Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi №40 (8194) 7 маусым сенбі 2014 жыл



жүктеу 358.29 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі358.29 Kb.
1   2   3   4

Нармахан

БЕГАЛЫҰЛЫ,

Қазақстанның Құрметті

журналисі.

3

3

№40 (8194) 07.06.2014 жыл 

Еуразиялық экономикалық одақ: Алғашқы адымдар 

Үй 

сатылады

Гагарин көшесі, №12-ші үй

тез арада сатылады. 30 сотық

жері, 2 ғимараты, ауыз суы бар.

Хабарласу тел: 24-2-48,

87715258337, 87057207712.



***

Шиелі кенті, Жүргенов

тұйығы, №5 үй, 13 пәтер тез

арада сатылады. Бағасы келі-

сім бойынша. Хабарласу үшін

үй тел: 4-19-04, ұялы.

87784824014, 87789125484.

***

ГРП-2 №30 үй, 1 пәтер тез

арада сатылады. Гараж, жаз -

дық сарай, моншасы бар. Жылу

жүйесі электр қуатымен жы-

лиды. Тел: 87772269495.



***

Шиелі кенті, Дәулеткерей

көшесі, №6 үй, 1 пәтер саты-

лады. Тұрғын үй қорынан шы -

ғарылып, кәсіпкерлік мақсатқа

арналған екі бөлмелі. Хабар-

ласу тел: 4-11-74, 87751421182.

Жарамсыз деп есептелсін

Тайыр Ақдәме Сайдбұрханқызының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Аббас Жалғас Мұратұлының атына берілген жеке куәлігі жоғалуына

байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Садықов Мағжан Өтегенұлының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Хасанова Оразкүл Исмайлқызының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Тұрсын Айдос Бағдатұлының атына берілген жеке куәлігі жоғалуына

байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Мамедалиева Рсалды Амирхановнаның атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Рсаев Тлектес Жұмаханұлының атына берілген жеке куәлігінің

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Ақжарқын Жұмаханқызының атына берілген жеке куәлігінің

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Марданаев Ермек Марданаұлының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Сағындық Ілияс Шайықұлының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Садуахасова Буадат Садуахасовнаның атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Ермекбаева Ләззат Мадиярқызының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Секинов Еркебулан Базарбекулының атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

Жер сатылады

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшесінің бойынан 15 сотық жер са-

тылады. Бағасы келісім бойынша. Айырбастау жолдары да

қарастырылған. Хабарласу үшін тел: 4-17-66, 87014047479.



***

Шиелі кенті, Бәйтерек мөлтек ауданында (№244 мектептің жа-

нында) фундаменті құйылған 10 сотық жер сатылады. Бағасы келі-

сім бойынша. Хабарласу тел: үй – 5-14-73, ұялы.87011611747.



Сатылады

Бестам ауылы, Ә.Әбуов көшесі, №2 үйде престелген

күріш сабан сатылады. (данасы 150 теңге) Тел: 5-21-69,

ұялы.87021937772, 87755280729.

БАР БОЛ,  БАУЫРМАЛ БЕЛАРУСЬ!

Еске алып, 

жылдық асқа шақырамыз

Шиелі кенті, “Көкшоқы” мөлтек ауданы, ГРП-2, 21/1 үйдің тұрғыны

болған Аманкелді Ешпановтың 13 мау-

сым – қонақасы, 14 маусым күні беріле-

тін жылдық асына барша ағайын-туыс,

құда-жекжат, бауыр-достарын шақыра -

мыз. 

Жүруші едің арамызда 



жарқынданып,

Арамыздан сұм ажал кетті-ау алып.

Соған-дағы жыл да толып қалыпты,

Нұр бейнең де барады сағымданып.

Қай жағынан соққы берді мына 

жалған,


Болсын деп-ек қашанда басың аман.

Қайтейік, жатқан жерің жарық 

болсын,

Аман болсын ұрпағың, бала-шағаң! 



- деп еске алып, ас берушілер: жұбайы - Жақсыгүл және Еш-

пановтар әулеті.

Еске алып, асқа шақырамыз

Шиелі кенті, Құрманғазы көшесі, №30 үйдің тұрғыны, қаржы

полициясының подполковнигі болып 38 жасында жарық дүниеден

озған асыл жар, ардақты әке, сүйікті ұл, қимас бауырымыз бола біл-

ген абзал азаматымыз Нұрмағанбетов Берік Көшерұлының мау-

сым айының 13-і күні берілетін қонақасы

мен 14-і күні сағат 12.00-де өткізілетін 40

күндік асына барлық ағайын-туыс, құда-

жекжат, қызметтес әріптестері мен

жора-жолдастарын шақырып топырағың

торқа, иманың жолдас, алдың пейіш,

артың кеніш, жаның жәннатта болсын

деп дұға ете отырып:

Артта қалды қанша асыл арманың,

Қамал бұзар қырыққа да толмадың.

Ата-ана, бауыр, жарың, ұл-қызың,

Сезермісің зар еңіреп қалғанын.

Ұрпағыңа ғұмыр бергей жаратқан,

Еске алумен қарсы алып әр таңды 

атқан.


Амал нешік, дұға етумен өтерміз,

Жас жаныңа жай бұйыртқай жәннаттан! 



деп еске алып, ас беруші – Нұрмағанбетовтер отбасы.

Өткен ғасырдың 60-жыл-

дары елімізде ауылшаруа шы -

лық салаларын электрлендіру

шаралары басталған кез бола-

тын. Мен 1961 жылы Ташкент-

тегі Орта Азия политехникалық

институтының тау-кен факуль-

тетін бітіріп, тау-кен инженер-

электромеханигі мамандығын

алып шықтым. Жолдамамен Қа -

рағанды облысының Жаңаарқа

ауданындағы Жамбыл рудни-

гіне келіп, сол рудникте 1961

жыл дың тамыз айынан, 1967

жылдың желтоқсан айы аралы -

ғында Жамбыл руднигінің бас

энергетигі, бас электромеханигі

қызметтерін атқардым. Жыл

сайын демалыс уақытында (от-

пускада) ауылға, әке-шешеме

келіп тұрамын. 

1967 жылы тамыз айында

Шиеліде Сапарбаев Олжабай-

мен кездесіп қалдым. Ол рай-

комда инструктор болып істейді

екен. Маған: - Сен елге кел, бізге

электрик мамандары қажет-ақ

- деді. 1966 жылы Шиеліге энер-

гопоезд келіп, Жаңақорған мен

Шиелі аудандарына электр

қуатын бере бастаған еді.

- Барлығы сырттан келген

кадрлар, бізге өзің сияқты өзі -

міз дің мамандар керек, - деді.

Не керек, келуге мен келістім.

Мені энергопоезд директоры

А.Яковенкомен таныстырып, ол

кісі маған шақырту жіберетін

бол ды. Қараша айында шақыр -

ту алдым. 1967 жылдың желтоқ -

сан айының 18 жұлдызынан

бас тап №197 энергопоезд меке-

месіне электроцехтың бастығы

болып жұмысқа орналастым.

- Энергопоездың қуаты 4,0

меговатт екен. Шиелі кентіне,

Шиеліге жақын жатқан шаруа -

шылық орталықтарына, 35 ки-

ловольтты электр желісімен Жа  -

 ңақорған ауданына да электр

қуатын жеткізеді екен. Ұмытпа -

сам, 1968 жылдың ақпан айын -

да “директорым Яковенко А.Ф.

өзіне шақырып жатыр” дегеннен

кейін, барсам, қасында жүзі жы -

лы қараторы, орта жасқа жа -

қындап қалған, әдеміше келген

кісі отыр. - Бұл Әзімхан Исмаи-

лов, Ленин атындағы колхоздың

төрағасы, - деп маған таныстыр -

ды. Әзекеңмен танысуым осы-

лайша басталды. Ол кісі энер -

гопоезд мекемесінен көмек ре-

тінде колхоз орталығында ор -

наласқан клубты жылыту үшін

электропеш жасап, орнатып бе-

руді өтініп келген көрінеді. Сол

мәселені орындауды директор

маған жүктеді. Біздің жасап, ор-

натып берген электропешіміз

біраз жыл колхоз клубын жылы-

тып тұрды. Содан бастап Әзе -

кеңмен жұмыс бойындағы қаты -

насымыз үзілген жоқ. Кейінірек

бір кездесуде Әзекең; - Болат,

біз екеуміз (коллега) әріптеспіз

ғой!- деп қалды. Сөйтсем, ол кісі

соғыста жүргенде связист-элек-

тромеханик болып істеген екен.

Бұрын “Телікөл” ауылы Ленин

колхо зы ның бөлімшесі атанған,

“Алға бас” пен “Телікөл” аралы -

ғында 3-4 малшылардың қыс -

тау лары, ірі қара мал бақта -

шыларының үйлері, қоралары

болатын.


Әзекең электр жарығын мал-

шылар да орталықтағы жұрт -

тар мен қатар көрсін деген

прин  циппен 1966 жылы басқа

шаруашылық басшылары елді

мекен ауыл орталықтарына

электр қуатын жеткізе алмай

жүргенде, колхоз орталығына

электр желілерін жүргізе баста -

ған кезде, ауданда бірінші бо -

лып жоғарыда айтылған мал -

шылар қыстауларына 10 кило-

вольтты электр желілерін тарт-

тырып, трансформатор пункт -

терін орнаттырған еді. Шопан -

дардың жағдайын жасайтын.

Малшыларға электр жарығын

пайдалану ережелерін, қауіп 

-

сіздік ережелерін үйретуде,



менің де біраз көмегім болды. 

Мен 1972 жылы наурыз ай -

ында аудандық электр желісі

мекемесіне бастық болып ауы-

стым. Сол жылы 220/35/10 кв

“Шиелі” подстанциясы салынып,

қараша айында мемлекеттік 220

киловольтты “Шымкент-Қызыл -

орда” электр желісіне қосылды.

Үлкен электр қуатының ауданға

келуімен 1974-1990 жылдар

ара   лығында, ауданымызды

жап   пай электрлендіру жұмыс 

-

тары басталды. Шаруашылық -



тарда ескі электр желілері

бір-екі жылда түгелімен ауысты-

рылып, жаңартылды.

Әзекең ауданға басшы бо -

лып келісімен, шалғай жатқан

малшылар қыстауларына

электр жарығын жеткізу мәсе -

лесін қолға алды. 

1976-1978 жылдары “Еңбек -

ші” совхозында 12, “Телікөл”

сов хозында 18 малшылар қыс -

тауларына 10 киловольтты

электр желілері тарттырылып,

әр қыстауға бір-бір ден транс-

форматор пункттері орнатылды.

Әзекең жаңашыл кісі еді. Ол

электр қуатын ауыл шаруашы -

лығының барлық салаларына

қолданбай, ауыл шаруашылы -

ғының өркендеуі мүмкін еместі-

гін сол кезде-ақ біліп, өзінің

қарамағындағы басшыларға тү -

сіндіріп отыратын. Әзекең бірде

маған: - Болат, сен осы Лениннің

“ГОЭЛРО” жоспарын білесің бе?

- деп қалды. – Я, Әзеке, ол “Рос -

сияны жаппай электрлендіру”

жоспары, - деп едім. - Дұ рыс, бі-

леді екенсің, - дегені бар. Осы-

дан-ақ Әзекеңнің электр туралы

көп нәрседен хабары бар екенін

білдім. 


1980 жылы Нартай Бекежа-

нов атындағы (ол кезде “Комму-

низм”) колхозда 35/10 кв-ты

подстанция салынып біткен еді.

Жан-жаққа “Төңкеріс” колхозы -

на “Еңбекші” совхозына, “Жиде -

лі арыққа” скважиналарға осы

подстанциядан темір бетоннан

жасалған бағаналар тұратын.

Әзекең мені көріп: - Болат, сенің

мынау бағаналарыңнан аяқ

алып жүре алмай қалдық қой –

дегені. Мен де қарап тұрмай: -

Әзеке, біз Лениннің жоспары бо-

йынша ауданды жаппай элек-

трлендіріп жатырмыз, - дедім.

Ол жымиып қарап күлді де, 

- дұрыс, - деп жүріп кетті.

Әзекеңнің осындай қағытпа

әзілі де болатын. Бұдан кейінгі

жылдары “Ақмая”, “Қарғалы”,

“Гигант”, “Ортақшыл”, “Қа 

-

зақстан ның 30 жылдығы”, “Ал-



малы”, “Еңбекші”, Ленин ша 

-

руашылық орталықтарына 35



кв-ты электр желілері тартылып,

35/10 киловольтты подстанция-

лар салынды.

Инженерлік тегістелген жер-

лердегі жер асты тұзды суын

тартатын дренажды скважина -

ларға трансформатор пункттері

орнатылып, электр желілері тар-

тыла бастады. Осы тірліктердің

басы-қасында аудандық атқару

комитетінің төрағасы Исмаилов

Әзімхан ағамыздың болғаны

анық. Оны көзіміз көрді. Талай

куәсі де болдық. 

Әзекең жаңашыл, халыққа

жайлы, жалғандыққа қаны қас,

турашыл, әділ басшы болды. Ол

кісі өз өмірін халқы үшін арнап,

сол жолда ерен еңбек етті.

Әзекеңнің бейнесі, жақсы ісі мен

қызметі, халық жадында ұзақ

сақталады.



Болат МЕДЕТБЕКОВ,

ҚР-на еңбегі сіңген энергетик,

Шиелі ауданының Құрметті

азаматы, Еңбек Қызыл Ту

орденінің иегері.

Шиеліде туған, елге еңбегі

сіңген азаматтар жайлы қалам

тартарда  Шиелі жайында жа -

зыл ған  кітаптарға үңілетін әде -

тім. Сөз жоқ, осы уақытқа дейін

жазған мақалаларымның көбін -

де осы кітаптардың көмегіне

жүгінгенім рас. Сол әдетіммен

туған жердің тарихынан мәлімет

беретін, осында өсіп-өнген жан-

дар жайлы айтылған кітаптарды

парақтап отырып, Мәлібек Кү -

лімбетовтің суретіне көзім түсіп

кетті. Жас болғаннан кейін шы -

ғар, әйтеуір, мен бұл кісі жайлы

білмейді екенмін. Содан кітап-

тарды ақтарып, оқи бастадым.

Оқыған сайын қызығушылығым

арта түсуде. Бұрын қалай бай -

қамағанмын десеңізші. Ел ішін -

де аты белгілі Мұрат пен Болат

Күлімбетовтердің әкесі. Бірі - қа -

ламгер журналист, екіншісі - дә -

рі гер. Екеуі де халық сыйлаған

жан дар. Мұндай адамдарды

өсіріп, ел игілігіне қызмет етуге

бағыттау үшін де таудай талап

пен толассыз еңбек қажет екені

сөзсіз. Мұрат пен Болат ағалар

жайлы жеке дара әбден айтуға

лайықты, сол себепті, әңгімені

мақалаға өзек болып отырған

сол кісілердің әкесі Мәлібек

атайға бұруды жөн санадық. 

Мәлібек Күлімбетұлы 1919

жылғы 15 мамырда Шиелі ауда-

нына қарасты Қарғалы ауылдық

округінде дүниеге келген. Балаң

шағы сонау қазақтың үштен бір

бөлігін жалмаған 1932-33 жыл -

дардағы ашаршылық оқиғасына

тура келген Мәкең Ұлы Отан

соғысы басталғанда майданға

аттанып, 1943 жылы Волга бо-

йында ауыр жараланып елге

оралған. Майдандағы ерлігі үшін

бірнеше медальдармен мара -

патталған М.Күлімбетов сұра -

пыл соғыс жылдары аудандық

соғысқа ұйымдастыру бөлімін

басқарған. Қызылорда қаласын -

дағы педагогика институтының

тарих факультетін бітірген

М.Күлімбетұлы Ортақшыл, Жа -

ңатұрмыс ауылдарында тарих,

география пәндерінен сабақ бе-

реді. Мәлібек атай жайлы бүгін -

де тоқсанның үстіне шығып

отыр ған, ауданымыздың өсіп-

өркендеуіне қосқан өзіндік үлесі

бар Ұлман Мәміреева апамыз:

«Мәлібек аға елге оралысымен

жарақатының ауырлығына қа -

ра май аудан басшыларының

жолдамасымен қандай қызмет

берсе де әлінің келгенінше жақ -

сы орындап келді. Ол берілген

қызметтерді атқаруда «менің

өмірім өзімнің туған халқымнан

қашан да ажырамақ емес» деп

аудан халқының тіршілігінен қол

үзген жоқ» деп тебірене еске

алады.  Кейіннен Қазіргі Ы.Жа -

қаев атындағы ауылда №149

қазақ орта мектебіне ауысып,

алдымен оқу ісі жөніндегі орын-

басар, кейіннен директор қыз -

меттерін атқарады. М.Кү 

лім -


бе товті ардагер журналист Ма-

риям Жұматқызы: «ол өзі бір

ақкөңіл, жайдары кісі болатын.

Біздің Сәкеңдермен етене жа -

қын араласатын. Жүрген жерін -

де абыройлы, кез келген ортада

өзін сыйлата білетін жан еді»

деп еске алады. 1963 жылдан

өмірінің соңына дейін аудан ор -

талығындағы интернат бастығы

болып жұмыс жасаған.  Шәкірт

санасына дәріс дарытуда білік-

тілік пен білімділікті ұштастыра

білген Мәлібек атай «ҚазақССР

оқу ісінің үздігі» белгісін алған.

Біз сөз етіп отырған Мәлібек

атай тәуіптер әулетінің ұрпа -

ғы.Үлкендердің айтуынша баба-

ларынан бастап атасы Ержан,

әкесі Күлімбет, бауырлары Ыр-

захмет, Мырзахмет өз зама-

нында аймағына белгілі емші -

лер болған көрінеді. Қазір бұл

ата дәстүрді ұлы Болат пен қы -

зы Гүлнәр жалғастырып отыр.

Олар жоғары білімді, білікті

маман-дәрігерлер.  Жалпы, Мә -

кең туралы айтқанда оның

өмірлік серігі, отбасының шыра -

ғы бола білген Қанымжан апай

жайында сөз қозғамау мүмкін

емес. Ол кісі  1924 жылы 25

жел тоқсанда дүниеге келген.

Қанымжан апай балалар үйінде

тәрбиеленіп, 1942 жылы Таш-

кенттегі Орталық Азия Мемле-

кеттік Университетінің ағылшын

тілі факультетін бітірген. Еңбек

жолын 1940 жылы Универси-

тетте оқып жүріп,  ФЗОЖ-да

мұғалима  болудан бастаған.

1942 жылы Шиелі ауданы, Ор -

тақшыл ауылында мұғалім,

1947  жылы Шымкент педаго -

гикалық  институтының қазақ

тілі әдебиеті факультетін бітірді.

1943-1952 жылдар аралығында

Жаңатұрмыс мектебінде дирек-

тор. 1952 жылы “Қызылту” орта

мектебінде директор,1959 жы -

лы денсаулығына байланысты

мұғалім қызметіне ауысады.

1961 жылдан №45 қазақ орта

мектебінде зейнетке шыққанша

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

болып, көптеген шәкірттер тәр -

биелеп шығарады.  Отан ал дын -

дағы абыройлы қызметтері ес -

ке ріліп “Қазақ ССР  оқу ісінің

үздігі”, Қазақ ССР жоғарғы со -

ветінің “Құрмет грамотасымен”,

басқа да көптеген грамоталар

және Алғыс хаттармен ма ра пат -

талған.  

Иә, тумысынан шыншыл, шә -

кірттерін де адалдыққа баулы -

ған, өзінің өмірін халқының

тұр мыс-тіршілігінсіз елестете

алмаған Мәлібек Күлімбетов

жай ында қанша айтсақ та, қа -

лай жазсақ та артықтық етпейді.

«Ел маған не береді?» демей,

қайта керісінше «Мен елге не

бере алам?» деп өмір сүрген,

саналы ғұмырын халыққа, одан

беріде шәкірт тәрбиелеуге арна -

ған М.Күлімбетов жас ұрпаққа

үлгі боларлық нағыз тұлғалы

яғни, биыл 90 жылдығы деген

сөз. 


Азиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

Газет редакцияныѓ компьютер

орталыѕында терiлiп, беттелiп, 

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында

басылды. Ћызылорда ћаласы, 

Сџлтан Бейбарыс к шесi н/ж.

Тел: 8(7242) 40-06-68.

Таралымы 5867.

Тапсырыс №482

Газет Ћазаћстан Республикасы Аћпарат Министрлiгiнде 

30.12.2010 ж. тiркелiп, №11406-Г тiркеу куќлiгi берiлген.

Газет ќр аптаныѓ сќрсенбi, сенбi кљндерi шыѕады.

Ћолжазбалар  ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.

Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi. 

Телефондар: 

Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -44-6-22

Бас редактордыѓ орынбасары - 44-7-32

Жауапты хатшы, есепшi 

Факс -44-9-07.

Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Яссауи к шесi №109. E-mail: osken_onir@mail.ru



Бас директор 

Аманжол ОЃЅАРБАЕВ

Шиелi аудандыћ 

“ скен  ѓiр” газетiнiѓ редакциясы

Бас редактор

Алтай АЙЫП

Меншiк иесi: 

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

4

4

№40 (8194) 07.06.2014 жыл 

АЛМА АЛҒАН АСУЛАР

АЛМА АЛҒАН АСУЛАР

Бүгінгі әңгімеміздің арқауы –

сонау 1965 жылы Сырдария

ауда нына қарасты 1 Май сов -

хозын дағы С.Орджоникидзе ат -

ындағы қазақ орта мектебінде

сыныптас, бірге оқыған Қырау -

баева Алма Мүтәліпқызы, Жүні -

сова Райхан, Кежекова Жәмила

және бір сынып жоғары оқыған,

интернаттың қара нанын бірге

бөліскен Сұлтанәлі Балғабаев

болып отыр.

Бала кезінен әжесінен ертегі,

қисса-дастан, термелерді естіп

өскен Алма Мүтәліпқызы мектеп

қабырғасында жүргенде-ақ үздік

оқушы болатын. Барлық пәндерді

беске оқып, қоғамдық жұмыстарға

белсене қатысатын. Сынып жетек-

шіміз Мәулен Әбдіпатаев ағайы -

мыз дың да бұл орайда тәлім-тәрбиесінің нәтижесі деп білеміз.

Мәулен ағай әдебиет пәнінен дәріс беретін. Ол кісіні бар зейінмен

мұқият ұйып тыңдайтынбыз. “Қашан шығарма жазамыз” деп асыға

күтетінбіз. Жоғары сыныптарда М.Әуезовтің “Абай жолын”,

С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу”, Б.Майлиннің “Шұғаның бел-

гісі” туындыларынан оқыған лекциялары әлі күнге дейін жадымызда

сақтаулы.

Мектепті 1965 жылы Алма мен Райхан “Алтын медальмен”, ал

Жәмила қыз “Күміс” медальмен тәмамдады. Үшеуі де ағып тұрған

мөлдір бұлақтай, бұлар мені ортаға алып, сызу сыздыратын.

Шығарманы жарыса жазатынбыз.

Алма Мүтәліпқызы Алматыдағы ҚазМУ-дың филология факуль-

тетіне түсіп, оны да қызыл дипломмен аяқтады. Жас маманды уни-

верситет басшылары өзі білім алған жоғары оқу орнына қызметке

қалдырады. Осы университет қабырғасында қызмет ете жүріп, ол

өзінің білімпаздығымен, еңбекқорлығымен көзге түседі. Халық ауыз

әдебиетінің көне мұраларын, көне түркі әдебиетінің тарихына зерт-

теулер жүргізіп, тың пікірлер, еңбектер жазады. “Күлтегін”, “Оғызна -

ма”, бертін келе жыр алыбы - Жамбыл поэзиясына зерттеулер жасап,

жыраулық дәстүр үлгісін жалғастырады. Қазақ әдебиетінің қорына

мол мұра қосады. Мүтәліпқызы Алманың ғылыми еңбектері кеңес

тарапынан бағаланып, филология ғылымының кандидаты, доценті,

ғылым докторы, профессор атақтарына ие болды. Алма өмірінің

соңына дейін қазақи ұлттық құндылықтарымызды, әдет-ғұрып, салт-

санамызды жас жеткіншектер бойына сіңіруде аянбай тер төккен

ғалым, ана, студенттер арасында қарапайым да, биязы, аса

мәдениетті ұстаз-тәлімгер бола білді.

Қазақ филология факультеті, қазақ әдебиеті оны Астанада

қимастықпен соңғы сапарға шығарып салды. Соңында қалған інісі

Асылбек Алма оқыған 1 Май ауылындағы мектепке есімін қалдырам

деп жүріп, жол апатына ұшырап өмірден ол да озды...

Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваның есімін өзі оқыған 1 Май

ауылындағы мектепке беру жөніндегі көпшіліктің ұйғарымының осы

кезеңге дейін не себептен шешімін таппай отырғаны баршамызға

беймәлім... Ал екінші кейіпкеріміз Жүнісова Райхан да мектебімізде

ең үздік оқушы атанып, математика факультетін тәмамдап, өзінің

туып өскен 1 Май ауылындағы мектепте 40 жылдан астам матема-

тика пәнінен дәріс берген ұлағатты ұстаз. “ҚазССР-і білім беру ісінің

озаты”, аудан-облыс, республика білім беру бөлімдері мен кәсіподақ -

тарының мақтау қағаздары мен төс белгілерімен марапатталған.

Бүгінде еңбек демалысындағы зейнеткер.

Жәмила Кежекова болса, мектепті “күміс медальмен” бітірген,

Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика фа-

культетін 1969 жылы аяқтаған, облыс мектептерінде физика-мате-

матика пәндерінен дәріс беріп, қазір еңбек демалысындағы құрметті

ұстаз – зейнеткер ана.

СҰЛТАНӘЛІ - ЖІГІТ

СҰЛТАНӘЛІ - ЖІГІТ

СҰЛТАНЫ

СҰЛТАНЫ

1 Май ауылындағы құмның

төбесіндегі интернатта жатып оқы -

ған қойшы бала Сұлтанәлі Балға -

баев (шүлдірлеп сөйлейтін) қабыр -

ға газеттерін шығаруға бізге жетек-

шілік ететін. Өзі кітапты көп оқып,

өлең шумақтарын түзіп, әзіл-кеш,

сыни көзбен қарайтын, елгезек-тін.

Мектеп бітірген 1964 жылы қош -

тасу өлеңін де шығарып жүретін.

(мәтіні есте қалмапты). Шиелінің

Құрметті азаматы Сұлтанәлі Бал -

ғабаев мектепті жақсы бітіріп,

ҚазМУ-дің журналистика факуль-

тетіне түсіп, оны ойдағыдай тәмам -

даған соң “Лениншіл жас”, “Қазақ

әдебиеті” газеттері мен “Жазушы” баспасында еңбек еткен,

республикалық көші-қон демографиясы төрағасының орынбасары,

жазушылар одағының мүшесі, қазір республика жұртшылығына та-

нымал әдебиетші-журналист, жазушы-драматург. 

Алғашқы шығармалары газет бетінде 1966 жылдан жариялана

бастаған. “Жұлдызың жансын”, “Алтын сағым”, “Құм мен қызғалдақ”,

“Шал”, “Шпион”, “Жолдыбай, қисық сот, және Сталин” атты сатира -

лық әңгімелері мен повестері, драматургия саласында да Қалтай мен

Дулат ағаларынан кейінгі қарымды қаламгерлер санында келе

жатқан Сұлтанәлінің “Ғашықсыз ғасыр”, “Қыз жиырмаға толғанда”,

“Ең әдемі келіншек” атты сахналық шығармалары көпшіліктің наза-

рында. Сыр өңірінің халқы Сұлтанәліден әлі де сахна қойылымына

лайық туындылар туатынына сенеді. Бір мектептен түлеп ұшқан “Ар-

мандастар” осылар болмақ.     



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал