Серілер аруларға сый жасады Мерекеде туғандар



жүктеу 62.57 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі62.57 Kb.

Мерекелік құттықтау

М

Серілер аруларға



сый жасады

Мерекеде туғандар

АДАЛ НИЕТ, АҚ КӨҢІЛМЕН 

АЛҒЫС АЙТАМ ЕЛІМЕ!

Біз сіздермен мақтанамыз!

УНИВЕРСИТЕТ-АҚПАРАТ

УНИВЕРСИТЕТ-АҚПАРАТ


2

Мереке


лік лебіздер

-

Қымбатты апайлар мен 

қадірлі қарындастар!

ОТБАСЫНЫҢ ЖАРЫҚ

ШАМЫ – АНАЛАР


БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

3

БАР ЖЕҢІСІМ СІЗДЕРГЕ



АРНАЛАДЫ, АНАЛАР!

ҮЗДІК ӘЙЕЛДЕР



4

БІЗ ЕКЕУМІЗ ҒАШЫҚТАРМЫЗ ҚОСЫЛҒАН...



5

 

À



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

ÁÀËÀÍÛ 



 

6

- Қалайсың? Қайда асығып бара жатырсың?

-  Ой,  жақсы!  Сабақтан  шықтым.  Баламды  алуға 

асығып барам.

- А, қайда тұрып жатырсыңдар?

- Жатақханада... 

Оқу  орындарында  осы  тектес  әңгімелерді  жиі 

еститініміз рас. Осындай жағдай қызығы мен шыжығы мол 

студенттік шағын отбасылық өмірмен қатар ұстап жүрген 

жастарға  тиесілі.  Соңғы  жылдары  18-23  жастағы  жастар 

арасында  шаңырақ  көтергендер  саны  көбейген.  Олардың 

басым бөлігі студенттер қауымы екендігі сөзсіз. «Он үште 

отау иесі» дейді қазақ халқы. Болашағын бағдарлап, үлкен 

өмірге  жаңа  ғана  қадам  басып,  отау  құрған  студенттерді 

оң-солын танып болмаған жастар қатарына қосатынымыз 

да  рас.  Жас  отбасы  санатына  жататын  бұл  жұптар 

болашақ  мамандығы  бойынша  білім  алумен  қатар,  ата-

аналық  міндетті  атқарудың  ауыр  жүгін  көтеруді  де  жөн 

көрген.  Қарап  отырсақ,  студент  келіннің  өмірі  әскердегі 

жауынгердің  тіршілігіне  қатты  ұқсайды.  Үйде  –  жолда-

сы мен ата-ененің көңілін тауып, ас пісіріп, шәй қайнату 

міндеті болса, оқу орнында талапшыл ұстаздардың тапсыр-

масын қалт жібермей орындауы керек. Нарық билеген за-

манда студенттің қым-қуыт тіршілігімен бірге тұрмыстың 

қыспағына  бірдей  төзіп,  отбасындағы  жауапкершілігін 

сезіну де – үлкен шаруа. Әрине, үйлену оңай, үй болу қиын. 

Жатақханада  немесе  пәтер  жалдап  тұру  үшін  қосымша 

жұмыс істеу керек. Мұндайда отағасы – отбасының негізгі 

асыраушысы. Табысы мол, мамандығына сәйкес жұмыс та-

былса жақсы, табылмаса екі қолға бір жұмыс деп даяшы, 

жүк түсіруші, сатушы болып кетуі де ғажап емес.

Отбасылы  студенттер  оқу  ордасында  білім  алып, 

болашақ  маман  ретінде  қоғамға  үлес  қосып  жүрсе, 

екіншіден,  демографиядағы  қиын  да  күрделі  мәселенің 

түйінін шешуге атсалысып, оң  жақта отырған қыздар са-

нын азайтып, өмірге ұрпақ әкелуде. Жоғары және арнайы 

оқу орындарында білім алып жүрген студенттік отбасылар 

қаншама?!

Не  нәрсенің  де  екі  ұшы  болатыны  секілді  кейбір  от-

басылы студенттер жайлы да мамыражай өмір сүріп жат-

са, енді бірінің пәтер жағалап, сабақ оқуға мұршасы бол-

май жүргендігі жасырын емес. Содан барып оқудан шығып 

қалу,  ыдыс-аяқ  сылдыры  басталады.  Ылайым,  қайсыбір 

жасты  болмасын,  осындай  жаманшылықтан  сақтасын! 

Қиындыққа  төтеп  бере  алғандар  ғана  отбасын  аман 

сақтап  қалмақ.  Оған  бәріміздің  де  жауапты  екендігімізді 

ұмытпайық! 

Жастық  шақтың  уақытша  қиындығына  төзімділік 

танытып,  өмірлік  жарыңызды  қолдай  біліңіз.  Ал, 

бойдақ студенттер, отбасылы құрбыларымызды ру-

хани жағынан демеуден жалықпайық!



Қамажай  МАРСҚЫЗЫ, 

4-курс студенті

Міне,   алтын ұя  мектебіміз  бен туған ауылымызды  артқа 

тастап,  алға  қойған  мақсаттарымызға  жету  үшін  студент  бо-

лып,  қалаға  келгенімізге  бес  ай  болды.  Осы  бес  айдың  ішінде 

студенттік  өмірдің  қызығы  мен  шыжығын  көре  бастадық. 

Алғаш  оқу    орнына    кіргенде,  бәрі  бейтаныс  еді.    Курстас 

достарың, кураторың, жоғары курс студенттері. Ал, қазір олар-

дан өзге ешкімің жоқтай. Бәрі таныс, бәрі ыстық. Қуанышың мен 

қайғыңды  солармен  бөлісесің.  «Студенттік  жылдар  ең  қызық 

сәттер»  дегенді  ылғи  естіп  жүретінбіз.  Расында  да,  бірде  аш, 

бірде тоқ болып, ата-анаңды,  бауырларыңды сағынасың. Кей-

де (көп жағдайда) ақшаның жетпей қалуының өзі бір жағынан  

қызық,  енді  бір  жағынан  қиын.    Не  күлеріңді,  не  жыларыңды 

білмей  қаласың,  тіпті.  Ешкімнен  көмек  сұрай  алмай,  әркімге 

бір  жаутаңдап,  қасыңдағы  құрбыңның  да  қалтасының  сын 

көтермейтінін сезінгенде көңілің одан әрмен құлазитын да кез-

дер көп. Сондайда «ауылым, қайдасың?» деп тартып-ақ кеткің 

келеді. Бірақ... болмайды, келген екенсің, қиындық пен қызықты 

қатар алып жүріп, оқуың керек, өзің жүрегіңмен қалаған кәсіптің 

үдесінен шығып, маман атануың қажет. Бұл – менің  аз уақыт 

ішінде  университет  қабырғасында  жүріп,  көріп-сезе  білген 

қиындықтарым мен  түйгендерім. Ал басқа өзім сияқты 1-курста 

оқитын студент қыздардың пікірі қандай екен?

«Үйлену – оңай, үй болу – қиын» дейді дана халқымыз. Десек те, екі жастың отбасын құрып, бір шаңырақта 

бас  қосуы  –  ежелден  келе  жатқан  дәстүр.  Ол  –  екі  адамның  дүниеге  көзқарастарының,  өмірлік  мақсат-

мұраттарының бір арнада тоғысып, бір жолды таңдауы. Бүгінде оқып жүріп үйленіп, тұрмыс құрған жастар 

аз емес. Болашаққа қадам басып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін өмірдің ащысы мен тұщысын бірге 

өткереміз деп талпыныс жасайды. Бұл үлкен ерлік пен табындылықты қажет етеді. 

Біздің университетімізде де білім алумен қатар, отбасылық өмірдің тізгінін ұстап жүрген студенттер аз емес. 

Мереке тұсында осындай студенттердің бірқатарымен газет тілшісі сұхбаттасқан еді...

Отарбаева  Жанерке  Әбілбек-

қызы,  Политехникалық  факуль-

тетінің  3-курс  студенті,  «Отба-

сымда жолдасымның аруымын»:

Университет 

қабырғасында 

жүріп  тұрмыс  құрдым.  Жа-

рыммен  1  жыл  бұрын  таны-

сып, таныстығымыз махаббатқа 

ұласып,  шаңырақ  көтердік. 

Оқып  жүріп  отау  құрғанның 

өзіндік 

қиындықтары 

мен 

қызығы бар. Уақытымды тиімді 



пайдалануға  тырысамын.  От-

басыма  да,  оқуыма  үлгіруге, 

барынша  жақсы  келін,  ая-

улы  жар  болуға  талпына-

мын.  Жолдасымның  түсінігі  мол,  салмақты  жан.  Менімен 

қиындықты бірге бөлісіп, әр кез жанымнан табылады. 8 на-

урыз  мейрамын  дәстүрге  айналдырып,  жылда  тойлаймыз. 

Шаңырағымның  ер-жігіттері  бізге  сыйлық  жасап,  қуан тып 

тұрады.  Ең  алғаш  жолдасым  мамық  ойыншықпен  таң  қал-

дырған  болатын.  Бүгінде  мен  бақыттымын.  Университетте 

белсенді студенттің бірімін. 2014-2015 оқу жылында «Уни-

верситет аруы» номинациясының иегері атандым. Отбасым-

да жолдасымның аруымын. Ендігі басты арманым – білікті 

маман, аяулы жар, асыл ана болу. Жанымда мені сүйер абзал 

азаматтың барына қуанамын. Алдағы 8 – наурыз Халықаралық 

әйелдер, аналар мейрамымен барша ұстаздар қауымын, уни-

верситет  оқытушыларын,  ару  қыздарды  құттықтаймын. 

Сіздерге әйел бақытын, ана бақытын тілеймін! 



Жақып  Ұлжан  Дәуірхан-

қызы,  Гуманитарлық-педаго-

ги калық  факультетінің  3-курс 

студенті, «Мен - бақыттымын»:

  Арман  қуып,  алып  шаһарға 

келдім. Өзім армандаған оқу орны-

на түстім. Балауса балғын шақтан 

үлкен өмірге қадам бастым. Екінші 

үйімдей болып кеткен жатақханаға 

орналастым.  Жарым  Жасұланды 

осында  жолықтырдым.  Біраз  уақыт  дос  болып,  араласып 

тұрдық. Бірақ, көп ұзамай достығымыз махаббатқа ұласып, 

отау  құрдық.  Жасұлан  –  4-курс  студенті,  біршама  жас 

үлкендігі бар. Жаз мезгілі жақындаған уақытта арманымызды 

шындыққа ұштастырып, жанұя құруға бел байладық. Әрине, 

оқып жүріп отбасылық өмірді қатар алып жүру кімге болса 

да  оңайға  соқпасы  анық.  Жолдасымның  нақты  әрекеттері, 

шынайы сүйіспеншілігі, сыйластығы мен қамқорлығы менің 

тәуекел  етуіме  себеп  болды.  Отбасым  –  өте  керемет  жан-

дар,  оқуыма  қарсы  емес.  Мені  әрдайым  қолдап,  жанымнан 

табылады. Бүгінде отбасымызды толықтырып, Айару есімді 

тұңғышымыз дүниеге келді. Бақыттымын! Кейде көп нәрсеге 

үлгірмей, қиналатын кездерім болады. Десек те, мені сүйетін, 

мен  қолдайтын  жандардың  барына  ризамын.  Жүктелген 

міндетті  абыроймен  атқарып,  жақсы  келін  болғым  келеді. 

Қолымыз  күйбең  тірліктен  сәл  босай  қалса,  уақытымызды 

көңілді өткізуге тырысамыз. 8 наурыз – ең сүйікті мейрамым. 

Себебі,  жолдасымның  тосынсыйлары  қатты  қуантады.  Ең 

алғаш музыкалық аспап гитарамен ән шырқап бергені есімде. 

Баршаңызды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймын. 

Отбасыларыңызға береке-бірлік, қуаныш, бақыт тілеймін!



Амангелді  Нұргүл  Ғабитқызы,  Гума-

нитарлық-педагогикалық  факуль-

тетінің 3-курс студенті, «Жолдасым 

шоқ гүлдермен қуантады»:

Жолдасыммен  бір  сынып-

та  оқыдық.  Мектеп  кезінен  қыз-

жігіт  болып  жүрдік.  Дос  болып 

басталған  сезім,  махаббат  отын 

тұтатып,  соңы  отау  құрумен 

жалғасты. Студент болып жүріп 

тұрмысқа  шықтым.  Әрине, 

қиын.  Оқудан  шаршап  келіп, 

үй  тірлігімен  айналысамын. 

Жас,  ерке  қыздың  бір  үйдің 

егесі болып, қызмет етуі оңай шаруа емес. Десек те, сүйікті 

жарым, ардақты ата-анам әркез жанымнан табылып, сүйеніш 

болады. Жолдасым әр наурыз мейрамында шоқ-шоқ гүлімен 

қуантады. Түрлі тосынсый жасайды. Студент болып тұрмысқа 

шыққаныма еш өкінбеймін. Бүгінде тәп-тәтті қызымыз бар. 

Көзімнің қуанышы, бақыт нұрымыз қызымыздың қылығына 

сүйсініп, өсіп келеміз. Ұстаздарым да қолдау көрсетіп отыра-

ды. Мен бақыттымын, өмірлік бағымды тапқаным үшін риза-

мын. Барша асыл жандарды, сұлу қыздарды, ұстаздарымды 8 

нау  рыз – Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтаймын. 

Бай-қуатты  болып,  шаңыраққа  шаттық,  қуаныш  тілеймін! 

Шығармашылықтарыңыз табысты, еңбектеріңіз жемісті бол-

сын!


Құралай ЖАҚСЫЛЫҚ,

3-курс студенті

Сөйлесе, қыздар сөйлесін...

Газетіміздің  бұл  саны  8  наурыз  мерекесіне  арналғандықтан,  біздің  басты  мақсатымыз  –  қыз-келіншектерге 

ештеңе  жаздыртпай және  айтқызбай,  тек  оларға  деген  ер  азаматтардың пейілі  мен  жүрекжарды тілектерін 

оқытып-тыңдату  болатын.  Дегенмен,  мейрам  күндері  де  тыным  таппайтын  қыздардың  жазғанына  да  орын 

тауып, жариялауды жөн көрдік...   

Студенттік өмір бір қызық



P.S. ҒАЛАМТОРДАН:

Корпус іші қандай ғажап, 

Таңырқаймыз,қараймыз. 

Жылы сөйлеп біреу келсе

Жақсыға оны балаймыз. 

Әрқайсымыз әр ауылдан, 

Келген қазақ баласы. 

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,

Даралардың дарасы. 

Бәрі құштар үйренуге, 

Сабақтан бір қалмайды. 

Лекцияны жазудан да, 

Қолымыз еш талмайды. 

Ешқайсымыз ерінбейміз, 

Д/ш-ға да барамыз. 

Сабақтан соң оқу залда

Кеш батқанша боламыз. 

                 ***

Шіркін, шіркін, қандай ғажап 

Студенттік жылдарым… 

Таусылмайтын дастандар көп 

Жазылмаған жырларым… 

Сен де сұлу, мен де сұлу, 

Шақтар еді кешегі. 

Студент кез – сағындырар 

Жұмақ күндер деседі...

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,                                                        

1-курс студенті

Айжан Сайлау, 1-курс студенті:

- Мектебімізді тастап, еркелігімізді қойып, студенттік өмірді 

бастадық.    Меніңше,  студенттік  өмір  –  қызыққа  толы  және 

жаңа  достар  табуға  үлкен  мүмкіндік.  Оны  екінің  бірінің  қолы 

жете бермейтін арман десек те болады. Міне, осы уақытқа дейін 

көптеген  достар,  жаңа  таныстар  кездестірдім.Студенттік 

өміріңді  қызықты  өткізу  өзіңе  байланысты.  Қазір  оны    қызықты 

етсең,  ертеңгі  күні  жақсы  естелік  болады.  Ал  жақсы  естелік  – 

есейгеніңде жүрегің мен көңілің үшін жақсы азық та...  

Мәдина Жұмаділдаева, 1-курс студенті:

-  Студенттік  өмір  –  ол  бірде  аш,  бірде  тоқ  жүру.  «Кейс 

папка»,    «силлабус»,  «платонус»  деген  нәрселерді  түсіну. 

Студенттік өмір жаңа достар тауып, шығармашылық жұмыспен 

айналысуға  көмектеседі.  Әр  түрлі  сайысқа  қатысып,  өз  ортаңды 

қалыптастырасың.  Конспект  жасап,  АРМ  үшін  бағалануға 

тырысасың,  модуль  жауаптарын  жаттап,  әдеби  кітаптар 

оқисың.  Ғаламтордан  сабағыңа  байланысты  мәліметтер  қарап, 

бас  қатырасың(әрине,  бірдеңе  оқып-білсем  дейтіндер  ғана...).  Со-

дан  соң...  Садан  соң...  кейде  дәріс  үстінде  қалғып-мүлгіп,  кейде 

екі көзің шоқ боп жанып, сабақ айтасың, құлшынып іс-шараларға 

қатысасың.  Осының  бәрі  қызық,  бәрі  аяулы,  бәрі  ыстық.  Өйткені 

бұл – студенттік шақ, студенттік мезгіл, студенттік көктем...

Айтайын дегенім...

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ...



Қазақ қызы – шаңырақ берекесі

ҮЛГІЛІ СТУДЕНТ - ҮЛГІЛІ КЕЛІН

№2 (408) наурыз, 2016 жыл


7

КӨКТЕМДЕ 



КЕЛГЕН

махаббат

СТУДЕНТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

-

Document Outline

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал