Шығысы Алтай таулары мен батысы Каспий теңізі аралығын алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ – біздің қасиетті ата қонысымыз



жүктеу 290.27 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата10.09.2017
өлшемі290.27 Kb.
1   2   3

 Д.КОЖАКУЛОВА,

Жалағаш ауданы ардагерлер

   кеңесінің хатшысы.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА САЯХАТ



 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар іс-

шара қызметін көрсету аясында ағымдағы жылдың шілде айының 21-22 күндері 

«Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы» ҚБ мүмкіндігі шектеулі балаларға  

Қызылорда  қаласына саяхат ұйымдастырды. Шараның мақсаты мүгедек 

балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру,  елдің, жердің тарихымен 

таныстыру, дүниетанымын арттыру болып табылады.

Сол айтылғандай, ел – жұртына 

пайдасын  тигізіп,  ауылдастарының 

алдында  абыройға  бөленіп  жүрген 

азаматтардың  бірі,  «Сәрке  батыр» 

шаруашылығының 

басшысы 

Нұржан  Демеуов.  Ақсу  ауылының 

ардагерлері,  жалпы  тұрғындары 

осылай  дейді.  Айталық,  «Сәрке 

батыр»  ЖШС  ауылдық  округте 

өткізілетін  мерекелік  шаралар  мен 

қайырымдылық акцияларына 

белсенді  түрде  қатысып 

келеді.  Оның  бір  дәлелі, 

өткен  жылы  серіктестіктің 

демеушілігімен  15  мектеп 

оқушысы  Астана  қаласына 

саяхатқа  барса,  10  ардагер 

Меркі, 


Жаңақорған 

шипажайларында  ем  алып, 

дендерін  сауықтырып  келді. 

Сонымен қатар мереке сайын 

ауылдағы 

қамқорлықты 

қажет  ететін  отбасыларға 

азық  –  түлік  қоржынынан 

демеушілік  жасап  келеді. 

Ауылдық  клуб  жанынан 

құрылған 

«Асыл 


әжелер» 

ансамблі  мен  ардагерлерден 

құрылған 

спортшылар 

командасы да осы серіктестіктің 

қамқорлығына алынған.  

Биыл  Ұлы  Отан  соғысының  70 

жылдығына  орай  «Сәрке  батыр» 

ЖШС  тарапынан  ауылдағы  соғыс 

ардагері 

Өрікбаев 

Сүлеймен 

атайдың  үйіне  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілді. Атап  айтқанда, ардагер 

үйіне    жаңадан  жылу  жүйесі 

АУЫЛДАСТАРЫ  АЛДЫНДА  АБЫРОЙЫ  БИІК

Бұхар жырау бабамыздың бір термесінде           

мы на дай өлең жолдары кездеседі:

«Биік тауға  жарасар ығына біткен панасы,

Терең сайға жарасар  тобылғылы саласы.

Ер жігітке  жарасар  қолына  алған  найзасы,

Бей жігітке жарасар  еліне тиген пайдасы». 

жүргізіліп, бу қазандығы орнатылды. Сонымен қатар, үй 

ішінде  жаңадан жуыну бөлмесі  жасалып, салқын және 

ыстық су, кәріз жүйесі жүргізіліп, үйдің сыртқы бетіне 

жөндеу жұмыстары жасалды. 

Ал, жуырда серіктестіктің демеушілігімен ауылдың 

10  баласына  Бурабай  демалыс  орнындағы  «Лесная 

сказка»  лагеріне  демалуға  жағдай    жасалды.    Жүздері 

жайнап, жүректері алып ұшқан бүлдіршіндерді аудандық 

мәслихат  хатшысы  К.Сүлейменов,  аудан  әкімінің 

орынбасары Қ.Мұстафаева, ауыл әкімі Ғ.Телібаев және 

ардагерлер,  ата-аналар  шығарып  салды.  Зиялы  қауым 

бүлдіршіндердің  қадамдарына  сәттілік,  өмірлеріне 

жаңа жетістіктер тіледі.   Ауылдық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы  ақжол  тілеп,  батасын  берді.  Серіктестік 

төрағасы  Н.Демеуов  іс  сапарда  болғандықтан,  шараға 

шаруашылықтың  жауапты  мамандары  қатысты. 

Сондай-ақ серіктестік тарапынан ауыл орталығындағы  

мешітке  үнемі  қолдау    көрсетіліп,  діни  мерекелерде 

түрлі  шараларды  ұйымдастыруға  демеушілік  жасалып 

келеді.  Аудан  әкімінің  орынбасары  Қ.Мұстафаеваның 

айтуынша, әлеуметтік әріптестік аясындағы шараларға 

тұрақты  атсалысып  жүрген  «Сәрке  батыр»  ЖШС  өзге 

әріптестерінің  алдында  тұр.  Біз  де  батыр  атындағы 

шаруашылықтың  байыпты  тірліктерін  бұқараға 

насихаттауды жөн көрдік. 

Ғазиза ӘБІЛДА,

Маханбет АХМЕТОВ (сурет).

2015 жылдың ІІІ-тоқсанға арналған Жалағаш аудандық Әділет басқармасы басшысының  және «Аудандық аумақтық 

бөлімі» филиал басшысы-аға сот орындаушысының жеке  және заңды тұлғалардың өкілдерін  жеке қабылдау  КЕСТЕСІ

Қабылдау жүргізушілер

Азаматтарды қабылдау күні мен 

уақыты

Мемлекеттік органның 

орналасқан жері

Байланыс 

телефоны

Басқарма басшысы

Бөлембаев Қанат Шамшатұлы

Күнделікті сағат 09-00-ден-12-00-ге дейін

Жалағаш кенті, Төле би көшесі №4

32-1-52


Филиал басшысы-аға сот орындаушысы

Қожамұратов Бағдат

Күнделікті сағат 09-00-ден-11-00-ге дейін

Жалағаш кенті, Төле би көшесі №4

31-3-33

Ескертпе: шалғай елді мекендерден келген жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың    өкілдері күнделікті сағат 9.00-ден- 18.00-ге дейін қабылданады.

КӨҢІЛ АЙТУ

«МЕGA  Агро»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  мен  «Мөрәлі  Шәменов  

атындағы» ауыл әкімшілігі ауыл тұрғыны,  зейнеткер Жүнісқұлов Сәдудің қайтыс 

болуына  байланысты  марқұмның  отбасы  мен  туған-туысқандарына  қайғысына  

ортақтасып көңіл айтады.

Шұғыл түрде

 

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Жалағаш кенті, Абай көшесі №6 үй, 2 пәтер. 

3 бөлмелі. Бағасы 500 мың теңге. Тел: 8-775-

251-07-24, 8-705-637-83-91, 8-771-530-98-71.

«Жақсы 

әке-балаға 



жүз  жылдық  азық»  де-

мекші,  мына  өмірге  әрбір 

қадам  басқан  сайын  көз 

алдымызға  аяулы  әкеміздің 

бейнесі  келеді.  Әкеміз  

Романқұлов   Жәнібек  бол-

мысынан  сабырлы,  өте 

мейірімді,  кісінің  қабағына 

қарағыш, ақжарқын, ерекше 

аңқылдақ болатын.          

Мамандығы 

мұғалім 


болған  соң  ба,  әкеміз  бала 

тәрбиесіне  ерекше  мән  беретін.  Ешқашан  бізге  шектеу 

қойған  емес,  таңдауды  өзімізге  жасатып,  тек    бағыт 

бағдар беріп, дұрысына қолдау көрсетіп, бұрысын түзетіп 

отыратын. Осындай асқар таудай әкеміздің өмірден ерте 

өткеніне, періште жүрегіміз әлі де сенер емес.                                                

Анамыздың  асыл  жарына  деген  сағынышына 

1жыл.....Ата, әжеміз бен бауырларымыздың жүрегіндегі 

жара сыздағалы 1 жыл... 

Балаларыңыздың  нұрлы  жүзіңізді  көрмегелі  , 

«құлыным»деген дауысыңызды естімегелі 1 жыл....ЖАН   

ӘКЕ.


                 «ӘКЕГЕ АРНАУ»

Сұм ажал жан әкемді жалмады 

Мұңға батты анашымның жанары.

Ұл-қызының қызығын көрер шақта,

Ауыр қайғы мойнымызға салғаны.

Сағынып еске алады ұл мен қызың.

Күш бар ма өлім сеңін бұзатұғын.

Түсінбедім, қисынсыз тағдыр сырын.

Әкетай,ерте сөнді –ау от ғұмырың.

Әкешім, әкетайым, асылым-ай,

Болмысыңыз ерекше Ақ сұңқардай

Өзіңізбен өткізген күндерім-ай

Оралса ғой ортаға сағындырмай.

Тырс еткен дыбыстарға елеңдейміз,

Есіктен күліп қазір келер дейміз.

Ауылдың сыртындағы зиратыңнан 

Бір көріп қалатындай елеңдейміз.

Маңдайымнан сипаушы-ең жаным әке.

Енді жүрміз сізге арнап  дұға тілеп.

Зираттағы жайдары бейнеңіздің

Еркелегім келеді жанына кеп.

Әкешім, ендігі сіз қаймықпаңыз,

Өсеміз ғой өзіңіз қалдырған із.

Ата, әже, анама шөбере сүйгіземіз,

Жұмсақ болсын мәңгілік төсегіңіз.

Әр  күніміз  әкемізге  деген  сағынышпен  өтеді, 

жүрегіміз  әлі  «әке»  деп  соғады.  Біз  Сізді  ұмытпаймыз  

әке. Рухыңызға  тағзым етеміз.



ЕСКЕ  АЛУШЫЛАР  БАЛАЛАРЫ:  Ғасырбек, 

Шапағат, Бекжан, Лаура, анамыз Айнұр.

КӨЗІМІЗДЕ – ЖАС, ЖҮРЕГІМІЗДЕ – САҒЫНЫШ

№59   (9132)   29.07.2015

4

2807

753

Газет  Қазақстан  Республикасы  Байланыс  және  ақпарат 

агенттігінде  19.06.2014  ж.  қайта  тіркеліп,  №14408-Г  куәлігі 

берілген.

Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

ЗАМАНДАС КЕЛБЕТІ

ТАҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТҮЛЕГІ



Кезекші редактор  Серік БЕРТАЕВ.

АУДАН КОМАНДАСЫ 

АЛҒАШҚЫ ҚАТАРДА

Нәтижесінде  елдің  де  бұл  бастамаға  ынталы  екені  

айқындалды.  Нақтылар  болсақ,  бұқаралық  спортпен 

қамтылғандар  биылғы  жылы  аудан  тұрғындарының    24,9 

пайызын құрады.  Ал тұрақты түрде спортпен айналысушылар  

саны 9194.

Жастарды    көбірек  қызықтыратын      спорттың  бір  түрі- 

футбол.    Екінші    жағынан,    бұл  спорт    командалық    сайыс 

болғандықтан, жастардың  өзара  қарым-қатынасын  нығайтып,  

бірлікке  баулиды.

Қазақ  хандығының-550,  Ұлы  Жеңістің-70,  Қазақстан  

Республикасы    Конституцияның-20  жылдығына      арналған  

футболдан облыс  чемпионаты  ұйымдастырылған болатын. 

Осы  жылдың    30  мамырында      басталған  чемпионат  

ойындары  3 қазанға  дейін жалғасады.  Бүгінге дейін  10 команда  

арасында байқау болып  өтті.  Нәтиже бойынша  жалағаштық 

«Тұлпар» командасы алдыңғы  үштіктің  қатарынан  табылды. 

Чемпионаттың    9-шы  туры    1  тамызда    Жалағаш  кентіндегі  

орталық    стадионда    өтеді.    Онда  «Намыс»-Шиелі  және 

«Тұлпар»-Жалағаш  командалары  сайысқа түседі. Осы орайда  

аудан командасының   абыройын  асырып жүрген  азаматтардың  

есімдерін  атап өткеніміз орынды болар. Айталық, ағайынды 

Бақытбек, Батырбек Мұқашевтар, Батырхан  Ысқақов, Айдос 

Ахметов,  Уәлихан  Дүйсенұлы,  Бағлан  Ілиясов,  Ақылбек 

Сәндібековтер қауырт қимылдарымен, тартысты ойындарымен  

қарсыластарын  қапы қалдырып келеді.

Аудандық денешынықтыру  және спорт бөлімінің  басшысы 

Н.Ержановтың    айтуынша,  жігіттердің  еңбегі  ерекше  атап 

өтуге лайық.

-Олар  күнделікті  дайындықта.  Сондықтан  қолда  бар 

мүмкіндікті  пайдаланып, душын, фитнес клубының  қызметін 

ұсынып  отырмыз,-дейді бөлім басшысы.

Жалағаштық    жанкүйерлер  атынан  біз  де  аудан 

командасының абыройы биік болуына тілектеспіз.  



Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

Өмір атты ұлы көште әр адам өзінше мұра 

қалдырып, керуен тартады. Жастығында 

ата – анам, балалық шағым, деп басталатын 

адами ғұмыр – ауылым, туған жерім, еңбек 

жолым деп өрбіген перзенттік міндет ретінде 

жалғасын табады. Міне, осындай өнегелі ғұмыр 

иесінің бірі- ауылшаруашылығы ғылымының 

кандидаты, доцент, қазақ егіншілік және 

өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу 

институтының аға ғылыми қызметкері 

Созақбай Садықұлы 12 мамырда 70 жасқа 

толды.

Жерлесіміз Садықов Созақбай «Таң» ауылында 

1945 жылы 12 мамырда дүниеге келген. 1982 жылы 

сол  колхозда  1  –  ші  сыныпқа  мектепке  барады. 

1962  жылы  бұрынғы  «Коммунизм»  совхозындағы 

Иіркөл орта мектебін бітіріп, сол жылы Қызылорда 

пединститутының  биология  бөліміне  оқуға  түседі. 

1967  жылы  оқу  орнын    аяқтап,  «Коммунизм» 

совхозынан  бөлініп  шыққан  Таң  күріш  совхозына 

қызметке орналасады. 

 Ал 1970 жылдан бері Алматыдағы Қазақ ғылыми 

–  зерттеу  егіншілік  және  өсімдік  шаруашылығы 

институтында қызмет атқарып келеді.

Киелі 


Жалағаш 

топырағынан 

шыққан 

жерлесіміздің  өткен  өмір  жолын  келер  ұрпаққа 



өнеге  және  тәрбиелік  мәні  болар  деген  үмітпен 

70  жылдық  мерейтойына  орай  оқырман  назарына 

ұсынып отырмын.

Сәкең  1971  –  1973  жылдары  аралығында 

институттың 

физиология 

және 

биохимия 



зертханасында,  ғылыми  (эксперимент)  тексеру 

жұмысымен айналысты. Жұмыстың басты мақсаты 

Республикамызда  жаңадан  селекциялық  жолмен 

шығарылатын  жаңа  сорт  (бидай,  арпа  т.б)  және 

будандастырылған дақылдардың дәнін (құрылысын) 

зерттеу болды.

  Атап  айтқанда,  бұндай  ғылыми  –  зерттеу 

жұмыстары  бұрын  –  соңды  жүргізілмеген. 

Сондықтан  зертхана  меңгерушісі  барлық  тексеру 

(эксперимент)  жұмыстарын  ғылыми  методикалық 

салада бастады. 

Көптеген ғылыми тексеру зерттеу (эксперимент) 

қорытындысында  1971  жылдың  ортасында  Одақ 

көлемінде  алғаш  рет  арпа  дақылының  дән  құры-

лысын  зерттеп,  оның  70  пайыз  спирт  ертіндісінде 

бөлінетін ақуыз (гордеин) болатыны белгілі болды. 

Ол  химиялық  ортада  электро  –  форез  тәсілін 

қолданып,  түрлі  бөліктерге  (компонент)  бөлінетіні 

анықталды.  Оның  (компонент)  саны  әртүрлі  арпа 

сортында жеке түрде болатыны және олар дақылдық 

генетикалық  (тұқым  қуалаушылық)  қасиеттеріне 

жауаптылығы  белгілі  болды.  Осы  тәсіл  көмегімен 

ғалым  селекционер  жаңадан  сорт  түрлерін 

шығаруда,  белгілі  компаненттерді  басшылыққа 

алып,  сорттың  жақсы  қасиеттерін  пайдаланып, 

жоғарғы өнімді және сапалы түрлерін шығаруға жол 

ашты. Кейін осы тәсіл өзгертілмей, бидай дақылына 

қолданылды. 

Осы  тәсіл  жаңартылып  қазіргі  уақытта  ауыл 

шаруашылық дакылдарының тұқым шаруашылығын 

жақсарту  (элита,  супер  –  элита  т.б)  мақсатында 

қолданып жүр. Аталған зерттеу қорытындысы 2008 

жылы  Қызылорда  қаласында  дүниежүзілік  Арал 

және  экология  саласында  өткен  форум  тезисінде 

жарық көрді.

С.Садықов  1975  жылдан  бастап,  Алматы 

облысына қарасты Балқаш ауданы Ақдала өңірінде 

күріш  дақылынан  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарын 

атқарды.  Ол  кездегі  Ақдала  жерінде  жаңадан 

инженерлік (планировка) жүйемен күріштік жерлер 

игеріліп  жатқан  еді.  Бұл  өңірде  күріш  дақылының 

көлемін  20  –  100  мың  гектарға  жеткізу  міндеті 

тұрды. 

Жаңадан  игерілген  күріштік  жерлерге  басты 



дақылдарды іріктеу, ауыспалы егіс, оны жасау және 

басты  дақылдан  жоғарғы  өнім  алу  қажет  болды. 

Оған қоса Ақдала топырағының сан қилы түрлерін 

ескеріп –негізге алып жүргізілді. Айтылған қыруар 

жұмысты  Қазақ  ғылыми  –  зерттеу  институтының 

күріш өсіру бөлімінің үлесіне тиді. 

Осы  салада  жерлесіміз  20  жылдан  астам 

уақыт еңбек етіп, 50 – ден аса ғылыми мақалалар, 

ұсыныстар және Ақдала өңірінде күріш және т.б.ауыл 

шаруашылық  дақылдарының  өнімін  (ауыспалы 

егісте)  көтеру  және  тұрақтандыру  технологиясын 

ғылыми  тұрғыда  зерттеп,  қорытындылып,  кітап 

жазды.

Сәкең  қай  салада  еңбек  етпесін,  ұстамдылық, 



қажырлылық  еңбекқорлықты  көрсете  білді. 

Ауылдан  шыққан  жас  жігіт  алғашқы  1970  –  1971 

жылдары  көп  қиналып,  еңбек  еткенін  еске  алады. 

Ол жылдар ауыр болған, себебі орыс тілін білу және 

жаңа ортаға үйрену жерлесімізге оңай болмады.

Ауылдан бір шығып кеткесін, қайткен күнде де 

елдің, әке – шешенің абыройын, балалық борышын 

ойлап,  уақытпен  санаспай,  қажырлы  еңбегінің 

арқасында  елімізге  белгілі  ғалымдар  қатарына 

қосылды.


Бүгінгі  күні  құрметті  демалысқа  шыққанмен 

суармалы егіншілік бөлімінде аға ғылыми қызметкер 

лауазымын атқарады. Ғылымның «қара шаңырағы» 

саналатын  «Қаз.Е.Ө.Ш.Ғ.З.И»  қатарында  Созақбай 

Садықұлы  әр  түрлі  жобалардың  жұмысына  да 

тікелей  атсалысты.  Ол  күрішті  тамшылатып  суару 

технологиясын  республика  көлемінде  сынақтан 

өткізіп,  оны  өндіріске  енгізу  жұмысында  маман 

болып саналады. 

С.Садықұлы  жарты  ғасырға  жуық  қазақтың 

ауыл  шаруашылығындағы «қара шаңырағы» - Қазақ 

егіншілік  ғылыми  зерттеу  институтында  жайдары 

мінезімен  қомақты  еңбегімен  ерекшеленіп,  үлкен 

ортаға сай еңбек етті.

Көптеген жас мамандарға жетекші болып оларға 

ғылым саласында жол көрсетіп отырды.

Жанұяда  адал  жар,  ардақты  әке,  өнегелі  ата 

жан  жарымен  ұл  –  қыз  тәрбиелеп,  немерелерінің 

қуанышы мен шаттығына бөленген жан. 

Осынау мерейлі тойында Сәкеңе шын жүректен 

отбасына  амандық,  деніне  саулық,  еңбекте  табыс, 

шығармашылық жетістіктер мен қуанышты күндері 

көп болсын деп тілек білдіреміз.

Осы орайда оның жыр шумақтарын жерлестеріне 

жолдауды жөн көрдік. 

ТУҒАН ЖЕРІМ

Туған жерім ыстықсың анық маған,

Жазиралы далаңда шабыттанам.

Табиғаттың байлығы-аң жүгіріп,

Қыран құстар қияда қалықтаған. 

Алыстан мен мұндалап асқар белім, 

Айнадай жалтырайды қамқор көңіл.

Ойымнан бір сәтте де шығар емес, 

Бәрінен де қымбатсың туған елім. 

Алтын бесік ауылым басымды иер,

Сақталған салтыңменен дәстүр-өнер.

Жырақ кеттім жүремін тілеуің боп, 

Туған жерім көркейіп гүлдене бер. 

АНАМА 

Түн ұйқыңды төрт бөліп, 

Қиындықты өткеріп. 

Бесігімді тербетіп, 

Тұрушы едің көп көріп. 

Мейірімді жүзіңе, 

Қараушы едің үзіле. 

Құлыныңды өсірген.

Қарыздармын өзіңе. 

Кетпейді естен үндерің,

Жүзіме қарап күлгенің.

Өзіңмен болған күндерім,

Бақытты кезім бұл менің. 

ӘКЕНІ САҒЫНУ

Орындалып бар арман-көздегенің,

Тағдыр жазса болады өз дегенің. 

Асқар таудай әкежан қамқорым ең,

Көп жылдың жүзі болды көрмегелі. 

Толқын атқан дария өмір ағын, 

Рухыңа тағзым етіп табынамын. 

Арман қуып кетсең де әкетайым,

Өзіңді аңсап әрдайым сағынамын. 

ӘЛІШ ТҮБЕГІ 

Есімде әлі «Әліштің жасыл түбегі»,

Жұпарын шашып, тұрғандай күліп реңі.

Асырды салып, малдарды бағып жүруші ек,

«Жер ұйық» деп атаушы еді «Сыр елі»

Созылып жатыр шипалы құм, қайырың,

Иісі аңқып тұрушы еді, жиденің.

Есейіп бүгін, өзіңнен алыс жүрсем де, 

Есіме түседі, асыр сап сенде жүргенім. 

ИІРКӨЛДІ САҒЫНАМ

Тербетіп самалыңмен Иіркөлім,

Сақтайды жүрегінде сырыңды елім. 

Өтті ғой сайран салып бала кезім, 

Қол бұлғап тұрғандай сен күлімдедің. 

Қайырмасы:

Желпіп соққан самалың,

Тербеткендей жан әнім.

Тұрғандаймын көрсем мен,

Құшағында анамның.

Қанша уақыт қалдың менен жырақта, 

Ұмытпаймын болмысыңды бірақта. 

Толқыныңмен ғашықтарды тербеткен,

Сенің үнің мәңгі қалды құлақта. 

Қол ұстасып, лүпіл қағып жүректер,

Айдынында айқастырып білектер.

Қарыздармыз, Иіркөлім өзіңе,

Сайран салып, сенен ұшқан түлектер. 

Ұмытылмас бақтарың мен қайырың, 

Табиғаттың арманы ғой, бар жанның.

Иіркөлім жүрсемде мен алыста,

Басымды иіп, көріп тұру арманым. 

СЫРДАРИЯ 

Сырдариям басын алған Алатаудан,

Бойыңа Ақмешіттей қала салған.

Шардараны толқыныңмен жұлқылаушы ед, 

Тоқтадың Көксарайға, жаңа салған. 

Ырғалып, толықсисың сан арнадан,

Өзіңе Шәмші ағамыз ән арнаған. 

Әлемді кезіп жүріп, ақырғы рет, 

Өтіпті «Қорқыт баба» желмаямен. 

Анасы секілдісің, кең даламның,

Шөлін де қаңдырасың Жер-Ананың.

Шалғайда жүрсем-дағы, ойымдасың, 

Тыңдағын сағынышын, мен балаңның. 

Әмірбек ӘБЕКЕНОВ,

Жалағаш ауданының құрметті азаматы,

еңбек ардагері.

Алматы қаласы.

1 тамызда сағат 19.00-де  

«Тұлпар»-(Жалағаш)-«Намыс» (Шиелі).

15 тамызда сағат 19.00-де «Тұлпар»

(Жалағаш)-«Қорқыт елі» (Қармақшы).

29 тамызда сағат 19.00-де 

«Тұлпар» (Жалағаш)-«Жігер» (Қазалы).

12 қыркүйекте сағат 19.00-де 

«Тұлпар» (Жалағаш)- «Тереңөзек» (Сырдария).

29 тамызда сағат 19.00-де 

Елбасы  бұқаралық спортты  дамытуға  ерекше мән беріп, халықтың  

өмір сүру   сапасын  жақсартуға  бағытталған  қадамның бірі екенін алға 

тартты. 

ІС-САПАР

СПОРТ

Дәл 


қазіргі 

уақытта 


аудан 

орталығындағы  ақ  шаңқан  киіз  үйге 

кіріп-шығып  жатқандардың  қарасы 

көп.  Бұлар  Қазына  апай  сапырған 

бал  қымыздан  дәм  татушылар.  Жыл-

да 


жаз 

жақындағаннан 

орталық 

мешіт  жанындағы  саялы  ағаштардың 

көлеңкесіне  тігілген  киіз  үйдегі  осы 

қымызхана  аудан  тұрғындарына  қызмет 

көрсетуді бастайды.

Қазақы  үйдің  ішкі  безендірілуінің 

өзі  кірген  жанды  ерекше  әсерге 

бөлеп,  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлайды.

Ұлттық  нақыштағы  ою-өрнектермен 

әдіптелген  басқұр,  уыққа  айналдыра 

ілінген  шашақты  салпыншақтар  және 

тағы  да  басқа  қазақтың  киіз  үйіне  ғана 

тән  атрибуттар  көрген  көзді  суарып, 

көңіл  сүйсіндіреді.  Ал,  Қазына  апай 

құйған  шара  ыдыстағы  сары  қымыз  бен 

шұбаттың  бал  дәмін  тіпті  тілмен  ай-

тып  жеткізе  алмайсыз.  Алты  қанат  ақ 

үйдің  ішіне  жағалай  жайылған  құрақ 

көрпешелер  мен  ақ  дастархан  бір  сәтке 

де жиылмай қонақ күтіп тұрады. Киіз үй 

ішінің  санитарлық  тазалығы  да  талапқа 

сай,  тәулік  бойы  қонақ  қабылдағанына 

қарамастан үй іші мұнтаздай. 

Қымыз 


ішуге 

келген 


қонақтар  алдарына  тапсы-

рыс  берген  сусындары  келген-

ше  түрулі  іргеден  ескен  май-

да самалға бет төсеп, жастыққа 

шынтақтай  жатып,  алаңсыз 

әңгіме-дүкен  құруға  бола-

ды.  Саялы  ағаштардың  ара-

сына  тігілген  киіз  үйдің  іші 

қоңыр  салқын.  Айналасындағы 

арықтардан  сылдырап  аяқсу 

ағып жатыр.

Сондықтан 

кешегі 

шілденің  ми  қайнатар  ап-



тап 

ыстықтарында 

осы 

қымызханаға 



бас 

сұғып, 


тоңазытқышта  тұрған  бие  мен 

түйенің  сүтінен  дайындалған 

салқын  сусындардан  сімір-

гендер  көп  болыпты.  Бұл  жер-

де  тек  қымыз  бен  шұбат  қана 

емес  сонымен  бірге  келушілер 

қымыран,  айран,  қатық,  тіпті 

құрт,  ірімшіктен  де  дәм  тата 

алады.  Сондай-ақ,  Қазына 

апай  қымызханаға  маңдай 

тіреген  жолаушыларға  самаурынмен 

шай  беріп,  қалаған  тамақтарын  да  дай-

ындап  береді.  Біз  Жаңадария  ауылы-

нан түс қайта аудан орталығына оралып, 

Қазына  апайға  жолығуға  келгенімізде 

қымызхана  ішінен  әдеттегідей  ду-ду 

әңгіме  есіп  тұрды.  Әрине,  бос  әңгіме 

емес,  дастархан  басында  молдас  құрып, 

жайғасқан  ақсақалдардың  салиқалы 

әңгімесі.  Үш-төрт  қария  алдарындағы 

торсықтай  сары  бауырсақтармен  шұбат 

ішіп отыр. Олардың бірі ұзақ жылдардан 

бері ораза ұстап, аузынан Алласы түспей 

келе  жатқан  кентаулық  жолаушы  екен. 

Өзін  Серік  Талдыбаев  деп  таныстырған 

кентаулық  ақсақал  келушілерге  жан-

жақты  жағдай  жасалған  қымызхананың 

мінсіз 


қызметіне, 

тұтынушыларға 

ұсынған  сусындарына  көңілі  толғанын 

жеткізіп, Қазына апайға алғысын жауды-

рып жатты. 

Айтпақшы, Қазына апайдың бір қызы 

«Қылыш»  шаруа  қожалығын  ашып, 

Қызылорда  қаласының  тұрғындарын 

қымыз, шұбат сусындарымен қамтамасыз 

етіп отыр. Міне, отбасылық бизнесті да-

мытып  отырған  Смайыловтар  әулетінің 

заман талабына сай кәсібі көпке үлгі. 



Қуат АДИС,

Маханбет АХМЕТОВ (сурет).

БАҚШАСЫН ЖАЙҚАЛТЫП,

ҚЫМЫЗ САПЫРҒАН

Жалғасы. Басы 1 бетте.

Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 290.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет