Шығысы Алтай таулары мен батысы Каспий теңізі аралығын алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ – біздің қасиетті ата қонысымыз


Б.АЗАМАТОВ, Төтенше  жағдайлар бөлімі бастығының



жүктеу 290.27 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі290.27 Kb.
1   2   3

Б.АЗАМАТОВ,

Төтенше  жағдайлар бөлімі бастығының 

міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет майоры.

ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ 

ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Жоғары білімді, білікті маман 

ретінде ол қай қызметте жүрсе 

де абыроймен атқарып, еңбек 

эстафетасын жалғастырып келеді. 

Әсіресе, оның өмірі, еңбек жолы 

Жаңадария ауылымен тікелей 

байланысты. 1991 жылдан кейінгі 

уақыт талабына орай совхоздың 

құрылымы өзгере бастады. 

1997  жылы  облыстық  мәслихаттың 

шешімімен    ауыл  әкімшілігі  Аламесек 

ауыл 


округіне 

қосылды. 

Жаңадария 

өндірістік  кооперативі  жекешелендіруге 

байланысты  1998  жылы  жеке  құрылым-

шаруа  қожалықтарына  бөлініп  жұмыс 

істей  бастады.  Қоғамдық  мал  жекешеленіп 

таратылған  соң  ауыл  енді  егіншілікке 

бетбұрыс жасады. Осындай кезеңде халықты 

нарық  қиыншылығынан  алып  шығуда 

басшылыққа  келген  Манарбек  Еспановтың 

көп еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. «Ілияс 

Мақсұм»  шаруа  қожалығының  төрағасы 

болған  соң,    ол  «Бестам»  телімінен  жер 

ашып,  халықты  көкөніс,  бақша  егуге 

жұмылдырды. Сол жерге бақшалықпен бірге 

300-400  гектарға  дейін  күріш,  бидай  егіліп, 

ауыл тұрғындары жұмысқа тартылды. Ауыл 

орталығында  үй  диірмені  жұмыс  істеді. 

Осылайша  ол  тұрғындарға  нарық  талабын 

түсіндіріп  тығырықтан  алып  шығуына 

атсалысып,  іскерлік  қабілетін  көрсеткен 

еді.  Көп  ұзамай  ол  ауданға,  аудан  әкімінің 

орынбасары  қызметіне  шақырылды.  Бұдан 

кейін аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің 

басшысы,  Жаңаталап  ауыл  округі  әкімі 

қызметтерін атқарды. 

М.Еспановтың  жұбайы  Ғайни  ұлағатты 

ұстаз, №246 мектепте ағылшын тілі пәнінен 

дәріс  береді.  Дүниеге  ұл-қыз  әкеліп, 

тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. 

М.Шәменов  ауылы  әулие-әмбиелер 

қоныстанған    киелі  құтты  мекен.  Ауылдың 

аумағында Мәмбет, Түмен, Мұса әулиелердің 

зираттары  бар.  Әруақтар  қоныс  тепкен 

берекелі  ауыл  жыл  өткен  сайын  ажарланып 

көркейіп  келеді.  Алайда  осы  ауылдың 

шаруалары  соңғы  жылдары  алға  баспай-

ақ  қойды.  Өйткені  ауылға  келген  инвестор 

«Дихан»  компаниясы  ауылдың  әлеуметтік 

жағдайына атүсті қарап  көмек бермеді. Жыл 

сайын М.Шәменов атындағы шаруашылығын 

жеріне  еккен  егінді  қырманға  түсірмей  егіс 

басынан тасып кетті. Қырман жұмысы тоқтап, 

астық  қоймалары  жабылды.  Балапанды 

күзде  санап,  ел  ырысы  егіннен  үміт  күткен 

тұрғындар  күріш  түгілі  күрмекке  қолдары 

жетпей  қалды.  Жұмыссыздық  көбейіп 

халықтың жағдайы қиындай бастады. 

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» 

дегендей осындай қиын кезеңде  білікті маман 

Манарбек  Еспанов  М.Шәменов  атындағы 

ЖШС-ке  өткен  жылы  басшылыққа  келді. 

Ұзақ  жыл  аудан  совхоздарында  директор 

болып басшылық жасаған дербес зейнеткер, 

Еңбек  ері,  ауданның  абыз  ақсақалы  әкесі 

Ұзекең,  Ұзақ  Еспановтан  алған  тәлім-

тәрбиесі,  өмірлік  тәжірибесі  мол  іскер 

азамат,  ә  дегеннен  шаруашылық  жұмысын 

дөңгелетіп  әкетті.  Алдымен  қайыры 

жоқ  инвестор  «Дихан»  компаниясынан 

бөлініп  шығып,  өз  алдына  дербестік  алды. 

Серіктестіктің  экономикалық  қаржылық 

жағдайын жақсартуға күш салды. 

Манарбек  істің  адамы,  ол  басшылыққа 

келгелі  шаруашылық  жұмысы  алға  басты. 

Оншақты жылдан бері тоқтап тұрған орталық 

қырманды іске қосты. Қырманға дән түсіп, 10 

адам  жұмысқа  тартылып,  ауылдың  берекесі 

кіріп қалды. Сондай-ақ қараусыз қалған 800 

тонналық қойманың төбесі шатырланып, 30 

тонналық таразы іске қосылды. Ал машина-

трактор  жөндеу  шеберханасында  токарлық, 

слесарлық балон жамау, дәнекерлеу цехтары 

жұмыс істеп жатыр. Маусымдық жұмыстарға 

байланысты 

еңбеккерлер 

арасында 

ынталандыру  шаралары  ұйымдастырылады 

екен. Мәселен әрбір 7 күн сайын егін орағы 

жұмысы қорытындыланып, күндік нормасын 

асыра  орындаған  жаткашы  комбайнерлерге 

жоспардан  артық  өнім  алған  сушыларға 

және қалтқысыз қызмет еткен аспазшыларға 

ақшалай ынталандыру сыйлықтары беріледі. 

Шаруашылық  жұмысын  ұйымдастырып 

жақсы  жолға  қоя  бастаған  жаңа  басшы 

жұмысшылардың  жалақыларын  ай  сайын 

беріп  есептесіп  келеді.  Бұдан  бұрын 

серіктестікте  50-60  адам  болса,  қазіргі 

уақытта 105 адам жұмыс істейді. Демек,ауыл 

тұрғындарының  көпшілігі  дерлік  жұмысқа 

тартылып  еңбек  етуде.  Сонымен  бірге 

жұмысшылардың  шөптерін  орып,  мал 

қораларына  тасып  алуына  шаруашылық 

есебінен техника беріліп, көмек көрсетіледі. 

Ал  күзгі  жиын-терім  аяқталған  соң  қыстық 

отынын  түсіріп  алу  үшін  жұмысщылардың 

әрқайсысына  50  литрден  жанар  май  мен 

техника беріледі екен. 

Осындай  ұйымдастыру  жұмыстарының 

нәтижесінде  шаруашылық  жылды  толымды 

табыстармен  қорытындылап  келеді.  Өткен 

жылы серіктестік бойынша 908 гектар күріш 

егіліп,  әр  гектарынан  48  центнерден  өнім 

жиналды. Сөйтіп қоймаға 43580 центнер дән 

құйылды.  Шаруашылық  жаңадан  лизингі 

арқылы «Магдан»  комбаинын, 4-«К-700», 1 

пресс болатын, 1 тиегіш техника сатып алып, 

қажетті  техникалар  толық  жаңартылды. 

Өткен  2014  жылы  «МЕГА-Агро»  ЖШС 

болып  аты  өзгерген  серіктестік  биылғы 

жылы  да  908  гектар  көлемге  күріш  егіп 

күтімге алды. 

Ауылды дамытуға атсалысқан абыройлы 

азамат  тұрмысы  төмен  отбасыларына, 

игілікті 

шараларға 

шама 

шарқынша 



демеушілік  жасап,  қолдау  көрсетуде. 

Шаруашылық  есебінен  ауылдағы  бала-

бақшаға  ай  сайын  1  қап  ұн,  1  қап  күріш 

берсе,  тұрмысы  төмен  отбасы  балалары 

үшін  30  мың  теңге  қаржы  беріп,  олардың 

тәлімді  тәрбие,  білім  алуларына  жағдай 

жасауда. Сондай-ақ жерлесіміз, ҚР мәдениет 

қайраткері,  сазгер  әнші  Е.Әбдіхалықованың 

шығармашылық  кешін  өткізуге  500  мың, 

мектеп  оқушыларының  жазғы  лагеріне  50 

мың,  Түмен  әулие  кешенін  жаңғыртуға 

500  мың  теңге  қаржылық  қолдау  көрсетсе, 

Халықаралық қарттар күні ауыл ардагерлеріне 

және қайтыс болған тұрғындарға азық-түлік 

беріп  көмек  көрсетуде.  Осылайша  жоқтан 

бар  жасап,  тұралап  қалған  шаруашылықты 

алға сүйреген Сәтпай бабаның ұрпағы әруақ 

қолдаған  азаматқа  ауыл  халқы  дән  риза, 

айтар алғыстары шексіз. 

Биыл ол ел игілігіне қызмет ететін жаңа 

жобаны  жүзеге    асыруды  жоспарлап  отыр. 

Яғни егін егіп, астық молшылығын  жасаумен 

бірге мал шаруашылығын дамыту мақсатында 

3000 бас ірі қара мал алып бордақы алаңын 

ашпақшы екен. Бордақы кешенінің бұрынғы 

ізі бар, жемшөп жеткілікті. Демек, мал басын 

өсіріп  бордақылап,  ет  экспортын  дамытуға 

мүмкіндік мол.



Серік БЕРТАЕВ.

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА 

АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТ

Қазақстан  Республикасының    «Астық 

туралы»  Заңының    басты  талаптарының  бірі 

лицензиялы астық қабылдау  кәсіпорындарының  

біліктілік талаптарына  сәйкестігін  жыл сайынғы 

тексеруді  өткізу  болып  табылады.    Осы  заңның  

6-1  бабының    1-тармағы    9-тармақшасына  орай 

жергілікті  атқарушы органның – облыстық ауыл 

шаруашылығы  басқармасының  бұйрығымен 

бекітілген  кестелерге  сәйкес  жаңа  егіннің 

астығын    қабылдауға  дайындығы    тұрғысынан 

астық  қабылдау  кәсіпорындарын  лицензиядан  

кейінгі  жыл  сайынғы  тексерулер,  яғни  астық 

қабылдау  кәсіпорындарын  зерттеп,  тексеру 

актілерін  ресімдеуді  қамтитын  бақылау  жүзеге 

асырылады.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 

жылғы 20 желтоқсандағы  «Астық қолхаттарын 

бере отырып, қойма қызметі бойынша  қызметтер 

көрсету  жөніндегі    қызметті  лицензиялаудың 

кейбір  мәселелері  туралы»  №1635  Қаулысына  

сәйкес  астық  қабылдау    кәсіпорындарының  

біліктілік  талаптарға  сай  екендігін  және  жаңа  

егіннің астығын  қабылдауға дайындығын зерттеу 

жұмыстарына төмендегі іс-шаралар КІРЕДІ:

1. 


Ғимараттардың,  құрылыстардың  және 

құрал-жабдықтардың дайындығы;

2. 

Зертханалардың  және  зертханалық 



құрал-жабдықтардың  дайындығы,  пайдалану  

мерзімдері  өтіп  кеткен  құрал-жабдықтардың 

құжаттарын жаңарту;

3. 


Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 

талаптардың орындалуы;

4. 

Фитосанитарлық 



қауіпсіздік 

талаптарының  орындалуы;

5. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 



2008  жылғы  8  сәуірдегі  №337  қаулысымен 

бекітілген  «Астық  қауіпсіздігіне  қойылатын 

талаптар» регламентінің  5-бөлімінің талаптарын 

орындау;


6. 

  Астық  қоймасының    меншік 

құқығының болуы туралы талаптың орындалуы;

7. 


Жылжымайтын 

мүлікке 


құқықты 

тіркеу  органы    берген  үшінші  тұлғалардың  

міндеттемелері  бойынша  кепілге  мүліктің 

қойылмағаны туралы анықтаманың болуы;

8. 

Қазақстан  Республикасының  «Астық 



туралы»  Заңының-20  бабына  сәйкес  жылдық 

қаржылық  есепке  жыл  сайынғы  аудиторлық 

тексеру жүргізу  туралы талаптың орындалуы;

9. 


  Жылдық  балансты  және  пайда  мен 

залал    туралы  есепті  баспасөз  құралдарына  

жариялау туралы талаптың орындалуы;

10.    Карантинді,  зиянды    және  өте  қауіпті  

зиянды    организмдерден    залалсыздандыру 

жөніндегі  жұмыстарды  жүргізу  бойынша  іс-

шаралар кешенінің  орындалуы;

11.   Кадрлармен  қамтамасыз ету. 

Жоғарыдағы  талаптар орындалған жағдайда 

Қазақстан  Республикасы    Ауыл  шаруашылығы 

министрлігінің  2012  жылғы  11  маусымдағы  

№15-03/313    санды  бұйрығымен  бекітілген  

«Астық қабылдау кәсіпорнының зерттеп-тексеру  

актісінің» нысаны толтырылады.

Барлық іс-шараларды заң талаптарына сәйкес  

орындап, жаңа егіннің  астығын  уақытылы және 

сапалы  етіп  қабылдауды  қамтамасыз  ету  басты 

міндетіміз.



Ғабит САХИҰЛЫ,

Қызылорда облыстық аумақтық 

инспекциясының мемлекеттік астық 

инспекторы. 

БІР ДӘН – ЖАУҒА АТЫЛҒАН ОҚ

АУЫЛ – АЛТЫН БЕСІК

АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-

ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ДАЙЫНДАУ МАҢЫЗДЫ ІС

3

№59   (9132)   29.07.2015

Қазақстан  Республикасының  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және 

отбасы  туралы»  Кодексінің  16-тарауында  «Қорғаншылықты    немесе 

қамқоршылықты белгілеу тәртібі» туралы нақтыланған.

Осы  тараудың  119-  бабында    қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 

белгіленетін адамдар туралы көзделген. 

Жетім  балаларды,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 

күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік 

және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін оларға  

қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленеді.

Сондай-ақ,  әрекетке  қабілетсіз  немесе  әрекет  қабілеті  шектеулі 

кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары 

мен  мүдделерін  қорғау  үшін  қорғаншылық    немесе  қамқоршылық 

белгіленеді.  Бұл    мән  жайлар  балалардың  мүдделеріне  сай  келетін 

жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-

інілер мен апалы – сіңлілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе 

қамқоршылққа алуына жол берілмейді.

Қорғаншылық  немесе    қамқоршылық  жөніндегі    функциялары:                   

1.Мемлекет  кәмелетке  толмағандарға  және  әрекетке  қабілетсіз  немесе 

әрекетке  қабілеті  шектеулі  кәмелетке  толған  адамдарға  қатысты 

қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  өз  функцияларын 

жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.

2.Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау 

саласындағы  уәкілетті  органы  мен  оның  аумақтық  бөлімшелері 

мемлекеттік  органдардың  және  ұйымдардың  кәмелетке  толмағандарға 

қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және 

өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

3.Мемлекеттің  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 

функциялары  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  айқындайтын 

тәртіппен жүзеге асырылады.

Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу:

1.Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 

жүзеге  асыратын  органдар  қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа 

мұқтаж  адамның  тұрғылықты  жері  бойынша    не  қамқорлыққа  жататын 

мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық 

белгілейді.  Жекелеген  жағдайларда  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 

қорғаншының  немесе  қамқоршының    тұрғылықты  жері  бойынша 

белгіленуі мүмкін.

2.Адамды  әрекетке  қабілетсіз  немесе  әрекет  қабілеті  шектеулі  деп 

тану туралы  шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот 

оған  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  белгілеу  үшін  бұл  туралы  сол 

адамның  тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық  

жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті.

3.Адамға  қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты  немесе  мүлікке 

қорғаншылықты  белгілеу  қажеттігі  туралы  тиісті  органдарға  белгілі 

болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық 

белгіленеді.

4.Қорғаншы  немесе  қамқоршы    тағайындауға  мүдделі  адамдар  сот 

тәртібімен шағым жасауы мүмкін.

Кеңескүл ШІДЕРБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік

бағдарламалар ж/е АХАТ бөлімінің бас маманы.

ҚОРҒАНШЫЛЫҚТЫ  НЕМЕСЕ 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы» 

ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңның 11-бабының 2), 

3) тармақшаларына сәйкес:

«Облыстық,  республикалық,  маңызы  бар 

қалалардың,  астананың,  аудандардың,  облыстық 

маңызы  бар  қалалардың  жергілікті  атқарушы 

органдары,  қаладағы  аудандардың,  аудандық 

маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,  ауылдардың, 

ауылдық округтердің әкімдері:

2) 

мемлекеттік 



көрсетілетін 

қызметтер 

стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін 

қамтамасыз етеді,

3) 

көрсетілетін 



қызметті 

алушылардың 

мемлекеттік  қызметтер  көрсету  тәртібі  туралы 

хабардар болуын қамтамасыз етеді» делінген.

Ауылдық округ әкімдіктері арқылы мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет түрлерінің бірі жер учаскесінің 

нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру.

Жер  учаскесінің  нысаналы  мақсатын  өзгерту 

тәртібі 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан 

Республикасының  Жер  Кодексінің  49-1  бабына 

сәйкес жүргізіледі.

Жер  учаскесінің  нысаналы  мақсатын  өзгерту 

туралы  өтініш  келіп  түскен  кезінен  бастап 

күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 

астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 

қаланың  жергілікті  атқарушы  органы,  аудандық 

маңызы  бар  қаланың,  кенттің,  ауылдың,  ауылдық 

округтің әкімі жер учаскесінің нысаналы мақсатын 

өзгерту туралы келіп түскен өтінішті бір жұмыс күні 

ішінде құзыреті шегінде облыстың, республикалық 

маңызы  бар  қаланың,  астананың,  ауданның, 

облыстық  маңызы  бар  қаланың  уәкілетті  органына 

не тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және 

қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге 

асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 

астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 

қаланың  уәкілетті  органы  не  жергілікті  атқарушы 

органның сәулет және қала құрылысы саласындағы 

функцияларды  жүзеге  асыратын  құрылымдық 

бөлімшесі  құзыреті  шегінде  өтініш  келіп  түскен 

күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін 

мәлімделген  нысаналы  мақсат  бойынша  пайдалану 

мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі 

мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге 

бір мезгілде жібереді.

Келісу  органдары  бес  жұмыс  күні  ішінде  жер 

учаскесін  мәлімделген  нысаналы  мақсат  бойынша 

пайдалану  мүмкіндігі  туралы,  ал  қажет  болған 

кезде  инженерлік  желілерге  қосудың  техникалық 

шарттары туралы тиісті қорытындыларды береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 

астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 

қаланың  уәкілетті  органы  не  жергілікті  атқарушы 

органның сәулет және қала құрылысы саласындағы 

функцияларды  жүзеге  асыратын  құрылымдық 

бөлімшесі  құзыреті  шегінде  қорытындылар  келіп 

түскен  күннен  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  жер 

учаскесін  мәлімделген  нысаналы  мақсат  бойынша 

пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды.

Жер  учаскесінің  нысаналы  мақсатын  өзгерту 

туралы  шешім  осы  Кодекстің  43-бабының 

2-тармағына  сәйкес  құрылатын  комиссияның 

қорытындысы  негізінде  қабылданады.  Комиссия 

қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын 

өзгерту  мүмкіндігі  туралы  ұсыныс  комиссияға 

келіп  түскен  кезден  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде 

хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.

 Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің 

нысаналы  мақсаты  құрылыс  мақсаттары  үшін 

өзгертілген жағдайда, осы Кодекстің 44-1-бабының 

7-тармағында  көзделген  тәртіппен  жер-кадастрлық 

жоспар жасалады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 

астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 

қаланың  уәкілетті  органы  не  жергілікті  атқарушы 

органның сәулет және қала құрылысы саласындағы 

функцияларды  жүзеге  асыратын  құрылымдық 

бөлімшесі  құзыреті  шегінде  комиссияның  тиісті 

қорытындысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс 

күні ішінде, ал елді мекен шегінде орналасқан жер 

учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары 

үшін  өзгертілген  кезде  жер-кадастрлық  жоспар 

бекітілген  кезден  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде 

облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың, 

астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар 

қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық 

маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің 

тиісті шешімін дайындайды.  

Сонымен қатар 2015 жылдың шілде айының 17 

күні Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет 

көрсету  орталығы»  РМК  филиалының  Жалағаш 

аудандық  бөлімі  тарапынан  құрылған  оңтайлы 

топ  Мәдениет  ауылдық  округіне  келіп  азаматтарға 

сауалнама  жүргізіп,  құжаттарын  тексеріп,  ЭЦҚ 

(электрондық цифрлық қолтаңба) алу үшін 21 жеке 

тұлғаға  мемлекеттік  қызмет  көрсетілді.  Алдағы 

уақытта  ауылдық  округ  әкімдіктері  мен  Халыққа 

қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тамыз, 

қазан,  қараша  айларында  халықпен  кездесулер 

ұйымдастырып, 

құжаттандыру 

жұмыстарын 

жүргізеді.

Б.ЕРҒАЛИЕВ,

Мәдениет ауылдық округі әкімі 

аппаратының жетекші маманы.

МЕМЛЕКЕТТІК 

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Жалағаш кенті, Ақсу жолында 2 бөлмелі времянка (жолға 

жақын)  сатылады.  Бағасы  2000000  теңге.  Тел:  8-777-701-01-

22, 8-775-245-26-45.

***

Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі №56 үй, 7-ші пәтер, 



2-ші  қабаттағы  4  бөлмелі  үй  сатылады.  Тел:  31-4-64,  8-701-

862-86-05.



МЕМЛЕКЕТТІК КОЛДАУ

ИГІЛІКТІ ІС

Саяхатқа  24    бала  тартылып,    қоғамдық 

бірлестіктің микроавтобусымен 12 баладан  2 

күн апарылды. Саяхат ең алдымен Қызылорда 

қаласындағы  мұражайдан    басталды. 

Мұражайдың ғылыми қызметкерлері Айгерім 

Беккулиева  шілденің  21-інде,  Алтынай 

Карбозова    22-сінде  мұражайдың  барлық  

залдарындағы  экспонаттармен    таныстырып 

шықты.  Балалар  Қызылорда  облысының 

құрылуы  және  оның  осы  күнге  дейінгі 

тарихымен тереңінен танысты.  Мұражайдан 

шығып мұзайдынына барды. Мұзайдынының 

әкімшісі  Нұржан  Ахметов  балаларды 

мұзайдынымен,  күрес,  көркем  гимнастика, 

волейбол  және  баскетбол  залдарының 

жұмысымен  таныстырды.  Мұзайдынынан 

кейін  балалар  орталық  стадионға    барып, 

онда жаттығып жүрген жас футболшылардың 

дайындығын көрді.

Стадионнан  шыққан  балалар  «Арай 

санрайз» жазғы демалыс лагеріне алып барды. 

Біздің    ауданнан  барған  балаларымызды  

«Арай  санрайз»  жазғы  демалыс  лагеріне 

кірген бойдан, ол жердің тәрбиеші апайлары 

мен  ағайлары  және  демалыста  жүрген 

балалар  жылы  құшақтарымен  қарсы  алды. 

Бірінші  күні    демалып  жатқан  балалардан 

құрылған  қуыршақ  театрының  «Қызыл 

телпек»  ертегісінен  көрініс  көрсетті.  Екінші 

күні  біздің  балаларымызды  араластыра 

отырып,    «Шалқан»  ертегісінен  көрініс 

қойып    берді.  Одан  кейін  балаларға  әртүрлі 

ойындар  ойнатып  (стол  теннисі,  гольф), 

ұлттық аспаптар үйірмесінің  және қол өнер 

үйірмесінің  жұмыстарымен  таныстырды.  

Балаларды билетіп, өлең айтқызып көңілдерін 

көтерді. Балалардың өздеріне үйрете отырып  

жасатқан  рамкаларға  суреттерін  салып,  сол 

жерде  жасап  үйренген  құстарын  естелікке 

берді.  Балалардың  қолдарына  күн  сәулесі 

бейнеленген  кішкене  суреттерді  таратып, 

тілектерін айтқызып  «Арман ағашына» барып 

ілгізді.  Артынан  балаларды  тамақтандырып  

шығарып салды. 

«Арай  санрайз»    демалыс  лагерінен  

көтеріңкі 

көңілмен 

шыққан 

балалар 


Ә.Тажібаев атындағы  облыстық кітапханаға 

барды.  Кітапхананың,  абонемент  бөлімінің 

жұмыстарымен    танысты.      Әсіресе  балалар 

бөлімінің  мамандары  Сарсенова  Жанна 

мен  Садибекова  Шолпан  балалар  әдебиеті 

жайлы әңгімеледі.  Кітапханадан шыққаннан 

кейін  темір  жол  бекетінен  бастап  қаланың 

ең  көрікті  деген  жерлерін,  «Мәңгілік  алау» 

мен  Қорқыт  атаның  кітабына  арналған 

ескерткішті,  көптеген  қазақ  батырларының  

ескерткіштерін көріп тамашалап,  тарихымен 

таныстық.  

Балаларға кешкі ас беріп,  балмұздақ пен 

тәттілер,  сусындар  алып    Жалағашқа    қарай 

жол тарттық. Қайтып келе жатып  балалардың 

жүздеріжарқын,  көңілдері  шат.  Олардың  бір 

күн ішінде көрген білгендерін дереу үйіндегі 

жақындарына  айтып  жеткізуге  асығып 

отырғандырын  байқадық.      


Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 290.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет