Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi №40 (8194) 7 маусым сенбі 2014 жыл



жүктеу 358.29 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі358.29 Kb.
  1   2   3   4

Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi

№40

(8194) 

7 маусым

сенбі

2014 жыл

osken_onir@mail.ru    

osken_onir@mail.ru 

osken_onir@mail.ru  

Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi 

АҚПАРАТ - ӨМІР ӨЗЕГІ

Маусым айының 4 жұлдызы Қазақстан Республикасының мемле-

кеттік рәміздері күні болып табылады. Аталмыш күнге байланысты,

Ту, Елтаңба, Әнұран жайында газетіміздің өткен санында арнайы

мақала берген болатынбыз. Мемлекеттік рәміздер күніне орай, аудан

орталығындағы “Салтанат сарайында” “Мемлекеттік рәміздер – ұлт

мақтанышы” деп аталатын салтанатты шара болып өтті. 

Негізінен, мемлекеттік рәміздердің ресми түрде хатталуының өзі

бір тарих. Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан алтын әріптермен

жазылуға әбден лайық бір парасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назар-

баев 1992 жылғы 4 маусымда “Қазақстан Республикасының Мемле-

кеттік Туы туралы”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Елтаң басы туралы”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Әнұранының музыкалық редакциясы туралы” тарихи заңдарға қол

қойды. Аталмыш заңдарға қол қойылғаннан кейін бұрынғы астана-

мыз Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет

театрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік

рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, Президент сарайы мен Пар-

ламент үйінің төбесіне көк Туымыз көтеріліп, Елтаңбамыз орнықты.

Сол күннен бері өткен 22 жылдың ішінде Мемлекеттік рәміздерге

деген құрмет күн санап артып келеді. “Салтанат сарайындағы” шара

осының айғағы. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары, ап-

парат басшысы, дербес бөлім басшылары, аудандағы құқық қорғау

органдарының басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ

әкімдері, еңбек ардагерлері, білім және медицина саласының

қызметкерлері, БАҚ өкілдері, жалпы, аудан халқы қатынасты. Сахна

әдеттегіден ерекше дизайнда жасалған. Елтаңба мен Ту өзіндік

үйлесім тауып, көрген көздің жауын алуда. Салтанаттың өне бойында

осы бір күннің толық мағынасын ашатын бейнематериал көрсетіліп

тұрды. Мың бұралған әсем қыздардың биімен басталған шараны

өзінің ашық әрі боямасыз дауысымен аудан халқына танымал болып

үлгерген С.Сейтенов жүргізді. Алдымен, полиция қызметкерлерінен

жасақталған салтанатты сап Мемлекеттік Туды ортаға алып шықты.

Мерекеде аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ыстық

ықыласы мен жылы лебізін білдіріп, Шиелі халқын рәміздер күнімен

құттықтады. Шарада Күзембай Әлиасқар Өтепбергенұлы, Шакайдар

Еркебұлан Ысқақұлы, Шакиртаев Балдәурен Тұрсынбайұлы сынды

мемлекеттік қызметке жаңадан табан тіреген қызметшілер ант берді.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концерттік бағдарламаға

ұласты. Концерттік бағдарлама аясында Отанды, туған жерді, ата

мекенді құрметтеуге, сыйлауға шақыратын әндер шырқалды. 

Әр күніміз осылай өтіп, Әнұранымызбен айбаттанып, Елтаңба -

мыз бен еңсемізді тіктеп, Туымызбен тұғырлана берейік!

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Суреттерді түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ.

Маусым айының 4 жұлды -

зын да, яғни, ҚР-сы Мемлекеттік

рәміздері күні мерекесінде Шие -

лі индустриалды – аграрлы кол-

леджінде әр топ студенттері

арасында сурет салудан, көрме

дайындаудан, сондай-ақ, «Мем-

лекеттік рәміздер - ұлттық мақ -

танышым!» атты патриоттық

әндер байқауы болып өтті. Сту-

денттерге рәміздер біз үшін неге

ыстық екенін, халқымыздың тұ -

тасты ғын бейнелейтіндігінен

мағ лұмат беру мақсатында өткі -

зілген ша раға АІІБ-нің ювеналды

полиция тобы ның инспекторы,

полиция капитаны Ғалымжан

Мамбетов, «Жастарды қолдау

орталығы» МКМ Шиелі аудан -

дық бөлімінің меңгерушісі Айда -

на Мамановалар қатысты. Ша -

раны ашып беру үшін алғашқы

сөзді алған колледж директоры

Мейрамхан Дүйсенов қатысу 

-

шыларды мерекелерімен құт 



-

тық тап, жұмыс 

та рына табыс

тіледі. Онан соң кітапхана мең -

герушісі Нұрсұлу Берікқарақызы

Мемлекеттік рә міздеріміздің қа -

шан қабылдан ғаны, авторлары,

олар дың түсі нің, қасиетті бел -

гілерінің қандай мағына беретін-

дігі жайында кеңінен баяндап

берді. Келесі кезек патриоттық

әндерге беріліп, Нұрқанат Оспа-

нов, Гүлсезім Берік, Азамат

Ниятуллаев, Дәулетхан Ізбас-

хандар кез келген қазақтың бо-

йына рухани күш сыйлайтын

әндер шырқап, Жарқын Қали

жыр шумағынан үзінді оқыды.

Өткізіліп жатқан шараға дән

риза болған «Жастарды қолдау

орталығы» МКМ Шиелі аудан -

дық бөлімінің меңгерушісі Айда -

на Маманова құттықтау сөз

сөйлеп, шараға белсене ат са -

лысқан, өнерімен тәнті еткен жас

өнерпаздарды «Жастарды қол -

дау орталығы» атынан Ал ғыс

хаттарымен марапаттады. АІІБ-

нің ювеналды полиция тобының

инс пекторы, поли ция капитаны

Ғалым жан Мамбетов те өз ри -

за шы лығы мен жылы лебізін

білдірді. Сурет салудан, көрме

ұйым дас тыру дан, патриоттық

әндер айтудан же ңімпаз атан -

ған оқу шыларды колледждің жа-

стар ұйымының төрағасы

Бақ тияр Дайрақұлов Алғыс хат-

тармен марапаттады.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.

Сурет автордікі.

Студенттер рәміздерді 

Студенттер рәміздерді 

мақтан тұтады

мақтан тұтады

Үлкен жүректі ақынмен кездесу

Елдос облыста ең үздік атанды

Елдос облыста ең үздік атанды

Мемлекеттік рәміздерге

Мемлекеттік рәміздерге

құрмет көрсетілді

құрмет көрсетілді

Жуырда Қазалыда

«Нарық тық экономика

жағдайында ауыл

шаруашылығы саласы

үшін техникалық және

кәсіптік білімді маман

даярлаудың кейбір

мәселелері»

тақырыбында облыстық

семинар болып өтті.

Шараға облыс көлеміндегі

кә сіптік және техникалық

колледждер қатысты. Се-

минар бары сында

техникалық және кәсіптік

білім беретін оқу

орындарының білім алу-

шылары арасында  «Үздік

механизатор-2014» бай -

қауы ұйымдастырылды.

Бай қау дың мақсаты: нарық

жүйе сіне қажетті кәсіби маман

даярлау, олардың функцио-

налды тұрғыда жан-жақты

қалып тасу ын қамтамасыз ету,

механизатор мамандығының

маңызын арттыру, еңбек

адамының келбетін насихаттау

болатын.


Облыс көлемінде колледж-

дер арасында ұйымдас ты рыл -

ған бай қауға  он білім алушы -

лар дың бірі болып жерлесіміз

Шиелі индустриалды-аграрлық

колледждің №79 «Ауылша руа -

шылық өндірісіндегі тракто-

рист-машинисі» оқу тобының  

1 курс  студенті Есжанов Елдос

Аят жанұлы қатысты.

Байқаудың бірінші  теориялық

кезеңі «Тес ті  леуде»

суденттердің арнайы пәндер

бойынша  білімі бал дық жүйе

бойынша   анық тал са, екін ші

«Тәжірибелік ке зең» екі бөлім

бойынша жүр гізілді: машина-

трактор агрегатын жүргізу және

машина-трак тор агрегатымен

жер жырту.

Облыстық байқаудың бар -

лық сынақтары нәтижесінде

өзі нің ерекше қабілетімен дара-

ланып көзге түскен Елдос жүл -

делі І орынды иемденіп, об лыс-

 тық білім басқармасының гра-

мотасымен марапатталды. Ел -

дің алғысына бөленіп, биік

шыңдарды бағындыра бер,

Елдос!


“Өскен өңір” ақпарат.

Қазақтың рухи дүниесін қоз -

ғап, ана тіліміздің мәртебесі

үшін күресіп жүрген, кезінде на-

урыз мейрамын жарты ғасыр -

дан астам уақыттан кейін қайта

мерекелеуге қол жеткізген, ұл -

тымыздың сүйікті ұлы Мұхтар

Шаханов екені белгілі. Ұлт жа-

нашыры ретінде танылған, жел -

тоқсан оқиғасының шын мә 

-

нін дегі тарихи бағасын алу үшін



күрескен, ана тіліміздің мемле-

кеттік тіл статусына қол жеткі-

зуіне күш жұмсаған қайсар

рух ты ағамен маусым айының 5

жұлдызында аудандық мәде 

-

ниет үйінде кездесу болып өтті.



Кездесу кешіне М.Шахановтың

шығармаларын сүйіп оқитын

оқыр мандар келді. “Ән мен кі -

тап” керуені атты ән кешінде

аудан әкімінің орынбасары

Б.Ыс мағұлов ыстық ықыласын

білдіріп, Шиелі халқының аты-

нан Мұхтар ағаға шапан жапты.

Кездесу барысында Мұхтар аға -

ның өлеңдері оқылып,  сөзде -

ріне жазылған және өзі шығар -

ған әндер шырқалды. Халық

жазушысы атанған Мұхтар Ша-

ханов туған тілдің төңірегінде

сөз қозғап, мәңгүрттенбеу үшін

ана тілімізді ардақтауымыз ке-

ректігін баса айтты. Сонымен

қатар, облысымызға келгенде

шығарылған, әлі сиясы кеппеген

әнді өзі басқаратын “Жалын”

журналының қызметкерлері жә -

не осы кездесулерді ұйымдас -

тырып жүрген сенімді өкілі,

жырау Ерғали Мұхамеджанов -

пен бірлесе орындап, халық

ықыласына бөленді. Шарада

Қазақстан Журналистер одағы -

ның мүшесі, Мәдениет қайрат -

кері Ө.Исмаил Мұхтар ағаны

құттықтап сөз сөйлеп, жылы ле-

бізін білдірсе, аудандық мәс ли -

хаттың депутаты А.Әбдіқа дыро -

ва кеш иесінің “Кета балық”

жайындағы өлеңін оқып, әлі де

биік белестерден көрінуіне,

халықтың игілігіне бөленуіне,

өмір жасының ұзақ болуына ті-

лектестігін білдірді. Кеш соңын -

да кітап керуенінен кітаптар

алынып, қолтаңбалар қойылды. 



Әшім МОЛДАҚАРАЕВ.

Сурет БАҚЫТЖАНДІКІ.

Мектеп түлектерінің алған білімін екшелеген биылғы Ұлттық

бірыңғай тестілеудің алғашқы қорытындысы жаман болған жоқ.

Өткен газетімізде атап өткендей “Алтын белгіні” Данияр Алматұлы

Азамат, Ақылбек Маратұлы Ғани иеленсе, үздікке қол жеткізген Еген

Нұрланұлы Сымбат аппеляцияға келесі күні жүгініп, білімділігін

дәлелдеп, табандылық танытып, тағы да балл қосып “Алтын белгі”

алуға қол жеткізсе, тағы да осындай мүмкіндікті пайдаланған №156

мектептің түлегі Мейіржан Қазыбеков “Алтын белгіге” лайық екенін

дәлелдеп, өз ойының үдесінен шыға білді. Ал  екі түлегіміз үздік

атанды.

Алғашқы күні ҰБТ нәтижесі 74,78 пайызды құрап, түлектерді,



ұстаздарды, ата-аналарды қуантып тастады. Маусымның 5-і күні

сынақтың екінші кезеңінде 291 үміткер білімдерін сынады. Екінші

күнгі нәтиже алғашқыдан да қомақты болды. Атап айтқанда, №127

мектебінің қос түлегі Аия Абдиева, Олжас Әзімбаев екеуі де ең

жоғарғы 119 балдан жинаса, №45 мектеп түлегі Ақмарал

Жүсіпбекова, №47 мектеп түлегі Шамен Олжас Бадруддинұлы, №244

мектеп түлегі Ж.Ыбырашева “Алтын белгіге” тапсырып, екі кезеңдегі

сынақ нәтижелерімен шиеліліктер 9 “Алтын белгіге” қол жеткізіп, абы-

ройлары асқақтап, мерейлері үстем болды. Екі алтыннан соң №127

мектептің тағы бір түлегі Салтанат Әбдіманапова үздікке тапсырды.

Екінші кезеңнің көрсеткіші 75,45 пайызды құрады. Жалпы, мектеп бі-

тірген 938 оқушылардың 583-і ҰБТ-ға қатысты. Әзірше, тестілеудің

орташа балы 75,15 болып, облыс бойынша алғашқы үштіктен орын

алып тұрмыз, бәлкім аппеляциядан соң тағы балл қосылып қалар...



“Өскен өңір” ақпарат.

ҰБТ нәтижесі

ТОҒЫЗ АЛТЫН, ҮШ ҮЗДІК!

ТОҒЫЗ АЛТЫН, ҮШ ҮЗДІК!

“Өскен өңір” әрбір отбасына!

Аудан айнасы, жаңалық жаршысы “Өскен өңір”

газетіне 2014 жылдың ІІ-жартыжыл дығына жазылу

жалғасуда. Байланыс бө лім шелері арқылы жеке-

лер үшін жазылу бағасы 6 айға – 2000 теңге, ме-

кемелер үшін жазылу бағасы 6 айға – 3000 теңге.

Тікелей редакция арқылы жазылу мүмкіндіктері

бар екенін естері ңізге саламыз. Мекемелер үшін

индекс – 15014, жекелер үшін индекс – 65014. Ең

алдымен, үйіңіздің төрінде ел тарихы мен жаңа -

лық тарынан сыр шертетін басылым тұрсын

десеңіз, өз газетіңіз “Өскен өңірге” жазы лыңыз!

Біздің есеп шотымыз:

“Сыр Медиа” ЖШС

БСН - 100740005115

“БТА БАНК” АҚ, 

ИИК- KZ34319K010003392175

БИК - ABKZKZKX ,  КБЕ -17,  

КНП - 851 


2

2

№40 (8194) 07.06.2014 жыл 

Маусым айының 3 жұлдызында

4 маусым – Қазақстан Республика -

сының Мемлекеттік рәміздері күні

мерекесіне орай Көкшоқы елді меке-

ніндегі «Сыр ұланы» тынығу лаге-

рінде аудандық ішкі саясат бөлімі

мен «Жастарды қолдау орталығы»

МКМ Шиелі аудандық бөлімінің

ұйымдастыруымен «Көк байрағым –

асқағым!» тақырыбында іс-шара бо -

лып өтті. Шарада алғашқы сөз сөй -

леген «Сыр ұланы» тынығу лагерінің

директоры Шолпан Байжанова ла-

герьде тынығып жатқан жасөспі рім -

дерге тәуелсіздігіміздің айғағы са -

на латын рәміздеріміз жайында мағ -

лұмат беріп, Елтаңба мен Ту, Ән -

ұран – басты мемлекеттік символ -

дар екендігін, әр елдің өз символы

болатындығын, оларға қарап кез

келген мемлекетті ажырата 

тын -

дығымызды, тәуелсіздік күніне қол



жеткізу үшін ерлік көрсеткен батыр-

ларымыз жайында сөз қозғап, жас

буын өкілдерін мерекемен құттық -

тады. ҚР Мемлекеттік Әнұраны ор -

ындалып, шара ары қарай жалғаса

берді. Оқушыларды сурет сала бі-

луге баулу, қазақ елінің Елтаңба,

Ту, Әнұранын қастерлеп, құрмет -

теуге тәрбиелеу мақсатында өткен

шарада балалар еліміздің әсем

табиғатын, зәулім ғимараттарын, аң-

құстар, жан-жануарларын бейнелей-

тін суреттер салды. Сонымен қатар,

жазғы демалысының алғашқы күн -

дерін тынығу жайында ойын ойнап,

көп нәрсені үйреніп, қызықты өткізіп

жатқан оқушылар өлеңдер айтып,

би билеп шараны ажарландыра

түсті. Шахризат Абен «Қазақ», Арай

Әбішбекова «Аққу», Ақмарал

Сәруар «Шарара» билерін билесе,

«Балдәурен» тобының әнші жігіттері

Ғабит пен Сержан «Жарай ма?»,

«Арай» тобының әнші қызы Сая

«Әгугай» әндерін шырқап, оқушы -

лар ға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында сөз алған аудан -

дық ішкі саясат бөлімінің маманы

Жанар Маханбетова мен «Жас тар -

ды қолдау орталығы» МКМ Шиелі

аудандық бөлімінің меңгерушісі

Айдана Мамановалар мерекелік

шараға қатысушыларды құттықтап,

жақсы тілектерін тілеп, өздерімен

алып келген 100 балмұздақты оқу -

шыларға таратып, жас жеткін шек -

тердің жүздеріне шаттық сыйлады. 

Ерұлан ДАТКЕНОВ.

Сурет автордікі.

Барлық әлемге ортақ мереке 1 маусым – Халық -

аралық балаларды қорғау күнін Республикамыздың

барлық аймақтарында кең көлемде атап өтті. Еліміздің

болашағы, ұрпағымыздың жалғасы, бар қуанышымыз

саналатын балалардың құрметіне осыдан 65 жыл бұрын

мереке күн болып белгіленген еді.«Жастарды қолдау

орталығы» МКМ Шиелі аудандық бөлімінің ұйымдас -

тыруымен 1маусым–Халықаралық балалар күніне орай

«Бар мейірім балаларға!» тақырыбында №3 облыстық

балаларды оңалту орталығындағы тәрбиеленіп, ем

қабылдап жатқан балалар үшін мерекелік шара өткізілді.

Шара барысында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ

Шиелі аудандық бөлімінің меңгерушісі А.Маманова сөз

алып, балаларға жүрек жарды тілектерін білдіріп, мей-

рамдарымен құттықтап, бөлім атынан тәтті тоқаштарды

балаларға ұсынып отырғанын айта өтті. Мерекелік ша-

рада ерікті жастар ән айтып, Балхаш Томаева жетекшілік

ететін «Ақжелкен» би тобы орыс биімен және аудандық

оқушылар үйінің «Қуыршақ театрының» үйірмесінен

«Алдар көсе» қойылымын көрсетті. Балалар дән риза

болып, қонақтар алғыстарын жаудырды.



Ерұлан БАЛТАБАЙҰЛЫ.

Бәрін де, бәрін де көрсетер Тәңірім,

Бұл күнде ұлғайған дүние танымым.

Ет-жүрек езіліп, егілер,

Көрсоқыр пенде не білер?

Кей жұртта болса егер екі көз.

Үш көзбен көремін әлемді,

Үшінші көз деген бола ма?

- Деп топас күледі ал енді..

Миықтан күлсін олар жата қап,

Ақындар үш көзбен жүреді.

Ақымақтан күтпеңдер шапағат,

Олар тек пайдасын біледі.

Үшінші көзіммен сүйемін,

Ол менің білсеңдер – жүрегім.

Бәріне, бәріне адамның –

Осындай жүректі тіледім!

Ақнұр ТОҚТЫБАЕВА.

Тынығу 

жайына тек

тыныштық

қажет

Жылда балалардың жазғы де-

малысы кезінде барлық жерлерде

балалардың жазғы тынығу лагер-

лері жаз бойы, келесі оқу жылы

басталған уақытқа дейін жұмыс жа-

сайды. Лагерьдің жұмыс жасауы

бұл балаларымыздың жазғы дема-

лыс уақыттарын ұтымды өткізуге,

келең сіз жағдайларға ұшырамас

үшін, жазғы демалыс орындарында

көп шілік орыны болғандықтан,

бала лардың жататын жерлерінде,

басқа да ғимараттарында өртті бол-

дырмау үшін алдын алу іс-шарала-

рын жасауымыз керек. Осыған бай -

ланысты барлық лагерь қызмет кер -

лері лагерге келген балаларды бі -

рінші кезекте өрт қауіпсіздгі ере -

желерімен таныстырумыз қажет

және өздері де өрт қауіпсіздігі ере-

желерін  сақтауы тиіс. Мына төмен -

дегідей ережелерімізді қатаң сақта -

сақ өрт болдырмай алдын аламыз.                     

Ауланы таза ұстау, ғимаратқа

бару жолдарына еш кедергі қоймау,

әр ғимараттың өрт тақтасын нор -

маға сәйкес өрт сөндіру құрал да -

рымен қамтамасыз ету, оларды

ша руашылық жұмыстарға пайда-

ланбау, табиғи су көздері болмаған

жағдайда қажетті су қоймасын жа -

сау, жазғы сауықтыру орындары -

ның аула аймағын мүмкіндігінше

балаларға дыбыс беру құралда -

рымен қамтамасыз ету, балалар

орналасқан ғимарат тың әрбір қаба -

тында кемі 2 шы ғу есігі болу қажет,

эвакуация есіктері сыртқа қарай

оңай ашылуы керек, қосалқы есік-

терді мықтап шегелеп тастауға

қатаң тиым салынады, балалар ор-

наласатын бөлме терезелеріне

темір тор орнатуға болмайды.

Өрт болған жағдайда лагерь

бастығы мен қызметкерлері жедел

түрде 101 – телефоны арқылы

аудандық өрт бөліміне хабарлауға

тиісті. Өрттен сақтану ережелері

мүлтіксіз орындау сіздерді қандай -

да болсын қайғылы жағдайларға

душар етуден сақтай ды.



О.РАЙЫМБЕКОВ.

аудандық Төтенше жағдайлар

бөлімінің инженері, өртке қарсы

қызмет аға лейтенанты. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдасты -

руымен ай сайын өтетін қала және аудан имамдарымен дәстүрлі кез-

десу жүйелі түрде өткізіліп келуде. Міне, бүгінде бұл жиын өз

жалғасын тауып, имамдар облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінде бас қосты. Бұл кездесу айлардың сұлтаны - Рамазан

айына дайындықтар жүргізу үшін өз уақытынан бұрын өткізілді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Өкіл имам кіші төралқа жиналысына

қатысып, орындалуы тиіс бірнеше тапсырмалар  әкелді. Осы орайда,

Мүфти хазреттің бұйрығы тыңдалып, Дінбасы Ержан қажы Малғажы -

ұлының Рамазан айына орай 2014 жылғы үндеуі айрықша маңызға

ие екенін атап өтіп, жан-жақты талқыланып, Өкіл имам  мына

мәселелерге ерекше тоқталып өтті.

· Рамазан айында 30 күнде 30 рет халықпен кездесіп уағыз

жүргізу;

· Зиялы қауым мен кәсіпкерлердің басын қосу;

· Рамазан айында аудан және қала мешіттерінде 30 күн 30 рет

ауызашар берілу;

· БАҚ құралдарымен етене байланыста болу;

·Барлық қала және аудан газеттеріне Мүфти хазреттің үндеуін

шығару, үндеу жазылған баннерлерді мешіттерге, орталық алаңдағы

көрнекі жерлерге ілу,ірі кәсіпорындарға, көлік қызметіне, азық-түлік

корпорацияларына және де тағы басқа сауда үйлеріне барып,

Хазреттің үндеуін жеткізу;

· Бұл айда қайырымдылық көмектерін көп жасау;

· Мүбарак айға мешіттерді жарықтандыру;

· Дүкендерде, тойларда арақ-шараптың болмауына, сатылма-

уына өз тарапымыздан ықпал ету.

· Ораза шатырларын ұйымдастыру.

· Жазғы діни сауат ашу курсының жоспарын дайындау.

· Бас Мүфтидің кубогына қала және аудан имамдарымен қатар,

жамағат арасында футбол ұйымдастыру.

Сонымен қатар, жиналыс барысында Рамазан айына орай апта

сайын жарыққа шығатын діни үн парақтың да үлгісі имамдарға та-

ныстырылды.

Ай сайын имамдарымыз бас қосып, өзгеге үлгі боларлықтай іс-

шараларды ортаға салып, пайымды және тұщымды пікірлерінің ай-

тылуы арқылы діни ахуалымыздың жақсармаса, ақсамайтыны анық.

Олай болса бұл кездесудің Аллаһ тағала берекесін беріп, халқымыз -

ға пайдасы мол болуын тілейміз!



ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.

Біле жүріңіз

Үндеуге үн қосамыз

Оралмандарды қоныстандыруда өзгерістер бар

Халықаралық балалар күніне

орай «Арман» мәдениет үйінде

«Самға жұлдыз» атты аудандық ба-

лалар және жасөспірімдер арасын -

да ән байқауы өткізілген болатын.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты-өсіп

келе жатқан балалар мен жасөс -

пірімдерді қазақ өнеріне  баулу,ән

өнерін әрі қарай дамыту, ұлттық

мәдениетімізді үйретуге тәрбиелеу

сынды құндылықтарды сақтау бо -

лып табылады. Негізі, әр баланың

бойында бір тұнып тұрған талант бо-

лады. Бірақ, сол талантты кей бала-

лар сыртқа шығара алмайды. Неге?

Себебі, олар ұялады және қорқады.

Бұдан керісінше өз-өзіне деген се-

німсіздік пайда болады емес пе?

Сондықтан да,баланың бойында та-

лант болса, оны осы күннен бастап

сахнаға шығартып, үйрету керек.

Сонда ғана ол үлкен белестерді

бағындыра ала ды. Бұл байқауда

осының айғағы болып отыр. Өйткені,

бала сахнаға шығып, түрлі байқау -

ларда өнер көрсетсе  ол үлкен жеті-

стікке жетеді.

Байқауға келетін болсақ,бұл

сайысқа аудан көлеміндегі 7 жастан

12 жасқа дейінгі өнерден үміткер, та-

лантты балалар мен жасөспірімдер

қатысып, бақтарын сынады. Бай -

қау  дың өзіндік шарттары мен ерек-

шеліктері болды. «Самға жұлдыз»

байқауын «Демеу-Шиелі» филиалы -

ның директоры, аудандық мәслихат

депутаты Нәйлә Әбілқасымқызы

ашып берді. Сонымен, қатысушылар

өздерінің  дайындалып келген әсем

әндерін айтып, көрермендерге шат -

тық сыйлады. Сайыстың соңына

қарай, әділ қазылар өз  бағаларын

беріп, қатысушыларымызды құт тық -

тап марапаттады. Үлкен топтар ара-

сында бас жүлдені №155 Д.Шы ны-

беков атындағы мектептің оқушысы

Дүйсенбекқызы Назгүл алса,1-орын -

ды №41 М.Шоқай атындағы мек -

тептің оқушысы Тыныштық  Дариға

және №45 «Ақ Орда» мектеп-гим -

назиясының оқушысы Меңлібай

Елнар иемденсе, 2-орынды №127

Ш.Уәлиханов атындағы орта мек -

теп тің оқушысы Әкім Шұғыла және

№244 Ы.Жақаев атындағы орта

мектептің оқушысы Файзулла Құра -

лай, ал 3-орынды №158 орта мек -

тептің оқушысы Ибаділдаев Дулат,

№41 М.Шоқай атындағы мектептің

оқушысы Тыныштық Бақдәулет

және №47 М. Ломоносов  мектебінің

оқушысы Мыңжасарова Жәния

ием денді. Кіші топтан сай ысқан бүл -

діршіндер де болды. Сонымен, кіші

топтан 1-орында №48 Ә.Қоңы рат -

баев атындағы мектептің оқушысы

Исмайлов Руслан болса, ал 2-

орынды №244 Ы.Жақаев атын дағы

мектеп тің оқушысы Балабекова Ну-

рила жә 

не №48 Ә.Қоңы 

рат баев

атын дағы мектептің оқушысы Бас -

қар Ақнұр алса, 3-орынмен №148

мек тептің оқушысы Әбдікамалова

Ұлми ра, №219 Ы.Алтынсарин атын -

дағы орта мектептің оқушысы   Кө -

шерова Нұржанат және №47 М.Ло -

  моносов атындағы мектептің оқу -

шысы Қонысбаева Альбина мара-

патталды.

Байқау өте тартысты, қызықты

өтті. Менің айтпа ғым, осындай іс-

шаралар көбейе берсін! Кішкентай

өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық

мәдениетке, қазақ халқы мыз дың ән

өнеріне үйретіп, баулуымыз керек!

Қорыта айтқанда, осын дай қазақ

өнеріне деген сүйіс пен шілігі артқан

қазақтың ер жігіттері мен қара көз

қыздарымыз бол са, онда қазақтың

әні де, өнері де дами бермек!



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал