Сәрсенбі Среда 2 наурыз марта 2016 жыл года



жүктеу 0.58 Mb.

бет1/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Сәрсенбі

Среда

2

наурыз

марта

2016

жыл

года

17 (5519)

2016  жылдың 14 қаңтарында  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың 

Жарлығымен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

құрылған  күні – 1 наурыз  Алғыс  айту  күні  болып 

бекітілді. Қазақстан халқы биыл Алғыс айту күнін 

алғаш рет атап өткелі отыр.

Алғыс  айту  күнін  мерекелеудің  жаңа  дəстүрі 

жалпыұлттық  «Мəңгілік  Ел»  патриоттық  идеясы 

аясында қазақстандық құндылықтарды айшықтайды.

Алғыс айту күні – бұл, бəрінен бұрын, президенттік 

бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құратын 

күні. Соның арқасында Қазақстанда тыныштық пен 

тұрақтылық,  халықтар  арасында  өзара  сенім  мен 

сыйластық үйлесім тапқан.

Бұл – қиын-қыстау  кезеңде  Қазақстанға  еріксіз 

жер  аударылған  миллиондаған  түрлі  ұлт  өкілдерін 

бауырмал  құшағына  алып,  қонақжайлықпен 

қамқорлық көрсеткен қайырлы қазақ жері мен қазақ 

халқына киелі тағзым, шынайы ризашылық.

Алғыс  айту  күні – күрделі  кезеңде  бір  үйдің 

баласындай ынтымақта ғұмыр кешіп, игілікке бірге 

қажыр-қайрат жұмсап, Елбасының басшылығымен 

Тəуелсіз Қазақстанды тұрғызған ел азаматтарының 

бірлігіне құрмет көрсету күні. Бұл күн – біздің ортақ 

тарихымызға құрмет күні.

Алғыс  айту  күні – қайырымдылық  дəстүрлері 

күні,  əлеуметтік  ынтымақтастық  пен  өзара  қолдау 

күні.  Бүл  күннің  мерейі – жүректің  жомарттығы, 

көңілдің ашықтығы.

Алғыс  айту  күні  қазақстандық  патриотизмді, 

достық пен татулықты дəріптейтін, Біртұтас ұлттың 

мəртебесін  биіктететін  ұлы  күн  болып  қалмақ. 

Бұл күн – Қазақстан халқын біріктірген «Мəңгілік 

Ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясының  негізін 

қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы күні. Бұл күн 

еліміздің əрбір азаматының жүрегіне жылу, жанына 

М Е Р Е К Е   М Е Р Е Й І

нұр құятын ең басты 

мерекелерінің  бірі 

болып қала береді.

М е р е к е н і ң 

т ұ ң ғ ы ш  

р е т 

Тəуелсіздіктің 25 



жылдығы қарсаңында 

өткелі  тұрғаны  да 

табиғи заңдылық.

К е ш е  

А с а 

ауылының  орталық 



а л а ң ы н д а   ө т к е н 

А л ғ ы с   а й ту   к ү н і 

м е р е к е с і н д е   с ө з 

сөйлеген  аудан  əкімі 

осылайша  тамырлы 

əңгімеден ой жұптап, 

а у д а н   х а л қ ы н 

мерейлі  мерекемен 

құттықтады.

Б а с ш ы   б ұ д а н 

с о ң   а л а ң   т ө р і н д е 

тұ рып  Жалпақтөбе 

ауы лының  тұрғы ны 

Зарина  Мұсаеваға 

м ү г е д е к   б а л а  ғ а 

арналған  қолар баны 

т а б ы с   е т т і .   Қ а м -

қор лыққа  сүйінген 

Зарина  да  өз  кезе-

гінде  Елбасына,  об-

лыс, аудан басшы сы на 

алғыс айтты (суретте).

Жүрек  жылытар  жиында  сөз  алған  аудандық 

Ауған  соғысы  ардагерлері  кеңесінің  төрағасы 

Дəуренбек Нұралиев:

–  Бейбітшілік  пен  бірлік  бекем  орнаған  егемен 

елімізде бүгін алғаш рет Алғыс айту күні ұлықталып 

отыр.  Күнделікті  тұрмыста  адам  баласына  алғыс 

сəт  сайын  айтылып  жатқанымен,  осынау  көркем 

құбылыстың  қоғам  өмірінде  ресми  түрде  аталып 

өткені  өте  маңызды.  Көпшілік  көкейінде  жүрген 

ризашылық  сезімдер  ақжарма  тілектерге  айналып, 

кісі  баласы  жасаған  жақсылықтарды  асыл  көмбені 

аршып алғандай жарқыратып көрсететін ерекше күн 

қашаннан бері керек еді. Ел тілегін ескеріп, бүгінгі 

тіршіліктің тамырын тап басқан Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев  арнайы  Жарлықпен 1 наурызды  Алғыс 

айту күні деп бекітті. Сол үшін де алғашқы Алғысты 

Ел Президентіне айтуымыз керек, – дей келе, сонау 

алмағайып  жылдары  Қазақстанға  еркінен  тыс  жер 

аударылған  анасының  қайырлы  қазақ  халқына, 

қасиетті  қазақ  жеріне  алғысын,  Ауған  соғысы 

ардагерлеріне қолдау көрсетіп, қамқорлық жасағаны 

үшін Мəден Тоқтарбайұлына өз алғысын жеткізді.

Салтанатты  жиында  облыстық  «Ахысха»  түрік 

этномəдени орталығының Қарой ауылдық округіндегі 

өкілі  Наим  Даврушев,  М.Төлебаев  атындағы  саз 

мектебінің мұғалімі Ирина Перилова, «Айналайын» 

балалар  мен  жасөспірімдер  орталығы»  қоғамдық 

бірлестігінің белсенді мүшесі Қолқанат Оңғарбаева, 

Еңбек орта мектебінің мұғалімі Сағынған Исақаева 

сөз  сөйлеп,  адамдарға  деген  алғысымен  мереке 

ажарын ашты.

Алаңға жиналған жұрт «Əдемі-ай» жəне «Рауан» 

дуэттері мен «Үміт» триосы, жекелеген əншілер өнер 

көрсеткен керемет концертті тамашалады.



С. БЕРТАЙҰЛЫ.

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей – көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.

Ғасырлық ғұмырында арыны басылмаған алып жыршы, шұрайлы 

жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын Жамбыл Жабаев осылай 

дүниеге келсе керек. Ал, оның жүрегінен шыққан əрбір сөзін, жырларын 

қасиет тұтпаған халық жоқ шығар, сірə. Жүз жасқа дейін сағы сынбаған 

өмірлі халық жыршысының аты қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.

Еліміз  қашанда  Алаш  ардақтыларын  құрметтеп,  абыройын 

асқақтата  білген.  Соның  бірі  жəне  бірегейі – ауданымыз  атын  алған 

Жамбыл бабамыздың 170 жылдық мерейтойына орай көпшілік аудан 

орталығындағы еңселі ескерткіштің алдына жиналды.

Салтанатты  жиын  басталар  алдында  туған  жерін  жүрек  төріне 

қондырып,  бүгінгідей  тарихтың  куəгері  атанған  Жамбыл  бабамызға 

құрмет  көрсету  үшін  ескерткіш  алдына  гүл  себеттері  қойылды. 

Мерекелік жиында сөз алған аудандық мəслихаттың хатшысы Рүстем 

Бегалиев жыр алыбының қазақ ауыз əдебиетіндегі орны айрықша екенін 

жеткізді.

– Ардақты аудан жұртшылығы, біз бүгін ауданымыз үшін айрықша 

мəні бар, ел ерекшелігін паш ететін, тағылымы мол шарада жиналып 

отырмыз. Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын 

асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мəңгі бірге 

жасай береді. Сіздерді бүгінде еліміз тəуелсіздігін тəбəрік етіп, бейбіт 

күннің  бесігінде  тербелген  Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің 

25  жылдығы  қарсаңындағы  Жамбыл  Жабаевтың 170 жылдық 

мерейтойымен  құттықтай  отырып,  зор  денсаулық,  еңбекте  табыс, 

отбасыларыңызға  қуаныш  пен  шаттық,  береке  мен  бірлік  тілеймін. 

Ауданымыз өркендей берсін! – деді.

Бұдан соң сахна төріне көтерілген Мəдениет үйі қызметкерлерінің 

қойған көрінісі, Нұрлыбек Таласбаев орындаған Жамбыл Жабаевтың 

«Жыр бастау» əні, Бақнұр Нұрманның «Нар Жамбылым» арнау өлеңі, 

Қарлығаш Жамбаеваның «Артықша туған азамат» əні, «Үкілі домбыра» 

триосының  орындауындағы  Кенен  Əзірбаевтың  «Жамбыл  туралы 

сарын» əні, Саламат пен Нұршаттың «Жаса, Қазақстан!», «Əдемі-ай» 

дуэті орындаған «Қазақстан» əндері көңілге қуаныш ұялатып, серпінді 

əсер қалдырды.



Мақсат ЖҰМАБАЕВ.

Б е с і н ш і   ш а қ ы р ы л ғ а н   Жа м б ы л   ауд а н д ы қ 

мəслихатының кезекті елу екінші сессиясы 2016 жылдың 

10 наурызында аудан əкімдігінің мəжіліс залында сағат 

15.00-де төмендегідей күн тəртібімен өтеді:

1 .   Жа м б ы л   ауд а н ы   аума ғ ы н д а ғ ы   м ə д е н и 

ошақтарында  атқарылып  жатқан  жұмыстары  мен 

олардың материалдық-техникалық жағдайы туралы.

2.  Жамбыл  аудандық  мəслихатының 2015 жылғы 

25  желтоқсандағы  «2016-2018 жылдарға  арналған 

аудандық  бюджет  туралы»  №48-2  шешіміне  өзгеріс 

енгізу туралы.

3. Əртүрлі мəселелер.

Депутаттық  фракция  мен  тұрақты  комиссия 

отырысы 2016 жылдың 10 наурызында сағат 14.00-де 

өтеді.


Аудандық мəслихат аппараты.

АУДАНДЫҚ МƏСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АЛҒЫС – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

АЛҒЫС – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

ҚҰРМЕТ

МҰРАСЫ ҚАЛДЫ 

МӘҢГІЛІК


2 бет

2 наурыз 2016 жыл №17

№1  лот  бойынша    Қаратау 

ауылы,  А.Арын  бұрылысы,  №1 

үйдің  тұрғыны  Аубакиров  Данияр 

Оналсынович;

№2 лот бойынша Тараз қаласы, 

1-ші бұр. Трудовой көшесі, №3 үй, 

№13  пəтердің  тұрғыны  Тургынова 

Сауле Муратовна;

№3 лот бойынша Тараз қаласы, 

Фресно көшесі, №121 үйдің тұрғыны 

Моминов Кахар Шарипкулович;

№4 лот бойынша Қызылшарық 

ауылы,  Т.Тоқтаров  көшесі,  №28 

үйдің тұрғыны Каримов Карасай;

№5  лот  бойынша  Бектөбе 

ауылы,  Жамбыл  көшесі,  №59 

үйдің  тұрғыны  Канаев  Касымхан 

Токтасынович;

№7 лот бойынша Бірлесу-Еңбек 

ауылы, Есимов көшесі, №41 үйдің 

тұрғыны  Рахманбердиев  Кайрат 

Ратаевич;

№10  лот  бойынша  Октябрь-

Жеміс  ауылы,  Рысқұлов  көшесі, 

№38  үйдің  тұрғыны  Жакипов 

Нуркас Асқарұлы;

№11,  №33  лоттар  бойынша 

Шайқорық  ауылы,  Танты  көшесі, 

№22  үйдің  тұрғыны  Жиенкулова 

Гулбагила;

№12 лот бойынша Тараз қаласы, 

Абай көшесі, №163 үй, №15 пəтердің 

тұрғыны  Досымбекова  Камшат 

Байтыковна;

№ 1 3   л от   б о й ы н ш а   Та р а з 

қаласы,  Пушкин  көшесі,  №165 

үйдің  тұрғыны  Жалмурзаева  Асел 

Кадировна;

№14 лот бойынша Тараз қаласы, 

Левошов  көше сі,  №11  үйдің 

тұрғыны Раимкулов Амангелды;

№15  лот  бойынша  Бесағаш 

ауылы,  Карсакова  көшесі,  №3 

үйдің  тұрғыны  Ахметчаев  Нуркен 

Зайдуллаевич;

№17 лот бойынша Тараз қаласы, 

1-ші бұр. Байзақ батыр көшесі, №75 

үйдің тұрғыны Есенкулов Нуридин 

Мырзахметұлы;

№18,  №19  лоттар  бойынша 

Тараз  қаласы, 10 м/а,  №22  үй, 

№13  пəтердің  тұрғыны  Урпекова 

Эльмира Калиевна;

№20 лот бойынша Тараз қаласы, 

«Аса»  м/а,  №28  үй,  №96  пəтердің 

тұрғыны  Амирбекова  Сымбат 

Акылбековна;

№21  лот  бойынша  Ақбұлым 

ауылы,  Жібек  жолы  көшесі,  №169 

үйдің тұрғыны Туктукуртов Серик;

№22  лот  бойынша  Қаракемер 

ауылы,  Шымырбай  көшесі,  №6 

үйдің  тұрғыны  Еділбаев  Ербол 

Нұрқожаұлы;

№24  лот  бойынша  Қаратау 

қаласы,  Менделеев  көшесі,  №43 

үйдің  тұрғыны  Суиндиков  Бегзат 

Есентайұлы;

№25 лот бойынша Тараз қаласы, 

Жалайыр  көшесі,  №21  үй,  №1 

пəтердің  тұрғыны  Аккошкаров 

Кенжетай Рахымжанович;

№26  лот  бойынша 19 разъезд 

тұрғыны Кошкимбеков Турар;

№ 2 7   л от   б о й ы н ш а   Та р а з 

қаласы,  Смаилова  көшесі,  №28 

үйдің тұрғыны Казанчиев Абдразак 

Сеитханович;

№28 лот бойынша Өрнек ауылы, 

А.Омаров көшесі, №9 үйдің тұрғыны 

Абдуллаева Лаззат Абубакировна;

№29 лот бойынша Тараз қаласы, 

Мамбет  батыр  көшесі,  №3  мекен-

жайдағы  «Корпорация  Аулие-Ата 

Агро» ЖШС-гі;

№30  лот  бойынша  Өрнек 

ауылы, А.Молдагулова көшесі, №4 

үйдің  тұрғыны  Амалов  Жанысбек 

Илесбекович;

№32 лот бойынша Тараз қаласы, 

Абай даңғылы, №159 «а» үй, №12 

пəтердің  тұрғыны  Баграмова 

Бахытжамал Шариповна;

№ 3 4   л о т   б о й ы н ш а   ж ə н е 

Шайқорық  ауылы,  Абай  көшесі, 

№2  үйдің  тұрғыны  Қазанбасов 

Меиржан Алпысбайұлы;

№ 3 5   Т а р а з   қ а л а с ы , 

До смухамедова  көше сі,  №35 

үйдің  тұрғыны  Коканбаева  Забира 

Жаксинбетовна; 

№36 лот бойынша Тараз қаласы, 

«Салтанат»  м/а,  №23  үй,  №108 

пəтердің  тұрғыны  Сеилханова 

Каламкас Сыдыковна.



Жамбыл ауданы əкімдігінің 

жер қатынастары бөлімі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық 

процестік кодекстің тағы бір оң жаңалығы – істерді жеңілдетілген іс жүргізу 

тəртібімен қарау.

Азаматтық  істерді  жеңілдетілген  іс  жүргізу  тəртібімен  қарау  кейбір 

санаттағы істердің жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралуына əсерін 

тигізеді. Себебі судья жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді, арыз іс 

жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-дара қарайды. 

Жеңілдетілген  іс  жүргізу  тəртібіндегі  істерді  қарау  мерзімі  ұзартылуға 

жатпайды,  яғни,  іс  жүргізу  тараптардың  қатысуынсыз,  сот  мəжілісін 

болдырмай, тараптармен сот белгілеген мерзімге дейін ұсынылған дəлелдер 

негізінде шешіледі. Яғни, дəлелдемелерді сотқа ұсынуға сотпен тараптарға 

он бес жұмыс күн мерзімі беріледі. Егер дəлелдемелер мен өзге де құжаттар, 

сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түссе, сот ол құжаттардың 

қабылдануы,  болмаса,  кері  қайтарылуы  туралы  шешім  қабылдауы  тиіс, 

яғни, құжаттарды берген адамдар көрсетілген құжаттарды сот белгілеген 

мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмағандығы 

дəлелденуі  қажет.  Сондықтан  да  бұл  жаңа  норма  істердің  созбалаңға 

салынбай тез арада шешілуін қамтамасыз етеді.

Жеңілдетілген  іс  жүргізу  тəртібімен  тараптар  арасындағы  берешек 

сомасын өндіру туралы жəне судьямен басқа өндіріске бөлінбесе мүліктік 

емес санаттағы азаматтық істер қаралуға жатады.

Жеңілдетілген іс жүргізуді енгізудің мақсаты – ол соттың, тараптардың 

уақытын  жəне  басқа  ресурстарын  үнемдеу  болып  табылады.  Алайда, 

жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен істерді қарау барысында Азаматтық 

іс жүргізу кодексінің 5-бабында көзделген азаматтық сот ісін жүргізудің 

міндеттерінің барлық талаптары орындалуы қажет.

Жеңілдетілген  іс  жүргізу  тəртібімен  қаралатын  іс  бойынша  шешім 

АІЖК-нің 18-тарауында  белгіленген  қағидалар  бойынша  қабылданады. 

Бұл тарауда бірінші сатыдағы соттың істі мəні бойынша шешетін актісі 

шешім  нысанында  бес  жұмыс  күні  ішінде  шығарылады.  Ал,  АІЖК-нің 

149-4-бабында істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау нəтижелері 

бойынша шешімге ол қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен 

аспайтын  мерзімде  апелляциялық  сатыдағы  сотқа  шағым  жасалуы, 

наразылық  білдіруі  мүмкін  деп  көрсетілген.  Яғни,  істі  жеңілдетілген  іс 

жүргізу тəртібімен қарау нəтижелері бойынша шығарылған шешімге шағым, 

наразылық келтіру мерзімі шешімнің тараптарға ұсынылған сəттен емес, 

оның қабылданған күнінен бастап есептелінеді.



Ж. МИРАЛИЕВА,

Жамбыл аудандық прокуратурасының прокуроры.

Бала – кең  əлемдегі  ең 

жаны  таза  жан.  Оның  ойының 

тазалығы  қоршаған  ортаға 

байланысты болмақ. Бала ортаны 

қалай  қабылдап  танып  білсе, 

оның алдынан кең əлемнің есігі 

де солай ашылмақ. Ал, осы əлем 

есігінің  қалай  ашылуында  ата-

ана мен отбасының рөлі қандай? 

«Анаға  қарап  қыз  өсер,  əкеге 

қарап  ұл  өсер»  деген  ұлағатты 

сөздің мəні қаншалықты тереңде 

жатыр? «Бала – жанұяның 

айнасы, бір тамшы суда сəулесі 

қалай  бейнеленсе,  шеше  мен 

əкенің  адамгершілік  тазалығы 

да балаларға солай бейнеленеді. 

Мектеп  пен  ата-ананың  міндеті 

–  əр  балаға  бақыт  сыйлау. 

Мектептің  ұстаздарымен  ата-

СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

ана  тығыз  байланыста  болмай, 

болашақ  ұрпаққа  тəрбие  бере 

алмаймыз» деген сөздің жаны бар. 

Келешек  ұрпақ  тəрбиесіне  ата-

ана мен ұстаз бірдей атсалысуы 

қажет. Ал, баланың тал бойына 

тəрбие  сіңірер  алғашқы  жəне 

негізігі ортасы ол, əрине, отбасы. 

Себебі, жас шыбық қандай жерге 

егілсе,  күтімі  қандай  болса, 

жемісі  де,  бойы  мен  бұтақтары 

да сондай болмақ. Оның мəуелі 

жеміс  беріп,  жапырақтарының 

жайқалуы немесе солып қисық, 

өсуі отырғызылған топырағынан.  

Адамға  қойылатын  басты 

талап – асыл да ізгі адамгершілік 

қасиеттерді  бойына  сіңірген, 

ұ л а ғ а т т ы   а з а м а т   б о л ы п 

шығу.  Өйткені,  адам – өзінің 

адамгершілігімен, адалдығымен 

ж ə н е   қ а й ы р ы м д ы л ы ғ ы м е н 

а рд а қ т ы .   А д а м ге р ш і л і к  – 

а д а м н ы ң   р у х а н и   а р қ ау ы . 

Б . Б е с б а е в   ат ы н д а ғ ы   о рт а 

мектепте өткен «Баланы рухани-

адамгершілікке  тəрбиелеуде 

отбасы  мен  мектеп  арасындағы 

қарым-қатынас» атты облыстық 

семинар-практикумның  басты 

тақырыба  да  осы  болды.  Өзін-

өзі  тану  пəнінің  мұғалімдеріне 

мектеп жəне отбасы арасындағы 

б а й л а н ы с   п е н   р у х а н и -

а д а м ге р ш і л і к   т ə р б и е с і н і ң 

педагогикалық негіздері туралы 

жалпы  мағлұмат  беруді  мақсат 

еткен  семинарды 2016 жылдың 

оқу  жоспарына  сəйкес  облыс 

əкімдігінің  білім  басқармасы 

ұйымдастырды.  Оған  облысқа 

қарасты  мектептердің  өзін-

өзі  тану  пəнінің  мұғалімдері 

қатысып, тəжірибе алмасты. 

О б л ы с   ə к і м д і г і   б і л і м 

басқармасының оқу-əдістемелік 

кабинетінің  «Мектепке  дейінгі 

мекемелер, мектепалды даярлық 

жəне  «Өзін-өзі  тану»  пəні» 

бөлімінің  жетекшісі  Сəуле 

Жаманқұлованың  алғы  сөзінен 

кейін  Б.Бесбаев  атындағы  орта 

мектептің  өзін-өзі  тану  пəні 

мұғалімі  Толқынай  Сырғабаева 

« О т б а с ы   м е н   м е к т е п т і ң 

ынтымақтастығы» атты баяндама 

жасады.  Сондай-ақ  «Бақытқа 

т о л ы   к ү н »   т а қ ы р ы б ы н д а 

брейнсторминг  жүргізіп,  ата-

аналармен  пікірлесті.  Келесі 

кезекте  өзін-өзі  тану  пəнінің 

мұғалімдері  Майра  Турумова 

« С и л а   м ы с л и   и   с л о в а » , 

Меруерт Ермекбаева «Мақсат – 

жетістік желкені» ал, Толқынай 

Сырғабаева  «Батылдық  пен 

өжеттік»  атты  ашық  сабақтар 

өткізді. 

С е м и н а р - п р а к т и к у м 

барысында  оқушылар  əннен 

шашу  шашып,  көркем  бимен 

тамсантты. Мəн-мағынаға толы 

сахналық  көріністер  қойды. 

Отбасы – баланың азамат болып 

өсуінің негізі. Ол сыйластық пен 

жарастық  орнаған  орта,  алтын 

ұя. Бала бойына адами қасиеттер 

осы  ортада  беріледі.  Мектептің 

педагог-психологы  Меруерт 

Ермекбаева «Отбасы татулығы» 

тренингінде  осыны  айқындай 

түсті. Ол тренинг барысында ата-

аналармен жұмыс жасай отырып, 

отбасындағы  бала  тəрбиесіне 

а й ы р ы қ ш а   к ө ң і л   б ө л уд і ң 

маңыздылығы  мен  ондағы  ата-

ана  рөліне  терең  тоқталды. 

Осында  бір  байқағанымыз,  пəн 

мұғалімдері білікті де еңбекқор. 

Жалпы,  өзін-өзі  тану  пəнінің 

ерекшелігі  оқушылардың  үнемі 

қарым-қатынаста болатындығы. 

С е м и н а рд а   б ұ л   б а й л а н ы с 

а н ы қ   б а й қ а л д ы   ж ə н е   т е к 

оқушылардың ғана емес, мектеп 

пен ата-ананың.  Пəннің негізгі 

мақсаты – адамның  қоршаған 

ортаны  танып,  өзінің  ішкі  жан 

дүние сіне  үңілтіп,  рухани 

əлеуетін көтеру. Осы пəн арқылы 

бала  бойына  адамгершіліктің 

қайнарын  сіңіріп,  мейірімділік, 

шынайылық  пен  əділдіктің 

дəнін  себуге  болады.  Ол  үшін 

баланы  алға  жетелеп,  ой-өрісін 

дамытуға сеп болатын ұстаздың 

бойынан  да  осы  қасиеттердің 

табылғаны  абзал.  Біз  семинар-

практикумда Б.Бесбаев атындағы 

орта  мектептің  өзін-өзі  тану 

пəнінің мұғалімдерінің бойынан 

осындай қасиеттерді көре алдық. 

Бұл семинардың басқалардан 

өзгешелігі  сол,  мұнда  бала  мен 

ұстаз,  ата-ана  тығыз  қарым-

қатынас  жасай  отырып,  өзара 

байланыстарын  күшейте  түсті. 

Балалар  көрермен  қауымға 

өнерлерін  тарту  етсе,  бала 

тəрбиесіне жауапты ата-ана мен 

ұстаздар бірлесе жұмыстар жасап, 

келешек  жолының  тəрбиесіне 

бей-жай  қарамайтындықтарын 

а ң ғ а рт т ы .   Ə р и н е ,   б і рл е с е 

атқарған жұмыс өнімді болады, 

семинар-практикум қонақтардың 

көңіліне  қуаныш  нұрын  сепкен 

еді. Олар құлақтан кіріп, бойды 

алған əсем əн тыңдады, би мен 

сахналық  көрініс  тамашалап, 

ашық  сабақтардан  тəжірибе 

де  алды.  Мектептің  орыс  тілі 

мен  əдебиеті  пəні  мұғалімі 

Айгүл  Қалмаханова  «Отбасы 

тəрбиесінің  баланың  дамуына 

ықпалы»  атты  коучинг-сессия 

өткізді.  Мұнда  да  ата-аналарды 

қ ат ы с т ы р а   о т ы р ы п ,   б а л а 

тəрбиесіндегі  отбасы  рөлін 

айшықтады. Ата-аналар бірлесе 

отырып,  түрлі  тапсырмалар 

орындады, берілген ситуациялық 

жағдайлардың  шығу  жолдарын 

қарастырып, шешімін тапты. 

Басқосудың  атап  айтарлық 

тағы бір маңызды қыры – Майра 

Жамашқызының  «Қызға  қырық 

үйден  тыйым»  баяндамасы  мен 

бейнеролигі. «Қыз  тəрбиелей 

отырып,  ұлтты  тəрбиелейміз» 

деген сөз бекер айтылмаса керек. 

Бала тəрбиесі мен отбасы туралы 

сөз  бола  қалса,  болашақ  ана 

қыз  тəрбиесіне  соқпай  кету 

мүмкін  емес.  Себебі,  отбасы – 

қоғамның  бір  бөлшегі  болса, 

оның алтын қазығы – əйел. Ал, 

ананың  бала  тəрбиесіндегі  рөлі 

айтпаса  да  түсінікті.  Қыз  бала 

– ұлттың ұяты, қазақ халқы қыз 

тəрбиесіне ертеден ерекше көңіл 

бөліп,  үкілеп  өсірген.  Бүгінгі 

ұрпақты  ата  жолынан  таймай, 

ұлт  намысына  сөз  келтірмей 

тəрбиелеп,  аялап  өсіру  ана  мен 

ұстаздарға сын. Қыз тəрбиесіне 

қоғам болып атсалысады, қоғам 

болып тəрбиелейді. Осы сынды 

маңызды  жайттарды  толық 

қамтыған  баяндаманың  мəні 

терең. Бүгінгі күнге керек-ақ.

О б л ы с т ы қ   с е м и н а р -

практикум  қорытындысында 

ата-аналар  ұстаздарға  деген 

ризашы лықтарын  білдірді. 

Сəуле  Аңсабекқызы  мектеп 

əкім ші лігіне Алғыс хат табыс тап, 

семинарға  атсалысқан    ұстаз-

дарды  сертификатпен  марапат-

тады.  Ал,  мектеп  басшысы 

Айымжан  Абралиева  жиынды 

қорытындылап,  қатысушыларға 

алғыс айтты.



Айдана ҚУАТОВА.

ұ

р



і і

і

і і б й



БАЛА – ЖАНҰЯНЫҢ АЙНАСЫ

БАЛА – ЖАНҰЯНЫҢ АЙНАСЫ

АЗАМАТТЫҚ  ІСТЕРДІ 

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН 

ТӘРТІПТЕ ҚАРАУ



АУЫЛ ШАУАРШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР 

УЧАСКЕЛЕРІНЕ 2016 ЖЫЛДЫҢ 19 АҚПАНЫНДА 

ӨТКІЗІЛГЕН КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

3 бет

2 наурыз 2016 жыл №17


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал