Шолпан айнабаева



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата11.03.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҰСТАНЫМ  СТРАТЕГИЯСЫ      |      МИЛЛИОНЕРГЕ  СЫЙЛЫҚ        |      БАСТАМАШЫҒА  КІМ

  №1 (09) НАУРЫЗ 2015

А Қ Ш А   Т У Р А Л Ы   Ж У Р Н А Л   Ғ А Н А   Е М Е С 

ШОЛПАН АЙНАБАЕВА: 

БРОКЕРЛЕРДІҢ ТЕК 

ҮЗДІКТЕРІ ЖӘНЕ 

МЫҚТЫЛАРЫ 

ҚАЛАДЫ  


3

№1(09)   наурыз 2015



Сақ болып жүру

Биылғы жылы отандық экономиканы қиын кезеңдер күтіп отырғанын түсіну үшін 

сарапшы болудың қажеті жоқ. Шикізат бағасының түсуі, рубльдің әлсіреуі, Қазақстан-

дық валютаға және алтын резервке жүктеме, қалайда, біздің әмиянымызға әсер етеді. 

Мемлекетке сүйенудің орнына, дербес шешім қабылдайтын, GM оқырмандарына біз 

ең өзекті мәселелер бойынша тиісті материал дайындадық. 

Біздің қазіргі қонағымыз, SkyBridge Invest инвесткомпаниясының басқарма төрайы- 

мы Шолпан Айнабаева, бүгінгі Қазақстандағы брокерлердің рөлі және қор нарығын-

да жеке инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер туралы ой жүгіртті. Сапалы қызмет алу 

үшін, делдардық серіктестікті қалай таңдау керектігіне жеке материал арнадық – бар-

лық әңгіме сіздің ақшаларыңызбен басқару жайлы болып жатыр.

Егер  де  капитал  өз  ісіңізге  инвестицияланса,  мұнда  анық  бизнес-жоспарсыз  және 

жиі қажетті қаржылық қолдауды көрсететін инвесторларсыз іс тынбайды. Тиімді биз-

нес жоспарды қалай дайындау керек және қалай өз бинез-періштені табу керек – мұ-

ның бәрі GM наурыз нөмірінде. 

Алайда,  көптеген  кәсіпкерлер  сыннан  өткен  жолмен  жүреді  және  бизнес-мақсат-

тарына сәйкес банктік несие алады. Бірақ бірде бір қарыз алушы қаржылық пробле-

малардан және қарыз төлеу қиыншылықтарынан сақтандырылмаған. Ал егер бұндай 

жағдайға тап болсаң дайын болыңыз. Біз ақпаратты көмек көрсетеміз. 

Бұл жылы тағдыр сынақтарынан былайша айтқанда, жалдамалы класс бастан ке-

шеді.  Оңтайландыру  мақсатында  ел  бойынша  жұмыс  орнын  қысқарту  толқыны  өтуі 

мүмкін. Жұмыс берушіні қызықтыруды қалайтын, өзін тиімді тұрғыда ұсынуға және 

қолайлы  жұмысқа  орналасу  үшін  тәжірибелі  HR-мамандарынан  бағалы  кеңестерін 

қолдана алады.  Білімдінің күні... қандай екенін өздеріңіз де білесіздер!

Айбек Рысалиев

«Grand Money» 

журналы

№01 (09) 



Наурыз 2015 ж.

Жылына 6 рет шығады



Тираж: 2 000 дана

БАҚ есебінде тұру туралы куәлік 

№13700-Ж, 21.06.2013ж. ҚР Мә-

дениет және ақпарат министрлі-

гімен берілген

Меншік иесі: «Verbum» ЖШС

Бас редактор: Виктор Ахрёмушкин

Шығарушы редактор: Максим Азаров

Редакцияның мекенжайы

050012, Алматы қ., 

Шәріпов к-сі, 84, 301 каб. 

Тел.: (727) 250-08-66, 250-98-29



Жарнама бөлімі: 8 (701) 761-32-45, 

yegorin@gmail.com

«ВариоПринт» ЖШС баспаханасында 

басып шығарылған, Алматы қ., Төле 

би к-сі, 189, тел. (727) 379-10-00

Авторлардың пікірі редакцияның 

пікірімен сәйкес келуі міндет емес. 

Жарнама материалдарындағы ақпа-

рат шынайылығы үшін жарнама бе-

руші жауапкершілік көтереді.



4

№1(09)   наурыз 2015



МАЗМҰНЫ

WORLD MONEY

АҚША ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

6

VIP MONEY

ШОЛПАН АЙНАБАЕВА: «ОТАНДЫҚ БРОКЕРЛЕРДІҢ ТЕК 

ҮЗДІКТЕРІ ЖӘНЕ МЫҚТЫЛАРЫ ҚАЛАДЫ»

SkyBridge Invest инвестициялық компаниясы басқарма 

төрайымы – қазақстандық акциялар потенциалы, бағалы 

қағаздарға инвестициялау ерекшеліктері және ұлттық 

брокерлік сектордаға табиғи сұрыптау жөнінде 

8

STRATEGIC MONEY

ҰСТАНЫМ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстандықтар үшін үрбіген геосаясаттық дағдарыс 

және экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны 

аясында  2015 жыл қиын болады.Мұндай жағдайларда 

қазақстандық қаржы инвесторлары үшін қандай стереотипті 

қаржылық шешімдер қолайсыздық тудырады?  

14


5

№1(09)   наурыз 2015



МАЗМҰНЫ

ИНВЕСТОР ЖӘНЕ  НАРЫҚ АРАСЫНДА

«Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы аясында 

өз қаражаттарын еселеген қазақстандықтар, белсенді 

трейдерлерге айналуда. Отандық биржада бағалы қағаздармен 

саудалауға бел бусаңыз брокерді қалай таңдау қажет?   

18

НЕСИЕ АЛУШЫДАН ҚАРЫЗГЕРГЕ 



Әлеуетті қарыз алушыны несиені қайтара алмау 

тәуекелінен қалайша сақтандыру және төлеу қабілетінен 

айырылған қарыз алушыға не істеу қажет? 

22

INVEST MONEY

БАСТАМАШЫҒА КІМ 

Табысты инвесторлар тіпті дағдарыс жағдайында 

мүмкіншіліктерді байқайды және өз капиталын 

еселейді. Өзгелері үрейленген уақытта қаржы акулалары 

қандай бағалы қағаздармен пайда көреді?  

26

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИННОВАЦИЯ 



Қазақстандық жоғарытехнологиялық бизнес-жобалар батыстық 

озық технологиялардан немен ерекшеленеді және жергілікті 

стартаптарды масштабтыға өзгертуге қабілетіміз бар ма?

30

BUSINESS MONEY 

БӘРІ ЖОСПАР БОЙЫНША!

34

Бизнестің жетістігі көбіне дұрыс құралған бизнес-жоспарға тәуелді. 



Көп жағдайда бастама кәсіпкерлер алдын ала маңызды құжаттың 

жобасын аутсорсингке береді. Өз бетіңізше оны қалай жазу керек?  

6%-ДЫҚ НЕСИЕЛЕР: ӘЛІ ДЕ КЕШ ЕМЕС

Банкте өңдеу өнеркәсібімен тікілей немесе жанама айналысатын 

шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы 

бойынша теңдессіз тиімді несиені қалай алуға болады?  

38

WORK MONEY

ЖҰМЫСҚА «АҢШЫЛЫҚ» 

Сәтті қызметке орналасу бойынша HR –

сарапшыларынан бірнеше тәжірбиелік кеңестер 

40

HEALTH MONEY 

ДЕНСАУЛЫҚ ПА ӘЛДЕ ӘМИЯН БА? 

«Samal Deluxe» және «Grand Pool» фитнес-клубының 

бас директоры Геннадий Ремес қонымды қаржыға  

ағзамымызды жақсартып, денемізді шынықтыру жөнінде   

46

LIFE MONEY

МИЛЛИОНЕРГЕ СЫЙЛЫҚ

Өзіне барлығын рұқсат ете алатын қалталы 

кісіні қалай таңғалдыруға болады

52

FUN MONEY

АҚША ЖАЙЛЫ КҮЛКІЛІ ОҚИҒАЛАР

56


6

№1(09)   наурыз 2015



WORLD MONEY

Жаңалықтар

Рейтинг

Белес бойынша 

көшбасшылар

Британдық  экономикалық  және  іскерлік  зерттеу-

лер  Орталығы  (CEBR)  2014  жыл  қорытындысы  бойын-

ша әлемнің үлкен экономикаларының рейтингісін және 

оларды 2030 жылға даму болжамын жариялады. Топ-10 

Италия мен Үндістанды алдына салып екі орынға төмен-

деген  Рессей  тұйықтады.  Ал  Ұлыбритания  Францияны 

баса  озып  5  орынға  жайғасты.  Шынында,  бұл  үшін  өз 

экономикасына  10  млрд  фунт  алып  келген  есірткі  сату, 

жезөкшелік секілді ЖІӨ параметрлерін ескеру ықпалын 

тигізді. Франция бұл параметрлерді енгізген жоқ.

CEBR  хабарлауынша,  2030  жылдан  кейін  британдық 

экономика 60 жылдан бері бірінші рет Еуропаның ең үлкен 

экономика иесі немістерден жоғары тұруы мүмкін. Бұл са-

раптамалардың бір себебі Германия халқының азаюы бо-

лып  табылады.  CEBR  болжамдары  бойынша,  он  жылдың 

ішінде рейтінгтің белесінде АҚШ өз орнын сақтайды, алай-

да  2025  жылы,  болжаған  уақыттан  3  жыл  бұрын  әлемнің 

бірінші  экономикасын  Қытай  алады  деген  сенімде.  2030 

жылы жетекші 6 экономика  мынадай болуы іспетті: ҚХР, 

АҚШ, Үндістан, Жапония, Бразилия және Ұлыбритания.

Криптовалюта



Биржа сенеді 

Биткоиндармен  операция  жүргізуге  маман-

данған  «Coinbase»  американдық  компания  өз 

клиенттерінің  мүддесі  үшін  танымал  банктері 

мен  Нью-Йорктің  қор  биржасынан  (NYSE)  75 

млн долларын тартты. NYSE президенті Том Фар-

ли: «Біз «Coinbase» компаниясының дамуын қол-

даймыз, бұл мақсатта  өзіміздің дистрибуциядағы 

жаһандық  мүмкіндер  мен  нарықтағы  тәжіри-

бемізді қолданатын боламыз»- деп мәлімдеді.

«Coinbase»  компаниясы  электронды  әмиян-

да битокоиндерді сақтау қызметін көрсетумен 

және криптовалюталар операциясын өңдеумен 

айналысады. «Coinbase»  тұғырнамасының не-

гізінде компаниясының жеке деректері бойын- 

ша жеке тұтынушыларының 2,1 млн. әмиянда-

ры тіркелген, оларды қолдану арқылы 38 мың 

кәсіпкер  операциялар  жүргізеді.  2015  жыл-

дың соңына дейін «Coinbase» компаниясы тар-

тылған  қаржылардың  арқасында  қызметтерін 

көрсететін  елдердің  санын  19-дан  31-ге  жет-

кізуді жоспарлап отыр.

Битокоин    бағамы  2014  жылдың  басынан 

2015  жылдың  қаңтарының  ортасына  дейін 

4  есеге  түсті  -  әр  битокони  үшін  850-ден  200 

долларға дейін, бұл көрсеткіш 207-220 доллар 

аралағында  өзгеріп  отырады.  Бір  битокоинді 

«табуға» Cex.io  және Zeohush мәліметі бойын- 

ша 600 доллар жұмсалады, бұл нарық бағасы-

нын анағұрлым жоғары. NYSE «Coinbase» ком-

паниясымен  бірлесіп  битокоин  бағамдары-

ның  шынайы  болуы  жолында  жұмыс  істейтін 

болады.

2013

2014

1 АҚШ


АҚШ 1

2 Қытай


Қытай 2

3 Жапония

Жапония 3

4 Германия

Германия 4

5 Франция

Ұлыбритания 5



6 Ұлыбритания

Франция 6



7 Бразилия

Бразилия 7

8 Ресей



Италия 8



9 Италия

Үндістан 9



10 Үндістан

Ресей 10



2014 жылдың ең үлкен экономикалары

7

№1(09)   наурыз 2015



WORLD MONEY

Жаңалықтар

Ашық ақпарат көздерінен 

Бизнес-климат



Ресейлік 

антирекорд

Авто


Солярка 

трендте емес 

Франция  үкіметі  өзінің  дизель  отынмен 

жүретін  көлігін  электромобильге  ауыстырса  10 

000 еуро төлейтінін мәлімдеді. Францияның эко-

логия министрі Сеголен Руаяль бұл бағдарлама-

ның  үстіміздегі  жылдың  сәуір  айнынан  бастап 

жүзеге  асатындығын  айтты.  Оның  сөзінше,  ел-

дегі  тыныс  алу  органдарының  инфекциялары-

ның басым бөлігі ауаға тараған көлік түтіндері-

нен болып отыр, сондықтан  көлік жүргізушерін 

экологиялық  таза  көліктерді  алуға  ынталанды-

ру қажет. Жоспар бойынша елде 7 млн электро-

мобильдерді  қауаттандыру  бекеттері  ашылады. 

Олар әуежайларда, супермаркеттерде, вокзалдар 

мен автобекеттерде орналасатын болады.

Дегенмен де, Францияда барлық  электромо-

биль  иесі  үкімет  тарапынан  берілетін  қомақты 

қаржыны алудан үміткер емес. Біріншіден, көлік 

иесі  елдің  23  ластанған  ауданынының  бірінде 

тұруы шарт. Екіншіден, ескі  дизельді көлігін  (13 

жыл жүрген) қоқысқа тастағанын дәлелдеуі тиіс.

Тәуекелдер



Грек есебі бойынша

 

Британдық  қаржы  министрі  Джордж  Осборн  ескертті: 

Грецияның  жаңа  үкіметі  мен  еуроодақ  елдерінің  арасын-

дағы текетірес - әлемдік экономикаға төнген ең басты қа-

уіп.    Бұл  мәлімдемені  Осборн  Лондонда  Грецияның  жаңа 

қаржы  Министрі  Янис  Варуфакиспен  кездескеннен  кей-

ін жасады. Дегенмен де британдық министр еуроодақ ел-

дері грек экономикасын дамыту мен жұмыссыздықты жою 

жоспарын жасауы керек екенін атап өтті.

Варуфакис  ақпан  айында  еуропа  астаналарына  барып 

қайтты, бұл сапарында өз елінің сыртқы қарыздарын қай-

тарудың  жаңа  шарттарын  ұсынғысы  келді.  Ол  қарыздың 

көлемі  -  323  млрд  еуро  немесе  елдің  БВӨ-нің  175  пайы-

зын құрайды, 2012 жылы  жеке инвесторлардың қарызда-

рының  біршамасына  кешірім  жасағанның  өзінде.  Герма-

ния  канцлері  Ангела  Меркель    бұдан  әрі  грек  қарызына 

кешірім жасалмайтынын айтты.

2014 жылғы Ресейден капиталдың тысқа шығарылуы   Орта-

лық банкінің 1994 жылдан бастап  статистикалық мәліметтерді 

жариялап  келе  жатқан  мерзімінен  бергі  ең  ауқымдысы  бол-

ды.  Реттеушінің алдын ала бағалауы бойынша былтыр Ресей-

ден 151,5 млрд. доллар сыртқа кеткен. Бұл көрсеткіш 2008-2009 

жылдардағы  дағдарыстан  да  көп,  сол  жылдары    -  133,6  млрд. 

доллар (2008жыл) және тисінше 57,9 млрд. доллар (2009 жыл) 

сыртқа  шығарылған  болатын.  Мұның  басты  себебі  сарапшы-

лардың айтуы бойынша санкциялар болды, ал халықтың рубль-

ді долларға айырбастауы онша әсер ете қойған жоқ.

Қорытынды бағалау Орталық банкінің ресми болжамынан 

асып түсті: Ресей Банкі 128 млрд. доллар, ал Экономикалық 

даму Министрлігі 128 млрд. доллардың сыртқа кетуін болжа-

ды.  Экономикалық  даму  Министрінің  орынбасары  Алексей 

Ведевтің  түсіндіруінше  капиталдың  сыртқа  кетуіне  мұнай 

бағасының түсуі де кері әсерін тигізді. ОБ капиталдың сыртқа 

кетуінің үш себебін атады: шетел активтерінің үдеуі, санкция- 

лар кезіндегі компаниялар мен банктердің сыртқы қарызда-

рын төлеуі, банктерге  валюталық шектеу қою шараларының 

берілуі. Реттеуші соңғы фактордың үлесін 19,8 млрд долларға 

бағалады,  бұл  қаржы  елге  қайтарылады,  себебі  валюталық 

несие  қайтарылу  негізінде  берілген  болатын.  Сондай-ақ, 

2015 жылы ОБ сыртқы қарызды төлеу қаржы көлемі азаяды 

деп отыр, яғни  капиталдың сыртқа кету де тиісінше азаяды. 

Ресей Банкінің болжамы бойынша үстіміздегі жылы сыртқа 

кететін капиталдың мөлшері 105 млрд долларды құрайды.


8

№1(09)   наурыз 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis

ОТАНДЫҚ 

БРОКЕРЛЕРДЕН ТЕК 

ҮЗДІКТЕРІ ҚАЛАДЫ

Капиталды арттырудың бір жолы қор нарығына 

инвестициялау болып табылады. SkyBridge Invest 

инвесткомпаниясының басқарма төрайымы 

Шолпан Айнабаеваның айтуы бойынша егер 

акцияға инвестициялауға ақылмен және 

жанкештіліксіз кіріссе тек ақша тауып қана 

қоймай, сондай-ақ жағымды әсер алуға болады. 

Татьяна Батищева

–  Соңғы  кездері  шетел  компанияларының  акцияларын  са-

тып  алу  сәнге  айналды.  Сарапшылар  американдық  бағалы 

қағаздардың  сенімділігі  туралы  айтады,  ал  тұрақсыздық  ке-

зеңінде инвесторлар дамыған экономикаларға қайта назарын 

аударады. Ал қазақстандық акциялардың потенциалы бар ма?

–  Потенциалы  бар  және  айтарлықтай  жақсы.  Отандық  бир-

жа  индексіне  кіретін  акциялар  фундаменталды  сипаттамаларға 

ие  және  қазіргі  таңда  бағалаусыз  қалған.  Мысалға,  мұнай  на-

рығындағы  қиыншылыққа  қарамастан    «ҚазТрансОйл»  (ҚТО) 

компаниясының  акциялары  инвестция  үшін  әлі  де  айтарлықтай 

қызығушылыққа ие. Компания тұрақты таза пайдасын алуда, қа-

рыздық  жүктемесіз  және  өндіріс  шығындарын  қысқартуда.  Оған 

қарамастан,  мұнай  бағасы  ҚТО  табысына  тікелей  әсер  етпейді, 

себебі компания мұнай тасылымы арқасында пайда табады және 

табысын  тариф  есебінен  құрайды.  Сондықтан  ҚТО  акциялары 


9

№1(09)   наурыз 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



АНЫҚТАМА

Шолпан Айнабае-

ва – SkyBridge Invest 

инвестициялық ком-

паниясының басқар-

ма төрайымы. 

С 2005 және 2012 

жыл аралығында – 

«Казкоммерц Секью-

ритиз» АҚ басқар-

ма төрайымы.

Казкоммерцбанкте, 

Kcell, RG Securities 

қызмет еткен.

Қазақстандық қор 

биржасының Бир-

жалық кеңесінің 

мүшесі болған. 

Бағалы қағаздар 

орталық депозита-

рийі директорлар 

кеңесінің мүшесі.

қаржы нарығы және 

қаржы ұйымдарының 

қызметін реттеу және 

қадағалау бойынша 

Ұлттық банк Комитеті, 

Қазақстан қаржыгер-

лер Ассоциациясы 

сарапшылар тобы 

құрамына кіреді.

Вознесенский атын-

дағы Ленинградтық 

қаржылық-эконо-

микалық институ-

тын тәмамдаған. 

10

№1(09)   наурыз 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



11

№1(09)   наурыз 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis

бағасының төмендеуі уақытша құбылыс. Баға-

лы  қағаздары  дивидентті  қатарына  кіреді, 

яғни,  компания  тұрақты  және  біршама  жоға-

ры дивиденттер төлейді, банктік депозит табы-

сымен бәсекелестікке қабілетті.

Біздің нарықта инвесторларға дивиденттер-

мен табыс табуға мүмкіндік беретін сол секіл-

ді бірнеше бағалы қағаздар бар, олар: БӨ ҚМГ, 

Халық  банкі,  Kcell  акциялары.  Акционерлерге 

сыйақы төлеудің қызықты потенциалы  IPO өт-

кен  жылдың  аяғында  шыққан  KEGOC  компа-

ниясында. Қызметтің жылдық нәтижелерін жа-

риялау қарсаңында біздің бағалы қағаздардың 

бағасын  білуге  болады.  Жеке  сектордағы  ұлт-

тық  компаниялардың  және  жылдам  дамушы 

компаниялардың акцияларын төмен бағада са-

тып алуға жақсы мүмкіндік бар. 

Егер  Ұлттық  банк  бағамның  әлсізденуін 

есептен  шығармағанын  еске  алатын  болсақ, 

табысының  айтарлықтай  бөлігін  долларда 

алатын  шикізат  өнеркәсіптері  акцияларының 

өсуіне теңгенің әлсіздеуі әсер етуі мүмкін. Бұл 

сондай-ақ жақын арада қысқа мерзімді инвес- 

тициялық  идеялардың  біріне  айналуы  мүмкін 

екені сөзсіз.

–  Шетелдік  акцияларды  қалайша  тиімді 

сатып алуға болады – қазақстандық брокер-

лерден бе әлде шетелдіктерден бе? 

– Акцияларды кәсіби брокерден сатып алған 

тиімдірек  және  оның  қай  мемлекеттен  екені 

маңызды  емес.  Қазіргі  жергілікті  қаржылық 

нарықтар  арасында  шекараның  болмаған  Ин-

тернет  дәуірінде  жеке  инвестор  әлемнің  әр 

нүктесіндегі брокерлермен жұмыс істеуге мүм-

кіндік алды. Алайда жеке инвестор өз брокері-

нен  не  қалайтынын  түсінген  жөн.  Егер  инве-

стор бағалы қағаздарды сатып алуға өздігінен 

шешім  қабылдауға  қабілетті  болса,  бағалы 

қағаздарды  сатып  алуға  немесе  сатуға  өтінім 

беру  технологиясын  игерсе  болғаны.  Ал  егер 

инвестор  кеңеске  және  кәсіби  кепілдемеге 

мұқтаж  болса  брокерсіз  болмайды.  Брокердің 

міндеті  өз  клиентіне  тәуекел/табыс  қатынасы 

инвеcторлар  мүддесіне  толықтай  сай  келетін 

теңдестірілген 

инвестициялық 

портфелін 

құрауға көмегін беру. Жоғары табысты қаржы 

құралдарын  қаржыландыру  жоғары  тәуекел-

ділікпен қатар жүретіні белгілі. Тек түрлі құрал-

дар бойынша жоғары теңдестірілген портфель 

ғана тәуекелділікті азайтуға қабілетті. 

Кәсіби  басқарушы  күніне  қаржы  нарығы-

ның  жағдайы  туралы  сарапшылардың  тәуел-

сіз пікірлері қамтитын ондаған сарапшы шолу-

ларын оқиды және компаниялар мен салалық 

нарық  туралы  ондаған  зерттеулерді  қарайды. 

Сонымен қатар ол әлемдік экономика денсау- 

лығы,  саясат  оқиғалары  және  бизнес  жаңа-

лықтары, инвесторлық шешім қабылдауға әсер 

ететін  барлығы  жөнінде  шұғыл  ақпарат  ала-

ды.  Күнделікті  келісім  жасамайтын  және  қор 

нарығына  инвестициялауды  негізгі  жұмысы 

ретінде  есептемейтін  жеке  инвесторда  мұн-

дай  мүмкіндіктер  жоқ.  Сол  себепті  брокерден 

кеңес алу орынды.

– Акцияға инвестициялаудың ерекшелік-

тері қандай?

– Қор нарығына келгенде сіз, біріншіден, үл-

кен  көлемдегі  қаржы  ақпараттарын  сарапта-

уға  дайын  болуыңыз  керек.  Бағалы  қағаздар 

нарығына біреу сізге борышты деген сезіммен 

келу дұрыс емес. Тіпті «Халықтық IPO» бағдар-

ламасы кез келген жағдайда инвесторларды та-

бысқа бөлейтін міндеттерге ие емес.

Екіншіден,  негізінен  қысқа  мерзімді  инве-

стициялау стратегиясы бойынша көлемді түр-

де  жеңіліп,  алайда  жоғары  табысқа  кенелуге 

болатынын түсінгеніңіз жөн. Ал ұзақ мерзімді 

стратегия  бойынша  жетістікке  жету  мүмкін-

дігіңіз  арта  түседі,  себебі  жылдам  дамушы 

өнеркәсіптің  ортақ  иемденушісі  және  оның 

басқаруына қатыса отырып компанияның «тір-

лішігіне»  қатыса  аласыз.  Бұл  негізгі  оқиғалар 

мен  жаңалықтардың  мониторингі  және  ком-

пания  бизнесін  жүргізу  ерекшеліктерін  зерт-

теу,  меншік  иелерімен  және  менеджементпен 

«танысу» болып табылады... Бір сөзбен айтқан-

да, бұл табыстан өзге қуаныш алып келетін қы-

зықты үрдіс.

Үшіншіден, 

инвестициялық 

шешімдер 

асығыс,  қызуқандылықпен  қабылдауға  бол-

майды,  олар  инвестициялаудың  мерзімдері 

және тәуекелділіктері түсінігіне негізделуі тиіс.

Төртіншіден,  егер  сіз  қомақты  табысқа  ие 

болғыңыз  келсе,  сізге  белгілі  бір  капитал  қа-

жет.  Нарыққа  минималды  40-50  мың  доллар 

сомамен  келуіңіз  керек.  Мұндай  минимумда 

бұл инвестицияларға қызмет көрсетуге қажет-

ті шығын деңгейі берілген салымдардың табы-

сын айтарлықтай төмендетпейді.



– «Халықтық IPO» бағдарламасы халықтың 

инвестициялық мәдениетіне әсер етті ме? 

12

№1(09)   наурыз 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis

–  Бағдарлама  өз  нәтижесін  әкелді.  Адамдар 

қор  нарығына  белсенді  қызығушылық  таныта 

бастады,  ірі  компаниялар  акцияларына  инве-

стияциялауды  қалайтын  бөлшек  инвесторлар 

классы  пайда  болды.  Бағдарлама  ұсақ  инве-

сторларды оқытуға бағытталған, алайда олар-

дың ішінен үлкен қаржылық мүміндіктері және 

сәйкес  білім  деңгейлері  бар,  тек  мемлекет-

тік  бағдарламаларға  ғана  емес  сондай-ақ  кез 

келген  орналастыруларға  қатысуға  қабілетті 

нағыз инвесторлар шығады деген сенімдеміз.

–  Қазіргі  таңда  брокерлік  корпус  қалай 

күн  көруде  және  жергілікті  брокерлер  қы-

зметі  шетелдік  бәсекелестерден  айыр-

машылығы қандай? 

– Соңғы жылдары брокерлердің жағдайы мәз 

емес. Біздің жұмысымыздың көлемі қысқарды, 

оның  ішінде  қаржыландыруды  қажет  ететін 

компанияларға  қаржылық  кеңес  беру  бойын-

ша.  Бағалы  қағаздардың  отандық  нарығы  да-

муының  қозғаушы  күші  әрдайым  зейнетақы 

жүйесі  болған.  Таяу  уақытқа  дейін  эмитент-

терде  өз  бағалы  қағаздарын  институциялық 

инвесторлардың  кең  ортасында  орналасты-

руда  қаржыландыруды  тарту  бойынша  үлкен 

мүмкіндіктер  болатын,  себебі  зейнетақы  қор-

лары  және  олардың  активтері  жеткілікті  бо-

латын. Қазір, зейнетақы қоры жалғыз болған-

дықтан  эмитенттерге  облигациялық  нарыққа 

шыққан тиімді емес. Бірыңғай зейнетақы қоры 

құрылуымен орналастыруда эмитенттер үлкен 

тәуекелділікке кенелді – қор бұл бағалы қағаз-

дарды ала ма жоқ па? Бағалы қағаздарды шыға-

ру  үрдісі  өте  шығынды,  оған  қоса  ақпаратты 

жариялау талаптары және т.б. бар. Компания-

ларға нарықта жария тарих құрғанша, банктегі 

қарапайым несиеге көшкен оңайырақ.

Брокерлердің жұмыс көлемі азаю нәтижесін-

де, сонымен қатар реттеушінің капиталданды-

руға  талаптары  күшейген  себептен  брокерлік 

компаниялардың саны азайды. Дегенмен бро-

керлік  қызмет  сапасына  қауіпті  көріп  тұрған 

жоқпын. Тек үздіктер және мықтылар қалады, 

тұрақты  қаржы  жағдайында  клиентке  неси-

елік қолдау, бағалы қағаздармен несиелеу, күр-

делі аналитикалық шолулар және өзге де клас-

сикалық қызметтер ұсынатын брокерлер өмір 

сүруін жалғастырады.



Каталог: images -> files
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Шаблон для создания тестов в формате qti V 0
files -> Информация о мбоу
files -> Название курса: Іскерлік коммуникация
files -> Название курса: Методы социологических исследований

жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет