінеді. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана»  ұғымы  қоғамдық  сананың 
барлық    нысандарын  қамтиды.  Бұл  интегративті  ұғым,  себебі  ол  өзіне 
әртүрлі  ғылым  саласынан  ақпаратты  сіңіреді,  әртүрлі  оқу  пәндерінде 
зерделенеді  және  ол  туралы  білімді  тұжырымдауда  зерттелетін 
құбылысты түсінудің жаңа  деңгейіне шығады. 
Осылайша,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана  қоғамдық  сананың 
өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық 
санаға тән барлық қасиеттер және  сипаттамаларды меңгереді. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана  –  бұл  адамдардың  сыбайлас 
жемқорлыққа    әлеуметтік  зұлымдық  ретіндегі  қатынасын  білдіретін 
ұғымдар,  теориялар,  түсініктер  мен  сезімдердің,  көзқарастар  мен 
эмоциялардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
туралы»  Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды 
атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік 
берілген  адамдардың,  оларға  теңестірілген  адамдардың,  лауазымды 
адамдардың  жеке  мүдделері  мен  олардың  лауазымдық  өкілеттіктері 
арасындағы  қайшылық,  мұндай  жағдайда  осы  аталған  адамдардың 
жеке  мүдделері  олардың  өздерінің  лауазымдық  өкілеттіктерін  тиісінше 
орындамауына әкеп соғуы мүмкін»  деп айқындалады [1].
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сананың  ерекшелігі  оның  барлық 
көрінісінде  мүдделер  қақтығысына  жағымсыз,  төзбеушілік  қатынастың 
призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. 
Ол  жалпыға  міндетті  мінез-құлық  нормаларын  белгілеуді  талап  етеді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке 
жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың 
шегін  көрсетіп  береді.  Ол  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мінез-
құлықты  қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, 
құқықтық  шараларды  талап  етеді.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  
санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық 
және  құқықтық  міндеттерді  орындауға  қатаң  бақылау  талабы  тән. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші,  
бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сананың  танымдық  функциясы 
(гносеологиялық)  әлеуметтік  зұлымдық  ретінде  сыбайлас  жемқорлық 
туралы  білімді    жинақтау  және  оның  негізінде  адами  өзара  қарым-
қатынастар  әлемін  одан  әрі  пайымдау  мүмкіндігінен  тұрады.  Реттеуші 
функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
12
құндылықты  бағдарлар  арқылы  қоғамдық  қатынастардың  реттеушісі 
болады. Осы реттеудің нәтижесі – сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға  
нөлдік төзімділік болады. 
Бағалау  функциясы  өмірлік  тәжірибе  мен  практика  негізінде  
әлеуметтік  өмірдің  әртүрлі  жағы  мен  құбылыстарына  тұлғаның 
белгілі  бір  эмоционалдық  қатынасынан  көрінеді.  Моральдық  және 
құқықтық  нормалар,  моральдық-құқықтық  жүйенің  басқа  элементтері 
бағалау  объектісіне  айналады.  Бағалау  функциясы  тұлғаның  сыбайлас 
жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және 
этикалық  кодекске,  құқық  пен  заңнамаға,  құқық  қорғау  органдарына, 
азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады.        
Болжамдық  функция  моральдық-құқықтық  жүйенің  болашақтағы 
жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен 
тұрады. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  сана  сияқты  рухани  мәдениеттің  интегративті  нысаны  болып 
табылады. 
Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, 
әлеуметтік  деп  айқындалатын  барлығының  қалыптасуы  мен  дамуында 
атқаратын рөлі де бар. 
Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар 
емес,  олардың  жиынтығы,  сомасы  емес,  керісінше    тұтастық  ретінде 
алынған  құндылықты  элементтер.  Мәдениет  сана  феномені  ретінде 
тұтастықты  білдіреді.  Мәдениет  –  пассивті,  қажетсіз,  жүзеге  аспаған 
білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, 
оның  негізінде  өзара  іс-қимыл,  өзара  өту  және  білім,  білік-дағдының, 
тұлғаның  құзыретінің,  оның  сенімінің,  ақпараттық,  сезімдік  және  күш-
жігер компоненттерінің түйісу жатыр.          
Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің 
маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі 
ретінде  еңбек,  саяси,  этикалық,  эстетикалық,  адамгершілік  және  басқа 
мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, 
ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады. 
Мәдениет  жүйесінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет 
айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен 
ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  өз  мазмұнына  мәдениет-
тердің  барлық  қалған  түрлерінің  элементтерін  қамтиды,  бұл  олардың 
тұтастығының  жалғыз  субъектісі  ретінде  адамның  өзінің  табиғатымен 
байланысты.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  ерекшелігі 
мәдениеттердің  барлық  түрлерімен  өзара  байланыста  ғана  емес. 
Оның  мазмұны  бірінші  кезекте  құқық  пен  адамгершілікті  қамтиды. 
Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы 
тығыз  байланыстың  барын  белгілейді,  олардың  өзара  толықтырушы 
рөлін атап өтіп, күшейтеді.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  –  бұл  адамның  саналы 
және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті. 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
13
Осындай  адамның  мазмұны  құқықтық  мәдениет  болып  табылатыны 
маңызды. 
Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны 
негізінен  құқықтық  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  толықтай  құқықтық  мәдениетке 
апару  дұрыс  емес.  Құқықтық  мәдениет  мысалы,  адамгершілік,  саяси 
мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі 
ғана.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  –  бұл  жаппай  сана  және  
оның  жекелеген  элементтері  емес.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
мәдениет  –  сыбайлас  жемқорлықты  қабылдамау  негізінде  жататын 
осы  жүйемен  тіпті  сәйкес  келмейтін  құндылықтар  жүйесі.    Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  –  адамгершілік  пен  азғындық  (орынды 
және  орынсыз,  мейірімділік  пен  зұлымдық,  пайдалы  және  пайдасыз), 
құқықтық  және  құқықтық  емес,  ақылды  және  ақымақтық,  тамаша  
және  бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  адамның  жоғары  мораль-
дық,  құқықтық,  саяси  және  басқа  мәдениеттер  негізінде  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық-
қа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін 
иеленеді,  оны  әлеуметтендіру  процесінде  қоғамның  барлық  әрекетке 
қабілетті мүшелері игеруі тиіс. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  Қазақстан  
Республикасының  Заңында  «сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 
қалыптастыру»  ұғымы  «сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін 
құндылықтар  жүйесін  сақтау  және  нығайту  бойынша  өз  құзыреті 
шегінде  жүзеге  асыратын  қызметі»  деп  түсініледі.  Сондай-ақ  ол  білім 
беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені 
арқылы жүзеге асырылады. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  білім  –  тұлғаның  адамгершілік, 
зияткерлік,  мәдени  тұрғыдан  дамуы  және  сыбайлас  жемқорлықты 
қабылдамаудағы  белсенді  азаматтық  ұстанымын  қалыптастыру 
мақсатында  жүзеге  асырылатын,  тәрбиелеу  мен  оқытудың  үздіксіз 
процесі».
«Ақпараттық  және  ұйымдастырушылық  қызмет  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу,  әлеуметтік  маңызды 
іс-шараларды,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 
мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырысты  және  Қазақстан  Республикасының  
заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске 
асырылады» [1].
Тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  мәдениетін  қалыптастыру 
мынаны  көздейді: 
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъек-
тілері,  нысандары  мен  түрлері,  іске  асыру  салалары,  қоғам  өмірінің  
барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық  сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
14
–  қоғам  мүшелерінің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мінез-құлық 
уәжін ынталандыру;
–  мүдделер  қақтығысының  барлық  көріністеріне  төзбеушілікті 
қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру 
және  осының  негізінде  сыбайлас  жемқорлықты  еңсеру  бойынша 
құзыреттерді дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл 
ретте  «сыбайлас  жемқорлық»  сөзінің  өзін  қабылдамау,  адамгершілік 
тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;  
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрмет-
темеуді  білдіретін  құқықтық  нигилизмді  жою  (латынша  nihil  –  ештеңе);
– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамта-
масыз ету. 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  Қазақстан  
Республикасының  Заңында  «сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-
қимыл»  ұғымының  мазмұны  «сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
субъектілерінің  өз  өкілеттіктері  шегіндегі  сыбайлас  жемқорлықтың  
алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-
ті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға 
ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, 
сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарды  анықтау, 
жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою 
жөніндегі қызметі» ретінде ашылады. Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын  
алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын 
алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды 
зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі» [1].
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  нақты  әлеуметтік  жүйенің 
тыныс-тіршілігін  қамтамасыз  етуге  бағдарланған,  сондықтан  оның 
түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі – оның барлық 
адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, 
экологиялық,  әлеуметтік-психологиялық  аспектілерінде,  байланыстары 
мен көріністерінде болжай білу болып табылады. 
Әлеуметтілік,  әлеуметтендіру  сияқты  адамгершілікті  қолдау  мемле-
кеттің  қызметіндегі  институттардың,  құқықтың,  тетіктердің,  тәртіптің, 
рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік 
біртектіліктің ерекше мәні бар.
Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де  маңызды. 
Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның 
өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, 
оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін  жоя отырып, оған  қарсы 
күресте жандандырған жөн.
Қоғам  мүшелерінің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеті 
социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, 
қоғамның  кез  келген  құрылымдық  деңгейінде  сыбайлас  жемқорлық 
құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын  айқындайды. 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
15
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәрбиелеуде  заңнаманың  сапасы, 
құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың 
құқықтары,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  сотта  қорғау  да 
маңызды.  Моральдық-құқықтық  қағидаттарды  білу  мен  ұтымды 
конформистік сенімдерді үйлестіру – қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуат-
ты факторы. 
Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас 
жемқорлықтың  тұрақсыздандыру  күшін  сезіну  дәрежесіне  байланысты 
екенін белгілеуге болады. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  міндеті  –  сыбайлас 
жемқорлыққа  нөлдік  төзімділікті  білім  алушы  жастардың  азаматтық 
позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға 
берік  иммунитетті  нықтау,  оларды  жария  түрде  жоққа  шығару  болып 
табылады.
 
Тірек  сөздер: 
сыбайлас  жемқорлық,  мүдделер  қақтығысы, 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  сана,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл,  сыбайлас 
жемқорлықтың  алдын  алу,  адамгершілік    мәдениет,  сыбайлас 
жемқорлық мінез-құлық себептері.
ПІКІРТАЛАС  ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?
2.  Адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымындағы орны 
қандай?
3.  Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны.
4.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» және «сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы мәдениет» ұғымдары
5.  «Сыбайлас жемқорлық сана» және «сыбайлас жемқорлық мәдениет» 
ұғымдарының теориялық мазмұны олардың күнделікті қолданылуына 
сәйкес келе ме?
6.  Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары.
7.  Қоғамның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетінің  жағдайын 
талдаңыз.
Рефераттардың үлгілік тақырыбы
1.  «Сыбайлас  жемқорлық»,  «парақорлық»,  «қызметтік  жағдайын  асыра 
пайдалану» ұғымдары: олардың айырмашылықтары мен  ұқсастығы.
2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәждемесі.
3.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана  және  оның  қазіргі  жағдайлардағы 
ерекшеліктері.
4.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың  және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы мәдениеттің өзара байланысы.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
16
Әдебиет
1.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының  
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz
2.  Алексеев  С.  В.  Коррупция:  социологический  анализ  /  под  ред.  
О. В. Бондаренко. – Шахты: Изд-во ЮРГУЭС, 2008. – 270 с. 
3.  Антикоррупционная политика: учебное пособие / под ред. Г. А. Сатарова. – 
М., 2004. – 368 с.
4.  Дамаскин  О.  В.  Коррупция:  состояние,  причины,  противодействие.  –  М.,  
2009. – 304 с.
5.  Добреньков  В.  И.,  Исправников  Н.  Р.  Коррупция:  современные  подходы  
к исследованию. – М., 2009. – 207 с.
6.  6.  Ожегов  С.  И.,  Шведова  Н.  Ю.  Толковый  словарь  русского  языка.  –  М.: 
Изда-тельство «Азъ», 1992.
7.  Мемлекеттік  қызмет  туралы:  Қазақстан  Республикасының    1999  жылғы 
23  шілдедегі  №  453-І  Заңы  (2014  жылғы  28  қарашадағы  жағдай  бойынша 
өзгерістері және толықтыруларымен).
8.  Назарбаев  Н.  А.  Нұрлы  жол  –  Болашаққа  бастар  жол:  Қазақстан 
Республикасының  Президентінің  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауы.  
2014 жылғы 11 қараша // adilet.zan.kz.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
17
§ 3. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде 
Сыбайлас  жемқорлық  қоғамдық  өмірдің  құбылысы  ретінде. 
Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі 
бір  әлеуметтік  жағдайларда  қалыптасуы  мен  өзгеру  динамикасынан 
бөліп  қарастыруға  болмайды.  Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар,  
оларды  тергеу,  кінәлілерді  жауапкершілікке  тарту  –  мамандардың  ісі, 
бірақ  осы  жұмыстың  нәтижелері,  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдің 
туындау  себептеріне  қатысты  еліміздің  әрбір  азаматының  өзіндік 
жеке  пікірі  болуы  тиіс.  Ол  өзінің  жеке  бағдарларын,  адамгершілік 
ұстанымдарын,  діни  идеяларын  басшылыққа  алуы  тиіс,  сондықтан  
оның  сыбайлас  жемқорлық  пен  оның  көріністері  туралы  түсінігі 
нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін. 
Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық 
қоғамдық  айыптауды  туындатады,  алайда  әртүрлі  әлеуметтік  топтарда 
оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық 
фактілерімен  ұшырасқан  әрбір  адам  оны  азамат  пен  мемлекет  өкілі 
арасындағы  өзара  қарым-қатынаста,  азаматтардың  өз  арасында  және 
бизнес  саласында  орын  алмауы  тиіс  қоғамдық  зұлымдық  ретінде 
бағалайды.
Моральдық  нормалар  мен  олардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
тұрудағы  рөлі.  Адамзат  өркениеті  тарихында  діни  ілімге  негізделген 
мораль  нормалары  тұлғаның  қалыптасуында  маңызды  рөл  атқарады. 
Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас 
жемқорлыққа  деген  қатынасы  бойынша  ұстанымына  байланысты.  Ол 
оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты 
қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс 
ретінде қабылдайды. 
Сыбайлас  жемқорлық  қоғамдық  зұлымдық  ретінде  қоғамға 
ыдыратушы  ықпал  етеді.  Әсіресе  бұл  адамдардың  қылмыстық    мінез-
құлқын,  сыбайлас  жемқорлық  фактілерін  Интернет  желісіне  қол 
жеткізетін  тіпті  оқушылардан  жасыра  алмайтын  қазіргі  ақпараттық 
технологиялар  ғасырында  қауіпті.  Жастарды  тәрбиелеудегі  кемшіліктер 
мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал 
үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі.  
Сыбайлас  жемқорлық  дендеген  адамдардың  адуындығы  мен 
арсыздығы,  олардың  қылмыстық  қызметінің  нәтижелері  адамгершілік 
құндылықтарының  құнын  жояды  және  қоғамның  адамгершілік 
ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық 
мінез-құлық  нормаларын  сақтау  қажетті  жағдайлар  кешенін  білдіреді. 
Осы  құрамдас  бөліктерсіз  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет 
қалыптаса  алмайды  және  мемлекеттік  жазалау  саясаты  пәрменді  бола 
алмайды.
Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының 
құқықтық  тыйымдар  немесе  қылмыстық  аңду  қаупіне  қарағанда  әсері 
көп.  Мораль,  оның  жазылған  және  жазылмаған  заңдары  болмауы  тиіс 
салаларға  «ақша»  ережелерін  енгізуге  қарсы  тұра  алады,  анықталуы 
бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
18
алмайды:  құрмет,  лауазым,  дәреже  және  көптеген  басқалар,  олардың 
қоғам  алдындағы  құндылығын  түсіруі  мүмкін.  Сыбайлас  жемқорлықты 
елдегі  адамдар  әділетсіздік  деп  негізді  түрде  қабылдайды.  Бұл  жерде 
әрбір  адам  өздері  байқайтын  болмысты  оның  санасында  қалыптасқан 
тәрбие  мен  идеологиялық  ұстаным  негізінде  адамгершілік  тұрғысынан 
бағалайтынын тағы да атап өткен жөн. 
Егер  адамгершілік  ережелердің  кешені  жұмыс  істемесе,  қоғам 
азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль 
тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. 
Адамгершілік  және  қылмыстық  идеология  қақтығысы.  Сыбайлас 
жемқорлықтың  жағымсыз  қоғамдық  құбылыс  ретіндегі  ерекшелігі 
қоғамдық  процестер  өзгерісінде    өте  жылдам  қозғалғыш  келеді,  оның 
қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық 
шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек 
(индекс  CPI)  [2],  кез  келген  мемлекет  қылмыстық  идеологияны  тарату 
проблемасына  ұшырасады.  Ең  қауіптісі  белгілі  бір  топтардың  бай  тап 
өкілдерінің  санасында  тоғышарлық  элементтерінің  тамыр  жаюымен 
сән-салтанатта  өмір  сүретін,  шамадан  артық  тұтынуға  ұмтылуын  жете 
бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың 
санасында  өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен 
құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған 
рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше, 
адамның  қайырымды  өзін-өзі  шектеуіне  сенбеушіліктің  жемісі  деп  
атаған [3, 186

б.].
Адамдар  бұны  жақсы  түсінеді,  демек,  сыбайлас  жемқорлық  және 
оның көріністері дегеніміз не, олардың болашағына және жас ұрпақтың 
болашағына қандай қауіп төндіреді жөнінде ойланады.
Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық: 

  қоғамдық  санаға,  тұрмыс  пен  қызметтік  жұмысқа  терең  тамыр 
жайған зұлымдық;

 билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті;

  адамгершілік  мінез-құлық  шектеулері  жоқ,  бірақ  қоғамдық 
процестерге  кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы 
сияқты көрінеді.
Адамдардың  позитивті  адамгершілік  бағдары  болатын  мінез-құлық 
ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар – олардың қайда пайда 
болғанына,  қандай  формацияда  тамыр  жайғанына  және  әлеуметтік 
норма  белгілерін  қашан  иеленгеніне  қарамастан  тарихи  тәжірибенің 
нәтижесі болып табылады. Мысал ретінде әрбір совет оқушысы жаттап 
алған екі цитатаны келтірейік: 
1. «Ғылымда даңғыл жол жоқ, шаршағаннан қорықпай  оның тастақ 
жерлеріне өрмелейтіндер ғана оның  шырқау шыңына жетеді» (К. Маркс);  
2.  «Адамзат  жасаған  барлық  байлықты  білу  арқылы  өз  біліміңді 
байытқанда ғана коммунист бола аласың» (В. И. Ленин). 
Бұл  сөздердің  өнегелік  құндылығы  бұқара  санасында  айқындаушы 
орын алады, яғни бұрындары олар қарапайым ұран ғана болған. Оларды 
адамдар  ұстанып,  жастар  тәлім-тәрбие  алатын,  ал  еңбектік,  партия, 
өндірістік тәртіпті бұзу ауыр моральдық шығындарға әкелетін. 

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
19
Адамгершілік  бастаулары  тамыр  жайған  қоғамда  заңдар  сақталады, 
жемқор  өзін  қолайсыз  сезінеді,  оның  іс-әрекеті  шектелген  және  өзінің 
қылмыстық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыра  алмайды.  Басқаша  айтқанда, 
мораль  (қолданыстағы  мінез-құлық  ережелерінің  жиынтығы  ретінде) 
және  жоғары  өнегелі  орта  жемқордың  қылмыстық  іс-әрекетін  аса 
қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары 
жеткіліксіз.  Сот  тағайындайтын  жазаның  қаталдығы  мен  жұрт  алдында 
тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған 
қарапайым  сұрақтарға  жауап  табуы  тиіс.  Өзі  байқаған  нәрседен  адам 
сыбайлас  жемқорлыққа  және  оның    қоғам  өмірі  мен  өзінің  өмірлік 
қағидаттарына  жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе 
ғылыми  зерттеулерге  ғана  сүйенбеуі  тиіс.  Адамдардың  сыбайлас 
жемқорлық  туралы  моральдық  құндылықтар  негізінде  қалыптасатын 
түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет 
қарапайым  адамдардың  «мемлекет»  және  «сыбайлас  жемқорлық 
билік»  ұғымдарын  теңдестіруіне  жол  бермеуі  тиіс.  Егер  соңғысы  
бұқара  халықтың  санасында  тамыр  жайса,  онда  сыбайлас  жемқорлық 
мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды. 
Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша 
сипаттайды: 

 өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;
– 
азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын 
тоқтатуының бір себебі;

 ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға 
сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;

  мемлекеттің  құрылысына,  өнегелік  құндылықтарына  қол  сұғатын 
және  бұқара  санасына  жалған  құндылықтарды  енгізу  үшін  жағдайлар 
жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;

 заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір. 
Сыбайлас  жемқорлықты  жағымсыз  құбылыс  ретінде  қабылдай 
отырып,  оның  әртүрлі  көріністерін  зерттей,  сыбайлас  жемқорлықтың 
алдын  алу  бойынша  әдістерді  әзірлей  отырып,  мемлекет  жүргізетін 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң 
нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы 
дәлел  бола  алады.  Оң  өзгерістер  туралы  ауыз  ашпау  адамдардың 
құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.
Тірек  сөздер: 
сыбайлас  жемқорлық,  өнегесіздік,  ымырасыздық, 
арамдық, мансапқорлық, ашкөздік.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Сыбайлас  жемқорлық  феномені  не  себепті  құқықтық  кеңістіктен 
бөлек зерттелуі тиіс?
2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған тәрбие жұмысын 
қалайша жүргізген жөн? 
3.  Адамгершілік  құндылықтардың  қоғам  өміріндегі  рөлі  қандай  және 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
20
олар  мемлекеттік  қызметтегі  адамның  мінез-құлқына  қалай  ықпал 
ете алады? 
4.  Жемқорды  қалай  және  қандай  белгілері,  мінез-құлық  актілері 
бойынша анықтауға болады?
5.  Нақты  мемлекеттік  органдарда  (құқық  қорғау  органдарында, 
денсаулық сақтау, білім беру) сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері 
қандай?
6.  Сыбайлас  жемқорлық  іс-әрекет  жасаған  адамға  не  шешуші  ықпал 
жасайды: заңдық жауапкершілік, беделін жоғалту немесе қоғамдық 
айыптау?
7.  Діндар  адам  саналы  түрде  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасай 
алады ма?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары:
1.  Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы  және сыбайлас жемқорлық  
мінез-құлық ретінде.
2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде реттеуші рөл атқара алатын 
діни  және өзге моральдық нормалар.
3.  Өнегелік және сыбайлас жемқорлық антипод ретінде.
4.  Сыбайлас жемқорлықтың  және оның көріну нысандарының  себептері.
5.  Сыбайлас  жемқорлық    жеке    және  қоғамдық  сананың  бұзылу  нәтижесі 
ретінде.
6.  Өзгермелі  қоғамдық  жағдайларда    сыбайлас  жемқорлықтың  бейімділігі.
7.  Сыбайлас  жемқорлықтың  әлеуметтік  ортасы  мен  сыбайлас  жемқорлық  
дендеген қоғамдастықта жазылмаған мінез-құлық ережелері.
8.  Өмір  сүру  салтын    қылмыстандыру  –  сыбайлас  жемқорлықтың  әлеуметтік 
серіктесі.
9.  Сыбайлас  жемқорлық  туралы  әлеуметтік  түсінік  және  оны  қабылдау 
стереотиптері.
10. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты бағалаудағы қосарлы стандарттар.
Әдебиет
1.  Большой юридический словарь / под ред. А. Я. Сухарева и В. Е. Крутских. 
– 
2-е издание, перераб. и дополн. 

 М., 2001. 

 704 с.
2.  Индекс  восприятия  коррупции  (англ.  Corruption  Perceptions  Index,  CPI) 

 
ежегодный рейтинг государств мира, отражающий оценку уровня восприятия 
коррупции  аналитиками  и  предпринимателями  по  десятибалльной  шкале. 
Составляется  компанией  «Transparency  International»  с  1995  года.  https:// 
ru.wikipedia.org. 

 5 сентября 2015 года.
3.  Борохов Э. Мысль в слове. – М., 2004. – 589 с.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет