Ш еден ов Ө.Қ., Сағындыков Е. Н., Ж унісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И. Жалпы экономикалық теория


Ал  «жекешелендіру» термині мемлекетгік меншіктің жеке меншікке



жүктеу 17.01 Mb.
Pdf просмотр
бет26/47
Дата14.09.2017
өлшемі17.01 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47

Ал  «жекешелендіру» термині мемлекетгік меншіктің жеке меншікке 

өтуін  білдіреді.

Жекешелендірудіц максаты:

— өтпелілік максатты алға тартып, жеке  меншік топтарын кұру;

-  мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялык 

қүрылымдарға мемлекетгік бюджетгі толтыру үшін сату.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы 

көрсеткендей, жекешелендірудін екі варианты бар:

— «катан» вариантты жекешелендіруді карқынды жүргізу;

-   «жүмсак» вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.

Жекешелендіру — мемлекеттік меншікгің жеке меншікке езгеру

ретінде  өтпелі  экономика  кезінде  ТМД  елдерінде  ғана,  Шығыс 

Еуропада  және  нары қты к  экон ом и касы   дам ы ған  елдерде: 

\л ы б р и т а н и я ,  Ф р ан ц и я,  Герм ания  мен  А Қ Ш -та  кеңінен 

колданылады.  Алайда,  жекешелендірудің  максаты  нарыктык 

экономикасы  дамыған  елдер  мен  нарыктык  экономика  түскен 

елдерде  әртүрлі.  Егер  нарыктык  экономикасы  дамыған  елдерде 

жекешелендіру  мемлекеттік  бюджетке  косымша  каржы  тартуды 

максат етсе, өтпелі экономика еддерінде жеке меншікті күру қүралы 

болы п,  сон ы ң   н егізін де  б ә с е к е л е с т ік   н ар ы к т ы к   ортаны  

кал ыптастырады.

Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір 

моделінде  жүзеге  асты.  Ол  модель  мемлекеттік  кәсіпорындарды 

банк, сақтандыру компаниялары,  кейде түрғындардың сатып алуына 

негізделген еді.

АҚШ -да  мемлекеттік  кәсіпорынды  сату  үзак  мерзімде  — 

5 жылдын аумаіында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін) 

толем жалпы төленетін соманың 20%-нан аспауы керек. ТМД мен 

Шығыс  Еуропа  елдерінде  жекешелендірудің  оте  күрделі  моделі 

колданылды.

Венфияда кәсіпорыңды олардьщ жүмыскерлері сатып алды. Онда 

жүмыскерлердін  каржылары  ғана  емес,  кәсіпорынның  тапқан 

пайдасы мен банк несиелері колданылады.

Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, 

ірі кәсіпорындар гүрғындар каржысын, банк несиелерін жэне шетел 

к а п и т а л ын  таргу  ар к ы л ы   ж ек еш ел ен д ір іл д і.  С о н д а й -а к

250


Чехословакияда кәсіпорындар сатып алу үшін 

түрғындарға 



купон 

мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешеленддрілген 

кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты — мемлекеттік мүлікті 

сатып  алу  негізінде  меншіккер  топтарын  тезірек  кальіптастыру 

болды,  Түрғындар  үшін  біркелкі  мүмкіндіктер  жасалды.  Осыны 

жүйеге асыру үшін барлықтүрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді 

берді.  Олардың әрқайсысынын, күны  1000 рубль болды.  Иегерлері 

оны еркін қоладана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін объект 

акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600-дай жекешелеңдіру корынын 

кез-келгеніне салуға мүмкіндік жасады.

Қ азақстандағы   жекеш елендіру  процесі  Ч ехословакияда 

қолданылған моделге ұксастыкпен жүзеге асырылды.

Ж екеш елендіру  екі  кезеңмен  жүргізілді:  бірінші  кезеңде 

түрғындардан кайтаруды қажет етпейтін түрғьш-үй купонын коддана 

отырып, үйлерді (пәтерді) жекешелендіружүзеге асты; екінші кезеңде 

түрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды.  Оларды 

тек  қана  инвестициялық  жекешелендіру  қоры  арқылы  қолдану 

мумкіғщігі жасадды.  Ондай қор Қазақстанда  120-дай болды.

Жекешелендірудің бүл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру 

инвестициялық купон  иесінін  өз  бетінше  шешім  кабылдау күкы 

жоқ, тек кана оны инвестициялык корына сала алды.  Бүл адамнын 

нақты  кәсіпорынды жекешелендіруге  қатысуына тікелей  кедерп 

жасады.

Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердін сатып алу 

мүмкіндігін қарастырып,  ашық ж әне жабык типтегі акдионерлік 

қоғамды,  акционерлік  қоғам-шаруашылығын  күрып,  олардын 

акциясының 51 % мемлекетке жатты.

Бірақ  мемлекеттің  холдинг  типіндегі  акционерлік  қоғамға 

қатысуы  айтардықтай  нәтиже  бермеді,  әлсіз,  банкрот  олған 

кәсіпорыңдар тіріле алмады. Мемлекетгің координациялык,  асқару 

қызметі  кәсіпоры н  басшыларын  бекітумен,  өндіріс  өнімін 

үйлестірумен  ж эне  пайданы  холдинг  кажеттілігіне  колданумен 

шектелді.  Бүл  айналым  корын  жою ға  ж ән е  к әст о р ы н д ы  

банкротгықка алып келді. 

м  п

Нарыктык  экономикасы дамыған  елдерге  қараранда,  і   і д  

Шығыс Еуропа едаерінде,  «үшінші әлем» дамушы елдершде^жүмс ^ 

жекешелендіру»  варианты  колданылады.  Бұл  вариант 

ил

251

Индонезия,  Индия, Алжир,  Марокко, Мексика, Туркия, сондай-ақ 

жана  индустриалды  екі  елде  -   Оцтүстік  Корея  мен  Тайванда 

колданылды.

«Жүмсак» жекешелендіру ерекиіелігі сол, бул вариантта мемлекетпк 

секторды  жылдам  бүзу  карастырылмаған,  кайта  онын  кызметін 

баскаша  уйымдастырып,  узак  мерзімде  жекешелендіру  көзделген.

Бұл іс-шаралар мемлекетпк кәсіпорынньщ экономикалык еркіндігін 

ақырындап  ұлғайтумен,  олардың  баға  саясатының  бір  бөлігін 

лмберализациялаумен, арнайы «қатысу коры» аркылы акционерлеп, 

бакылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы аркылы жүзеге асады.

Қазакстан  төжірибесі  корсеткендей,  холдингтік-акционерлік 

коғамды колдану жекешелендірудін барлык мәселесін шешпейді.

Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті 

жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялык жағдайын 

бүзу мен экономикаға нарыктык сыйпат беріп коймай, сондай-ак, 

экономикалык  дамуды  түрактандыру  мен  экономикалык  осуге 

жетуді көздейді:

— ултгык экономикаға шетел  инвестидиясын тарту;

— мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік карызды 

кысқарту жэне  жеке  кәсіпорындар  мен  турғындардың табысын 

ұлғайту,  нәтижелік мақсат — тұрғындардың омір деңгейін котеру;

— бәсекелестік нарыктык орта жасау.

20.2.  КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК  МЕНШІКТІ  ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН

МЕМЛЕКЕТТЕН  AJIY ЖОЛДАРЫ,  ТӘСІЛ  МЕН  ТҮРЛЕРІ

Экономиканы әкімшілдік-әміршілдік баскару жүйесі  кезінде 

иемлекетгік меншік түрі оте қатгыдамыды.  Практика корсеткеңдей, 

меншікті мемлекетгеғщірудің  басты екі олқылығы болды:

а) 

енбек  адамы  сол  меншіктің  билеушісі  (иегері)  жағдайын 



-колғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді;

ә)  өндірісті  баскаруда  бюрократтану  жүріп,  экономиканың 

•іртыкшылығы таптсілады.

Шетел тәжірибесі корсеткендей, мемлекетпк  меншік 30-40% 

іолғанда,  нарык  озінің  экономикалык тиімділігін  сипатгайтын 

:апасын жоя бастайды.  Сондыктан Қазақстан Республикасында 

іарыктык эко ном и калық қалыптасуы көп укладты экономиканың 

іамуын қарастырэды.  Мемлекетіік меншікті меншіктің басқатүріне

252


өзгерту мен реттеу жүзеге асты.

Меншік күқығы экономиканы мемлекегген алу мен жекешелендіру 

арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүлікгер азамаггарға берілді.

Үлтгық бағдарламаға сай Қазакстан Республикасында мемлекеттен 

меишікті алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезенде жүргізілді:

-   бірінші кезең 

1991-1992 жылдар;

-екінш ікезең 

1993-1995 жыддар;

~  үшінші кезең 

1996-шы  жылдан  басталып,  1998-ші  жылдын 

бірінші жартысына дейін созылды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелеңдірудін 

негізгі мақсаты мынада:

-   шаруашылық  субъектілерінің  тиімді  түрі  ретінде  жеке  меншік 

топтарын кйлыігтастыру;

~   бәсекелестік  ортаны  қүрып,  өндірісті  монополиясыздандыруды 

камтамасыз ету;

-  шағын жэне орта бизнесті дамыту;

~   шет  мемлекетті  өзіне  тарта  білетін,  жеке  бизнес  басымырак 

үйымдьіқ-шаруашылық күрылымды қалыіггастыру;

~   бағалы  кағаздар  нарығының  субъектісі  ретінде  инвестициялык 

күрылым жүйесін дамыту және нығаіпу.

Қазақстан  Республикасының  ерекше  менш ік  объектілері 

жекешелендіруге  жатпайды.  Олар  — жер,  оның  байлығы,  су,  әуе 

кеңесгігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи жөне мәдени 

күндылықтары.

Мемлекеттен  меншікті  алу  ~   жай  емес,  кең  көлемді  процесс.  Ол 

мемлекетгік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінін саласына 

ауысуын  қарастырып,  акционерлік,  кооперативтік  жэне  жеке 

кәсіпорыңцардың күрылуын  көздейді.  Мемлекеттен меншікті алудын 

мақсаты  -  әртурлі  меншік  түрінің  қалыптасуына,  бәсекелестік  пен 

кәсіпкерліктің және әлеуметгік-бағытталған нарыктык экономиканьщ 

дамуьша бірдей жағдай жасау.

Мемлекеттен алу менжекешелеңщруге мемлекет меншік объекплері 

~  кәсіпорын, бірлестік, үйымдар және олардың бөлімшелері, сондай- 

ақ, әлеуметгік аяның мәдени кызмет көрсету объектілері, мемлекетгік 

тұрғын-үй қоры және басқада күшылықтар жатады.  Мемлекеттен 

толық алу кәсіпорынның бакылау цифры мен мшдетгі мемлекеттік 

тапсырысының,  материалдык  ресурска  лимиттер  тұтынушыны 

әкелушіге және бағаны орталықтан бекігуге жоғарғы ұйымға бағыну 

институтын жоюды талап етеді.  Әртүрлі  меншіктегі кәсіпорындар

253


арасындағы экономикалык катынастар келісім негізінде құрылады.

Қазақстан  Республикасында  мемлекетгік  меншік  объектілерін 

мемлекеттен  алу  мен  жекешелендірудің  төмендегідей  түрлері 

колланылады:

а) мемлекетгік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концепсияға беру;

в) мемлекетгік косіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктесгік 

ретінде күру;

г) еңбек үжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып



іілуы;

д)  мүліктері  мемлекеттік  меншікке  жатпайтын  мемлекетгік 

кәсіпорын  мүлігін занды түлғаға және азаматгарға конкурс немесе 

аукцион арқылы сату.

Бүл күбылыс агроәнеркәсіп кешенінде былай жүзеге асады:

— совхоз бен баскада ауылшаруашылык кәсіпорындары фермерлік 

және  шаруа  кожалықтары.  шағын  кәсіпоры н  мен  олардың 

ассоциациялары жэне баска мемлекеттік емес шаруашылықтүрлері 

ретінде кайта құрылды;

— ашық жоне жабык типгегі акционерлік қоғамды құру;

— кұс фабрикасы мен кешендерін, теплица комбинаты акционерлік, 

шаруашылык қоғамы немесе серіктестігі етіп кайта күру;

—  рентабелді  емес  мемлекетгік  ауылшаруашылығы  кәсіпорын 

мүлііін занды және жеке тұлғаларға аукцион арқылы сату:  1997 жылы 

1 кіштлрда 2400 кеншар (совхоз) мен үжымшар (колхоз) кайта қүрылып, 

47000 шаруашылык субъектілері, оның ішінде 3200 шаруа қожалығы 

күрыдды.1

Меншікті  мемлекетген  алу  мен меншікті жекешелендіру тығыз 

байланыста болады.

Мемлекеттік  меншікке  жататын  барлық  халық  шаруашылык 

салалары — кәсіпорын, мекемелер немесе үйымдар жекешелендірУ 

объектісі болып табылады. Жекешелендірілген объект жеке тұлғаға 

жеке меншік ретінде сатылуы мүмкін, ал топтаскан адамдарға — жалпы 

меншік үлесін бөлу негізінде жүргізіледі.



Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:

а) 

аукциоңоьік, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға усынса 

соған сатылады;

1  Казахстанская  правда.  17  января  1997  года.

254


ә) конкурстық — тандау сатушынын, ойынша, дұрыс жағдай үсынғап 

сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;

б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғывдарға беру;

в) купондық тәсіл.

Қазақстан  Республикасы  1993  жылы  қараша  айынан  бастап 

жаппай жекешелендіруге көшті.  Максаты — тезірек меншіккерлер 

тобын қалыптастыру. Түрғындарға бірдей мүмкіндіктер жасау үшін 

инвестициялық жекешелендіру купондары берілді.  Қазакстандык 

моделдін, негізгі ерекшелігі мынада:

1.  Жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз 

үлестіру;

2.  Ж екешелендірілген  инвестициялык  купонды  тек  кана 

инвестициялық  -  жекешелендіру  коры  арқылы  қолдану  мүмкіндігі 

бодцы.

Инвестициялык  жекешелендіру  коры  азаматтардын  жаксы 

кәсіпорында  жекешелендіруге  катысуына  кедергі  жасайды.  Бір 

жағынан  Қазақстан  Республикасы нда  қабылданған  модель 

Ресейлікке жақындау.  Оларды жекешелендіру чек-ваучерді тегін 

тарату  қарастырылған.  Алайда,  Кдзақстандык  инвест-купонды 

иеленушілер  оны   тікелей  жаратуға  күкы  жоқ.  С ондай-ак 

инвесткупонның  ваучерден  айырмашылығы  сол,  номиналды 

бағасының болмауы.  Осы жағдайлар Қазақстан Республикасында 

бағалық кағаздар нарығын калыптастыруды баяулатады.  Басқада 

келеңсіз мәселенің бірі - инвестициялык қор қызметін косымшалап 

шектеу.  Ресей чекгік инвестициялык қордан өзгешелігі сол, әрбір 

біздегі инвестициялык қордың күкы жок:

— Қазақстан  Республикасы  гұрғындары  инвестиция  купонын 

5% артығын шоғырландыра алмауы;

~   бір  аукционда  кәсіпорын  акциясынын  10%  артығын  ала- 

алмайды;

— бір ғана жекешелендірілген объектіге жиналған инвестициялык 

купонның 5%-дан артығын сала алмайды.1

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттен алу мен меншікті 

жекешелендіру  меншік  құрылымын  түпкілікті  езгертті.  Жеке 

меншіккерлер тобын қалыптастырды.



  Приватизация.  «Панорама»  газеті,  18  мамыр  1994.  5  бет.



255

20.3.  ӨТПЕЛІ  ЭКОНОМИКА  КЕЗЕНДЕГІ  КӘСІПКЕРЛІК

Монополды 

мемлекеттік 

экономика  жағдайында  кәсіпкерлік 

кызмет кұкығы тек мемлекетке ғана жатады.  Нарыктык экономика 

кәсіпкерлік кызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, 

әрбір  кәсіпорын  мен  индивидке  де  мүмкіндіктер  жасалады.  Б р  

нарыктык экономиканы тап-түйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай 

болуға  жэне  түтынушы  кажеттілігін  қанағаттандыруға  жағдай 

жасатады.  Өтпелі  кезендегі  мемлекеттің  алдындағы  басты 

міндеітердің бірі - кәсіпкерлік құрылымды қүру. 

Оларды масштабы 

бойынша  шартты  турде  майда,  орташа  жене  ірі  кәсіпкерліктерге 

болеміз. 

Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді:  кәсіпкерлік 

суСуьектісше - ертүрлі экономикалык кызметке қатысатындар, жеке 

индивидтер  жеке  түлғалар  жэне  жалпы  экономикалык мүдделер 

мен келісім-шарт міндетгерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. 

Ал, үжымдьгк кәсіпкерлікке:  серіктестік,  кооператив,  акционерлік 

коғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.

Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердін (1883- 

1950  жж.)  ойынша,  кәсіпкерлік жаңа  игілікті  дайындауға немесе 

баска  бір  сапалы  жаңа  игілікті  жасауға  бағытталған.  Сондай-ак 

өндіріске  жаңа  тәсілді  ендіруге,  затты  өткізетін  жана  нарыкты 

пгеруге;  жаңа  шикізат  пен  жартылай  фабрикаттар  көзін  табуға 

ондірісті талапка сай, баскаша қүруға күш салады.1

Кәсіпкерлік ез бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген 

шаруашылык тәсілі, экономикалык ойлаудың ерекше типі.

Кәсіпкерлікті  күрудың өзекті мәселесі — мемлекеттік меншікті 

мемлекеттен  алу  мен  жекешелендіру  болып  табылады.  Олар 

нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны қүрып кана коймайды

сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшьш ғалымы 

әрі  эко н о м и сі  А льф ред  М арш алл  а й т қ а н д ай ,  н ары кты к 

экономиканьщ басты кдсиеті — «өндіріс пен кәсіпкерлікгің еркінддгі». 

А. 


Маршалл бойынша, кәсіпкер — экономикалык процесті жеделдетуші.

Нарықтык экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірак 

оарлык  мөселені  шеше  алмады.  Оны  шешу  үшін  мемлекеттің 

үйлестіру ролі қажет.

і^п '  1 |^ ШСТСР 

*еоР11м  экономического  развития.  -   М.,  Прогресс,  1982, 



169-170  бет.

а) шағын кәсіпкерлік жэне  оның мәселелері.

Халықаралық практика көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік капш лл 

тезірек айналатын  салаларда  пайда болды.  Ондай  салаьа 

са\да. 


қоғамдық тамактандыру мен  кызмет көрсету аясы жагады.

Н а р ы қ т ы қ   э к о н о м и к а н ы   р е ф о р м а л а й т ы н   к а р к ы н д ы  

экономикалык саясат бағанын либерализациялануынан басіалады 

жэне онымен байланысты инфляцияның есуітұрғындардын жинак 

қорының  кұнсыздануы  мен  пайыздық  өсімінін  тез  кетерілуіне 

қарай, шағын бизнестің каржылық базасының жоюылуына алып 

келеді. Бұл шағын бизнестің калыптасуы мен онын инвестициялық 

қызметін барынша тұсаулап тастайды. Шағын косшксрлік кептеген 

жиналым  мен  үлкен  салыктардың  қүрсауында  калады.  Өткелі 

кезеңцегі калыптасып отырған экономикалык жағдай кәсіпкерлік 

қызметін  ынталандыру  жағдайын  жояды.  Алайда,  нарыктык 

экономиканың қалыптасуын кәсіпкерліксіз елестеу мүмкін емес.

Қазіргі әлемдік экономика жағдайында ірі монополиянын ары 

карай қаркынды дамуы шағын жэне ортафирмалардың сакіалуымен 

тікелей сабактас. Бүл ғылыми-техникалык революция мвселелершен 

де  байланысты.  Кептеген жаңа заттардын түрлерін  шағын және 

орта кәсіпорындар ендіре  бастайды.  Себебі,  ендірістегі ллдынғы 

орынға  таласа  отырып,  олар  сүраным  езгерісіне  тез  арада  жауап 

береді  және  ендірістің  түтынушыны  канағаттандырмаған  жаңа 

нәрселерін  іздей  бастайды.  Сондыктан  шағын  фирмалардын 

жүмыстағы  бір  адамға  ш ақкандағы   ғылыми-зерттеч  және 

конструкторлық жүмысқа шығындары ірі кәсіпорынға карағанда

әлдеқайда жоғары.

Қазіргі  кезде  шағын  бизнестін  жалпы  алғанда  нарыкта  жа

енімдер ендіру келеміңдегі ролі өте жоғары.

А ҚШ -да  федералдык  сатып  алу  басқармасынын  мәліме 

бойынша, 50-ші жыдцың ортасынан бастап 70-ші жьишын ортасынс 

дейін шағын фирмалар (1000 адамнан аздау мекеме жатады) елдегі 

әртүрлі жаңалықтардың жартысына жуығын тапқан.  шті, 

с  ^

  < 


жаңалықтардың ширегіне жуығы  10 адамнан түратын ФИР* 

с 

-•1 


келген.  «Apple»  шағын  компаниясы  персональды  (жеке  п 

’ 

компьютерді шығаруды алғашқылардың бірі ^ольіп игери  , 



оны  ең  мы қты   өндіруш ілерге  айналды .  Ш ағын 

игергендерден авансценаға американың казіргі белплі компс 

^ ‘ 

«Ксерокс», «Тексас инструменте»,  «Полороид» сияқтылар і



257

Капиталистік елдерде тұрғындарды жумыспен  қамтуда шағын 

бизнестің ролі өте  зор. АҚШ -да соңғы  10 жылдын ішінде 60%-дай 

жана жұмыс орны 20 адамнан аздау жүмыс істейтін кесіпорындарға 

келеді.  80-ші жылдардың басында жүмыссыздықтың катты өсуіне 

байланысты көптеген ғалым, экономист жэне мемлекет кайраткерлері 

шағын бизнесті жаңа жүмыс орнын табудың құралы ретінде карап, 

ірі  кәсіпорындағы жүмыстылыкты кыскартудың орнын толтыратын 

қабшетгілігі барлығын байкдцы. Сондыктан да кагшталистік елдердің 

укіметі тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.

Шағын  жэне  орта  бизнестің  болуы  ірі  фирма  (монополия) 

мүдделерінде толық қанағаттандырады.  Бүгіндері өнімді дайындау 

үшін мындаған деталдар керек болады. Оларды өндіру үшін көптеген 

шағын жэне орта фирмалардың маманданып,  сонымен катар олар 

концернм ен  контракт  жүйесімен  байланы скан .  Кейбір  ірі 

электротехникалык, автомобиль монополияларында жэне басқада 

салаларда түракты түрде 20-30 мындай шағын компаниялар жүмыс 

ісгейді.  Жалпы  шағын  жэне  орта  фирмалардың  коп  бөлігі  ірі 

монополиялармен  контракт жасай отырып өмір сүреді.  Мысалы, 

Ф р а н ц и я д а   40%  ш ағы н  ж эн е  о р та  к ә с іп о р ы н д а р   ірі 

монополиялармен  байланысты.  Сондай-ақ,  АҚШ -да  контракт 

жүиесімен 400 мыңға жуык немесе 25%-дай  шағын кәсіпорындар 

камтылған. оларда 4,5 млн адам жүмыс істейді.  Осындай жағдаңды 

Жапонияда да кездестіруге болады.

Шсиын

 бизнесті кең тарату техникалық кызмет корсе'ху саласында 

Дсі кездеседі. Осындай кәсіпорынды ащу үшін аздаған капитал кажет.

ндірістен  колы  босап,  жүмыссыз  қалғандар  озі  айналысатын 

тіршілік көзін ашуға талпыныс жасайды.

Ж аіпы 80  ші 



жылдардың

 басында шағын кәсіпорында тек кана 

иегер отбасы мүшелерінің еңбегін колдануға, Ж апонияда барлык 

жүмьіс  істеитщдердің  32%,  Италияда  -   29%,  Францияда  21% 

Ксі м гылған.

Монополистік  емес  фирмалар  бірқатар жаңа салаларда өзіяін 

Жс  "даиын кәдімгщей бекітіп алған, әсіресе алдыменен ақпараттык 

кешенде.  ылыми 

техникалық прогресс негізінде іскерлік қызмет 

көрсет\  спектрі 

М — негізшде - акпаратгы өндеу, бағдарламамен 

камтамасыз ету,  инжиниринг,  консультациялык бизнес және т.б. 

кішыптасгы.  Мүндаи кызмеггер түрі ресурстарды шоғырландыруды 

аса кажег етпеиді және шағын компаниялар шеңберіңде ойдағьщай

258


жүзеге  асыруға  болады.  Мысалы,  Германияда  бағдарламамен 

камтамасыз  етуде  3700  астам  фирма  қызмет  етуде,  оның  ішінде 

шамамен 70%  10 адамнан азлау жүмыс істейтін компаниялар күрайды.

Жоғарьщағы ойымызды жинактап,  корытындылайтын болсак, 

онда  шағын  жэне  орта  бизнестін  ролі  төмендегі  алты  қызметте 

байқалады.

Біріншіден,  шағын өндіріс  нарық конюктурасының өзгеруіне 

жедел  реакция  байқатып,  нары қты к  экономикаға  икемділік 

көрсетеді. Мүндай іс әрекетке ірі алпауыт-кәсіпорындар кол жеткізе 

алмайды.


Екіншіден,  шағын жэне орта бизнес көптеген колданьшмаған 

қаржы кұралдарын тиімді жүмсауға жұмыддырады. Мүндай бизнес 

түрі болмағанда, бұл ресурстар қолданылмас еді.

Үшіншіден,  шағын  жэне  орта  бизнес  бәсекелестік  ортаны 

калыіггастыруца кәдімгідей үлес косады. Себебі, кезкелген мемлекетге 

жоғары монополияланған экономика жағдайында бірінші мәні  ар 

нәрсе.

Төртіншіден,  шағын жэне орта бизнес түрғындарды жүмыспен 



қамтуда үлкен роль аткарады.  Өнеркәсібі дамыған елдерде  арлык 

жүмыс істейтіндердің 50-60%  қамтыса, жаңа жүмыс орндарының 

70-80% қүрайды.

Бесіншіден, жоғарыда атап өткеніміздей,  ғылыми-техникалық 

прогресті  дамытуда  шағын  ондіріс  айтарлыктай  роль  аткарады. 

АҚШ-да  шағын  бизнеске  ғыл

ы

 

ми



-техникалык  жаңалыктардың 

(жеке  бастьшык  компьютер,  кебейткіш  аппараттар, 

олороид 

фотоаппараты)  50% жатады.

Алтыншьщан,  әлеуметтік шиеленісті жүмсартуда шағын 

орта бизнес орны ерекше роль аткарады. Түрғындар қиьш дазда 

кезінде  бүл  жерден  жүмыс  тауып.  өздерінің  ка  шеттерін 

асырады.


К әсіп керліктің   халы каралы к  тәж ірбиесінін 

көрсеткендей  өтпеді  экономика  мемлекеті  жанадағ 

.

кәсіпкелердің саудадағы делдалдығын күптаған (дәріггг 



Бүл өндіріс саласындағы кызметгін пайдасыздығын көр 

Өтпелі экономикаға тән нәрсе  нарықтык ии(^ а^ ,  



және 

дамымағандығы.  Бүл шағын кәсілкерліктін дамуын т 

тоқтатып келеді. 

ірпрп 



псы


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 17.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет