Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа



жүктеу 0.56 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

А.ДАНИЛОВ,

Алматы облысы Іле аудандық прокуратурасының 

прокуроры

«СОТ КАБИНЕТІ» АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСІНІҢ 

ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

КӘСІБИ ЕМЕС МЕДИАТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК

Пәрмен 


тапсырмалардағы кейбір кем­

ші ліктерге тоқталып, тап сыр­

малардың  уақытын  назар да 

ұстау керектігін айтып өтті.

«Төрелік» ақпараттық жүйе­

сіндегі  азаматтық  іс  жүргізу 

тәртібі туралы құжаттамалық 

қамтамасыз ету бөлімінің бас 

маманы  И.Жанабергенова, 

ал,  қылмыстық  іс  жүргізу 

тәртібі туралы құжаттамалық 

қамтамасыз ету бөлімінің бас 

маманы Н.Нұрахметова баян­

дама  оқыды.  «Сот  кабинеті» 

жұмысын қолдануда туындаған 

мәселелер  бойынша  талдау 

және жоспарлау бөлімінің бас 

маманы  Б.Рысмамбетов  сөз 

сөйледі. Ол өз баяндамасында 

бүгінгі күні сот органдарында 

«Сот  кабинеті»  электронды 

сервисі  жұмыс  жасайтынын, 

қазіргі таңда бұл жүйе бойынша 

негізгі бағыт «Талап арыз беру» 

сервисімен соттарға 23 наурызға 

дейін 3673 талап арыз түскенін 

айтып, талап арыздардың уақ­

тылы тіркелуі бойынша облыс 

соттарына жүргізілген тал дауға 

тоқталды.

Мұнан соң, «Сот отырыс­

тарында дыбыс­бейнеқон дыр­

ғыларын қолдану» туралы тал­

дау және жоспарлау бөлімінің 

бас  маманы  А.Кайбалдиева 

айтып өтті. Семинар соңында 

талқыланған мәселелер қоры­

тындыланып, тиісті ұсыным дар 

жасалды.

Қызылорда облыстық 

сотының баспасөз қызметі

Семинар 


«ТӨРЕЛІК» ТИІМДІЛІГІН ДӘЛЕЛДЕДІ

Білген жөн 



№33 (2811) 

29 наурыз 2016

3

zangazet@mail.ru



ҚОҒАМ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сауалнаманы дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Ойталқы


ӘУЕДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІМІЗДІ 

ҚАЙТСЕК ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТЕМІЗ?



Марат БӘШІМОВ, 

заңгер:

Айдос САРЫМ, 

саясаттанушы:

Қатты қажет болса, «Эйр Астана» 

әуекомпаниясының ұшақтарына міну-

ге тырысамын. Өйткені, салыстырма-

лы түрде бұл компанияның ұшақтары 

жаңалау, шығарылғанына 10-15 жыл 

болған. Қанша айтқанмен, темірін 

қанша майлап, күрделі жөндеуден 

өткізсең де ескінің аты – ескі. 

Жалпы, соңғы жылдары елімізде 

апатқа ұшыраған ұшақтар мен тікұ-

шақтардың барлығы тозығы жеткен. 

Көпшілігі  күрделі жөндеуден өткен 

әуе көліктері екен. Сондықтан, ха-

лық  бәсекелестікті  күшейту  үшін 

жаңа ұшақтары бар әуекомпанияны 

таңдауға  тырысуы  керек  секілді. 

Сонда олар да үнемдеудің соңына 

түспей, халықтың таңдауымен са-

насуға тырысады. Және мемлекет 

тарапынан авикомпанияларға тех-

никалық  талапты  күшейтуді  қолға 

алу керек. Басқалар ескі ұшақтарын 

бізге  тықпалап  жатқан  жоқ,  өзіміз 

ерікті түрде қыруар қаржыға сатып 

алып отырмыз. Жақында Иран елі 

өздеріндегі ұшақтың ұшу талаптарын 

күшейтті. Сол секілді, біздің еліміздегі 

ұшақтардың да жарамдылық мерзімі-

не шектеу қойған орынды. Күрделі 

жөндеу жасап, қайта ұшуға рұқсат 

бермеуіміз қажет. Яғни, техникалық 

қадағалауды күшейтпей, біз техни-

калық ақаулар салдарынан болатын 

ұшақ апаттарын азайта алмаймыз. 

Сондай-ақ, компаниялардың саны 

мен сапасын арттыра отырып, бәсе-

келестікті күшейтуге тырысқан дұрыс 

деп санаймын. Өйткені, елімізде ұшақ 

билеттері кез келгеннің қалтасына сай 

емес. Бұл да болса мемлекет тара-

пынан қадағалайтын бір мәселе.

Жалпы, ұшақты өзіміз шығармай-

мыз деген сылтау болмауы керек, 

халықтың қауіпсіздігі бәрінен жоғары. 

Бірақ, дамыған Еуропа елдерін-

де көбінесе ұшақ апаттарының орын 

алуына лаңкестердің жарып жіберуі 

немесе басқа бағытқа кепілге алып 

кетуі, ауа райы секілді жағдайлар 

түрткі болса, бізде апатқа ұшыраған 

барлық ұшақтар мен тікұшақтарға 

техникалық  ақау  әсер  етіп  отыр. 

Демек, еліміздегі ұшақтар мен тік-

ұшақтардың  техникалық  сапасы 

талапқа сай емес. Соның кесірінен 

көбінесе өзгелердің жарамдылық 

мерзімі өткен, пайдалануға келмей-

тін ескі-құсқыларын сатып аламыз 

да,  құлаған  ұшаққа  «техникалық 

ақау салдарынан» деп диагнозын 

қойып отыра беретін болдық. Ең 

болмаса сол себебімен күрескіміз 

келмейді.  Бұл  жерде  біз  ең  ал-

дымен  жолаушылардың  құқығын 

бұзып  отырмыз.  Неге  біздің  аза-

маттарымыз сонша қымбат ақшаға 

ұшақ билетін сатып ала тұра өзінің 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ете  ал-

мауы  керек?!  Жасыратыны  жоқ 

еліміздегі ұшақ билеттерінің баға-

сы тым қымбат. Бәсекелестік жоқ. 

Қазір халқымыз «Скатқа» да, «Bek 

Air-ге» де күдікпен қарайды. Осы 

орайда айта кетер жайт, еліміздегі 

әуе компания ларының қай-қайсысы 

болмасын толық қауіпсіз деп, кесіп 

айта алмаймыз. Мәселен екі апта 

бұрын «Bek Air» әуе компаниясына 

тиесілі  Ақтөбе-Астана  бағытын-

дағы ұшақтың шассиінде ақаудың 

болғанын әлеуметтік желі қолда-

нушылары шулап айтып жатыр. Бұл 

ақпаратты «Bek Air» компаниясының 

басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та 

растады. Басымызды қатерге тігіп, 

бұлай қашанғы жүреміз?! Компания 

басшысының айтуынша, ұшақ қонар 

алдында 30 минут бойы айналым 

жасаған көрінеді. Демек 30 минут 

бойына  ұшақтағы  халық  жанын 

шүберекке түйіп отырған. Бұл деген 

сұмдық қой. Сырқат адамдардың 

қан қысымы күрт көтерілуі мүмкін. 

Жүрегінде ақауы бар адамдар ше? 

Бұлай  халықтың  денсаулығымен 

ойнауға болмайды. 

Сондықтан, еліміздегі әуеком-

панияларына тексеріс жүргізіп, та-

лапты күшейту керек. Кешегі жолы 

тәжірибелі  ұшқыш  болмаса  121 

адамның  отбасы  бүгін  қара  жа-

мылып отыруы әбден мүмкін еді. 

«Жаман айтпай, жақсы жоқ». Соған 

орай қауіпсіздікті барынша күшейту 

керек. Қазір ұшақтан қорыққан ха-

лық қалаларымыздың арасы шал-

ғай болса да көлікпен жолға шығуға 

тырысады. ХХІ ғасырда бұл сұмдық 

қой. Бұл кемшілікті жоймаса бол-

майды. 

Бүгінгінің бас тақырыбы



ЖАҢА ДА ЕСКІ 

МӘЖІЛІСМЕНДЕР 

ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ



(Соңы. Басы 1-бетте)

Мәселе


Екіншісі, «Жер қойнауы және жер 

қойнауын пайдалану туралы» кодексті 

жасау. Елбасының айтуынша, осы қа-

дам арқылы саладағы қатынастарды 

реттейтін барлық өлшемдер бір заңға 

шоғырландырылуы тиіс. Үшінші мін-

дет – энергия таратушы ұйымдарды 

ірілендіру үдерісі үшін қолданыстағы 

электр энергетикасы мәселелері жөнін-

дегі заңнамаға өзгерістер енгізу. Төртін-

ші мақсат – монополияға қарсы саланы 

реформалауды одан әрі алға апарудың 

құқықтық негізі болатын бәсекелестік 

мәселелері жөніндегі заңнамалық ак-

тілерге өзгерістер мен толықтырулар 

енгізуге бағытталады. Бесіншіден, мем-

лекеттік қызметтерді бәсекелі ортаға 

беру шараларын ширатып, жүйелеу 

үшін тиісті заңнаманы жаңғырту керек.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда 

Мемлекет басшысы Мәжіліс пен Пар-

ламент Сенаты арасындағы сындарлы 

іс-қимыл дәстүрі өз жалғасын табаты-

нына сенім білдірді. Осы ретте Нұрсұл-

тан Әбішұлы жаңа ахуал жағдайында 

Парламенттің және оның палаталары-

ның қоғамдық-саяси рөлі мен жауап-

кершілігінің артып отырғанын ерекше 

атап өтті. «Парламентшілердің партия-

аралық өзара іс-қимылын күшейтіп, 

барлық фракциялар мен депутаттық 

топтардың үйлесімді жұмысына қол 

жеткізу керек. Қазақстан депутаттары-

ның халықаралық парламентаралық 

қоғамдастыққа белсене қатысуы да 

маңызды міндет. Жаңа депутаттардың 

іске тез арада кірісіп, бұрынғы құрам 

депутаттары сабақтастықты қамтама-

сыз етіп, «жаңа арнаға» жедел көшетіні-

не сенімдімін», – дедіЕлбасы.

Жиын  барысында  Парламенттің 

жаңадан сайланған депутаттары ант 

берді. Осы шарадан соң Мәжіліс депу-

таттары шұғыл түрде Палатаның жалпы 

отырысына жиналды. Бұл басқосуда 

алдымен  Мәжілістің  құрылымдық, 

ұйымдастырушылық мәселелері қарал-

ды. Оның нәтижесі бойынша Палата 

спикері болып депутат Бақтықожа Ізмұ-

ханбетов сайланды. Ал, оның орынба-

сарлары қызметін депутаттар Гүлмира 

Исимбаева мен Владимир Божко ен-

шіледі. 

Осы отырыста комитеттердің саны 

мен атауы да айқындалды. Олар ал-

дыңғы  шақырылымдағыдай  жетеу 

болып, атауы да өзгермеді. Кейбірінің 

жетекшілері де сол күйінде қалды. 

Мәселен, Қаржы және бюджет, Ха-

лықаралық істер, қорғаныс және қа-

уіпсіздік, Әлеуметтік-мәдени комитет-

терін бұрынғыша Гүлжан Қарағұсова, 

Мәулен Әщімбаев, Гүлнар Ихсанова 

басқаратын болды. Өзге төрт комитет-

тің тізгіні жаңа жетекшілерге берілді. 

Нақтырақ айтар болсақ, Экология мәсе-

лелері және табиғатты қорғау, Заңнама 

және сот-құқықтық реформа комитет-

теріне өткен шақырылымнан депутат 

болып келе жатқан Глеб Шегельский 

мен  Нұрлан  Әбдіров  төраға  болса, 

Аграрлық мәселелер мен Экономика-

лық реформалар мен өңірлік даму ко-

митеттеріне жаңа депутаттар Сапархан 

Омаров пен Роман Скляр жетекшілік 

жасамақ.


Осылайша, өздерінің басқару-ұй-

ымдастырушылық мәселелерін шешіп 

алған мәжілісшілер осы жиында Үкімет 

басшысының жайын да реттеп тастады. 

Бұл ретте депутат Татьяна Яковлева сөз 

алып, әріптестеріне Үкімет басшысына 

сенім білдіру жөнінде ұсыныс білдірді. 

Мәселе көп талқыланбай, бірден қолдау 

тапты. Өзіне артылған осынау сенімге 

Кәрім Мәсімов алғыс сезімін білдірді. 

Ол мұны «Өз басым үшін үлкен абы-

рой және жауапкершілік» дей келе, 

Үкіметтің  Мемлекет  басшысының 

бағдарламалық құжаттарында тапсы-

рған стратегиялық мақсаттарды жүзеге 

асыру жолындағы іс-қимылын жалға-

стыра беретінін мәлімдеді. «Қазіргі 

әлемдік экономика аумалы-төкпелі күй 

кешіп тұрған уақытта Мемлекет бас-

шысы тың әрі жауапкершілігі жоғары 

міндеттерді алдымызға қойып отыр. Біз 

елдің дамуына бағытталған экономика-

лық саясатты жүзеге асыруға барлық 

күш-жігерімізді саламыз», – деп уәде 

берді Үкімет басшысы. 

Осылайша, Мәжілістің жаңа құра-

мы да өз жұмысын бастады. Депутат-

тардың айтуынша, олардың алдына 

қойлып отырған міндеттің салмағы 

ауыр. Мәселен, журналистерге бер-

ген сұхбатында Мәжілістегі «Ақ жол» 

фрак циясының жетекшісі Азат Перу-

ашев бірыңғай кеден және салық ко-

дексін қабылдау күрделі жұмыс деген 

пікірін білдірген еді. Оның қиындығы 

депутаттың пайымдауынша, бұл қыз-

меттердің бүгінде Мемлекеттік кірістер 

комитетінің құзыретіне біріктірілгенін-

де болып тұр. Шын мәнінде фискалдық 

сипаты бар салықтық және кедендік 

түсімдерді өндіріп, есептеудің әдістеме-

лері әртүрлі. Демек, осы екі бағыттағы 

мәліметтер қорын тиімді үйлестіріп, 

сол арқылы ақпараттарды да біріктіру 

қажет. Бұл оңай жұмыс емес. Алайда, 

жиын барысында спикер Ізмұханбетов 

айтқандай, депутаттар қандай қиын істі 

болса да жұмылған жұдырықтай болып 

орындауға әзір. Әрине, олардың бұл уә-

деден қаншалықты шығатынына уақыт  

қана төреші.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,

«Заң газеті»

Ең алғаш осыдан жүз жылдан астам 

уақыт бұрын адамзат баласы ұшаққа 

отырғаны белгілі. Одан бергі уақытта 

аэронавтика өндірісі қарқындап дами 

бастады. Сондай-ақ, әуе көлігінің 

қолданысқа енгеніне ғасырдан астам 

уақыт өтсе де әлемнің әр қиырында 

көптеген тікұшақ және ұшақ апаттары 

орын алуда. Әсіресе әуе көліктерінің 

апаттары біздің елімізге таңсық емес. 

Жыл сайын біреуі құлап жатқаны. Рас, 

елімізде әуе көліктері жасалмайды. 

Сондықтан су жаңасын қымбатсы-

нып, реті келсе, ескі болса да арзандау 

бағамен басқалардың ескі-құсқысын 

сатып алып жататынымыз жасырын 

емес. Соған орай «арзанның жілігі 

татымайды» дегендей, әуе көлігінің 

апатынан да көз ашпай келеміз. Қара 

халық түгілі, шенділеріміз мінген 

ұшақтың да сапасы талапқа сай емес. 

Мәселен 2001 жылдың қаңтар айында 

сол кездегі Қазақстанның Қорғаныс 

министрі Сәт Тоқпақбаев мінген тікұ-

шақ апатқа ұшырап, бір офицер қаза 

болып, ондаған офицер жараланды. 

Дәл  осы  жылы  Леңгір  қаласында 

«Ми-8 МТ» тікұшағы құлап, тағы бір 

адамның өліміне себепші болған. 2008 

жылы ақпан айында Сырдария өзенін-

дегі сең қозғалысын әуеден бақылап 

жүрген сол кездегі Қызылорда облы-

сының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед 

мінген ҚР Төтенше жағдайлар минис-

трлігіне қарасты «Ми-8» тікұшағы да 

апатқа ұшырап, ұшақ бортындағы 18 

адамның бесеуі қаза тапқан. Еліміздің 

атқамінерлері мінген ұшақтардың 

өзінің  жағдайы  осындай.  Жалпы, 

санамалай бастасақ, соңғы он жыл 

көлемінде орын алған ұшақ апаты же-

терлік. Олардың барлығының дерлік 

себебі техникалық ақау!

Айта  кетер  жайт,  қайбір  жылы 

ұшақ апаты жиілеп кетуіне орай әуе 

көліктерін двигательмен жабдықтау-

мен айналысатын ресейлік «Климов» 

компаниясының атқарушы директоры 

Александр Ватагин ТМД елдері ара-

сында, сонымен қатар, Қазақстанда да 

әуе қозғалыстарының қауіпті болып 

бара жатқанына алаңдаушылық біл-

діріп, Қазақстанның мемлекеттік және 

авиациялық билігіне үндеу жолдады. 

Үндеуде ТМД аумағында болатын 

ұшақ апаттарының саны, тіпті, Еуропа 

мен Солтүстік Американың көрсет-

кішін де басып озғаны айтылған. 

Соңғы кездері еліміздің басқа ел-

дердің ескі-құсқы техникасын сатып 

алатыны жөнінде де айтылып жүр. 

Еліміздің әуе көліктеріне сыни пікірін 

білдірген ресейлік компанияның да 

басты өкпесі осы болды. Елімізге 

жол даған үндеуінде «авиакомпания-

лардың заңсыз сатып алынған бөл-

шектерді пайдалану мен онымен ай-

налысуға құқығы жоқ, көңілге күмән 

ұялатқан фирмалармен жұмыс істе-

уі осындай әуе апаттарының орын 

алуына себепкер болады» дей келіп, 

«мұндай қадамға қаржы үнемдеу үшін 

баратынын» да жасырмаған. Енде-

ше жоғарыдағы апатқа ұшырағыш 

ұшақтар мен тікұшақтардың «көңілге 

күмән ұялатқан фирмалардың» бірі-

нен күрделі жөндеуден өтпегеніне кім 

кепіл?! Жалпы, тікұшақтарды сатып 

алу кезінде сырты жылтыраған ескі 

тікұшақтарды сатып алу қаншалықты 

тиімді? Сатып алуға ақшаны бір жұм-

сап, сонан соң күрделі жөндеуден 

өткізуге екінші қайтара қаржы жұмса-

латын тікұшақтардың қажеті қанша? 

Одан да неге су жаңасын сатып алып, 

пайдаланбасқа. Бұл ұшақтарға да қа-

тысты. Есесіне ұшаққа мінген азамат-

тарымыздың тағдыры қыл үстінде 

тұрмас еді. 

Сондай-ақ, елімізде пайдаланы-

латын ұшақтардың басым бөлігі Ре-

сейден жөндеуден өтіп, сол жақтан 

сатып алынады екен. Ал, Ресейдің өзі 

ұшақ апатынан көш бастап отырға-

нын ескерсек, көршінің ескісіне неге 

байланып қалдық дейсің, еріксіз. Өзге 

жұрт жасап жатқан ұшу қауіпсіздігі 

жоғары,  озық  үлгідегі  ұшақтарды 

таңдап алуға неге жалтақтық таныта-

мыз? 

Кеше күнұзаққа әлеуметтік желі-



лерде шассисіз қонған «Фокер-100» 

маркалы  ұшағынан  түскен  жолау-

шылардың қуанышы, олардың жа-

рының, туыстарының ұшқыштарға 

рақмет айтып, ризашылық біл діргені, 

бірнеше сағат бойы қона алмай төбеде 

ұшып жүргендегі халықтың қорқы-

нышын сөзбен жеткізе алмағанын 

көріп, әуедегі қауіпсіздігіміз қорғал-

мағанына анық көз жеткізгендей бол-

дық. Әлеуметтік желі қолданушылары 

жаппай алдағы уақытта еліміздегі 

ұшақтарға сараптама жасауды да талап 

етіп жатыр. Расында да ұшақтарымыз 

топ-топ етіп құлап, одан қалды, «тех-

никалық ақау салдарынан» деп себебін 

айтып отыра береміз бе? Әрі-беріден 

соң, халық «БЕК ЭЙР» ұшағының 

қонар  кезінде  сұмдық  гүрілдеген 

даусына, «Скат» ұшақтарының әуеге 

көтерілген кезінде тым қатты «қал-

балақтайтынына», соған қарамастан 

ұшақ билеттерінің тым қымбаттығына 

наразы. Бұл күрделенген мәселелер 

қашан шешіледі? Халық техникалық 

ақауы көп ұшақтарға қашанғы өмірін 

қатерге тігіп міне береді?!

Әмірбек ТӨГІСОВ, 

генерал-майор, 

әскери сарапшы:

 

– Ұшақтарымыздағы техни­

калық  ақаудың  көптігінің  бір­

ден­бір себебі – олардың ескілігін­

де. Біз жа ңа ұшақ емес, көбінесе 

ескі ұшақ сатып аламыз. Мемле­

кеттің бас ты байлығы – адам. Тө­

тенше жағ дайлардан опат болған 

әрбір адамның өміріне үлкен жа­

уапкершілікпен қарауымыз керек. 

Әрбір адам өмірінің өлшемімен 

алғанда – жаңа техникадан ақша 

аяуымыздың өзі сұмдық, адам сен­

бес нәрсе. Рас, қазір тозығы жет­

кен тікұшақтар мен ұшақтарды 

пайдаланудың  салдарынан  әуе 

апаттары көбейіп кетті. Бұған 

қатаң жауапкершілікпен қарай­

тын кез жетті.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

«Заң газеті»

К

еше ғана Қызылорда 

қаласынан Астанаға 

ұшқан Bek Air ұшағындағы 121 

адамның өмірі қыл үстінде тұр-

ды. Ішінде 116 жолаушы мен 5 

экипаж мүшесі бар ұшақ Астана 

әуежайына алдыңғы шассисіз 

қонған. Бұл техникалық ақау 

ұшақта апатты жағдай 

туындатқан. Жалпы, елімізде 

соңғы он шақты жылдың 

көлемінде орын алған әуе 

апаттарына көз жүгіртсек, 

олардың басым бөлігінің 

апатқа ұшырауына техникалық 

жағдай себеп болған екен. 

ҰШАҚТАРЫМЫЗДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ 



АҚАУЫ ҚАШАН ЖОЙЫЛАДЫ?

4

№33 (2811) 

29 наурыз 2016

zangazet@maiI.ru

ТАРАЗЫ

100 нақты қадам



Судьялардың жасына, біліміне, 

тәжірибесіне қатысты талапты 

күшейту қажеттігі ешқашан өзек­

тілігін жойған емес. Мұндай зор 

міндет  баяғының  билеріне  де 

қойылған. Ол уақытта үлкен дана 

билердің сынынан өтіп, өзінің 

біліктілігін дәлелдеген жандарға 

жасына қарамастан сенім артыл­

ған. «Болар бала он үшінде бас­

пын дейді», «Болам деген бала­

ның  бетінен  қақпа,  белін  бу» 

деген нақыл сөздер сол кезден 

бастау алса керек. Ал, қазіргі жағ­

дайда бәрі басқаша. Құқықтық 

мемлекетте барлық қадам заңдық 

тұрғыда дәйектелуі керек. Бұл 

тіртіп сот құрылымындағы жұмыс­

тарға, реформаларға қатысты да 

сақталады.  Міне,  осыған  орай 

тәуелсіздік  алған  жылдардан 

бері судьялықтан үміткерлерге 

қойылатын міндет пен талап бірте­

бірте толықтылып, күшейтіліп 

келеді.

Мәселен, бұрын судья болуды 



арман дағандардың  заңгерлік 

білімі  мен  жұмыс  тәжірибесі 

назарға  алынатын.  Кейіннен 

талапкерлердің жасына қатысты 

арнайы  меже  белгіленді.  Оған 

сай, жасы жиырма бестен асқан 

заңгерлік білімі бар жандардың 

судья болуға үміт етуге толық 

мүмкіндігі  болды.  Дегенмен, 

жиырма  бестегі  үміткерлердің 

үмітті ақтайтынына күмән келтір­

гендер көп. Соның әсерінен осы 

уақытқа дейін өткен республика 

судьяларының  алты  съезінде 

де үміткерлер жасына қатысты 

талапты көтеру қажеттігі үнемі 

сөз  болып  келді.  Ұсынысты 

жақтағандар  дана  билердің  он 

үштегі балаға да билік айтқызып, 

әділ шешім шығаруға баулығанын 

алға тартса, қарсы пікірдегілер 

ол заман мен бүгінгі заманның 

сәйкес келмейтінін, судьялыққа 

ақыл тоқтатқан, білімін шыңдаған, 

көргені  көп,  көңілге  түйгені 

кемел жандардың  келгені дұрыс 

деген уәж айтып қарсы шыққан 

еді. Мысалдарды алға тартып, 

өз пікірін дәлелдеген кезде қос 

пікір де нанымды, дұрыс болып 

көрінеді. Дегенмен, бүгінгідей 

қылмыс күрделеніп, алаяқтардың 

амалы көбейген заманда судьяның 

жасы мен тәжірибесіне көбірек 

көңіл бөлген дұрыс­ақ. Білімнің 

тәжірибемен  келетінін  ешкім 

жоққа шығара алмайды. Ендеше, 

Елбасы ұсынған Ұлт жоспары осы 

таласты мәселеге нақты тұжырым 

жасап,  нүктесін  қойды.  Енді 

судьялық қызметке сот істерін 

жүргізуге қатысудың 5 жылдық 

өтілі  болуы  шарт.  Судьялыққа 

үміткерлер үшін соттарда шәкірт­

ақы  төленетін  бір  жылдық 

тағылымдамадан өту мүмкіндігі 

қарастырылып  отырғанын  да 

айта  кеткеніміз  жөн.  Аталған 

тағылымдамадан кейін судьяның 

бір  жылдық  сынақ  мерзімінен 

өтуі  тиістігі  де  қажеттіліктен 

туындап отырғаны даусыз. Яғни, 

бұл жолы үміткерлердің жасынан, 

білімінен  гөрі  тәжірибесіне, 

меңгерген білігіне көбірек маңыз 

берілмек.

Жалпы, адам тағдырын шеше­

тін болғандықтан судьялық тан 

үміткерлерге қойылар талаптың 

өскені орынды. Өйткені, теория­

лық  білімді  меңгеру  бір  басқа 

да,  оны  тәжірибеде  қолдану 

мүлде  бөлек  дүние.  Бұдан 

бөлек,  өз  өмірін  судьялықпен 

бай ла ныстырғысы  келген  жан 

әрқашан  қазылардың  алдыңғы 

буын өкілдерінің тәжірибесіне 

үңіліп, олардан тағылым алуға 

тырысуы керек. Сот саласында 

сатылап  өскен  жандарға  судья 

болып шешім шығару қиындық 

келтірмейді. Судьялар қауымы да 

көзінде ұшқыны бар, қазы болуға 

талап қылып жүрген жастарға жол 

көрсетіп, қолтығынан демеуге, 

білмегенін үйретіп, ынталан дыру­

ға әрқашан дайын. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал