Шал бүгін көңілсіз. Бойы дел-сал. Әлденеге қамығып, баз біреу



жүктеу 39.26 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.02.2017
өлшемі39.26 Kb.
#3420

ӘКЕ ТІЛЕГІ 

Әңгіме 

Шал бүгін көңілсіз. Бойы дел-сал. Әлденеге  қамығып, баз біреу-

ден зәбір шеккен жандай кеудесіне ащы өксік тіреле береді. Бүгінгі күн 

де бұлыңғыр.  Қазбауыр бұлттар  қала үстіне төніп тұр. 

Сейсен  қарттың осындағы  қызметкер  ұлының  қолына келіп жатқа-

нына недәуір уақыт болды.  Ж а с кезінде әкесі марқұммен келіп, бірер 

көргені болмаса, бертін келе бұл шәһар дегенін кім көрген?! Таң атар-

атпастан көше дүріл-гүрілге толады, содан іңір түсіп, көзің  ұйқыға кет-

кенше бір басылмайды-ау. 

Ұ

лы мен келіні күндіз  қызметте. Сейсекең жалғыз  қалады. Алға-



шында балконға шығып көшеге  қарап отыратын. Кейінгі кезде одан да 

жалықты. Әлденені аңсайтын сияқты, әлденені тосатын сияқты. Ерте 

ме, кеш пе, әйтеуір бұның өмірінде бір өзгеріс болатындай. 

Өткен түнде жайсыздау түс көрді. Марқұм әкесі  Құсайын кіріп жүр 

екен. Жайлауда отыр-мыс. Сейсекең жылқы бағады. Жылқыны түс ауа 

қ

ара суға  құлата беттетіп, үйіне келсе, төр алдында  Құсекең отыр. Сей-



секең таңданбайды. Ши жақта әлденеге күйбеңдеп, кемпірі Бағила жүр. 

Ой, сұмдық-ай!  Құсекең де, Бағила да бұны жан-ау деп көздеріне іл-

мейді. Өздерімен-өздері. «Ә, сендер маған өкпелі екенсіңдер ғой? Әйтсе 

де, не жаздым сендерге? Әке-ау, не болды? Неге үндемейсің?» 

Өз даусынан өзі шошып оянды. Содан таң атқанша  ұйқы көрмеді. 

Есіне  қайдағы-жайдағылар түсті.  Қайтыс болғанына жылдан асқан 

адал  қосағы Бағила елестеді. Неге екені белгісіз, Сейсекең өзінің ауы-

лын тастап, осында келгені үшін өзін кінәлідей сезінді. Әйтеуір бір тыл-

сым күш бұнысын  құптамай, кінәраттайтындай. 

105 


Әлде Бағила марқұм бұнда келгенін  құптамай ма екен? Шалдың 

есіне сол бір кездегі бір оқиға түсті.  Ұмытпаса, кемпірінің жарық дү-

ниеден көрер соңғы күні шығар.  Қыс бойы осы кеселге шалдығып, бір 

түзелмей-ақ  қойған. 

Түс ауа тіпті төмендеп  қалды. Әбдіғали молда кемпірдің тамырын 

ұ

стап, төмен  қарап отыр. Бишара-ай, ең соңғы рет есін жинап алып, Сей-



сенге көзімен ымдап, өзіне жақындатты да, әлденені сыбырлаған бол-

ды... Әлден соң соңғы рет ышқынып, сұлқ  қалды. 

Иә, Бағила өлісімен жан-жақтағы туыс, жекжат-жақындарға хабар 

жіберілді.  Құдайға шүкір, кемпірін Сейсекең жаман жөнелткен жоқ. 

Пендешілік  қой ең аяғы, кісің өліп, оны жөнелтуің нашар болса, маңа-

йыңдағылар оны да сөз  қылады. 

Бәрі де жөнімен болған сияқты еді ғой. Тек...  қаладағы үлкен  қыз-

метте істейтін жалғыз  ұлының шешесінің  қазасына келе алмағаны шал-

ға ұнамады. Айтуларына  қарағанда, келіні де, өзі де ол кезде курортта 

болыпты. Жіберілген хабарды келісімен бір-ақ алған. Осыларды айтып, 

келін екеуі  қазадан соң, келіп  қайтқан. 

Екеуі де әкесін  қолқалады. 

— Бұнда енді несіне  қаласың?  Қалаға жүр.  Қолымызда боласың. 

Өзіннен басқа енді біздің кіміміз бар? — дейді. 

Шал іштегі өкпенің әсерімен ол жолы балаларына ермей  қалған. 

Әйтсе де өз  қолын өзі кесе ме? Кемпірінің жылын берген соң, баласы ке-

ліп,  қалаға алып келді. Быланша  қарағанда, бәрі де бар сияқты, бәрі де 

жететін сияқты. Келіні де, бір мың болғыр, иман жүзді бала. Атасының 

асты-үстіне түсіп, бәйек болады да жүреді. 

Әйтсе де, бірдеңе олқы соғады да тұрады. Әлде  қарт сонау  қиянда-

ғы кір жуып, кіндік кескен туған жерін, балалығын,  қайта оралмас жас-

тық шағын  қалдырған  Қызбел өңірін аңсай ма екен? Көне көз  қариялар 

да азайып барады ғой. Әлде солардың бірімен сұқбат  құрып, іштегі 

шерді ақтарып, сырласқысы келе ме?  Қарт адам кінәмшіл келеді ғой, 

кешегі болған оқиға Сейсен  қарттың есінен кетер емес. 

Түс мезгілінде баласы үйге келген. Келіні сәл кештеу келді. Ас 

әзірлеп, шалды столға шақырды. Тамақ үстінде шал  ұлына  қарап: 

— Балам,— деді,— балам соңғы кезде, неге екенін  қайдам, елегі-

зіңкіреп жүрмін.  Құдайдан жүз жасағанды сұрамаймын. Ертең менің де 

баратын жерім ғой. Ана шешеңнің басына көк тас орнатайық... Сенің 

соққан белгің болсын. Халық риза болады ісіңе...— дей берді де, тіксіне 

қ

алды. 



Баласы орнынан тұрып кетіпті. Киініп жатыр. Бәтір-ау, бұнысы не-

сі? Беу, тағдыр-ай,  қартайғанда осы ма еді көрсетпегің? Кешегі дәурені 

болсыншы, бұл итке күнін салар ма еді? 

Сол күні шал жылады... 

Қ

өзінен аққан жас ақ бурыл сақалына сіңіп, еденге тамып жатты. 



Әйтсе де көзін сүрткен жоқ. Әлде, бұл ит Бағиланы тумаған, өгей ше-

шем деп сыйламай ма екен? О, тумай кеткір! 

Сейсекеңнің алғашқы серігі Жәния сонау соғыстан кейін  қайтыс 

болды. Ауылдағы ағайын-туған: «Ұлың болса  қалада оқып жүр ғой. Ол 



106 

Жалын. - 1976. - № 4. - 105-108 б. 



келін алып, сені күткенше  қай заман? Одан да ана Бағиламен бас  қос. 

Екі жарты бір бүтін боп, ғұмыр кешіңдер!—деген соң, сөздерін жерге 

тастай алмаған. 

Обалы нешік, Бағила марқұм шалдың жалғыз баласынан ештеңесін 

аяған жоқ. Артынып, тартынып,  қалаға 2 айда бір барып тұратын. Ба-

ласы Иманбек ауылға сирек келетін. Бағила да пұшпағы  қанамаған 

жан-ды. Иманбектің кішкентайларын иіскеу үшін  қалаға барғысы кеп 

тұратын,  қартайған соң ананың аты ана ғой, бейшарада соларға деген 

бір ыстық махаббат бар еді-ау! 

Ол Иманбекті өгей  ұлым деген жоқ. Ауылға келгенде, кіріп шыққан 

көрші-қолаңға  ұлын, келінін, немерелерін айтып, жер- көкке сыймай оты-

ратын. Жақсы адам еді ғой бейшара! 

Өлерінің алдында Сейсекеңнің  құлағына сыбырлағанда да айтқа-

ны сол Иманбектің есімі еді. Беу, ана! 

Ал, бұл күшік оған  құран оқиық, басына белгі соғайық дегенді 

тыңдағысы да келмейді. 

Шал өзінің жан дүниесінің терең бір  қалтарысында жаңа бір сезім-

нің  қылаңдап бас көтеріп келе жатқанын аңдады.  Қандай пенде болсын 

туған жерін аңсамай тұра алмайды. Ал, бұның  ұлы төрт-бес жылда ау-

ыл  қарасын бір-ақ рет көреді. Онда да асығыс, келе салып,  қайтады. 

Рас,  қызметі бар шығар? Кім еңбек істемейді  қазір? Әйтсе де, де-

малыс алып, туған жердің төскейін аралап, самал ауасымен демалып 

жүріп  қайтуға болмас па еді?! 

Жоқ... жоқ... Сейсекең өз кіндігінен жаралған жалғыз перзенттің 

мұндай тасбауыр,  қатыгез болғанын  ұнатпайды. 

Әлі есінде... 

Ұ

лы бұның  қолынан ерте кетті. Ол суретші болуды армандайтын. 



Әлі есінде. Аудан орталығында оқып жүргенде, бір рет үйге кеп, салған 

суреттерін әкесіне көрсеткені бар. Мектепте істейтін сурет үйірмесіне 

қ

атысып жүргенін айтты. Каникул кезі еді. 



Сейсекең ертерек тұрып, дәрет алып үйге кірсе, баласы киініп апты. 

Сырттан келген түрі бар. Ағыл-тегіл жылап тұр. 

— Оу, не болды? 

Баласы үн  қатпайды. 

— Әй, не болды деймін? Кім тиісті? — Иманбек ләм-мим демей, 

шығып кетті. 

— Мынаны жын  ұрған шығар? 

Шал аң-таң. 

Тек сол күні кешке жақын ғана шал баласының сырын  ұққандай 

еді. Сырттай күлгенімен, іштей ризалық сезімі басым еді. 

Баласы ерте тұрып, ауыл сыртындағы төбеге шығыпты. Сонан орал-

ған беті екен.  Қызбелдің суретін салыпты. Батыстан сұлай жатқан осы 

бір өлкенің сымбаты да мақтанышы  Қызбел тауы таңертең, шынында 

да әсем болатын. 

Әсем таудың әдемі бейнесін  қағаз бетіне түсіре алмаған бала бо-

тадай боздап, жылаған екен. 



107 

— Менен суретші шықпайды.  Қызбелді салу менің көптен арманым 

еді.— Баласы осыны айтып тұйықталып, отырып  қалған. 

Шал ол жолы баласын жұбатқан. Ал жан сарайы әлем-жәлей  қуа-

нышта еді. Осы бір артында  қалар жалғыз тұяғының туған жерінде өз 

шаңырағын  құлатпай, түтін түтетерін,  ұрпақ жалғайтынын есіне алып, 

қ

уанып еді. Туған жерін сүйген, оны аңсаған  ұл жаман болмайды. Шал 



осылай түйсінеді. 

Ал сөйткен баласы, міне, ауыл  қарасын, кеше ғана асыр салып ой-

наған әсем даласын аңсамайтын болғаны ма? Жоқ, олай болуы мүмкін 

емес! Шал өзін-өзі тыншытты. Әйтсе де, баласы бүгін келгенде онымен 

сөйлесуге бел байлады. Ертең жексенбі еді. Балалары үйге ерте келді. 

— Балам, демалыс алдым деп едің... 

— Ия, алдым. Бір айдай демалам. 

— Әп, бәрекелде... Мен де жата-жата жамбасым сарғайды. Мына 

немерелерімді алып, ауылға барсам. Өздерің де жүріңдер. Біраз күн 

аунап-қунап  қайтайық. 

— Ту, әке-ай, сол бір таңертеңнен кешке шейін  қара дауылы бір 

тынбайтын ауылға сіздің неге  құмар екеніңізге таңым бар. 

Мына сөз шалға жай оғынан кем әсер еткен жоқ. 

— Балам, ол сені мен менің туған жеріміз ғой... Сөзі аяқсыз  қал-

ды.  Ұлы орнынан тұрып кетіпті. Балконға шығып, шылым шегіп тұр. 

Жоқ... жоқ... Сейсен  қарт  ұлының кешегі Иманбек емес екенін  ұқты. 

Бұл — кешегі  Қызбелді  қағазға түсіре алмай, жылайтын пәк жанды сә-

би емес. 

Онда  қазір туған жерді сүюден гөрі  қызмет бабында өсу, өзгеден 

биік болу сезімі басым... 

Жоқ, жоқ... 

Шалдың басы шуылдап кетті. Өз кіндігінен тараған жалғыз пер-

зент те осындай  қатыгез боп кеткені ме? Кешегі өгей шешенің басына 

кеп, тас орнатуға баласы  қарсылық білдіргенде де шал бұлай  қиналмап 

еді. 

Туған жер... туған жер.  Құдайым-ау, өзге елде сұлтан болған небір 



керемет әйгілі жандар да туған жерге сүйегі жетуін, туган жерде көз 

жұмуын  құдайдан мінәжат етіп тілемеуші ме еді? 

Көз алдына ақырғы рет ышқынған Бағила, бұның  құлағына Иман-

бекті айтып сыбырлағаны, көгілдір сағымға оранған  қасиетті  Қызбел 

өлкесі келді. Мұрнына жасыл шалғынның иісі келгеидей болды... 

Түнде көрген түсін есіне алды. Беу, дүние-ай десеңші,— енді мен де 

канша жүрер дейсің? Әруақтар түсіме кірді ғой. Көп  ұзамаспын... Шал 

осыларды ойлады. 

...Расында да үш күннен соң  қария дүние салды. Өзі жорамалда-

ғандай, өмірі ауырып-сырқамаған  қарттың тез  қайтыс болуына себеп-

кер болған түсіне кірген әруақтар емес еді... 

Жалын. - 1976. - № 4. - 105-108 б. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Adebi omir
Adebi omir -> Саттар туралы сыр
Adebi omir -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Adebi omir -> Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат шаниннің туғанына 100 жыл толуына
Adebi omir -> Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Adebi omir -> Амантай сатаев абай мен Мәди
Adebi omir -> Жастық жыршысы 1 Аялайық асылды
Adebi omir -> Атадан балаға жалғасып ж е т к е н ауыз әңгімеде де
Adebi omir -> Түрсынбек КӨкішев ғалым, ж а з у ш ы
Adebi omir -> Кең-байтақ қазақ жерінің інжу-маржаны Қарқаралыға, оның көл-көсір тарихына түсінік беріп жатудың қажеті жоқ. Бір ғана
Adebi omir -> Әлібек Әбдіраш, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

жүктеу 39.26 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет