Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi №40 (8194) 7 маусым сенбі 2014 жыл



жүктеу 358.29 Kb.

бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі358.29 Kb.
1   2   3   4

Оразбек ЖҰМАДІЛҰЛЫ,

штаттан тыс тілші.

Болашақты болжаған аға еді

ТЕКТІДЕН ТУҒАН  ТӘБӘРІК

Менің замандастарым

Ономастикалық комиссия назарына!

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ БОЛАР ЕДІ..

.

Мәлібек Күлімбетов – 95 жаста

Сырдың суын тел емген, қарт

Қаратаудың киесі дарыған қасиетті

өлке – Шиеліден бес ғасыр адамы,

бес жыл адамы түлеп ұшты. Өнері

өрелі, мәдениеті мәйекті, келешегі

келбетті жасампаз елдің халқы

өзінің саңлақтарын саралап, кеше-

гіні бүгінге, бүгінді ертеңге жалғаған

алтын көпір, жарқын істердің жана-

шыры болып келеді.

Дәстүрін дәріптеп, салтын сақ -

тап, тілі мен ділін, ұлттық құнды лық -

тарын қадірлеп отырған туған хал -

қының бойтұмарындай болып, жа-

сындай жарқылдап, аққан жұлдыз

сынды өмір көшінен ерте қалса да,

тарих бедеріне өшпес із қалдырған

танымал журналист Руслан Бөле -

бай бейнесі ел есінде. Сарғайған

сағыныш пен марқайған мақтаныш

кеудемізде қатар өріліп, тағдыр та-

лайына бағынып өмір сүреміз.

Өтелмеген парыз, биік мақсат, асқақ

арман арқалаған Руслан кім еді?!

Бөлебай Руслан 16 мамыр 1985

жылы Қызылорда облысы, Шиелі

кентінде дүниеге келген. Әл-Фараби

атындағы Қазақ Ұлттық Универси-

тетін журналистика мамандығы бо-

йынша 2006 жылы бітіріп, 2008

жылы журналистика факультетінің

магистратурасын бітірген. Журнали-

стика магистрі.

2002 жылдан бастап респуб 

-

ликалық “Ұлан” газетінің қоғамдық



тілшісі, 2003 жылы Әл-Фараби

атын дағы ҚазҰУ-дың “Қазақ универ-

ситеті” газетінің штаттағы тілшісі,

2003-2004 жылдары “Арай” журна -

лының жауапты редакторы, 2005

жылы НТК телеарнасында жаңа -

лық тар бөлімінің тілшісі және Ретро

FM радиосының жаңалықтар қыз -

метінің жүргізушісі, 2004-2005 жыл-

дары “Оңтүстік Астана” жаңалықтар

бөлімі және республикалық-қоғам -

дық саяси “Azamat.kz” газетінің жур-

налисі, 2005-2006 жылдары КТК

телеарнасы ақпараттар бөлімінің

штаттағы тілшісі, КТК арнасында

“Шарайна” сараптамалық-бағдар ла -

масының тілшісі, “Күндерек” жаңа -

лықтар қызметінің жүргізушісі, 2007

жылы қаңтар айынан Қазақстан

ұлттық телеарнасында “Таңшолпан”

бағдарламасының тележүргізушісі

болып қызмет етті.

“Жас Астана – жас жеткіншектер

көзімен” атты ІІ Халықаралық фес -

тивалінің (2000), “Оқжетпес-2002”

Халықаралық фестивалінің лау-

реаты, “Еуразия шеңбері” ІІ Ақпа -

рат тық Халықаралық жастар фору -

мының бас жүлдегері, 2004 жылы

Дүниежүзілік ВВС радиосы жария -

ланған “Мен ВВС Қазақ қызметінің

басшысы болсам...” атты эссе-бай -

қауының бас жүлдесін жеңіп алып,

Лондон қаласындағы ВВС радио-

сында өндірістік тәжірибеден өткен. 

Телеэкранда өзінің жеке-дара

жүргізушілік талантымен танылған

Руслан Әбдісаттарұлы елімізге бел-

гілі асқақ тұлға Мұхтар Шаханов -

тың, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүні -

сованың, әншілер Майра Ілиясова -

ның, Бақтияр Тайлақбаевтың, Мар-

жан Арапбаеваның, жас қобызшы

Ақерке Тәжібаеваның шығарма 

-

шылық кештерін жүргізген. Соңғы



кездері эстрада саласында әншілік

қырынан танылды. “Кең дала”, “Сен

болмасаң”, “Жанарым”, “Елес”,

“Мөл  дір моншақтар”, “Кешікпей

келем деп ең”, “Махаббатпен ой-

нама сен”, “Іңкәрім-ай” әндерін

мәнеріне келтіре орындап, көрермен

ықыласына бөленді.

Адам өмірі ұзақтығымен емес,

мазмұндылығымен өлшенеді. Небә -

рі 24 жасында туысқа бауырмал,

досқа сыйлы, халыққа танымал Сыр

перзенті дүниеден өтті. Қысқа да,

тағылымды өмір сүрген Руслан

Бөлебайдың есімін мәңгілікке ел жа-

дында қалдыру мақсатында өзі ту -

ып-өскен Шиелі кентінен бір көшенің

атауы берілсе нұр үстіне нұр болар

еді. Бұл ұрпақтар сабақтастығы,

туған халқының сегіз қырлы, бір

сырлы Русланның өнері мен еткен

еңбегіне тағзымы, болашақ үшін жа-

салар игі қадамы деп түсінеміз.

Бәрімізге қастерлі Шиелінің шы-

райланып, көркейе беруіне тілектес-

піз!


Шырынкүл Қазанбаева, 

Социалистік Еңбек Ері, тыл

ардагері, Шиелі ауданының және

Қызылорда облысының

құрметті азаматы, Ұлман

Мәмірейқызы, ауданның

құрметті азаматы, дербес зей-

неткер, Төлес Апбасұлы,

ауданның құрметті азаматы,

еңбек ардагері, Мәрия

Жұматқызы, ҚР Журналистер

одағының мүшесі, ақын, еңбек

ардагері, ауданның құрметті аза-

маты, Төрешев Маханбет, Ұлы

Отан соғысының ардагері,

Тұрғанбек Кәрімқұлов,

Қазақстанның құрметті журна-

лисі, КСРО және ҚР Журналистер

одағының мүшесі, дербес зей-

неткер, еңбек ардагері, Өмірзақ

Исаханов, ауданның құрметті

азаматы, Сейілбек Аманжолов,

ауданның құрметті азаматы,

еңбек ардагері, Рахым

Мәуияұлы, ауданның құрметті

азаматы, Болат Медетбеков, ҚР-

на еңбегі сіңген энергетик,

ауданның құрметті азаматы,

еңбек Қызыл Ту орденінің иегері,

А.Тоқсанбаев, ауданның

құрметті азаматы, Киікбай

Смайылұлы, ауданның құрметті

азаматы, еңбек ардагері,

Серғара Ізтілеуұлы, ауданның

құрметті азаматы, Сәпи

Құрманаев, СССР Журналистер

одағының мүшесі, зейнеткер,

Күлжан Жәукебаева, ауданның

құрметті азаматы, Каналбек Та-

жиков, еңбек ардагері, Тлеулі

Сырымбетов, еңбек ардагері,

Сазита Шаммитаева, Батыр ана,

алтын алқа иегері, Әлмағанбет

Мәмбетбаев, Қазақ ССР кәсіптік-

техникалық білім беру ісінің

озық қызметкері, Қалдыбай

Сүгірбай, ауданның құрметті аза-

маты, еңбек ардагері, Эльмира

Тәкен аудандық білім бөлімінің

басшысы, Сәулебай Аймаханов,

аудандық білім саласы ардагер-

лер Кеңесінің бастауыш ұйым

төрағасы, Рысдәулет

Құдайбергенов, аудандық білім

және ғылым қызметкерлері

кәсіподағы  комитетінің

төрағасы, Жібек Баймұратова,

аудандық білім бөлімі

басшысының орынбасары, Жа-

малхан Баетов, ауданның

құрметті азаматы, Жақсылық

Әлиев, аудандық ауыл

шаруашылығы бөлімінің бас-

шысы, Нұрмахан Елтай, жа-

зушы-журналист, Айнұр

Архабаева, №45 “Ақ Орда” мек-

теп-гимназия директоры, Дана

Аман, аудандық ТКШ, жолаушы-

лар және автомобиль жолдары

бөлімінің басшысы, Оңалбай

Садықұлы, ҚР Журналистер

одағының мүшесі, Исабек

Сәрсенбайұлы, аудандық

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің бас-

шысы, Гүлдана Жақыпова,

аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің директоры,

Әнуар Кенбай, аудандық авто-

транспорт ардагерлер Кеңесінің

төрағасы, Ибагүл Палымбетова,

Батыр ана, алтын алқа иегері,

Мақсұт Ибрашев, ҚР Журнали-

стер одағының мүшесі, Әшім

Молдақараев, ҚР Журналистер

одағының мүшесі, “Өскен өңір”

газеті бас редакторының орын-

басары, Айдана Маманова, “Жа-

старды қолдау орталығы” МКМ

аудандық бөлімінің меңгерушісі. 

«Ақеркенің»  тағы бір биік асуы

«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС «Демеу-Шиелі» филиалының «Арман»

мәдениет үйіндегі би үйірмесі оқушылары, «Ақерке» би тобы республикалық

«Жұлдызға жол» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауына

қатысып, бас жүлде иемденіп қайтты. Байқау 1 маусым – Халықаралық ба-

лаларды қорғау күні қарсаңында 30-31 мамыр аралығында Шымкент

қаласында өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларымыздың іші-

нен басып озып, Сыр өнірі - жыр өңірі ғана емес, би өнерінің де қарыштап

дамып келе жатқанын тағы да дәлелдеді. Балалар байқауда вокал, дәстүрлі

ән, хореография, мәнерлеп оқу, аспаптық музыка, балалар сән театры

бөлімдері бойынша өнерлерін сынады. Әділ қазы алқаларында Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің

иегері  Майра Ілясова төрелік жасап,  биші қыздарымыздың өнерлерін

жоғары деңгейде екенін айта өтіп, би үйірме жетекшісі Қантаева Ақеркені

өскелең ұрпақтың өнердің биік шыңынан көрінуіне атсалысып, шәкіртін өнер

додасына жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапаттады. 

Осы орайда, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС «Демеу-Шиелі» филиалы -

ның ұжымы Қазақстанның болашағы жастар, осындай кішкене бүлдіршінде -

ріміздің салауатты, сауатты, креативті, дамыған тұлға қалыптастыруда

екендігін түсіне отырып, алдағы уақытта әлі де талай жетістіктерге жетеміз

деген үмітте. Биші қыздарымызды жеңістерімен құттықтап, алар асуларыңыз



көп болсын дегіміз келеді.

Нұргүл ШАЛЕКЕЕВА ,

«Демеу-Шиелі» филиалының мәдени-спорттық 

орталғының меңгерушісі.


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал