Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi №40 (8194) 7 маусым сенбі 2014 жыл



жүктеу 358.29 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі358.29 Kb.
1   2   3   4

Айнұр ИБРАШЕВА.

Суретті түсірген 

Ғани ӘЛІМБЕТОВ.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек

көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу ту-

ралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республи-

касы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 «Оралмандарды

қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулысы (бұдан әрі-

Қаулы) қабылданып, 7 өңір айқындалған болатын.

Этникалық көші-қон саясатын жетілдіру мақсатында 2014 жылы 22

сәуірде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  отырысы болды.

Отырыста Қазақстан Республикасы аумағына көшіп келген барлық

этникалық қазақтарға Үкімет қаулысымен тағайын далған өңірлерге

қарамастан оралман мәртебесін беру сондай-ақ, ықтияр хат (вид на

жительство) рәсімдеген соң бірден Қазақстан Республикасының

азаматтығын беру туралы ұсыныс енгізіліп, мақұлданды.

Аталған ұсыныстарды іске асыру үшін кейбір Заңдарға өзгерістер

енгізілетін болады.

Жаңа Заң қабылданғанға дейін көшіп келіп жатқан этникалық қа -

зақтар тарапынан наразылықтардың алдын алу мақсатында жоғарыда

айтылған Үкімет қаулысына толықтыру енгізіп, қаулы жобасына Ал-

маты және Астана қалаларынан басқа өңірлерді қосып толықтыру

жөнінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігіне тапсырма берілді.

Осыған орай, бірінші кезекте.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыз дағы

№248 «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау ту-

ралы» қаулысы 2014 жылы 15 мамырда «Егемен Қазақстан», «Казах-

станская Правда» газеттерінде жарияланып, 25 мамырдан бастап

күшіне енеді.

Қаулы күшіне еніп қоныстандыру өңірлерінің тізбесіне қосылған об-

лыстар бірінші кезекте этникалық қазақтарға ықтияр хат (вид на жи-



тельство) рәсімдейді содан кейін оралман мәртебесін беретін болады.

Ал қоныстандыру өңірлеріне енбеген облыстар мен Алматы және

Астана қалалары 2014 жылдың 25 мамырынан бастап, оралман

мәртебесін беруді тоқтатады. Сонымен қатар, этника лық қазақтар

ықтияр хат (вид на жительство) алу үшін өзде 

рінің төлем

қабылеттілігін дәлелдеулері тиіс. 

Екінші кезекте.

Бүгінгі күнде министрлік аталған № 248 Үкімет қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты облыс әкімдері нен

ұсыныстар алып, қаулының жобасын жасап құзыретті министрліктер-

мен келісілуде.

Аталған қаулы қабылданып, күшіне енгеннен кейін қоныстандыру

өңірлеріне енген облыстар оралман мәртебесін беру жұмыстарын

жалғастыратын болады.

Үшінші кезекте.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2014

жылғы 22 сәуірдегі №16 хаттамасына сәйкес «Қазақстан Республика -

сы ның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес -

пуб ли касы Заңының жобасына Тұжырымдама жасап, Қазақстан Рес-

публикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2014 жылы 1 маусымға

енгізу министрлікке тапсырылды.

Осыған байланысты, бүгінгі күнде министрлікте Заң жобасын

әзірлеуге  байланысты жұмыс тобы құрылып, жоба әзірленіп, тиісті мем-

лекеттік органдар мен Заң институттарының қарауына ұсыныс тар алу

мақсатында жолданатын болады.



Төртінші кезекте.

Аталған Заң қабылданып, күшіне енгеннен кейін Қазақстан Респуб-

ликасы аумағына көшіп келген барлық этникалық қазақтарға Үкімет

қаулысымен тағайындалған өңірлерге қарамастан оралман

мәртебесін беру сондай-ақ, ықтияр хат (вид на жительство) рәсімдеген

соң бірден Қазақстан Республикасының азаматтығы берілетін болады.



ЖҰЛДЫЗДАР САМҒАДЫ

Шиелі аудандық прокуратурасымен қадағалау

аума ғында 2013 жылы және 2014 жылдың 3

айында алаяқтық қылмыстары бойынша қозғалған

қылмыстық істердің тергеу тәжірибесіне және

уәкілетті органдармен алдын алуда, әшкере етуде

қолданылған шаралар мен оған қарсы күресте ат -

қарылған жұмыстарға талдау жасалып, нәтиже -

сімен төмендегідей мән-жайлар анықталды.

Қадағалау аймағында жалпы 2014 жылдың 3

айында 149 қылмыс тіркелген. Биылғы жылдың 3

айында жалпы тіркелген 149 қылмыстың 18-і

алаяқтық қылмыс болып, ағымдағы жыл алаяқ тық

қылмыстар 6 қылмысқа немесе 50%-ға өс кен дігі

байқалады.

Алаяқтық қылмыстардың қол сұғушылық обь-

ектісі бойынша тоқталсақ, 2014 жылдың 3 ай ында

алаяқтық қылмысымен қозғалған 18 қыл мыс тың

10-ы  сенімге қиянат жасау арқылы аза мат  тардың

ақшаларын иемденсе, 2-і бағалы заттарды ием-

дену арқылы, 3-і  банктен несие алып беретіндігі

туралы, 3-і жұмысқа орналастыру мақ сатында

жасалған.

Алаяқтық қылмысты жасаған субьектілер бо-

йынша келер болсақ, осы жылдың 3 айында

алаяқтық қыл мы сын жасағандардың 2-і әйел кісі-

лермен жасалса, топ болып, бұрын сотты бол ған -

дармен, кәмелетке толма ғандармен, ұйымдасқан

қылмыстық топпен және ТМД, шетел азаматтары-

мен орын алмаған. Талдау нәтижесі көрсеткендей,

алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі  аза -

маттардың сеніміне кіріп олардың ақшаларын ием-

деніп кету арқылы, оларды жұмысқа орналас ты-

рып беретіндігін және банктен үлкен сомадағы

несие алып беретіндігін айту арқылы жасалған.

Мысалы, 2013 жылдың 4 мамырында қазақ орта

мектебінде мұғалім болып жұмыс жасайтын аза-

матша Ж. азаматша М-ның сеніміне қиянат жасап,

мектепке лобарант немесе тазалықшы қызметіне

жұмысқа тұрғызып беретіндігін айтып, 170 000

теңге ақшасын алаяқтықпен алдап алып, ол

ақшаны өзінің бас пайдасына жаратып жіберген. 

Аталған факті бойынша Шиелі АІІБ-мен аза-

матша Ж-ға қатысты 11.02.2014 жылы ҚР ҚК-нің

177-бабының 1-бөлігімен іс қозғалып, нәтижесімен

қылмыстық іс сотқа дейінгі жеңілдетілген хаттама-

сымен  14.02.2014 жылы сотқа жолданған. Шиелі

аудандық сотының 25.02.2014 жылғы қаулысымен

азаматша Ж. арызданушы М-мен татуласуына

байланысты ҚР ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігі негі-

зінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,

қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Қазіргі таңдағы қоғамдық дертке айналып

отырған алаяқтық қылмыстарының алдын алу

бағытындағы тиімді жолдардың бірден-бірі ол -

халық арасында түсін дірме жұмыстарын жүргізіп,

күнделікті тәжірбиеде жиі кездесетін алаяқтық

қыл мыстарының тізбесін жасақтап, оларды бұқа -

ралық ақпарат құралдары арқылы немесе ауыл -

дық аймақтарда халық көп жиналатын жерлерде

жариялау қажет деп есептеймін.

Қ.ЕГІЗБАЕВ,

аудан прокурорының көмекшісі.   

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!



Рамазан алдындағы дайындықтар пысықталды

Бар мейірім балаларға

Көк байрағым – асқағым

Тарих жұмбағын

жәдігерлер шешеді

Қай тарих болсын, уақыт өткен сайын оны дәлелдейтін, айғақтайтын де-

ректер мәдени мұра болып қалыптасатыны сөзсіз. Мәдени, тарихи мұра

арқылы өткенге көз жүгіртуге болады. Сондықтан, мұражай экспонаттарын

сақтау біздің өткен өмірге деген жауапкершілігімізді білдіреді. Біз өз газетіміз

арқылы халықаралық музейлер күніне байланысты бірнеше мақала бердік.

Ауданымызда атқарылып жатқан шаралардан қалың оқырманды хабардар

еттік. Жәдігерлерді қорғауға бағышталған шараның бірі ретінде “Нартай Бе-

кежанов” атындағы мемориалдық өнер музейінде “Тарих жұмбағын жәдігер -

лер шешеді” атты тақырыппен өткен шараны атап өтуге болады.

Шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

басшысы Ә.Оспанов, “Ы.Жақаев” атындағы күріш өсіру тарихы музейінің ди-

ректоры Қ.Ыхановалар қатысып, сөз сөйлеп ұлттық жәдігерлерімізді жаны-

мыздай қорғап, құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға

шақырды. Жәдігерлерді қорғауға шақыратын шарада ән шырқалып, би би-

леніп, Нартай музейінің тарихы айтылды. Сонымен бірге, оқушылар екі топқа

бөлініп, шар ішіндегі мәдени, музей жайлы сұрақтарға жауап берді. Шараға

қатынасқан өнерпаздарға музей директоры Ғ.Көшекбаев Алғыс хаттар тап-

сырды. 

Б.БӘЙІМБЕТ.

Сурет автордікі.

Ол менің білсеңдер − жүрегім

Хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық көрі 

-

ністерін болдырмау, алдын алу



мақ сатында 12 маусым күні

сағ.15.00-де аудандық мәдениет

үйінде Қызылорда облы 

сының


мәде ниет басқармасының бас-

шысы Абдрахманов Ержан Ахмет -

ұлы ның жеке қабылдауы өткізі 

-

ле тінін хабарлаймыз.



Хабарландыру

Аудандық сот төрағасы Ер-

кінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлы

13-маусым күні сағат 10.00-

12.00 аралығында аудандық

соттың мәжіліс залында

Қызыл орда облыстық сотының

қылмыс тық істер жөніндегі

апелляциялық сот алқасының

төрағасы Қарабаев Ержан

Өсерханұлының  қаты суы  мен

«Ашық есік күні» өткізетіні

жайлы хабарлайды.

аудандық соттың

баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметкер

Жер қадірін білетін жан

Біз әңгіме еткелі отырған Гауһар Құлмырза ерік-жігері ерге бергісіз

жан. Оның іскерлігін Жуантөбе ауылдық округі әкімі қызметін атқарып

жүрген кезінен-ақ білетінбіз. Қазіргі жұмысы да оп-оңай емес. Қазақ бе-

керге айтпаған “ең үлкен дау – жер дауы мен жесір дауы” деп. Гауһар

қазір аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы. Жерді бөлу немесе

біріктіру, бөлінетіндігі немесе бөлінбей тіндігін айқындау, кескін үйлесімін

жасау, бекіту, жобалау жұ мыс та ры, тіптен де, оңай шаруа деп айта ал-

маймыз. Нарық болған соң елді мекен жерлері бойынша сауда-саттық

жасау, конкурсқа шығару, бағалық құнын бекіту, пайдаланылмайтын

ауылшаруашылығы жерлерін анықтау, пайдаланылмаса мемлекет мен-

шігіне қайтару деген жұмыстар қосылды. Үй құрылысы үшін ғана 89

азаматқа жер учаскелері үш ай көлемінде белгіленген. 

Үстіміздегі жылдың ақпанында ғана мемелекет меншігіндегі елді

мекен жерлері бойынша жүргізілген сауда-саттық (аукцион) нәтижесінде

жалпы көлемі 4,67 гектар болатын 19 жер учаскелері 15,0 млн. теңгеге

сатылып, жергілікті бюджетке түсірілген. Бұл бөлімнің әр қадамы жау-

апты. Гауһар Құлмырза осындай жауапкершілік жүгін арқалаған, өз ісінің

майталманы. 

Жақсыгүл САРБАСОВА,

аудандық соттың бас маманы.


Қиялдағы аруды іздеп келемін.

Есімі Александрина. Көрінгенге қол

созғым жоқ. Жүрегіме байланған

шер ме, мұң ба, өзіме беймәлім.

Жүйке-жүйемнің жүдеуленуі емес,

жанымның жадаулануына да жат-

пайтын әзіз әуен әлдилейді. Көмей

шіркіннің суырыла сөйлегісі бар.

Бірақ, үндемеймін. Сапарластарыма

аяқтағы суға ағып өретіндей көріне -

мін бе деп қорқамын. Әлем-тапы -

рығымды шығарған алтын бұрымды

қызды жаңбырлы бұлттай көшпелі

көңілім беларусьтің сегіз миллион

сегіз жүз тоқсан жеті шақырым

гектардағы егін алқаптарынан да,

тоғыз жарым миллион гектарда тік

басып тұрған ормандарынан да, он

мың жеті жүз көлінен де, бір жарым

мың бөгені мен жүз елу үш су қой -

масынан да сұраймын. Көрдік деп бі-

реуі айтпайды. Шығаннан шыққан

шыдамым өз шылбырына шырма -

тылған тұлпардай тыпыршиды.

Сөйт се де солтүстігі мен шығысында

- Ресейге, солтүстік батысында -

Лит ва мен Латвияға, батысында

Польшаға дейін шарқ ұрамын.

«Менің туған республикамның теріс-

кейінен күн гейіне дейін - бес жүз

алпыс, батысынан шығысқа дейін

алты жүз елу шақырым, жалпы

аума ғы сегіз миллион сегіз жүз

тоқсан жеті гектар, ең биік нүктесі

Дзержинский тауы, ең пәсі Неман

ойпаты. Теңіз деңгейінен біріншісі

жүз алпыс метр биік, екіншісі сексен

бес метр төмен. Алты облысымызды

жүз он сегіз ауылдық аудан құрай -

ды. Түгел аралауға шамаңыз бен

уақытыңыз жетсе, жер басып жүрген

қалпымда табылып та қалармын», -

деп сыбырлайды елес қыз. Бас қаға

тілім тартпады да: «Сонау алыс

көктемнің жақсы әні жадымда: 

-Тұрушы еді үш қайың Муромск жо-

лында... Гүлдей-гүлдей өзің де айна-

лып ең әнге әсем, Александрина,

сон шалық әдемі едің онда сен!

Ғашық едім өзіңе, қайтем енді жасы-

рып? Өскен емес бір гүл де сенен

сәнін асырып. Кекірегүлге теңесем -

жалғыз бояу бар онда, Әсиягүлге

теңесем - салқындау ғой одан да.

Мүмкін оймақгүлдейсің... Мүмкін

емес бәрі де, Мен он жеті жасымда

тең таппадым сәніңе. Ұмыта алман

ешқашан сонау көктем жақсы айын,

Түсіме әлі енеді... жол бойында үш

қайың. Көктем кетіп, жаз өтіп, жа -

қын дады қысым да, Александрина,

жүрсің сен қайсы жолдың ұшын -

да?!» - деймін жанарымды жас бу -

ып. Жас уыздай жас иіс түкке тү -

сінбеді. - Жатсынатындай ештеңесі

жоқ. Жат жұрттыққа жаратылсаң да,

бұл сенің өзіңе арналған өлең.

Оқыған да шығарсың беларусь тілін-

дегісін. Мынау соның қазақша

нұсқасы. Лениндік сыйлықтың иегері

Петрусь Бровкадан аударғанмын.

Ол кезде мен отыз жеті жаста едім.

- Қазық қағып, көлеңкесіне бұзау па-

налаттым десеңізші. - Елес қыз сыр

алдырмағанымен, ет жүрегі елжіре-

гені, жебей сөйлегені байқалып қал -

ды. Әңгімеміз осы тұстан үзіліп,

Минскіден шыға түн делете төрт жүз

шақырымға жуық қашықтықты

басып өткен арнайы автобусымыз

Брест қаласына жетіп тоқтады. Таң -

ертең «Эрмитаж» қонақүйінен шық -

сақ, суық жаңбыр бүркіп тұр екен.

Әлдекімдердің ащы тері жауындай

сіркірейтіндей. Брест қамалы жақта

өлі бұлттай, мойнына тау тесіп ілген-

дей бір көрініс түнеріп, қара қайғы -

ның ызғары ықтыратындай. Тастай

ауыр зауал шақты қақ жарып, сәт

сағатта ғайыптан ақ қоғадай бұра -

тылып, сұлу сағымдай сылымдаған

Александринаның елесі сегіз пейіш -

тің есігінен шық қандай күнәсіз үлбі -

рей қол созды. Оны қасымдағылар

көрмесе де, Үркер мен Айдай тоғыс -

қанымызды сезіндім. Көшеде сына-

дай сығылысқан жұрт жоқ. Балтыры

бесіктей бір әйел әрменіректе қай -

ықтай қалқып барады. - Жаңбырла -

рыңыз жауратып жіберді, Алек сан-

 дрина, - деймін әлденеге емексіп. -

Жауратады дегенше, егінді қаулата -

ды де мейсіз бе? Біздің жақта өсімдік

атаулы ең кемі жүз тоқсан күн бойы

Құдайдың көл-көсір жауынымен су-

арылады. Орта есеппен елдің орта -

лық және солтүстік шығыс бөлігіне

600-650, оңтүстігі мен түстік баты-

сына 500-600 мм жауын-шашын

түседі. Осыған орай, дәстүрлі егінші-

лік мәдениеті қалып тасқан. Негізінен,

арпа, қара бидай, бидай, картоп

өндіруге ұмтылыс мол. Дәнді, майлы

дақылдар өндіру жылдан-жылға ар-

туда. Әлемдегі зығыр алқабының -

он алты, Еуропадағысының жиырма

пайызы осында. Мал шаруашы 

-

лығында ет-сүт өндірісіне бағыт тал -



ған ірі қараның үлес-салмағы ба -

сым. Шошқа мен құс та өсіріледі.

Маңызды мұратымыз - республи -

каның тоғыз миллион төрт жүз

алпыс төрт мың тұрғынын табиғи

таза азық-түлікпен қамтамасыз ету,

артылғанын сыртқа сату. Былтыр

бұл мақсатты жүзеге асыруға бір

мың үш жүз бес ауыл шаруашылығы

ұжымы, екі мың он алты шаруа

қожалығы, бір миллион бір жүз мың

жеке шаруашылық, барлығы 438,4

мың адам қатысты. Олардың өндір -

ген шикізаттары жақсы жарақтан -

дырылған 100 ірі кәсіпорында, тара -

тып айтсақ, 20 ет комбина тында, 44

сүт зауытында өңделді. Ет өнім-

дерін ұқсатумен мұнан өзге Белко-

оптың 87 цехы колхоздар мен басқа

ауылшаруашылығы ұйымдарының,

жеке меншік иелерінің қосалқы цех-

тары айналысты. Сауылған сүттің

тоқсан пайызы өңдеу кәсіпорын да -

рына жөнелтілді. Сөйтіп, бір жылда

7,5 млн. тонна сүт өңделді. Мұның 1

млн. 300 мың тоннасы брестіктерге

тиесілі. Ал, ет комбинаттарының

жылдық орташа қуаты 515 мың тон-

наны құрады.Сапарымыздың әуелгі

күні Оңтүстік Қазақстан облысы

мәслихатының хатшысы Құдайбер -

ген Ержан бастаған делегация

мүшелерін Брест облысы атқару ко-

митеті төрағасының орынбасары

Клец Андрей Анатольевич, «Адми-

нистрация СЭЗ Брест» құрылы мы -

ның басшысы Невдман Виктор

Иосифович ресми қабылдап, әңгіме -

лесті. Бұлардың айтуына қарағанда

өңірде өндірілетін ауылшаруа шылы -

ғы өнімдері өз тұрғындарының тұ -

тыну сұранысынан 3 есе артық.

Бат пақ басқанынан басқа  1 шаршы

метр жер бос жатпайды. Жем-шөп -

тің 1 жарым жылдық қоры міндетті

түрде жасақталады. Өйткені, жайы-

лымы жоқ мал жыл он екі ай бір

орында бағылады. Сондықтан, сүр -

лем, пішендеме салынады. Тек

өткен жылдың өзінде ғана 130 тау-

арлы сүтті фермасының құрылысы

аяқталып, іске қосылған. 1 гектар

жерге 1 мал басы жоспарланған.

Облыстың еркін сауда аймағында

84 кәсіпорын балық өңдейді, жиһаз

жасайды, жүк және жолаушы лифті-

лерін, т.б. шығарады. Олар қызметін

бастаған алғашқы бес жылда қо -

сымша құн салығынан құтқарылып,

сырттан әкелген тауарлар үшін

төлем төлемейді екен. 21 елден ин -

вес  тиция тартылған осы құры лым -

дар 8 мың гектарға орналасыпты.

Бәрі де тапқан табысының таза кірі-

сінен ғана салық төлейді. Облыс бо-

йынша 600 мың шаршы метр алаң

жалға берілген. Мұның айрықша

маңыздысы - Бресттің Кедендік одақ

пен Еуроодақтың шекарасында тұр -

ғанында. Бұл ретте өмірбаяны 1999

жылдың 18 қаңтарынан басталатын

«Белтоможсервис» логистикалық

қызмет көрсету кәсіпорнының іс-

қимылы айтарлықтай. Ұжым мүше -

лерімен жүздесу барысында халық -

аралық рыноктағы кедендік қызметті

логистика, терминалдар, көліктік

экс педиция, баспа өнімдері бойын -

ша неғұрлым өркениетті жүргізуге

ұмтылысты, құрылымды  үнемі же-

тілдіру үстінде екенін байқадық.

Бастапқыда кәсіпорынның небәрі 2

жүк қоймасы болса, бүгінгі көрсеткіш

- 15. Бұдан басқа кедендік - 9, көп -

шілік пайдалануындағы 9 қойма бар.

Могилевте, Гомельде, Витебскіде,

Брестте, Гроднода, Минскіде фили-

алдары, халықаралық өткізу бекет-

терінде мамандары жұмыс істейді.

Бәрінде де декларация тапсыру, та-

уарлар қозғалысын бақылау элек -

трондық тәсілде. Еуроодақтың

тран зитті  жүйесінің кейбір негіздерін

игеруге, қызмет сапасының кепілді-

гіне қыруар күш жұмсалатынын да

түйсіндік. «Брест-Белтоможсер вис -

тің» 2011 жылғы 20 қыркүйекте пай -

далануға берілген жаңа ғимараты

Лейтенант Рябцевтің көшесіне көрік

беріп тұр. Алаңында 124 авто пой -

ызға, 82 жеңіл автокөлікке арналған

тұрақ бар. Әкімшілік үйіндегі отыз

жұмыс орнының онына кедендік

рәсімдеу мамандары жайғасқан.

Түбірлі мақсат - жалпы тауар рыно-

гында 170 миллионға жуық адамды

қамтитын Беларусь, Ресей, Қа 

-

зақстан кедендік одағының мүдде -



сіне сәйкес қызмет көрсету. Орта -

лық бүгінде Беларусь Республи 

-

касындағы логистикалық жүйені да-



мыту бағдарламасы бойынша

«Козловичи-2» жүк терминалының

құрылысын аяқтауға таяу. Биылғы

төртінші тоқсанда іске қосылатын

бұл нысанда жалпы аумағы 15,5

мың шаршы метрлік қоймалар мен

мұздатқыш камералар, жүк мәши -

несіне арналған 200 орын, қонақ үй

кешені мен кафе болмақ.   Брест

қаласында 1993 жылы іске қосыл ған

«Санта-Бремор» өндірістік кешені

мұхит балығын тұтынушыға ұсыну -

шылар арасында Еуропада жетекші

орынға ие. Өнімдерінің сапасы

әлемдік үлгіге сай. Өңдеудің техно -

логиялық үдерісі жылытусыз әдіске

негізделген. Мұның өзі аса маңызды

нәрсе. Аталмыш технология балық

бойындағы пайдалы заттардың ілкі

қалпында сақталуын қамтамасыз

етеді. Қазіргі кезде өз төлтаңба -

сымен 100-ден аса өнім дайындай-

тын кәсіпорын сапа жүйесін басқа -

ру ымен халықаралық ИСО 9000

стандартына көшкен. Ресейдің

нарық базарында «Икра мойы» №1,

№2, №3, №4 және төрт түрлі «Икри -

ма» таңдаулы тағам ретінде өтімді.

Беларуссияның барлық облысында,

Ресейде, Молдовада өкілдіктері

ашылған «Санта Бремор» халық -

аралық көрме жәрмеңкелерге де

белсене қатынасатынын марапат -

тық дипломдары мен медальдары-

нан таныдық. Өзі мұхитпен ірге 

-

леспейтіндердің сырттан әкелінетін



өнім үшін зауыт тұрғызғаны қан ша -

лықты тиімді? Күдікке күпті жүректегі

сауалды жасырудың жөні жоқ сияқ -

ты көрінді. ««Біреудің қаңсығы бі-

реуге таңсық» саудада бірді бірге

соғатындардың бір ұрты май, бір

ұрты қан. Пайдаға белшемізден бат -

пасақ та біз ең әуелі, ұлтымыздың

денсаулығын, ұлт алдындағы ұяты -

мызға шіркеу түсірмеуді ойладық.

Өнімдеріміздің басым бөлігі респуб-

лика аумағына тарайды». Нысапты

жауаптың ұзын-ырғасы  осы түсі нік -

ке тірелді.Әдепкі өнімін 1976 жылы

шығарған, қазір тәулігіне  1500 тонна

сүт өңдейтін, тұтынушыға 200-ден

астам өнім түрін ұсынатын, әр ауы-

сымында 1500 адам жұмыс істейтін

«Савушкин продукт» кәсіпорны бізді

қатты қызықтырды. Оған жалпы ра-

диусы 117-200 километр қашықтық -

тан шикізат үздіксіз жеткізіліп, өн -

діріс үдерісі 24 сағат бойы  тоқта -

майды екен. Өнімдері тек Бела-

руське ғана емес, Ресейге, Украи -

наға, Қазақстанға, Арменияға, Әзір -

байжанға, Молдоваға, Біріккен Араб

Әмірліктеріне, Иорданияға, Еуро 

-

одақ елдеріне, басқа да алыс, жа -



қын шетелдерге жөнелтіледі. 2012

жылғы 1 шілдеде Еуроодақ Тұрақты

комитетінің өнім экспорттау жөнін -

дегі шектеусіз лицензиясын иеленген

компанияның табыс тасқыны табыл -

ған ақылдың куәсіндей. Ал 2006

жыл ғы 20 желтоқсанда Біріккен Ұлт -

тар Ұйымының «Ғаламдық келісім -

шарт» халықаралық бастамасына

қатысуы бизнесінің қылаусыз таза -

лығын, кәсіпорын өнімінің сенімділігі

мен тиімділігін көрсетеді. Зауытта

табиғи шырындар шығару да жақсы

жолға қойылған. Ұжыммен Ақтау -

дағы «Оптовая торговля», Атырау -

дағы «Идеал маркет», Оралдағы

«Сафир-логистик», Қостанайдағы

«Новь-LTD», Астанадағы «Қағанат

Холдинг» жауапкер шілігі шектеулі

серіктестіктері іскерлік тығыз қарым-

қатынаста. Индустриясы дамыған

елдердегі демократиялық ахуал

Беларуссияға да тән: халықтың

жалпы өсімі төмендеп, бала туылуы

азайып, қарттар көбеюде. Тұрғын -

дарының 76,3 пайызы қалада, 23,7

пайызы ауылда. Әйтсе де, тамақ

өнеркәсібінің 50 пайызын ет, сүт

өнідіру бағыты құрайды. Сала дағы

82 ұжым халықаралық сапа жүйесі

сертификаттарын иеленген. Айтуға

оңай, кедергілер де шаш-етектен.

Жергілікті шаруалар арасында «Сүт

соғысы» аталып кеткен ұғым ұмы -

тыла қой мапты. Кезінде оқығаны -

мыз оқтын-оқтын ойға оралады.

2009-жылы Ресей жаңа техникалық

регламентті сылтауратып, Беларус-

сиядан әкелінетін сүт өнімдеріне

тыйым салынды. Мемлекет тарапы-

нан сүт өндірушілерге белсенді түр -

де берілетін демеуқаржы мен алып

сатарлар арасындағы көзқарас ал -

шақтығы 2012 жылғы ақпанда шие-

леністі тым ширықтырып жіберді.

16-18-ақпанда Гродно облысындағы

Незнаново деревнясында вете ри -

нарлық бақылаушылар шошқаның

африкалық обасынан қауіптеніп,

қолдағы малын түгел қырып салды.

Бірақ, бұл жәйтті ауылшаруа шы лы -

ғы  және азық-түлік министрлігі тері-

степ, оқиғаны оқу-жаттығумен бай -

ланыстырғаны, кейбір тәуелсіз ақ -

парат құралдарында оған күмән

кел тірілгені есімізде. Сол тұста

Украина жедел қамданып, көрші

мемлекеттен шошқа етін алудан

үзілді-кесілді бас тартты. Айнал 

-

дырған ауру алмай қоймады. 2013



жылдың жазында Гродно облы 

-

сындағы Чапунь деревнясында



шош қаның африкалық обасы тір-

келді. Көп ұзамай екінші ошағы Ви-

тебск ауданынан анықталды. Содан

кейін жұқпалы қоздырғышты жа-

байы қабандардың тасымалдау қа -

терінен сақтанған Литва мен Поль -

ша  ондаған шақырымға созылған

қор шаулар тұрғызды. Әрине, осы -

ның бәрі беларусь мал дәрігерлері

мен зоотехниктеріне ауыр тиді. Олар

ауру қоздырғышының шетелден

жеткізілген құрама жеммен келгенін

анықтап, оңалту шараларына шұ -

ғыл кірісті. Орын алған жағдайды

қысастық деп те, кездейсоқтық деп

те ешкім айта алмады.Аты өзгер -

генімен заты өзгермеген, мемлекет-

тен жан-жақты қолдау тапқан кол -

хоздар мен совхоздар ел ауыл

шаруашылығының негізі. Олардың

үлесіне жалпы өнімнің зығыр тал -

шығынан – 99,6, қант қызылша 

-

сынан – 98,6, астықтан – 93,6, еттен



– 86,8, сүттен – 86,5, жұмыртқадан

67,7 , көкөністен – 12,9, картоп тан –

11,1, жүннен 7 пайызы тие сілі. Жеке

тұр ғындар ешкім нен қаржы сұра май-

ақ жүннің – 87,7 картоптың 86,9

көкөністің – 81, жұмыртқаның – 32,2,

сүттің – 13,3, еттің 12,7 пайызын

өндіріп отыр. Фермерлік шаруашы -

лық ретінде тіркелген. Заңды

тұлғалардың үлесінде көкөністің –

6,1, жүннің – 4,3, картоптың – 2,

астықтын – 1,4, қант қызылша 

-

сының  0,5 пайызы бар.



Ауылшаруашылығы техникала-

рын Минск трактор, Лидселмаш,

Гомселмаш, т.б. шығарады. Өндіріс

қарқыны шапшаң. Небәрі 10 жылда

тракторлардың жылдық шығары 

-

лымы 22470-тен 44370-ке, оның



ішінде 100 аттық күштен жоғары

қуаты барлары 2617-ден 9454-ке,

астық комбайндары 445-тен 2035-ке

жеткен. Соған қарамастан жергілікті

шаруалар әр мың гектар егістікке

шаққанда тракторларды 15-тен 10-

ға дейін қысқартыпты. Бұл сырттай

қарағанда үнемшілдіктің, жанашыр -

лықтың бір белгісі сыңайлы. Деген-

мен, мемлекеттің жаңа техника 

-

ларды эскпорттауға мүдделілігі  –



қаржы тапшылығының көрінісі.

Егіншілікке қажетті тыңайт 

-

қыштың басым бөлігін «Беларуска-



лий» «Гродно Азот» дайындайды.

Он жылғы көрсеткіштерді салыс 

-

тырсақ, Азот 597-ден 761, фосфор



87-ден 192 мың тоннаға, калий 3,4-

тен 5,2 миллион тоннаға өскен.

Алқаптарға шашылған органикалық

тыңайтқыштар жиынтығы 43,2 млн.

тонна. 2005-2010 жылдары елде

ауылды өркендету мен дамытудың

жолдары мемлекеттік бағдарла ма -

сы жүзеге асырылып, оған тек 2007

жылдың өзінде 2,5 млрд АҚШ дол-

лары жұмсалған. Қайтарымы 

ның

мардымсыздығын үкімет мой 



-

ындағанымен, алған беттен қайт -

паған. Соның нәтижесінде алғашқы

3 жылдың өзінде-ақ республика бо-

йынша ішкі құрылымдары сақадай

сай 666 агроқалашық салыныпты.

Сөйтіп, 2008 жылы ауыл шаруа шы -

лығына бағытталған демеуқаржы

(дотация) әлемдік мөлшердегі 20-30

пайыздың орнына 60 пайызды құ -

раған. 2011 жылдың 30 қыркүйе гінде

президенті Александр Лука 

шенко

соңғы 10 жылда ауылша руашылы -



ғы на мемлекеттік бюджеттен 40

млрд. доллар жұмсалғанын, 2017

жылға қа рай демеуқаржы мейлінше

азайтылатынын мәлімдепті. Екі 

-

ұшты айтылмаған, дүдәмәлсіз осы



сөздің астарын түбінде жеке 

-

шелендірудің желі желпитін тәрізді.



Экономист Сергей Балыкин ауыл -

шаруашылығының дамуына жерге

жекеменшіктің болмауы кедергі деп

есептейді екен. Оның пікірінше, өзін-

өзі ақтамайтын кәсіпорындарды

банкротка жіберу керек. Екінші бір

экономист Михаил Залесский жеке-

меншіктегі шаруашылықтар көкөніс -

пен картоптың көбін өндіргенін тілге

тиек етіп, фермерлік бағытты да -

мытудың аса тиімділігін алға тар-

тыпты. Ауылшаруашылығының экс-

министрі Леонид Русактың пікіріне

назар аударалық. Ол кісі беларусь-

тік азық-түлік экспорты шығынға ба-

тыратынын айтып, нақты мысал

келтіріпті. Мәселен, Ресейге жөнел -

тілетін өнімдер өзіндік шығынын

өтемейді. Беларуссияда 1 кг ет өн -

діру үшін дамыған елдердегіден

электр қуаты 8-10 есе, бірдей мөл -

шердегі ет пен сүт өндіруге жем-шөп

анағұрлым артық жұмсалады дейді.

Беларусь ауылшаруашылы 

ғының

өнімділік көр 



сеткіші көршілерімен

деңгейлес, бірақ, батыс Еуропа ел-

деріндегіден, АҚШ-тағыдан едәуір

аз. Жүгері түсімі жөнінен еуропалық -

тардың ең соңында, алтыншы орын -

да. Картоптың гектар берекелілігі

АҚШ-тағыдан үш есе, қара бидай

мен арпа деңгейі Ұлыбрита нияда -

ғыдан, Алманиядағыдан, Швецияда -

ғыдан, Франциядағыдан, Бель гия-

  дағыдан, Нидерландиядағыдан 2-3

есе төмен. Шаруаны алаңдататын

басқа да мәселелер жеткілікті.Бізді

нан-тұзбен, ұлттық ән-бимен қарсы

алған алғашқы өндірістік кооператив

«Остромечево» ұжымының өкілдері.

Шаруашылық бұрынғы төрт колхоз -

дың негізінде қайта құрылып, ет,

сүт, астық, алма өндірумен шұғыл -

данады екен. Әр сиырдан сауыла-

тын сүттің жылдық есебі — 8 тонна.

Сауыншылардың орташа айлығы —

500 доллар. Мамық түкті аң өсіретін

кешені «Асыл тұқымды шаруашы -

лық» мәртебесінде, тері өңдеу мен

киім тігу цехтары жұмыс істейді.

Аңның қымбат бағалы үлбірлі те -

рілерінің  ақ, қара, ақсары, қошқыл -

қоңыр, сұрғылт-көгілдір, жақұт, кү -

міс, күміскөкшіл түстілері, одан тігіл-

ген киімдер Санкт-Петербург қала -

сын дағы аукциондарда қолдан-

қолға тимейтін көрінеді. Дайын киім

үлгілері сатылатын дүкеніне кірдік,

ұсынған заттары шынын да да кісі

қызығарлық, бағасы да көңілге қо -

нымды. Кооперативтің бүкіл тарихы

үшқабатты мәдениет үйіне ұқыпты

жинақталыпты. Шаруашылық негізі

1949 жылғы 8 ақпанда «Память

Ильича» ауылшаруашылық артелі

ретінде қаланғаны, 1954 жылғы 29

қаң тарда колхозшылар жалпы

жина лысының қаулысымен «Память

Ильича», «Новая жизнь», 1981-

жылғы 15 мамырда “Память Иль-

ича” мен Мичурин атындағы колхоз,

1982 жылғы 15 қазанда «Память

Ильича» мен «Октябрьская револю-

ция» колхоздарының біріктірілгенін,

1992 жылғы 13 тамызда «Память

Ильича» «Остромечево» ұжымдық

кәсіпорны болып қайта құрылған,

2003 жылы «Остромечево» өндіріс -

тік кооперативі аталғанын, 2008

жылы республикалық жарыста мал

өнімдерін өндіруде қол жеткізген

көрсеткіштері үшін бірінші орынға

көтірелгенін, 2010 жылы «Яблоки»

«Залатыя лустачкі» өнімі «Лучшие

товары Республики Беларусь»

конкурсының жеңімпазы атанғанын,

2013 жылы республикалық Құрмет

тақта сына жазылған т.б. қабырға -

лық тағы суреттер мен баяндаулар-

дан білдік. Мұндай безендірулер

туралы ойлана жүру бізге де ар тық -

тық етпейді. Үшінші қабаттағы эт но -

графиялық мұражайдан қазақы

тұр мыстағы келі мен келсапты, күбі

мен піспекті, тақта алашаны ұшыра -

тып, таңқалдық. - Кезінде біздің ата-

бабаларымыз да көшпенділер бол -

ған. Солардың тұтынған заттары

бұл, - дейді Вера Михайловна.

Осыған ұқсас сөзді Лида қала сында

да естідік. Шаһардың шетінде орта

ға сырда Тоқтамыс ханның, одан

кейін Әмір Темірдің ордасы тұ рып -

ты, ауыл-аймағы жайлап жатыпты.

Бәлкім түптамырымыз одан да әріде

шығар. Ауыл шаруашылығы маши-

наларын және тасымалдаушы тех-

никаларды  жасау Беларуссия өнді -

рі сінің аса маңызды саласы. Рес-

публикада жыл сайын 59 мың трак-

тор, 2 мың астық комбайны, 22 мың

жүк көлігі, 2 мың автобус шыға ры -

лып, 60 пайыз дан ас тамы шетелге

сатылады. Ақшаға шаққандағы ба-

ламасы шамамен 12,7 млрд. АҚШ

доллары. Сарап шылар бұл көрсет -

кіш алдағы уақытта арта түседі, экс-

портталатын машиналардың 77

пайызын алатын Ресей мен Қа 

-

зақстанның сұранысы бұрынғыдан



көбейеді дейді. Тарихы 1946 жыл-

дан басталатын «Брестсельмаш»

ашық акционерлік қоғамы жылу аг -

регаттары мен қондырғыларын, жы -

лытқыш генераторларды, дәнкеп -

тіргіш пен астық тазалағыш кешенді

құрылғылар құрастыруға бейімдел-

ген екен. Кәсіпорын басшысы Котов

Федор Леонидович делегация мүше -

лерін зауыт тыныс-тіршілігімен жан-

жақты таныстырды. Жылу генера -

торлары мал қораларын, құс фер-

маларын, өнеркәсіп ғимараттарын,

өндірістік цехтарды ауамен жылы -

туға арналған. Сондай-ақ, ауылша -

руашылығы өнімдерін, бөренелер

мен тақтайларды да құрғатады. Газ-

бен жұмыс істейтін В-0,04; В-0,07;

ВГ-0,09 (қуаттылығы тиі сінше 40; 70

және 90) генераторлары арнайы

қақпақша арқылы газдың жану

алдындағы тұрақты қысымын мей-

лінше қамтамасыз етіп, отынның 99

пайызын кәдеге таза асырады.

Қатты отын мен жағылатын КСТ-12,5

және КСТ-25 (жылу қуаты 12,5 және

22 кВт) қазандықтарының біріншісі -

125, екіншісі 250 шаршы метр алаң -

ды жылытады. Олар жылыту жүйесі

жабдықтарымен түгелдей және

сыйымдылығы 40 литрлік кеңейткіш

ыдыспен қамтамасыз етілген. Бір

рет толтырыла салынған отынның

жану ұзақтығы - 8 сағат.Зауытта

дайындалған басқа да бұйым дар -

дың сапасын халық аралық көрме -

лерден, «Ресей нар 

қындағы Бе 

-

ларуссияның үздік тауарлары, «Бе-



ларусь Республикасының үздік тау-

арлары» конкурсынан, байқау лар-

дан иеленген мадақтаулары мен

дипломдары айғақтайды. Солардың

арасында тыңайтқыш ендіргіш АВУ-

0,8; АВУ-15 агрегат тары, ЗСК-20;

ЗСК астық кептіргіш кешені де бар.

“Амкодор” холдингінің өндірістік бағ -

дарлама тізілімінде арнайы маман -

дандырылған техниканың тоқсаннан

аса түрі тіркеліпті. Коммуналдық,

қар күрегіш, ауылшаруашылығы,

әуежай тазартқыш, тағы басқалары

СТБ ISO 9001-2009 және DIN ISO -

9001-2008 әлемдік сапа стандарты-

мен сертификатталған. Беларусь

машина жасаушылары шетелдік

инвестицияға басымдық бергенді

жөн санайды. Экспорттық ұстаным -

нан таймау үшін, бірлескен жобалар -

ды жүзеге асыруға, жаңа тәжірибе

жинақтауға, өндіріске инновацияны

мейлінше ендіруге, өнім түрлерін

көбейте беруге мүдделі. Қазір

Қытай бірлескен кәсіпорындары мен

Минск автомобиль зауыты «Маз»

жүк көлігін шығаруды қолға алыпты.

Француздың атақты «Пежо Сит-

роен» компаниясы осы елде жеңіл

автокөліктер құрастыру мүмкіндігін

қарас тыруда. «Осындай үрдіс бізге

де ауысып, комбайн парктерін, тірке-

мелі құрылғыларды, трактор мен

басқа да техникаларды жаңалау ба-

сталса», - деген ой тұрды көкейі міз -

де. Республиканың тамақ өнеркә -

сібінде 40 жыл бойы балалар қорегі

үшін құрғақ өнімдер әзірлейтін «Бел-

лакт» ашық акционерлік қоғамының

орны ерекше. Мұнда шикізат тек

экологиялық таза аудандардан ғана

жеткізіледі екен. Өнім сапасын бақы -

лау - кәсіпорын қызметінің ең ма -

ңыз дысы. Бұған зауытты аралау

барысында көз жеткіздік. Шикізат та,

дайын өнім де еңбектің барлық

кезеңінде көпсатылы зертханалық

қадағалаудан өтеді. Оның үстіне

бір де-бір азық-түлікке ешкімнің сау -

сақ ұшы да тимейтін  жабық өндіріс

үдерісі жолға қойылған. Ұжым күн

сайын ел дүкендеріне қаймағы

алынбаған сүт өнімдерінің 150 түрін

және алма езбелерін жөнелтеді.

Соның бәрі сәби ағзасының өсіп-же-

тілуіне пайдасын тигізетініне сенімді.

Жерінің 93,43 млн. гектарына орман

орналасқан елде жиһаз өндірісі күн -

нен-күнге өркендеуде. Таза қарағай

мен қайыңнан жасалған бұйым дары

өте мұғалықты. Әсіресе, Лидадағы

фабрикада қолөнер шеберлері құ -

растырған “Викинг GL” ұрпақтан-

ұрпаққа мұраға қалатын төзімді лігі-

мен көпшілік сұранысына ие. Совет

Одағының Батыры, небәрі 19 жа-

сында қазаланған Нұржанов Қазы -

бек Бейсенұлының қабіріне үлкен

гүлөрім қойған делегация мүшелері

жергілікті тұрғындардың ықылас-пе-

йіліне, ескерткішті мұнтаздай таза

ұстаған мұқияттылығына риза бол -

ды. Менің есіме ақын Мұзафар

Әлімбайдың “Он сегізде он танкіні

қиратып, Отыр солдат он тал мұр -

тын ширатып”, - деген өлең жолдары

оралды. - Бұл жігіт  - сіздердің жер -

лестеріңіз, біздің батырымыз, сіз-

дерде туылғанымен, біз үшін жанын

пида етті. Тұрғындарының бірі айт -

қан осы сөз көзімізден жас ыршыт -

ты. Брест қамалы да, Хатынь

ес керткіштер кешені де ауыр ойға

батырды. Белавежская пуща табиғи

қорығы әсемдігімен көңілдерге өш -

пес сурет, із қалдырды.Оңтүстік

Қазақстан облысы делегациясын 17

мамырда Беларусь Республикасы

ауылшаруашылығы және азық-түлік

министрінің бірінші орынба - сары

Маринич Леонид Адамович қабыл -

дады. Қабылдауға Қазақстан Рес -

публикасының Беларуссиядағы

ел шісі Ерғали Бөлегенов қатысты. 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал