Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа



жүктеу 0.56 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

 Заңның 11­бабында «Ха-

лықтың  көші­қон  мәселелері 

жөніндегі уәкілетті орган мем-

лекеттік органдардың халықтың 

көші­қон мәселелері бойынша 

қызметін ведомствоаралық үй-

лестіруді жүзеге асырады» деп 

көрсетілген. Әрине, бұл маңызды 

мәселе. Кезінде көші­қон жөнін-

дегі уәкілетті орган – министрлік 

дәрежесіндегі  жеке  комиетет 

болған еді. Қазір ол «Еңбек, әлеу­

меттік қорғау және көші­қон» 

комитетінің құрамында. Осындай 

жағдайда оның көші­қонға қаты-

сы бар түрлі мекеме жұмысын үй-

лестіріп отыруға мүмкіндігі жете 

ме? Бұл да нақтыланатын мәселе. 

Өйткені, еңбек, әлеуметтік қорғау 

шаралары да аз емес.



– Қандастарымыздың елде, 

сондай­ақ, шетте оқу, білім алу 

мәселесі заңмен қалай шешіл­

ген?

 Заңда шетелдегі этникалық 

қазақтар  мен  оралмандардың 

оқып, білім алуына айрықша назар 

аударылған. 13­бапта «Білім беру 

көрсетіліп тұрғаны абзал. Заңның 

бірнеше жерінде «Этникалық қа-

зақтар оралман мәртебесін беру 

жөніндегі өтінішін мемлекеттік 

корпорация арқылы бере алады» 

деген түсініктеме бар. Бұл кор-

порацияның  Халыққа  қызмет 

көрсету орталығы екені белгілі. 

Бірақ, орталық қызметкерлері 

оралмандар өтінішін қабылдай 

ала ма, қандай құжаттар керек, 

осы жағы анық емес. 

– Төлқұжатында азамат­

тың ұлтын көрсетпейтін елдер 

де бар. Қазақ екенін қалай білуге 

болады? 

 Бұл да үлкен мәселе. 20­бап-

тың 2­тармағында «ҚР­ның ау-

мағына келгенге дейін оралман 

саласындағы уәкілетті орган этни-

калық қазақтар мен оралмандарға 

техникалық және кәсіптік білім 

берудің, ортадан кейінгі және 

жоғары білім берудің оқу бағдар-

ламаларын іске асыратын ҚР­ның 

білім беру ұйымдарына оқуға түсу 

үшін ҚР­ның Үкіметі 

белгіле-


ген

 квотаға сәйкес, білім грантта-

рын бөледі, сондай­ақ, халықара-

лық шарттарға сәйкес, шетелдегі 

жалпы білім беру мекемелеріндегі 

этникалық қазақтарды оқулықтар 

және оқу­әдістемелік кешендер-

мен қамтамасыз етеді» делінген. 

Кез келген өркениетті ел сырттағы 

диаспорасына оқу­білімге айрық-

ша қолдау жасайды. Қазақстанда 

бұл мәселе кенже қалуда. Кезінде 

қауымдастықтың атынан мәселе 

көтеріп, Қаратау қаласынан 40 

балаға дайындық бөлімін ашуға 

ықпал жасадық. Кейін олардың 

саны 1500­ге жетті. Бірақ, соңғы 

уақытта ұйымдастыру жұмыста-

рының төмендігінен осы мөл-

шердің өзін әрең толтырып жүр-

міз. Сондай­ақ, кәсіптік білім 

беретін  орта  оқу  орындарына 

шетелдік қазақ жастарын қабыл-

дау шешілмей келеді. Да йындық 

бөлімдеріне қабылдау тәртібі ай-

қын емес. Кезінде Қыз ҰПУ про-

ректоры  Г.Тәңірбергеновамен 

бірлесіп, дайындық бөлімдері-

не қабылдау ережесінің жоба-

сын дайындап, оны Білім және 

ғылым, Әділет министрлік терінің 

бекітуіне ықпал еттік. Қа зір ол 

ереженің қайда қалғаны белгісіз. 

Соның салдарынан дайын дық 

бөлімдеріне орта мектепті Қа-

зақстанда бітірген және азамат-

тық алмағандардың қабылдана 

беретінін естиміз. Бұл қате. Өйт-

кені, дайындық бөлімі әуел баста 

орта мектепті Қазақстаннан сырт 

жерлерде бітірген талапкерлерге 

арналып ашылды. Енді осы та-

лапты қалпына келтіру керек. 1990 

жылдардың ортасында Қытайдан 

біраз дарынды жас келіп, Құр-

манғазы атындағы консерватория 

мен Т.Жүргенов атындағы ака-

демияға түсті. Бұлардың біразы 

бүгінде белгілі өнер шеберлеріне 

айналды. Біразы Қытайға қай-

тып, сол жақтағы қазақ өнерінің 

дамуына үлкен үлес қосып жүр. 

Өкініштісі, қазір бұл жақсы бас­

тама да тоқтады. Соған орай, Білім 

және ғылым, Мәдениет және спорт 

министрліктері бірлесіп, игі істі 

жаңғыртуы тиіс. Тағы бір мәселе, 

Білім және ғылым министр лігіне 

шетелдегі этникалық қазақтар-

ды оқулық және оқу­әдістемелік 

құралдармен қамтамасыз ету мін-

деті заңмен жүктелген. 2000 жыл-

дың басына дейін тиісті қаржы 

бөлініп, оқулықтар мен құралдар 

тұрақты жіберілді. Бірақ, кейін 

бұл жұмыс кездейсоқ біреулерге 

беріліп,  ақыр  соңында  қаржы 

босқа кетіп, жұмыс мүлдем тоқта-

ды. Айтылған жағдайларға орай, 

Білім және ғылым министрлігі 

заңдағы маңызды мәселелерді 

жүзеге асыруды қолға алуға тиіс. 

Бұл ретте шетелден оқуға келетін 

қазақ жастары қандай визамен 

келеді, оларға соттылығы туралы 

анықтама әкелу қажет пе, келген 

соң уақытша не тұрақты тіркелуі, 

визасын созуы қалай шешіледі 

деген сияқты мәселелер де ал-

дын ала анықталғаны жөн. Оқуға 

түскен жастарды «визаның са-

натын өзгертіп кел» деп әуреге 

салу да кездеседі. Бұл да қазірден 

бастап нақтылануы қажет.



– Көшіп келудің жеңілірек 

жолы бар ма?

– Отбасын біріктіру мақса-

тындағы көшіп келу жеңілірек. 

Яғни, елде бұрыннан тұратын не 

жаңадан келіп, уақытша тұрып 

жатқан ағайын орналасу мәсе-

лесін реттегеннен кейін артында 

қалған отбасы мүшелерін ша­

қыр тып алуына болады. Заңның 

27­бабында отбасы мүшелеріне 

бұл үшін «Қолдаухат» жіберу 

керектігі көрсетілген. Алайда, 

«Қолдаухат» деген не, оның жа-

зылу үлгісі қандай, оны кім қа-

былдап, қалай жіберуге болады – 

бұл қалың көпшілікке анық емес. 

Сондықтан, көші­қонға қатысты 

аудандық,  облыстық  мекеме-

лердің бәрінде «Қолдаухаттың» 

үлгісі мен жіберу жолдары анық 

мәртебесін беру туралы өтінішхат 

жазған үміткерлер ұлты – жеке 

басын  куәландыратын  құжат-

тардағы жазба негізінде, мұндай 

жазба болмаған кезде үміткер-

лердің ұлтын растайтын басқа да 

құжаттар негізінде белгіленеді» 

деп көрсетілген. Сонда басқа да 

құжаттар деген қандай құжаттар? 

Төлқұжатта  ұлты  жазылмаса, 

оның қазақ екенін дәлелдеу қиын. 

1990 жылдарда Ауғанстаннан 

келгендерге өздері жақсы білетін 

үш кісі «қазақ» деп куәлік етсе, 

ол «оралман» деп танылатын. 

Бұл мәселені де осындай жолмен 

шешкен дұрыс шығар.

–  Оралмандардың  дүние­

мүл кін кеденнен өткізуі де үлкен 

мә селе емес пе?

– Заңда «Оралман мәртебесін 

беруге келісім алған этникалық 

қазақтар, сондай­ақ, оралмандар 

және олардың отбасы мүшелері 

Қазақстан Республикасының ау-

мағына келген кезде кеден заңна-

масына сәйкес, көлік құралдарын 

қоса алғанда, жеке пайдалануға 

арналған мүлкіне кедендік төлем-

дерді төлеуден босатылады» деп 

атап  көрсетілген.  Әрине,  бұл 

атажұртқа қоныс аударатындарға 

жасалған  үлкен  қамқорлық. 

Алайда, заңның осы бабы қалай 

жүзеге  асады?  Дүние­мүлкін, 

машина­тракторын шекарадан 

«мен оралман едім» деп ешқан-

дай кедергісіз өткізе бере ме?! 

Әлде өзінің шын мәнінде орал-

ман екендігін дәлелдейтін нақты 

бір құжатын көрсете ме? Жоғары-

да айтқандай, Қазақстанға келіп 

оралман болудың жолы әртүрлі. 

Біреу шетелде жатып өтініш бе-

реді. Екінші біреу өзі келіп, орал­

ман мәртебесін сосын алады. Өз 

бетінше келген ағайын дүние­ 

мүлкін кеденнен қалай өткізеді? 

Кейін қайта барып алып келе ме? 

Ондай жағдайда неше рет барып 

келуіне болады? Бұларды құзыр-

лы органдар реттеуі керек.

– Өміріңде көрмеген жерге 

бейімделудің оңай еместігі бел­

гілі. Бұл тұрғыда қандастары­

мызға қандай да бір көмектер 

қарастырылған ба? 

– Өркениетті елдердің бәрін де 

оралмандарды қабылдау бірін ші 

кезекте бейімдеу орталықтары 

арқылы жүзеге асырылады. Біз-

де мұндай орталықтардың аты 

бар да, заты жоқ. Тіпті, көптеген 

облыстарда мүлде құрылмаған. 

Осыған орай, оралмандар мәселе-

сінде бірінші қолға алатын шаруа 

– республика бойынша бейім-

деу орталықтарының бір­бірімен 

тығыз байланыста жұмыс істейтін 

тұтас жүйесін жасау. Бүгінгі таңда 

көші­қон, әсіресе, оралмандарды 

қабылдаудың жағдайы мен талабы 

мүлдем өзгерді. «Оралмандар өз 

күштерімен келіп орналаса берсін, 

сосын көре жатармыз» деп қарап 

отыратын заман әлдеқашан өтті. 

Енді оралмандар көшін шетелде 

ұйымдастыру, шекарадан өткенде 

дұрыс қабылдап, бірден бейім-

деу орталықтарына орналастыру 

сияқты  жұмыстар  бір  жерден 

басқарылып, жүйелі түрде іске 

асырылуы қажет. Сондықтан, ай-

тып отырған мәселелер бір жүйеге 

түсіп, дұрыс шешілмесе, «Көші­

қон туралы жақсы заң қабылда-

дық, енді бәрі керемет болады» 

деп үміттену бекершілік. Осыған 

орай, оралмандар көшін ұйымдас­

тыру мен қабылдау жұмыстарын 

түбегейлі қайта қарап, жаңаша 

қолға алу керек. 



– Әңгімеңізге үлкен рақмет.

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

Бұл елдерде оралмандарды кө­

шіріп әкелу, қабылдау, орналас­

тыру  алдын  ала  дайындалған 

айқын жоспармен жүзеге асы-

рылады. Және заң мен ереже-

лер біздегідей жыл сайын өзгер-

мейді, ұзақ мерзімге жасалады. 

Көші­қонды  ұйымдастырушы 

мемлекеттік мекемелер де, көшіп 

келушілер  де  заң  талаптарын 

бұлжытпай орындайды. Біздегі-

дей әркім өз қиялынан заң ойлап, 

қисынсыз талап қоймайды. Этни-

калық көші­қонмен айналысатын 

өркениетті елдер өз отандастарын 

көшіріп әкелу жұмыстарын ең 

алдымен шетелдерден бастайды. 

Яғни, оралмандар тарихи Отанға 

барған кезде қажет болатын бар-

лық құжатын алдын ала дайын-

дайды. Қалай барады, қайда орна-

ласады, тұрақты тіркеу, азаматтық 

алу, бейімделу мәселелері қалай 

шешіледі – мұ ның бәрін оралушы 

алдын ала біледі. Біздікілер шека-

радан өз беттерімен өтіп, «келіп 

қалдық, енді не істейміз?» деп 

қарап тұрады. Дамыған елдерде 

заң парла менттен өтіп, мемлекет 

бас шысы қол қойғаннан кейін 

бірден орындалады. Ал, бізде 

жаңа заңдарды «маған мына жері 

ұнамайды, менің жағдайыма ана 

бабы  сәйкес  келмейді»  деген 

сыл таулармен әркім әр жаққа 

тар тады. Бұл, әсіресе, «Көші­

қон туралы» заңға тән жағдай. 

Сон дықтан, «Көші­қон туралы» 

заң дағы барлық шарт­талаптар 

бұлжыт пай орындалып, жүзеге 

асырылуы міндет.



– Шекарадан өз беттерімен 

өтеді деп отырсыз ғой, жалпы, 

көші­қон саясатымен айналы­

сатын нақты мекеме бар ма?

– Көші­қон жұмыстарымен 

нақты  кімнің  айналысатыны 

анықталып, олардың міндеттері 

дұрыс белгіленбей, саланың алға 

басуы екіталай. Оралман туралы 

сөз болса, бірінші кезекте Денсау-

лық сақтау және Әлеуметтік даму 

министрлігінің Еңбек, халықты 

әлеуметтік қорғау және Көші­қон 

комитеті мен Ішкі істер министр-

лігінің көші­қон полициясы коми-

теті ауызға алынады. Көші­қонды 

ұйымдастыруға қатысы да, құқы 

да жоқтығына қарамастан, кейде 

оған Дүниежүзі қазақтары қа-

уымдастығын да қосып қояды. 

Басқа ресми мекемелердің бұл 

шаруаға ешқандай қатысы жоқ 

сияқты. Бұл қате түсінік. Өйт-

кені, көші­қон жұмыстарымен 

еліміздің кемінде жеті­сегіз ми-

нистрлігі айналысады. Бұлар-

дың арасында ҚР Сыртқы істер 

министр лігі, сондай­ақ, елшілік-

тердің орны ерекше. Бұл жөнінде 

заңның 10­бабында «ҚР Сыртқы 

істер министрлігі және Қазақстан 

Республикасының шетелдегі ме-

кемелері өз құзыреті шегінде ха-

лықтың көші­қон саласындағы 

мемлекеттік саясатты іске асыра-

ды» деп атап көрсетілген. 


6

№33 (2811) 

29 наурыз 2016

zangazet@mail.ru

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТІЛЕР

(Жалғасы бар)

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған 

(төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттiк 

көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша



(Жалғасы. Басы газеттің №24, 25, 27, 28, 29, 30 сандарында)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

Астана қаласы                    2015 жыл 8 желтоқсан                       №631

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер 

органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін 

қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 

2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығына 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың 

және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы 

анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 

2-қосымша

(Тегі, аты, әкесінің аты бар болған кезде (бұдан 

әрі – Т.А.Ә.) не қызмет алушы ұйымның атауы)

_____________________________

(қызмет алушының мекенжайы) 



Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы 

қолхат 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 

жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Ха-

лыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын 

көрсету) Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге 

сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: 

Жоқ құжаттардың атауы:

________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ________________________________________;

ұсынбаудан көрінетін «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс-

тардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызметке құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.

Т.А.Ә.  (ХҚКО қызметшісі)   

 

 



(қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

Телефоны _____________

Алды: Т.А.Ә.  / қызметті алушының қолы

20__ жыл «___» _________ 

Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің

2015 жылғы «___» __________ 

№ ___ бұйрығына 5-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына

17-қосымша

«Қазақстан Республикасының резинденттігін растау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін 

қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының 

Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер коми-

тетінің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша аумақтық органдары 

(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе «Салық төлеушінің кабинеті» 

веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) арқылы;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, 

ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» 

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан 

әрі – ХҚКО) арқылы;

3) «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) 

арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтізбелік 

15 (он бес) күн ішінде.

ХҚКО жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзіміне кір-

мейді;


2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы  үшін барын-

ша жол берілетін күту уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО-ға – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін 

уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтанды-

рылған) және (немесе) қағазда.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша резиденттігін растайтын құжатты 

беру;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетіл-



ген жағдайда және негізде қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас 

тартуы туралы дәлелді жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағазда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі қағаз тасымалдағышта ресімде-

леді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен 

куәландырылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін 

қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі: 

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнама-

сына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін  

түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 

13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асы-

рылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және  жеделдетілген 



қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі, 

мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін белгіленген жұмыс кестесіне 

сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. 

Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу 

орны бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы элек-

трондық кезекті брондауға болады;

3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді 

қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты 

аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, дема-

лыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік 

қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі нотариалды куәландырылған сенім-

хат бойынша жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу үшін қажетті 

құжаттар тізбесі:  

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-на:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес, ре-

зиденттігін растау туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш); 

2) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде 

резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару 

орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында бо-

луын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып директорлар кеңесінің 

немесе ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және 

(немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін 

қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де 

құжаттарды) нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) жеке басын куәландыратын құжат немесе Қазақстан Республикасының төлқұ-

жаты (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

4) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шетелдік 

төлқұжатының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің,  Қазақстан Респуб-

ликасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) 

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариалды куәлан-

дырылған көшiрмелерiн ұсынады.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құ-

жаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып құжаттар 

топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.

Пошта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші пошта хабарламасына 

белгі қояды.

ХҚКО дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат не-

гізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде қызмет беруші ХҚКО құжаттардың көшірмесін 

түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті 

алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін 

қызметті алушы ХҚКО ұсынған нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті 

ХҚКО арқылы алу үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын 

құпия ны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

ХҚКО нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көр-

сетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көр-

сетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қыз-

метті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды ХҚКО көрсетілетін қызметті алушыға 

беру үшін жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде: 

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, электрон-

ды құжат нысанындағы өтініш;

2) нотариалды куәландырылған электронды көшірмесін:

өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде рези-

дент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орны 

(нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын 

растайтын құжатты (өткізілген орны көрсетіле отырып директорлар кеңесінің не-

месе ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және 

(немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін 

қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге 

де құжаттарды);

резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шетелдік 

төлқұжатының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің, Қазақстан Рес-

публикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжат-

тардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариалды 

куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын 

құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер 

ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқығын белгілеу құжаты туралы мәліметтерді 

уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті 

лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көр-

сетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік 

қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.


7

zangazet@maiI.ru



№33 (2811) 

29 наурыз 2016

Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.56 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет