Шортанбай қанайұлы з а р з а м а н



жүктеу 171.96 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.02.2017
өлшемі171.96 Kb.

ШОРТАНБАЙ  ҚАНАЙҰЛЫ 

З А Р  З А М А Н 

Зар заман, зар заман, 

Зарлап өткен бір заман. 

Сөздің басы — бисмілла, 

Біз айталық, сіз тыңда, 

Мұсылманның тарихын; 

Төрт аяқты хайуан — 

Бұ дүниенің жарығы, 

Бағасы кеткен жігіттің 

Бетінен алар зайыбы, 

Бір алладан басқаның, — 

Көп-ті  қылған айыбы, 

Кесепаттың кесірі 

Келе ме деп керт басқа, 

Сол себептен  қорқамын! 

Әуелгі  қорлар зор болды, 

Сондай зорлар  қор болды, 

Әуелгі барлар жоқ болды, 

Сондай жоқтар тоқ болды, 

Жөн білмеген жамандар 

Ел билеген бек болды, 

Кетере алмай билігін, 

Ұласқан жаман кек болды, 

Ниетіне  қазақтың 

Тым-ақ тәуір іс болды — 

Заман ақыр болар деп, 

Сол себептен  қорқамын! 

Қыс көбейді жаз аз боп, 

Бай таусылды мал аз боп, 

Ағаны іні көрмеді, 

Атаға бала араз боп, 

Әр нәрсенің болжалы 

Келе жатыр жақындап, 

Ағашты тауға үй салып, 

Алды кәпір ақылдап, 

Елді еркіне  қоймады, 

Буыршындай тақымдап. 

Дәурен бексіп болыс тұр, 

Кәпірдің сөзін мақұлдап, 

Бейшараның пұлы жоқ 

Қорыққаннан  қақылдап. 

Жарысқа кірген жақсылар, 

Аша алмассың көзің деп, 

Сол себепті  қорқамын! 

Елге егін жайылды, 

Байға коңсы жоламас, 

Алдап-арбап жүрем деп, 

Өз тілегін тілемес. 

Арам сулы балаға 

Атаның сөзі  ұнамас. 

Заман ақыр боларда, 

Алуан-алуан жан шықты, 

Қайыры жоқ бай шықты, 

Сауып ішер сүті жоқ, 

Мініп көрер күші жоқ, 

Ақша деген мал шықты. 

Жарлы, кедей жоқ десек, 

Қорлық пенен күні өтер. 

Таңда махшар күн туса, 

Таразыны аударар, 

Жаһаннам деген дозақта. 

Шайтан болар жолдасы, 

Қыбласын білмей  құл 

Сонда тартар жазасын. 

Кешірмейді  құдайым 

Бес намаздың  қазасын, 

Құрт-құмырсқа жыйылып 

Сонда алады мазасын. 

Жаһаннамның белгісі 

Жалғанға болар расың. 

Мұқып  қылмай  құдайым 

Ол залымның таубасын 

Сақта  құдай солардан, 

Сол себепті  қорқамын! 

Байлар  ұрлық  қылады, 

Мал түзіне көрінбей, 

Билер жейді параны 

Сақтап  қойған сүріндей. 

Заманың сенің  құбылды 

Текеметтің түріндей. 

Ойлағаны жамандық 

Жарадан аққан іріңдей. 

Жеті жұрт кеткен  қожадан 

Сен тұрмайсың бүлінбей. 

Қазақ  ұлы жиылып, 

Құдайыңа сыйынып, 

Қондыгерге хат жазып, 

Кешіктірмен дат жазып, 

Өлместің де  қамын  қыл 

Басың сотқа ілінбей. 

Мына заман,  қай заман? 

Азулыға бар заман, 

Азусызға тар заман. 

Тарлығының белгісі: 

Жақсы жаннан түңілген, 

Жаман малдан түңілген, 

Мұның өзі — зар заман. 

Зарлығының белгісі; 

Бір-бірлерін күндеген, 

Жай-жайына жүрмеген 

Мұның өзі — тар заман. 

Тарлығының белгісі: 

Мұсылманнан хал кетті, 

Тәңірім болғай демесін! 

Анты жұқпас бойына, 

Әр не түсер ойына, 

Жалмауыз болды үлкенің 

Қазақ сенің сорыңа. 

- Арқадан дәурен кеткен, соң, 

Қуғындап орыс жеткен соң, 

Тіпті амал жоқ,  қазақтар, 

Енді сенің торыңа. 

•Отаршыл патша өкіметі туралы айтып отыр. 

— Ред. 


Орыс — бүркіт, біз — түлкі, 

Аламын деп талпынды; 

Орыстан  қорлық көрген соң, 

Отырып билер алқынды. 

Мың-мың жылқы айдаған, 

Сары  қазы шайнаған, 

Қымызын судай сапырған, 

Ішіп мас боп ақырған, 

Арқаның жазын  қашырған. 

Жылқының етін жемес-ті, 

Жағаласқан мынау жау 

Кетірер сойды сиқыңды. 

Қолыңды  қойса айдарға 

Жарар солда жылқыңды. 

Бұқарға жетер күн болса, 

Тыншытар ма едің  ұйқыңды? 

Қонар кәпір халықы 

Көп жасады неліктен? 

Көтерілді керемет 

Кәламдағы алыптан, 

Тәубасы  қабыл бір жан жоқ, 

Қазақ деген халықтан. 

Сөйлеген сөзі жалған-ды, 

Шайнаған асы арам-ды, 

Кім мұсылман, кім кәпір, 

Бір аллаға аян-ды. 

Дос кісіге  қас  қылсаң, 

Өз бойыңа жаман-ды. 

Атасы  ұлға нанбайды, 

Көңіліне  қуаныш  қылмайды, 

Уәліден кетті керемет, 

Патшадан кетті ғаделет, 

Ақыр заман таянды. 

Бұл асылық, асқан заманда. 

Ұл туады атаменен егесіп, 

Қыз туады анаменен теңдесіп, 

Баласы кетті тыюдан. 

Масқаралар таймайды 

Жас сыйласып тұрудан. 

Адал зада баланы 

Таба алмассың рудан, 

Ұлың киді дүрия, 

Ұстараның жүзіндей 

Аударылған дүния. 

Қызың киді биқасап, 

Тергеп кимей байқастап, 

Кешкі тұрым болғанда 

Құлан менен бұлаңдай 

Үйде тұрмас ойқастап. 

Қыз, жігітте әдеп жоқ, 

Үшбу күнде халықтың 

Домбыра болар шерткені, 

Зина болар  қылғаны, 

Деген екен бұрынғы 

Ол бір өткен сапасын. 

Бұрынғының сөзінің 

Бір  қатасы болсашы! 

Дәулет, бақтан әуелден 

Жесір  қатын, жетім  ұл 

Бір  қараны сан  қылып 

Айдаған бұ дүниеге тойсашы? 

Қартайғанша мал дейді, 

Әлгенінше жан дейді, — 

Бұ дүниенің  қызығын 

Көңіл шіркін  қоймайды. 

Патша жұртын  қанады, 

Байлар жөргем санады. 

Жарлының жаны берік екен, 

Мал үшін он екі ай  қой бағып, 

Жалғыз тоқты алады. 

Тоқты берсе, ісек деп, 

Құнан шығар тұсақ деп, 

Саулық берсе, егіз деп, 

Қыстан шыққан семіз деп, 

Жарлының тыншын 

Құрттай санап мал алды, 

Ел  қамқоры сандалды. 

Кетейін десе, алдың тар, 

Тұрайын десе, кәпір бар, — 

Қайсы бірін айтайын, 

Қазақтың  ұлы  қамалды. 

Қамалмай енді нағып тұр 

Таубасын  қазақ жаңылды, 

Тұс-тұсынан жау шығып 

Дұшпанға жаман табынды. 

Кәдесі  қалың Арқаңыз 

Ақ шебін  қыймай бағынды, 

Бағынғанның белгісі: 

Билік кетті басыңнан, 

Қорлық көрдің жасыңнан, 

Ұл-қызыңнан үміт кетті, 

Айрылдың  құда, досыңнан. 

Мұнан  қатты не болсын, 

Өмір менен осыдан. 

Жамандықтың белгісі: 

Ұлың көңілі — бір бөлек, 

Қызың көңіл — бір бөлек, 

Өзіңнің көңілің — бір бөлек, 

Алысар түсшің болса да, 

Әлсіз айбар не керек? 

Ендігі жанның ақылы — 

Отқа түскен көбелек. 

Көбелектен несі артық, 

Өлген  қазақ көрмедің, 

Жалға жүрген жалшыдай 

Жан кәдірін білмедің. 

Білмегеннің белгісі: 

Балаңды бер деп орыс тұр, 

Қайтемін деп болыс тұр, 

Қорқар ма орыс  қой дегенге, 

Қазақты  қамай түсіп тұр, 

Басыңнан билік кеткен соң, 

Малыңнан асып, балаңды 

Бер деп ақыл тапқан соң, 

Тоғайды жеңіп  қолға алған, 

Өз ақылы жеткен соң, 

Бұ  құсаға ел  қайтып шыдасын, 

Шабынан шоққа түрткен соң! 

Қазақ кез мойын атқа міне 

алмас, 


Кең шалбарды кие алмас, 

Шалғын жайлар күйретіп, 

Мың кісі мінер үйретіп, 

Ақылы жоқ есер  құл, 

Бір  қайрылмас кеткен соң. 

Көтерер ме осы жақ, 

Кеткенде  қайда барасың 

Алдыңызда  Қоқан бар, 

Орыстан жаман тым-ақ жау, 

Қазаққа атар таң бар ма, 



Мұнан өзге аң бар ма? 

Қом туған сылты  қазақты 

Қамарға бірме-бір шағып тұр, 

Руданға  қағаз салып тұр, 

Асылық асқан заманда! 

Сүйтсе де жұртта ар бар ма? 

Қатын  ұрыс болып тұр, 

Аяғыңды  қыя бастырмай, 

Малыңды билеп басшы тұр. 

Дос-жарыңа шаштырмай, 

Сыртыңнан билеп келіп тұр, 

Ақ-құласын  қостырмай, 

Жүгіңді билеп  қызың тұр, 

Басыңа ине шаныштырмай, 

Күңнен туған көбегін 

Қонаққа  қазан астырмай. 

Құлың кетті  құтырып, 

Күң көтіне  қыстырмай. 

Осы күнде адамның 

Ешнәрсе жоқ, ойында. 

Адам  қылар  ұрлығын, 

Әдет  қылар  қорлығын, 

Қасиет  қалмас бойында, 

Арамға баулыр баласын. 

Құда-тамыр келерде, 

Ине журмес арадан. 

О дүние азабын, 

Бұ дүниеде не деп айтайын, 

Көңілінде иман бар адам. 

Бір пара жанды малды  қып, 

Бір пара жанды малсыз  қып, 

Бір пара жанды ғалым  қып, 

Бір пара жанды залым  қып, 

Бір пара жанды дінді  қып, 

Бір пара жанды дінсіз  қып, 

Шерне үшін жанды жаратты. 

Мұсылманды бір бөлек, 

Кәпірлерді бір бөлек, 

Ауылдарды бір бөлек 

Өз дініне  қаратты. 

Алладан жарлық келгенде, 

Соң тараған сауал шығарып, 

Шар тарапқа тарапты, 

Алты мың да, алты жүз 

Алпыс алты аятты 

Кітап пенен  құранды, 

Мақұлықатты жаратты. 

«Сопы Аллаяр» кітаптан, 

Сұрап тұрсаң осымды 

О, тәңірі-ай,  қымбатты. 

Бас бермеймін дегеннің 

Жалғызын жардан  құлатты. 

Мал бермеймін дегеннің, 

Үстіне шекпен кигізіп, 

Иніне  қоржын ілгізіп, 

Ақ таяғын ат  қылып, 

Айуаннан жат  қылып, 

Елден тамақ сұратты. 

Байлар сәнге мінеді 

Жазы-қысы  құр атты. 

Жарада өлім  қылған жоқ, 

Оның да көңлін жұбатты. 

Жалғанның беріп жарығын, 

Бишара жанды  қуантты. 

Мінер атқа кем  қылып, 

Қара жерме н тең  қылып, 

Бір пара жанды жылатты. 

Ашты-тоқты болсаң да, 

Иманың сақта  ұятты. 

Ардан кешкен  ұятсыз 

Дінсізге  қылар мұятты. 

Қолында тұрып  ұрлығы, 

Мойында тұрып зорлығы, 

Ойында тұрып жалғаны 

Көңілінде тұрып арманы, 

Баласын беріп моллаға, 

Көңілін беріп аллаға, 

Дүнияға көңіл жұбатты. 

Зар заманның аяғы — 

3аманың кетті баяғы, 

Ықлас-ниет  қалмады, 

Үлкенге билік салмады, 

Жарлының жалғыз сүйеніш, 

Мал болыпты таяғы. 

Ұлықсыған ұл туып, 

Бұлықсыған  қыз туып, 

Заман жауға кеткен соң, 

Кім үлкенін сыйлайды? 

Жан есінен адасты, 

Жамандық мұнша  ұласты, 

Жарысқа кірген жақсылар, 

Жақыным деп жан тартпай, 

Кәпір менен  қынасты. 

Аузына кәпір  қаратты, 

Бұ дүниенің тұтқасын. 

Ойлап тұрсам мал екен, 

Соған енді, жігіттер, 

Кәпір,  қазақ таласты. 

Заманың енді өткен соң, 

Адам  қайтіп  қуансын: 

Жандарал болды  ұлығың, 

Майыр болды сыйынғаның, 

Айрылмайтұғын дерт болды, 

Кедейге  қылған  қорлығың. 

Кәпірді көрдің піріңдей, 

Тілмашты көрдің жеңгеңдей, 

Дуанды көрдің үйіңдей. 

Абақты тұр  қасыңда 

Қазылған  қара көріңдей!... 

Ғ И Б Р А Т 

Атамыз-Адам пайғамбар, 

Топырақтан жаралды... 

Сол адамнан таралды, 

Ұрлың пенен  қорлықтан, 

Өтірік ғайбат, зорлықтан, 

Бойыңды тартып тек жүрсең, 

Көрмессің деген залалды. 

Белгісі деген бейіштің 

Жазғы салқын самалды. 

Тәркі деген тамұқтан 

Қысқы суық амалды. 

Ауыл малы бұралқы 

Ақылы жоқ жаманға. 

Атасын алдар баласы, 

Жақсылықтан нәрім жоқ, 

Жамандық асқан заманда. 



Мегежіннен  ұл тумас, 

Қайын болмас  қабанда. 

Балам бар деп мас болда 

Өзіңнің болсын аяңда. 

Болмағанның бәрі — сол 

Ерлі-зайып араңда. 

Малдан зекет бермеген 

Аузына  құдай кірмеген, 

Қайыры жоқ сараң-ды. 

Алақандай ай мен күн — 

Ғаламның орта жарығы, 

Жаббардың екі болмайды 

Әмір  қылған жарлығы. 

Құбылаға бас  қоймақ — 

Мұсылманның тарығы. 

Ораза, намаз  қылғанның 

Көңілінде  құдай барлығы. 

Жаяулық пен жалғыздық — 

Жалғанның жаман тарлығы. 

Түшіркенген  ұйқы жоқ — 

Қайғының асқан зарлығы. 

Қолыңнан  құсың  қашырсаң, 

Қайтып  қонбас  қолыңа. 

Ісің түссе жаманға, 

Жағаңнан алар сорыңа. 

Көп ішінде аз болсаң, 

Әр неме түсер ойыңа. 

Ел ішінде жоқ болсаң, 

Мін тағылар бойыңа. 

Жолдас болсаң жақсымен, 

Қолың жетер  қырымға. 

Топқа кірсең әркіммен, 

Таласарсың орынға.. 

Текті  құс  қарар  Қырымға, 

Ит айналар жырымға. 

Парақорлар  қызығар 

Бір  қалаштық тиынға. 

Құдіреттің жарлығы: 

Титтей нәрсе  қалсашы 

Бұрынғы жаннан ырымға. 

...Көп — жалғыздың саясы, 

Нар — түйенің жақсысы. 

Бауыры сүтті маясы 

Тайып кетсе аяғың, 

Дұшпанның  қанар табасы. 

Арам пиғыл залымның 

Тату да болмас  құдасы. 

Құдай деген мүһминнің 

Ауыздан кетпес тобасы. 

Иманы бардың белгісі — 

Тілінен тамар шырасы. 

«Сен» демек  қиын емес пе 

Бұрынғы туған үлкенге? 

Атыңды берсең азбассың 

Епті туған ілкімге. 

Мал-дүниенің жарығы, 

Жаратып шырай көркіңе 

Қызықпаңыз бес күнге 

Бұл дүние  қалмас әркімге 

Ағаш көркі жапырақ, 

Адам көркі шүберек 

Ақиретте жалған жоқ, 

Таразысы басқа бір бөлек, 

Өлімге де мал керек. 

Өлмей тұрып, тіріңде 

Мініп-киіп, ішіп-же, 

Айдап барып малыңды. 

Ғазап үшін бермейсің, 

Алтын-күміс абзалың 

Өлгеннен соң не керек? 

Өлген малың — иманың, 

Тіріде  қамын жиғаның. 

Аманатын алғанша 

Жалғанда бар ма  қиғаның? 

Аз тартайын десең кінә 

Сахарменен тұрғаның... 

Өлшеулі күнің жеткен соң, 

Бұйрық дәмің біткен соң, 

Төстіктей  қазған бір жерге 

Қырыңнан кіріп сыйғаның. 

Медресе, мешіт салдырып, 

Мүфтиге берсең балаңды, 

Азан тәкбір айттырып, 

Мешітке  қойсаң молдаңды, 

Сираттың желі соққанда, 

Ораза — намаз панаң-ды. 

Тірлікте есіңе ал 

Өлгенде жанға пайданы... 

Жалғанда титтей пайда жоқ, 

Адамның аз күн албауы. 

Жорға мініп теңселтіп, 

Торғын тоның белсентіп, 

Мамық төсек салдыртып, 

Ыңырантып тұрғызып, 

Дүрия көрпе жамылтып, 

Дүниенің  қалай алдауы? 

Мал бақтырар пайдаға, 

Зекетсіз мал айдама. 

Қайыры жоқ ас сақтап, 

Дәмді харам шайнама. 

Ит жүгіртіп,  құс салған, 

Өнерпаздың өнері. 

Өтіп кеткен нәрсеге 

Өкінсең жоқ келері... 

Құбылып тұрған  қызыл гүл 

Қураса кетер мәнері. 

Сабыр  қылсаң жетерсің 

Құданың болса берері... 

Жиырма бес жасыңда 

Жігіт жетер кемелге. 

Он сегізде  қыз толып, 

Апа болар бір елге. 

Құрбыңнан  қорлық көрмесе ң 

Құда болсаң бір елге. 

Жапырағын жайқалтып 

Жайлауда  қонсаң бір жерге... 

Жылқының  құты айғыр-ды, 

Ат тумайды атасыз. 

Көсегесі көгеріп, 

Көбеймейді батасыз. 



Ғайбаттың жаман екенін 

Біле тұра айтасыз... 

Алланың берген ақ дәмін 

Шайтанға  қайтып сатасыз. 

Түйенің  құты бура-ды, 

Келесі  қысыр  қалмаса. 

Күнә  қайдан шығады, 

Жаралып жан болып тумаса. 

Әділ деп соны айтыңыз, 

Турасын  қисың бұрмаса. 

Бұйрықсыз бәрі харам-ды 

Шариғатқа сыймаса. 

Жер тырнадай  қор болмас, 

Жетекшіден айрылса, 

Тұрымтай торғай  қуа алмас, 

Қанаты сынып  қайрылса. 

Қасақана бітер мал 

Қайыры жоқ  қабанға. 

Айдасаң  қиық жүрмейді 

Төрт түлігі аманға... 

Жақсыны жаман көре алмас, 

Тіс тиген соң өзіне 

Шын екен деп иланбаңыз 

Жалғаншының сөзіне. 

Сырттан ғайбат  қылғанша 

Айт кезі мен өзіне, 

Құдайдан  қорыққан мұсылман 

Қарауыл  қояр сөзіне. 

Айтқан жөнге жүрмеген, 

Менменсіген зор кеуде 

Қиық жүріп кете алмас, 

Аспанменен өте алмас, 

Алдындағы жолығар 

Құдайдың  құрған тезіне. 

Жігерлі туған жігіттің 

Кім  қой дейді талабын. 

Жалғыз аяқ бар болса, 

Кісі үшін  д е р шалабын, 

Атасы топқа кірмеген 

Сөзге салмас  құлағын. 

Құдайдан  қорыққан мұсылман 

Қонаққа сояр лағын. 

Өткен соң  қайтып келмейді, 

Өлгенге мал ермейді, 

Бұ дүниенің шолағы 

Жиырма тоғыз әріптің 

Жайын білмек керек дүр. 

Төрт жардан шыққан би болар, 

Ақылы асқан дүр болар. 

Мынау бір жалған дүниеде 

Малы көп кісі би болар. 

Көпке тентек, ез  қисық 

Қамшыменен и болар. 

Ер басына күн туса, 

Бұта түбі үй болар, 

Ат басына күн туса, 

Көксімдегі күй болар. 

Көңіл азып, тон тозса, 

Берген көйлек кез болар. 

Аштықта жасық та болса 

Удай абзал сол болар. 

Мейір кетті пендеден, 

Сөйтіп ердің алдынан, 

Ақыл сұрасаң азбассың, 

Көпті көрген көнеден. 

Қасиет кетті төреден 

Ғаділдік кетті билерден, 

Абырой кетті әкімнен. 

Қайын енесі ас ішпес, 

Қабағын түйген келіннен. 

Жалғыз  құдай болмаса, 

Енді үміт жоқ өзгеден. 

Ей, мүһмин,  құлшылық  қылсаң не етеді? 

Ажал болдырмай,қуып жетеді. 

Мінезге бағым табылмас, 

Ғадетіне кетеді. 

Тақуада болған ғалымдар 

Бұ жалғанда не етеді? 

Баяны жоқ шіркінді, 

Бір күн тастап кетеді. 

Дүние, малын сүйгендер 

Мінбей, кимей өтеді 

Бір кісі емес, әр кімнің 

Басында бар, сөйтеді... 

Ақыл — дария білгенге, 

Бұ жалған жоқ өлгенге. 

Байлықтың алды — иман-ды, 

Тәңірім сөйтіп берген-ді. 

Жан жоламас жатқанға, 

«Ілінер жөргем жүргенге». 

Бұ дүние арман емес дүр, 

Бір кезек дәурен сүргенге. 

Ит жерімес арамнан, 

Құдай безе р харамнан, 

Меһірдан  қатты мал бітіп, 

Кетпесе мал  қораңнан. 

Пайда  қылсаң залалсыз, 

Өзіңе біткен  қараңнан. 

«Қой, әй!» десең, не?» дер дүр, 

Ақыл айтсаң ақымаққа. 

Кенеуі жоқ кейбіреу 

Құр зорлайды тақпаққа. 

Атаңды сыйла анаңмен, 

Мекені іздеп таппаққа, 

Ұмытпассың тәубеңді, 

Түзу салар соқпаққа: 

Түзу жолдан  қисайсаң, 

Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа 

Жерге біткен тау пияз 

Жегенмен тамақ болар ма? 

Шернеуде жазған несіпке 

Дәрия  құйсаң толар ма?... 

Сүмбіле туып күз болмай, 

Көкорай шалғын болар ма? 

Кәрілік пенен мінезге 

Білсеңіз, бағым болар ма? 

Сүтке біткен мінезге 

Сүйекпен кетпей болар ма?... 

Ерден  қайыр кетпесе, 

Өлтірмейді есікте. 

Өлшеп берген несіпке. 

Сөйлес деген мейманға 



Сөз  қатқанша кешікпе. 

Халықпенен  қас болып, 

Оңбас түске өшікпе. 

Ердің  құны сот емес, 

Қисабын тапқан сабазға, 

Төрден орын тимейді 

Патша болса да малы азға. 

Мойнын бұрып сөз  қатпас 

Көңілі  қалған аразға... 

Шынарға біткен мақтадай 

Шырайлы болса алғаның, 

Халал сүт емген жолықса 

Болар ма еді арманың? 

...Бай бол — малың не керек? 

Патша бол — тағың не керек? 

Жалғыз-ақ ойла дүниені 

Сапардан жалғыз  қалғаның. 

Сөзіміз бітті, мен болдым, 

Енді шықпас әңгіме. 

Бәйіт айтып, баян  қып, 

Жанастырдым әрнеге. 

Мәселе кітап шығардым 

Кейінгі  қалған пәндеге. 

Бес ауыз сөз айттым деп 

Мақтандың, тілім, сен неге? 

Қой, көмейім, тәубе  қыл, 

Асылық  қылма иеге! 

Жасың жетті алпысқа, 

Жеті ғалам астында 

Даусың кетті алысқа. 

Өзіңнен өрнек жайылды 

Жақынға, туған,  қалысқа. 

Юзанысы зар көрген 

Өзімнен  қалсын балаға, 

Кетпесе сөзім далаға, 

Жоғалтпаса өзімді, 

Жоқ  қылмаса сөзімді, 

Мен риза аллаға. 

Бұ бәйітті шығарған 

Біз, бейшара ғаріп Шортанбай, 

Есте де болар әр топта — 

Мұны білген (қоймас) ойламай... 

Сөзім  қалсын артымда, 

Бір күн болар  қиямет. 

Дұға  қылып,  қол жайғай 

Мұны есіткен әлеумет. 

Шортанбай әл үстінде жатқандә әмме отырған халайық «Біздерге бір на-

сихат айтыңыз», — дейді. Сонда айтқаны: 

Адамның жалған дүниесі, 

Дүние — жолдас  қимасы. 

Дүниені жолдас демеңдер, 

Көп болар-ды күнәсі. 

Өлгеніңше тою жоқ, 

Түңілмей ырза болу жоқ. 

Жалғанның арты жақын деп, 

Жегенін  қазақ  қою жоқ. 

Сәлем айтып кетейін, 

Ағайын мен туғанға. 

Бала менен  қатынға, 

Насихат шашып кетейін 

Аз ғана сөзді артыма. 

Не ғаріптік десеңіз 

Бүгін менің басымда: 

Жетім болып  ұл  қалды, 

Жесір  қатын тұл  қалды. 

Ала көжеге  қаңсыған, 

Қаратауда халық едім, 

Қожа емес едім, сарт едім, 

Көк есекті мінуші ем, 

Масақ теріп жүруші ем, 

Арқаға шығып нан жедім, 

Нан жеген соң дәндедім, 

Казақтың жүйрігін мінсем деп, 

Сұлу болса сүйсем деп, 

Күннен күнге сәндендім. 

Арқадан  қылдым жайлауды, 

Әркімнен алдым байлауды, 

Қиямет күн болғанда 

Қандай  ж е р д е мекенім 

Мен ғаріптің сайлаулы! 

Қалықтаған сұңқар ем , 

Қанатым сынды  ұша алмай, 

Қиядан  қуға түсе алмай, 

Нәпсім,  қарар таптың ба 

Дүниеге тоймайтын, 

Бір шыны шай іше алмай, 

Жалғаннан дәмім таусылды... 

Билер, пара жемеңдер, 

Жалғанда жолдас демеңдер. 

Ақирет  қамын іздеңдер. 

Жалған бетті кезбеңдер. 

Кісі хақын алмаңдар, 

Аузыңа харам салмаңдар. 

Дүние жиып өткен жоқ 

Бізден бұрынғы пайғамбар. 

Сөзін айтайын үлкендер: 

Әлің келсе, Меке бар, 

Артық дәулет біткендер! 

Старшын, болыс болам деп, 

Ысырап  қылып малды төкпеңдер! 

Таяндың енді өлімге, 

Алты табан көріңе. 

Сатып алған күнәнің 

Ә м м е алдына шай  қойды, шайдың жарымын іше алмай, шыныаяқты жерге 

қойды, бұ сөзді айтады: 


Кешуі болмас күнінде. 

Ұл атаны сыйлайды, 

Ендігі туған балалар, 

Атаңның сөзін бұзбаңдар! 

Сәлем айттым бәріңе: 

Қызмет етіп жүріңдер 

Басшы біткен кәріңе. 

Өлгеннен соң  қоймайды 

Тірідегі халіңе. 

Үлкендер, саған айтайын: 

Мал басына бармаңдар, 

Ақирет  қамын  қармаңдар, 

Дүниенің боғы үшін, 

Сірә, тіпті азбаңдар! 

Тентек болма балаға, 

Безер болма келінге. 

Қадірің кетер еліңе, 

Қарауыл  қой сөзіңе. 

Қанша нәрсе еред і 

Өлгеннен соң өзіңе. 

Қарай алмай жүрерсің 

Таңда махшар күнінде 

Құдайдың жүзіне. 

Атаның тілін  ұлы алмас, 

Ананың тілін  қызы алмас 

Айта беріп  қайтейін, 

Өлінің тілін тірі алмас. 

Жақыннан шыққан жақсыны 

Ағайын жұрты көре алмас. 

Заман ақыр белгісі — 

Бірге туған бауырың 

Тату да болып жүре алмас. 

Қызмет етпей мен өттім, 

Ата менен анаға, 

Қарнақтағы сәле м айт 

Үш  қайтара бабама. 

Бабама  қол бермедім, 

Меке жүзін көрмедім. 

Қайғылы болып барамын 

Жалғанда жеген парадан. 

Және сәлем айтайын 

Бауырлас туған ініме, 

Дүние деген осы ғой, 

Жалғыз маған ерді ме? 

Не деп жауап береміз 

Қияметтің күнінде? 

Жұрт тамаша болушы ед 

Жалғыз ауыз сөзіме. 

Дүние ыстық көрінді 

Құрғыр менің көзіме. 

Жалғанға тіпті тоймадым, 

Өлмеймін деп ойладым, 

Дүниенің боғы осы деп, 

Өлгенімше сайрадым. 

Тәубе  қылмай жасымда, 

Қанша пәле болады 

Қиямет күн басымда? 

Қасықтап жиған көп малым 

Қалды менің артымда. 

Жігіттің жасы жиырма, 

Өлім деген  қиын ба? 

Жұртты жеген Шортанбай 

Төрт  қарыс бөз бұйырмай 

Қалды менің артымда. 

Дұғай сәлем айтайын 

Бесатаның  ұлына! 

Дүние малы ермеді 

Өлген ердің соңына. 

Жалған жақсы көрінді 

Мен байғұстың сорыма. 

Опасы жоқ сұм дүние 

Оттан ыстық болар ма, 

Қалды ма көрдің астында? 

Қарындас ерме с  қасыңа, 

Тіріде көрген ағайын, 

Дұға  қылып жүріңдер 

Өлгеннен соң басыма. 

Дұғай сәлем айтайын 

Карсон менен кернейге 

Қазақтан алған  қарызым 

Көлденең тұрды көмейге. 

Ақын, шешен көрсем деп 

Айласпаңдар мендейге! 

Дұғай сәлем айтайын 

Тобықтыда  Құнанбай! 

Кімнің тағы  қалады 

Өлгеннен соң суалмай? 

Осы дәулет барында 

Талап  қылсын Мекені 

Ақиреттен  құр  қалмай 

Аз ғана  қорған болып өт 

Ағайын мен туғанға. 

Жалғанда жиған нәрсенің 

Пайдасы жоқ  қу жанға. 

Дұғай сәлем айтайын 

Көппай менен Нұрланға! 

Харамды мал демесін, 

Зәбір болар иманға. 

Қазақтан пара алмасын, 

Ұмытпай жүрсін алласын. 

Құдайдан  қапы  қалмасын 

Өлгенді менен барласын. 

Дұғай сәлем айтыңыз 

Шорман  ұлы Мұсаға! 

Дәулеттің барында — 

Қорқынышты же р алдында, 

Тәубесіз өтіп кетпесін 

Бес күндік жалған  қызыққа 

Дұғай сәлем айтайын 

Қуандықта  Қоңырға! 

Қуанбасын көңілге, 

Мал деген хайуан доңызға. 

Тура келген ажалға 

Дәулет ара болар ма? 

Ақиретте көз салсын 

Баратұғын орынға. 

Білсін алла жарлығын, 

Алдында өлім барлығын, 



Құдай досты Мұхаммет, 

Оның да алған жалғызын. 

Көргенімше күн  қанша, 

Мұхаммет өтті, Мұстафа 

Дүниеге тоймаған, 

Өлгенінше шайнаған, 

Енді де болдым бек  қапа. 

Дұғай сәлем айтыңыз 

Қатын менен балаға 

Тапсырдым енді жалғызды 

Расул алла  құдаға. 

Дүниенің боғы үшін 

Мендей болып  қаңғырып 

Көп шықпасын далаға. 

Қастық  қылмасын жақынға, 

Қайырлы болсын халқына, 

Не ғаріптік десе де 

Енді түсті басыма, 

Жетім  қалды-ау жасында! 

Дұғай сәлем айтайын 

Жесір  қалған  қатынға, 

Тоқтасын сөз бен ақылға... 

Қайғының ісін салмасын 

Жалғызының басына 

Қалмасын көздің жасына. 

Ә, дариға, жалған-ай, 

Жалғанның енді  қалғаны-ай, 

Шортанбайды алғаны-ай, 

Қайғыны басқа салғаны-ай, 

Не шара бар,  құдайдың 

Әзелде жазған пәрмені-ай! 

Тағы да сәлем айтайын 

Қалың жатқан Сарымға, 

Бай менен жарлы көп жедім, 

Құдайдың берген бағында. 

Өлімнің жақын екенін 

Біле алмап едім алдымда. 

Шүкір де  қылмай  қайтейін, 

Ажал келсе тұрмайды 

Патшалар да тағында. 

Тәубе деп  қылмай  қапы еттім, 

Өлерімнің шағында. 

Құдайдың ісі бұзық па, 

Әуелде менің ғұмырым 

Құдіреттің жазған сызықта. 

Ұл атадан айрылған, 

Әркім де біздей  қайғырған... 

Ә м м е отырған халайық: «Ендігі заманның адамдары  қандай болар, біздерге 

бір жауап айтыңыз»,— дейді. Сонда айтқаны: 

Бір насихат айтайын, 

Тыңда мұны, балалар! 

Есіткендер  ұмытпа, 

Қайсыңда сенің сана бар? 

Жақсың аттан жығылса, 

Жаманың тұрып табалар. 

Ендігі сорлы бейшара 

Қорыққанға барып паналар. 

Қария  қалды ақылдан, 

Қастық шықты жақыннан. 

Ендігі күнің кем болған, 

Тәубе  қылмай  қапы өттің 

Әуелгі бұрын жасыңнан. 

Бай кедейді көрмейді, 

Кедей байға ермейді, 

Қызметін бір күн  қылмаса 

Майлы сорпа бермейді — 

Әне байдың  қайыры! 

Бұрынғы өткен адамның 

Міне, келді тайыры. 

Жалғанда  қылған ісінің 

Алдыңнан шығар ғайыбы. 

Байды  құдай атқаны — 

Жабағы, жүнін сатқаны. 

Кедейің  қайтып күн көрер 

Жаз жатақта жатқаны. 

Жаздай арық  қазады, 

Күздей пішен шабады. 

Оны-мұны жиғанын 

Шығын деп тілмаш алады. 

Жалғыз сиыры бар болса, 

Соғымына сояды. 

Қағаздатып бұзауын 

Ноғайына  қояды. 

Кедейге салып шығынды 

Негізі байдың тояды. 

Қылымсыған  қатыны 

Қызыл көйлек киеді, 

Өзінің байын менсінбей, 

Көрінгенді сүйеді. 

Осы мінез болған соң, 

Дозаққа пенде күйеді. 

Ендігі байға мал бітсе, 

Елубасы, онбасы. 

Шайдан басқа асы жоқ. 

Жақыннан басқа  қасы жоқ, 

Ендігінің мырзасы, 

Сөз айтайын Асанға, 

Дүниеге мақтанба! 

Япырмау, неге мақтандың, 

Дәулетің судай тасқанға? 

Дүниеқордың маясы 

Жетпіске келді бұл жасың 

Ә м м е отырған халайық: «Мына Асан  қожаға ғарыз айтыңыз»,— дейді. 

Енді айтқаны: 



Дүние болды жолдасың, 

Әндіжандық сарт едің, 

Қай жеріңнен  қожасың? 

Қаратауда туылдың 

Пәленше деген мырзасың, 

Сарыарқаға келген соң 

Төрт аяқты жорғасың. 

Жәдігөй жауғыш атанып 

Осынша жиған мүліктен 

Не кереді  қу басың? 

Талабың бар жалғанда 

Әлі де болса аспаққа, 

Дүниенің боғы үшін 

Күнде түсіп аптықпа. 

Әуелден күнә жанға  қас, 

Қазаққа келіп болдық мас. 

Менің тегім сарт еді, 

Сенің тегің 

қызылбас. 

Екеумізді пір тұтып 

Жәдігөй жауғыш болмаңыз. 

Ақирет  қамын ойлаңыз. 

Жасың жетті жетпіске, 

Иман бер деп сұраңыз. 

Аталас туған жарқыным, 

Қиямет күн кез болса 

Пайдасы болмас  қапыңның. 

Арттағы  құдай басыңды — 

Өлшеп берген жасыңды. 

Уай, уай, менің басым-ай, 

Келе көр, Жәке,  қасыма-ай. 

Амалым нешік  құдайға 

Жүгірмек болған жасым-ай! 

Қолыңнан сусын бер е алмай. 

Өлгенін әке көре алмай, 

Дұға сәлем айтыңыз 

Жетім бір  қалған жас  ұлға-ай! 

Бұл сөзімді айтыңыз 

Менен  қалған балаға. 

Бұ дүниенің боғы үшін 

Қаңғырмасын далаға. 

Тіріде көзім тоймайды 

Тәңірінің бергені —  қараға. 

Жалған деген осы ғой, 

Маған да еріп бара ма? 

Білсін бір сүндет, парызды — 

Қазақтан алдым  қарызды. 

Өлеріме таянып, 

Жұртыма айттым арызды. 

Үш  қайтара сәлем де 

Ағайын мен туғанға 

Дүние шіркін ермеді, 

Зейнетпен жиған  қу жанға... 

Енді есен бол, елдерім! 

Құсымды салған көлдерім! 

Замандас  құрбы, теңдерім! 

Ғибрат менен алыңдар 

Өлгенімді көргенің 

Өлген көрі қараңғы, 

Бір күнгідей болмайды, 

Мың күн тірі жүргенім 

Мынау менің өлгенім, 

Қасықтап жиған дүниеден 

Кәне, пайда көргенім? 

Өлуі болмай  қалмайды 

Туғаннан соң пенденің. 

Жұртты жеген тауық ем, 

Жалғанның ебін тауып ем. 

Қартауда жүргенде 

Сарыарқаның наны үшін, 

Бері таман ауып ем, 

Бозбалаға сауық ем. 

Сауығым кетіп, күл сөнді, 

Жұрттан асқан көсемді, 

Алмай ма  құдай шешенді? 

Өлеріне келгенде 

Жан мұндар енді сескенді. 

Ескендір өткен дүниеден 

Жиырма тоғыз жасында, 

Перзент  қалмай артында 

Шариғатқа сыймайды 

Екі тілек тілеген, 

Ғаріп пәнде басына, 

Ғаріп пен нашар сүйенген, 

Он сегіз мың ғаламға 

Патша болған Сүлеймен, 

Олар да өткен дүниеден... 

Жалғызыма сәлем де, 

Алладлан бұйрық жеткен соң, 

Асқар тауы  құлады, 

Ағар бұлақ суалды. 

Жетім-жесір сүйетін 

Ағайын-туған жоғалды. 

Ей, пенделер, мүһминдер, 

Мен не деген есермін 

Дүниеден  қашпаған, 

Қорқыныш  қылып  құдайдан 

Қарызды ойлап саспаған... 

Тіріде  қорықпай осындай 

Күнә іздедім шошынбай 

Кеудемді дерт  қамады, 

Хамалда кетіп барады. 

Есендікте бол, Жәке, 

Қияметтік досым — ай! 

Және сізге тапсырдым 

Бала менен  қатынды. 

Жалғанда досым, сіз едің, 

Аяй көрме ақылды!.. 

Таяндық енді өлерге, 

Күн  қанша дүр көрерге. 

Дұға сәлем елдерге 

Елдегі жақсы билерге. 

Жақсыдан дұға жетер ме, 

Өлді деп бізді білген жұрт 

Дұға да  қылсын ерлерге. 

Жасымнан  қылдым мастықты 

Жаныма  қылдым  қастықты. 

Жан жарға таянды, 

Қоя көр, Жәке, жастықты. 

Алпыс үштен асырмай 

Өлім бір келіп асықты, 

Аралап келіп түсуші ем, 



Ыңғайы жаман аурудың 

Жаманнан көңілім  қорықты. 

Артқы  қалғаң жалғызға 

Бір  қасірет жолықты. 

Мен өттім арманда, 

Көре алмадым артымда 

Ағайын мен туғанды. 

Жантәсілімге таянды, 

Айта көр, Жәке, иманды?! 

Бір тәңірге аян-ды, 

Он екі  құйрық,  қырық шалғы 

Қияда сұңқар таранды. 

Достығыңды  қастық дер, 

Ойламай ескі жаманды. 

Пірлерден кетіп керемет, 

Алайын деп  қай күні 

Аманат малдай бағып тұр. 

Бір пәндеге  ұл бермей, 

Біреуін малға зар ғып тұр. 

Жөнсіз оқтай  қаңғып тұр. 

Жан шіркін-ақ берік екен, 

Үзіліп кетпей не ғып тұр?! 

Құдайға мақұл ісің жоқ: 

Біреудікін іздедің. 

Өзіңдікін көздедің 

Күшің жеткен адамды 

Мұнша неге тездедің? 

Ұрлық пенен зорлықтан 

Үмітіңді үзбедің. 

Алмаған неме  қоймадың, 

Еш нәрсеге тоймадың. 

Аузы  қарыс алаштың 

Айтқанына болмадың. 

Болмағанның белгісі: 

Бұлғақтап едің асаудай 

Бойына жанды теңгермей 

Басыңа бір тас тиіп тұр. 

Не  қылайын дүниені, 

Би  қалмады шүйделі. 

Шұнақ бидің тұсында 

Ағаш атты тізгіндеп, 

Шананы міндік күймелі. 

Ақылыңды алып тұр. 

Саумалы бар биелі, 

Көш-қоныңды билейді, 

Қомы да сыйған түйелі. 

Біз айтқандай не  қалды 

Қай ғақыл бар жүйелі? 

Әзелде жазған іс болса 

Несіне мұның күйеді. 

Күйіп бір күймей немене, 

Құр  қызады делебе. 

Сақтасын жалғыз  қайғыдан, 

Көппенен көрген — селебе. 

Халқы менен баланы 

Бір алған соң аузына 

«Алмайды» деген немене!? 

Ұзын аққан Сарысу, 

Аға  б е р жайылып  құйыла, 

Айдамай тұрып солдатқа, 

Зар  қылмай тұрып жалды атқа, 

Жүйрік пенен жорғаңды 

Өзің бір мініп жебеле. 

Жалаңаш болып жауға шап, 

Ажалдан бұрын өлер ме? 

Ноқталы басқа бір елім, 

Өлмей де адам жүре ме? 

Қатын-бала  қамы үшін 

Қарсы шап та, мылтық  құш 

Құр жабырқап жүдеме. 

Аламын деп талпынды, 

Жаудан да зорлық көрілген 

Өлтіріп  е р л е р алқынды. 

Мың-мың жылқы айдаған, 

Сары  қазы шайнаған, 

Қымызын судай сапырған, 

Оны ішкен соң мас болып 

Аюдайын ақырған. 

Күннен күнге тартылып 

Заманақыр кезінде 

Ұл сыйламас атасын 

Арам сідік болған соң, 

Атасы бермес батасын. 

Қазы, болыс  қойыпты 

Некесіз туған шатасын. 

Өзі  қылған өкінбес 

Күнінде содан тартарсың, 

Абақтыға жатарсың. 

Қыз сыйламас енесін, 

Арттым деп егесін. 

Салыстырар денесін, 

Пысықсыған немесі, 

Көзіңді ойып барады. 

Күнде тесіп төбесін. 

Ақсақалдан әл кетті, 

Болмаса тәңірім демесін 

Азаматтар, әлеумет, 

Мұның да несін сөгесің?! 

Жас сыйламас ағасын, 

Алып жыртты-ау жағасын! 

Бірі-біріне көпсініп 

Қуат  қылар баласын. 

Шыдай алмай ызаға, 

«Қой!» деп айтса тіл алмас 

Ақсақалдан  ұялмас. 

Жүгірісер  қалаға. 

Қаныққан соң жалаға. 

Алып бір шығар далаға, 

«Дұшпаның кім?» деп сұраса, 

Алып бір келер ауылына — 

Өзінің туған бауырына. 

Келген соң кімді аясын, 

Жығып салар дүреге 

Қызыққан соң параға. 

Екі үлкен егесіп, 

Қошқардай басын теңесіп, 

Сол  ж е р д е заман оңалмас, 

Оңалар заман дер едім, 

Жауға алдырдың әуел бас. 

Іс асқынды болмастан, 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Personalii kaz
Personalii kaz -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Personalii kaz -> Арағандыдағы Октябрь ауданын және осы ауданның үлкен бір көшесін
Personalii kaz -> Ардақтауға не кедергі? Қ азақтың тұңғыш саяси партиясын құ рған және бүгінгі Тәуелсіздікке бастап
Personalii kaz -> Рыңа жетіңдер! деп әрі танысып, әрі бізге батасын да берген еді
Personalii kaz -> Кейінгі уақытта абайтанушылардың ең тұңғыш жөнінде әртүрлі мәліметтер келтіріліп
Personalii kaz -> Аманкелді замекбаев, еңбек ардагері
Personalii kaz -> Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қали Аманбаев -75 жаста
Personalii kaz -> Өмірбаяны өз тұс тастарына ұқсас бол ғаныменен, өмірге құ
Personalii kaz -> Әлімхан және ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым

жүктеу 171.96 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет