Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа



жүктеу 0.56 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ж.МҰХАМБЕТЖАН,

Алматы қаласы Жетісу 

аудандық №2 сотының судьясы 

Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік 

тәуекелді сақтандыру практикасы біртіндеп 

біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың 

осы түрінің экономикалық пайдасы алдағы 

уақытта қазақстандық кәсіпорындардың 

қалыпты жұмыс практикасына айнала­

тынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр. 

Сақтандырудың бұл түрі шаруашылық­

ты  жүргізетін  субъектілердің  қаржылық 

әлеуетіне қолайсыз жағдайлардың ешқандай 

ықпал етпейтін талаптарды қамта масыз ете­

ді. Бүгінгі күні Қазақстанда 36 сақтандыру 

компаниясы жұмыс атқаруда, олардың ішін­

де 14 компанияның кәсіпкерлік тәуекелді 

сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы 

бар.


Кез келген кәсіпорын өз жұмысын жүзеге 

асыру барысында қандай да бір кіріс алу 

және қаржы жұмсау, тағы да басқа мақсатты 

ұстанады. Бірақ, бәрі де жоспарлағандай 

бола бермейді. Кәсіпорын жұмысын жүргізу 

барысында  қаражатын  жоғалтуы  немесе 

жоспарлаған сомадан аз алуы мүмкін. Ком­

пания  тығырыққа  тірелген  кезде  басшы­

лыққа бір шешім қабылдауға тура келеді. Ол 

шешімнің табысты іске асырылу ықтимал­

дылығы кәсіпорынға іштей және сырттай әсер 

ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай 

жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады. Егер 

шешімді  дайындау  барысында  тәуекелді 

төмендету шаралары тиімсіз және оған қаржы 

көп жұмсалатын болса, онда өз іс­қимылын 

экономикалық жағынан сақтандыру тиімді 

болар еді.

Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіп кердің қарсы 

агенттері өз міндеттемелерін орындамауынан 

немесе кәсіпкерге қатысты емес жағдайларда 

осы қызмет талаптарының өзгеруінен туатын 

кәсіпкерлік қызметтің шығын тәуекелі, оның 

ішінде жоспарланған кірісті ала алмау тәуекелі 

деген сөз. 

Кәсіпкерлік  тәуекелді  сақтан дырудың 

бірнеше  ерекшеліктері  бар.  Заң  талап­

тарына сәйкес кәсіпкерлік тәуекелді сақтан­

дыру шартымен сақтанушы тек өз кәсіп­

керлік  тәуекелін  және  өз  пайдасын  ғана 

сақтандыра алады. Кәсіпорынды тәуекелден 

қауіпсіздендірудің бір тәсілі – сақтандыру 

бағдарламасын  қалыптастыру.  Ол  үшін 

ком пания қызметін талдап, оған сипатты 

тәуекелдерді анықтап алу керек. Олар өз 

кезегінде компания шешуге дайын тәуекел 

және міндетті түрде сақтандырылатын тәуекел 

болып бөлінеді.

Кәсіпкерлік  тәуекелді  сақтан дыру  өз 

еркімен сақтандыру тобына кіреді. Оның 

шарттары мен тәртібі сақтандыру ұйымы 

мен сақтанушы арасындағы келісім негізінде 

белгіленеді. Шарт жасасу кезінде сақтандыру 

оқиғалары болып табылатын жағдайларға, 

олардың  ерек шеліктері  мен  сақтандыру 

шектеулеріне көңіл бөлу керек. Сақтандыру 

ұйымы әртүрлі соғыс қимылдарының немесе 

әскери шаралар мен көтерілістер, бүлік тер, 

халық толқулары мен ереуілдердің зардап­

тарына  шарт  бойынша  жауап  бермейді. 

Сондай­ақ, шартта сақтандыру төлемін жүзеге 

асыруға қажетті құжаттар тізімі, төлеу тәртібі 

мен талаптары, сақтандыру жағдайы туған 

кездегі сақтанушының іс­әрекеті көрсетілуі 

тиіс.  Келісім  бойынша  сақтанушы  мен 

сақ тандырушы  арасындағы  сақтандыру 

шартының  «ерекше  талаптар»  бөлімінде 

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 

кодексі мен қолданыстағы заңнама нормасына 

қайшы келмейтін басқа да талаптар көзделуі 

мүмкін.

Қазіргі  тәжірибеде  сақ тандыру  үрдісі 



компания активтері мен пассивтерін жалпы 

басқарумен өзара тығыз байланысты және 

кәсіпкерлік  тәуекелді  жою,  ең  болмаса, 

төмендетуге бағытталған барлық іс­әрекеттер 

жиынтығын қамтиды. Қазақстанда кәсіп керлік 

тәуекелді сақтандыру автокөлікті, мүлікті 

сақтандыру түрлері сияқты көп таралмаған. 

Бірақ, сақтандырудың осы түрі экономикалық 

жағынан тиімді және жуық арада кәсіпорын 

жұмысында қалыпты қаржылық практикаға 

енетінін шетел тәжірибесі көрсетіп отыр.

Гүлжан ТҰРЛЫБЕКОВА,

ОҚО мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының судьясы

Қоғамның жеке меншік құқығы мен заңды 

мүдделерінің сот арқылы қорғалуы еліміздің 

Ата Заңында нақтыланған. Конституциялық 

нормалар  жекеменшікке  бөтеннің  қол 

сұғуына жол бермеуге бағытталған. Аза­

маттық кодекстің 8­бабына сай, азаматтар 

мен  заңды  тұлғалар  өздерiне  берiлген 

құқықтарын, соның iшiнде, өздерiн қорғау 

құқығын өз қалауынша, сотқа арыз беру 

арқалы пайдаланады. Меншік құқығын және 

заттай құқығын қорғаудың бір жолы мүлікті 

тыйым салудан босату болып табылады.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы 

сотқа  талап  арыз  даулы  меншіктің  иесі 

тарапынан беріледі. Өндіріп алушы және 

борышкер де іс бойынша мүдделі болып 

табылады, себебі істің қаралатынына бай­

ланысты өндіріп алушының даулы мүлікке 

қатысты талаптары қанағаттандырылуы 

мүмкін.

Азаматтық процестік кодексте (бұдан әрі 



– ҚР АПК) мүлікті тыйым салудан босатудың 

жаңа  талаптары  көрсетілген.  Кодекстің 

23­бабының 9­тармағына сәйкес, мүлікті 

тыйым салудан босату (тізбеден шығару) 

туралы қылмыстық немесе әкімшілік іс 

бойынша қатысушылар болып табылатын 

адамдардың:

1) қылмыстық істі тергеу кезінде қыл­

мыстық қудалау органы салған;

2) мүлікті тәркілеу туралы сот үкі мінің 

негізінде;

3) әкімшілік құқықбұзушылық жасау 

затын  немесе  құралын  тәркілеу  туралы 

сот  қаулысының  негізінде  қылмыстық 

процестік  заңнамада  немесе  әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы заңнамада белгі­

ленген тәртіппен қаралады.

Соттың айыптау үкімімен тыйым салын­

ған мүліктің заңды иесінің меншік құқы­

ғының қорғалуы Қылмыстық іс жүргізу 

кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚІЖК) көзделген 

тәртіппен Жоғарғы Сотқа (ҚР ҚІЖК­нің 414 

бабының 3 бөлімі, 448 бабының 3 бөлімі) 

шағымдану  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Оған қоса, қылмыстық істі тергеу барысында 

мүлікке салынған тыйымнан босату меншік 

иесінің өзінің шектелген меншік құқығын 

қорғау мақсатында ҚР ҚІЖК 13­тарауында 

көзделген тәртіп бойынша тиісті органдарға 

арыздану арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізу нормаларын дұрыс 

қолдану арқылы жоғары аталған мәселелердің 

дұрыс шешілуі азаматтардың құқықтары 

мен заңмен қорғалатын мүдделерін, заңды 

тұлғаларға келтірілген зиянның өндірілуін 

қамтамасыз етуіне елеулі әсерін тигізеді.



Ә.ТҰРҒАНҚҰЛОВ,

Алматы қаласы Алатау аудандық 

прокуратурасының бөлім 

прокуроры, 2­сыныпты 

заңгер 

Азаматтық айналымда трав­

матикалық қарудың (жарақат 

салатын  патрондарымен  ату 

мүм кіндігі бар ұңғысыз атыс 

және  газды  қаруы)  тыйым 

салынуына байланысты 2015 

жылғы 1 қаңтар –  31 желтоқсан 

аралығында  Қазақстан  Рес­

публикасының  аумағында 

ішкі істер органдары осы қару 

санатын  сақтауға  және  алып 

жүруге ішкі істер органдарының 

рұқсаты бар жеке тұлғалардан 

оларды  сатып  алу  бойынша 

жұмыс  жүргізді.  Осылайша, 

жалпы  республика  бойынша 

2 млрд 339 млн теңгеге 46 756 

бірлік  травматикалық  қару 

ерікті  түрде  тапсырылды. 

Трав матикалық қаруды сатып 

алу  Қазақстан  Респубикасы 

Үкіметінің  2014  жылғы  24 

қазан дағы №1145 қаулысымен 



ЖАСТАРДЫҢ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 

АРТТЫРУ — ПАРЫЗ

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  Аграрлық­техникалық 

университетінде «Шапағат» республикалық конкурсының 

жеңімпаздары мен дипломанттарының студенттер мен жас 

ғалымдар арасындағы кездесуі өтті. Бұл жиынның негізгі 

мақсаты жастарға өнертабыстар мен инновациялардың еліміз­

дің экономикасын дамытудағы рөлі мен  маңыздылығын 

түсіндіру және ұлттық жобаларды жасайтын және жылжытатын, 

еліміздің инновациялық саясатын жүзеге асыруға қабілетті 

келешек техникалық мамандар арасында өнертапқыштықты 

насихаттау болды.

Пайым


КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ 

САҚТАНДЫРУ — ӨМІР ТАЛАБЫ

Кездесу

МҮЛІКТІ ТЫЙЫМ САЛУДАН БОСАТУДЫҢ 

ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ

Қадағалау

ТРАВМАТИКАЛЫҚ ҚАРУДЫ 

ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНГЕНДЕРГЕ ЖАЗА БАР

бекітілген Қағидаларға сәйкес 

жүзеге асырылды.

2016  жылғы  1  қаңтардан 

бастап Қазақстан Республикасы 

Қылмыстық  кодексінің  287­

бабы 2­бөліміне сәйкес, трав­

ма тикалық  қаруды  заңсыз 

иемденгені, бергені, өткізгені, 

сақтағаны,  тасымалдағаны 

немесе алып жүргеніүшін аза­

мат тарға қылмыстық жауап кер­

шілік (екі мың айлық есептiк 

көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде 

айыппұл салуға не сол мөлшерде 

түзеу  жұмыстарына  не  бір 

жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас 

бостандығын шектеуге не сол 

мерзiмге бас бостандығынан 

айыру)  жүктелген.  Осыған 

байланысты Ішкі істер минис­

трлігі травматикалық қаруды 

заңсыз  сақтайтын  еліміздің 

барлық  азаматтарына  дереу 

оларды тұрғылықты жері бой­

ынша  ішкі  істер  органдарна 

тапсыруды ұсынады.  

Қазақстан Республикасының 

ІІМ  травматикалық  қаруды 

және оның патрондарын ерік­

ті түрде тапсырған адам, егер 

оның іс­әрекетінде өзге қыл­

мыс  құрамы  болмаса  қыл­

мыстық  жауапкершіліктен 

босатылатынын  түсіндіреді,  

бұл ретте адамды ұстаған кезде 

алған  жағдайда,  сондай­ақ, 

оларды тауып алу және алып 

қою бойынша тергеу амалдарын 

жүргізген кезде қару мен оның 

патрондарын ерікті түрді тап­

сырды деп танылмайды.

ҚР Ішкі істер министрлігі

Үндеу


Өнертабыстардың қоғам және еліміздің экономикалық 

дамуындағы рөлі, «Шапағат»  республикалық өнертапқыштық 

саласындағы жетістіктер конкурсы туралы Ұлттық зият­

кер лік  меншік  институты  директорының  орынбасары 

К.Батаева баяндама жасады. Сонымен қатар, студенттер 

мен жас ғалымдар алдында өздерінің өнертабыстары және 

өнертапқыштық қызметтері туралы «Шапағат» конкурсының 

әр жылдардағы жеңімпаздары мен дипломанттары, кон­

курстың «Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша ең 

үздік өнертабыстың теңавторы, медицина ғылымдарының 

кандидаты, Травматология және ортопедия ғылыми­зерттеу 

институтының бөлімше меңгерушісі Алексей Белокобылов, 

«Жыл  өнертабысы»  номинациясы  бойынша  ең  үздік  

өнертабыстың авторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

Ұлттық биотехнология орталығының зертхана меңгерушісі, 

биология  ғылымының  кандидаты  Ғазиза  Данлыбаева,  

Қазақ Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу ғылыми зерттеу 

институтының микробиология зертханасының меңгерушісі, 

биология ғылымдарының кандидаты, инновациялық патент­

термен қорғалатын бірнеше өнертабыстардың теңавторы, 

Дүниежүзілік зияткерлік  меншік  ұйымының «Ең үздік 

өнертапқыш әйел» сыйлығымен марапатталған Валентина 

Ремеле, сондай­ақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық 

техникалық университетінің профессоры, ауылшаруашылық 

ғылымының  докторы,  2008  жылы  «Жыл  өнертабысы» 

номинациясында  ең  үздік  деп  танылған  селекциялық 

жетістіктің теңавторы Людмила Алимжанова, 2011 жылғы 

Конкурстың дипломын иеленген өнертабыстардың тең­  

авторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық техникалық 

университетінің доценті, биология ғылымының докторы 

Елена Кухар сөз сөйледі және Л.Гумилев атындағы Ұлттық 

университеттің  инновацияларды  коммерцияландыру 

департаментінің  бөлім  басшысы  Анар  Досанова  білім 

ордасындағы өнертапқыштық жетістіктер туралы баяндады. 

Іс­шараға сонымен қатар, патенттанушылар мен ҚР 

патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.  Кездесуге 

қатысушылар студенттер мен жас ғалымдардың сұрақтарына 

жауап берді.  



Әділет министрілігінің Ұлттық зияткерлік 

меншік институты

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ 

ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ӘЗІРМІЗ



№33 (2811) 

29 наурыз 2016

5

zangazet@mail.ru



СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

– Қазақ көшінің кешегісі мен 

бүгінін қалай бағалайсыз?

– Тәуелсіздік алғалы шетте-

гі 5 млн қазақ диаспорасымен 

байланыс орнады. Елбасының 

тікелей қолдауымен егемендік 

алысымен әлем қазақтарының 

тұңғыш құрылтайы өтіп, Дүние­

жүзі қазақтарының қауымдасты­

ғы құрылды. Атажұртқа 1 мил­

лиондай қандасымыз оралды. 

Олар демографиялық жағдайы-

мызды жақсартып, экономика-

мыздың өсіп­өркендеуіне үлес 

қосуда. Мұндай іс көрші рес­

пуб ликалардың ешқайсысында 

болған емес. Мысалы, Өзбек-

стан, Тәжікстан, Түрікменстан 

республикаларының сырттағы 

диаспорасы бізден көп болмаса, 

аз емес. Соған қарамастан, олар 

бірде­бір қандасын көшіріп ал-

мады. Керісінше, олардың халқы 

жүз мыңдап өзге елдерге кету-

де. Армян халқының үштен бірі 

елін тастап кетті. Бұлармен са-

лыстырғанда  мемлекетіміздің 

қандастарға қамқорлық жасап, 

атажұртқа әкелуі мақтанарлық 

жағдай. Өкінішке қарай, бүгінде 

осы жетістігіміз дұрыс бағалан-

бауда. Оралмандарды күнін көре 

алмай, босып келген біреулер  

сияқты етіп көрсету бізде үйрен­

шікті әдетке айналды. Олар жө­

нін де дау­дамай, у­шу әңгіме көп.                

– Осы секілді келеңсіз әңгі­

мелердің орын алуының себебі 

неде?

– Бізде көші­қонға байланыс­

ты заңдар мен ереже­тәртіптер 

жиі өзгереді. Соның салдарынан 

көші­қонмен айналысатын ма-

мандардың өзі ереже­тәртіптерді 

білмейді. Мысалы, былтыр Алма-

тыда көші­қонға қатысты дөңге-

лек үстел өтті. Біз мамандарға «өз-

бекстандық оралмандар Қазақстан 

азаматтығын алу үшін Өзбекстан 

азаматтығынан алдын ала шығып 

келуі керек пе?» деген сұрақ қой-

дық.  Бұған  қалалық  кө ші­қон 

полициясының өкілі: «Міндетті 

түрде шығып келу керек», – деп 

жауап берді. Осыдан кейін Аста-

нада тура осындай басқосу болды. 

Біз мұнда да өзбекстандық орал-

мандарға қатысты сұрағымыз­

ды қайталадық. Республикалық 

көші­қон полициясының өкілі 

«Қазақстан азаматтығын алу үшін 

Өзбекстан азаматтығынан шығып 

келу міндетті емес» деді. Бір мәсе-

леге әртүрлі жауап. Дау­дамайлар 

көші­қондағы ереже­талаптардың 

бір жүйеге түспеуінен туындайды. 

Дұрыс түсіндірмеуге қатысты 

тағы бір мысал, бір­екі жыл бұрын 

моңғолиялық 800 оралманға қа-

тысты даулы әңгіме көтерілді. 

БАҚ­тарда бұлар Қазақстаннан 

жәбір­жапа шеккендер сияқты 

көрсетілді. Шындығында, олар 

азаматтыққа құжат өткізіп, от-

басы мүшелерінің санына қарай 

1 миллионға дейін пайда тауып, 

қайта кеткендер еді. Араларын-

да төлқұжатын беріп жіберіп, 

оралман атанып ақша алғандар 

да бар. Өркениетті елдер мұндай 

жағдайға ешқашан жол бермейді. 

Ең құрығанда азаматтықтан шыға-

руда алған ақшаларын қайтаруды 

талап етеді. Ал, бізде мұның бірі 

де болған жоқ.

– Мұның астарында жем­

қорлық жатқан жоқ па?

– Қазір неше түрлі делдал кө-

бейген. Олар аудандық, қалалық 

көші­қон полициясын төңірек-

теп жүреді. Кезінде бұл салада 

жемқорлық барынша асқынды. 

Мұндай жағдай оралмандарға 

арнайы ақша бөліп, үй сатып алып 

беруден басталды. Ал, баспана 

орнына ақша берілгенде, тіпті, кү-

шейді. Әсіресе, өмірде жоқ адам­

дар құжаттары қолдан жасалып, 

қыруар қаржыны жымқыру етек 

алды. Мысалы, Солтүстік Қа-

зақстан облысына тіркеліп, 1 мил-

лиардқа жуық жәрдемақы алған 

700 оралман отбасы ізім­ғайым 

жоқ болды. Бұл туралы баспасөз-

де жарияланып, қылмыстық іс 

қозғалды. Біз соңғы 10 жылда 

сан рет мәселе көтердік. Олар-

дың арасында «Отанға оралуды 

саудаға салмау керек», «Оралман-

дарды орналастырудағы оралым-

сыздықтар», «Үкімет көші­қон 

квотасына ереже жасаған жоқ» 

деген мақалалар бар. «Көші­қон-

дағы жемқорлық тыйылмай, көш 

түзелмейді» деген сұхбатымызда 

жемқорлық тыйылмаса оралман 

көші мүлдем тоқтайды дегенді 

ашып айттық. «Оралман көші: 

күдік пен үміт» атты ҚР Ішкі 

істер министріне жазылған ашық 

хатымызда да бұл мәселеге ерек-

ше тоқталдық. Сөзімізге кезінде 

ешкім құлақ салмады. Бірақ, мұ-

ның ақыры біраз облыстағы көші­

қон мекемелерінің басшылары 

мен қосшыларының жемқорлығы 



Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының 

орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург:

«ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЫЙЫЛМАЙ, 

КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ 

ШЕШІЛМЕЙДІ»

үшін сотталуымен тынды. Оған 

қоса, біздің 7­8 жыл бұрын айтқа-

нымыз айдай келіп, оралмандар-

дың көші азайды. Әрине, өткен 

кемшіліктерді қазбалағаннан пай-

да жоқ. Ең бастысы, болашақта 

бұл олқылықтарды түзеуді ойлау 

керек.


– Сіздің ойыңызша, қалай 

түзеуге болады?

– Қазіргі басты мәселе – көш­

ті қайта жандандыру. Былтыр 

«Халықтың  көші­қоны  тура-

лы» заңы толықтырылды. Енді 

осы мүмкіндікті пайдаланып, 

нақ ты жұмыстарды қолға алу 

керек. Бірінші кезекте 

Гер мания, Израиль 

сияқты елдердің эт-

никалық көші­қон 

саласындағы іс­

тәжірибеле рін 

тиімді  пай-

даланған 

жөн. 


– Министрлік бұл міндетін 

қалай атқарып отыр?

– Біздіңше, бұл жөнінде ой-

ланатын мәселелер бар. Бұған да 

нақты мысал келтірейік. Этника-

лық көші­қонда Қытайдан келген 

оралмандар көп қиындық көріп 

жүр. Бұл ағайындар арасынан 

тұрақты тіркелу, оралман мәрте-

бесіне қол жеткізу, азаматтыққа 

құжат өткізу, визасын созуда түр-

лі кедергілерге кездесуде. Мұн-

дағы басты мәселе ҚР Сыртқы 

істер министрлігіне, нақты айт­

қанда, Қытайдың Үрімжі қала-

сындағы паспорттық­визалық 

мекемесіне барып тіреледі. 

Олар Қазақстанға келу 

үшін  аталған  меке-

меден виза алады. Бірақ, виза-

ның бәрі бірдей емес. Оның да 

әртүрлі санаты, көші­қонға жа-

татын және жатпайтын түрлері 

бар. Көші­қонға жататын виза-

ның қатарына «Тарихи Отанына 

тұрақты оралу», «Отбасын бірік-

тіру» сияқтылар кіреді. Көші­

қонға кіретін визамен келгендер 

Қазақтанда тұрақты тұруда да, 

азаматтық алуда да ешқандай 

қиындық көрмейді. Бірақ, Қы-

тайдағы ағайындардың түгелге 

жуығы көші­қонға жатпайтын 

«Жеке сапар» визасымен келеді. 

«Тарихи Отанына тұрақты ора-

лу»  визасы  тұрғанда  олар  не 

себепті «Жеке сапар» визасын 

алып келеді? Бұл сұраққа бір ауыз 

сөзбен жауап беру қиын. Рас, 

жаңа заңда ұлты қазақ шетелдік 

азаматтың миссионерліктен басқа 

кез келген санаттағы визамен 

Қазақстанда тұрақты қалуына 

болатыны жазылған. Ол үшін 

жинайтын тиісті құжаттар бар. 

Алайда, олар қажетті құжаттарды 

дер кезінде жинап, тиісті мекеме-

лерге өткізбейді. Оның соңы түр-

лі қиындықтарға ұрындырады. 

«Оралмандарды Қазақстаннан 

қуып жатыр» деген әңгімелердің 

көбі осыдан туады. Үрімжідегі 

Паспорттық­визалық мекеме Қа-

зақстанға тұрақты тұруға бара-

тындарға көші­қон визасын неге 

бермейді?  Бұл  сұраққа  жауап 

іздегенде екі түрлі әңгіме естиміз. 

Оралмандар Үрімжідегі паспорт-

тық­визалық мекеменің «Жеке 

сапар» визасынан басқа виза бер-

мейтінін айтады. Ал, Қазақстан 

жағы «оралушылардың құжат 

жинау мен визалық төлемақыдан 

қашып, тегін әрі оңай берілетін 

«Жеке сапар» визасын алатыны» 

жайлы уәж келтіреді. Алдағы 

уақытта бұл жағдайлардың бәрі 

реттеліп, бір жүйеге түсуі керек.

– Заң жаңарды, оның талап­

тары мен орындалуы көңілден 

шыға ма?

– Жаң заң атажұртқа оралуға 

кең жол ашады. Мүлтіксіз орын-

далуы үшін ҚР Сыртқы істер ми-

нистрлігі заңда белгіленген мін-

деттерді жүзеге асыруға нақты 

әрі жүйелі түрде кірісуі қажет. 

Елшіліктер мен консулдықтар-

дың этникалық көші­қонға қатыс­

ты басты міндеті – елге келетін 

қандастарымызға көші­қон заңы 

мен ереже­талаптарды жүйелі 

және дұрыс түсіндіру. Бұл рет-

те визаға келген қазақтың Қа-

зақстанға не мақсатпен баратыны 

нақты анықталғаны жөн. Егер ол 

тұрақты тұруға барамын десе, 

онда қандай жолмен, қандай виза-

мен барғаны дұрыс, өзімен бірге 

қандай құжат ала баруы керек – 

осының бәрі толық түсіндірілуі 

керек.  Ал,  қазіргідей  өтініш 

жазған адамның бәріне «Жеке 

сапар» визасын бере салып қа-

рап отыра берсек, көші­қондағы 

дау­дамай жақын арада таусыл-

майды. Сондай­ақ, біраз елшілік-

терде оқу­білім жөнінде арнайы 

қызметкерлер бар. Осы қызмет-

керлердің сол елдегі этникалық 

қазақтарға  оқу­білім  жөнінен 

қандай көмек жасайтыны нақты-

лануы тиіс. Заңды орындау бары-

сында 20­бап пен 21­бапқа айрық-

ша назар аударылуы керек. 20­бап 

Қазақстанға келмей­ақ, шетелдегі 

елшіліктерге өтініш беріп, орал-

ман мәртебесін алатындарға ар-

налған, ал, 21­бапта Қазақстанға 

өз бетінше келгендерге оралман 

мәртебесін  беру  көрсетілген. 

20­бапқа сай, елшілікке өткізуге 

және Қазақстанға келуге қажетті 

құжаттар анықталуы тиіс. Алма-

тыда өткен көші­қон жөніндегі 

басқосуда осы мәселеге ешкім 

нақты жауап бере алмады. 21­бап 

бойынша келетіндерде қандай 

құжат болуы, келген соң қан-

дай құжат жинап, оларды қайда 

өткізеді – бұл да айқындалуы 

тиіс. «Жеке сапар» визасымен 

келетіндер  20­бапқа  ма,  әлде 

21­бапқа жата ма, ол да нақты-

лауды қажет етеді. Жалпы, шека-

радан өткен соң бірінші кезекте 

қайда барады, аудан мен облыс 

орталықтарында қай мекеменің 

есігін  қағады,  құжат  өткізуді 

неден бастайды – осының бәрі 

нақты көрсетілуге тиіс. СІМ Кон-

сулдық қызмет департаменті, ІІМ 

Көші­қон полициясы және ДСӘД 

еңбек, халықты әлеуметтік қорғау 

және көші­қон комитеті бірлесе 

отырып осы мәселені бір жүйеге 

түсіріп,  қажетті  құжаттардың 

тізімі мен үлгісін жасап, сұраған 

адамның қолына ұстататындай 

етіп дайындауы, арнайы сайтқа 

салып қоюы кезек күттірмейді.

– Азаматтық ала алмай не­

месе визасының мерзімі өтіп, 

кері қайта алмай жүргендер 

де бар ғой. Олардың жағдайы 

қалай болуда? 

– Шеттен, әсіресе, Қытайдан 

келіп біраз уақыт тұрған, қазір ви-

засының мерзімі өтіп кеткендер 

арасында балалы болғандар да 

бар. Осында туылған ұл­қызына 

туу туралы куәлік не жәрдемақы 

ала алмай жүр. Осыларды Қа-

зақстаннан шығармай, визасын 

ұзартуға мүмкіндік бар. Өйткені, 

заңның 9­бабының 4­тармағында 

«Ішкі істер органдары Қазақстан 

аумағындағы шетелдіктер визала-

ларының қолдану мерзімін ұзарта 

алады» деп көрсетілген. Осыған 

сүйеніп, Қазақстанға келіп, бірақ, 

азаматтық ала алмай не кері қай-

та алмай жүрген ағайындарға 

виза жөнінен жеңілдік жасасақ 

дұрыс болар еді. Сырттан келген 

ағайындар «Оралман куәлігінің» 

мерзіміне байланысты да қиын-

дық көруде. «Оралман куәлігін» 

алғанымен, әртүрлі себептер-

мен азаматтыққа құжат өткізбей, 

салдарынан мерзімі өтіп кетеді. 

Азаматтыққа  құжат  өткізейін 

десе, көші­қон полициясы жаңа 

«Оралман куәлігін» талап етеді. 

Ал, көші­қон мекемесіндегілер 

«Оралман куәлігі» екінші мәрте 

берілмейтінін алға тартады. 



– Мұндай жағдайда азамат­

тықтан үміт үзіп, келген жақ­

қа қайта ма?

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.56 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет