Шанханай негізгі мектебінің мектеп директоры: Д. Е. Самбетоваға Шанханай негізгі мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылында



жүктеу 8.24 Mb.
Дата11.02.2022
өлшемі8.24 Mb.
#17161
түріБағдарламасы
6 сынып 8 бағыт тарбие ақпарат 2022

Шанханай негізгі мектебінің

мектеп директоры:

Д.Е.Самбетоваға

Шанханай негізгі мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылында

ІI- тоқсанда тәрбиенің кешенді бағдарламасының орындалуы туралы

Ақпарат
1. Бағыты: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамны ң саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.

6-сынып бойынша 1-желтоқсан Президент күніне орай «Елім деген-Елбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылардың өз құқықтарын білу, үйрену мақсатынд «Зорлық-зомбылықсыз балалалық шақ» кездесу өткізіліп, оқушыларға көптеген мағлұматтар бере отырып, заңдармен,баптармен таныстырды.





«Терезедегі ТУ» акциясы өткізіліп, оқушылар терезеге ту ілді.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы қарсаңында «Тұғыры биік-Тәуелсіздік!!» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізіліп, оқушылар Желтоқсан құрбандарының өмірінен үзінді көріністер қойды.

2. Бағыты: РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру

1-қазан Қарттар күніне арналған «Қарттарды-қадірлейік!» тақырыбында қарттардың үйіне барып сыйлық беріп, көмек көрсетіп батасын алып қайтты.



«Қазақ батыры-Қаракерей Қабанбай» тақырыбында оқушыларға сынып сағаты өткізіліп, Қабанбай батырымыз туралы түсінік қалыптастырылды.



.

3. Бағыты: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ


Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау.

«Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында аудандіқ дінтанушы өкілдерімен кездесу өткізілді.



4. Бағыты: ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ


Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

«Жаңа жыл-отбасылық мереке» тақырыбында 6-сынып оқушылар арасында отбасылық фотоколлаж видеролигі жасалынды.

5. Бағыты: ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.

«Электр тогынан сақтанайық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға электр тогының қауіпсіздігі туралы таныстырып, сақтық шаралары көрсетілді.



6. Бағыты: КӨПМӘДЕНИЕТТІК ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ


Мақсаты: Жалпы мәдениет мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнермен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында поли мәдениорта құру.

«Ұстаздарға мың алғыс!!» ұстаздар күніне арналған қабырға газеттері шығарылып, және сынып жетекшісі С.Өмірханның ұйымдастыруымен ардагер ұстаз Баисбекова Кенжегул Сейтқазықызына ашық хат жасап және сыйлық жасап оқушылар ұстаздарды құттықтады.



«Алтын күз» байқауы өткзіліп, 6-сынып оқушылары Орамжапырақ тобы болды, және Бас жүлдені иеленді.



«Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілігі ұйымдастырылып, оқушылардың жаңа жылдық киімдерімен концерттері болды.



7.Бағыты:Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу


Мақсаты
: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

«Не? Қайда? Қашан?» Интеллектуалды ойын ұйымдастырылып сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ойынға белсене қасытып, жеңіпмаздарға мақтау қағаздары табысталды.

8. Бағыты: ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.

«1 желтоқсан- Дүние жүзілік СПИД – ке қарсы күніне» байланысты «СПИД-қауіпті дерт!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, оқушыларға зиынды заттардан аулақ болу керек екендігі түсіндірілді.





6-сынып жетекшісі: Өмірхан С.Е.
жүктеу 8.24 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет