Қшр және ошр оқытуда коммуникативтік әдістемелік ұстанымның жүзеге асуы



жүктеу 51.41 Kb.

Дата16.04.2017
өлшемі51.41 Kb.

ҚШР  және  ОШР  оқытуда  коммуникативтік  әдістемелік  ұстанымның 

жүзеге асуы 

 

Торохтий Л.С. доцент, Саденова А.Е. 

ф.ғ.д. доцент. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы         

білім беру дайындығы кафедрасы 

Қазақстан, Алматы қ. 

 

 

 

Данная  статья  посвящена  изучению  процесса  речевого  общения  как 

одного  из  аспектов  преподавания  русского  и  казахского  языков  как 

иностранного.   

 

The article is devoted the process of speech intercourse as one of aspects in 

teaching Russian and Kazakh as foreign languages.  

 

 

Коммуникативтік  сөйлеу  үдерісі  –  бұл  қазақ  және  орыс  тілдерін  шет 



тілі  ретінде  оқытудағы  ерекшеліктермен  байланысты  лингвистикалық, 

сондай- ақ, педагогикалық күрделі мәселелердің кешені.   

 

Көптеген дидактикалық тұжырымдамалардың негізгі бастамасы болған 



және  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  нәтижелі  түрде  жүзеге  асатын 

коммуникативтік  ұстаным  арқылы  белгілі  бір  дәрежеде  тіл  білімі  мен 

әдістеменің  байланысы  нығайтылып,  оқыту  үдерісінің  коммуникативтік 

түрлеріне  қызығушылық  артты.  Сондықтан  теориялық  тіл  білімі  мен  тілді 

оқыту  тәжірибесі  алдында  коммуникативтік  сөйлеу  мәселесіне  көп  көңіл 

бөлінеді.  

 

Тілдік қатынас жасау өте күрделі үдеріс. Ол адамның тек қана сөйлеуін 



ғана емес, ойлау қызметін де қарастырады. Қазақ және орыс тілдерін шет тілі 

ретінде  оқытудың  мақсаты  тіл  құралдары  арқылы  ойды  жеткізудің 

шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру.  

Сөйлеу, сөзді қолдану ережесіне ғана үйретіп қоймай, сондай-ақ ойды 

құрауға және құрастыруға үйрету. Мұндай жағдайда өз ойын айта алатын тіл 

үйренуші - субъект басты назарға алынады.   

 

Оқытудың  коммуникативтік  бағыты  әдістемелік  және  педагогикалық 



қызметтің барлық жағын анықтайды.  

 

Алдымен  оқытудың  жоғары  уәждемесін  құру  ұсынылады.  Алғашқы 



сабақтан  бастап,  тіл  үйренушіге  белсенді  түрде  практикалық  сөйлетуден 

бастау  керек.  Мысалы,  оқыту  үдерісінде  түрлі  жаттығу  жұмыстарының 

түрлері  қолданылады: ойын жағдаяттары, ребус, сөзжұмбақтарды шешу т.б. 

Бірақ  жаттығу  жұмыстары  таза  механикалық  сапада  болмауы  тиіс,  олар 

коммуникативтік  болуы  керек.  Тіл  үйренушінің  ұсынылған  материалға 

белсенділігін  арттырып,  әсіресе,  қабылдаудың  жеке  психологиялық 

аспектілеріне назар аударған жөн.  


 

Коммуникативтілік  шынайы  тілдесу  тұрғысынан  фонетика,  лексика, 

морфология,  синтаксис  секілді  тілдің  түрлі  аспектілерін  оқытуды 

қарастырады.  Кез  келген  тілдік  құбылыс  оқу  үдерісіне  коммуникативтік 

қажеттілік пайда болғанда ғана қосылады.  

 

Сонымен  оқытудың  коммуникативтік  бағыты  оқытушының  тіл 



үйренушімен  сөйлесудегі  әрбір  сөйлеу  актісіне,  тілдесуде  коммуникативтік 

болып  табылатын  оқытудың  коммуникативтік  бірлігіне,  тіл  үйренушінің 

жіберген  қатесін  жөндеуіне,  шынайы  сөйлеу  жағдаятын  мақсатты  түрде 

қолдануына  және  оқытудың  жоғары  уәждемесінің  құрылуына  көңіл  бөлуін 

көрсетеді.  

 

Қазақ және орыс тілдерін оқытудың  алғашқы кезінен бастап шетелдік 



тіл  үйренуші  бірнеше  ортада  тілдесе  бастайды.  Олардың  қатарында 

әлеуметтік-күнделікті  орта  (жатақхана,  дүкен,  қоғамдық  көлік  т.б.), 

әлеуметтік-мәдени орта (қоршаға ортамен байланыс жасау), мәдени орындар 

(театрға бару, теледидар көру ж.т.б.), оқу-ғылыми тілдесу ортасы бар.  

 

Оқу  ортасы  қазақ  және  орыс  тілді  ортада  шетелдік  студенттің  жүзеге 



асыратын тілдесу түрлерінің ішінде басты орын алады.   

 

Оқытудың  негізгі  құрылымдық  жағы  сабақ  барысында  тілдесу, 



сабақтан  тыс  жағдайда  тілдесу,  тіл  үйренушінің  өз  бетімен  дайындалу 

кезіндегі  тілдесу  ж.т.б  болып  табылады.  Сондықтан  оқу  үдерісін  тек 

оқытушы  мен  тіл  үйренушінің  қажетті  білімді,  икемді,  дағдыны  игеруге 

бағытталған  әрекеті  ретінде  қарастырып  қоймай,  сондай-ақ  белгілі  бір 

тілдесу  жүйесі  ретінде  қарастыру  керек.  Сондықтан  оқыту  барысында 

қарапайым коммуникативтік жағдаятты қолданудың маңызы зор. 

 

«Қарапайым  коммуникативтік  жағдаят»  термині  тілді  оқыту 



барысындағы тілдесімде байланыс жасаудың әдістемелік бағытталған моделі 

деген  ұғымды  білдіреді,  яғни  сөйлеуге  ынталандырушы  жағдайында 

тілдесушілердің  әлеуметтік-коммуникативтік  қарапайым  рөлдердегі  сөйлеу 

әрекеті жүзеге асады. 

 

Қарапайым 



коммуникативтік 

жағдаят 


келесі 

құрылымдық 

элементтерден  тұрады:  шынайы  жағдаят;  коммуниканттар  арасындағы 

қатынас және сөйлеуге түрткі. 

 

Шынайы  жағдаят  немесе  коммуникативтік  акт  барлық  кезде  болады. 



Оқу  материалы  сөйлеу  жағдаятына  қарағанда  сырттай  көңіл  бөлудің  және 

назар  аударудың  тәуелсіз  нысаны  бола  отырып,  өз  бетімен  сөйлеуге 

ынталандырушы фактор ретінде қатысады.  

 

Коммуниканттар  арасындағы  қарым-қатынас  сабақ  барысындағы 



сөйлесуге 

қатысушылардың 

қарапайым 

әлеуметтік-коммуникативтік 

рөлдеріне негізделеді (оқытушы-студент, студент-студент). 

 

Тілді  оқыту  барысындағы  сөйлеу  оқытушының  оқу  үдерісін 



ұйымдастыруына,  ал  студенттің  ұсынылған  оқу  материалын  меңгеруге 

талпынуына және практикада қолдануға үйренуге негізделген.  

 

Сөйлеу қарапайым коммуникативтік жағдаяттың құрамы, сондай-ақ тіл 



үйренушінің дербес ынталандырушысы болып табылады.  

 

Сонымен,  аталған  қарапайым  коммуникативтік  жағдаяттардың 

компоненттерінің көмегімен келесі маңызды міндеттер шешіледі:  

1)

 



Ілгеріде меңгерілген білім мен әрекет әдістерінің өзектелуі; 

2)

 



Әрекет әдістерін және жаңа ұғымдарды қалыптастыру;  

3)

 



Алған  білімді  тәжірибеде  қолдану  және  тіл  үйренушінің  әрекетін 

бақылау. 

Барлық  өзінің  мазмұнымен  тікелей  қазақ  және  орыс  тілдерін  шет  тілі 

ретінде оқытуға бағытталған осындай күрделі әдістемелік категория туралы 

сөз 

болғандықтан, 



өзінің 

компоненттерінің 

көпқырлығымен, 

көпдеңгейлігімен  және  көпфакторлығымен  ерекшеленеді,  сондықтан 

«коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы туралы сөз ету қажет, сонымен бірге 

оның анықтамасына, көлеміне және мазмұн құрылымына тоқталу керек. 

 

«Коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы коммуникативтік лингвистика 



саласынан  бастау  алады.  «Коммуникативтік  құзыреттілік»  категориясы 

бастапқыда  тілдің  прагматкиалық  саласында  зерттелді.  Осыған  байланысты 

аталған ұғымның мазмұны шектелгендіктен, кейінірек нақты терминдік атау 

тілдік құзыреттілік пайда болды.  

 

Кейінірек  аталған  категория  тілдерді  оқыту  әдістемесінде,  сонымен 



қатар орыс және қазақ тілдерін шет тілі ретінде оқытуда қолданыла бастады 

және  тілдесу  үдерісімен  қатысты  болды,  сонымен  бірге  жеке  тұлғаның 

сөйлеу қабілеттілігі ретінде қарастырыла бастады. В. Ульрихтің әдістемелік 

терминдер  сөздігінде  «коммуникативтік  құзыреттілік»  келесі  құрам  арқылы 

анықталады: 

1) Лингвистикалық құзыреттілік

2) Вербальды- когнитивті құзыреттілік

3) Вербальды- коммуникативтік (прагматикалық) құзыреттілік; 

 4) Мета құзыреттілік. 

 

Сонымен 



қазіргі 

анықтамасы 

бойынша: 

«коммуникативтік 

құзыреттілік»  -  еңбек  немесе  оқу  барысында  адамның  тілдесе  алу  қабілеті. 

Бұл анықтаманың мынадай белгілері бар:  

-

 

Жеке тұлғаның зейіндік қабілетінің болуы; 



-

 

Бұл қабілеттілікті көрсетудің жолы сөйлеу әрекеті болып табылады.  



Коммуникативтік  құзыреттілік  4  негізгі  құрамда  яғни  сөйлеу  қызметінің 

негізгі  түрлерімен  бірге  қарастырылады.  Бұл  құзыреттіліктер  сөйлеу,  жазу, 

тыңдау, оқу үдерісінде болады. 

Жоғарыда  аталған  үдерістер  жеке  түрінде  және  тіркесіп  келуі  мүмкін, 

комуникативтік құзыреттіліктің келесі түрлері туралы айтуға болады: 

1)

 



Сөйлеуші және тыңдаушы

2)

 



Тыңдаушы; 

3)

 



Жазушы және оқушы

4)

 



Оқушы; 

5)

 



Сөйлеуші, тыңдаушы және оқушы

6)

 



Тыңдаушы, жазушы және оқушы

7)

 



Тыңдаушы және оқушы;  

8)

 



Сөйлеуші, тыңдаушы, жазушы және оқушы. 

Коммуникативтік  құзыреттіліктің  басқа  маңызды  құрамы  оның 

мазмұнының құрылымы  болып  табылады.  Коммуникативтік  құзыреттіліктің 

сөйлеу,  тілдік,  кәсіби,  лингвистикалық,  когнитивтік,  елтанымдық  ж.т.б. 

түрлері  сипатталады.  Алайда  коммуникативтік  құзыреттіліктің  негізгі 

құрамы  тілдік,  когнитивтік  және  прагматикалық  құзыреттілік  болып 

табылады. 

Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.  

Тілдік  құзыреттілік  оқылатын  тілдің  барлық  бірлігін  –  фонетикалық, 

сөзжасамдық,  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  деңгейлерін 

қарастырады. 

Күрделі 

бірліктерден 

коммуникативтік 

синтаксистік 

бірліктерді  құруға  дейінгі  үдерісі  кезінде  тілдік  бірліктерді  қолдана  алуы 

қажет.  


Тілдік  құзыреттілік  лингвистикалық  құзыреттілікпен  бірге  жиі 

қарастырылады.  

Когнитивтік құзыреттілік адамның танымы арқылы қоршаған шындықты 

көрсететін  мазмұнды,  сөйлеудің  денотаттық  жоспарын  көрсетеді. 

Дәрісханадағы  сабақ  барысында  қажетті  қоршаған  ортадан  алынған  үзінді 

тілдесудің  белгілі  бір  шектеулі  түрі  арқылы  анықталады.  Ал  әрбір  ортаның 

ішінде  өтілетін  тілдік  материал  сөйлеу  жағдаяты  мен  тақырыптарды  бөлу  

арқылы анықталады.  

Прагматикалық  құзыреттілік  жүзеге  асыруға  қажетті  сөйлеу  әрекеті  мен 

коммуникативтік  ниеттен  тұрады.  Сонымен  бірге  белгілі  бір  сөйлеу 

жағдаятында  сөйлеудің  түрлі  формаларын  қолдану  дағдысы  қажет. 

Прагматикалық  құзыреттіліктің  тағы  бір  маңызды  құраушысы  –  ағымдағы 

жағдаяттың талабына сай келетін сөйлеу әрекетін таңдай алуы керек. 

Қорыта айтқанда, коммуникативтік әдістемелік  ұстанымның  жүзеге асуы 

сөйлеу  дағдыларының  және  сөйлеу  икемінің,  сөйлеу  қызметінің 

шығармашылық  және  жеке  тұлғаның  барлық  психологиялық  сапасын 

қолдану  болып  табылады.  Сондықтан  оқыту  барысында  оқытушы  тіл 

үйренішінің  сөйлеу  қажеттілігіне  сай  және  жүзеге  асыруына  жағдай  жасай 

отырып,  коммуникативтік  сөйлеу  жағдаятының  түрін  және  құрамын 

қолдануы  керек. 

 

  

 



Әдебиеттер: 

 

1.



 

Стернин И.А. Введение в речевое воздействие. – Воронеж, 2001. 

2.

 

Караулов  Ю.Н.  Русский  язык  и  языковая  личность.  –  М.,  КомКнига, 



2006. 

3.

 



Золотова  Г.А.  Коммуникативные  аспекты  русского  синтаксиса.  –  М., 

1982. 


4.

 

Азимов  Э.Г.,  Щукин  А.Н.  Словарь  методических  терминов  (Теория  и 



практика преподавания языков). – СПб., 1999. 

5.

 

Леонтьев  А.А.  Некоторые  проблемы  обучения  русскому  языку  как 



иностранному (психологические очерки). – М., 1990. 

6.

 



Пассов  Е.И.  Основы 

коммуникативной  методики 

обучения 

иностранному языку. – М.,1989. 

7.

 

Арутюнов  А.Р.,  Костина  И.С.  Коммуникативная  методика  русского 



языка как иностранного и иностранных языков. – М., 1992. 

8.

 



Алхазишвили А.А. Основы владения устной речью. – М., 1988. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал