Шежіре – ұлттың ой-толғамы



жүктеу 51.07 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.01.2017
өлшемі51.07 Kb.

Шежіре – ұлттың ой-толғамы 

Шежіре  жан-жақты  әлеуметтік-мәдени,  үдерістік  құбылыс  бола  тұра, 

дәстүрлі  қоғамның  әлеуметтік  реттеуші  институты,  халықтың  қолданбалы 

тарихи  тәлім-тәжірибесі,  ұлттың  тарихи  сана  қызметі,  ұлттық  ой-толғамы, 

менталитет  жиынтығы  ретінде  сан  түрлі  қызмет  атқарады.  Оны  зерттеуде 

әдебиетші  ғалымдар  белсенді  болса,  тарихшылар  күні  кешеге  дейін  бұл 

мәселеге  бата  алмай  келді.  Себебі  сол,  ғылым  мен  білім  табиғаты  тұтас 

құбылыс:  оны  сала-салаға  бөлу  ғылыми  мәселелердің  тақырыбы  мен  зерт- 

теу  пәнін  жүйелі  түрде  қарастыру  мақсатынан  туындаған  шартты  амал. 

Тарихшы  өзінің  ғылыми  мақсат-міндетін  мейлінше  толық  игеріп,  әмбебап 

көзқарасты қатар дамытуы қажет. Шежірелерді зерттеу мәселесі төңірегінде 

тарихтың  ғылыми  салалары  мен  көмекші  тарихи  пәндердің  мақсат- 

міндеттерін түйістіру жүйе бойынша іске асады.  

Мәселен, дәстүрлі мағынадағы ұзындық, салмақ, ен өлшемі ұғымдары 

–  шынақ,  елі,  сүйем,  тұтам,  кез,  қарыс,  шақырым,  сондай-ақ  түрік,  парсы, 

қытай,  орыс  елдерінен  келген  тарихи  метрологиялық  терминдердің  көлем 

мен  өлшем  бірліктерін,  сан  есебін  дәйектеу.  Шежірелік  дәстүрмен  берілген 

астрономиялық және тарихи уақыт есебі туралы мәліметтерді хронологиялық 

тұрғыда зерттеу, яғни халықтың уақыт есептеу тәжірибесі, күнтізбесі, уақыт 

түсінігіне  байланысты  көшпелілердің  апта,  жеті,  ай,  жыл,  хандық 

генеалогиялық дәуірлерін қарастыру; жыл есебі мен ай аттарында қазақтың, 

араб,  парсының  мәдени  ықпалын  айыру;  мал  шаруашылығын  кәсіп  қылған 

көшпелі  жұрттың  жыл  маусымдарын  мал  төлдету  уақыт  есебі:  сауылым 

уақыты,  малды  өріске  жаю,  көштің  уақыт  тәртібі  реті  мен  тәулік  уақытын 

белгілеудегі дәстүрлі ұғымдарын белгілеу.  

Шежірелердегі  ендігі  бір  топ  деректерді  антропонимия  тұрғысынан 

адам  есімдерін  талдау  қажеттілігі  туындайды;  қазақтағы  адам  атын 

жұлдыздың, аң, құс, мал-жануар атымен атау дәстүрін зерделеу космонимия, 

зоонимиялық  талдауды  құрайды.  Антропонимдегі  қосалқы  ата-  улар  – 

адамның лақап аттары – Абылай – Сабалақ (Савалах), Есім – Еңсегей бойлы, 

Тәуке  –  Әз.  Ата,  ру  аты  –  албан,  суан,  меркіт,  уақ,  керей  және  т.б.  Мансап 

атаулары – датқа, хан, би, мырза, бек, аталық; кәсіп атаулары – ұста, құсбегі, 

атбегі,  оташы,  сыншы,  сынықшы,  балгер,  жауырыншы;  әлеуметтік  статус 

атауы – төре, сұлтан, қожа, құл, күң, қария, ақсақал, сал, сері, шешен, аңшы, 

сопы, хазірет, ишан, молда, бақсы, диуана, абыз, жырау, жыршы, әнші, ақын, 

палуан, батыр, сардар, сар- баз, сабаз, төлеңгіт. Тарихи тұлғаның ерекше си- 

паты бойынша – Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Көкжал Барақ, 


Саққұлақ шешен, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ және т.б. Туған жер, көшкен ел, 

жұрт  белгісі,  әртүрлі  атауларды  қолдану  арқылы  антропонимдерді  жүйелеу 

нәтижеге  жеткізеді.  Сол  сияқты,  тарихи  тұлға  атының  мәнісі  және  деректік 

мәні.  Этнонимдердің  мағынасы.  Әйел  аттары  мен  ер  адамдардың  атының 

ерекшеліктері  –  күн,  гүл,  айым  немесе  хан,  бек,  би,  әлі,  нияз,  қожа. 

Мұсылмандық антропонимия үлгілері: Мұхаммед  – Мәмбет және т.б. Қазақ 

есімдерінің қалыптасуына түрік, моңғол, араб, парсы тілдерінің ықпалы бар.  

Топонимика  макро  және  микротопонимикалық  объект  аттарынан 

құралады.  Арқа  –  мықтылық  символы,  яғни  қанша  мал  жанның  санын 

көтеретін  жер,  ірі  жылқы  шаруашылығын  жүргізуді  көтеретін  Еуразияның 

және  жалпы  Жер  бетіндегі  бірден-бір  үлкен  далалық  алқап,  шын  мәніндегі 

Ұлы  дала  –  Жетісу,  Дешті  Қыпшақ  –  Сарыарқа.  Арқа  ұғымы  қазіргі 

Қазақстан  жерінен  тыс  қалып  отырған  бүкіл  далалық  аймақтарды  қамтып 

айта-  тын  атау.  Шежірелік  деректердегі  топонимикалық  деректердің 

формасы  –  гео-топонимикалық  аңыз-  әпсаналар,  мифтер.  Сарыарқа,  Дешті-

Қыпшақ,  Жиделі-Байсын,  Жетісу,  Ертіс  өңірі  Түркістан  мен  Бұқара  –  осы 

тарихи  аймақтар  Мәшһүр  Жүсіп  сияқты  шежірешінің  тарихнама  негізі 

ретінде қазақтың көптеген жер-су аты, оның аталу себептері айтылады. Түрік 

халықтарының  ауызша  тарихи  дәстүрі  олардың  әруаққа  сиынушылық 

түсініктерінен, 

аруақты 

ерекше 


құрметтеу 

мәдени-дүниетанымдық 

дәстүрінен  бастау  алып  қалыптасқан.  Аруақтарға  құрмет  ету,  еске  алып 

отыру,  осы  тақырыпты  үнемі  дамытып  айтылар  сөздің  негізгі  бір  өзегіне 

айналдыру  әрекетінен  бастау  алады.  Дүниеден  өткен  ата-бабаның  игілікті 

істерін  насихат  етумен  қалыптасқан.  Шежіре  дерегін  зерделеуде  басқа  да 

мәлімдеулерге  сүйенген  ұтымды:  рулар  тарихын  баян-  дайтын 

археологиялық  дерек  түрлері  (қыстау  орны,  эпитафия,  құлпытас,  т.б.). 

Шежіре  деректері  мәлімдеген  тарихи  тұлғалар  өмірбаяны  олардың  тарихи 

мекен еткен жер бетіндегі нақты археологиялық нысандар- мен байланысты 

екені түсінікті.  

Шежірелердегі жиі кездесетін «қазақ заманы», «ноғай за- маны» деген 

сөз  тіркестері  шежіре  дәстүрінде  белгілі  бір  тарихи  дәуірді  атап  көрсетуге 

арналған.  Осы  тарихи  уақыт  жүйесі  бойынша  да  Мәшһүр  Жүсіптің  тарихи 

шығармашылығында  дәстүрлі  мәндегі  уақыт  категорияларының  үлесі  ба- 

сым және қазақы мүшел жыл санауға негізделген.  Мұнда уақыт түсініктері, 

кеңістік  ка-  тегориясы  да  қасиетті  түсінік негізінде  бейнеленеді.  Оған  киелі 

саналатын  «атамекен»,  «атақоныс»  немесе  «атам  заман»  деген  дәстүрлі 

түсініктерді  жатқызуға  болады.  Сарыарқа  өңірі  –  Мәшһүр  Жүсіп  баяндаған 

тарихта  –  қазақ  халқының  қасиетті  бесігі.  Оның  қасиеттілігі  осы  жердегі 



аталар  рухымен  байланысты.  Осы  сияқты  шежірелердегі  деректер  әртүрлі 

ономастикалық  сипаттардың  басын  бірден  біріктіріп,  синкертті  феномен 

қасиеттеріне ие болады.  

Шежірелер  бірнеше  ұрпақтың  сан  ғасырлар  бойы  сақтап  келген  білім 

мен  тәжірибе  жиынтығы  болғандықтан,  өз  бойына  сан  қилы  деректемелер 

мен тарихнамалық көзқарастарды жинақтаған. Дәстүрлі мәдениет табиғатын 

суреттеген  шежірелерді  зерттеуде  тарих  ғылымының  арнайы  ғылыми  әдіс-

тәсілдерімен  шектеліп  қалуға  болмайды.  Осыдан  кейін  шежірелерді 

зерттеудің  пәнаралық  сипаты  мен  мәнісі  (интердисциплиналық  мағынасы) 

жалпы  қоғамдық,  адам  туралы  ғылымдар  ортасында,  гуманитарлық 

ғылымдардың  нысаны,  мақсаты  мен  міндеттері,  әдістері  мен  тәсілдерін 

пайда- ланылуы мәселесі туындайды.  

Ендігі  мәселе  шежіре  мен  деректану  саласының  пәндік  міндеттерінің 

өзара  байланысы.  Деректанудың  дереккөздерін  анықтауда  эвристикалық 

және  аналитикалық  сияқты  екі  негізгі  мақсат-міндеті  бар.  Оның 

эвристикалық  қызметі  көптеген  тарихи  деректердің  жүйесін  жасау,  оларды 

сыныптау, яғни классификациялау арқылы іске асады, ол барлық деректерді 

тұтас  зерттеуі  тиіс.  Ал  деректік  талдау  және  сыныптау  қызметі  алдымен 

талдау  әдістерін  жасау,  деректерден  мүмкіндігінше  толық  және  ақиқатты 

мәліметті  алу  және  соның  негізінде  деректерге  баға  беру  арқылы  орын- 

далады.  Деректің  табиғаты  адам  жүйкесіне  тәуелді  дейді  мамандар,  өйткені 

оның  түп-төркіні  адамның  әлемнің  құбылыстарын  тану  барысында  ой-сана 

мен  сана-сезім,  жүйке  қызметінің  нәтижесінде  қалыптасқан  нәтиже. 

Дереккөзі – мәдениеттік құбылыс. Деректану өз алдына тұтас, жүйелі түрде 

толық қалыптасқан ілім, оның түпкі мақсаты – деректемелердің пайда болған 

уақытын, деректің сақталу сапасын, авторлығын, тақырыбын, баяндау тілін, 

мәнерін  анықтау.  Деректе  берілген  тарихи  материалды  бірден  талдаудан 

бұрын,  оны  дұрыс  сараптап,  керегін  керексізден  ажырату  және  дерекке 

айналған  тарихи  ескерткішті  алдын  ала  меңгеріп  тазартып  алу  қажеттілігі 

айтылған.  

Тарихи  деректану  саласы  өзінің  даму  барысында  әлдеқайда  күрделі 

ғылыми  пәнге  айналып,  оның  ішінен  палеография  (көне  жазу  үлгілерін 

зерттеу),  археография  (қолжазбалар  туралы  ілім),  сфрагистика  (мөр,  таңба 

туралы ілім) сияқты жазба дерек үлгілерін зерттейтін бірнеше тарихи пәндер 

жеке  қалыптасып  шықты.  Сондықтан,  дерек  атаулы  ілім  өз  алдына  кең 

міндеттерді  қоя  отыра,  қоғам  мен  адам  туралы  жан-жақты  жинақталған 

білімге сүйене алады да, сүйенуге міндетті де.  


Тарихи  деректер  адамдардың  адамдар  мен  қоғам  туралы  жасаған 

арнайы  шығарма  туындылары  болғандықтан,  оның  пәнаралық  мағынасы  да 

кең.  Деректемелерді  талдау  барысында  адамдардың  қолынан  шыққан 

шығармалар  туралы  және  оларды  жасаған  авторлар  туралы  мәлімет  беретін 

дерек  ретінде  зерттеуге  мүмкіндік  тудыратын  барлық  білім  салалары  мен 

ғылыми 


пәндердің 

әдіс-тәсілдері 

мен 

ақпараттары 



қолданылады. 

Деректанудағы  ізденістердің  пәнаралық  сипаты  да  оның  зерттеу  пәні  мен 

объектісінің  табиғатымен  түсіндіріледі.  Деректанудағы  ізденістерде  тарихи 

әдіс  міндетті  түрде  басқа  ғылымдардың  әдістерімен  байланысты.  Мысалы, 

тарихи  зерттеулерде  филология  мен  әдебиеттану,  философия  мен 

антропология, 

этнография, 

этнология 

және 

өнертану 



саласында 

қолданылатын  әдістермен  өзара  байланыста  болуы  талап  етіледі. 

Тарихшылар тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы қоғамның 

тарихи шындығын тануға жол ашып отырады.  

Шежірелердің  құрамындағы  мәліметтерді  тарихи  дерек  ретінде 

қарастыру  үшін  оларды  тарихи  факт  және  тарихи  дерек  туралы  ілім 

тұрғысынан талдауға алуымыз керек. Шежірелер тарихи дәстүрдің туындысы 

ретінде  дара  сипатқа  ие.  Бұл  дәстүр  көпшіліктің  айтқан  біршама  тарихи 

мәліметтерін  өзінше  өңдеуге  алады.  Қоршаған  ортаның  шынайы 

құбылыстары көптік тұрғыда көрініс табатын деректер бұқаралық дерек- тер 

тобына  енетін  болса,  онда  шежірелердің  де  бұқаралық  дерек  сипатын 

аңғаруға  болады.  Деректану  ілімінде  статистикалық  деректер  қаншалықты 

бұқаралық  саналса,  шежіре  дерегі  де  соншалықты  бұқаралық  деректер 

сипатына  ие.  Сөйтіп,  шежірелік  деректер  өзінің  қалыптасуы  жағынан 

бұқаралық  дерек  болады.  Кейінгі  екі  жүз  жыл  ішінде  шежірелердің  жинау 

үдерісі осыны көрсетеді.  

Мәліметтің ауызекі дәстүр аясында дамуына байланысты шежірелерді 

сақтау қажеттілігі туындап, жүйелі түрде тіркеуге алынуы керек болды.  Бұл 

шараларды  іске  асырған  көбінесе  тарихи  этнография  мамандары  мен  ауыз 

әдебиетін жинау- шылар. Олардың осы еңбегі тарихи дерек қорын кеңейтуге 

қосылған  үлес.  Сол  игілікті  әрекеттер  шежірелік  деректердің  бұқаралығын 

көрсетті. Тарихи оқиға туралы мәліметті ұзақ уақыт бойы сақтап жеткізетін 

негізгі  құралдар  –  сөз,  таңба,  хат,  сурет,  бұны  деректану  мамандары 

«мәлімет»,  кейде  «дәстүр»  деп  атайды.  Осылардың  ішінде  байқалатын  бір 

жүйе:  ауызша  дәстүр  –  өлең,  жыр,  әпсана,  аңыз,  қанатты  сөздер,  мақал-

мәтелдер;  жазбаша  дәстүр  –  тарихи  жазулар,  генеалогиялық  насаб-нама 

кестелері,  өмірбаяндар,  естеліктер,  үнпарақтар;  сурет  дәстүрі  иконография, 

карталар  мен  сызбалар,  суреттер,  мүсіндер.  Деректердің  бұдан  басқа  түрін 



«қалдықтар», немесе өткеннен сақталып келген мұралар құрайды. Шежірелік 

деректе, этнографиялық дәстүрде де осындай «қалдықтар» жиынтығы бар.  

Шежіре дәстүрінің негізгі категориясы – тарихи жады. Адам санасында 

институционалдық мағыналар таңба басқандай жақсы бекуі керек. Еріншек, 

ұмытшақ,  сылбырлық  сияқты  жағымсыз  мінез  жат.  Институционалдық 

мағыналарды  жеткізу  үшін  қарапайым  формула,  жаттауға  жеңіл,  есте 

сақтауға  оңай  үлгі  жасалады.  Шежіре  сақтаушылар  өздерінің  ерекше  жады 

қабілетінің  арқасында  жүздеген  адам  есімдерін  атап  шығып,  әрқайсысына 

орай  қариялар  жеткізген  әңгіменің  мағынасын  өзгермеген  күйінде  жеткізіп 

келді.  Қазіргі  кезде,  әрине,  бұрынғы  қариялар  жоқ,  бірақ  ескі  сөз  ұстанған 

адамдар бар. Дерек беруші жас жағынан қарт болуы шарт емес. Зерек, зерделі 

ақсақалды қариялар дерек жеткізе алады, сондықтан шежіре дәстүрін әлі де 

«ауызша  дәстүр»  деуге  болады.  Ауызша  тарих  –  халықтың  тұрмыстық 

мәдениеті.  

Қазақ  шежірелері  –  деректемелердің  дара  бір  тарихи  үлгісі  ретінде 

дәстүрлі қоғам мен мәдениеттің, көшпелі тұрмыс кешкен адамдардың, қазақ 

руларының  жасап  қалдырған  объективті  бағалы  мұрасы.  Түсініктірек 

айтқанда,  жалпы  тарихи  өмір  болмысының  нәтижесі.  Сондықтан  да  шежіре 

тарихшылар  ғана  емес,  қоғамдық  ғылымдардың  ортақ  зерттейтін  ол-  жасы. 

Ғылыми  мәселені  салыстырмалы-тарихи  тәсілдермен  жан-жақты  талдаудың 

пәнаралық  зерттемелік  сипаты  осыдан  көрініс  табады.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

шежіретану  саласы  болашақта  тіл,  фольклортану,  әдебиет,  этнология, 



мұрағат, мұражайтану бағытымен тығыз байланыста дамуы тиіс.  

Мақсат Алпысбес, тарих ғылымдарының докторы 

Каталог: media -> upload -> 4624 -> 2015
2015 -> Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба
2015 -> Жылдың 29 қарашасы күні Лондонда өткен баспасөз мәжілісінде
2015 -> Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н
2015 -> Інжу-маржан
2015 -> Ұлттың оянуы, жетілуі, өркениетті жұрт санатынан орын алуы қай
2015 -> Ахмет тоқтабай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақ – Жоңғар шайқасы
2015 -> Бауыржан Момышұлы – елі үшін туған ер
2015 -> Мәңгілік ел идеясы және патриотизм мәселесі
2015 -> Міржақып Дулатұлы және қазақ жәдитшілдігі
2015 -> «Сығанақ – қыпшақ даласының қақпасы»

жүктеу 51.07 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет