Серия «Химия». №2(82)/2016



жүктеу 123.19 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.04.2017
өлшемі123.19 Kb.

Серия «Химия». № 2(82)/2016 

95 


ƏОЖ 373.1.012 

О.Н.Қобланова

1

, Г.С.Сахова



1

, П.А.Абдуразова



1

«Сырдария» университеті, Жетісай; 

2

М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақ мемлекеттік университеті, Шымкент  

(E-mail: koblanova.o.n@mail.ru) 

Химия оқулықтарының мазмұнын өзара белсенді  

оқытуға сай құрылымдаудың ролі 

Бүгінгі  таңда  негізгі  əдістемелік  инновациялар  оқытудың  өзара  белсенді  əдістерін  қолданумен 

байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «Interact» деген сөзінен келген. «Іnter» — бұл 

«өзара», «Act» əрекет  ету  дегенді  білдіреді.  Білім  мазмұнының  негізін  құрайтын  оқу  құралының 

бастысы — оқулық. Ол оқытудың барлық мақсаттарын жəне міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, 

яғни,  білім  беру,  дамытушы,  тəрбиелеуші  қызметтерін  атқарады.  Сонымен  қатар  қазіргі  уақытта 

ақпараттық  технологиялардың  дамуына  байланысты  оқушылардың  танымдық  шығармашылығын 

көтеру, пəнге деген қызығушылығын арттыру, сабақтың негізгі идеясы мен мазмұнын өзара белсенді 

оқыту  арқылы  жеткізудің  маңызы  зор.  Мақалада  оқытудың  жаңа  технологиясы — химияны  өзара 

белсенді  оқытудың  теориялық  аспектілері,  оны  ұйымдастыру  жəне  оқу  үрдісіне  енгізу  жолдары 

қарастырылды. Оқушылардың танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін жоғарылату мақсатында, 

өзара  белсенді  оқытудың  химиядағы  орнын  көрсету  мақсатында 8-сыныптағы  «Д.И.Менделеевтің 

периодтық  заңы»  тақырыбына  өзара  белсенді  оқытуға  сай  құрылымданған  сабақтың  мазмұны 

жасалынды. 



Кілт  сөздер:  өзара  белсенді,  оқулық,  оқыту  əдістемесі,  Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы, 

ақпараттық технологиялар, оқу үрдісі. 

 

Кіріспе.  ҚР  Білім  беруді  дамытудың 2011–2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

бойынша болашақ 12 жылдық орта мектептің білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыруға білім, 

білік,  дағдыны  игеріп  қоймай,  пəндік  құзыреттілікті  қалыптастыру  өзекті  мəселе  болып  табылады. 

Білім  беру  жүйесінің  өзгеруі  білім  мазмұнының  жаңаруына  əкеледі.  Білім  мазмұнының  жаңаруы 

білім  берудің  нормативті  құжаттары — пəндер  бойынша  білім  стандарттары,  базистік,  типтік  оқу 

жоспарлары,  пəндер  бойынша  дайындалатын  оқу  бағдарламалары,  оқулықтар  мен  оқу-əдістемелік 

кешендердің мазмұндарын да жаңаша құрылымдау қажет. 

Білім мазмұнының негізін құрайтын оқу құралының бастысы — оқулық. Ол оқытудың барлық 

мақсаттарын жəне міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, яғни, білім беру, дамытушы, тəрбиелеуші 

қызметтерін  атқарады.  Сонымен  қатар  қазіргі  уақытта  ақпараттық  технологиялардың  дамуына 

байланысты  оқушылардың  танымдық  шығармашылығын  көтеру,  пəнге  деген  қызығушылығын 

арттыру,  сабақтың  негізгі  идеясы  мен  мазмұнын  өзара  белсенді  оқыту  арқылы  жеткізудің  маңызы 

зор.  Өзара  белсенді  оқытуға  сай  оқулықтың  мазмұнын  құрылымдау  арқылы  оқушының  берілген 

материалды  өздігінен  игере  алуы,  ғылыми  білімнің  қысқаша  нақты  түрде  берілуі,  оқулықта 

мүмкіндігінше танымдық қызығушылықты арттыратын материалдардың сызба-нұсқа, кесте, ойындар 

түрінде  берілуі,  өздігінен  бақылау  жəне  өзін-өзі  бағалауы,  мақсатқа  бағытталған  шығармашылық 

ойлауға арналған тапсырмалардың жинағы еске алынады. 

Зерттеудің  өзектілігі.  Қазір  бүкіл  əлемде  индустриялық  қоғамнан  өзара  белсенді  қатынас 

жасауға,  оны  жүзеге  асыратын  техникалық  мүмкіндіктерді  дамытып  отыра  алатын  ақпараттық 

қоғамға,  яғни  ақпаратты  алу,  өңдеу,  сақтау,  тарату  жəне  пайдалану  қызметтерін  атқаратын  жаңа 

қоғамға көшу үдерісі жүріп жатыр. 

Дəстүрлі оқытуда мұғалім сабақтың көп бөлігінде түсіндіреді, көрсетеді, сұрайды, үлгі бойынша 

тапсырмалар  береді  жəне  оқушының  танымдық  қызметіне  өте  аз  уақыт  бөледі.  Себебі  оқулық 

мұғалімге арналып жазылады. Мұғалім оқулықтың мазмұнын əр түрлі педагогикалық əдіс-тəсілдерді 

қолдананып,  əдістемелік  нұсқауға  сүйене  отырып  балаларға  жеткізеді.  Осыған  орай  оқулықтың 

мазмұнын  оқушының  өзі  игеретіндей  жаңаша  оқытуға  сай  мазмұн  құрылымдау  өзекті  проблема 

болып табылады. 



Зерттеу мақсаты — өзара белсенді оқытуға сай құрылымданған білімнің мазмұнын жалпылау, 

бекіту жəне кеңейту. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

О.Н.Қобланова, Г.С.Сахова, П.А.Абдуразова 

96 


Вестник Карагандинского университета 

Зерттеудің міндеттері: 

1. Химия  оқулығындағы  теориялық  жəне  практикалық  сабақтың  мазмұнын  өзара  белсенді 

оқытуға сай таңдау. 

2. Оқушылардың  практикалық  біліктерін  жоғарылату  арқылы  пəндік  құзыреттілікті 

қалыптастыру. 

3. Өзара белсенді оқытуға сай құрылымданған сабақтарда проблеманы тудыру жəне оны шешу 

жолдары, іске асыру мен бағалау. 

Күтілетін нəтиже: 

1. Химия  оқулығындағы  теориялық  жəне  практикалық  сабақтың  мазмұны  өзара  белсенді 

оқытуға сай таңдалып, сабақты өздігінен игеру жүзеге асырылады. 

2. Оқушылардың  химия  пəніне  деген  қызығушылығы  артады  жəне  пəндік  құзыреттілігі 

қалыптасады. 

3. Өзара  белсенді  оқытуға  сай  құрылымданған  сабақтарда  проблема  тудырылады  жəне  оны 

шешу жолдары таңдалады, іске асыру арқылы сыни тұрғыдан бағаланады. 

Зерттеудің жаңашылдығы: 

1. Алғаш  рет  химия  оқулығындағы  теориялық  жəне  практикалық  сабақтың  мазмұны  өзара 

белсенді оқытуға сəйкес таңдалды. 

2. Оқу үдерісінде сабақты ұйымдастыру формасы ретінде өзара белсенді оқыту əдісінің қолдану 

мүмкіндіктері тəжірибе жүзінде іске асырылды. 

Зерттеудің  практикалық  мəні:  Өзара  белсенді  оқытуға  сай  құрылымданған  теориялық  жəне 

практикалық  сабаққа  негізделген  оқулықтың  мазмұнын  болашақ 12 жылдық  білім  беру  жүйесіне 

сынақ оқулық ретінде қолдануға болады. 

Зерттеу нысаны: Н.Н.Нұрахметов жəне т.б. Жалпы білім беретін мектептің «Химия»: 8 сынып 

оқулығы. — Алматы: Мектеп, 2008. — 224 б. 

Өзара  белсенді  оқыту  білім  беру  үдерісінің  үйреншікті  логикасын  ұсынады:  теориядан 

практикаға емес, жаңа тəжірибені қалыптастыруды қолдану арқылы теориясын түсіндіру. Білім беру 

үдерісіне  қатысушыларға  тəжірибе  мен  білім  өзара  оқыту  мен  өзара  білімге  байыту  көзі  болып 

табылады.  Өздерінің  білім  жəне  тəжірибелік  іс-əрекетімен  бөлісе  отырып,  олар  оқытушының  білім 

беру  міндетін  иелігіне  алады,  ал  бұл  өз  кезегінде  оқушылардың  түрткілері  мен  оқыту  нəтижесінің 

артуына əкеледі. Өзара белсенді оқыту моделі қосымша мамандандырылған білім беруде ересектерді 

бейресми оқытуда тиімді, себебі ересектердің кəсіби жəне өмірлік тəжірибелері көп. В.Б.Гаргайдың 

айтуы  бойынша,  кəсіби  мамандықтанудың  дамуы  əрқашан  «басқа  адам»  арқылы  жүреді,  ол  тірі 

субъект ретінде жəне компьютерлік немесе кітап ретінде ұсынылуы мүмкін [1]. 

Еліміздің  жалпы  білім  беру  жүйесіндегі  аса  ірі,  əрі  жауапты  кезең 12-жылдық  орта  мектептің 

талап-тілегін қанағаттандыратындай отандық жаңа төл оқулықтарды жасап шығару үшін, өзіміздегі 

жетістіктерді  біле  отырып,  əлемдік  деңгейдегі  құзыретті  оқытуға  біраздан  бері  бет  бұрған  дамыған 

елдердің  ғылыми-теориялық,  əдістемелік,  практикалық  жетістіктерін  сараптап,  озық  идеялар  мен 

ұстанымдарды танып, қажеттілерін ескеріп, тиісінше қолдану мүмкіндігін анықтау қажет. 

Қазіргі  заман  оқулығы  оқушының  қызығушылығын  оятуы  керек,  бірақ  барлық  кезде  оны 

қанағаттандыра бермегені жөн (Н.Селиванова) [2]. 

Қазіргі таңда оқулық оқытушының сабақта материалды толық қорытындылауы үшін оқу кітабы 

болмай тұр. Оқу үдерісіндегі өзгерістерге байланысты оның оқытушы, тəрбиелеуші жəне дамытушы 

рөлдері қатысушылардың таным қызметіндегі жетекшілік қызметінің мəні өсуде. 

Əдістемелік  əдебиеттерде  белгіленгендей,  оқулық  авторы,  бірінші  кезекте,  ғылымилық 

ұстанымын  ескеруі  қажет;  екіншіден,  толық  іргелі  түрде  негізделуге;  үшіншіден,  оқушының  өз 

бетінше білім алуына бағыттау, шығармашылық ойлауын дамытуды қамтамасыз ету, саралап оқуына 

мүмкіндік  беру  (негізгі  мəтінде  де  жəне  тапсырма  жүйесінде  де);  төртіншіден,  материалды 

проблемалық баяндау мүмкіндігін қолдану. 

С.Г.Шаповаленко оқулыққа мынадай анықтама берген: «Оқулық — ғылым негіздерін игеру үшін 

оқушыларға  арналған  құрал» [3]. Педагогтар  мен  ғалымдардың  еңбектеріндегі  пайымдауларға 

сүйенсек,  оқулық  дегеніміз — ғылымды  педагогикалық  тұрғыдан  баяндайтын,  ғылыми 

категорияларға жүйелілікпен өңдеп оқушыларға ұсынатын құрал [4]. 

Осы  түсініктерді  ескере  отырып,  өзіміздің  зерттеу  жұмысызды  теориялық  жəне  практикалық 

сабақтарда қолданамыз. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Химия оқулықтарының мазмұнын … 

Серия «Химия». № 2(82)/2016 

97 

1. Теорияға негізделген сабақтың мазмұнын құрылымдау 

 

Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. 



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жеке элементтер, атом құрылысы, Д.И.Менделеев жасаған 

химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесі  жəне  периодтық  заңы  туралы  білімнің  мазмұнын 

жалпылау, бекіту жəне кеңейту. 

Сабақтың міндеттері: 

1. Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы  тұрғысынан  химиялық  элементтер  туралы  білімнің 

мазмұнын өзара белсенді оқытуға сай жүйелеу. 

2. Оқушыларға  Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңының  мəнін  ашу  арқылы  химияны  өзара 

белсенді оқытудың ғылыми негізін қалыптастыру. 

3. Оқушылардың  периодтық  жүйемен  таныса  отырып,  өз  бетінше  алған  білім,  білігін  дамыту, 

периодтық жүйенің химия ғылымындағы маңызын білу. 

Күтілетін нəтиже: 

1. Периодтық заңның ашылу заңдылықтарын біледі. 

2. Элементтердің химиялық қасиеттерін біле отырып, жіктей алады. 

3. Химиялық элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын біле отырып, қолдана алады. 



Оқыту əдісі: Өзара белсенді оқыту. 

Қолданылған  құрал-жабдықтар:  Д.И.Менделеев  периодтық  кестесі,  оқулықтар,  сызбалар, 

қойылмалы тест, «Айқыштар мен нөлдер» ойыны. 



Жаңа сабақ 

Д.И.Менделеев  өзіне  дейінгі  ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып,  өз  кезегінде  белгілі 

болған  элементтерді  атомдық  массаларының  өсу  реті  бойынша  орналастырды.  Нəтижесінде 

қасиеттері ұқсас элементтер белгілі бір аралықтан кейін қайталанып отыратындығы анықталды. Бұл 

заңдылықты орыс ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы 1наурызда былай тұжырымдады: 

Элементтер  мен  олар  түзетін  жай  жəне  күрделі  заттардың  қасиеттері  сол  элементтердің 

атомдық массасына периодты тəуелділікте болады. 

● Өздеріңді қоршаған ортадан периодты өзгеретін құбылыстарды атаңдар: ___________________ 

_______________________________________________________________________________________. 

Д.И.Менделеев ашқан бұл заңның мəнісін түсіну үшін сутектен (H) аргонга (Ar) дейінгі алғашқы 

18 элементті алып қарастырайық. 

1. Литийден Li фторға F дейін  элементтердің  металдық  қасиеттері  əлсіреп,  бейметалдық 

қасиеттері  күшейе  бастайды.  Литий — айқын  металдық  қасиет  көрсететін  сілтілік  металл. 

Бериллийде  металдық  қасиет  төмендеп,  екідайлы  қасиет  көрсетеді.  Одан  кейінгі  элемент  бордың 

бейметалдық  қасиеті  басым  бола  бастап,  біртіндеп  фторға  дейін  күшейеді.  Одан  кейін  салғырт 

(инертті) газ неон келеді. Салғырт элементтер қасиеттері мүлдем басқа сипатқа ие болады. 

2. Литийден фторға дейін элементтердің қосылыстарында да өзгерістер байқалады. Литий оксиді 

негіздік қасиет көрсетсе, бериллий оксиді — екідайлы, одан кейінгі элементтер қышқылдық оксидтер 

түзе бастайды. Салыстырмалы атомдық массалары өскен сайын литийден көміртекке дейін олардың 

валенттіктері I–IV дейін  өседі.  Көміртектен  бастап  элементтердің  сутекті  қосылыстарындағы 

валенттіктері IV–I дейін кемиді. 

3. Келтірілген  химиялық  элементтер  қатарында Na→Mg→Al→Si→P→S→Cl  натрийден  хлорға 

қарай _______________________ əлсірейді  де __________________ артады.  Элементтердің  жоғарғы 

валенттіктерінің  мəні _______________. Хлордан  калийге  қарай _____________________қасиеттері 

жəне валенттіліктері өзгереді. Калий қасиеттері жағынан __________________________ ұқсас. 

4. Калийден  бастап  (реттік  номері 19) қайтадан  металдарға  тəн  қасиеттер  байқалып,  біртіндеп 

бейметалдарға  тəн  қасиеттерге  ауысады.  Бұл  қатарда 18 элемент  бар.  Мұндай  қатарларды 

Д.И.Менделеев период деп атады. 



Период  дегеніміз — атомдық  массаларының  өсу  реті  бойынша  орналасқан  элементтер 

қатары. Период сілтілік металдан басталып салғырт (инертті) элементпен аяқталады

 

Периодтар 

 

 

Кіші  

Үлкен 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


О.Н.Қобланова, Г.С.Сахова, П.А.Абдуразова 

98 


Вестник Карагандинского университета 

1-период H, He (2 элемент);  

4-период K-Kr (18 элемент); 

2-период Li-Ne (8 элемент); 5-период Rb-Xe (18 элемент); 

3-период Na-Ar (8 элемент);  

6-период Cs-Rn (32 элемент); 

7-период аяқталмаған. 

 

● Мына период туралы не білесіңдер? Бос ұяшықтарды толтырыңдар. (1-кесте) 



 

Na 


 

 

Si 



 

 

 



 

Период 


 

1 - к е с т е  



Период бойынша ұяшықты толтыру 

1. Период _______________________________________________________басталады. 

2. Период _______________________________________________________аяқталады. 

3. _______________________________________________________ қасиеттері əлсірейді. 

4. ________________________________________________________қасиеттері артады. 

5. Оттек бойынша валенттіктері _____________________________. 

6. Сутек бойынша валенттіктері _____________________________. 

 

Периодтық  жүйеде  тік  бағанада  қасиеттері  ұқсас  элементтер  бір-бірінің  астына 



орналастырылып,  туыстас  элементтер  тобы  шықты  (галогендер,  сілтілік,  сілтілік-жер  металдар). 

Бұлар  периодтық  жүйеде  топтар  деп  аталды.  Барлығы 8 топ  бар.  Əр  топ  «а»  негізгі  жəне  «в» 

қосымша топшалардан тұрады. 

Элементтердің  атомдық  массалары  мен  қасиеттеріне  негізделген  химиялық  элементтердің 

жалпы жүйесін құрастыру Д.И.Менделеевке табиғаттың заңы — химиялық элементтердің периодтық 

заңын ашуға мүмкіндік берді. 

● «Айқыштар мен нөлдер» ойыны (2-кесте). 

Ұтымды жолды тап: 

а) бір негізгі топша ішіндегі  

ə) бір период ішіндегі элементтер құрайды 

 

Be N  Si    Zn Cl Al 



Al Na  C    Be Mg Ca 

Cl Mg Ge    Si  S  Na 

 

2 - к е с т е  



«Айқыштар мен нөлдер» ойыны 

Сабақты қорытындылауға арналған тапсырма 

1. Периодтық жүйеде элементтер ______________________________________________құрайды. 

2. Кіші жəне үлкен периодтар ______________________________________________ басталып,  

_____________________________________________________аяқталады. 

3. Периодтардағы  элементтердің  салыстырмалы  атомдық  массалары  өскен  сайын  олардың  

 _________________________________ 

бəсеңдеп, ____________________________ арта түседі. 

4. Элементтер қосылыстарының қасиеттері де осы бағытта __________________ қарай ауысады. 

 

2. Практикаға негізделген сабақтың мазмұнын құрылымдау 

 

Сабақтың тақырыбы: «Оксидтер жəне олардың жіктелуі, алу жолдары». 



Сабақтың  мақсаты:  «Оксидтердің  жіктелуі,  алу  жолдары»  тақырыбының  мазмұнын  өзара 

белсенді оқытуға сай құрылымдау. 



Сабақтың міндеттері: 

1. Оқушылардың  практикалық  білімдерін  жоғарылату  арқылы  пəндік  құзыреттілікті 

қалыптастыру. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Химия оқулықтарының мазмұнын … 

Серия «Химия». № 2(82)/2016 

99 

2. Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу біліктерін дамыту. 



3. Өзара белсенді оқытуға сай оксидтер, оксидтердің жіктелуі, оксидтердің қасиеті туралы білім 

алу жəне оксидтердің табиғаттағы ролі мен қолданылуын білу. 



Күтілетін нəтиже: 

1. Өтілген тақырып бойынша анықтама шығарып, оксидтердің жіктелуін біледі. 

2. Лабораторияда оксидтердің əр түрлі химиялық жолмен алынуын біледі жəне тəжірибе жасау 

біліктері артады. 

3. Берілген химиялық заттарды түсіне қарап, ажырата біледі. 

4. Көпшілікке таныс оксидтердің қолдануын біледі. 



Оқыту əдісі: Өзара белсенді оқыту. 

Қолданылған құрал-жабдықтар: Оксид үлгілері жəне лабораториялық ыдыстар мен заттар. 

Қолданылған  əдебиет:  Н.Н.Нұрахметов  жəне  т.б.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  «Химия»: 

8 сынып оқулығы. — Алматы: Мектеп, 2008. — 116–120 б. [5]. 

 

Жаңа сабақ 

 

Осыған  дейінгі  тарауларда  заттардың  маңызды  кластары:  оксидтер,  негіздер,  қышқылдар  жəне 



тұздармен таныстыңдар. Осы білімдеріңді жүйеге келтіре отырып, оксидтердің жіктелуін, алынуын, 

химиялық қасиеттерін жəне қолданылуын жүйелеп қорытындылайық. 



Тапсырма. Мына тапсырмаларды орындаңдар жəне осыдан оксидтердің анықтамасын айтыңдар: 

 берілген  заттардың  ішінен  тек  қана  оксидтердің  формулаларын  теріп  жазыңдар: KOH, CaO, 



H

2

O, CO



2

, AlCl


3

, FeO, H


2

CO

3



, K

2

O; 



 мына  оксидтердің:  литий  оксиді,  мыс (I) оксиді,  мыс (II) оксиді,  азот (IV) оксиді,  мырыш 

оксиді, күкірт (IV) оксиді формулаларын жазыңдар. 

Оксидтер дегеніміз — __________________________________________________. 

Оксидтер  үшке  бөлінеді:  негіздік  оксидтер;  қышқылдық  оксидтер;  екідайлы  (амфотерлі) 

оксидтер

Оксидтердің жіктелуі. Оксидтер тұз түзбейтіндер: NO, CO жəне тұз түзетіндер болып бөлінеді. 

Тұз  түзетіндерге  негіздік  оксидтер CaO, Na

2

O; қышқылдық  оксидтер SiO



2

, P


2

O

5



;  екідайлы  оксидтер 

ZnO, Al


2

O

3



) болып бөлінеді. 

Тапсырма. Берілген тапсырманы 4 оқушыдан 6 топқа бөлініп орындаңдар (3-кесте). 

 

● Мына оксидтерді жіктеңдер: BaO, CuO, Al



2

O

3



, FeO, SO

2

, ZnO, P



2

O

5



, K

2

O, Cr



2

O

3



 (1-сур.) 

3 - к е с т е  



Оксидтерді жіктеу 

Негіздік оксид 

Екідайлы оксид 

Қышқылдық оксид 

 

 

 



 

 

 Fe



2

O

3



 гематит  

SiO


2

 кремний  

MnO

2

 пиролюзит   Al



2

O

3



 корунд  

Fe

3



O

4

 магнетит 



 (III) 

оксиді 


1-сурет. Кейбір оксидтердің атаулары 

Оксидтердің  алынуы.  Оксидтерді  алудың  негізгі  тəсілдері.  Реакция  теңдеулерін  толықтырып 

аяқтаңдар жəне теңестіріңдер. 

1) Жай заттардың оттекпен тікелей əрекеттесуі арқылы: 

  2C + O


= 2CO  


2CO + O

2

 = 2CO



2

  

Cu + O



=  


Ca + O



Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

О.Н.Қобланова, Г.С.Сахова, П.А.Абдуразова 

100 


Вестник Карагандинского университета 

2) Cуда ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы: 

 Cu(OH)

2

 = CuO + H



2

O  


Fe(OH)



3) Тұздарды қыздырып айыру арқылы: 

 CaCO


= CaO + CO

2

  

CaSO



4

 = 


№ 1 тəжірибе: Оксидтердің физикалық қасиеттерін зерттеу. 

Тапсырма.  Оксидтер  үлгілеріне (2-cур.)  назар  аударып,  ортақ  қорытындысын  кестеге 

толтырыңдар. Төменде 4-кесте оксидтер үлгілері көрсетілген. 

 

 

 

 

 

 

2-cурет. Оксидтер үлгілері 

4 - к е с т е  

Оксидтердің физикалық қасиетін кестеге толтыру 

№ 

Атауы 



Формуласы 

Агрегаттық күйі 

Түсі 



Сутек оксиді 



 

 

 



Мырыш оксиді 

 

 

 



Темір (III) оксиді 

 

 

 



Кальций оксиді 

 

 

 



Хром (III) оксиді 

 

 

 



 

Оксидтердің химиялық қасиеттері. 

Оксидтердің бəрі бірдей суда ерімейді. Негіздік оксидтердің ішінде K

2

O, Na


2

O, CaO, BaO сумен 

шабытты реакцияға түседі. Ал CuO, Fe

2

O



3, 

HgO сумен əрекеттеспейді. 



Негіздік оксидтерге тəн химиялық қасиеттерге тоқталайық. Реакция теңдеулерін толықтырып 

аяқтаңдар жəне теңестіріңдер. 

1. Негіздік оксидтер сумен əрекеттесіп, негіз (сілті) түзеді: 

 Na


2

O + H


2

O = 2NaOH 

CaO + H

2

O = 



2. Негіздік оксидтер қышқылдармен тұз жəне су түзе əрекеттеседі: 

 

MgO + H



2

SO

4



 = MgSO

+ H



2

O  


BaO + HCl = 

3. Негіздік жəне қышқылдық оксидтер өзара əрекеттескенде тұз түзіледі: 

 

CaO + CO


2

 =CaCO


3  

BaO + SiO

2

 = 


Қышқылдық оксидтерге де осындай үш түрлі қасиеттер тəн. 

1. Қышқылдық оксидтер: CO

2

, SO


2

, SO


3

, P


2

O

5



 сумен əрекеттескенде оттекті қышқыл түзіледі: 

 SO


3

+ H


2

O = H


2

SO



P

2

O



5

 + H


2

O = 


2. Қышқылдық оксидтер сілтілермен əрекеттесіп, тұз жəне су түзеді: 

 

2NaOH + SO



2

 = Na


2

SO

3



 +H

2

O Ca(OH)



2

 + СO


3. Қышқылдық оксид пен негіздік оксид өзара əрекеттескенде тұз түзіледі: 



 SiO

2

 + CaO = CaSiO



3

 

Екідайлы оксидтер жəне олардың химиялық қасиеттері. 

Екі  жақты  негіздікте,  қышқылдықта  қасиет  көрсететін  оксидтерге: ZnO, Al

2

O



3

, Cr


2

O

3



, BeO 

жатады. Олар суда ерімейді, қатты күйде болады. Мұндай оксидтер қышқылдармен де, негіздермен 

де реакцияға түсе алады, яғни, екідайлы химиялық қасиеттерді көрсетеді. 

№ 2  тəжірибе:  Мырыш  оксидінің  ақ  түсті  ұнтағына  күкірт  қышқылының  ерітіндісінен  құйса, 

оксид қышқылда еріп, мырыш сульфаты мен су түзіледі: 

ZnO + H


2

SO

4



 = ZnSO

4

 + H



2

Бұл реакцияда ZnO негіздік оксидке тəн қасиет көрсетіп тұр. Екінші тəжірибеде ұнтақ мырыш 



оксидін қатты натрий гидроксидімен қосып балқытса, натрий цинкаты жəне су түзіледі: 

ZnO + 2NaOH = Na

2

ZnO


2

 + H


2

 



натрий 

 

цинкаты 



Мұнда мырыш оксиді қышқылдық оксидке тəн қасиет көрсетіп тұр. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Химия оқулықтарының мазмұнын … 

Серия «Химия». № 2(82)/2016 

101 

Оксидтердің қолданылуы: 

 көмірқышқыл газ CO



2

 тамақ өнеркəсібінде, өрт сөндіруде «құрғақ мұз» ретінде; 

 қатты күйдегі кремний диоксиді SiO



2

 шыны, керамика алуда; 

 кальций оксиді CaO құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент жəне түрлі тұздар алуға; 



 күкіртті  газдың SO

2

  жүнді,  жібекті  ағартуда  жеміс-жидектерді  консервілеп,  оны  сақтауда 



қолданылады. 

 

Сабақты қорытындылауға арналған тапсырма 

 

1. Оксидтер__________________________________________________болып үшке жіктеледі. 



2. Қышқылдық жəне негіздік оксидтердің химиялық қасиеттерін ________________________ 

__________________________________________________________________________жаз. 

3. Оксидтер _________________________________________________________қолданылады. 

4. Заттардың оттекпен əрекеттесуі ____________________________________ болып табылады. 

5. Тұз түзбейтін оксидтерге _________________________________________________ жатады. 

 

Қорытынды 

Қорыта келе, сабақтың мақсатына сəйкес сабақ мазмұны өзара белсенді оқытуға сай таңдалып, 

сабақты  өздігінен  игеру  жүзеге  асырылды.  Сабақтарда  проблема  тудырылып,  оны  шешу  жолдары 

таңдалып, іске асырылу арқылы сыни тұрғыдан бағаланды. 

1. Химия  оқулығындағы  теориялық («Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы»)  жəне  практикалық 

(«Оксидтер  жəне  олардың  жіктелуі,  алу  жолдары,  қолданылуы»)  сабақтың  мазмұны  өзара  белсенді 

оқытуға сəйкес таңдалды. 

2. Оқушылардың практикалық біліктері, пəндік құзыреттіліктері қалыптастырылды. 

3. Өзара белсенді оқытуға сай құрылымданған сабақтарда проблема тудыру арқылы оны шешу 

жолдары таңдалды, іске асыру арқылы сыни тұрғыдан бағаланды. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Гаргай В.Б. Повышение квалификации учителей в США и Великобритании: интерактивная модель // Педагогика. — 

2004. — № 3. — С. 45–52. 

2  Дүйсеков С.Қ., Мұратбеков А.Т. Оқулық жайлы ойлансақ // Жаңа буын оқулықтары: қазіргі жағдайы, дайындау жəне 

басып шығару мəселелері, болашағы: халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Астана, 2007. — 77 б. 

3  Шаповаленко С.Г. Учебник в системе средств обучения. — М.: Педагогика, 1974. — 251 б. 

4  Мұстояпова  А.С.,  Шалова  Р.Н.  Сапалы  оқулық — сапалы  білім  беру  құралы // Жаңа  буын  оқулықтары:  қазіргі 

жағдайы,  дайындау  жəне  басып  шығару  мəселелері,  болашағы:  халықарал.  ғыл.-практ.  конф.  материалдары. — Астана, 

2007. — 160 б. 

5  Нұрахметов Н.Н. т.б. Жалпы білім беретін мектептің Химия: 8 сынып оқулығы. — Алматы: Мектеп, 2008. — 116–

120-б. 

 

 



О.Н.Кобланова, Г.С.Сахова, П.А.Абдуразова

 

Роль структурирования содержания учебников по химии  



для интерактивного метода обучения 

В  статье  рассмотрена  новая  технология  обучения — теоретические  аспекты  интерактивного  метода 

обучения  химии,  его  организация  и  пути  внедрения  в  учебный  процесс.  С  целью  повышения 

познавательных  и  творческих  навыков,  а  также  для  ознакомления  с  ролью  интерактивного  метода 

обучения  химии  был  разработан  план  урока  по  теме  «Периодический  закон  Менделеева»  в 

соответствии с учебником 8 класса по химии для общеобразовательных школ. 

 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


О.Н.Қобланова, Г.С.Сахова, П.А.Абдуразова 

102 


Вестник Карагандинского университета 

O.N.Koblanova, G.S.Sakhova, P.A.Abdurazova 



The role of constructing of chemistry textbooks’ contens  

according to an interactive teaching 

 

The article shows the new training technology the oretically the active aspects of teaching chemistry, show 



the ways of organization and implementation in the learning process. In order, to develop and to enhance the 

creative activity of student’s, to show the active role of studing chemistry on the 8-th form, in the theme 

«D.I.Mendeleyev’s law term» there’s a content of active learning. 

 

References 



1  Gargai V.B. Pedagogic, 2004, 3, р. 45–52. 

2  Duisekov S.K., Muratbekov A.T. The textbooks of new generation: today’s condition, the problems of preparing and print-



ing, the future: materials of International sci.-pract. conf., Astana, 2007, р. 77. 

3  Shapovalenko S.G. The textbook in the system of facilities of educating, Moscow: Pedagogic, 1974. р. 251. 

4  Mustoyapuva A.S, Shalova R.N. The textbooks of new generation: today’s condition, the problems of preparing and printing, 

the future: materials of International sci.-pract. conf., Astana, 2007, р. 160. 

5  Nurahmetov N.N. et al. Chemistry, 8 form textbook, Almaty: Mektep, 2008, р. 116–120. 

 

 

Ре



по

зи

то



ри

й

 



Ка

рГ

У




жүктеу 123.19 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет