3
«Шығыс Қазақстан облыстық балалар
және жасөспірімдер кітапханасы» КММ
Ақпараттық–библиографиялық бөлімше
(Әдебиеттердің ұсыныс көрсеткіші)
Өскемен, 2016
4
Өскемен, 2016
Құрастырушыдан
Шығыс
Қазақстан
облыстық
балалар
және
жасөспірімдер кітапханасы «Шығыс Қазақстанда 2016 жылы
аталып өтілетін және еске алынатын күндер» атты кезекті
күнтізбесін басылымға әзірледі.
Бұл құрал екі тараудан тұрады. Бірінші бөлім аталып
өтілетін және еске алынатын күндер тізбесінен тұрады.
Жалпы тізімде өмірбаяны мен шығармашылығы талданатын
есімдер жұлдызшамен белгіленген. Айы мен күні белгісіз
атаулы күндер де бөлек тізбемен көрсетілген.
Ал екінші бөлімде атаулы күндер мен еске алынатын
есімдер өмірбаяны және шығармашылығы қысқаша анықтама
және әдебиеттер тізімі берілген.
Ұсыныс көрсеткіш, сондай-ақ көмекші көрсеткіш – еске
алынатын есімдердің алфавиттік тізімімен жабдықталған.
Тараулардың ішінде материал хронологиялық тәртіппен
орналасқан.
Көрсеткіш облыс кітапханашыларына, мәдени шара
ұйымдастырушыларға,
телерадио
және
баспасөз
қызметкерлеріне, жалпы балалар мен жасөспірімдерге тәрбие
беретін ұйым жетекшілеріне, сонымен қатар облысымыздың
тарихын,
мәдениетін
жетік
білгісі
келетін
барша
оқырмандарға арналады.
Даталарды анықтау және нақтылау облыстық балалар
және
жасөспірімдер
кітапханасының
анықтамалық-
библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Осы көрсеткіш туралы пікірлеріңізді, ескертпелер мен
ұсыныстарыңызды
мына
мекен-жай
бойынша
жолдауларыңызды сұраймыз:
Өскемен қаласы,
Ғарышкер көшесі, 6/2
Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
e-mail: childrenlibrary@mail.ru
5
2016 жылы аталып өтілетін және еске
алынатын күндер тізбесі
ҚАҢТАР
1 -
Ақын, әдебиеттанушы Әскербекқызы Жанаттың
туғанына 50 жыл (1966). Халықаралық «Шабыт»
шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы,
Республикалық
мүшәйралардың
жүлдегері,
Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың
иегері.
-
Ақын Мырзабек Солтанқанұлы Қабуловтың
туғанына 65 жыл (1951). Шығармалары облыс
газеттерінде, әдеби-көркем «Восток» журналында
жарияланған.
2 -
Жазушы Медеу Сәрсекеевтің (Сәрсеке) туғанына
80
жыл
(1936).
Ең
алғашқы
ғылыми
фантастикалық повесі «Ғажайып Сауле» 1959
жылы жарық көрген. Содан бергі уақыттарда
«Жетінші толқын», «От және атом», «Айшықты
мезет» повестері мен әңгімелері, «Туған жердің
асылы» новеллалары, «Жаңғырық», «Көмбе»
романдары, орыс тілінде «Взрыв» және «ЖЗЛ»
сериясымен «Қаныш Сәтбаев» атты деректі
ғұмырнамалық кітабы т. б. жинақтары шыққан. А.
Беляевтің «Қос мекенді Адам» романын қазақ
тіліне аударған. «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі
ерлігі үшін» медалімен, ҚСР Жоғарғы Кеңесінің
Құрмет Грамотасымен марапатталған.*
4 -
Сазгер, музыка зерттеушісі, скрипкашы, Қазақстан
Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Әнуар
Асқаржанұлы Әкбаровтың (1946) туғанына 70
жыл.
6
5 -
Бұқтырма өлкесінде ақ гвардияшы бандылармен
күресу үшін ұйымдастырылған ерекше үлгідегі
отрядтың құрылғанына 95 жыл (1921).
-
Әдеби зерттеуші ғалым Қайым Мұқамедханов-
тың (Ғабдулқайым) туғанына 100 жыл (1896-
2004). Әдебиет зерттеушісі, ғалым ретінде Абай
мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол
үлес қосты. Абай төңірегіндегі атақты әншілер:
Көкбай, Ақылбай, Мағауия туралы, өткен
заманның кейбір мұралары жайында зерттеулер,
көлемді мақалалар жазды. 1996 жылы «Абай»
энциклопедиясы
үшін
ҚР
Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атанды. Семей қаласының
құрметті азаматы.
8 -
Жазушы Ефим Николаевич Пермитиннің
туғанына 120 жыл (896-1971). «Горные орлы»
тетралогиясына
енген
«Капкан»,
«Враг»,
«Любовь», «К вершинам» романдарының авторы.
1958 жылы «Раннее утро» өмірбаяндық повесін,
табиғат және аңшылыққа арналған «Охотничье
сердце» жинағын жариялады.
10 -
Ақын, фольклоршы, сазгер Шәкір Әбеновтің
(1901-1994) туғанына 115 жыл. Оның ең алғашқы
«Борсықтар» атты өлеңі 1916 жылы «Айқап»
журналында жарияланды. 1937 жылы ол өз
нұсқасындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын
жариялайды.
Артынан
«Кейпін
батыр»,
«Таңшебер
-
Жапал»,
«Ортақ
Арал»,
«Шыңғыстау», «Шыңғыстау сазы», «Дастандар»,
«Анна махаббаты», «Тоқтамыс батыр» атты
дастандары жарық көрген. «Сары жұлдыз» әні
халық арасында кең таралған.*
7
13 –
Үлбі металлургиялық зауытының директоры
Владимир Петрович Потаниннің туғанына 90
жыл (1926-1981).
17 -
Зырян кентінің Зырян қаласы боп аталғанына 75
жыл (1941).
22 -
Ақын Нұржан Қуантайұлының туғанына 45
жыл (1971). 2001 жылы «Қаламгер» баспасынан
«Адырна» атты алғашқы өлеңдер кітабы шыққан.
24 -
Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек
Асылбайұлы Асқаровтың туғанына 65 жыл
(1951). «Құтмекен» «Тайға толғауы», «Жасыл
әлемге саяхат», «Ерте түскен бозқырау», «Өр
Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Мұнар тауда,
мұзарт шыңды аңсаймын» атты кітаптардың
авторы. Орыс тілінде «Родники рождаются в
горах» атты әңгімелері мен повестерінің жинағы
жарық көрді. «Астана» медалімен марапатталған.
25 -
Шаңғы
спортының
саңлағы,
Халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, 2011 жылғы Қысқы Азия
ойындарының чемпионы Черепанов Сергейдің
туғанына 30 жыл (1986).
АҚПАН
28 -
Самар ауданында (қазір Көкпекті ауданы)
«Чистоярский» совхозының ұйымдасқанына 55
жыл (1961).
-
Ұлан
ауданында
«Ұлан»
совхозының
ұйымдасқанына 55 жыл (1961).
Ақпан–
Абай ауданында өткен Абыралы көтерілісіне 85
8
наурыз
жыл (1931).
НАУРЫЗ
1 –
Шемонаиха ауданындағы «Верхуба» сов-
хозының құрылғанына 55 жыл (1961 ж.)
6 -
Кеңес Одағының Батыры, Қызыл Жұлдыз,
Ленин, Отан соғысының I дәрежелі ордендерінің
иегері, түрлі медальдармен марапатталған Павел
Павлович Журбаның (1916) туғанына 100 жыл.
12 -
Күйші, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Тұрысбеков
Секеннің туғанына 55 жыл (1961).
14 -
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Абдуллин
Мүсілім Мүкімұлының (1916) туғанына 100
жыл.*
-
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Абдуллин
Ришат Мүкімұлының (1916) туғанына 100
жыл.*
20 -
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
құрылғанына 120 жыл (1896).
24 -
Кеңес Одағының Батыры, Отан соғысының I
дәрежелі, Отан соғысының II дәрежелі, Ленин
ордендерінің
иегері
Алексей
Семенович
Крахмальдің (1911-1987) туғанына 105 жыл.
-
Кенді Алтайда ара шаруашылығының пайда
болғанына 230 жыл (1786).
25 -
Қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық
және
Алаш
қозғалысының
жетекшісі
–
Бөкейханов
Әлихан
Нұрмұхамедұлының
туғанына 150 жыл.*
29 -
Өскемен хоккей мектебінің түлегі, 2001, 2002,
2009 жылдардағы Қазақстан чемпионы, 2006
9
жылғы Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы
Васильченко Алексейдің туғанына 35 жыл
(1981).
СӘУІР
10 -
Қазақстандық жазушы Александр Иванович
Егоровтің (1926) туғанына 90 жыл. «Таежный
затворник»
романының,
«Отдельный
штурмовой»,
«Дол
березовых
туманов»
повестерінің, «На плацдарме у Вислы реки»,
«Момент истины», «Чудила», «На красных
такырах» және т.б. әңгімелердің авторы.
24 -
Қазақстанның халық жазушысы Жұмаділов
Қабдештің (1936) туғанына 80 жыл. «Дарабоз»,
«Қылкөпір», «Таңғажайып дүние», «Көкейкесті»,
«Соңғы көш», «Атамекен» атты романдары мен
«Мәңгілік майдан» атты кітабы жарық көрген.
30 -
Сыншы, әдебиетттанушы, теледраматург Сұлтан
Шәріпұлы Оразалиновтің (1941) туғанына 75
жыл. «Шындық
және көркемдік
шешім»
монографиясының және «Отырардың күйреуі»,
«Үйлену», «Ақын ажалы», «Ажал фабрикасы»,
«Қашқын» телевизиялық пьесаларының авторы.
«Сұхбат»,
«Халық
қазынасы»,
«Шұғыла»,
«Қымызхана», «Кездесу», «Айтыс» хабарларын
алғаш ұйымдастырып, сценарийлер мен қырық
шақты
ғылыми-зерттеу
мақалалар
жазған.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері,
Қазақстан
Журналистер
одағы
сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Республикасы
Президентінің
«Алтын
Барыс»
белгісімен
марапатталған.
10
МАМЫР
1 -
Жазушы Кәдірбек Сегізбаевтің туғанына 75 жыл
(1941-). «Ашылмаған сыр», «Қойнаудағы ауыл»,
«Өртеңге өскен гүл», «Жылдың ең қысқа күндері»
атты
әңгімелер
мен
повестердің,
«Жол»,
«Беласқан» романдарының авторы. 1979 жылы
Қ.Сегізбаевтің
аудармасымен
А.Лихановтың
«Менің генералым» романын, словак жазушысы
М. Дрючкованың «Ақ ханша» ертегілерін, поляк
ғалымы Б. Залескийдің «Қазақ сахарасына
саяхат» кітабын қазақ тіліне аударған. «Біз қалада
тұрамыз» жинағы үшін оған 1984 жылы Қазақстан
жазушылар одағының М. Әуезов атындағы
сыйлығы берілді.
-
Кинорежиссер, Қазақстанның халық артисі
Әбішев Ораздың туғанына 100 жыл. 1916 жылы
(кейбір мәліметтерде 1 қыркүйек) Абай ауданы
Қайнар ауылында дүниеге келген. 1939 жылдан
бастап кино түсірумен айналысқан. «Дина
Нұрпейісова», «Шалғай жайылымдарда», «Абай»,
«Біздің қалада», «Мәскеуге сәлем», «Денсаулық
аралы», «Апа», «Ашылған алақанның құпиясы»,
«Тастағы таңба», «Бір хаттың ізімен», «Тарихпен
тілдесу», «Мәукен даласы», «Сынақ» және
т.б.фильмдер
түсірген.
«Арман
аралы»,
«Кеншілер әулеті», «Мұқан Төлебаев», «Желден
жүйрік» деректі фильмдері үшін Қазақстан
Мемлекеттік
сыйлығын
алған.
Октябрь
революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі»
ордендерімен марапатталған.*
5 -
Жазушы Кайыммұнар Табеевтің туғанына 60
жыл (1956). «Шырқа керней», «Ар өлшемі»,
«Қатарда
жүр
қарт
солдат»,
«Халық
11
қалаулылары», «Байғазы», «Алматы. Желтоқсан –
86»
жинақтарында
деректі
әңгімелері
жарияланды. «ХХ ғасырдың обасы», «Үш күннің
дерекнамасы», «Қайсар рухты қазақ» атты
кітаптары жарық көрді. 1990 жылы Қазақстан
Журналистер одағы сыйлығының лауреты атағын
иеленді.
16 -
Ақын, жазушы Михаил Сергеевич Немцевтің
туғанына 60 жыл (1956). Қазақстан және Ресей
жазушылар одағының мүшесі. «Родство», «Голоса
Беловодья», «...А все остальное слова!» жыр
жинақтарының авторы.
-
Риддер қаласының іргетасы қаланғанына 230
жыл (1786).
МАУСЫМ
1 -
«Шығыс айналмасының» («Восточное кольцо»)
42 күннен кейін пайдалануға берілген ІІ күре
жолының салынғанына 75 жыл (1941).
3 -
Ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері
Семен Михайлович Анисимовтің туғанына 100
жыл.
(1911-1970).
«Прииртышье»
өлеңдер
жинағының,
«Родничек»,
«Современник»,
«Сентябрь», «Окно в юность», «Избранное» атты
поэтикалық кітаптардың авторы. Оның қаламынан
«Тайна
Парамона
Крутихина»,
«Медная
верстатка», «Кукушка» сияқты бірқатар прозалық
шығармалар туындады. Қызыл Жұлдыз орденімен
және бірнеше медальдармен марапатталған.
14 -
Жазушы Александр Мелентьевич Волковтың
туғанына 125 жыл (1891-1977). «Волшебник
изумрудного города», «Урфин Джюс и его
12
деревянные
солдаты»,
«Семь
подземных
королей», «Огненный бог Марранов» сияқты
ертегі повестердің, «Два брата», «Зодчие»,
«Скитания» тарихи романдарының авторы.
18 -
Кеңес Одағының Батыры, Қызыл Жұлдыз, Ленин,
Отан соғысының I дәрежелі ордендерімен,
медальдармен марапатталған Иван Михайлович
Яроцкихтің (1916-1980) туғанына 100 жыл.
19 -
Өскемен жиһаз комбинатының алғашқы өнімін
шығарғанына 60 жыл (1956).
30 -
Жазушы,
аудармашы,
Қазақстанның
еңбек
сіңірген қайраткері Юсуп Кеңестің туғанына 75
жыл (1941). «Ақиқат сапар» (1977), «Қарашадағы
көктем» (1981), «Охопка полевых цветов» (1983)
атты повестері мен әңгімелері жарық көрген.
ШІЛДЕ
12 -
Таврия ауданындағы (қазір Ұлан ауданы)
«Азовский» совхозының құрылғанына 55 жыл
(1961).
17 -
Катонқарағай Мемлекеттік табиғи ұлттық
паркінің құрылғанына 15 жыл (2001).*
20 -
Жазушы Ахмет Жүнісовтың туғанына 90 жыл
(1926-1998).
«Жанасыл»,
«Өмір
іздері»,
«Аласапыран кез», «Ақжелен», «Екі ошақтың
түтіні», «Пәниден бақиға дейін», «Богда»
повестері мен әңгімелерінің авторы.
ТАМЫЗ
4 -
Марқакөл Мемелекеттік табиғи қорығының
ұйымдасқанына 40 жыл (1976). *
6 –
Таврия ауданының «Путь Ильича» аудандық
13
газетінің (қаз. Ұлан аудандық «Ұлан таңы»
газеті) алғашқы нөмірінің шыққанына 75 жыл
(1941).
9 -
Журналист Сая Иссаның (Исабаев) туғанына 60
жыл (1956).
-
Семей
қаласындағы
«Еңлік
-
Кебек»
кинотеатрына 15 жыл (2001).
15 -
Ақын, жазушы Тұрсын Жұртбайдың туғанына
65
жыл (1951). «Замандасым, сырласым»
(публицистика), «Қоныр қаз», «Жүрегімде –
жұмыр
жер»
атты
жыр
жинақтарының,
«Бесқарагер», «Дара тұлға» (деректі хикаят),
«Жер – бесік» (роман-новелла), «Бабочка по
снегом», «Бейуақ», «Дулыға» (1-2 кітап),
«Кетбұға», «Бесігіңді түзе!», «Талқы», «Мухтар
Омарханович
Ауэзов»,
«Күйесің
жүрек...сүйесің!»,
«Бесігіңді
аяла!..»
атты
шығармалардың авторы. Қазақстан Жазушылар
одағының Ш. Құдайбердіұлы атындағы «Алаш»
және
І.
Жансүгіров
атындағы
әдеби
сыйлықтарының
лауреаты.
«Қазақстан
Республикасының ғылымына сіңірген ерекше
еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.*
30 -
Алтайды
зерттеген
Александр
Никитич
Седельниковтің (1876-1919) туғанына 140 жыл.
ҚЫРКҮЙЕК
1 -
Ертіс мыс қорыту зауытының іске қосылғанына
85 жыл (1931).
4 - Крюковск кен орнының ашылғанына 205 жыл
(1811). Кен орны оны ашқан Павел Иванович
14
Крюковтың құрметіне аталған.
26 -
Ғалым-зерттеуші
Михаэлис
Евгений
Петровичтің туғанына 175 жыл (1841-1913).
Қазба
байлық
пен
ауа-райын
зерттеумен
шұғылданды,
гидрогеологиялық
мәселелерді
қарастырып, Зайсан өлкесіндегі тас көмір үйіндісі
мен Өскемендегі алтын кен орындарын ашқаны
үшін Ресей Географиялық қоғамының медалімен
марапатталды.
-
Өскеменде мәдени-ағарту училищесінің (қазір
Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі)
ашылғанына 40 жыл (1976).
ҚАЗАН
7 -
Актер, Қазақстанның халық әртісі Жолжақсынов
Досханның туғанына 65 жыл (1951). Түркі тілдес
халықтар театрлары байқауының бас жүлдесін
иеленген (1998), ҚР Мемлекеттік сыйлығының
иегері (1996).
10 -
Ақын Айжарық Абылқасымовтың туғанына 55
жыл (1961). Мүшәйралар жүлдегері. «Сағынған
көздің моншағы» (1992), «Жүректе бүгін сызат
көп» (1995), «Махаббатым менің» (1996), «Ең
бақытты шақтарым» (2003), «Көңілдария» (2003)
атты кітаптары жарық көрген.
-
Жазушы Ғазиз Сапаевтің туғанына 90 жыл
(1926). «Жыл жемесі», «Менің көгершінім»,
«Гүлдана», «Туған жерден алыста», «Жол
үстінде» атты повестер мен әңгімелердің,
«Сағыныш» романының авторы.
11 -
Жазушы Роллан Сейсенбаевтың туғанына 65
жыл (1946). «Өмір сүргің келсе», «Тау басында
түйіскен жол», «Трон сатаны» романдарының,
15
«Аңсау», «Өзімді іздеп жүрмін», «Сағынып
жеткен жаз еді», «Всего одна ночь», «Последний
снег» атты повестер мен әңгімелердің авторы.
Қазақстан Комсомолы сыйлығының, ВЦСПС пен
КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Поделитесь с Вашими друзьями: |