Шағын және орта бизнесті дамыту— ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/6
Дата09.04.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту—  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстанды  индустриялық 

және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін 

білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі 

артқан сайын Қазақстаннның дамуы да орнықты бола түседі.

Жолдаудан. 

Газет 1931 

жылдан 

шығады


Райымбек  аудандық  қоғамдық - саяси  газет

№ 28  (7830).   2014 —  Жылқы  жылы,     сейсенбі,  29   шілде

        

g.hantaniri@mail.ru.



Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан 

халқының назарына

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік 

басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Заңының  10-бабы  3-  тармағына  сәйкес 

Райымбек  аудандық  мәслихатының  бесінші 

шақырылымындағы  кезекті  сессиясы    2014 

жылғы  06  тамыз  күнгі  сағат  10.  00-де  аудан 

әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

Аудандық 

мәслихаттың 

депутаттарын 

тіркеу 2014  жылғы 06 тамыз күнгі сағат 8. 30-

дан бастап мәслихатта жүргізіледі.

Мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының 

мәжілістері сағат 9.00-де өткізіледі.

Сессия  қарауына  мына  төмендегідей 

мәселелер ұсынылады:

1. 

Аудан  әкімінің  өз  құзіреті  шегінде, 



аудандық мәслихат депутаттары алдында, өзіне 

жүктелген  міндеттері  мен  іс-  жоспарының 

орындалуы туралы есебі.

Баяндамашы: Қ. Ө. Медеуов- аудан әкімі.

2. 

Аудандық  мәслихаттың  жергілікті 



өзін- 

өзі 


басқару, 

әлеуметтік 

және 

экономикалық  даму,  бюджет,  халыққа  сауда, 



тұрмыстық  қызмет  көрсету,  шағын  және 

орта  кәсіпкерлікті  дамыту,  туризм,  жөніндегі 

тұрақты комиссиясының қызметі туралы есебі.

Баяндамашы:  Н.  Советов  –  тұрақты 

комиссия төрағасы.

3. 


Аудандық 

мәслихаттың 

кезекті 

сессиясының төрағасын сайлау.

                                           аудандыҚ 

МәслиХат.

Ашық  есік  күні

Сот 


билігінің 

беделін, 

ашықтығы 

мен  тиімділігін  арттыру 

мақсатында 

Райымбек 

аудандық 

сотының 


ғимаратында сот тарапынан 

ұйымдастырылып  ай  сайын 

өткізіліп  жүрген  «Ашық 

есік»  күні    2014  жылдың 

2-  тоқсанның  әр  айының 

соңғы  аптасының  дүйсенбі 

күні  сағат  9:  00-ден  18: 

00-ге 


дейін 

болатынын 

хабарлаймыз. 

Қатысамын 

деушілерге есік ашық.

                сот төрағасы 

  

д. Х. унеРбаев.

Дін  және Дәстүр сАбАқтАстығы

облыстыҚ  «дІн  ІстеРІ  басҚаРМасы»  МеМлекеттІк  МекеМесІ  Мен  аудандыҚ 

әкІМдІгІнІң  ұйыМдастыРуыМен  “дІн  Және  дәстүР  сабаҚтастығы”  атты  сеМинаР 

өттІ. сеМинаРға басҚаРМа, МекеМе басШылаРы ауылдыҚ окРуг әкІМдеРІ, ауылдыҚ 

аҚсаҚалдаР  алҚасының  төРағалаРы,  әйелдеР  кеңесІнІң  төРайыМдаРы,  ЖастаР 

ұйыМының  ЖетекШІлеРІ,  ауыл  иМаМдаРы,  Мектеп  диРектоРлаРы  Мен  дІнтану 

пәнІнІң МұғалІМдеРІ, ҚұҚыҚ ҚоРғау оРгандаРының басШылаРы, баспасөз өкІлдеРІ 

Қатысты.

сеМинаРды  аудан  әкІМІнІң  оРынбасаРы  талғат  байедІлов  кІРІспе  сөз  сөйлеп 

аШты.

- бүгІнгІ өткІзІлІп отыРған сеМинаРдың негІзгІ МаҚсаты: елбасының “ҚазаҚстан 

Жолы-2050: бІР МаҚсат, бІР Мүдде, бІР болаШаҚ” атты Жолдауын Іске асыРу, соныМен 

ҚатаР  отансүйгІШтІктІ,  төзІМдІлІк  пен  байсалдылыҚты  насиХаттау  болып 

табылады,—  дедІ т. байедІлов.

-  баРШаңызға  белгІлІ  ауданда  негІзІнен  ислаМ  дІнІ  уағыздалады.  басҚа 

дІни  ағыМдаР  ЖоҚ.  аудан  әкІМдІгІ  Жанынан  ҚұРаМы  13  адаМнан  тұРатын  дІни 

бІРлестІктеРМен  байланыс  ЖөнІндегІ  аудандыҚ  кеңес  ҚұРылған.  төРағасы  аудан 

әкІМІ –Қ. ө. Медеуов.

бІздІң аудан МеМлекеттІк ШекаРа сызыҚтаРы өтетІн ауМаҚта оРналасҚандыҚтан 

дІни  ЭкстРеМизМнІң  алдын   алу  Маңызды МІндет.  осы оРайда,  өзге дІни ағыМ-

дағы  топтаРдың  аудан  ауМағында  Жат  ҚылыҚтаРды  болдыРМау  МаҚсатында 

аудандыҚ  пРокуРатуРа,  ұлттыҚ  ҚауІпсІздІк  коМитетІнІң  ҚызМеткеРІ,  аудандыҚ 

ІШкІ  ІстеР  бөлІМІ  Және  ауданның  «ІШкІ  саясат  бөлІМІ»  МеМлекеттІк  МекеМесІнІң 

ҚызМеткеРІ бІРлесе отыРып, ЖұМыстаР атҚаРуда.

соныМен  ҚатаР,  дІни  ЭкстРеМизМ  Мен  теРРоРизМнІң  алдын  алу,  ХалыҚтың 

дІни сауаттылығын аРттыРу бойынШа 17 адаМнан тұРатын аудандыҚ аҚпаРаттыҚ- 

насиХат тобы ҚұРылып, өз ЖұМыстаРын ЖүРгІзІп келедІ.

  сеМинаРдың  күн  тәРтІбІндегІ  Мәселе  бойынШа  баяндаМа  Жасау  үШІн  сөз 

алМаты  облысының  дІн  ІстеРІ  басҚаРМасының  басШысы  ҚасыМбеРкебаев 

тәңІРбеРген ҚасыМаҚынұлына беРІлдІ.

Құрметті әріптестер!

Елбасы 

Нұрсұлтан 



Назарбаев 

өз 


Жолдауында  «Бізде  зайырлы  қоғамның 

дәстүрлері 

де 

бар 


екенін, 

Қазақстан 

Конституциясы  бойынша,  зайырлы  мемлекет 

екенін ұмытпауымыз керек. Біздің міндетіміз- 

зайырлы  мемлекет  құру  мен  оны  дамыту, 

халыққа  оның  принциптері,  соның  ішінде 

діни  қатынастар  саласын  ұғындыру  болып 

табылады» деп атап өткен болатын.  

Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы 

қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер 

туралы»  Заң  талаптарына  сай,  Республика 

бойынша  18  конфессияға  біріккен  3449  діни 

бірлестігімен  филиалдары  қызмет  атқаруда. 

Олардың  жартысынан  астамы,  яғни,  2400-

ге  жуығын  Қазақстан  мұсылмандарды  діни 

басқармасына қарасты мешіт құрайды. Соның 

ішінде    Алматы  облысы  бойынша  536  діни 

бірлестіктер  мен  филиалдары  тіркелді.  Оның 

391  –  ислам,  Райымбек  ауданында  31  ислам 

мешіттері  бар,  онда  16  имам  қызмет  етеді.    6 

имамның  білімі  жоғары,  10  имам  арнайы 

курс бітірген, 1 наиб имам бар, ал 15  мешітте 

имам жоқ. Бұл ресми тіркелген діни бірлестіктер 

нақты  бақылауда.  Ал  секталық  сипаттағы  діни 

ұйымдар көбіне идеология түрінде қызмет етеді. 

Сондықтан оларға қарсы күрес те идеологиялық- 

ағартушылық 

сипатта 


жүргізіледі,- 

деді 


баяндамашы  Т.  Қасымберкебаев  сөзін  одан 

ары  жалғастырып:  Қазақстан  Республикасында 

діни  экстремизм  мен  терроризмге  қарсы  іс- 

қимыл  жөніндегі  2013-2017  жылдарға  арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасын 

іске 

асыру 


мақсатында  облыстық  2013-2017  жылдарға 

арналған  өңірлік  бағдарламаның  іс-  шаралар 

жоспарының  1  тармағына  сәйкес  құрамында 

облыс  әкімінің  орынбасары,    облыстық 

басқармалар,  құқық  қорғау  департаменттері 

мен  тиісті  мемлекеттік  органдар  басшылары, 

дәстүрлі  діни  бірлестіктер  жетекшілері,  жоғары 

оқу орындарындағы оқытушы- ғалымдар, теолог, 

дінтанушы  мамандар  қамтылған  289  мүшесі 

бар  20  (16  аудандық,  3    қалалық,  1  облыстық) 

ақпараттық насихаттау топтары құрылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Дін істері 

агенттігінен, Қазақстан мұсылмандарды

(Жалғасы  3- бетте).

Қызметіміз халыққа



   

КәсіпКер бастамасы

Нарынқолдық  же-

ке  кәсіпкер  Тобай 

Үмбеталиев 

жаз 

айының 


басынан 

бері 


Қызылұштағы 

Сүмбе, 


Нарынқол 

тас 


жолының 

қиылысынан  қымыз-

хана  ашып,  халыққа 

қызмет 


көрсетуде. 

Төңірегін  тал  -  терек  

көмкерген 

жасыл 


желекті 

алаңқайға 

орналасқан 8 қанатты 

ақшаңқан  киіз  үй-

ге 

келушілердің 



қай-қайсысы 

бол-


масын 

дәл 


бір 

дала 


ресторанына 

келгендей сезінеді.

Әсем  безендірілген 

үй  ішінде  4  стол 

қойылып, 

ұлттық 


тағамдардың 

түр- 


түрімен  толтырылған. 

Сондай-ақ бал татыған 

сары 

қымызды 


бабына 

келтіріп, 

келушілерге  қызмет 

көрсетушілер 

Қожа 

мен Тобай және Сәния 



сынды 

аспаздық 

жұмыстарында бір мін 

жоқ. 


Қымызханаға  

келген 


адамдардың 

сұраныстарына қарай 

табақ толы ет тартады, 

сірне  ұсынады.  Тіпті 

қажет 

десе 


кәуап 

жасайды, тостағанмен 

қымыз 

әкеледі. 



Т ұ т ы н у ш ы л а р д ы ң 

талап  тілегін  мінсіз 

орындап,  сусындарын 

қ а н д ы р а д ы . 

Жадыраған  жаздағы 

қапырық ыстықта жол 

жүрген  жолаушылар 

мен 


жүргізушілер 

үй 


жанындағы 

үлкен 


каналдағы 

салқын  суға  жуынып 

т ы н ы с т а й д ы , 

демалады.

Біздер  күніне  100 

литрден  аса  қымыз 

дайындап, көпшіліктің 

көңілін  табамыз.  Бұл 

орайда  өзім  13  бие 

саусам, 


Шыбартал 

ж а й л а у ы н д а ғ ы 

Сәрсембай  Кашимов 

пен 


Жабырдағы 

Бақыт 


Шоғанбаев 

сынды  малшылар  да 

күнделікті  өнімдерін 

маған  өткізіп  тұрады. 

Демек  тірлігіміз  бір, 

табысымыз 

ортақ,-

дейді 


бастамашыл 

кәсіпкер 

Тобай 

Үмбеталиев.



Жалпы,  жадыраған 

жаз  айында  қолда 

бар  мүмкіндікті  босқа 

өткізбей, 

халыққа 

қызмет 


көрсетуді 

өзіне  міндет  санаған 

Т.  Үмбеталиевтің  бұл 

бастамасына көпшілік 

қауым дән риза. Әсіре-

се,  жолға    шыққан 

жолаушы  мен  қымыз 

іздеп 


шөліркеген 

жұртшылық 

үшін 

тынымсыз  еңбек  етіп 



жүрген 

қымызхана 

ж ұ м ы с к е р л е р і н е 

алғыстан  басқа  сөз 

жоқ.

Е ң б е к т е р і ң і з 



өнімді,  табыстарыңыз 

толымды 


болсын 

ағайын.


                          

                               

                Дүйсен 

Досымбаев,

                                   

                                         

 Нарынқол 

ауылы. 

Хантәңірі

2

g. hantaniri@mail.ru.



2014 — Жылқы  жылы,  сейсенбі,  29   шілде

Райымбек ауданы  әкімдігі, «Қамқор-2» кәсіподағы және  Алматы облысы  кәсіпкерлер 

Палатасы  Райымбек  аудандық   филиалы  арасындағы 2014 жылға жасалған Келісім

Қазақстан  Республикасындағы  Еңбек  Кодексінің  «Еңбек  саласындағы 

әлеуметтік  әріптестік  және  ұжымдық  қатынастар  туралы»  4  бөліміне  сәйкес,  

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  жоспарын, 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдау-

ларын,  Райымбек ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын 

және Алматы облысы әкімінің, Алматы облысы кәсіподақтар одағының және Алматы 

облысының кәсіпкерлер палатасының арасындағы 2014 жылға арналған Келісімнің 

негізінде төмендегі принциптерді; 

-Қазақстан Республикасының заңнамасын және Халықаралық еңбек ұйымының 

Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенцияларын бұлжытпай сақтау;

-Мемлекеттің,  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлердің  әлеуметтік  жауапкер-

шілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін ықтимал ымыраға келтіруге ба-

рынша қол жеткізу;

-  Аудандық    аумақтық  даму  бағдарламасын  іске  асыру  жауапкершілігі  мен 

оның жергілікті жерлерде нақты жүзеге асырылуына жәрдемдесу;

-Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шартта-

рын  реттеу;

-Қызметкерлер  мен  жұмыс  берушілердің  еңбек  құқықтары  мен  әлеуметтік-

экономикалық    мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету  ісінде  өзара  іс-әрекет  ету, 

қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауды  басшылыққа ала отырып; Райым-

бек ауданы  әкімдігінің атынан аудан әкімі  Қ. Медеуов /Әкімдік/, Райымбек ауданы 

кәсіподақ  ұйымдары  атынан  «Қамқор-2»    кәсіподақ  ұйымының  төрағасы  Ұ.  Әбек 

/Кәсіподақтар/ және жұмыс берушілер атынан Алматы облысының  Кәсіпкерлер па-

латасы Райымбек аудандық  филиалының  директоры  А. Карагулов  /Палата/   бұдан 

әрі – Тараптар,  сындарлы  өзара  іс-қимыл жасау мақсатында 2014 жылға арналған 

осы  үш жақты Келісімді  жасады.

-Тараптар  осы  «Келісімді»  еңбек  жағдайларын  айқындау,  жұмыспен 

қамтамасыз  ету  және  салалық,  өңірлік  деңгейде  жалдамалы  жұмыскерлер  үшін 

әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу бойынша тараптардың міндеттері мен мазмұнын 

анықтайтын әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде таниды.

-Келісім  құқықтық  акт  болып  табылады  және  оның  әрекет  етуі  аудан 

әкімдігінің,  кәсіподақтардың  және    палатаның      бөлімшелеріне    таралады  және 

олардың  арасындағы  байланыстарды  қалыптастыратын  негіз  болып  табылады. 

Сондай-ақ бекітілген міндеттемелер мен кепілдіктер жалдамалы қызметкерлердің  

әлеуметтік-экономикалық  жағдайының нашарлау жағына  өзгермеуі тиіс.

-Тараптар  барлық  саладағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  арасында  өңірлік 

келісімдер  мен  ұжымдық  шарттар  жасауын  қадағалап,    іске  асыруға  жан-жақты 

қолдау көрсетеді.

-Осы  бағыттағы  жұмысты  үйлестіру  және  бақылауды  күшейту  мақсатында  

аудандағы  тұрақты жұмыс істеп тұрған комиссия өзінің жұмыстарының тиімділігін 

арттырады.

-Аудандық  үш жақты комиссияның отырысында ұжымдық шарт қабылдамаған 

және жалдамалы қызметкерлердің еңбек құқықтарын өрескел бұзған кәсіпорындар 

мен ұйымдар басшыларының есептерін тыңдап, қорытындылайды.

-Аудан әкімдігі мен палата  және кәсіподақ арасындағы қарым-қатынастарды 

одан әрі дамыту үшін үш жақты әлеуметтік әріптестік жөніндегі тұрақты комиссия 

отырыстарын аудан көлемінде жергілікті атқарушы органдар  ұйымдастырады, Та-

раптар материалдарды  дайындауды  басымдылықпен жүзеге асырады.   

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ САЛАСЫНДА

Макроэкономикалық  тұрақтылықты,  ұлттық  экономиканың  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыру, орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатында Та-

раптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

1.1.  Ұлттық  экономика  салаларының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға, 

өндірістің  өсуіне,  қызметкерлердің  әлеуметтік  кепілдіктерін  қамтамасыз  етумен  

әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды   іске асыру жөнінде бірлесіп жұмыс 

жүргізу.  1.2. Төмендегі бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу:

- Қазақстан Республикасында ”Жұмыспен қамту жол картасы-2020”  мемле-

кеттік бағдарламасын;

-  Қазақстан  Республикысында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасын;

-  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  ісін  дамытудың  2011–2015 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

-  Қазақстан  Республикасының  ауылдық  аумақтарын  дамытудың  2011–2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

-  Қазақстан  Республикасының  агроөнеркәсіптік  кешенін  дамытудың  2010–

2014 жылдарға арналған бағдарламасын;

-  Қазақстан  Республикасының  «Бизнестің  жол  картасы-2020»    мемлекеттік 

бағдарламасын;

- Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған орнықты дамуға 

көшу тұжырымдамасын;

-  Қазақстан  Республикасының  2011-2015  жылдарға  дейінгі  аумақтық    даму 

бағдарламасын  жүзеге асыруға қатысу.

1.3. Бюджеттік-салық саясаты саласында  «Тараптар»  бюджеттік жүйені тиімді 

қалыптастыру қажеттілігіне, бюджет қаражатын нақты айқындалған басымдықтар 

шеңберінде жұмсаудың тиімділігін арттыруға, бюджетаралық қатынастарды жетіл-

діруге  бағдарлануына  сүйенеді.  1.4.  Тарифтер  саясаты  саласында  «Тараптар» 

қызмет  көрсетушілер  мен  тұтынушылар  арасындағы  мүдделер  теңгерімін  сақтау 

қажеттігіне  сүйенеді.  «Тараптар»  осы  тармақты  іске  асыру  кезінде  табиғи  моно-

полиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтерді арттыру мәселелері 

жөніндегі  іс-әрекеттердің  келісімділігі  «Қағидатын»  басшылыққа  алады.  Табиғи 

монополиялар  қызметтеріне  арналған  тарифтер  өзгерген  жағдайда  Алматы 

облысының  2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген па-

раметрлерді ұстану қажет. 1.5. Экономика салаларында еңбек өнімділігін арттыруға 

ықпал ету.



ӘКІМДІК өзІНе ТөМеНДегІ МІНДеТТеМеЛерДІ ҚАбЫЛДАйДЫ; 

1.6.  Қызметкерлердің  және  жұмыс  берушілер  бірлестіктерінің  өкілдерін 

комиссиялардың жұмыстарына қатысуға, сондай-ақ әкімдіктің еңбек қатынастары 

мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты Бағдарламаларды дайындау  

жөніндегі жұмысшы топтарының құрамына тарту. 1.7. Өңірлік ерекшеліктерді еске-

ре отырып, экономиканың басым секторларында кластерлер құру және дамыту жос-

парларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру. 1.8. Табиғи монополиялар тариф-

терін реттеу тетігін жетілдіру жөнінде олардың бағаны, тауарлар мен көрсетілетін 

қызметтер тарифін  негізсіз өсуіруіне  жол бермеу  шараларын  қабылдау туралы үш 

жақты комиссияға   жыл сайын хабардар ету. 1.9. Жарты жылда бір  рет облыстық 

әкімдікке аудандағы  әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы ақпарат беру. 

«ҚАМҚОр-2»  КӘСІпОДАғЫ  өзДерІНе  ТөМеНДегІ  МІНДеТТеМеЛерДІ  

ҚАбЫЛДАйДЫ. 

1.10.  Салалық,  өңірлік  келісімдер  мен  ұжымдық  шарттарда  саланың  және 

өңірдің экономикасын дамытуға бағытталған шаралар кешенін, еңбек тиімділігі мен 

өнімділігін арттыруды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды,  қызметкерлерді 

әлеуметтік  қорғауды,  тәртіпті  және  ұйымшылдықты  нығайтуды    көздейтін 

міндеттемелердің қабылдануын қамтамасыз ету.



АЛМАТЫ ОбЛЫСЫ КӘСІпКерЛер пАЛАТАСЫ рАйЫМбеК АуДАНДЫҚ  фИЛИ-

АЛЫ өзДерІНе ТөМеНДегІ МІНДеТТеМеЛерДІ ҚАбЫЛДАйДЫ:

1.11.  Еңбек  қатынастарына  және    әлеуметтік-экономикалық  мәселелерге 

байланысты  Бағдарламаларды әзірлеп, оны талқылауда  үш жақты  комиссияның 

және  Әкімдіктің  жұмысшы  топтарының  жұмысына  қатысу.  1.12.    Өндірісті 

ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа, жаңа  технологиялар менеджменті жүйесін 

енгізу есебінен еңбектің өнімділігі мен сапасын арттыру.



ІІ.  еҢбеК    НАрЫғЫН  ДАМЫТу,    ХАЛЫҚТЫҢ    ТИІМДІ    ЖҰМЫСпеН 

ҚАМТЫЛуЫНА  ЖӘрДеМДеСуДе

Халықты  жұмыспен қамтудың  тиімділігін  арттыруды  алдағы кезеңдегі өзінің 

мақсаты  деп  тани  отырып,  «Тараптар»  өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған  азаматтарды, 

жұмыссыздарды,  сонымен  қатар  аз  қамтылған  тұрғындарды  жұмыспен  қамтудың 

белсенді бағдарламаларына тарта отырып, еңбек ресурстарының  нәтижелі  жүйесін 

құру және олардың икемділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығы  

мен еңбек көші-қонын заңдастыру міндеттерін шешуде күш-жігерді біріктіру қажет 

деп есептейді және өздеріне төмендегі міндеттемелерді  қабылдайды.



ӘКІМДІК өзІНе МЫНАДАй МІНДеТТеМеЛерДІ ҚАбЫЛДАйДЫ:

2.1. «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасын, «Қазақстан Рес-

публикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын»   

орындау  шараларын  қамтамасыз ету.  2.2. Ауылдағы кәсіпкерлікті, шағын кредит 

беруді  дамытуға,  тұрғылықты  жерлері  бойынша    өз  ісін  ашуға    және  кеңейтуге, 

ауыл шаруашылығында жұмыс орындарын сақтауға  және құруға, өнімді еңбекке 

қолжетімділікті  арттыру  мақсатында  ауылшаруашылығы  кооперативтерінің 

құрылуын  ынталандыруға  бағытталған  шараларды  жүзеге  асыруға  ықпал  ету. 

2.3.  Қызметкерлер  саны  немесе  штаты  қысқартылған  жағдайда  басқа  жұмысқа 

ауыстыруға    немесе  жаңа  жұмыс    орындарына    орналасуға  ықпал  ету.  2.4. 

Жұмыссыздық  деңгейін  төмендету  және  ішкі  еңбек  нарығын  қорғау  мақсатында 

жұмысқа    шетелдік  қызметкерлерді  заңсыз    жалдауды    болдырмау  шараларын 

қарастыру  және  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету.  2.5.  Сұраныс  бар  кәсіптер  мен 

мамандықтардың    бос  жұмыс    орындар  жәрменкелерін,  «Ашық  есік  күндерін»,  

жастар мен  білім беру ұйымдарының түлектері үшін жұмыс берушілермен кезде-

сулерін өткізу жөніндегі  іс-шараларды, «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін»  

ұйымдастыру.

«

ҚАМҚОр-2»  КӘСІпОДАғЫ  өзДерІНе  ТөМеНДегІ  МІНДеТТеМеЛерДІ  



ҚАбЫЛДАйДЫ:

2.6.  Келісімдер  мен  ұжымдық  шарттарда  кәсіпорындарда  кадрларды  еңбек 

нарығындағы талаптарға сәйкес өндірістік даярлау, қайта даярлау және олардың 

біліктілігін арттыру жүйелерін құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі шараларды 

қарау.  2.7. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы  еңбек шартын бұзу туралы  

хабарламасын  кәсіподақ  мүшесі  болып табылатындықтан  ұжымдық келісімшартқа 

сай 10 күн ішінде қарау.

 

АЛМАТЫ ОбЛЫСЫ КӘСІпКерЛер пАЛАТАСЫ рАйЫМбеК АуДАНДЫҚ  фИ-



ЛИАЛЫ өзДерІНе ТөМеНДегІ МІНДеТТеМеЛерДІ ҚАбЫЛДАйДЫ:

2.8.  Кластерлік  бастамалар,  экономиканың  шикізаттық  емес  секторын  да-

мыту, кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу. 2.9. Теңдей 

жағдайларда Қазақстандық мамандарға артықшылықтар беру және шетелдік ма-

мандарды бірте-бірте жергілікті мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау 

жөніндегі  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу.  2.10.  Еңбек  нарығындағы  сұраныс  пен 

ұсынысты  зерделеу  негізінде  қызметкерлердің    тапшы  кәсіптік  топтарын  (  жеке-

леген мамандықтар, кәсіптер, қызмет түрлері) анықтау және осының негізінде ма-

мандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауда болашақтың болжамды қажеттілігін 

әзірлеу.  2.11.  Жоғары,  орта  және  бастапқы  кәсіптік  білім  беру  орындарын 

бітірушілерді  жұмысқа орналастыру үшін, оқуын бітіргеннен кейін жас мамандарға 

кәсіпорындарда нақты мамандығы бойынша жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс ор-

нын беру ісінде, кәсіптік оқу орындары мен  жұмыс берушілер және жұмыспен қамту 

органдарының  неғұрлым  тығыз  өзара  іс-әрекеті  мен  ынтымақтастығын  белгілеу 

жөніндегі шаралар қабылдау. 2.12. Уәкілетті  органға  бос жұмыс  орындар (бос лау-

азымдар) туралы мәліметтерді, олар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күн ішін-

де жіберіп тұру. 2.13. Ұйымдарды қайта құрылымдау кезеңінде жаппай жұмыстан 

босатуға әкелетін шараларды болдырмау. 2.14. Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына 

арналған әлеуметтік жұмыс орындарына  мүгедектердің,  бас бостандығынан айыру 

орындарынан босатылған азаматтардың  орналасуларын ұйымдастыру.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал